ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҰРПАТТАРЫ

Экономикалық жүйе түсінігінің сипаттамасы
Шаруашылық қызмет үдерісінде адамдар араларындағы экономикалық
қатынастар осы қатынастардың объектілері мен субъектілері кіретін белгіленген жүйе ретінде қызмет жасайды.В.Леонтьевтің айтуынша, әр елдің экономикасы қызметтің әр түрлері бар ірі жүйе. Жүйенің әр тізбегі, әр бөлігі басқаларынан бірдеңе алғандықтан өмір сүреді, яғни басқа тізбектермен өзара байланыста және өзара тәуелділікте болады.
Экономикалық жүйе - материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсетулерді өндірушілер мен тұтынушылар араларындағы ерекше тәсілмен реттелген байланыстар жүйесі.
Бұл шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйесіндегі қызмет әрқашанда үйлестірілген, ұйымдастырылған екендігін білдіреді.
Капитализм және бостандық кітабында М. Фридмен адамдардың экономикалық қызметін үйлестірудің екі тәсілін қарастырады. Бірінші - мәжбүрлеу жолымен орталықтандырылған басшылық немесе иерархия (қызмет бабындағы төменнен жоғарыға дейінгі бағыныстылығы жағынан сатылық); бұл қазіргі заманғы тоталитарлық мемлекеттің, әскердің әдістері. Екінші - жеке адамдардың ерікті ынтымақтастығы немесе жағдайлық тәртіп; мұнда әрекет жасауға басты белгі - бағалар. Ресурстарға бағаның төмендеуі немесе жоғарылауы және еңбек нәтижелері шаруашылық иелеріне қай бағытта жұмыс істеуді көрсетеді.
Қазіргі заманғы әлем әр түрлі экономикалық жүйелердің бар болуымен сипатталады. Олар осы немесе басқа тарихи кезеңде пайда болып, сол бетімен қалмай, үнемі дамыды. Қоғам өміріндегі бір құбылысты жақсы түсіну үшін оны бір халықтан немесе бір дәуірде емес, тарихи даму үдерісінде қарастыру қажет, яғни оны өзгермелі, қалыптасатын, белгіленген даму сатыларынан өтетін ретінде қарастыру керек.
Қазіргі заманғы әлем - қоғамның табиғи тарихи дамуының нәтижесі. Осы тарихи үдерісті - экономист-ғалымдардың түсінуі әр түрлі, бұл осы үдерістің сипаттамасы үшін әртүрлі критерийлерді (өлшемдерді) пайдаланумен түсіндіріледі.
Бізге қоғамдық өмірдің құбылыстары мен үдерістерінің талдау негізіне жататын формациялық тәсілдеме белгілі. К. Маркс үш негізгі қоғамдық формацияларды атап көрсетті:
1) алғашқы (архаистік) - ескі, көне заманғы, оған өндірістің алғашқы қауымдық және азиялық тәсілдері жатады;
2) қайталама, жеке меншікке негізделген (құлдық, басыбайлылық, капитализм);
3) коммунистік қоғамдық құрылыс.
Формациялық (құрылыстық) тәсілдеме қоғамның тарихи дамуындағы заңды сатыларды ашып, қоғамдық өндірісте шешуші рөлді өндіріс үдерісі тікелей атқаратыны жөніндегі пайымдау негізінде материалдық өндірістің бес тәсілін айыруға мүмкіндік берді (алғашқы қауымдық, құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік).
Бүгінгі таңда өндірістің бес тәсілінің классикалық бөлінуі бірқатар себептер бойынша шүбә тудырады, себебі ол тек қана Батыс Еуропаға жарамды да, жалпыға ортақ маңызы жоқ. Бұған өндірістің азиялық тәсілі, Қытай мен Индия өркениеттері, Ресей келмейді. Дүниежүзілік даму үдерістерін формация (құрылыс), материалдық өндіріс тәсілі деңгейінде қарастыру, осы тәсілдеменің теориялық және тарихи маңыздылығына қарамастан, дүние жүзінде болып жатқан оқиғалардың барлық күрделілігін қамти алмайды, сондықтан осындай тәсілдеменің белгілі бір шектеулігі анық. Сол себептен экономикалық әдебиетте қоғамдық өмірдің үдерістері мен құбылыстарын талдау үшін басқа критерийлерді (өлшемдерді) пайдалану әрекеттері қолданылып жатыр. Ғасырдың басында К. Бюхер (1906) қоғамдағы өндіріс пен тұтыну араларындағы байланыс сипатының өлшемі негізінде төмендегілерге бөледі:
1) тұйық үй шаруашылығы, мұнда өндірілген игіліктер шаруашылықтың өзінде айырбассыз тұтынылады;
2) қала шаруашылығы, онда айырбас орын алып, игіліктер тікелей өндіруші шаруашылықтан тікелей тұтынушыға ауысады;
3) халық шаруашылығы, онда тауар-ақша айырбас негізінде игіліктер тұтынуға түсер алдында тұтастай шаруашылықтардан өтеді.
Бірінші жүйе алғашқы қауымда отбасылық топтардың (матриархалды және патриархалды отбасылар) өмір сүруімен, басыбайлық және құлдықпен сипатталады. Құлдық, кейін басыбайлы үй шаруашылығы өте ұлғайып үлкен шектерге дейін жетті. Айырбас екінші дәрежедегі болып қалды, материалдық игіліктер сатылмай, жинақтала берді. Осыдан мынадай пікір туды: орыстың қонақжайлығы мен жомарттығы - көптеген қор жинақталатын басыбайлы жүйе белгісі. Екінші жүйе ұсақ жеке қолөнершілердің, жеке цехтардың еркін экономикалық қызметімен сипатталады.
Үшінші жүйе - еркін жалдамалы еңбекті пайдаланатын ірі өндіріс болып көрінеді. Халықтық немесе капиталистік шаруашылық пайда болды. Цехтық ұйымдастыруды капиталистік ұйымдастырумен ауыстыру мемлекеттің қолдануымен жүзеге асырылды, мемлекеттік құрылыс - политейя термині тарала бастады. Алдымен дайын өнімдерді сатып алатын кәсіпкер пайда болды, сонан соң ол шеберлерді шикізатпен қамтамасыз етеді де, соңынан өзі басты рөл атқаратын болды. Ұтымдылық рухы барлық қатынастарды қамтиды.
Ежелгі Рим мен Грекиядағы сауданың кең даму дәлелдеріне сүйене отырып, К. Бюхердің көзқарасына қарсы Э. Мейер мен К.Белох, сол кездердегі сауданың бар болуы антика халықтары шаруашылығының экономикасындағы тұрпаты тұйық үй шаруашылығын сипаттайтын фактіні жоққа шығармайды.
Белгілі американдық ғалым У. Ростоу К.Маркс сияқты тарихты бес сатыға бөледі: дәстүрлі қоғам (қарабайыр техника, ауыл шаруашылығы, ірі жер иелерінің билігі, ауыспалы қоғам (орталықтандырылған мемлекет кәсіпкерлік), жылжу, ілгерілеу сатысы (өнеркәсіптік төңкеріс және оның салдары), кемелдік сатысы (FTP, кенттену), жаппай тұтыну сатысы (қызмет көрсету аясы мен тұтыну тауарлар өндірісінің рөлі).
Даму негізінің осындай тұжырымдамасы - өндіріс күштері мен сатылар дәйектілігі.
Қазіргі заманғы шетелдердің экономикалық ойлары - индустриалдық даму дәрежесі өлшемін пайдалану негізінде: индустриалдық, индустриалды қоғамнан кейінгі, неоиндустриалды (жаңа индустриалды) - ақпараттық қоғамдарды (Дж. Гэлбрейт, Р. Арон және т.б) бөліп көрсетеді.
Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде шаруашылық жүйелерін екі белгі бойынша жіктеу кең таралды:
1) өндіріс құралдарына меншік нысаны бойынша
2) экономикалық қызмет үйлестіріліп басқарылатын тәсіл бойынша
Осы белгілердің негізінде мыналарға бөледі:
- әміршіл немесе тоталитарлық экономика, онда көптеген кәсіпорындар мемлекеттік меншікте болып, өз қызметін мемлекеттік басшылық нұсқаулары негізінде жүзеге асырады; қоғамда материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, үлестіру, айырбастау мен тұтыну жөніндегі шешімдерді мемлекет қабылдайды. Бұған КСРО, Албания және т.б жатады.
oo нарықтық экономика немесе еркін бәсекелестік дәуіріндегі капитализм. Ол ресурстарға жеке меншікпен, экономикалық қызметті үйлестіру және оны басқару үшін нарықтар мен бағалар жүйесін пайдаланумен сипатталады. Еркін нарық экономикасында ресурстарды бөлуде мемлекеттің ешқандай рөлі жоқ, барлық шешімдерді нарық субъектілері тәуекел етіп өздері қабылдайды. Олар өз мүдделерін басшылыққа алса да, қызметі басқа адамдардың және тұтастай алғанда қоғамның мүдделерін жүзеге асыру мақсаттарында көзге көрінбейтін қолмен басқарылады. Бүгінгі таңда бұндай елдерге Гонконг жатады.
oo аралас экономика, мұнда мемлекет те, жеке сектор да (кәсіпорындар мен үй шаруашылықтары) елдегі барлық ресурстар мен материалдық игіліктерді өндіруде, үйлестіруде, айырбастау мен тұтынуда маңызды рөл атқарады. Бұл дамыған елдер, оның ішінде АҚШ, Англия, Франция, Германия және т.б.
Адам қоғамының дамуында ауыспалы экономика ерекше орын алады. Бұл экономика өгерістер жағдайында, шаруашылықтың бір нысанынан екінші нысанына көшу барысында болып тұрады. Ауыспалы экономикадан қоғамның дамуындағы ауыспалы кезеңді айыру қажет, оның барысында бір тұрпаттағы қоғамдық қатынастардың екінші тұрпатына ауысуы болып отырады.
Экономикалық ғылымда өркениет тұрпаттарының тарихи даму нәтижесі ретінде қазіргі заманғы қиял көрінісін тапқан шаруашылық жүйелердің жіктеуі орын алады.
Өркениет сөзі латын тілінен азаматтық, қоғамдық деп аударылады. Бұл түсінік ғылыми айналымға екі ғасыр бұрын енгізіліп, француз- ағартушылары кәміл қоғамның сипаттамасы үшін пайдаланды. Бүгінгі таңда ғылыми әдебиетте бұл термин мәдениеттің дәрежесі мен деңгейін бағалау үшін (антика және қазіргі заманғы, еуропалық және азия өркениеттерін айырады); жабайылылықтың орнына келген адам қоғамының даму сатысын сипаттау үшін (Л. Морган, Ф.Энгельс); тұйық, оқшауланған топтар, халықтар мен мемлекеттердің мәдени-тарихи даму кезеңі ретінде (Н.В. Данилевский, А. Тойнби); мәдениеттің соңғы даму сатысы, оның соңғы кезеңі қорытынды ретінде (О. Шпенглер); қоғамдық өмірдің негізгі құрамды бөліктерінің жиынтығы ретінде: адам әлеуетінің, материалдық игіліктерді өндіру тәсілінің, қоршаған ортаның жиынтығы ретінде қолданылады. Осыдан басқа, жинаушылық, егіншілік және өнеркәсіптік өркениеттерді айырады (А.М. Ковалев); қоғамның кезеңдік дамуындағы оны құрайтын элементтердің тұтастығында белгіленген сатысы ретінде: ғылым, экономика, мәдениет және т.б. айырады (Ю.В. Яковец).
Қазіргі уақытта өркениет туралы кең таралған көзқарас: ол дамыған елдердегі экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қатынастардың дұрыс және тиімді ұйымдастырылған құрылысы.
Қоршаған дүниені ұғынудағы жаңа тәсілдемелер әлемде, әсіресе XX ғасырдың екінші жартысында әлемде болып жатқан өзгерістердің ауқымдарымен, тереңдігімен және сипаттарымен ұйғарылған, бұл:
oo өндірісті ұйымдастыруды түбегейлі өзгерткен техникадағы, технологиялардағы өзгерістер;
oo қазіргі заманғы ақпараттық жүйені, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды құру;
oo ядролық соғыстың, экологиялық құрып кетудің қауіпін, адам тағдырларының ортақтығын ұғыну;
oo көп ғасырлық даму негізінде құрылған біздің ғаламшарымыздың күрделілігі мен алуандығын және көп өлшемділігін ұғыну;
oo дүниежүзілік өркениеттің сапалық өзгерістерін түсіну;
Біздің ең үлкен қателіктеріміздің бірі: дүниені тек қана екі түсте көру және жұпты санаттармен ойлау: демократтар - консерваторлар, социализм - капитализм, жеке және қоғамдық меншік және т.б. Бұл XIX ғасырдың ойлауы мен түсінігі. Бүгінгі таңда қоғамдық және экономикалық өмір оның көп өлшемділігімен және әр алуандығымен ғылымда осылай сипаттала алмайды.
Осыдан, экономикалық жүйелердің дамуын сипаттайтын жаңа тәсілдемелерді, жаңа теорияларды іздеу қажеттілігі пайда болады. Осымен байланысты қоғамның кезеңдік даму, өркениеттердің ауысу теориясы қызығушылық тудырады.
Осы теорияға сәйкес жеті өркениетті айыруға болады: неолитикалық - оның ұзақтығы 30 - 35 ғасыр; шығыс иеленушілік(қола ғасыры) - оның ұзақтығы -20-23 ғасыр; антика (темір ғасыр) - 12 - 13 ғасыр; алғашқы феодалдық - 7 ғасыр; индустриалдық алдындағы - 4,5 ғасыр; индустриалдық - 1,5 ғасыр; индустриалдықтан кейінгі - 1,3 ғасыр.
Экономикалық
жүйенің
тұрпаттамасы
мен элементтері
Экономикалық жүйе - ондағы мүліктік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz