ҚОҒАМДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ НЫСАНДАРЫ. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ТАУАРЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚОҒАМДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ НЫСАНДАРЫ. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ТАУАРЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

Қоғамдық
шаруашылықтың
негізгі нысандары:
натуралды және
тауарлық
Өндірістік қатынастардың дамуы қоғамдық шаруашылық өзінің ұйымдастыру нысанын өзгерте алатынын көрсетті. Қоғамдық шаруашылық нысаны түсінігі өнім өндірудің мақсатын көрсетіп, барлық ресурстар
түрлерінің көздерін анықтап, өндіріс пен тұтыну арасындағы байланыстарды сипаттайды.
Қоғамдық дамудың тарихи үдерісінде өндірісті ұйымдастырудың екі негізгі нысандары көзге түседі:
oo натуралды
oo тауарлық
Натуралды шаруашылық - бұл экономиканы ұйымдастырудың тарихи алғашқы нысаны, өнімдер ішкі шаруашылықтың тұтынуы үшін өндірілетін шаруашылық түрі.
Натуралды шаруашылық - оқшауланған шаруашылық бірліктер (алғашқы қауым, патриархал отбасы шаруашылығы, құл иеленушілік және феодалдық жер меншіктері).
Натуралды өндіріс келесі сипаттарға ие:
oo ұйымдастыру - экономикалық қатынастардың тұйық жүйесі, оның барысында әр шаруашылық бірлігі өзінің өндірістік ресурстарына сүйеніп, өзін-өзі барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз етеді;
oo натуралды шаруашылықта айырбас сатысы жоқ, шаруашылық үдерісінің сызбасы осылай көрінеді: өндіріс - үлестіру - тұтыну, ал шаруашылық жүргізетін субъект оқшаулану жағдайында тіпті қарапайым: өндіріс - тұтыну, барлық өндірілген өнімді оның мүшелері тұтынады.
oo қоғамдық байланыстар қарапайым еңбек құралдарына негізделген жеке шаруашылық бірліктер шеңберінде тұйықталады.
oo қажеттіліктер шектелген және өзгермейді;
oo шаруашылық үдерістері көпғасырлық дәстүрлерге сәйкес жүзеге асырылып, тура, тікелей реттеледі.
Натуралды шаруашылық капитализмнің индустриалдық даму сатысына дейінгі кең таралған тарихи алғашқы үлгі болып табылады. Индустриалды және индустриалды өндірістен кейінгі натуралды шаруашылық көбінесе жеке тұтыну мүдделері үшін өнімдерді өндіретін, (аз ғана бөлігі атауға түседі), жеке қосалқы шаруашылық түрінде таралды.
Жалақыны натуралды (заттай түрде) беру натуралдық шаруашылықтың өзгеше автвизмі болып саналады, яғни жұмыскерге жалақы өнімдер түрінде немесе ақысыз көрсетулер түрінде берілді. КСРО- да әскери коммунизм кезеңінде өнеркәсіп жұмыскері табыстарындағы натуралды (заттай) жалақының үлесі 92 % -ға жетті. Еңбекті төлеудің бұл түрі кеңес одағының ауыл шаруашылық кәсіпорындарында да болды. Еңбек төлемінің натуралды түрлеріне кейбір салалардағы жеңілдіктер жатады (мысалы, теміржолшылар үшін ақысыз жүру), бағалы сыйлықтар беру, арнайы қамтамасыз ету және т.б). Қазіргі уақытта натуралды шаруашылық негізінде тауарлы шаруашылық (ығыстырылып) шығарылды. Шаруашылықтың бұл түрі халықты қосымша жұмыспен қамту атқарымын жүзеге асырады. Халықтың бөлігі (үй шаруасындағы әйелдер) тек қана натуралды шаруашылық аясында жұмыс істей алады. Натуралды шаруашылық қарапайым, келешексіз болса да, ол тұрақты сипатқа ие және қазіргі уақытқа дейін бар. Дамушы елдерде ол кең таралған.

Тауарлы
шаруашылық:
мәні, пайда
болу жағдайлары
мен себептері
Тауарлы өндіріс - пайдалы өнімдер оларды сату үшін жасалатын ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесі. Шаруашылықтың тауарлы нысаны натуралды шаруашылыққа қарама - қарсы ретінде пайда
болып, бастапқыда қауымдар арасында, кейін олардың ішіне еніп, натуралды шаруашылықты біртіндеп қоғамның экономикалық өмірінің бағынышты және құрып бітетін элементіне айналдырады. Натуралды шаруашылықтың тауарлы шаруашылыққа айналуы - ұзақ үдеріс.
Натуралды өндірістен тауарлық өндіріске көшу шарттары:
oo еңбектің қоғамдық бөлінісі;
oo өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығы.
Жиынтықта олар:
а) өндірушілердің белгіленген өнімді өндіруге мамандануын;
б) әр түрлі шаруашылық құрылымдар араларында өнімді айырбастауды қамтамасыз етеді.
Тауарлы өндірістің маңызды белгілері:
oo қоғамдық еңбек бөлінісі;
oo өнімдерді бөлек, жеке, оқшауландырылған өндірушілер өндіреді;
oo ұйымдастыру-экономикалық қатынастарының ашық жүйесі, оның барысында қызметкерлер өнімді жеке тұтыну үшін емес, басқа адамдарға сату үшін өндіреді. Өнімді айырбастау үшін өндіру өндірістік қызметтің мақсаты болып саналады.
oo тауарлық өндіріске өндіріс пен тұтыну араларындағы жанама байланыстар тән, қозғалыс өндіру - үлестіру - айырбастау - тұтыну формуласы бойынша жүзеге асырылады, өндірілген өнім алдымен нарыққа түседі - айырбасқа, сонан соң - тұтынуға.
Тауарлы өндірістің пайда болуының материалдық негізі - өнім көлемінің өсу және алмасу негізі ретінде артықтардың пайда болуының маңызды факторы болып саналатын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы барысында бір өнімді өндіру бойынша өндірушілердің мамандануы орын алады, яғни бұл алмасу қажеттілігін ұйғарады.
Қоғамдық еңбек бөлінісі өндірістік күштердің белгіленген даму деңгейімен сипатталады.
Тауарлы өндірістің натуралды өндірістен артықшылықтарына жататындар:
1) өнімнің бір түрін әзірлеуге өндірушілердің мамандануы еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі;
2) айырбас барлық өнімдерді өндіру қажеттілігін жояды.
Меншік қатынастарының даму деңгейі мен ұйымдастыру- экономикалық қатынастарының даму дәрежелеріне байланысты тауарлы өндірістің даму екі кезеңін айырады: қарапайым тауарлы және капиталистік тауарлы өндіріс. Қарапайым тауарлы өндіріс жағдайларында мамандандырылған қолеңбегі үстем болады, капиталистік тауарлы өндірісте - машина еңбегі. Қарапайым тауарлы өндіріске мануфактураның басымдығы тән, капиталистік өндірісте - фабрикалар мен зауыттардың, ал қарапайым өндірісте меншік иесі әдетте өнімді әзірлеуге тікелей қатысады, капиталистік жағдайда - басқарушылық міндеттерді атқарады. Капиталистік тауар өндірісінде тауарларды сатып алу-сату экономикалық мүдделерді жүзеге асырудың басым тәсілі, қарапайым тауар өндірісінде - натуралды шаруашылық үстем болады, ол нарықта өнімдерді жүзеге асыру көбінесе кездейсоқ сипатта.
Қарапайым тауар өндірісінің қазіргі заманғы нысандары - шаруа қожалығы, жеке еңбекпен айналысатын қолөнершілер шаруашылығы.
Капиталистік тауар өндірісі жалданбалы еңбекті пайдалануға негізделген орта және ірі бизнес арқылы таныстырылған.
Капиталистік жүйе жағдайларында тауар өндірісі жалпыға ортақ сипатталады, интернационал болады, сыртқы сауда әлемдік экономикалық қатынастар жүйесінде жетекші орын алады. Ғылыми-техникалық ілгерілеу еңбектің бөлінуін күшейтуге әкелетін тауарөндірісін дамытудың ерекше жеделдетушісі болып саналады.

Тауарлар
айырбасы. Құн заңы
Натуралды шаруашылықта адам өзіне керек өнімдерді (тамақ өнімдері, өндірістік мақсаттарға қажет өнімдерді) өндіреді.
Тауарлы шаруашылықта өнім өзі тұтынатын тауарлар емес, басқалар үшін өндіріледі, тұтынуға тікелей емес, айырбас арқылы түседі. Бұның барысында ол тауарға айналады.
Айырбас - бұл бір тауар өндірушіден екіншіге қарай тауардың қозғалысы және баламалықты ұйғарады (қой = бидайға = балтаға = кездемеге), бұл тауарлардың түрін, сапасын, белгінеуін салыстыруды талап етеді. Әр түрлі тауарды салыстыру олардың бірыңғай жалпы негізін талап етеді. Бұндай негіз-тауарлардың құны болып саналады.
Ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша тауар өндірісінің негізгі заңы құн заңы болып табылады, ол тауардың қалыптасу негізі мен тетіктерін және тауар құнын жүзеге асыруды анықтайды.
Дамыған тауар өндірісі, еркін бәсеке - құн заңы қолданылатын мінсіз орта. Бұның барысында ол нарық жүйесінің ең маңызды параметрлерін - тауар құнын қалыптастыруды, нарықта тауар айырбас тепе-теңдігін қалыптастыруды реттейді. Құн заңының мәні келесіде: тауарларды өндіру мен айырбастау олардың қоғамдық құнына сәйкес қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуға тиісті.
Құн заңы тауар өндірушілерін тауар өндіруге жұмсалатын жеке еңбек шығындары қоғамдық қажеттерден асып кетпеуін қадағалауға мәжбүрлейді.
Құн заңына мынадай сипаттар тән:
:: қоғамдық қажетті еңбек құнының негізі;
:: тауар құнының шамасы онда нақты түрде көрсетілген қоғамдық қажетті еңбек санына тура үйлесімді және оның өндірістік күшіне кері үйлесімді;
:: тауарлар айырбасы оларда нақты түрде көрсетілген қоғамдық қажетті еңбек санына сәйкес жасалады;
:: ақша мен бағаның пайда болуымен құн заңы олардың деңгейін анықтай отырып, бағаларды реттеуші түрінде көрінеді;
:: нарықтық бағалар тетігі арқылы құн заңы өзінің реттеуіш рөлін өндіріс үдерісіне таратып, оның қысқаруына немесе кеңеюіне ықпал жасайды.
Тауар өндірісінде құн заңы үш міндетті функцияны атқарады.
Біріншіден, құн заңы өндіріс үйлесімділігінің жағдайлық реттеуіші болып табылады. Құн заңының реттеуіш міндеті (функциясы) нарық бағаларының жағдайлық ауытқуын, бәсекелік күрес нәтижесінде қоғамдық құнынан ауытқуын реттейді.
Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінде ғана баға тауардың құнымен тек қана бірдей болады, яғни сол тауарды өндіру оған деген төлем қабілетті сұранысқа сәйкес келсе. Егер бұндай тепе-теңдік жоқ болса, тауар бағасы оның құнынан ауытқиды. Бағалардың құнынан ауытқуы сәйкес сұраныс пен ұсыныс арақатынасының өзгеруіне әсер етеді және сол арқылы әр түрлі салалар араларындағы өндіріс факторларын қайта бөлуге де.
Нарық бағасының құнынан асып кетуі ұсыныстың өсуін, тауар өндірісінің көбеюін ынталандырады.
Нарық бағасын құннан төмен деңгейде белгілеуі тауар өндіруді қысқартуға ықпал жасайды. Құнның айналасында бағалардың құбылуы тек қана айналыс аясындағы жағдайлық ауытқулармен емес, сонымен бірге өндіріс аясындағы өзгерістермен (ең алдымен, еңбек өнімділігінде) де байланысты болады.
Екіншіден, құн заңы өндірістік күштердің дамуында, өндірістің өсуі мен оны жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыруда және тауар құнын төмендетуде ынталандырма ретінде көрінеді.
Оның әрекеті тауар өндірушілері үшін, қоғамдық қажеттіліктермен салыстырғанда, жеке еңбек шығындарын төмендетуге түрткі болады.
Үшіншіден, құн заңы тауар өндірушілердің мүліктік, экономикалық және әлеуметтік саралану факторы болып қатысады. Құн заңының күшіне ену барысында барлық өндірушілер өз тауарларын белгіленген өнімдерді жасауға қоғамдық қажет жұмыс уақытына сәйкес бірдей нарық бағасы бойынша өткізуге мәжбүр болады. Бірақ бағалардың құнтөңірегінде құбылу жағдайларында барлық тауар өндірушілер топтарға бөлініп қалады. Бір өндірушілер тауарларының жеке құны өз деңгейі бойынша қоғамдық құнынан төмен, яғни тауарларды нарық бағасы бойынша өткізу олардың баюына мүмкіндік береді; ал басқаларында - жеке құны қоғамдық құнымен сәйкес келеді және бұны өндірістің қоғамдық қалыпты жағдайлары дәлелдейді, үшіншілерде - тауарлардың жеке құнының деңгейі қоғамдық құнынан жоғары және осы тауарларды нарықта өткізу барысында тауар өндірушілер күйзеліске ұшырайды.

Тауардың қасиеті.
Құн теориялары
Тауар екі қасиетке: тұтыну құны мен құнына ие. Тұтыну құны - тауардың пайдалы қасиеттерінің жиынтығы және соның арқасында
тауар қоғамның немесе адамның бір қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттігіне ие болады.Оның сипаттары: қоғамдық-пайдалы тұтыну құны ретінде қатысады; ол материалдық игіліктерді өндіру мен оларды тұтыну арасындағы өзара мәндік байланысты білдіреді. Егер тауар тұтыну қасиеттеріне ие болмаса, сатып алушы табылмайды, өткізілмейді.
Екінші жағынан, айырбасқа арналмаған өнімнің өндіруші үшін ғана тұтыну құны бар. Айырбас барысында өндіруші үшін құнға және сатып алушы үшін тұтыну құнына ие болуға тиісті. Тауардың бұл қасиеттері қарама - қайшылықтар бірлігі ретінде қатысады, дәлірек айтсақ: олар бір тауарға тән, ал қарама-қайшылығы - бір адам үшін тауар бір мезгілде тұтыну құны да, құны да бола алмайды.
Экономикалық ғылымда тауардың нарықтағы айырбас құнын анықтауға екі әр түрлі тәсілдеме қалыптасты: құнның еңбек теориясы мен пайдалылық теориясы.
1-ші бағыт - құнның еңбек теориясы. Оның өкілдері - саяси экономия классиктері - В.Петти, А. Смит, Д.Рикардо тауарлар құнының негізі тауарларды өндіруге жіберілген еңбек болады деген көзқарасты негіздеді.
Тауарлардың тұтыну құндары әр түрлі, әр текті, салыстыруға келмейді, ал құндар ретінде тек қана сапалы түрде айырмашылығы бар: оларды өндіруге жұмсалған еңбектің шамасы.
К. Маркс тауарда нақтылы түрде көрсетілген еңбектің екі жақты сипатының талдауын тереңдетіп, тауарды жасайтын еңбек екі жақты сипатты екендігін ашты. Біріншіден бұл белгіленген пайдалылықтарды құруға бағытталып, нақты еңбек атауын алған, мақсатқа сәйкес түрдегі еңбек. Екіншіден - нақты түрге қатынассыз, адамның физиологиялық энергиясын (бұлшық етінің, жүйке тамырларының, миының энергиясы) жұмсау ретінде көрсетілген жалпы алғандағы еңбек. Ол абстрактылық еңбек атауын алды. К. Маркс абстрактылы еңбектің сандық салыстыруға келетіндігінің негізінде өзінің сапалық біртектілігінен тауар құнының негізі болып саналатынын дәлелдеді.
Құнның сандық құрамдас бөлігін зерттеу тауардың құны жеке шығынмен емес, тауарды өндіруге жұмсалатын қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен немесе қоғамдық-қажетті еңбек уақытымен анықталатындығы жөніндегі қорытындыға әкелді. Қоғамдық-қажетті жұмыс уақыты, өндірістің қалыпты жағдайларында, осы қоғамдағы еңбек қарқындылығы мен біліктіліктің орташа деңгейінде қандай да бір тұтыну құнын әзірлеуге қажет жұмыс уақыты болып саналады.
Айырбас үдерісінде әр түрлі пайдалылықтарды өндіруге жұмсалған еңбекті теңестіру орын алады. Бұл ретте баламалыққа бағдарлану, бір түрдегі тұтыну құндары басқа түрдегі тұтыну құндарына айырбасталатын белгілі бір үйлесімнің қалыптасуына әкеледі. Айырбас құны - бір тектің пайдалылықтарын басқа тектің пайдалылықтарына айырбастаудың нақты нұсқалары болып қатысатын құн түрі. Ол оның ішкі, құндық түп негізінің өзгермейтіндігі жағдайында, орны мен уақытына байланысты өзгеруі мүмкін.
2-ші бағыт - құндылықтың неоклассикалық теориясы. Оның өкілдері - Карл Менгер, Ойген Беем-Баверк, Фридрих фон Визер тауардың құндылығы олардың пайдалылығымен анықталады деп санады.
Олардың пайдалылық теориясына сәйкес, тауарлардың құндылығы тауар өндіруге жұмсалған еңбек шығындарымен емес, олардың пайдалылығымен анықталады, себебі әр түрлі материалдық және рухани игіліктерді адамдар олар пайдалылыққа ие болғандықтан бағалайды: Тауар өндіру еңбектің көп шығындарын талап етпесе де, пайдалылығы өте жоғары болуы мүмкін. Тауар құндылығын атап айтқанда осы анықтайды.
Түсініктер динамикасымен, ұтымды көзқарастардың қалыптасуымен пайдалылық теориясы шекті пайдалылық теориясына өзгереді. Бұл ретте шекті пайдалылық дегеніміз өнімді пайдаланушы қажеттіліктердің толық шеңберін қанағаттандыруы мүмкін емес жағдайында бас тартуға дайын ең аз қажеттілігі. Осы айқындаманың дәлелі ретінде австрия мектебінің көрнекті өкілі Э.Бём Баверк адаммен қатыспай тауда жаңғыз тұратын шал туралы мысалды келтірген. Ол шалдың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 5 қап бидайы болған екен.
Қаптардың пайдалылығы азаймалы тәртіпте орналастырылған:
1-ші қап - өзі үшін, зәру қажеттілігін (тамақтану) қанағаттандыру мақсатымен;
2-ші қап - тамақтануды жақсарту үшін;
3-ші қап - үй құстарын жемдеу үшін;
4-ші қап - сыра жасау үшін;
5-ші қап - ермек үшін - тоты құстарға жем беруге.
Бір қабынан айырылған тақуа шал тоты құстарға жем беруден бас тартады. Келесі қысқарту барысында - қанағаттандырылатын қажеттіліктер шеңберінде өнім пайдалылығының азаюын есептей отырып, басқалардан бас тартады. Теорияның жақтаушылары келесі қорытындыға келді: материалдық игіліктің құндылық шамасы қанағаттандырылатын қажеттіліктер қатарында соңғы орын алатын нақты пайдалылықтың маңыздылығымен анықталады.
Заттың барлық тәсілдемелері орынды және негізделген. Сонымен бірге бірінші тәсілдеме өнімді жаппай өндіру, тұтынушылардың төмен табысты топтарына бағдарлану жағдайларында орынды болып көрінеді (қажет тауарлар үшін тұтынушылар ең мүмкін бағаны төлей алады). Екінші - жоғары табысты тұтынушыларға бағдарланған дараланған өндіру жағдайларына сәйкес келеді. Олар - тауарлардың ерекше тұтыну қасиеттеріне пайдалылыққа, сатып алуы қиынға түсетін тауарларға жоғары баға төлеуге дайын және бұл тауар тапшылығы жағдайларында орын алады.
Тауар құнын анықтаудың үшінші тәсілдемесі - тауардың құнында өндірістің де бағасы (құнның еңбек теориясы) және сатып алушының да бағасы (құндылықтың неоклассикалық теориясы,оның австриялық мектебі) есептелетін алдыңғы екі теорияның синтезі болып қатысады. Бұл жағдайда тауар құны нарықтағы ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеттестігінің нәтижесі ретінде анықталады.
Құн анықтамасына осы тәсілдемені А. Маршалл, яғни оның кембридж нұсқасында неоклассикалық мектеп енгізді.
Қажеттіліктердің сан алуандығы жағдайларында әр түрлі ғана емес, сонымен бірге бірін-бірі алмастыратын және бірін-бірі толықтыратын тауарларды шығару, олардың сапалық және бағалық сипаттамалары туралы тұтынушылардың хабардарлығы өте маңызды болып саналады. Сапасы да тиісті деңгейде болу керек.
Ақшаның пайда
болуы, мәні мен
атқарымдары
Ақша ежелгі уақыттан бері белгілі, олар өндірістік күштер мен тауар қатынастарының аса жоғары дамуының нәтижесі ретінде пайда болды.
Натуралды шаруашылық үшін өзінің тұтынуы үшін өнім өндіру тән болды. Кездейсоқ артықтар ғана айырбасқа жатты.
Қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде еңбек өнімдерімен үнемі айырбас орын алып, тауар өндірісі пайда болды.
Ақшаның пайда болуына әкелген айырбас пен құн түрлерінің тарихи даму үдерісінің 4 кезеңін айыруға болады.
Құнның қарапайым немесе кездейсоқ түрі өндірістік күштер дамуының төмен сатысына тән. Натуралды шаруашылықта өнімдер артығы кезеңді түрде пайда болады. Нарыққа түскен тауар мен басқа тауар арқылы өз құнын кездейсоқ өзгертеді. Бұндай айырбас барысындағы айырбас құны уақыт аралығында және кеңістікте күрт құбылады. Құнның осы түрінде қоғамдық еңбектің сыртқы көрінісі, яғни баламасы болып қатысатын белгіленген еңбек өнімі болды.
Құнның толық түрі - ол еңбектің әрі қарай бөлінуі мен өндірістің өсуімен байланысты. Нарыққа өнімдер - тауарлар барған сайын көбірек түседі. Бір тауар айырбастау барысында көптеген балама - тауарлармен кездеседі.
Құнның жалпыға ортақ түрі барысында тауар өндірістің басты мақсаты болып қатысады. Әр тауар өндіруші өз еңбегінің өніміне барлығына керек жалпыға ортақ тауар алуға тырысады. Осындай объективті қажеттілікке байланысты тауар жиынынан жалпыға ортақ балама рөлін атқаратын тауарлар ерекшелене бастады, мысалы: мал, аң терілері, піл сүйегі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қаржысын басқару
Корпорациялардың қаржысы: мәні мен мазмұны, атқаратын функциялары және қаржы механизмі
Қоғамдық ұдайы өндіріс тұжырымдалары
Кәсіпкерліктің нарық жағдайындағы дамуының теориялық аспектілері
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы
Қоғамдық өндіріс туралы
Табиғи өндіріс
Корпоративтік қаржының мағынасы мен мәні және көрсеткіштері
Өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру
Шаруа қожалықтарының даму концепциялары
Пәндер