МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘНІ, МАҚСАТТАРЫ, ҚҰРАЛДАРЫ


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: МӘНІ, МАҚСАТТАРЫ, ҚҰРАЛДАРЫ

Кез келген қазіргі заманғы экономикалық жүйенің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуде мемлекет маңызды рөл атқарады. Мемлекет өзінің өмір сүрген бүкіл тарихының барысында тәртіпті, заңдылықтарды ұстап тұру, ұлттық қорғанысты ұйымдастыру сияқты белгілі бір міндеттерді орындады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ұзақ тарихы бар - тіпті Еуропада ерте капитализм кезеңінде бағалаудың, тауарлар мен қызмет көрсету сапасының, пайыздық мөлшерлемелердің және сыртқы сауданың үстінен бірорталықтан бақылау жүзеге асырылды.

Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі себептерінің ішінен мыналар аталады:

  1. Ғылыми-техникалық ілгерілеуөндірістің, қор жинаудың ауқымдарын күрт ұлғайтты және халықаралық экономикалық байланыстарды нығайтты. ҒТІ-нің санқырлы екендігі соншалықты, жекелеген, тіпті аса ірі деген кәсіпорындардың өзі «басқара айлмайтын» күрделі қаржы жұмсауды қажет етеді.
  2. ҒТІ жағдайларында өндірісті шоғырландыру, өзінің мән-маңызы бойынша бәсекелік экономиканы теріске шығаратын, монополиялардың, алпауыт кәсіпорындардың құрылуына әкелді. Олар экономиканы оның икемділігінен, бейімделмелігінен айырады және қоғам байлығын ұрлайды, талан-таражға салады. Мемлекет еріксізден трестіге қарсы заңдармен және монополияларға қарсы реттеумен айналысады.
  3. Нарықтық экономиканың цикльдік дамуымерзімді әлеуметтік және экономикалық толқуларға әкеледі. Мемлекет қана өзінің - саяси, экономикалық, заңнамалық тетіктері арқылы - тепе-теңдікті тұрақтындырып, тепе-теңдікті қалпына келтіруге оң ықпал ете алады.
  4. Қазіргі заманғы ҒТІ жағдайларында өндіріс ауқымдары ғана өсіп қойған жоқ, сонымен бірге, оның сыртқы әсерлері -өзінің сипаты бойынша келеңсіз: қоршаған ортаның ластануы, әртүрлі (атом, жер асты, ыстық және т. б. ) өндірістегі адамдар денсаулығы үшін ауыр зардап қауіпі пайда болды. Мемлекет және тағы да мемлекет қана елдің экологиялық денсаулығын қорғай алады.

Мұнан өзге, экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігіне мыналар себепші болады:

  • Шаруашылық жүргізудің аумақтық кеңістігінің айқындалуын және тұтастығын қамтамасыз ету;
  • Табиғи монополиялардың болуы;
  • Анықталған ресурстардың шектеулілігі;
  • Дамыған инфрақұрылымдарды құру және ұстап тұру;
  • Ақпараттардың дұрыстығын қамтамасыз ету;
  • Субъектілердің экономикалық мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету;
  • Институционалдық орта рөлінің өсуі.

Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекеттің шаруашылық жүргізу субъектілеріне және нарық конъюнктурасына, нарық тетігінің жұмыс істеуі, қоғамдық ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, әлеуметтік және экологиялық проблемаларды шешу үшін қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ықпал етуі болып саналады.

Экономиканы реттеу саясатындағы мемлекеттің көздейтін мақсаттары әртүрлі. Бұл, ең алдымен, макроэкономикалық тепе-теңдікті ұстап тұру және қоғамдық ұдайы өндірісті қамтамасыз ету. Бұл - жаһандық мақсаттар. Ол мақсаттар мемлекет алдында әрқашанда тұрады. Мұнан өзге, мақсаттар, әрбір нақты уақыт аралығында экономикалық дамудың сипатына қатысты өзгеріп отыруы мүмкін. Осыны ескере отырып, мыналар мемлекеттің экономикалық саясатының мақсаттары болуы мүмкін:

  1. тепе-тең қоғамдық өндірісті ұстап тұру;
  2. өндірістің өсуін ынталандыру;
  3. толық жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
  4. қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру;
  5. табысты әділ бөлу;
  6. бағалардың тұрақтылығы, демек, инфляцияға жол бермеу;
  7. табиғи және қоршаған ортаны сақтау және т. б.

Мемлекет өзінің алдына кез келген мақсат қоюы мүмкін. Бірақ, оған жету үшін, мемлекеттің мақсаттарға жетудің кепілі болып саналауы тиіс қаражаттары, материалдық және материалдық емес ресурстары болуы қажет, яғни мемлекеттің мүмкіндігі болуы қажет. Осындай құралдар болып мыналар саналады: мемлекеттік бюджет, мемлекеттік меншік, заңнама, ақпарат, сыртқы сауда, күш құрылымдары және т. б.

Мемлекет, реттеудің белгілі бір әдістерін әзірлейді және ол мемлекеттің мынадай атқаратын қызметтерінде нақтыланады:

  • құқықтық базаны қамтамасыз ету және оны жетілдіру;
  • бәсекелестікті қорғау және оны ынталандыру;
  • нарықтың бүкіл субъектілері үшін «ойын ережелерін» әзірлеу және бүкілінің оларды сақтауы;
  • табыстарды бөлумен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету;
  • экономикада тұрақтылықты қамтамасыз ету;
  • жұмыспен қамтуды, инфляцияны, нарық конъюнктураларының ауытқуларын реттеу;
  • ұлттық экономиканың құрылымдарын жетілдіру және т. б.

Осылардың барлығы тұтастай алғанда мемлекеттің: түзету жасаушы, тұрақтандырушы бөлу (бөлуді және қайта бөлуді реттеу) сияқты үш қорытындылайтын қызметтерінің шеңберлеріне кіреді.

Экономикалық саясат мақсаттарын жүзеге асыру, оның жиынтығы мемлекеттік реттеу тетігін құрайтын белгілі бір құралдарды пайдалануды ұйғарады.

Реттеу үшін үкімет пайдаланатын екі жетекші құрал, аталған тетіктің жетекші элементтері болып саналады:

  • мемлекеттік қаржыны (қазыналық (бюджет-салық) саясат) пайдалануға екпін жасай отырып ықпал ету,
  • несие-ақша аспектілерін (монетарлық, ақша-несие саясаты) пайдалануға екпін жасай отырып ықпал ету.

Көзқарастардың өзарабайланысы мен екі нақты әдістердің сипатты ерекшеліктерін мынадай түрде беруге болады (1-сурет) :

Қаржылық (қазыналық) саясат
Монетарлық (ақша-несие) саясат
: Экономикалық үдерістерге ықпал ету тұрпаты
Қаржылық (қазыналық) саясат: экономикаға басым түрде тікелей ықпал ету әдісі
Монетарлық (ақша-несие) саясат: Экономикадағы басым түрде жанама әсер ету әдісі
: Ықпал ету объектісі
Қаржылық (қазыналық) саясат: Бірінші кезекте - жиынтық сұраныс (реттеудің кейнсиандық нұсқасы)
Монетарлық (ақша-несие) саясат: Бірінші кезекте - жиынтық ұсыныс (реттеудің неоклассикалық, неолиберальдық нұсқасы)
: Аталған құралдың күшті тұсы
Қаржылық (қазыналық) саясат: Алынатын нәтиженің жоғары дәрежесі
Монетарлық (ақша-несие) саясат: Нарықтық жағдайларға қатынасы бойынша бейімделушілік
: Аталған құралдың әлсіз тұсы
Қаржылық (қазыналық) саясат:
  • нарықтық үдерістерге«кедергілердің»жоғары дәрежесі
  • аталған әдістерді (парламенттік тыңдау, лоббизм) «іске қосу»
Монетарлық (ақша-несие) саясат: Нәтижеге жетудегі салыстырмалы баяулық (үдерістің көпсатылығынан уақыт лағының болуы)

1-сурет. - Экономикалық саясатты жүзеге асыру тетігі

  • Салық саясаты.

Оның басты құралдары - салықтар. Салық мөлшерлемелерімен және салық жеңілдіктерімен епті іс-қимыл жасай отырып, мемлекет кәсіпкерлік қызметке түбегейлі ықпал ете алады.

Қазақстан Республикасындағы салық саясатының бағыты:

  • Салық заңнамасын жетілдіру;
  • Салық төлеушілердің салық мәдениетінің деңгейін көтеру;
  • Салықтық әкімшілік ету тетігін жетілдіру;
  • Салық төлеушілердің әртүрлі санаттарына салық ауыртпалығының мөлшерін саралау;
  • Республиканың қазыналық қызметін үйлестіру.

Макроэкономикалық жағдайды реттеудің тағы бір тұтқасы - бюджет саясаты болып саналады.

  • Бюджет саясаты - салық саясатымен үйлестікте жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін, тұрақты экономиканы, ІЖӨ өсімін ұстап тұруға бағытталған, шығыстар саласындағы мемлекет саясаты.

Бюджет саясатының құралдары:

  • Инвестициялар. Салықтар жинау нәтижесінде мемлекет ірі көлемде ақша қаражатына иелік етеді және бұл оған, сол арқылы жеке инвесторлардың тәртібіне ықпал ете отырып, дербес инвестициялық саясат жүргізуге мүмкіндік береді.
  • Мемлекеттік тапсырыстар, мемлекеттік тапсырыстарды алушы фирмаларға және олардың серіктестіктеріне өнімдерді тұрақты өткізуін қамтамасыз ете отырып, кепілдендірілген нарық құрады.
  • Демеуқаржылар. Бұл салалық дағдарыстарды ескеру үшін мемлекеттік бюджеттен бөлінетін ақша сомалары. Мемлекет демеуқаржылар есебінен жекелеген тауарларға салыстырмалы төмен бағаларды ұстап тұрады.
  • Көмекқаржылар. Бұл, мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджеттер қаражаттарынан немесе арнайы қорлардан жеке және заңды тұлғаларға, жергілікті органдарға, өзге мемлекеттерге берілетін ақшалай немесе заттай түрдегі жәрдемақы. Тікелей берілетін қаражаттар түріндегі атаулы көмекқаржылар, тікелей деп аталады, ал салық және өзге де жеңілдіктер белгілеу жанама көмекқаржылар деп аталады.

Неғұрлым егжей-тегжейлі қарастыру кезінде, бюджеттік реттеудің кейбір бағытын бөліп көрсетуге болады:

  1. Жеке бизнеске берілетін көмекқаржылар, демеуқаржылар мен несиелер кәсіпкерлік белсенділікті нарықтық экономиканың әлеуметтік маңызды аяларына бағыттауға, сондай-ақ дағдарыс жағдайына түскен жеке кәсіпорындарға қолдау көрсетуге («сауықтыруға» берілетін қаражат) мүмкіндік береді;
  2. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру аяларын қаржыландыру;
  3. Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға стратегиялық инвестициялар, НИОКР-ға, қорғанысқа, экспортты қолдануға, қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар;
  4. Қосымша сұраныс өсімін ынталандыратын, мемлекеттік тұтыну (тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу) .

Аталған бағыттардың әрбірі бойынша шығындар өлшемдері, экономиканың тиісті аяларындағы нарықтық субъектілер қызметіне айтарлықтай ықпал ететіні түсінікті.

Ақша-несие саясаты.

Ақша-несие саясаты монетаризм қағидаттарына негізделеді және қазыналық саясат алдында бірқатар артықшылықтары бар. Ол жылдам жүзеге асырылады және икемді, сондықтан саяси лоббизмнен елеулі дәрежеде оқшауланған.

Орталық банктің ақша-несие саясатының қуатты құралы болып мыналар саналады:

  • Есептік мөлшерлемелер. Бағалы қағаздар номиналы мен оларды мерзімінен бұрын төлеу мөлшері арасындағы айырма «есептік мөлшерлеме» деп аталады. Оны тағайындай отырып, Орталық банк коммерциялық банктердің белсенділігін, сол арқылы кәсіпкерлік белсенділікті реттейді.
  • Бағаларды реттеу. Мемлекет монополист-кәсіпорындардың өніміне, сондай-ақ аталған ел үшін базалық өндірістік ресурстарға шекті бағалар белгілеуге құқылы. Жаппай сұраныспен пайдаланылатын әлеуметтік маңызды тауарларға бөлшек бағалардың шекті деңгейлері немесе оған үстеме бағалар белгіленеді.
  • Ашық нарықтағы операциялар.

Мемлекеттік реттеу жүйесінде: экономикалық және әкімшілік және институционалдық үш формаларға бөлу қабылданған.

Экономикалық құралдарға, ықпал етушілік сипатқа ие, мемлекет іс-қимылы жатады. Сөз, ықпал ету әдістері туралы, мысалы, нарықтық үдеріс аспектілеріне (жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, күрделі қаржыны орталықтандыру дәрежесі, экономиканың әлеуметтік, құрылымдық және өңірлік элементтері) ықпал етуі туралы болып отыр.

Әкімшілік тұтқалардың жиынтығы, құқықтық өрісті (алаңды) қамтамасыз етумен байланысты іс-әрекеттерді реттейді. Қабылданатын іс-шаралардың міндеті - жеке сектор үшін неғұрлым ақылды құқықтық шеңберлік жағдайлар жасау болып саналады.

Институционалдық әдістер - әлеуметтік, басқару және нарықтық құрылымдар құру.

17. 2-сурет. - Мемлекеттің экономикаға ықпал етуінің әдістері

Реттейтін іс-шаралардың өзге де жіктеуі қолданылады. Оларды экономикаға ықпал етудің тікелей және жанама әдістеріне бөлуге болады.

Тікелей ықпал ету әдістері, экономика субъектілерінің тәртібі соншалықты, дербес экономикалық таңдауға емес, қаншалықты, мемлекеттің нұсқамаларына негізделетін, мемлекет тарапынан жасалатын осындай реттеулерді ұйғарады.

Жанама ықпал ету әдістері, мемлекеттің субъектілер қабылдайтын шешімдерге тікелей ықпал етпеушілігінен көрінеді. Ол экономикалық шешімдерді дербес таңдауы кезінде субъектілердің, экономикалық саясат мақсаттарына сай келетін нұсқаларға тартылуына алғышарттар ғана жасайды.

Әдістер
Тікелей
Жанама
Әдістер: Мазмұны
Тікелей: Экономика субъектілерін мемлекет мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауға міндеттейтін, тікелей ықпал ету
Жанама: Экономика субъектілері шешімді дербес қабылдайды. Мемлекет экономика үшін қажетті шешімдер қабылдауға ынта ғана туғызады.
Әдістер: Артықшылығы
Тікелей: Өте қысқа мерзімде жылдам нәтиже береді
Жанама: Нарықтық жағдайды бұзбайды
Әдістер: Кемшіліктері
Тікелей: Нарық жағдайларына кедергі келтіру
Жанама: Уақыт лагының болуы

17. 3-сурет. - Экономикаға тікелей және жанама ықпал ету әдістері

Экономикалық теорияда мемлекеттің экономикадағы рөлінің үш тұжырымдамасы тарихи түрде қалыптасты (4-сурет) .

Ұзақ уақыт бойы экономикада саяси экономия классиктерінің идеясы үстемдік құрды. Осындай көзқарасты өзінің атақты кітабында А. Смит алғаш рет тұжырымдады. Смит нарықтық өзін-өзі реттеудің анық жақтасы болды. А. Смиттің пікірінше жеке тауар өндірушілер нарығы мемлекеттік бақылау қысымынан толық еркін болуы тиіс. Атап айтқанда, осы жағдайда тұтынушылар, өзіне не қажет, соны нарықта сатып ала алатын болады. А. Смиттің айтуынша, нарықтық өзін-өзі реттеп отыратын «көрінбейтін қол» ешқандай да сырттан араласусыз, өндірушіні бүкіл қоғамның мүддесіне жұмыс жасауға мәжбүр етеді. Классикалық теория бойынша мемлекет тарапынан реттеу үлгісі 17. 4-суретте көрсетілген.

17. 4-сурет. - Экономиканы мемлекеттік реттеудің классикалық үлісі

Классикалық тұжырымдама өзін-өзі реттейтін экономика теориясын көрсетеді және үш негізгі талаптармен сипатталады:

  • мемлекеттің экономикаға араласпауы, нарықтық тетіктердің жұмыс істеуіне толық еркіндік беру;
  • еркін бәсекелестікті бар мүмкіндігінше дамыту;
  • баға тетігі арқылы нарықтық тепе-теңдікті қамтамасыз ету.

Экономикалық либерализмнің осы идеясын алғашқы болып Адам Смит (1723-1790) «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» еңбегінде негіздеді. Нарықтық қатынастардың дамуымен кәсіпкерлер табы нығая отырып, мемлекеттің араласуын өз қызметтеріне кедергі жасау ретінде қарастыра бастады. XVIII ғасырдың соңында мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігі туралы мерканталистердің көзқарастары экономикалық либерализм идеясына (яғни мемлекеттің экономикаға араласпау идеясына) түпкілікті орын берді. Д. Рикардо, Ж. Сэй, Д. Милль, А. Маршалл, А. Смиттің ізбасарлары болып саналады.

Мемлекетке екінші кезекті рөл ғана бере отырып және мемлекеттік араласушылықтың жақтастықтары, өз ұстанымдарын негіздеуде сендіре алатындай дәлелдер келтірулері керектігін ұйғару арқылы, экономиканың неоклассикалық теориясы сол көзқарастардан ұстанады. Экономист-неоклассиктер, әртүрлі тарифтерге, бағалар деңгейін ұстап тұруға, үкіметтік қолдауды білдіретіннің барлығына, аса теріс көзқарас танытады.

Әлемнің бүкіл нарықтық дамыған елдерін қамтыған, 30-шы жылдардағы сілкіністер, неоклассикалық мектеп табанды түрде қорғаған, сол нарықтық экономика үлгісі мен қағидаттары ескіргенін және енді қайтып оралмайтындай өткенге кеткенін білдірді. Ұлы дағдарыс сабағы неоклассиктер үшін мүмкін емес өзгерістерді - ірі өнеркәсіп өндірісі оның негізін құрайтын нарықтық экономиканы сезінуді талап етті.

Неге? Өйткені ірі индустриалды өндіріс монополизмге деген үдерісті объективті түрде туғызады, ал монополизм - бұл бүлдіру болып табылады. Монополизмді «ауыздықтау» тұжырымдамасы Кейнс теориясында көрініс тапқан (17-сурет) .

17. 5-сурет. - Экономиканы мемлекеттік реттеудің кейнсиандық үлгісі

Кейнсиандық, нарықтық экономика реттеуді қажетсінетіндігі және осындай реттеуді мемлекет қана жүзеге асыра алатындығы туралы, нарықтық экономиканы принципті түрде жаңаша түсінуге көшумен аталып өтті. Сондықтан, кейнсиандықтың мәні: бұл теорияның, мемлекетпен реттелетін нарықтық экономика екенін анықтауға әкеледі. Бірақ, кейнсиандық мемлекеттік реттеудің мақсаты нарықтық экономиканы сақтау болды, яғни классикалық дәстүрлермен жанталасып ұмтылған жоқ.

Кейнсиандық тұжырымдама Дж. М. Кейнстің (1883-1946) көзқкарастарында көрініс тапты. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін дәлелдеу оның негізгі мазмұны болып саналады.

Кейнстің көзқарастары кездейсоқ пайда болған жоқ: ХІХ және ХХ ғасырлардың экономикалық тәжірибесі, нарықтық экономика ресурстардың тиімді пайдалануын қамтамасыз етуде әрқашанда қабілетті емес екені, қоғамның қажеттіліктеріне толық шекте жауап бермейтіні, табыстарды күрт сараландыруға, халықтың әлеуметтік қорғалмаушылығына әкелетіні туралы пікірлерді растап берді. Сол кезеңдерде болған экономикалық дағдарыстар нарықтың өзін-өзі реттейтін қабілетін күмәнділікке қойды. 1929-1933 жылдардағы кең жайылған терең экономикалық дағдарыс оның айқын мысалы болып саналды.

Кейнс, экономикалық құралдардың өз-өзінен жайлап алуы мүмкін еместігін және жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты теңгеруге қабілетті құрал ретінде мемлекеттік саясаттың қажеттілігін дәлелдеді. Оның пікірінше, мемлекеттің араласу көмегімен ғана, экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығаруға болады.

Кейнс идеясы, АҚШ президенті Ф. Рузвельттің жүргізген «жаңа бағыты» шеңберінде елді дағдарыстан шығаруда АҚШ-та одан әрі қарайғы уақыттарда пайдаланылды.

70-ші жылдардың ортасында дағдарыс мемлекет реттейтін экономикаға, демек, нарықтық экономиканың кейнсиандық үлгісіне аяқ басты. Бұл дағдарыстың себебі - экономикаға мемлекеттің шамадан тыс араласуы болды. Осы жағдайлар кезінде Англиядағы, АҚШ-тағы консерваторлар, нарықтық экономиканың реттелетін сипатын сақтай отырып, мемлекеттің экономикаға «әкімшіліктік» емес, өзінің араласуының «экономикалық» тетігін табуына көмектесе алатындай, жаңа тұжырымдама әзірлеуге баса екпін жасады. Мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігін жоққа шығармастан, осындай араласуды - ақша аясын реттеу арқылы - «жанама» араласуға әкелген, бүгінгі күні кеңінен белгілі монетаристік тұжырымдама , атап айтқанда, осы міндеттерді орындайтын монетаристік тұжырымдама, нарықтар, бәсекелестік пен нарықтық жүйе, макроэкономикалық тепе-теңдікке автоматты түрде жету жағдайында екендігіне сүйенеді. Ұлттық нарықты тұрақтандыру үшін ақша ұсынысының көлемін реттеу монетаристік саясаттың мән-маңызы болып саналады. Монетаристер, салық саясатын жүргізуді ғана ұйғара отырып, экономикаға мемлекеттің араласуын азайтуға шақырады.

Монетаристік тұжырымдама - соған сәйкес, айналымдағы ақша массасы, нарықтық экономиканы тұрақтандыруда және дамытуда айқындаушы рөл атқаратын экономикалық теория. Монетаризм ХХ ғасырдың 50-ші жалдары пайда болғанымен, 70-ші жылдар мен 80-ші жылдардың басында экономикадағы дағдарыстық құбылыстар кезеңінде АҚШ-та, Ұлыбританияда және ГФР-де кең тарауға ие болды. Монетаризм мемлекеттің экономикаға араласу қажеттілігін теріске шығармайды, бірақ осы араласуды - ақша аясын реттеу арқылы - жанама араласу деп түсіндіреді. Ақша әлемінің тауар әлеміне кері әсер ету тетігін, экономиканы дамытудағы ақша құралдары мен ақша саясатын терең зерттеу монетаризмнің экономикалық теорияға қосқан сүбелі үлесі болып табылады.

Монетаризм мемлекеттік реттеу бағыты ретінде ақша-несие саясатының негізі болып пайдаланылады. Осы мағынасында монетаристік тұжырымдама жаңа экономикалық жағдайларда кейнсиандық тұжырымдаманы толықтырады. Чикаго экономикалық мектебін құрушы, 1976 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты М. Фридмен (1912 ж. т) монетаризмнің негізін салушы болып саналады.

Сол мезгілде көптеген экономистер соңғы оңжылдықта экономикаға кеңінен араласу теориясын жақтау көзқарастарынан ұстанады. Солардың бірі - әйгілі П. Самуэльсон. Самуэльсонның ойлары бойынша, мемлекет қорғап қана қоймай, сонымен бірге экономикалық машинаны құрылымдап, оны дағдарыстық апаттардан сақтап ұстап тұруы, ақылға қонымды шектерде бәсекелестікті қорғауы, кірістерді қайта бөлуі тиіс.

Қазіргі уақытта әлемдік тәжірибедегі нарықтық экономика - либералдық және әлеуметтік-бағдарланған - екі негізгі модельдер бойынша жұмыс жасайды. Нарықтық үлгілердің тұрпаты туралы сұрақ экономикалық дамуды реттеудегі мемлекеттің қатысу тәсілінен тұрады.

Либералдық үлгілер кезінде мемлекеттің экономикалық үдерістерге барынша аз араласу қағидатынан ұстанады. Либералдық үлгілердің негізгі белгілері болып мыналар саналады: жеке меншікке тәжірибедегі бөлінбейтін үстемдік, шаруашылық қызметінің барынша еркіндігі, халықтың ең әлсіз топтарын ғана әлеуметтік қорғауға мемлекеттің қатысуы.

Әлеуметтік-бағдарланған үлгі меншік нысандары плюразмін, экономиканың тиімділігін қамтамасыз етудегі халықтың жұмыспен қамтылуын, табыстарын реттеудегі, бүкіл халықтың неғұрлым маңызды қажеттіліктерін (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет) қанағаттандыруды қамтамасыз ететін жағдайларды қалыптастыруға мемлекеттің қатысуының елеулі үлкен дәрежесінің болуын жорамалдайды. Нарықтық экономиканың әлеуметтік-бағдарланған үлгілері кезінде мемлекет, өзінің билігіндегі бар экономикалық үдерістерді реттеудің, тұжырымдалған экономикалық саясатына, жекелеген проблемаларды шешу бойынша, стратегиялық және ағымдағы макроэкономикалық жоспарлар мен мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес құқықтық, экономикалық және ұйымдық тұтқаларының бүкіл арсеналын қолданады.

Бірінші үлгілерге неғұрлым дамыған елдер арасынан АҚШ пен Ұлыбритания жатады, екінші үлгі Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде (Германия, Австрия, Франция, Швеция және т. б. ), сондай-ақ Жапония мен Ресейде жүзеге асырылған. Қазақстан, бізге белгілідей, әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика үлгісін таңдаған.

Осылайша, экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігін тану немесе теріске шығару емес, аталған тарихи мән-жағдаяттарда «мемлекет» пен «нарықтың» оңтайлы ара қатынасын анықтау, біздің мемлекет үшін стратегиялық проблема болып саналады.

Өтпелі экономика жағдайларында мемлекеттік реттеу. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.

Қазақстан жағдайларындағы мемлекеттік реттеу мен оның қағидаттарын зерделеу қажеттілігі бір жүйеден екінші жүйеге көшумен (өтпелі экономика) және әлеуметтік-бағдарланған нарықтық экономиканы құру бағытымен байланысты болып отыр.

Жоғары дамыған әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономиканы қалыптастыру Қазақстан Республикасының экономикасын реформалаудың стратегиялық мақсаты болып саналады. Осындай жағдайда мемлекет мынадай әлеуметтік-экономикалық міндеттерді (функцияларды) орындайды:

  • құқықтық базаны және нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуіне оң ықпал ететін қоғамдық ахуалды қамтамасыз ету;
  • бәсекелестікті қорғау;
  • экономиканы тұрақтандыру, яғни экономикалық конъюнктуралардың ауытқуынан туындайтын, жұмыспен қамту және инфляция деңгейін бақылау, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру;
  • кірістерді әлеуметтік әділ бөлуге жәрдемдесу;
  • ұлттық өнімнің құрылымдарын өзгерту мақсатында ресурстарды бөлуге түзету жасау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономиканы реттеу құралдары
Экономика дамуын мемлекеттік реттеудің әдістері мен ұйымдастыру негіздері
Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектісі
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі, ғылыми-әдіснамалық негіздері, мақсаттары және міндеттері
Ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Негізгі метрологиялық түсініктемелер
Экономиканы мемлекеттік реттеу реферат
«Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz