ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫН КЕЗЕҢДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫН КЕЗЕҢДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ

Тарихи үдерістің
бейдетерминалистік
емес теориялары
Детерминализмге қарама-қарсы және адамның ерік бостандығын танитын ілім индетерминизм деп аталады.
Бұл ілім бойынша адам, шүбәсіз, әр түрлі сыртқы уәждер мен ниеттердің ықпалында болады. Мысалы, оған қоршаған орта, өмір жағдайлары, саяси жағдай, оның білімі, мәдени дамуы және т.б әсер етеді - осының бәрі адамның адамгершілік бейнесінің ерекшеліктерінен көрініс табады. Адамға, кейде өте күшті әрекет, әр түрлі уәждер мен ықпалдар әрекет жасайды. Сонымен, индетерминизм теориясы бойынша адам бостандығы - шығармашылық бостандық емес, таңдау бостандығы, біздің еркіміздің бостандығы.
Қазіргі заманғы экономикалық ғылымда көптеген мектептер мен бағыттар бар, оларды қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын кезеңдеуді бағалау тұрғысынан алғанда екі негізгі топтарға бөлуге болады. Бірінші топқа тарихи үдерістің бірлігін, адамзаттың әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпыға бірдей ілгерішіл заңдылықтарын жоққа шығаратын теориялар жатады. Екіншіге - осы үдерістің белгіленген ілгерішіл заңдылықтарын танитын теориялар.
Ең алдымен теориялардың бірінші тобын қарастырайық. Индетерминалистік тұжырымдамаларда адамзат тарихы заңды жаратылыс тарихи үдеріс ретінде емес, бірге сүретін, пайда болып және жоқ болатын мәдени-тарихи тұрпаттар жиынтығы (Н.Я. Данилевский), жергілікті мәдениеттер (О. Шпенглер) немесе мәдени супержүйелер (П. Сорокин) ретінде көрініс табады, олардың әр қайсысы өз жолымен өздігінен жүреді.
А. Тойнби тұжырымдамасы мысалында кезеңдік теорияларды қарастырайық. Арнольд Джозеф Тойнби (1889 - 1975) - XX ғасырдың ірі ағылшын тарихшылары мен әлеуметтанушыларының бірі. А. Тойнбиге тарихи үдерістің діни тұжырымдамасы тән. Батыс философиясы үшін дәстүрлі қажеттілік пен бостандықты қарсы қою онда Табиғат Заңдарын Құдай Заңдарына тура қарсы қою түрінде көрінеді. Тойнбидің пікірінше тарихта негізгі рөл Құдайдың Заңдарында, олар дегдардың ерікті таңдауы арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, жария етілген тарихтың заңдылықтарын тануына қарамастан, Тойнби тарихта қандай да болсын ғылыми болжаудың мүмкіндігін жоққа шығарып, индетерминист сияқты сөйлейді. Менің пікірімше кез келген ортадағы өрлеу жөніндегі пайымдау ішкі және субъективті. Егер адам істеріндегі өрлеуге технология, әлеуметтік және рухани тұрғылардан қарасақ, әр жағдайда адам тарихының әр түрлі диаграммалары алынады - деп жазады А. Тойнби.
Бұл негіздемеде ол өрлеудің жалпы өлшемін жоққа шығарады.
А. Тойнбидің жүйесіндегі тарихи үдерістің негізгі бірлігі жергілікті өркениет түсінігі болып табылады, ол діни дәстүрлермен біріккен, белгіленген аймақта тұратын адамдар бірлігін белгілеу үшін пайдаланады. Ол алғашқы (тура жабайы қоғамдардан), екіншілікті (алғашқыдан туынды) және тіпті үшіншілікті өркениетке бөледі. Адамзат тарихында А. Тойнби жиырмадан астам өркениет болды дейді, олардан XX ғасырдың ортасына қарай жетеуі сақталып қалды (батыс христиандық, православ христиандық, исламдық, индуистік, қиыршығыстық, буддистік, христиандық - иудаистік).
Қоғамның дамуының материалдық факторларын жоққа шығара отырып, А. Тойнби тарихы Шақырулар мен Жауаптардың өзара әрекеттестігінде өркениеттердің пайда болу, даму және құлдырау себептерін іздейді. Әр өркениет, оның пікірінше, төрт кезеңнен өтеді: генезис (алғаш шығуы, пайда болуы), дамуы, құлдырауы мен ыдырауы.
Өркениет пайда болып даму үшін, Тойнбидің пікірінше, алтын орта қажет, Шақыру - әлсіз, ал Жауап өте күшті болмауы керек, бірақ жаңа Шақыру үшін жеткілікті болуға тиісті, ол, өз кезегінде, жаңа Жауапты туғызады және т.б.с. Өркениет дамуының қозғаушы күші ретінде А. Тойнби қоғамды жаңа бағытпен алып кетуге қабілетті шығармашылық азшылықты санайды. Өркениеттің құлдырауын ол шығармашылық азшылықта жасампаз күштің жеткіліксіздігімен және еліктеудің тоқтатылуымен байланыстырады. Бұл қоғамның бұрыңғы әлеуметтік бірлігін жоғалтуына әкеледі. Ыдырау орын алады. Қоғам 3 бөлікке бөлінеді:
1) әмбебап мемлекет құрып жатқан үстемдік жасайтын азшылық
2) ішкі пролетариат, өзін дінде және шіркеуде әмбебап білдіретін (Толстойлық, гандизм, американдық негрлердің христиандығы және т.б)
3) жабайы әскери қарақшылар болып қалыптасқан сыртқы пролетариат.
А. Тойнбидің пікірінше, екінші және үшінші топтар қоғамда тұратын, бірақ оған жатпайтын топтарды біріктіреді. Бұл күштер ақырында ескі өркениетті бұзып, (бірмезгілде жаңа дінді туғызады) да жаңа өркениеттің пайда болуына алдын ала жағдай жасайды. А. Тойнбидің тұжырымдамасы сызбаға ұқсайды. Барлық дүниежүзілік тарихи даму жолы алдын ала белгіленген жергілікті өркениеттер жиыны болып көрсетіледі. Тойнбидің өркениеті біріккен жүйелер емес, себепті немесе елеулі байланыстармен емес, көршілікпен біріккен әртүрлі өркениетті объектілер мен құбылыстардың қарапайым конгломераты болып саналады.
Осы себептен олар нақты қоғам түрлері болмайды, - деп ескерткен П. Сорокин. Бірақ бұл осылай болса, онда олардың генезисінің, өсуі мен құлдырауының біркелкілігі жөнінде айтуға болмайды А. Тойнби не ұсынып отыр? Жанды құтқару үшін болмыстан макрокосмнан микрокосмға кету керек, яғни тұманды діни мистицизмге. Ағылшын ғалымының теориясынан шығатын практикалық ұсынымдар осындай.

Тарихи үдерістің
детерминалистік
теориялары
Детерминизм - табиғаттағы және қоғамдағы барлық құбылыстардың объективтік заңды өзара байланысы жөніндегі
индетерминизмге балама ілім.
Детерминизм қағидаты - ғылыми тәсілдеме, оған сәйкес барлық құбылыстар кездейсоқ емес, белгіленген себебі бар.
Географиялық детерминизм - халықтардың және қоғамдардың дамуы олардың географиялық орналасуы мен табиғи жағдайларымен түсіндіріледі деп пайымдайтын тарихтағы, әлеуметтанудағы, этнографиядағы және басқа қоғамдық ғылымдардағы бағыт.
Экономикалық детерминизм - әлеуметтік мінез-құлықты түсіндіру барысында экономикалық факторлар басты деп пайымдайтын тұжырымдама.
Тарихи үдерістің детерминистік тұжырымдамалары адамзаттың ілгері дамуын таниды. Бірақ, даму негізінде жатқан құбылыстар әр алуан болуы мүмкін. Қарапайым детерминистік тұжырымдамалар шеңберінде кезеңдеу негізінде жатқан факторларға байланысты бірнеше бағытты айыруға болады. Анықтаушы себеп ретінде техникалық базистің бір немесе бірнеше элементтері (халықтың өсуі, табиғи жағдайлар немесе техника мен технологиядағы өзгерістер) немесе экономикалық (өндірістік қатынастар түрлерінің дамуы) немесе қондырмаға қатысты факторлардың бірі ( құқық мемлекет, әлеуметтік психология және т.б) болуы мүмкін.
Бірінші бағыт шеңберінде демографиялық, географиялық және технологиялық детерминизмнің тұжырымдамаларын, сонымен бірге өндірістік қатынастар түрлерін абсолюттейтін теорияларды айыруға болады. Екінші бағыт әр түрлері институционализм шеңберінде дамиды.
Демографиялық детерминизм
Қоғамның үдемелі дамуын танитын және оны бір материалдық фактордан тәуелділікке қоятын теориялар марксизмнен көп бұрын пайда болып, дамыды. Осындай теориялардың бірі - демографиялық детерминизм.
Адамзаттың даму тарихын халықтың өсуімен түсіндіру әрекеті көне заманда және орта ғасырларда пайда болды. Бірақ тек XVIII ғасырда демографиялық детерминизмнің болашақ тұжырымдамасының элементтері қалыптаса бастады. (Жан Жак Руссо, К.А. Гельвеций). Кейінірек, Т.Р Мальтустың ілімінде халықтың өсуі тәуелсіз ауыспалы шама, көпшіліктің кедейлігі мен қайыршылығының көзі ретінде қарала бастады. Бірақ халық санының мальтузиандық тұжырымдамасы тарихи үдерістің теориясы болған жоқ, себебі ол халықтың өсуінің сапалы кезеңдері мен қоғам нысанының өзгерістері арасында тәуелділікті белгілемеді.
Мальтузиандықпен (демографиялық детерминизмнің түңілуші түрі) қатар ХІХ ғасырдың соңында - ХХ ғасырдың басында демографиялық детерминизмнің оптимистік түрі тез дамыды (А.Кост, А.Секретам, О.Бугле). Оптимистік түр Францияда кең таралды, онда ХІХ ғасырдың соңғы онжылдықтарында халықтың өсуінің баяу қарқындары байқалып, мальтузиандық халық арасында көп жайылмаған.
Дәл осы жылдарда француз саяси экономисі және статистігі А.Кост (1842 - 1901) Объективтік әлеуметтану қағидаттары (1899) мен Халықтар тәжірибесі мен оған негізделген ұсыныстар деп аталатын екі еңбегін шығарды. Оларды А.Кост барлық әлеуметтік құбылыстар демографиялық факторға тәуелді екендігін дәлелдегісі келген. Қарқынды сауда жүріп, әскери басып алулар жүзеге асырылып, жерлердің бірігуі байқалып, федеративтік одақтар құрылып жатқан барлық жерлерде өркениеттің пайда болуы мен дамуы орын алады, осының бәрі де әлеуметтік фактордың - (халық саны мен тығыздығы) өсуі және таралуымен түсіндіріледі, - деп жазған А.Кост. Бұл фактор А.Кост ұсынған тарихи үдерісті кезеңдеудің негізіне алынды. Ол алты дәуірден тұрып, оларға әлеуметтік дамудың төрт сатысы сәйкес келеді. Бірінші дәуірге даму сатысының бірінші сатысы сәйкес келеді, оны Кост феодализм деп атап, оның өмір сүруін Римнің пайда болуына дейінгі кезеңге апарады. Бұл кезеңде барлық халық бекітілген кенттерде тұратын жеке отбасылардан құралған. Өмір сүруге қажет өнімдер әр отбасының ішінде өндірілген.
Римнің пайда болуынан бастап, Юлий Цезарьдің басқаруына дейінгі болған екінші сатысына сәйкес келеді, оны А.Кост коммуникализм деп атаған. Халық санының өсуі шаһарлардың пайда болуына әкеледі. Өнімнің жартысы нарыққа өндіріле бастайды. Нәтижесінде әлеуметтік теңсіздік пайда болып, билікке әскерилер мен абыздар (құрбан шалатын, құдаймен екі ортадағы делдалмын дейтіндер) келеді.
Үшінші дәуір Юлий Цезарьдің басқаруынан бастап тағы корольдіктердің пайда болуына дейінгі кезеңді қамтиды. Ол әлеуметтік дамудың үшінші кезеңіне сәйкес келеді, оны Кост этатизм деп сипаттайды. Халықтың саны соншама өсіп кеткендіктен өмір орталықтары ретінде Рим тұрпатты ірі қалалар бола бастады. Қол өнер бұйымдарына сұраныстың көбеюі мануфактуралардың пайда болуына әкеледі. Сауда қалалардың шекараларынан шығып, шет жатқан кенттерге дейін жетті. Таптық теңсіздік белең алып, азаматтық билік әскери биліктен бөлектенеді. Төртінші және бесінші дәуірлер кезеңінде халық санының өсуі баяулап, басқарудың монархиялық нысаны орнатылады. Бұл, А.Косттың пікірінше, қоғамның дамуында шегініске әкеледі. Сондықтан, бұл дәуірлер әлеуметтік дамудың екінші және үшінші сатыларына сәйкес келеді.
Алтыншы тарихи дәуір буржуазиялық төңкерістерден басталады. Ол әлеуметтік дамудың төртінші сатысын - плутократиялық парламентаризмді құрады. Халық санының көбеюі шекаралардың кеңеюіне, астаналардың өсуіне мүмкіндік береді. Қол еңбегі машиналармен ауыстырылып, байлық пен білімге негізделген әлеуметтік теңсіздік әрі қарай тереңдеп, заң шығарушы билік пайда болып, жекеленеді.
Сонымен, А.Косттың пікірінше, халық санының өсуі мен қоғамның өрлеуі арасында тура байланыс бар, бұның барысында ірі, қуатты мемлекеттер әлсіздеулерді жұтады немесе ассимиляциялайды (бір халық екінші халыққа сіңісіп кетеді).
ХХ ғасырда демографиялық детерминизмді тарихи кезеңдер тұжырымдамасымен біріктіру әрекеттері пайда болады. Итальяндық демограф К.Джини (1884 - 1965) халықтың ұдайы өсіп-өнуін ұлттың даму сатыларымен байланыстыратын теорияны негіздеді.
Джинидің пікірінше, әр ұлт үш кезеңнен өтеді: жастық шағы, кемелдігі және кәрілігі. Жастық шағы кезеңінде ұлтта көпшілігі жастар болғандықтан, халық санының өсу қарқындары жоғары. Бұл қоғамның әлеуметтік жіктелуіне, әр таптарда туып көбеюшіліктің саралануына әкеледі. Халықтың артылуы пайда болады, ол қарқынды отарлау мен өктемдік жүргізу саясатын жүргізу үшін пайдаланады.
Кемелдік сатысында әл-ауқат өседі, туып көбеюшіліктің қысқаруы нәтижесінде, отар және тәуелді елдерді қанау салдарынан. Жоғары туып көбеюшілік тек қана ең төмен таптарда сақталады. Бірақ қоғамның индустриалдануы, кенттенуі және демократиялануы ең төмен топтардың сатылас ұтқырлығын жоғарылатады, бұл да туып көбеюшіліктің төмендеуіне әкеледі. Ұлт жауынгер халықтан ұсақ буржуазияға айналып, қоғамның қартаюы орын алады. Бұл үдерістерді ауылдық жерлерден қалаларға халықтың көшіп-қонуы күшейтеді. Халықты азық-түлік тауарлармен, ал өнеркәсіпті - шикізатпен қамтамасыз етуде қиындықтар туады. Осының бәрі өндірістің сарқылуына, әлеуметтік жанжалдардың күшеюіне әкеледі. Осы ахуалдан шығу жолын Джини көшіп-қону мен соғыстардан, әлсіз халықтарды күштілердің жұтуынан көреді.
К.Джинидің теориясы халықтың ұдайы өсіп-өнуін талдауға сараланған түрде қарайды. Соғыстар мен өктемдік жүргізуді халықтың өсуінің заңды салдары деп санап, ол объективтік түрде итальяндық фашизмді, оның өктемдік жасау саясатын ақтады. Мұнда оның керітартпа неомальтузиандықпен және герман геосаясатымен ішкі жақындығы көрінеді.
Соғыстан кейінгі жылдарда демографиялық детерминизм жеке ілім ретінде көрінбейді, ол географиялық немесе технологиялық детерминизммен толықтырылады (қайыршылықтың кесірлі шеңбері, яғни тұйыққа тірелу теориялары, өсу сатылары теориялары және т.б.).
Географиялық детерминизм
Адамзаттың географиялық ортамен даму шарттылығы идеясы көне заманда пайда болды (Гиппократ, Геродот, Платон, Полибий, Страбон). Бұл пікірді көптеген француз ағартушылары мен неміс философтары пайдаланып, климат жағдайларының адамның мінезі мен мінез-құлқына ықпалы туралы Ш.Монтескье жазған. Тарихты түсіндіруде географиялық қағидат И.Г.Гердердің Адамзат тарихының философиясына ойларда, Гегельдің Тарих философиясында көрініс тапқан, Гегель дүниежүзілік тарихтың географиялық негізін ерекше бөліп көрсетті. Табиғи айырмашылықтарды ол халықтар дамуының ерекше мүмкіндіктері ретінде қарастырады. Бұл ережелер ағылшын (Г.Т.Бокль) және орыс тарихшыларының (С.М. Соловьев, А.П.Щапов, В.О.Ключевский) еңбектерінде әрі дамыды. Егер ХVІІІ ғасырдың материалистерінде табиғат тарихтан тыс және абстрактылы (климат, топырақ немесе ландшафт) алынса, кейінгі тұжырымдамаларда сараланған тәсілдемелермен кездесеміз.
Орыс әлеуметтанушысы, географ және анархист Лев Ильич Мечниковтың (1838 - 1888)еңбектері соның көрнекі мысалы.
Қорытындылай келе, географиялық детерминизмнің тұжырымдамаларында адам мен табиғаттың өзара әрекеттестігі адам қоғамының қоршаған ортадан тәуелділігі ретінде біржақты қаралатындығын атап айтқан жөн. Сол кезде адам мен табиғаттың өзара әрекеттестігі - күрделі құбылыс, ол адамзат дамуының тек қана баяулауына немесе жеделдеуіне қарамайды. Біріншіден, адам қызметінің ықпалымен мекендеу ортасы өзгеріп, осы өзгерістердің жинақталуы орын алады, екінші жағынан - сыртқы табиғатқа ықпал жасап, оны өзгертіп, адам дәл сол уақытта өзінің табиғатын да өзгертеді. Тарихи даму барысында қоғам өндіріске бұрын адамның қолы жетпейтін қоршаған ортаның жаңа құрамдас бөліктерін тартады. Сондықтан қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігі тарихи мәнді. Ол тек қана өндірістік күштердің даму деңгейінен емес, сонымен бірге қазіргі өндірістік қатынастардың сипатына тәуелді.
Осылайша, қоршаған орта өндірістің даму шарты, өндірістік күштердің даму факторы ғана емес, бірақ өзі де белгіленген шамада осы дамудың нәтижесі болып саналады. Географиялық орта материя қозғалысының әлеуметтік түріне енеді.
Сондықтан географиялық детерминизмнің методологиялық кемшілігі: оның өкілдері адамзаттың даму көзін қоғамдық жүйенің шектеріне шығарып, материя қозғалысының ең жоғары түрін (әлеуметтік) ең төменгіге (бұл жағдайда географиялық) түсіруге әрекет жасайды.
Технологиялық детерминизм
Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен ғылыми-техникалық өрлеуді абсолюттейтін теориялар жиі пайда болып, кең таралды. Бұл теориялардың бастауларын XX ғасыр ғалымдарының : П.К. Энгельмейердің (Ресей) , Ф. Десеауердің, А.М. Шнейдердің, М. Эйттің (Германия) еңбектерінен табуға болады Ғылыми-техникалық факторларды шектен тыс бағалау және қоғамдық-тарихи жағдайларды кем бағалау жария марксистерге (П.Струве), неміс социал-демократтарына (Э. Бернштейн, К. Каутский) және орыс меньшевиктеріне тән болған. Бірақ тарихи үдерістің технологиялық теориялары соғыстан кейінгі жылдарда даму қарқыны үдей бастады.
1960 жылы американдық экономист Уолт Уитмен Ростоудың Коммунистік емес манифест деген тақырыпшасымен Экономикалық өсу сатылары кітабы шықты. Бұл кітапта У. Ростоу өсудің бес негізгі сатыларын айырады: 1) дәстүрлі қоғам, 2) шарықтау үшін алғы шарттарды құру сатысы 3) шарықтау, 4) кемелдікке қарай қозғалу, 5) жоғары жаппай тұтыну дәуірі. Дәстүрлі қоғам сатысына өндірушілердің төрттен үші азық-түлік өндірісімен айналысқандығы тән. Ұлттық табыс негізінен өнімсіз пайдаланылды. Қоғам құрылымы, саяси билік жер иелерінде немесе орталық үкіметке жататын сатыластықты құрады. Екінші саты шарықтауға өтпелі кезең болып табылады. Бұл кезеңде үш өндірістік емес аяларда елеулі өзгерістер болады: ауыл шаруашылығында, көлікте және сыртқы саудада. Үшінші саты - шарықтау аз ғана уақыт аралығын - бір-екі онжылдықтарды қамтиды.Бұл уақытта күрделі қаржы жұмсалымдар қарқындары өсіп, халықтың жан басына шыққандағы өнім шығарылымы әжептәуір көбейіп, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына жаңа озық техниканы тез енгізу басталады. Сөйтіп, дәстүрлі қоғам жақтаушыларын экономиканы жетілдіру жақтаушылары жеңді. Кемелдікке қарай жылжу кезеңін У. Ростоу техникалық өрлеудің ұзақ кезеңі ретінде сипаттайды: кенттену үдерісі дамып, білікті еңбек үлесі жоғарылап, өнеркәсіптің басшылығы білікті басқарушы-менеджерлердің қолында шоғырланады. Бесінші дәуірде - жоғары жаппай тұтыну кезеңінде - ұсыныстан сұранысқа, өндірістен тұтынуға жылжу жүзеге асырылады.
Кейінірек жазған Саясат және өсу сатылары (1971) деп аталатын еңбегінде У. Ростоу алтыншы сатыны қосады - өмір сапасын іздеу сатысын, онда бірінші кезекке адамның рухани дамуы қойылады.
У. Ростоудың теориясы демографиялық және географиялық детерминизмнен, сонымен бірге XX ғасырдың бірінші жартысындағы технологиялық теориялармен салыстырғанда алға басқан бір қадам болып саналды. Ол қоғамның дамуында материалдық өндірістің жетекші рөлін, өндірістік күштердің өрлеуімен оның шарттылығын, олардың дамуына әлеуметтік ортаның ықпалын таниды. Кең тарихи тәсілдеме индустрияландырудан кейінгі қоғам теорияшыларына тән (Р. Айрис, Д. Белл, Г. Кан, Т. Стоуньер және т.б). Том Стоуньер өзінің Ақпараттық байлық: индустриаланудан кейінгі экономиканың бейіні деп аталатын кітабында (1983) адамзаттың дамуындағы үш сапалы кезеңді айырады: аграрлық экономика, индустриалдық және ақпараттық кезеңдері.
Аграрлық экономика, - деп санайды ол - шаруашылық қызмет көбінесе тамақ өнімдерінің жеткілікті көлемін өндірумен байланысты, ал шектелім факторы ретінде жақсы жерге қол жетімділік болған. Ақпараттық экономикадағы шаруашылық қызметі - ол өндіріс және өндірістің барлық басқа түрлерін нәтижелі етіп, сонымен көбірек материалдық байлық жасау мақсатында ақпаратты қолдану. Мұндағы шектелім факторы - қолдағы білім. Индустриалдық экономикада шаруашылық қызмет көбінесе тауарлар өндірісі, ал шектелім факторы - капитал болған. У. Ростоумен салыстырғанда Т. Стоуньер қоғамның дамуында бір емес (өнеркәсіптік), екі (өнеркәсіптік және ақпараттық) төңкерістерді атап айтады. Тіпті ол өндірістік күштердің дамуындағы сапалы кезеңдерді экономика мен саясаттағы төңкерістермен байланыстырады. Өндірістік төңкерістің нәтижесінде алдымен экономикалық, сонан соң саяси билік біртіндеп ақсүйектердің қолынан капиталистердің қолына көшті; ақпараттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи уақытты талдау
Психикалық дамудың қозғаушы күші мен заңдылықтары және жеке адамның онтогенезде қалыптасуы
Кеңес тарихшыларының қазақ тарихын кезеңдеуі
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
АУДИТТІ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Геосаясаттың теориялық-концептуалдық маңызы мен негіздері
Балалардың психикалық даму белгілері
Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы
Әртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктері
Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы туралы
Пәндер