НАРЫҚТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. Нарықтың мәні мен пайда болу жағдайлары



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
НАРЫҚТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Нарықтың мәні мен пайда болу
жағдайлары
Нарық 65 мың жыл бұрын пайда болды, ол айырбастың табиғи - тарихи дамудың және тауар шаруашылығын туғызған жағдайлардың нәтижесі
болып саналады және қазіргі заманға дейін дамуда.Саяси-экономикалық тұрғыдан алғанда нарық - тауар шаруашылығының санаты болып саналады.
Нарықтың пайда болуы шектелген ресурстар - адамның шексіз қажеттіліктері өмір-бақи экономикалық дилемманың шешімін табумен ұйғарылған ұзақ экономикалық даму нәтижесінде пайда болды.
Адам Смит өзінің Табиғат және халықтар байлығының себептері (1776ж.) деп аталатын еңбегінде нарықтардың пайда болуы экономикалық ресурстардың табиғи сиректігінің, адамның өндірістік мүмкіндіктері шектеулігінің нәтижесі деп атап көрсетті. Сондықтан нарық қатынастарының пайда болуының бірінші алғы шарты - экономикалық ресурстардың шектеулігі. Бұл шаруашылық жүйесінде адамның тиісті субъективтік мінез құлқының қажеттілігін еріксіз көндіретін объективтік заң. Ресурстардың шектеулігі өндірістік мүмкіндіктердің шекараларын тарылтып, адамды осы шекараларда жеңу жолдарын іздеуге ынталандырады.
Екінші алғы шарт - еңбек бөлінісі. Ресурстардың шектеулігі, алғашқы қауым адамдарына еңбектің бөлінісі - оның өнімділігін жоғарылату үшін міндетті шарт екендігін түсінуге түрткі болды. Дәл сол себептен мал өсірумен және егіншілікпен күнелткен тайпалар араларында еңбектің алғашқы қоғамдық бөлінісі орын алды. Еңбектің бөлінісі мен мамандануы өндірістік мүмкіндіктердің шектерін жеңуге мүмкіндік берді. Қазіргі заманғы дүниежүзілік жүйе еңбектің бөлінісі мен мамандануды тереңдету ауқымдарының өзгеше өнімі болып табылады.
Үшінші алғышарт - еңбек нәтижелерімен алмасу. Бір тауарды екіншіге айырбастай отырып, адамдар өздерінің әр түрлі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді. Егер айырбастау мүмкіндігі болмаса, әр адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көптеген жұмыстарды атқаруына тура келер еді. Бұл өрлеудің және өркениет дамуының бәсеңдеуіне әкелуші еді.
Еңбек өнімдерімен алмасудың нарықтық қағидаты тек қана жекеленген меншік иелері арасында ғана мүмкін. Сол себептен нарық экономикасының төртінші алғы шарты - жеке мүдде мен жеке меншік.
Нарықтық алмасудың қатысушылары өз жеке мүдделері үшін адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бәсекелестік орта шаруашылық субъектілерін шығындар мен бағаларды төмендетуге, өнімнің сапасын жоғарылатуға, жаңа тауарлар мен қызмет көрсетулердің өндірісін ұйымдастыру үшін адамдардың қанағаттандырылмаған қажеттіліктерін анықтауға мәжбүрлейді. Нәтижесінде, тұтастай алғанда қоғамның әл-ауқаты өседі. Адам Смит ашқан осы өзара байланысты көзге көрінбейтін қол деп атайды.
Экономика - субъектілер арасындағы тауарлардың үнемі қозғалысы. Берекесіздік пен былық шарасыз болмай қалмайтын сияқты, ал адамдар болуы сөзсіз олқылық қаупінде, сенбеушілікте тұруға тиісті. Бірақ осындай күрделі экономикалық жүйеде белгіленген тәртіп бар, барлық үдерістер объективтік заңдылықтарға бағынады: өндірушілер мен тауарлардың тұтынушылары бағалар тілінде сөйлесіп, соның көмегімен барлық ұлт үшін маңызды экономикалық мәселелерді шешеді.
Сонымен, нарықтың ең негізгі белгілері :
oo нені және қалай өндіру, өнімді кімге және қалай өткізу мәселелерін өздігінен шешетін көптеген тәуелсіз тауар өндірушілер;
oo өнімді кімнен сатып алуды өздігінен шешетін көптеген тәуелсіз тұтынушылар;
oo өндіріс факторларымен және экономикалық игіліктермен ерікті алмасу;
oo сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен бағаларды белгілеу;
oo бәсекелестік, капиталдың еркін құйылымы;
oo нарықтық экономиканың кемшіліктерін жою үшін (экология, кедейлік, монополиялар және т.б) мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
Нарық түсінігі көп қырлы, қоғамдық өндіріс пен айналысының даму барысында ол өзінің мазмұнын талай өзгертті. Ең алдында нарық базар, бөлшек сауда орны, нарық алаңы ретінде қарастырылды. Бұның себебі: нарық алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде пайда болды, ол кезде қауымдар араларында алмасу (айырбас) тауар айырбасы түріне көше бастады және белгіленген жерде, белгіленген уақытта жүзеге асырылды. Қол өнердің және қалалардың дамуымен сауда кеңейе бастап, нарықтарға белгіленген орындар, нарық алаңдары берілді. Нарықтың бұндай түсінігі қазіргі күндерге дейін оның маңыздарының бірі ретінде сақталды.
Еңбектің қоғамдық бөлінуі мен тауар өндірісі дамуының тереңделуі барысында бұл түсінік күрделене береді, ол қазіргі заманғы экономикалық әдебиетте көрінісін табуда. Мәселен, француз экономист-математигі Курпоның пікірінше нарықтермині бір нарық алаңын емес, сатушылар мен сатып алушылардың қатынастары еркін және бағалары тез және теңестірілетін кез келген ауданды білдіреді. Нарықтың бұндай анықтамасында оның кеңістік сипаттамасы сақталады, оған жаңа белгілер қосыла береді.
Тауар айырбасының, тауар-ақша қатынастарының әрі қарай дамуымен, ақшаның пайда болуымен сатып алу-сатудың уақыт аралығында және кеңістікте алшақтығы пайда болып, нарықтың сауда орны ретіндегі сипаттамасы шындықты көрсетпейді, себебі қоғамдық өндірістің жаңа құрылымы - айналыс аясы қалыптасады. Нәтижесінде нарықтың тауар және тауар - ақша айырбасы (айналысы) нысаны ретіндегі жаңа түсінігі пайда болып, кеңестер одағының экономикалық әдебиетінде кең таралды.
Нарық - ол тауар айырбасы емес, айналыс аясы екендігін атап көрсету маңызды. Соңғысы кеңдеу түсінік, себебі оған тек қана тауар айналысы (тауар-ақша айырбасы), сонымен бірге ақша айналысы, оның ішінде бағалы қағаздардың қазіргі заманғы нарығы да кіреді.
Нарық экономикалық санат ретінде сатып алушылар мен сатушылар, сонымен бірге сауда делдалдары араларындағы нарық қатынастары субъектілерінің экономикалық мүдделерін білдіретін және еңбек өнімдерімен алмасуын қамтамасыз ететін нақты экономикалық қатынастар мен байланыстардың жиынтығы.
Нарық қатынастарының мәні - сатушылардың (тауар - өндірушілердің және саудагерлердің) шығындарының орнын толтыруда және пайда алуда, сонымен бірге еркін өзара келісім, баламалық, бәсекелестік, өтемділік негізінде сатып алушылардың төлем қабілеті бар сұранымын қанағаттандырудан тұрады. Нарық қатынастарының материалдық негізін тауар мен ақшаның қозғалысы құрайды. Нарық субъектілер ретінде кім болатындығы - құлдық эргастериялар немесе латифундиялар, феодал немесе шаруа жер меншіктері, қолөнер шаруашылықтары, жеке капиталистік кәсіпорындар немесе мемлекеттік, кооперативтік акционерлік және т.б шаруашылық нысандары екендігі нарық үшін бәрі бір. Бұл мағынада ол меншік нысандарына талғаусыз және осы нарық санатының сипатын инварианттық , яғни қазіргі экономикалық жүйенің нақты әлеуметтік мазмұнына талғаусыз екендігін ұйғарады. Бірақ нарықтың тарихтан тысқары екенін абсолюттеу заңсыз, себебі бұл оның сипаттамасының бір ғана жағы. Нарық белгіленген экономикалық жүйеде қызмет жасайды, бұл оның көріну түрлерінде ерекшелік туғызады (дәлірек айтсақ: нарықты реттеу түрлері мен өлшемдеріндегі нарық субъектілерінің ерекшелігін, нарықты ұйымдастырудың барлық жүйесіндегі нарық қатынастарының жеке салмағының ерекшелігін).
Соңғы уақытта тауар және ақша айналысының тұрақты өзара әрекеттестігі негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар жүйесі ретіндегі нарықтың анықтамалары барған сайын жиі пайдаланылуда.
Нарыққа тауарларды сату-сатып алу бойынша қатынастар ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік - экономикалық қатынастар (меншік, үлестіру, тұтыну және т.б), ұйымдастыру-экономикалық қатынастар (нарықты ұйымдастырудың әр түрлі нақты нысандары) жататындығы оны ұлттық экономика жүйесінде немесе тұтастай алғанда экономикалық жүйеде дербес кіші жүйе ретінде қарастыруға негіздеме береді.
Дербес кіші жүйе ретінде нарықта мыналар орын алады:
oo өндіріс қатынастары (айналыс аясында өндірістің жалғасуы), үлестіру (нарық субъектілерінің табыстары бойынша), айырбастау - (сатып алу-сату актілері) және тұтыну;
oo меншік қатынастары, экономикалық мүдделерді іске асыру және нарық қызметін ұйымдастыру;
oo экономиканы, бәсекелестікті реттеу қатынастары және т.б.
Егер нарықты нарық қатынастарының субъектілері тұрғысынан қарасақ, тығыз іскер қатынастарға түсіп, кез келген тауар бойынша ірі мәмілелерді жасайтын сатып алушылар жиынтығы немесе адамдардың кез келген тобы ретіндегі нарықтың жаңа анықтамалары пайда болады.
Бірақ нарықтың бұндай анықтамаларын толық деп санауға болмайды, себебі олар нарық қатынастары субъектілерінің (өндірушілер мен делдалдарды сатушылар ретінде, тұтынушылар мен делдалдарды сатып алушылар ретінде) барлық жиынтығын және айналыс аясындағы өндіріс, үлестіру және тұтыну қатынастарын қамтымайды.
Жұмыс күші тауарының пайда болуымен нарық жалпыға бірдей сипатқа ие болады, ол өндірістің өзіне батпандап енеді - өндіріс құралдарын ғана емес, сонымен бірге жұмыс күшін сатып алу өндіріс шарты болып, жоғары дамыған өндіріс пен нарық жағдайларында оның факторларының қосылу формасын анықтайды.
Нарық сипаттамасының ұдайы өндірістік аспектісі өте маңызды. Бұл түсінік кеңейіп, жиынтық қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісінің элементі, оның құрамды бөліктері қозғалысын жүзеге асыру түрі ретінде қабылданады. Нәтижесінде нарықтың келесі анықтамалары пайда болады: экономикалық қатынастар жиынтығы, олардың көмегімен қоғамдық өнімнің тауар-ақша түріндегі айналысы іске асырылады немесе үдерісінде материалдық игіліктерді өндіру мен тұтыну бойынша өндірістің осы тәсіліне тән экономикалық қатынастар көрінетін жиынтық қоғамдық өнім бөлінген өткізу аялары ретінде.
Нарықтың айналыс аясы ретіндегі және нақты экономикалық қатынастар жиынтығы анықтамасы араларында айырмашылық бар: бірінші жағдайда нарықтық қатынастар объектісіне - тауар-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының бар болуына назар аударылады; екіншіде - нарық санатының мәнін білдіретін қатынастарға көңіл бөлінеді.
Нарық - өркениет дамуының барлық кезеңдерінде әр түрлі дәрежеде де болатын жалпы экономикалық санат қана емес, сонымен бірге бұл күрделі әлеуметтік-философиялық түсінік. Ол тек экономика аясымен шектелмейді.
Адам қоғамының табиғи-тарихи дамуының нәтижесі ретінде нарыққа мәдени және экономикалық өмірдің бірлескен құрылысының көп ғасырлы дәстүрлер байлығын өздерінде жинаған халықтар дамуының тарихи, ұлттық, мәдени, діни, психологиялық ерекшеліктері кіреді. Бұл әр түрлі елдердегі қазіргі заманғы нарықтың және нарық жүйесінің ерекшеліктерін анықтайды. Нарық барлық өркениеттерде орын алған, бірақ оның рөлі ерекшеленіп отырды. Нарық қатынастары бүгінгі таңда да кәмілдікке жетпегендігі, табиғатта оған жетудің мүмкін еместігінің айғағы.
Нарықтың даму тарихы: дамыған, еркін, реттелетін және сиықсызданған оның тұрпаттарын айыруға мүмкіндік береді.
Дамымаған нарық - нарық қатынастары кездейсоқ, көбінесе тауарлық (бартер) сипатымен көзге түседі. Мұнда нарық белгіленген рөл атқарып, қоғам мүшелерінің саралануына, тауарлар өндірісін дамытуға уәждемені күшейтуге мүмкіндік береді.
Еркін (классикалық) нарық мынадай белгілермен:
1) нарық қатынастары қатысушыларының шектеусіз санымен және олардың арасындағы бәсекелестікпен;
2) қоғамның барлық мүшелерінің кез келген шаруашылық қызметке еркін араласуымен;
3) өндіріс факторларының абсолюттік ұтқырлығы: капитал қозғалысының шектелмеген бостандығымен;
4) нарықтың пайда, сұраныс пен ұсыныс және т.б. туралы абсолюттік (толық) хабардарлығымен; нарық субъектілерінің тиімді мінез-құлығы қағидатын жүзеге асырумен; қымбаттау сату, арзандау сатып алу арқылы табыстардың өсімі нәтижесінде жеке әл-ауқатын оңтайландыру ақпаратынсыз мүмкін еместігімен;
5) аттас тауарлардың толық бір тектілігімен (сауда маркаларының жоқтығы);
6) еркін бәсекенің бір де бір басқа қатысушысының шешіміне экономикалық емес әдістермен тікелей ықпал жасай алмайтындығымен;
7) бағалар аяқасты еркін бәсекелестік барысында белгіленетіндігімен;
8) монополизмнің (бір өндіруші), монопсонияның (бір сатып алушы) жоғы және мемлекеттің нарық қызметіне араласпаушылығымен сипатталады.
Өркениетті (реттелетін) нарық - қоғамның жеке мүшелерінің мүдделері бойынша нарық соққыларын азайтуға мемлекеттің ұмтылысы, қоғамды өркениеттендіру мен ізгіліктендірудің нәтижесі, бірақ шаруашылық қызметінде шығармашылық, қарқынды еңбек пен тәуекел жоққа шығарылмайды. Мемлекет белгіленген дәрежеде нарық қызметінің жағдайларын қамтамасыз етеді, бірақ мемлекеттің нарық қатынастарына шектен тыс араласуы олардың өзгеруіне, сиықсыздануына әкеледі. Нарықтың өзгеру мысалы ретінде, басшылық-нормативтік экономикадағы нарықты алуға болады. Бұндай нарықтың қызмет жағдайлары бойынша экономиканың дамуындағы оң рөлі жоққа шығарылады. Осыдан нарық жоқтығы туралы сөздер бұл ақиқатты дұрыс көрсетпейді, себебі сату-сатып алу актілері бар.
Жеке қосалқы шаруашылық әр жылдарда тауарлы шаруашылықтың әр түрлі дәрежесіне ие болған, онсыз шаруа өмір сүре алмайды. Сонымен, әкімшілік экономикада нарық өзгеріп, сиықсызданды.
Қазіргі заманғы экономикалық әдебиеттерде нарықтың келесі анықтамалары кездеседі:
oo нарық - сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттестік тетігі, яғни сұраныс пен ұсыныс қатынасы;
oo тауар түрін алатын өндіріс нәтижелері мен қызмет көрсетулермен алмасу бойынша қатынастар жүйесі;
oo нарық - өндірушілер мен өнімді тұтынушыларды бір-бірімен байланыстыратын ел ішіндегі және елдер арасындағы айырбас (алмасу) аясы.
Нарық жүйе ретінде аяқасты, бәсекелес және ұйымдастырушы жеке екі бастаулардың белгіленген тепе-тең ұштасуын білдіреді. Нарықтың аяқастылық бәсекелестік бастауларының негізі ретінде бәсекеге әр түрлі өндіріс жағдайлары, тауардың жеке сипаттамалары бар көптеген жеке, тәуелсіз тауар өндірушілердің қатысуы болып саналады. Олар өздерінің мүдделерін қамтамасыз ету үшін бәсекеге түседі. Ұйымдастырушылық, монополиялық бастау, нақты бір тауарды өндірушілер тобының, сөз байласу элементтерінің бар болуын (талаптардың белгіленген біркелкілігін, сапа стандарттарын, тәртіпке келтірілген, келісілген, алдын ала болжанған әрекеттерді) ұйғарады. Бәсекелестік және монополиялық бастаулар арасындағы ұштасу оңтайлы болуға тиісті. Әр нақты жағдайлар үшін оңтайлысы монополияның ең аз санында бәсекелестіктің ең жоғары деңгейі болып табылады. Бұндай оңтайлылықтан ауытқулар қоғам үшін зиянды.
Бәсекелестік пен монополизмнің оңтайлы ұштасуы орын алатын нарық тетігі өндіріс құрылымының қоғамдық қажеттіліктер құрылымына сәйкестігін қамтамасыз етіп, жаңа техника мен технологияларды енгізуді ынталандырып, ең үздік өндірушілерді көтермелеп, нашарларын жазалайды.
Нарықтың қызметі мен оның әрі қарай дамуы үшін қолайлы жағдайлар.
Ондай жағдайлар:
1) экономикада меншіктің әр түрлі нысандарының (меншік полиформизмі) және шаруашылық жүргізудің көп түрлі нысандарының, сонымен бірге олардың араларындағы еркін бәсекелестіктің бар болуы, барлық шаруашылық жүргізушілердің бәсекелестікке қатысып, одан шығу бостандығы;
2) өндірушілердің жеткілікті саны (біркелкі өнім өндірушілердің саны 15 - 20-дан кем емес);
3) шаруашылық байланыстар бойынша әріптестерді таңдау бостандығы; олардың тепе-теңдігі, тәуелсіздігі мен жауапкершілігі; өздігінен келісім-шарттар мен шарттарды жасау мүмкіндігі, тапсырыстарды орналастыру және қабылдау; өз табыстарының бөлігін еркін түрде иелену; қатал әкімшілік тауар үлестіру (бөлу) (карточка, талондар бойынша қорландыру және т.б., яғни еркін сатып алу-сату);
4) нарық субъектілерінің өздерінің бағаларды белгілеу құқығы (бұл қатал шарт емес, классикалық нарық көзге көрінбейтін қолымен сатып алушылар мен сатушыларға бағаларды белгілейді); өндірушілер мен тұтынушылар одақтарының бар болуы бағаларға ерекше кері әсер етеді, бірақ ол нарықты жоймайды.
5) ресурстарды еркін оңтайландыру; олардың бар болуы өндіріс факторларының (материалдық, еңбек, қаржы) пайдалану ұтқырлығын қамтамасыз етеді; өндіріс жағдайларын, оның технологиясын өзгерту мүмкіндігі; кез келген капиталдың кез келген аяға еркін ауысуы; толық қуатымен жұмыс істемеу нарық экономикасының қызметі үшін міндетті шарт;
6) нарық жағдайы жөніндегі ақпаратты толығымен шаруашылық жүргізушілерге беру;
7) инфрақұрылымның бар болуы, яғни нарыққа қызмет көрсететін салалар, жүйелер,кәсіпорындар кешені.

Нарық
субъектілері
мен объектілері
Нарықтық мәмілелердің, сатып алу-сату мәмілелерінің қатысушылары болып саналады. Нарық қатынастарының субъектілері біріншіден
олар сатып алушылар, сатушылар, кәсіпкерлер немесе жеке тұлғалар.Екіншіден, ол заңды тұлғалар, оларға кәсіпорындар мен бірлестіктер, ұйымдар, қауымдастықтар, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, фирмалар, мемлекет жатады.
Нарық қатынастарының субъектілерін жіктеу үшін әр түрлі тәсілдемелер пайдаланылды:
oo нарықта атқаратын функциялар тұрғысынан алғанда нарық қатынастарының субъектілері сатушыларға және сатып алушыларға бөлінеді;
oo меншік нысандары тұрғысынан - мемлекеттік меншік тұрғысында қызмет ететін субъектілерге, ұжымдық және топ меншігі шеңберінде қызмет жасайтын субъектілерге және жеке меншік меншігі негізінде шаруашылық жүргізетін субъектілерге бөлінеді.
Нарық құрамына кәсіпкерлер, жалданған жұмыскерлер, тұтынушылар, несиелі капитал иелері, бағалы қағаздар иелері кіреді.
Нарық шаруашылығының негізгі субъектілерін үш топқа бөлуге болады: үй шаруашылықтары, бизнес (кәсіпкерлер) және үкімет.
Үй шаруашылықтары нарық экономикасында өндіріс факторларының иелері және жеткізушілері болып табылады.
Еңбек қызметтерін сатудан алынған ақша жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруға (пайданы көбейтуге емес) кетеді. Үй шаруашылығы шеңберінде материалдық өндіріс аясының және қызмет көрсету аясының түпкілікті өнімдері тұтынылды.
Бизнес - табыс (пайда) алу мақсатында қызмет ететін іскер кәсіпорын. Бизнес жеке немесе қарыз капиталын іске жұмсауды ұйғарып, тауар мен қызмет көрсетулердің жеткізушісі болып қатысады.
Үкімет экономиканың мемлекеттік реттеу атқарымдарын (функцияларын) жүзеге асыратын әр түрлі бюджеттік ұйымдармен көрсетілген. Сонымен бірге үкімет мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтерін нарыққа шығарады. Бір адам үй шаруашылығының да, бизнестің де, мемлекеттік мекеменің де құрамында болуы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
НАРЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы
Нарықтық экономиканың теориялық негіздері
Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Нарықтың мәні және түрлері
Нарық шаруашылық өмірдің басты саласы
ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуының теориялық негіздері
Нарық әлеуметтануы пәні мен әдістері
Нарықтық экономика жайлы
Дәрістер тезисі
Пәндер