КӘСІПОРЫННЫҢ (ФИРМАНЫҢ) ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ТАБЫСТАРЫ


КӘСІПОРЫННЫҢ (ФИРМАНЫҢ) ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ТАБЫСТАРЫ
Тауарлар мен қызметтер өндірісі қорларды шығындаудан тұратын шығындармен тығыз байланысты болып табылады. Өндіріс шығындарын білу фирмаға барынша пайда табу үшін қажет. Себебі, бәсекелестік жағдайында фирма баға деңгейіне әсер ете алмайды, ал өзінің шығындарын бақылай алады.
Бухгалтерлік шығындар - фирманың нарықтағы сыртқы жеткізіп берушілерден алған қорларының құны. Барлық төлемдер бухгалтерлік құжаттарда тіркеледі. Шығындарды бағалаудың бұндай әдісі бухгалтерлік, ал оның көмегімен бағаланған шығындар - бухгалтерлік шығындар деп аталады.
Бухгалтерлік шығындардың негізгі баптары:
- Материалдық шығындар - шикізат, материалдар, жанармай, энергия, бұйымның және жартылай өнімнің сатып алынатын бөлшегін төлеу;
- Еңбекақыны төлеу шығындары - жалдамалы жұмысшылардың жалақысы, сонымен қатар еңбек шарттарымен қарастырылған басқа да төлемдер;
- Әлеуметтік мұқтаждық төлемдері - белгіленген заңнамалық нормалар бойынша әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы қорларына, еңбекпен қамтуға жәрдемдесу қорларына және т. б. төлемдер;
- Өтемпұл - белгіленген заңнамалық нормалар бойынша жабдықтардың, ғимараттардың және т. б. тозғандығын көрсететін төлемдер;
- Басқа да шығындар - заңнама бойынша өндіріс шығындарына енгізілетін кассалық және банктік қызмет көрсету үшін банкке берілетін комиссиялық төлемдер, несие пайыздары, жалға алу төлемдері; басқа фирмалардың жұмыс және қызмет түрлерін төлеу; салықтар мен алымдар.
Бухгалтерлік шығындар мөлшері фирманың жағдайы туралы дұрыс пайымдауға әрқашанда мүмкіндік бермейді. Себебі, ол тек қана фирманың сырттан сатып алатын (шикізат, материалдар, жұмыс күші және т. с. с) қорының шығындарын есепке алады. Оларды анық (сыртқы) шығындар деп атайды. Бірақ кейбір қорлар кәсіпорынның жекеменшігінде болуы да мүмкін. Бұл қорлардың шығындары анық емес (ішкі) шығындарды құрады. Фирманың жекеменшік қорларына оның қожайынының кәсіпкерлік қабілеттері (егер ол бизнесті өзі басқарып отырса), кәсіпкердің немесе акционерлердің жері мен капиталы кіреді.
Қор шығынын бағалауда басқа да тәсіл бар - ол баламалы шығындар тұжырымдамасы (қолдан шығарып алған мүмкіндіктер шығыны) . Бұл тұжырымға сәйкес, шығындар - осы ресурсты қолданудың барлық мүмкін болатын тәсілдері бойынша алуға болатын басқа игіліктердің құндылығы болып табылады.
Шығындарды бағалаудың сипатталған әдісін экономикалық деп, ал шығындарды баламалы (немесе экономикалық), сонымен қатар қолдан шығарып алған мүмкіндіктер шығыны деп атайды.
Баламалы шығындар капиталды экономика салалары бойынша бөлгенде үлкен рөл атқарады. Өйткені, олар әдетте бұл шығындар көп болатын салаларға оларды шынайы табысқа айналдыру үшін ұмтылады.
Фирма өндірісінің теориясында уақыт факторы маңызды рөл атқарады. Сондықтан шығындарды сипаттамас бұрын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді уақыт кезеңдері ұғымын қарастырамыз.
Қысқа мерзімді кезең - бұның ішінде өндірістің бір факторлары тұрақты, ал басқалары - ауыспалы болып табылатын уақыт мерзімі. Өндірістің тұрақты факторларына ғимараттар мен құрылыстардың жалпы өлшемі, қолданылатын машиналар мен жабдықтардың саны, сонымен қатар салада қызмет жасап жатқан фирмалардың саны сияқты қорлар жатады.
Ұзақ мерзімді кезең - бұл оның ағамында барлық факторлар ауыспалы болып табылатын уақыт мерзімі. Ұзақ мерзімді кезеңде фирма ғимараттар мен құрылыстардың жалпы өлшемін, қолданылатын машиналар мен жабдықтардың және т. б. санын өзгертуге, ал сала болса ондағы қызмет ететін фирмалардың санын өзгертуге мүмкіндік алады.
Қысқа мерзімді кезеңде өнімді шығарған кезде фирманың бір шығындары тұрақты, басқа шығындары - ауыспалы сипатта болады.
Тұрақты шығындар (FC) - бұл мөлшері қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемінің ұлғаюы немесе қысқаруымен өзгермейтін шығындар. Бұнымен бірге олар тіпті өнім мүлдем шығарылмайтын кезде де орын алады.
Тұрақты шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен өндірістік құралдарды пайдалану, жалға алу, күрделі жөндеу, сонымен қатар әкімшілік шығындармен байланысты шығындар жатады.
Ауыспалы шығындар (VC) - бұл мөлшері өндіріс көлемінің ұлғаюы немесе азаюына байланысты өзгеретін шығындар. Ауыспалы шығындарға шикізат, электр энергиясы, еңбекті төлеу, қосалқы материалдарға кететін және т. с. с шығындар жатады.
Мөлшері өндіріс өзгерісіне байланысты болмайтын тұрақты шығындарға қарағанда ауыспалы шығындар өнімді шығаруға пропорционалды түрде ұлғаяды немесе азаяды. Өндірісті ұйымдастырған алғашқы кезеңде ауыспалы шығындар өндірістік өнімге қарағанда анағұрлым тез қарқынмен өседі.
Өндірістің тиімді өлшемдерге жету шамасы бойынша ауыспалы шығындарды үнемдеу жүреді. Алайда өнімді шығаруды ұлғайту өндірістің өсуімен салыстырғандағы шығындардың анағұрлым тез өсуін талап еткен жағдайда, өндірісті әрі қарай кеңейту ауыспалы шығындардың жаңадан өсуіне алып келеді.
Жалпы шығындар (ТС) - қысқа мерзімді кезеңде өнімді шығарумен байланысты фирманың тұрақты және ауыспалы шығындарының жиынтығы болып табылады. Жалпы шығындар тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасын көрсетеді:
ТС= FC + VC
Өндіріс мөлшері нөл болған кезде жалпы шығындар тұрақты шығындар көлеміне тең болады. Одан әрі, өндіріс мөлшерін өсірген кезде жалпы шығындар ауыспалы шығындардың көлеміне ұлғаяды.
Ұзақ мерзімде өндірістің барлық факторлары ауыспалы болады, сондықтан фирма шығарылатын өнімнің бірлігіне кететін шығындар барынша аз болатындай өнімді шығару көлемін кеңейтуге ұмтылады. Бұнымен бірге ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты шығындар болмайды, ал орташа ауыспалы шығындар орташа жалпы шығындарға тең болады.
Қысқа және ұзақ мерзімдегі орташа шығындардың (АС) қисық сызық арасындағы қатынасын қарастырайық.
Әр фирма қандай да бір кезде белгілі бір өндіріс ауқымымен сипатталады. Оған қысқа мерзімдегі орташа шығындардың қандай болмасын қисығы сәйкес келеді. Бұндай қисықтардың өндіріс ауқымы қанша зерттелсе, соншасы болады. Бұл ауқымдары өзгерте отырып, фирма қысқа мерзімдегі орташа шығындардың бір қисығынан екіншісіне өтеді. Бұнымен қоса орташа шығындар өнімді шығарудың белгілі бір мөлшеріне дейін азаяды да, одан кейін біртіндеп өсе бастайды.
Әкелінетін ресурстардың бағалары өзгеріссіз қалған жағдайда ұзақ мерзімді кезеңдегі орташа шығындардың азаюы өндірістің ұлғаюымен дайын өнімнің өсу қарқыны әкелетін өндіріс факторына кететін шығындардың өсу жылдамдығын басып оза бастайтындығымен түсіндіріледі. Бұл «ауқымға үнем жасау тиімділігінің» әрекет ету күшімен жүреді.
Алайда өндірістің одан әрі ұлғаюы фирмаларда төрешілдік бақылау шығындары (қосымша басқару құрылымдары - бөлімдер, цехтар, участкелер қажет болады; әкімшілік аппаратқа кететін шығындар өседі; басқару тиімділігі төмендейді, ұйымдастырудағы тоқтап қалу жағдайлары жиілейді) деп аталатын шығындардың өсуіне алып келеді. Бұның барлығы өндіріс шығындарының ұлғаюын туындатып, ұзақ мерзімді кезеңдегі орташа шығындар қисығы өсе бастайды.
Орташа тұрақты шығындар (AFC) өнім бірлігі орташа шығарылатын тұрақты қорлардың шығындарымен сипатталады. Орташа тұрақты шығындар мына формула бойынша есептеледі:
AFC= FC/Q
мұнда Q - өндіріс мөлшері.
Өндіріс мөлшерінің өсуімен өнім бірілігіне кететін тұрақты шығындар азаяды.
Орташа ауыспалы шығындар (AVC ) орта есеппен алғанда өнім бірлігі шығарылатын ауыспалы қорлар шығындарымен сипатталады. Олар ауыспалы шығындарды өнім мөлшеріне Q бөлу арқылы анықталады:
AVC=VC/Q
Орташа ауыспалы шығындар серпіні ауыспалы фактордың қайтарылымының өзгеруімен байланысты болады. Өндіріс үдерісінің бастапқы кезеңінде орташа ауыспалы шығындар төмендеп ең аз шамаға жетеді де, одан кейін өсе бастайды.
Орташа ауыспалы шығындар ұғымы фирманың шаруашылық жүргізу тиімділігін анықтау, тепе-теңдік ережесін, одан әрі даму келешегін, өндірісті қысқарту мен саладан кетуді анықтау үшін қажет.
Орташа жалпы шығындар (АТС) жалпы шығындардың (ТС) өнім көлеміне (Q) бөлінуін көрсетеді.
АТС= TC/Q
Орташа шығындарды орташа тұрақты және орташа ауыспалы шығындарға бөлу арқылы алуға болады:
ATC=AFC + AVC
Орташа жалпы шығындар ұғымы фирманың теориясы үшін маңызды болып табылады. Орташа жалпы шығындарды баға деңгейімен салыстыру табыс мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Шекті шығындар (МС) - бұл өндірістің шексіз аздау ұлғаюымен туындаған жиынтық шығындардың өсімі. Шекті шығын дегенді өнімнің соңғы бірлігін өндірумен байланысты шығындар деп түсінеді.
МС= ∆TC/∆Q
Шекті шығындар категориясының стратегиялық маңызы бар. Себебі, ол өнімнің тағы бір бірлігін өндіру жағдайында немесе осы бірлік өндірісін қысқарту жағдайында үнемдеудегі фирманың шығынын көрсетуге мүмкіндік береді.
Орташа және шекті шығындар арасындағы негізгі ара қатынастар.
- FC өндіріс көлеміне тәуелді болмайтындықтан қисық МС, FC тәуелді болмайды, МС - бұл өнімді шығарудың өсімімен байланысты шығындар болып табылады.
- МС АС-дан кіші болып қалатындықтан орташа шығындардың қисығы теріс еңкішті болады. Бұл қосымша бірлік өндірісі орташа шығындарды азайтады дегенді білдіреді.
- МС АС-ға тең болғанда, бұл орташа шығындардың құлдырауы төмендеп, бірақ олардың өсуін әлі бастамағандығын білдіреді. Бұл ең аз орташа шығындардың нүктесі болып табылады (АС=min) .
- МС АС көп болса, орташа шығындардың қисығы жоғарылайды, бұл қосымша өнім бірлігін өндіру нәтижесінде орташа шығындардың ұлғаюын білдіреді.
- МС қисығы олардың ең төмен мәні нүктесінде AVC қисығын және AC қисығын кесіп өтеді.
Ауқым тиімділігі деп оның ауқымынан өндіріс көлеміндегі өнім бірлігінің өзгеруімен байланысты тиімділіктерді атайды. Ұзақ мерзімді кезеңде қарастырылады. Әдетте өндірісті ірілендіру кезіндегі өнім бірлігі шығындардың төмендеуі туралы айтылады.
Ауқымның жағымды тиімділігі
Кәсіпорын көлемі мен шығарылатын өнім санын ұлғайтқан кезде өнім бірлігіне кететін шығындар азаяды. Әдетте еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болады. Осы тиімділік арқасында қол еңбегінен мануфактураға және одан кейін конвейрге көшу өте пайдалы болды.
Ауқымның теріс тиімділігі .
Бұл жағымды тиімділікке кері, бұл кезде өндірістің өсуімен бірге орташа шығындар ұлғаяды. Ол кейбір басқаруды жолғалтумен байланысты болады.
Ауқымның тұрақты тиімділігі - ұзақ мерзімді орташа шығындардың көлемі өндіріс мөлшеріне байланысты болмайтын жағдай.
Трансакциялық шығындар ұғымын Р. Коуз 30-шы жылдары «Фирма табиғаты» мақаласында енгізді. Ол фирма сияқты нарыққа қарама-қайшы иерархиялық құрылымдардың өмір сүруін түсіндіру үшін қолданылды. Р. Коуз бұл «сана аралдарының» құрылуын олардың трансакциялық шығындарды үнемдеу тұрғысына қатысты артықшылықтарымен байланыстырды. Фирманың қызмет ету ерекшелігін ол баға механизмін басу мен оның ішкі әкімшілік басқару жүйесін ауыстырудан көрді.
Қазіргі экономикалық теория аясында трансакциялық шығындар көптеген тұжырымдарға ие болды.
Мәселен К. Эрроу трансакциялық шығындарды экономикалық жүйелерді пайдалану шығындары ретінде анықтайды. Эрроу экономикадағы трансакциялық шығындардың әрекетін физикадағы үйкеліс әрекетімен салыстырды. Осындай болжамдар негізінде экономика Вальрастың жалпы теңдік үлгісіне қаншалықты жақын болса, ондағы трансакциялық шығындардың деңгейі соншалықты төмен, сонымен қатар оған керісінше болады деген қорытындылар жасалады.
Д. Норттың тұжырымдамасында трансакциялық шығындар «айырбас нысанының пайдалы қасиеттерін бағалау шығындары мен құқықты қатамасыз ету және оларды сақтауға мәжбүрлеу шығындарынан тұрады». Бұл шығындар әлеуметтік, саяси және экономикалық институттардың көзі ретінде пайдаланылады.
Кейбір экономистердің теорияларында трансакциялық шығындар тек нарықтық экономикада (Коуз, Эрроу, Норт) ғана емес, сонымен қатар экономикалық ұйымның баламалы әдістері мен жоспарлы экономикада да (С. Чанг, А. Алчиан, Демсец) болады. Осылайша, Чангқа сәйкес ең үлкен трансакциялық шығындар жоспарлы экономикада да байқалып, ақырында оның тиімсіздігін анықтайды.
Экономикалық әдебиеттерде трансакциялық шығындардың жіктелуі мен тұрпаттамасы өте көп кездеседі. Трансакциялық шығындардың бес тұрпаты кіретін келесі тұрпаттама анағұрлым кең таралған болып табылады:
- Ақпаратты іздеу шығындары. Келісім немесе келісімшарт жасалмастан бұрын тиісті тауарларды және өндіріс факторларын сатып алушы және оларды сатушыларды қайдан табуға болатындығы, сол кезеңдегі бағалар қандай екендігі туралы ақпарат жинау керек. Бұндай шығындар іздеуге қажетті уақыт пен қорларды шығындауымен, сонымен қатар алынған ақпараттың толық емес болуымен байланысты шығындардан қалыптасады.
- Келіссөз жүргізу шығындары. Нарық айырбас шарттары туралы келіссөз жүргізу, шартқа отыру және рәсімдеуге едәуір қаражатты бөлуді талап етеді. Осындай шығындарды үнемдеудің негізгі құралына стандартты (типтік) шарттар жатады.
- Өлшеу шығындары. Кез келген өнім немесе қызмет - бұл сипаттамалар кешені. Айырбас актісінде тек олардың кейбіреулері ғана ескеріледі. Ал оларды бағалаудың дәлдігі болжаулы шамамен өлшенеді. Кейде тауардың сапасын өлшеу мүлдем мүмкін болмайды. Оларды бағалау үшін суррогаттарды қолдануға тура келеді (мысалы, алманың дәмін олардың түсіне қарап жору) . Бұған тиісті өлшем техникаларына, өз бетімен өлшем жүргізу, тараптарды өлшеу қателіктерінен сақтау мақсатындағы шараларды жүзеге асыру, сонымен қатар осы қателіктер шығындарынан сақтауға кететін шығындар жатады. Өлшем шығындары дәлдік талаптарының артуымен өсе түседі.
Өлшем шығындарын үнемдеуге адам баласы өлшем және салмақ стандарттарын ойлап табу нәтижесінде қол жеткізді. Бұнымен қоса, осы шығындарды үнемдеу мақсатында кепілдік жөндеу, фирмалық құлақшалар, үлгі бойынша тауарлар партиясын сатып алу және т. б. сияқты іскерлік тәжірибедегі түрлер ескерілген.
- Ерекшелік пен жекеменшік құқығын қорғау шығындары. Бұл категорияға бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін қажетті соттарды, арбитражды, мемлекеттік органдарды ұстауға байланысты уақыт пен қорлар шығыны, сонымен қатар оның ерекшеліктерін жоғалту, сенімсіз қорғау шығындары кіреді. Кейбір авторлар (Д. Норт) бұған қоғамда консенсуалдық идеологияны қолдауға кететін шығындарды қосады. Себебі, қоғам мүшелерін көпшілік мақұлдаған жазылмаған ережелер мен этикалық нормаларды сақтау рухында тәрбиелеу нысандандырылған түрдегі заңдық бақылауға қарағанда, жекеменшік құқығын қорғау анағұрлым үнемді тәсіл болып табылады.
- Оппортунистік іс-әрекет шығындары. Бұл экономикалық теория тұрғысынан трансакциялық шығындардың нағыз жасырын, нағыз қызықты элементі болып табылады.
Оппортунистік іс-әрекеттің екі негізгі түрін бөліп көрсетеді. Біріншісі «моралдық тәуекел» деп аталады. Моралдық тәуекел шартта тараптың бірі екіншісіне толығымен сенім артады, ал оның іс-әрекеті туралы шынайы ақпаратты алу көп шығынға батуды немесе ол туралы ақпарат алу мүлдем мүмкін емес болған жағдайда пайда болады. Осындай оппортунистік іс-әрекеттің ең көп тараған алуан түрі - сырғақтау болып табылады. Бұл агент шарт бойынша одан талап етілетін міндеттерді толығымен орындамаған жағдайда орын алады.
Сырғақтау үшін ыңғайлы жағдай тұтас бір топтың бірлескен еңбек жағдайында жасалады. Мысалы, зауыт немесе үкіметтік мекеме қызметіндегі әр қызметкердің жеке үлесін қалай бөліп көрсетуге болады?
Сондықтан суррогаттық өлшемдерді пайдалануға тура келеді, көптеген жұмысшылардың еңбек өнімділігін нәтиже бойынша емес, шығындар бойынша саралауға болады. Бірақ бұл көрсеткіштер де нақты бола бермейді.
Егер әр агенттің ортақ нәтижеге қосқан жеке үлесі үлкен қателіктермен өлшенсе, онда оның сыйақысы да оның еңбегінің шынайы тиімділігімен байланысты болады. Осыдан келіп сырғақтауға итермелейтін теріс ынталандырмалар пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz