Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

Қоғамдық өндіріс үдерісі микроэкономикалық деңгейде де, сонымен қатар макроэкономикалық деңгейде де экономикалық тепе-теңдікті болжайды. Тепе-теңдік түрлері алуан түрлі - қорлар мен тұтынушылық, өндіріс пен тұтыну, сұраныс пен ұсыныс және т.б. арасындағы сәйкестілік.
Макроэкономикалық тепе-теңдікке талдау жасағанда келесі талаптарды сақтау қажет:
1) қоғамдық мақсаттар мен шынайы экономикалық мүмкіндіктердің сәйкестігі;
2) қоғамның барлық экономикалық қорларын (еңбек, жер, капитал) толық қолдану;
3) өндірістің жалпы құрылымы тұтыну құрылымына сәйкестелінген;
4) нарықта еркін бәсекелестіктің болуы, барлық сатып алушылардың теңдігі, экономикалық жағдайдың өзгермеуі, экономикалық жүйенің тұйықтығы;
5) макроэкономикалық деңгейдегі барлық нарықтың тепе-теңдігі.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы
Классикалық мектеп макроэкономикалық тепе-теңдіктің үлгісін қысқа мерзімде және бәсекелестік жағдайында қарастырды. Негізгі тұжырымдама тауарлардың ұсынысы өзіндік сұранысты құрайды; өндірілген өнім көлемі бірден барлық тауарларды таратуға жеткілікті табысты алуды қамтамасыз етеді деп айтылған. Осыдан келіп ұсыныс пен сұраныс саны жағынан сәйкес келеді (15.1-сурет)

AS - жиынтық ұсыныс;
AD - бастапқы кезеңдегі жиынтық сұраныс;
А1D1 - жоғары деңгейдегі жиынтық сұраныс;
Q - ресурстардың толық қамтылуына сәйкес ЖҰӨ көлемі;
Р1 - бастапқы жиынтық сұраныс барысындағы бағалар деңгейі;
Р2 - жоғары сұраныс барысындағы бағалар деңгейі.

15.1-сурет. - Макроэкономикалық тепе-теңдік (классикалық мектеп үлгісі)

Бұл тұжырымдама А. Смиттің нарық бостандығы, шектелмеген еркін бәсекелестік туралы іліміне негізделген.
Қазіргі уақытта классикалық мектептің ізашарлары нарық экономикасы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың мемлекеттік реттеуіне мұқтаж емес деп пайымдайды. Нарық экономикасы - өзін-өзі реттейтін нарық жүйесі, онда ресурстардың толық қамтылуы барысында табыстар мен шығындардың теңдігі автоматты түрде қамтамасыз етіледі. Өзін-өзі реттеу құралдары ретінде баға, жалақы мен пайыздық мөлшерлеме болып қатысады, олардың құбылуы сұраныс пен ұсыныстың теңдестіруін ұйғарады. Мемлекеттің кірісуі тек қана зиян әкеледі.
Жартылай, жалпы және шынайы тепе-теңдік

Экономикалық әдебиетте жартылай, жалпы және шынайы тепе-теңдікті айырады. Жартылай - ол тауарлардың жеке нарықтарында орнатылатын тепе-теңдік. Еркін бәсекелестік заңының негізінде барлық нарық үдерістерімен құрылған біріңғай өзара байланысты жүйе ретіндегі тепе-теңдік - ол жалпы тепе-теңдік. Шынайы макроэкономикалық тепе-теңдік - ол шалағай бәсеке және нарыққа сыртқы факторлардың әсер ету барысындағы нарықта орнаған тепе-теңдік. Жеке (жергілікті) нарықтарда оқшауланған экономикалық субъектілердің - өндірушілер мен тұтынушылардың мінез-құлқын талдай отырып мынадай қорытынды жасауға болады: фирманың пайданы барынша көбейтуге, ал тұтынушының пайдалылықты барынша көбейтуге ұмтылуы жеке алынған нарықтарда тепе-теңдіктің орнауына әкеледі. Экономикалық қатынастар субъектілерінің мінез-құлқы тепе-теңдікке жету ынтасымен сипатталғандағы осындай тәсілдеме кезінде тепе-теңдікке жету туралы айтуға болады.
Мұнда әр бағыттағы күштердің бір ахуалға бірдей ықпал жасау мүмкіндігі бар, мысалы, мінсіз бәсекелес жағдайларында сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Бұл тепе-теңдік шалағай бәсеке жағдайларында бұзылуы мүмкін, егер монополиялық билікке ие экономикалық субъектілердің мүдделері экономикалық үдерістің басқа қатысушыларының мүдделерінен басым болып, асып түссе. Осындай ахуалдардың талдауы жартылай тепе-теңдіктің талдауы деп аталады. Жартылай тепе-теңдік талдауының негіздері А. Маршаллдың еңбектерінде қаланған. Жартылай ішкі үйлесімдерге экономикалық жүйенің жеке атқарымдық және ұйымдастыру құрамдас бөліктерінің шеңберіндегі элементтердің сәйкестігі жатады. Тауарлар мен қызметтердің жеке нарықтарында және өндіріс факторларының нарықтарында сұраныс пен ұсынысты талдағанда біз жартылай ішкі үйлесімдерді қарастырамыз. Жартылай тепе-теңдік талдауы қажет, бірақ жеткіліксіз, егер тұтастай шаруашылық жүйені алсақ.
Өзара байланысты экономикалық үдерістер араларында ішкі үйлесімдік пен теңгерімділік орнағанда ғана макроэкономикалық тепе-теңдікке жетуге болады. Сәйкестік экономикалық жүйелердің келесі параметрлері араларында болуға тиісті:
oo өндіріс пен тұтыну арасында;
oo жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс арасында;
oo тауар мөлшерінің жиыны мен оның ақша баламасы арасында;
oo жинақ ақшалар мен инвестициялар арасында;
oo еңбек, капитал, тұтыну игіліктері нарықтары арасында.
Экономикалық жүйенің атап айтылған өзара байланысты параметрлері араларындағы сәйкестікке жету экономикада жалпы үйлесімдер орнауын білдіреді. Бұндай тәсілдеме барысында тепе-теңдіктің жоқ болуы экономиканың кейбір аяларының теңдестірілмегендігін білдіреді. Жалпы үйлесімдердің бұзылуы инфляция, жұмыссыздық, өндірістің құлдырауы, ұлттық өнім көлемінің азаюы мен халықтың шынайы табыстарының төмендеуі сияқты құбылыстардан білінеді.
Макроэкономика деңгейінде заңды түрде келесі сауалдар пайда болады: Барлық нарықтарда жартылай тепе-теңдікке жету барлық шаруашылық жүйенің жалпы тепе-теңдікке жетуіне кепіл бере ме? Осындай макроэкономикалық тепе-теңдік жалғыз мүмкін бола ма? Тұрақты бола ма?
Барлық шаруашылық жүйенің ауқымындағы тепе-теңдіксіз еңбектің қоғамдық бөліну үдерісінен, мамандырудан туындайтын оның жеке аяларының оқшауланушылығынан да, даму серпінінен де болуы мүмкін. Бұл жағдайда экономикадағы ахуал көптеген әр түрлі факторлардың (техникалық үдерістің, өндіріс жағдайларының, сұраныстың және т.б.) ықпалымен үнемі өзгеріп отырады. Оңтайлы үйлесімдер жөнінде басқа түсініктер пайда болады. Осыдан көрініп тұрғандай, макроэкономикалық тепе-теңдік, тіпті қазіргі осы уақытта бар болса да, тұрақты болуы екі талай. Оның тұрақты бұзылуы сөзсіз.
Бірақ, осылай болса, осы тамаша сәтті тоқтатудың мәні бар ма? Бір абстрактілі, қиын, қолға түспейтін мұратқа ұқсайтын ахуалды зерттеудің мәні бар ма? деген сауал туындайды. Жауабы айқын да, маңызды да. Бұндай талдау, оның негізінде мүлтіксіз және шынайы макроэкономикалық тепе-теңдікті құру сияқты өте маңызды тепе-теңдіктің бұзылу себептерін талдау үшін бастапқы параметрлерді береді. Тепе-теңдіктің бұзылуы - бір үлгідегі экономикалық ахуал, тепе-теңдік жағдайының үнемі ауытқуы. Серпінді экономикалық үдерістерді талдау (тепе-теңдік - тепе-теңдіксіз) тек жалпы экономикалық тепе-теңдік (ЖЭТ) деп аталатын жағдайдың параметрлері жөніндегі ұғымдар негізінде ғана мүмкін.
Сондықтан, жартылай және жалпы тепе-теңдік мәселелері, сонымен бірге, жалпы тепе-теңдікті қамтамасыз етудің тәсілдері мен құралдарын таңдау көбінесе философиялық базаны анықтайтын экономикалық теорияның ең басты мәселелері қатарына жатады.
Вальрас үлгісі мен Патинкин үлгісі
ХІХ ғасырдың ең ірі экономисі-математигі, лозанна мектебінің негізін қалаушы Л. Вальрас ең жоғары деңгейдегі пайдалылық қағидаты негізінде макроэкономикалық тепе-теңдіктің ең алғашқы неоклассикалық үлгісін жасады. Өзінің Таза саяси экономияның элементтері (1874) деп аталатын еңбегінде ол еркін (кәміл) бәсеке нарығының көзге көрінбейтін қолы жөніндегі А.Смиттің теориясының нысандарын қатаң математикалық тілге аударды. Бұндай нарық барысында тауардың жеке тұтынушысы (сатып алушысы) немесе жеке тауар өндіруші (сатушы) нарық бағаларына тікелей ықпал жасай алмайды. Л. Вальрас, басқа неоклассиктер сияқты сынамай, француз экономисі Ж.Б. Сэйдің кейбір ережелерін пайдаланды. Сэйдің пікірінше, толық жұмыспен қамтылу барысында өндірілген тауарларды сатып алу үшін табыс деңгейі әрқашан жеткілікті. Бұл ереже Сэй заңында негізделген, ол бойынша өндіріс үдерісінде өндірілген тауарлардың құнына тең табыс алынады, яғни тауарлардың ұсынысы өз сұранысын табады. Бірақ Сэй заңында кемшіліктер бар, себебі, барлық табыс толық жұмсалады дегенге кепіл жоқ. Табыстың жартысы сақталуы мүмкін, бұл сұраныс пен тұтынуда жайсыз болып көрінеді. Бұның барысында тауарлардың жартысы сатылмайды, өндіріс қысқарып, жұмыссыздық өседі де, табыстар төмендейді. Осылайша, макроэкономикалық тепе-теңдікке жеткен мәселе, жинақ ақшаларға тәуелді болады. Неоклассиктердің пікірінше, жинақ ақшалар мен инвестициялардың теңдігі ақша нарығының белсенділігін арттырады. Егер ұқыптылық үшін жоғары пайыз төлесе, тұтынушылар жинақ ақшалар жасайды. Бұл пайызды үнемделген ақшаны өндірістің дамуына пайдаланған кәсіпкер-инвесторлар төлейді.
Неоклассиктердің пікірінше, ақша нарығында ақшаға тепе-тең бағаны ұйғаратын тепе-тең пайыз белгіленеді. Бұл ретте сақталған ақшаның саны инвестицияланған ақшаның санына тең болады. Егер жинақ ақшалар инвестициялардан асып түссе, пайыз деңгейі төмендеп, жаңа тепе-теңдік орын алады. Осыдан шығатын қорытынды: пайыз деңгейінің өзгеруі Сэй заңын және маңызды жинақтарды бұзбайды. Егер жалпы шығындар азайса, нарық экономикасы, неоклассиктердің пікірінше, өндірістің қажет мөлшері мен толық жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ете алады. Егер жинақтар инвестициялардан асып түссе, өнімге жалпы шығындардың азаюы оған деген бағаның төмендеуіне әкеледі. Өнімге сұраныстың төмендеу барысында бәсекелестер оған деген бағаны төмендетеді, бұл жинақтары жоқ тұлғаларға тауарларды көбірек сатып алуға мүмкіндік береді. Сондықтан жинақтар өндірістің және жұмыспен қамтылудың азаюына емес, бағалардың төмендеуіне әкеледі.
Сонымен бірге, олардың пікірінше, тауарға сұраныстың төмендеуі ресурстарға, жұмыс күшіне сұраныстың азаюына әкеледі. Нарық тетігі, пайыздың икемді мөлшерлемелері, бағалар мен жалақының икемділігі арқылы шығындар мен табыстарды сәйкестендіріп, Сэйдің заңы бойынша, өндірістің қажетті көлемін ұстап тұрады.
Экономикалық тепе-теңдік теориясының дамуындағы Л.Вальрастың еңбегі: ол ең алдымен экономиканы талдау қажеттілігін макроэкономикалық біртұтас ретінде негіздеп, әр түрлі тауарлардың нарықтар жүйесін байланыстырды. Вальрастың жалпы тепе-теңдік үлгісінің негізіндегі ереже: келісімшарттар шартты сипатқа ие, егер сұраныс ұсыныстан асып кетсе, немесе ұсыныс сұраныстан асып кетсе, оларды белгіленген кезең ішінде қайта қарауға болады. Соңғысы мәмілелер қатысушыларының өзгермейтін бюджетінде салыстырмалы бағалардың өсуін ынталандырады, оның барысында бір тауардың бағасы екінші тауардың заттай бірліктерінде білінеді, ал ұсыныстың сұраныстан асып кетуі бағалардың төмендеуін ынталандырады.
Салыстырмалы бағалар, сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі келесіге себеп болады: сұраныстың өзгеруімен тауарлардың салыстырмалы бағалары өзгереді. Сатып алушылар өз сұранысын төмен ұсыныс барысында қанағаттандыру үшін тауарларды жоғарылау бағамен алады, өндірушілер табыстарын жоғалтпау үшін, егер сұраныс ұсыныстан асып кетсе, өз тауарларын төмен бағамен сатпайды. Егер сатып алушылар тауарды сатып алудан пайдалылықты барынша көбейтуге, ал сатушылар - шығындарын барынша азайтуға және табыстарын барынша көбейтуге ұмтылса, нарықтарда осындай серпін байқалады. Осыған қарап, Л. Вальрас заңына анықтама беруге болады: артық сұраныс пен артық ұсыныс сомасы барлық қаралған нарықтарда бірдей.
Ұсыныс сұранысын талдауға негізделген Л. Вальрастың жалпы тепе-теңдік үлгісіне теңдеулердің тұтас жүйесі кіреді. Олардың арасында жетекші бөлігі екі нарықтардың (өндіру қызметтері мен тұтыну өнімдері нарықтарының) тепе-теңдігін сипаттайтын теңдеулер жүйесінде. Өндірістік қызметтер нарығында сатушы рөлінде өндіріс факторларының (жердің, еңбектің, капиталдың - ақша капиталының) иелері болады.
Сатып алушылар - тұтыну тауарларын өндіретін кәсіпкерлер. Тұтыну нарығында өндіріс факторларының иелері мен кәсіпкерлер орындарымен ауысады. Осы бағалар сұраныс пен ұсыныстың жиынтық маңыздарымен келісілген. Дәл осы бағалар экономикалық жүйенің әр мүшесіне пайдалылықтың ең жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Демек, Л. Вальрастың жалпы тепе-теңдік үлгісіне сәйкес тауарлардың сату және сатып алу келісім шарттарын жасау үдерісінде нарықтарда салыстырмалы бағалар белгіленеді, бұл жағдайда артық сұраныс пен артық ұсыныс болмай, барлық тауарлар сатылады және сатып алынады. Л. Вальрастың теңдеулер жүйесі ақыр соңында мынадай түрде көрінеді:

ұсыныс сұраныс
мұнда:
Р - өндірілген игіліктердің бағалары;
Х - өндірілген игіліктердің саны;
V - сатылған өндіру қызметтерінің бағалары;
Y - өндіру қызметтерінің берілген және тұтынылған көлемдері.
Л. Вальрастың жалпы тепе-теңдік үлгісі экономика ғылымының дамуына үлкен әсер етті, оқулықтарға кіреді, эконометрика негіздерінің, жекелей алғанда В. Леонтьевтің шығындар - шығарылым үлгілері негіздерінің бірі болып саналды. Бірақ ол көп жағдайда қазіргі қоғамның нақты жай-күйінен алшақ: өндірістік аппараттың толық жүктелуі кезінде нөлдік жұмыссыздық (мүмкіндіктеріне) өндірістегі циклдік ауытқулардың болмауына рұқсат етіледі, техникалық ілгерілеу, капиталды бөлу ескерілмейді. Л. Вальрас және оның ізашарлары сұраныс пен ұсыныс бағаға, ал соңғы - бағаларға тәуелді болған кездегі, тұйық шеңбер бойынша қозғала отырып, бағаның табиғатын түсіндіре алмады.
Баға мен ақша қозғалысының практикасына қарама-қарсылық
Л. Вальрас үлгісіне тән болып саналады. Мәселен, Л. Вальрасша, тауарлар ұсынысы мен сұранысында ешқандай өзгеріс болмайды, егер тепе-теңдік бар болған кезде барлық нарықтарда салыстырмалы бағалар бұрынғыдай болып қалады, ал тауарларға абсолютті бағалар өсетін болады. Бұл ретте ол абсолюттік бағалардың өсуі ақшаға сұраныстың өсуіне әкелетінін көрсетпейді.
Американ ғалымы Д. Патинкин Ақша, пайыз және бағалар (1965) деген кітабында аталған қарама-қайшылықты шешті. Ол Л.Вальрас үлгісіне, сатушылар мен сатып алушылардың қолында қалатын, ақша сомасының нақты құнын білдіретін ақша нарығы және нақты қаржы қалдықтары сияқты қосымша компоненттерді енгізді.
Д. Патинкин жалпы тепе-теңдіктің макроэкономикалық үлгісін құрды, оған тауарлар нарықтарымен бірге нақты кассалық қалдықтары бар ақша нарығы кірді. Ақша қалдықтарының нақты құны тауарлық қана емес, сонымен бірге ақша сұранысына да ықпал жасайды. Сатып алушылар мен сатушылардың қолында қалған ақша саны атаулы түрінде өзгермеді дейік. Бірақ бағалардың жалпы өсуі келесіге әкелді: олардың сатып алу қабілеті төмендеп, сондықтан барлық нарықтарда тауарларға сұраныс азайды. Сол себептен тепе-теңдік бұзылады, тауарлардың артық ұсынысы орын алып, ол ақшаға деген артық сұранысқа әкеледі. Соңғысы нарықта ақша ұсынысы сұраныстан аз деген сөз емес.
Тауарлардың берілген санын сатып алу үшін жетпейтін ақша тапшылығы жағдайларында абсолюттік бағалар өзгермейтін салыстырмалы бағалар барысында төмендейді. Абсолюттік бағалардың төмендеуі нәтижесінде кассалық қалдықтардың шынайы маңызы пайда болады. Жалпы тепе-теңдік қалпына келеді, бұл жүйенің өзін-өзі реттеу қабілеттілігінің, нені,01 қалай, қайда және, қашан өндіру деген түбегейлі мәселені шешу мүмкіндіктерінің айғағы. Кәміл бәсекелестік жағдайларында өзін-өзі реттеу негізінде экономиканың жалпы тепе-теңдігі тиімді жүзеге асырылатынын назарда ұстау қажет. Жалпы тепе-теңдік үшін тамаша жағдайлар монополизмнен бос экономикада, сұраныс пен ұсыныстың өзгерістеріне бағалардың икемді кері әсері, салааралық бірігу (шоғырландыру) нәтижесінде капиталдар мен жұмыс күшінің қайта құйылуы барысында орын алады. Әрине, бұл кезде экономиканың тепе-теңдігін бұзатын оқиғалар болмау керек (экономикалық саясаттағы және экономиканы мемлекеттік реттеудегі қателер, әлеуметтік сілкіністер сияқты).
Ұлттық экономика ауқымындағы тұтыну мен жинақтарды кейнсиандық талдау. Тұтынуға бейімділік, қорлануға бейімділік
Классикалық теория кейін жалақы мен рента сияқты өзінің тепе-тең нүктесі бар пайыздық мөлшерлеменің икемділігі жөніндегі пайымдаулармен жетілдірілді. Өндірістің әр факторы нарықта өзінің тепе-тең нүктесіне ие болғандықтан, нарық тұтастай алғанда экономикада да тепе-теңдікті қамтамасыз ете алады, демек, бір себептерден дүркін-дүркін пайда болатын тепе-теңсіздік жағдайын түзетуге әрдайым қабілетті. Дәл осымен капиталистік идеология экономикаға мемлекеттік араласудың керексіздігін негіздеген.
Дж. М. Кейнс нарық экономикасының кезеңдік ауытқуларына басқаша, диалектика тұрғысынан қарады. Тепе-тең нүктеден уақытша ауытқуларға сияқты емес, нарық жүйесінің даму жағдайына, осы жүйенің ажыратылмайтыны сияқты. Сол кезге дейін-ақ экономикалық кезеңдердің талдауын К. Маркс берген болатын. Дж. Кейнс классикалық теория үшін жұбанышы аздау қорытындыларға келді:
1. Капитализмде толық жұмыспен қамтылуға кепілдік беретін ешқандай тетік жоқ.
2. Экономика тепе-теңдік нүктесіне жетіп, оны ұстап тұруы мүмкін, жұмыссыздықтың маңызды деңгейінде де, оған сәйкес инфляция жағдайында да.
3. Капиталистік экономика шексіз өркендеуге қабілетті өзін-өзі реттейтін жүйе болып табылмайды.
4. Экономиканың кезеңдік ауытқуларын тек қана сыртқы факторлармен (құрғақшылық, суық көктемнің салдары, дүлей апаттар, соғыс) байланыстыруға болмайды. Олардың себептерін экономиканың өзінен іздеу керек - жұмыссыздықтан, инфляциядан, жинақтар мен инвестициялардың ара қатысынан.
5. Экономикадағы кез келген келеңсіз оқиғалар ең алдымен бағаларға және жалақыға, олардың төмендеу жағына ықпал жасайды, бұл тікелей тұрақсыздықты шақырады.
6. Оларға сәйкес нарықтар бар болса да, несиелік пайыз, пайда, жалақы автоматты реттелмейді.
Осыдан заңға сәйкес қорытынды жасауға болады: капиталистік экономиканы реттеу қажет, дәлірек айтсақ - нарық жүйесіне макро-деңгейде тепе-теңдікті ұстап тұруға көмектесу керек, оны тек қана мемлекет атқара алады. Ал мемлекет оны қалай істеу керек, қандай тұтқаларды басу керек екендігін Дж. М. Кейнс Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы деп аталатын өзінің басты еңбегінде көрсеткен.(1936). Кейнсиандық экономикалық талдаудың бастапқы тұрғылары қандай?
Өткен тәжірибені тыңғылықты зерделеу және адам табиғатының білімі негізіндегі негізгі психологиялық заң: адамдар табыстарының өсуімен бірге өз тұтынуларын көбейтеді, бірақ табыстың өсу шамасында емес. Егер бұған сенсек, қалғанын түсіну қиынға тимейді.
1. Жинақ (қорлану) субъектілері мен инвесторлар - адамдардың әр түрлі топтары. Әдетте барлық адамдар жинақтайды, ал инвесторлар корпорациялармен, мемлекеттік ұйымдармен, фирмалармен, жеке субъектілермен көрсетілген. Демек, жинақтардың бәрі инвестицияларға айналмайды.
2. Жинақтаушылар мен инвесторлардың уәждемелері әр түрлі. Біріншілер сатып алуларды жасағысы келеді, сонымен бірге ертеңгі күніне, кәрілікке, жұмыссыздық жағдайына, сақтандыруға ақша қорының бар болғанын жақсы көреді. Екіншілермен өндірісті қайта жаңарту, бір істі бастап немесе кеңейту, жаңа технологияларға көшу, жаңа нарыққа өктемдік жүргізу қажеттілігі жетекшілік етеді.
Сонымен, жинақтар мен инвестициялар бір-біріне сәйкес келмейді, сондықтан өндірістің жалпы көлемінің, табыстың, жұмыспен қамтудың және бағалар деңгейінің ауытқулары орын алады. Дж. М. Кейнс адамдардың тұтынуға және жинақтауға бейімділігін макроталдау негізі етіп алады. Олардың орташа және шекті шамаларын айырады.
Тұтынуға орташа бейімділік (АРС) халық табысының тұтынатын бөлігінің табысқа қатынасы ретінде анықталады:

Жинақтауға орташа бейімділік (АРS) халық табысының жинақталатын бөлігінің табысқа қатынасы ретінде анықталады.

АРС + APS = 1 екеніне сену қиын емес.
Тұтынуға шекті бейімділік тұтыну өсімінің табыс өсіміне қатынасы ретінде саналады:

Ол тұтыну өсімінің табыстар өсіміне тәуелділігін сипаттайды. Жинақтауға шекті бейімділік (МРS), сәйкес, жинақтау өсімі шамасының табыстар өсіміне тәуелділігін сипаттайды:

МРС + MPS = 1, себебі табыс өсімінің сомасы тұтынылады немесе сақталады.

15.1- кесте. Кейсиандық негізгі психологиялық заңының көрінісі

Дж.М. Кейнстің пікірінше, тепе-теңдік адамдардың жинақтауға бейімділігі үшін бұзылады. Сақтай отырып, адамдар ақшаны өндіріске қайтармайды, демек, тауарлар жинақтар сомасына өткізілмей қалады. (2- кесте). Бұл ахуалды 4-суретте қарастырып көреміз.
Ординат осьтеріне адамдардың тұтыну шығындарын салайық. Тұтынуға жұмсалған біреулердің шығындары сол алған уақытта басқалардың табыстары болып келеді, өз пайымдауын Дж. М. Кейнс осыған негіздейді. Абсцисс осінде таза табыс - салықтарды төлегеннен кейінгі табыс қойылады. Жоғарыда айтылғандай, биссектриса өзінің кез келген нүктесінде табыстар мен шығындардың бірдей болуын сипаттайды, осылай ұлттық шаруашылық деңгейдегі тепе-теңдікті де. Бірақ шынайы болмыста тұтынуға жұмсайтын адамдардың шығындары аздау болып келеді (жинақтауға бейімділік), демек, тұтыну қисық сызығы алдын ала оны B нүктесінде кесіп өтіп, одан ауытқи бастайды. Кестеде қызық заңдылықтар көрсетілген. Тұтынудың қисық сызығы биссектрисадан жоғары олардың B нүктесінде қиылысқанға дейін, ол тұтынудың аздығын, экономиканың төмен өндірістік мүмкіндіктерін айғақтайды. Адамдар қарызға өмір сүреді, олардың шығындары сызықталған ауданның шамасындағы шығындардан көптеу. Бұл жағдайда өндірісті кеңейтуге ынталандырма пайда болады. Тұтынудың қисық сызығы біртіндеп көтеріледі. B нүктесінде тұтыну табыстармен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық тепе - теңдіктің қалыптасуы
Тауар және игіліктер нарығындағы тепе - теңдік
Макроэкономикалық үлгілердегі сыртқы және ішкі өзгермелілер мен тәуекелдіктер қорының теориялық негіздері
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс теориясы
Макроэкономикадағы тепе-теңдік
Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері
Жиынтық сұраныс қисығы
Макроэкономикалық тепе-теңдік экономикалық дамудың циклдылығы
Классикалық мектеп теориясы. Сэй заңы классикалық дихотомия
Тауар нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Кейнс үлгісіндегі табыстар және шығындар теориясы
Пәндер