КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ (ҚОРЛАРЫНЫҢ) АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫМДЫЛЫҒЫ

Қазіргі батыс экономика ғылымында капитал ұғымын адамдардың басқа тауарлар мен қызмет көрсету (Робинзон күрегі, касса аппараттары, прокаттық станоктар, адамдардың тәжірибелері мен білгірліктері т с.с.) үшін құрылған өнеркәсібі және ұзақ мерзімді қолданылатын игілік ретінде түсіндіріледі. Бұл капитал сөзінің анықтамасы, әртүрлі экономикалық әдебиеттер мен күнделікті тұрмыста қолданылатын капитал ұғымының жалпы және негізгі түсінігі болып табылады.
Экономикалық теория физикалық (техникалық) капитал, қаржылық (ақша) капитал, заңгерлік капитал және адам капиталы болып бөлінеді. Бұл капитал ұғымына кішігірім шолу жасап, түсініктеме бергеніміз көрсеткеніндей экономистер бұл категорияны әртүрлі түсінген және түсінеді. Бірақ бірауыздан барлық экономистер капитал ұғымын бұл - біріншіден, еңбек арқылы келетін тауар немесе қызмет көрсету саласы үшін жасалған игілік және де екіншіден, бұл - игіліктер, пайда әкелу тәсілі деп санайды.
Капитал - қозғалыс. Капитал қозғалысы үдерісі үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең капитал иесі - нарықта ақша пайда болып, бірінші капитал айналуын қамтамасыз етеді: Д - Т (СП+РС). Ақша капиталы еңбек үдерісінің қарапайым кезеңіне алмастырылады - өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне, яғни өнім капиталға айналады. Сонымен бірінші капитал метаморфозы жасалады.
Екінші кезеңде өнімді капитал тұтынылады, жойылады, жұмсалады және бірмезгілде тауарлыққа (...П...) айналады. Екінші айналыс, екінші капитал метаморфозы осыдан тұрады. Екінші капитал айналысы үдерісінде пайда болған тауардың-еңбек үдерісінің қарапайымдылық кезеңімен, бағасы жағынан және табиғи зат күйінде де тауардан айырмашылығы болады. Өндірісте пайда болған жаңа тауар алдын-ала шығарған капиталдары үстемелі пайда әкеліп, капиталдың өз-өзімен өсуін қамтамасыз ету үшін, екінші айналыс үдерісі қоғамдық - қарапайым жағдайда немесе қоғамдық - қарапайымнан жақсы жағдайда өтіп жатса, ал жаңа тауар қоғамға пайдалы да жеткілікті болып жасалса (қоғамдық сұраныстарға сай) кәсіпкерге, оның ақшасының орнын толтырады.
Капитал тауардың қайтадан ақшаға айналуы, ақша капиталына, өндірістің өзінде емес айналыста болады, яғни капитал қозғалысының үшінші кезеңінде, мұнда тауар ақшаға айналады: Т, - Д, . Үшінші айналыс, үшінші капитал метаморфозы осыдан тұрады.
Капитал айналысының талдауы мынаны көрсетеді, яғни капитал қозғалысы, оның біртіндеп рет-ретімен айналуы уақытша тоқтап немесе мүлдем тоқтап қалуы ықтимал, егер үш ретімен айналудың біреуі орындалмаса. Егер капитал ақша күйінде тұрып қалса, онда ақша қазынаны құрайды. Егер ол өндірістік күйде тоқтап қалса, онда бір жағынан өндіріс құралдары жұмыс істеуден, ал екіншіден жұмысшы күші әрекет етуден қалады. Егер капитал тауар күйінде қалып қойса, онда жиналып қалған тауар айналыс ағымының жолына кедергі жасайды.
Көріп отырғанымыздай, капитал қозғалысының үш кезеңінде сипатталғандай, капитал өз қозғалысында үш басты функционалдық күйді қабылдайды: ақша, өндіріс және тауарлық. Ақша капиталы - капиталдың бірінші күйі. Ақша өз күйімен ақшаға айналмайды, ол тек қарапайым еңбек үдерісі кезеңдерінде қажет тауарларды сатып алуға мүмкіндік жасайды. Капитал иесі жылдам шешім қабылдап, алдын болжай алатын мүмкіндіктерін көрсетіп, өндіріс құралдарын жеткілікті мөлшерде сатып алып, жұмысшы күшінің барлық жұмыс уақытында қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Басқаша айтқанда, ақша капиталының қызмет етуі, жұмысшы күші мен өндіріс құралын бір-бірімен қосу жағдайын қамтамасыз етеді.
Жұмысшы күші мен өндіріс құралдарының бір-бірімен толық қосылуы, өндіріс үдерісі жағдайында жүзеге асырылады. Өнімді капиталдың қызмет етуі, пайдалы бағамен тауар - зат өндірілуімен шектеліп қалмайды, ол өспелі баға өндірісінде және капиталдың өзін-өзі өсіруді қамтамасыз етуінде өсіп-өнуіне де ықпал етеді.
Өндіріс үдерісінде өскен нақты бағаны тауар капиталы саудалайды (немесе ақша күйіне айналдырады). Тауар капиталы функциясы нақты бағаны саудалаудан тұрады.
Капитал күйінің үшеуі де капитал қозғалысы үдерісінде ерекше міндетті атқарады - сондықтан оларды функционалды капитал күйі - деп атайды.
Егер капитал бір функционалдық күйден екіншісіне тоқтаусыз біртіндеп айнала берсе. Егер қалыпты жағдайына қайтып оралу қамтамасыз етілсе, онда ол капиталдың ауыспалы айналымы деп айтылады. Ақша капиталының толық айналымдылығы мына формуламен сипатталады:
Д - Т (СП+РС)...П...Т, - Д,
мұндағы көпнүкте, айналу үдерісінің үзілуі өндіріс үдерісінің себептерінен екенін көрсетеді, ал сызықшалар айырбастау актілерінің баламалық құндарын бекітеді.
Капитал қозғалысы бір ғана айналымдылық капиталымен шектеліп қалуы және шектелуі мүмкін емес. Капиталдың үздіксіз өзін-өзі өсіруін қамтамасыз ету үшін капитал иесі айналымдылық үдерісін қайта-қайта жаңадан бастап отырады, өйткені үстемелі бағаны өзі өндіріп, қадағалап және еселеп өсіріп отыру үшін керек. Бірінен соң бірі болып жатқан айналымдылық капитал айналысын көрсетеді.
Өндіріс кезеңінен және айналыстан өткен алдын-ала капиталды шығындарға жұмсалған уақыт - бұл капитал айналысы уақыты болады. Айналыстағы капиталдың айналымына кеткен уақыт бір айналымдылық кезеңінің уақытына тең. Негізгі капитал айналысына кеткен уақыт - бұл алдын-ала шығарылған капиталдың, жылдық жарнаның және айналыстағы капиталдың бір жылдық айналымдылық сомасының арасындағы қарым-қатынас. Айналым уақыты өндіріс уақытына бөлінеді - бұл уақытта капитал өндірістік күйде жатады және айналым уақытында - капитал ақшалай және тауар күйінде болады. Айналым капиталының жылдамдығы өндірістің тиімділігіне әсер етеді. Үлкен пайда көру үшін кәсіпкер айналым капиталының жылдам жүруіне мүдделі болады.
Кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметінде қолданатын капиталды тауарлар мен инвестициялық қорларды экономикалық әдебиеттерде - өндірістік қорлар деп атайды.
Өндірістік қорлар - бұл кәсіпорынның тұйық ұдайы өндірісінің циклында жұмыс жасайтын құндылық түрінде көрсетілген инвестициялық қорлар.
Кәсіпорын капиталының айналымы мен айналымдылығы
Инвестициялық қорлардың (өндірістік қорлар) құнының өндіріс пен айналыс арқылы қозғағалысы қорлар айналымдылығы кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңі болып
табылады. Нәтижесінде ол үш сатыдан өтеді және жүйелі түрде өнімділік, ақшалай және тауарлық түрлеріне енеді.
Өндірістік қорлардың айналымдылығы сызбамен келесі түрде көрсетіледі:
Д-Т СП
\ ...П ... Т`Д`
РС
мұнда: Д- ақша қаражаты;
Т (СП) - өндіріс құралдары;
Т- РС - жұмыс күші;
П - өндіріс үдерісі;
Т`- дайын өнім;
Д`- өнімді таратудан түскен ақша қаражаты.
Қор айналымдылығы сатыларының қызметі:
І. Өндіріс шарттарын қалыптастыру; тауарлар мен қызметтер өндірісі; тауарлар мен қызметтерді тарату және табысқа ие болу.
Осылайша, өндіріс саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүйе түрінде көрсетуге болады. Онда бастапқы орында әкелінетін өндіріс факторлары (Д-Т - РС, СП), одан кейін өндірістің технологиялық үдерісі ( ... П...), және соңында дайын өнімді шығару мен тиісті табыс алу арқылы оны тарату көрсетіледі.
Өндірістік қорлардың қозғалу үдерісінде олар сәйкесінше ақшалай, өндірістік және тауар түрінде көрінеді және олардың әрқайсысы белгілі бір қызмет түрлерін атқарады.
Қорлар қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін олардың барлық сатыларда және барлық қызмет түрлерінде бір уақытта болулары талап етіледі. Өйткені, кәсіпорын бір уақытта өндіріс құралдарына ие болып, өнімді шығарып, оны таратады.
Қорлардың айналымдылығы жеке акт ретінде қарастырылмайды. Ол уақыт өткен сайын қайталанатын үдеріс ретінде қаралады. Оның нәтижесінде алғытөлемдік құнның барлық көлемі өзінің бастапқы түріне қайтып келуі қор айналымы деп аталады.
Айналымдылық пен айналым өзара байланысты, бірақ олар өзара ұқсас емес. Айналым айналымдылықтан кеңірек: өндірістік қорлардың жекелеген элементтері түрлі жылдамдықта қозғалыс жасағандықтан олардың алғытөлемдік құны өзінің бастапқы түріне түрлі уақытта қайтып оралады. Бір бөлігі - әр айналымдылықтан кейін, мысалы, тұтынылған шикізат пен материалдар құны, екіншісі - айналымды құрайтын бірнеше айналымдылықтан кейін, мысалы, ғимараттар, жабдықтар құнымен қайтып оралады. Нәтижесінде өндіріс құралдарының барлық алғытөлемдік құнының қайтып оралуы қорлар айналымын құрайтын бірқатар айналымдылықтан кейін жүзеге асырылады.
Негізгі және айналым капиталы
Өндіріс үдерісінде капиталдың түрлі элементтері бір-біріне ұқсас бола бермейді. Бір бөлігі 40-50 жылға дейін және одан көп ұзақ
уақыт бойы қызмет етсе (ғимарат, машиналар, жабдықтар), екінші бөлігі бір дүркін ғана (шикізат, материалдар) қолданылады. Капиталдың бірінші бөлігін негізгі капитал, ал екінші бөлігін айналымдық капитал деп атайды. Негізгі және айналымдық капиталдың арасындағы айырмашылықты А. Смит көрсетіп берген болатын. Оның ойынша, негізгі капитал - бұл табыс әкеле отырып, иесінің мүлкі ретінде қала береді, ал айналымдық капитал болса, иесінің мүлкіне жатпайтын игілік болып табылады. Қолдағы мал - бұл негізгі капитал болып табылады. Ал, егер оны базарға апарып сатса, онда ол айналымдық капиталға айналады. Осылайша, А. Смит айналымдық капиталды тауарлық немесе сауда капиталы деп түсінген.
Д. Рикардо капиталды негізгі және айналымдық деп бөлгенде басқа қағидаттарды негізге алады. Бұл бөліністі ол капиталдың өмірлік дәрежесіне байланысты жүзеге асырды. Алайда А. Смитқа қарағанда Д. Рикардо айналымдық капиталдан шикізат пен материалға кететін шығындарды алып тастап, айналымдық капиталды жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындармен теңестіреді.
Қазіргі экономика ғылымы негізгі және айналымдық капиталды А. Смит сияқты ұтқырлық белгісі бойынша емес (негізгі капиталды да қозғалтуға болады) және Д. Рикардо сияқты өмірлік дәрежесі бойынша емес, құнды қайта құрылатын тауарлар немесе қызметтерге айналдыру тәсілі бойынша бөліп қарастырады.
Негізгі капитал - бұл өндіріс үдерісінде бірнеше өндірістік цикл бойы қатысып, жасалатын тауарларға өз құнын бөлік бойынша (амортизациялық есептеу түрінде) көшіретін капитал болып табылады.
Айналымдылық капитал - шикізат, материалдар, электр энергиясы, су және т.б. олар өндірістік циклға бір рет қана қатысып, өз құнын толығымен жасалатын өнімге көшіреді. Тауарларды тарату кезінде айналымдық капитал элементтеріне кеткен ақшаны, кәсіпкер толығымен қайтарып алады және оларды өндіріс факторларын сатып алу үшін қайтадан қолдануға болады. Негізгі капиталға кететін шығындар тез арада қайтарылмайды, оларды қайтару үшін бірнеше жыл керек. Осыдан келіп, өндіріс шығындарына айналымдық капиталдың барлық құны кіреді. Ал, негізгі капиталдан оған тек ол капиталдың өмір сүру мерзімінен есептеп шығарылатын құнның бөлігі ғана енеді.
Қаражат пен еңбек құралдары айналымдылығы арасында маңызды айырмашылық бар. Олар қорларды негізгі және айналымдық (негізгі және айналымдық капитал) болып бөлінуін анықтайды. Бұл бөлініс өндіріс үдерісінде қызмет ету сипатына, құнның еңбек өніміне берілу әдісіне, айналым мен жаңару тәсілі сияқты бірқатар белгілермен ескеріледі.
Негізгі қорлар өндірістің бернеше циклында өзінің табиғи түрін сақтап қалады. Оның құны өнімді шығару шығындарына бірқатар айналымдылық ішінде біртіндеп көшіріледі де, кәсіпорынға ақша түрінде бөлік бойынша қайтарылады.
Негізгі қорға (негізгі капиталға) 1 жылдан астам уақыт қызмет ететін мүлікті жатқызады.
Айналымдық қор бір өндірістік цикл ішінде толығымен тұтынылады да, тиісінше ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz