КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Нарықтық экономиканы реттеуге мемлекет кірісуі керек пе деген сауал
бірнеше ғасырлар бойы қойылып келеді. Нобел сыйлығының лауреаты
В.Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа
ұқсатады. Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль –мемлекеттік
реттеу. Шведцияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың
пікірі бойынша реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін
арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік -
дейді.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуімен байланысты
барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер табы
өмірге келе бастады. Елдің тағдыры осы күштің іске қосылып, табысты еңбек
етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге
коммерциялық, қаржы, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш.
Кәсіпкерлік қызмет экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін
қызмет етеді. Кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу, оның негізгі белгілерін
анықтауға экономика ғылымы үш ғасырдан астам уақыттан бері өзіндік үлес
қосып келеді. Алайда, үздіксіз жүргізілген зерттеулер негізінде
кәсіпкерлік түсінігі жаңа элементтермен толыға түсті. Ол өз кезегінде
кәсіпкерліктің мәні мен мазмұнын толық ашуға септігін тигізеді. Бірақ, ол
қоғам мен экономиканың дамуына сәйкес жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді.
Зерттеушілердің бір тобы, кәсіпкерлікті шаруашылық жүргізуші
субьектілердің бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерін өтеу мен жеке
істің дамуын қанағаттандыру үшін түрлі қызметтер аясында еркін экономикалық
қызмет ету, нарық субьектілері мен қоғамның нақты тұтынушыларының
сұраныстарын өнім өндіру арқылы қанағаттандыру және пайда табу мақсатындағы
іс-әрекет ретінде қарастырса, тағы бір тобы кәсіпкерлікті меншік
иелерінің инновациялық іс-әрекетіне негізделген, жаңа идеяларды табу және
оларды қолдану,сондай- ақ, нақты кәсіпкерлік жобаларға енгізуге бағытталған
шаруашылық жүргізу қағидаларының жаңа түрі ретінде сипаттайды.
Курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік
істің дамуы, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау және оны жақсарту,
ҚазТрансОйл АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштеріне және қызметіне
талдау жасау.
Курстық жұмысымның зерттеу обьектісі ретінде – ҚазТрансОйлАҚ-н алып
отырмын. Кәсіпкерлік қызмет пәнін зерттей отырып, аталмыш АҚ-ның
кәсіпкерлік қызметіне талдау жасаймын.
Белгіленген мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысымның келесі міндеттері
анықталды:
– Кәсіпкерлік қызметтің нысандарын ашып көрсету;
– Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуының қазіргі
сатысын анықтау;
– Кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау
дәрежесін анықтау және аталмыш тақырыпқа байланысты бағдарламаларды
пайдалану;
– Келешекте елімізде кәсіпкерлік қызметті қолдауға жұмсалатын басқа да
белсенді жұмыстардың жүргізілуін бақылау;
Курстық жұмысты жазу барысында ҚР жеке кәсіпкерлік туралы заңы,
үкіметтік бағдарламалар, ғалымдардың еңбектері, ҚР статистика агенттігінің
мәліметтері пайдаланылады.

1. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Кәсіпкерлік қызметтің мәні,мазмұны және негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы
кезеңінде экономикалық реформалардың табысты жүзеге асыруына ерекше назар
аударды.Өйткені ұзақ жылдар бойы үстемдік еткен жоспарлы экономикадан
нарықтық экономикаға өту тұсында оның маңыздылығы жоғары болды. Осыған
байланысты елімізде меншіктің әр түрлі нысандарының қалыптасуы және оның
негізінде кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне жол беру кәсіпкерліктің қалыптасуы
мен дамуының бастапқы алғышарты болып табылады. Кез келген мемлекеттің
әлеуметтік – экономикалық дамуының көптеген факторларының ішінде
кәсіпкерлік қызмет және оның субьектілері, яғни кәсіпкерлер маңызды рөл
атқарады. Кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу, оның негізгі белгілерін
анықтауға экономика ғылымы үш ғасырдан астам уақыттан бері өзіндік үлес
қосып келеді. Алайда, үздіксіз жүргізілген зерттеулер негізінде
кәсіпкерлік түсінігі жаңа элементтермен толыға түсті. Ол өз кезегінде
кәсіпкерліктің мәні мен мазмұнын толық ашуға септігін тигізеді. Бірақ ол
қоғам мен экономиканың дамуына сәйкес жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді.
Қазақстанда кәсіпкерліктің пайда болуы мен қалыптасуы қайта құру
кезеңінен бастау алып тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жалғасын тапты.
Еліміздің негізгі заңнамалық құжаттарының бірі Азаматтық кодексте
кәсіпкерлікке мынадай анықтама берген: Кәсіпкерлік – меншік түрлеріне
қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарға сұранымды
қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған (жеке кәсіпкерлікке ие
мемлекеттік кәсіпкерлікке негізделген) ынталы қызметі. Кәсіпкерліктің
жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір
дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Осыған байланысты кәсіпкерлік бастаманы
қолдау және жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет
тарапынан әр түрлі қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалуы
тиіс. Қазақстан Республикасының Жеке кәсіпкерлік туралыЗаңында елімізде
жеке кәсіпкерлікті қолдауға арнайы тарау ( 4 тарау, 18 бап) арналған. Осы
заңда анықталған төмендегідей бағыттарды атап көрсетуге болады.
Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай негiзгi бағыттар
бойынша жүзеге асырылады:
– жеке кәсiпкерлiктi реттеу мәселелерi жөнiндегi заңнаманы
жетiлдiру;
– жеке кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды,
технологиялық парктердi, индустриялық аймақтарды және жеке
кәсiпкерлiк инфрақұрылымының басқа да объектiлерiн құру және
дамыту;
– бюджет қаражаты есебiнен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
қызметiн оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық
қамтамасыз ету
– жеке кәсіпкерлікті қаржылық қолдау.
Қазақстан Республикасының Конституциясында атап көрсетілгендей,
әркімнің кәсіпкерлік қызметі өз еркіндігінде. Жосықсыз бәсекеге тыйым
салынады. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің негізгі қағидаларына келесілерді
жатқызуға болады:
1. Кәсіпкерлік қызметке азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктері мен
қаражаттарын тарту;
2. Кәсіпкерлік қызметті іске асыру мен даму бағыттарын дербес анықтау
(жабдықтаушыларды,өткізу нарықтарын еркін таңдау, өнім түрлері мен
өндіріс көлемін анықтау т.б.)
3. Материалдық,қаржылық,еңбек, табиғи және басқа да ресурстарды тарту
және пайдалану;
4. Салық және басқа да міндетті төлемдерді,міндеттемелерді төлегеннен
кейін қалған табыс көлемін бөлу еркіндігі;
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілері ретінде мыналарды атап
көрсетуге болады:
– мүліктік және ұйымдастырушылық дербестік;
– тәуекел мен жауапкершіліктің болуы;
– экономикалық мүдделілік немесе табыс табу;
– қоғамдық қажеттілікті және сұранысты қанағаттандыру үшін өнім
өндіру, қызмет көрсету:
– заң шеңберінде іскерлік іс-әрекеттерді жүзеге асыру.
Кәсіпкерлік экономикада маңызды орынға ие бола отырып бірқатар
маңызды функцияларды орындайды. Олардың қатарына жалпы экономикалық,
ресурстық, жаңашылдық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, шаруашылықтық және
жеке тұлғалық функциялар жатқызылады.
Кәсіпкерлік қызметті тиімді әрі тұрақты түрде жүзеге асыру үшін
белгілі бір шарттар немесе жағдайлар жасалуы тиіс. Әдетте, олар
экономикалық,құқықтық шарттар түрінде қарастырылады. Осы аталған
шарттардың әрқайсысына қысқаша тоқталайық.
Экономикалық шарттар:
– меншіктің әр түрлі нысандары мен типтерінің болуы және олардың өзара
бәсекелесуі;
– мемлекеттің тұрақта экономикалық саясаты;
– кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамуы;
– ақша қаражаттары және олардың қло жетерлік болуы;
– төлем төлеуге қабілетті сұраныстың болуы
– бос жұмыс орындарының болуы,жұмыс күшінің жетіспеушілігі немесе артық
болуы;
– ұтымды сыртқы экономикалық саясат, отандық тауар өндірушілерді қорғау
және т.с.с.
Әлеуметтік шарттар:
– белгілі бір талғамға, сәнге сәйкес келетін тауарларды сатып алу;
– еңбек жағдайы және жалақы деңгейі;
– кәсіпкерлер мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін
арттыру;
– кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру және кәсіпорынды басқару бойынша
кеңес беру орталықтарын құру;
– кәсіпкерлік этика мен мәдениет деңгейі және т.б.
Құқықтық шарттар:
– кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасайтын және кәсіпкерлік
қызметті реттейтін тиімді әрі тұрақты құқықтық база;
– дамыған антимонополдық заңнама және оны жүзеге асырудың нақты әрекет
ететін механизмдерінің боуы;
– интеллектуалдық меншікті тиімді қорғау жүйесі;
– кәсіпорынды тіркеу мен таратудың оңайлатылған тәртібі;
– өндірістік кәсіпкерлікті ынталандыру бағытында салықтық заңнаманы
жетілдіру.

1.2 Кәсіпкерлікті қолдау құрылымы және тиімділігі

Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Рспубликасының
мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық
өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты
қалыптастыруға бағытталған. Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан
Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың
бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген.
ҚР Жеке кәсіпкерлік туралы Заңында,яғни 4 тарау, 18 бабында
кәсіпкерлік қызметті қолдау жөнінде мыналар белгіленген:
Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту:
1. Мемлекеттiк органдардың жанынан жеке кәсiпкерлiк проблемаларын
зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-
зерттеу институттарын құру;
2. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы
сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
3. Жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру;
4. Бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметiн
ұйымдастыру;
5. Жер учаскелерiн, ғимараттарды, үй-жайларды сату не тұрғын үй-
жайларды қазақстан республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-
жайға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті
дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.
Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына:
– мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер;
– үкіметтік емес мекемелер;
– коммерциялық мекемелер кіреді.
Функционалды бағытына қарай инфрақұрылымның институттық құрылымы былай
анықталады:
– бизнестің қалыптасуы, әрекет етуі және дамуы кзеңінде
көрсетілетін мемлекеттік қолдау;
– қаржылық қолдау;
– ақпараттық - талдау жағынан қолдау;
– кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы
қолдау;
– материалды -техникалық жағынан қолдау.
Ұйымдастыру және функционалдық құрылымдарды салыстыра отырып біз
инфрақұрылым институттарының Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту процессіне
қатысу матрицасын құрастыра аламыз. Әрбір кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем
беретін мекемелердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады.
Олардың барлығы әр түрлі факторларға байланысты. Кәсіпкерлерге тиісті
шешімдер қабылданған кезде кейбір мекемелер әлеуметтік мақсаттарға аса
назар аударады, ал басқалардың басшылары бәлкім жеке басының қамын ойлайды.
Қазақстан Респуликасының Инвестициялар және даму министрлігі - жеке
кәсіпкерлікті дамытуға және тиісті саясатты жүргізуге жауапты жоғарғы
мемлекеттік орган. Министрлік орталық атқарушы органдарына тиісті және ел
Президенті мен Үкімет алдында есеп береді. ИжДМ құрамына кіретін
Кәсіпкерлікті дамыту Департаменті кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы
мемлекеттік саясатты қалыптастыру және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау
саласындағы нормативті-құқықтық реттеу функциясын атқарады.
Департамент қызметін реттейтін негізгі құжаттарда оның негізгі
мақсаттары былай белгіленген:
– кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты
қалыптастыру;
– кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;
– инвестицияларды тартуға бағытталған шараларды жүргізу;
– департамент құзырына кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік
органдарының қызметін үйлестіру.
Жоғарыда айтылған функцияларға қоса Департамент кәсіпкерлікті дамытуға
кедергі болатын кейбір шенеуниктердің заңға қайшы әрекеттеріне қатысты
түскен арыз бен өтініштерді қарастырып, сол арыз бойынша қажетті шаралардың
орындалуын қадағалауға міндетті.
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік
құрылымның келесі деңгейі - ол жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық
және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары. Кәсіпкерлікті
дамыту және қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін
Әкімшіліктердің жанынан Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент
(Басқармалар) құрылған. Олардың құрамына Кәсіпкерлік жөніндегі бөлімшелер
кіреді. (2005 ж. 1 қаңтарынан бастап ҚР үкіметінің 2004 ж. 4 қазанындағы №
1022 қаулысымен жергілікті мемлекеттік басқарудың барлық орагандарының
типтік құрылымы енгізілген).Облыстық Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі
Департамент (сол сияқты Алматы мен Астананың қалалық Департаменттері) өз
құзыры аясында шағын және орташа кәсіпкерлікті қолдауға уәкілетті. Алға
қойылған мақсатқа жету үшін Департаментке мемлекеттік саясатты жүргізуге
тиісті мынадай функциялар мен құқықтар берілген:
– кәсіпкерлік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты
әзірлеуге және іске асыруға қатысу ;
– жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
– қоғамдық ұйымдармен және басқа да мемлекеттік немесе
үкіметтік емес құрылымдармен өзара іс-әрекет ету;
– белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың атынан түскен
хаттар, арыз бен өтініштерді қарастыру.
Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың
соңғы буыны болып жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық және Алматы
мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары табылады. Солардың құрамына
кіретін Экономика және бюджеттік жоспарлау немесе Экономика және қаржы
жөніндегі бөлімдер кәсіпкерліке тиісті мәселелермен шұғылдану керек.
Аймақтық атқарушы органдарға қабылданған мемлекеттiк саясаттың тiкелей iске
асырылуы және жергiлiктi бюджеттер бойынша жоспарлалған және
қаржыландырылатын шаралар мен бағдарламалардың жүзеге асыруға тиісті
функциялар тапсырылады. Сонымен, атқарушы мемлекеттiк органдар мемлекет пен
кәсiпкерлiктiң арақатынас идеологиясын құрудағы негізгі буын болып
табылады. Кәсіпкерлердің бастамаларын жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасау
және Президент қойған мақсаттарды іске асыру мақсатында Үкімет жергілікті
органдарда әкім аппаратының жанынан Кәсіпкерлер істері жөніндегі Комиссия
құру арқылы кәсіпкерлермен кері байланыс ұйымдастыру схемасын іске
асырды. Комиссия құзырында:
– шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуды тежейтін мәселелерді
зерттеу;
– жергілікті және аймақтық атқарушы билік органдарына тиісті
ұсыныстарды әзірлеу.
Әрбір кәсіпкер кәсіпкерлік жөніндегі комиссияға хабарласа алады, ол
үшін өз облысында орналасқан кез келген қоғамдық ұйым немесе заңды тұлғалар
ұйымына келсе болғаны. Әдетте, комиссияда бірнеше облыстық ассоциация
немесе бірлестіктердің өз орындары болады. Кәсіпкерлермен осындай кері
байланыс ұйымдастыру үшін орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі құрылған. Кеңестің
негізгі мақсаттары мынадай:
– кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға бағытталған ұсыныстарды
әзірлеу;
– нарықтық экономиканың дамуын ынталандыруға жағдай туғызу;
– Қазақстан Республикасында әрекет ететін іскерлерді, іскерлік
ассоциациялар мен одақтарды біріктіру;
– кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу
үшін қажетті ұсыныстар дайындау.
Президент жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі кәсіпкерлік саласындағы
мемлекеттік саясатты қалыптастырып, оны жүзеге асыру мен қатар мемлекет
жағынан кәсіпкерлікті қаржылай, ақпараттық-талдау және матриалдық-
техникалық жағынан қолдау функциясын атқарады. Мемлекет аталған қолдаудың
барлық түрін атқарушы органдар арқылы, көптеген жергілікті және аймақтық
деңгейде қабылданған бағдарламалар арқылы, және соған лайықтап мемлекеттік
капиталы қатысуымен арнайы құрылған мекемелер арқылы жүзеге асырады.
Жоғарыда аталған міндеттерді атқаратын мекемелер қатарына кіретіндер:
– Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы АҚ. Орталықтың
негізгі мақсаты – Қазақстан экономикасының нақты сектор салаларының
жаңа технологиялар трансферті және республикадағы инновациялық іс-
әрекетті белсендіру арқылы бәсекеге жарамдылығын арттыру болып
табылады ;
– "KAZNEX" экспортты дамыту және ілгерілеті корпорациясы АҚ - үкiметке
мемлекеттiк саясатты, соның iшiнде кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты,
құру саласында ақпараттық-талдау жағынан қолдау көрсетеді ,;
– Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ - қаржылық, консалтингтік
қызметтерді ұсыну интеграторы және операторы рөлінде ШОБ-ң, сонымен
бірге Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдеседі;

– Ұлттық инновациялық қоры АҚ - кәсіпкерлік бастамаларға
инвестицияларды тарту және жобаларды қаржылау арқылы қаржылай қолдау
көрсетеді ;
– Қазақстанның инвестициялық қоры - жаңа және алдыңғы қатарлы
технологияларды қолданып, шикізат пен материалдарды тереңдетіп қайта
өңдейтін кәсіпорындардың жарғылық капиталына инвестиция құю арқылы
қаржылай қолдау көрсету.

2 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 ҚазТрансОйл АҚ-ң кәсіпкерлік қызметі

Мұнай тасымалдау, мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты мен импорты
мәселелерінде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау мақсатында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі №461 қаулысымен
мемлекет жарғылық қорына 100 пайыз қатысатын ҚазТрансОйл мұнай тасымалдау
жөніндегі ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі –
ҚазТрансОйл МТҰК ЖАҚ) құрылды.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің 2001 жылғы 22 маусымдағы №159 бұйрығына сай ҚазТрансОйл
МТҰК ЖАҚ ҚазТрансОйл жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚазТрансОйл
ЖАҚ болып қайта аталды.
2004 жылғы 31 мамырда ҚазТрансОйл ЖАҚ ҚазТрансОйл АҚ болып қайта
аталды.
ҚазТрансОйл АҚ басшылығы ойдағыдай сертификаттау фактісі
мемлекет пен қоғам игілігі үшін өз қызметін жетілдіру жөніндегі үлкен және
тұрақты жұмыстың басы ғана екендігін түсінеді. ҚазТрансОйл АҚ өз
қызметтерінің сапа деңгейін және тұтынушылардың қанағаттанушылығын ұдайы
қадағалап отырады. Мұнай өндіруші компаниялармен қоян-қолтық жұмыс мүмкін
болатын жетілдіру саласын айқындауға көмектеседі. Қоғам өз қызметіне сын
көзбен қарай отырып өзінің қоршаған ортаға әсер ету деңгейін және
ҚазТрансОйл АҚ қызметшілері, мердігерлері және келушілері үшін болатын
қатер дәрежесін анықтайды. ҚазТрансОйл АҚ қол жеткенмен тоқтап қалмайды,
технологиялық және басқарушылық үдерістерді ұдайы жетілдіріп отырады. Қоғам
басшылығы өзіне Менеджмент ықпалдастырылған жүйесін жөнінде міндеттемелер
алды және оларды ҚазТрансОйл АҚ сапа, экология, денсаулық және
қауіпсіздік менеджменті саласындағы саясатына кіргізді. Компанияға
Қазақстанның қазіргі бар барлық магистральды мұнай құбырлары мен
суағызғылары берілді.
ҚазТрансОйл АҚ-ң Қазақстан аумағынан 6 мың шақырымға жуық
магистральды мұнай құбырлары өтеді.
Магистральды мұнай құбырларын пайдаланудың негізгі мақсаты мен
міндеттері – барлық мұнай тасымалдау және су жеткізу жүйелерінің, мұнай
қыздыру стансаларының, сұйыққойма парктерінің, мұнай айдау стансаларының,
қуатпен жабдықтау, электр-химиялық қорғаныш жүйелерінің, су тазарту
ғимараттарының, қотару-құю құрылыстарының, механикалық-технологиялық және
энергетикалық жабдықтың, сондай-ақ өзге де құбыр объектілерінің оларды
жобалау және пайдаланудың барлық кезеңінде сақтау, тасымалдау және су
жеткізу үдерістеріндегі сенімді қызметі мен экологиялық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында сенімді қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
Компанияның топ-менеджерлері өте қысқа мерзім ішінде компанияны
басқарудың бірыңғай жүйесін әзірледі және құрды, іс-әрекеттің тиімділігін
арттыру, шетелдік компаниялар тәжірибесінен таңдаулысын алу және енгізу,
сондай-ақ құбыр көлігі мамандарын дайындауға арналған отандық негіз жасау
мақсатында қызметшілерді оқытудың кеңейтілген бағдарламасы
жүргізілді.Сонымен қатар қазіргі бар құбыр жүйесін жақсарту және жаңғырту
жөнінде кешенді шаралар жүргізілді, соның нәтижесінде мұнай құбырларының
қызмет ету қабілеті сақталды, көрсетілетін қызметтердің тиімділігі, олардың
қауіпсіздігі мен сенімділігі артты. Жаңа мұнай тасымалдау объектілерінің
құрылысы, тасымалдау схемаларын ұйымдастыру жөніндегі күрделі жұмыстарды
жүргізу басталды. Қысқа мерзім ішінде тұтынушылардың сұранысын
қанағаттандыру мақсатында қазіргі бар мұнай құбыры жүйесі шеңберінде
тұтынушыларға кең қызмет аясын көрсету, экспорттық бағыттардың әзірленуін
ескере отырып, мұнай көлігі бағытын әртараптандыру қамтамасыз етілді.
ҚазТрансОйл АҚ Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау жөніндегі басты
операторы бола отырып саланың инфрақұрылымын дамытуда, қуат шикізатын
жеткізудің баламалы және оңтайлы бағыттарын іздестіруде, сондай-ақ олардың
құрылысы үшін инвестиция тартуда белсенді орын алып отыр.
ҚазТрансОйл АҚ-ң негізгі қызметі еліміздің әр аймақтарына және шет
елдерге мұнайды тасымалдау болғандықтан, статистика мәліметтеріне көз
жүгіртейік. Мұнда 2013 және 2014 жылдардағы тасымалдау көлемін, аймақ
бойынша шоғырлану айналымын қарастырдық.
ҚазТрансОйл АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен 2015 жылғы
қаңтар – қыркүйекте мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша
40 млн. 570 мың тонна болды. 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай
тасымалдау көлемі 1 млн. 547 мың тонна немесе 4% артты (2014 жылғы 9 айда
іс жүзінде 39 млн. 023 мың тонна болған). ҚазТрансОйл АҚ МҚ жүйесі
бойынша жүк айналымы 2015 жылғы тоғыз айда 26 млрд. 089 млн. тонна км.
болды. Былтырғы жылғы осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 522 млн.
тонна км. немесе 2% артты (2014 жылғы 9 айда іс жүзінде 25 млрд. 568 млн.
тонна км. болған).Биылғы өткен тоғыз айдың қорытындылары бойынша Өзен –
Атырау – Самара магистральды мұнай құбырының Атырау – Самара учаскесімен
мұнай айдау көлемі артты – 11 млн. 549 мың тонна болды, 2014 жылдың осындай
кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 283 мың тонна немесе 3%
артық (2014 жылғы қаңтар – қыркүйекте іс жүзінде 11 млн. 266 мың тонна
мұнай болған). Көмірсутек шикізатын тасымалдау көлемінің өсімі ҚХР
бағытында да сақталып отыр – биылғы жылғы қаңтар – қыркүйекте Атасу –
Алашаңқай мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі 8 млн. 658 мың тонна
мұнай деңгейіне жетті, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млн. 108
мың тонна немесе 15% артты 2014 жылғы қаңтар – қыркүйекте іс жүзінде 7 млн.
549 мың тонна болған.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан ТОН-2 мұнай құбыры
бөлігімен Ресей мұнайының транзиті 2015 жылғы есепті кезеңнің қорытындылыры
бойынша 4 млн. 375 мың тоннаны құрады, көбею 274 мың тонна немесе 7% болды.
ҚазТрансОйл АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан
Республикасының мұнай өңдеуші зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 9 млн.
636 мың тоннаны құрады. Бұл ретте АМӨЗ-ге және ПКОП-қа жеткізу тиісінше 3
млн. 056 мың тоннаға және 3 млн. 528 мың тоннаға 8 және 5 пайызға артты.
ҚазТрансОйл АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен 2015 жылғы
қаңтар – маусымда мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 27
млн. 255 мың тонна болды. 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай
тасымалдау көлемі 1 млн. 306 мың тонна немесе 5% артты 2014 жылғы қаңтар –
маусымда іс жүзінде 25 млн. 949 мың тонна болған. ҚазТрансОйл АҚ МҚ
жүйесі бойынша жүк айналымы 2015 жылғы бірінші жарты жылдықта 17 млрд. 692
млн тонна км. болды. Былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1
млрд. 65 млн. тонна км. немесе 6% артты 2014 жылғы 6 айында іс жүзінде 16
млрд. 628 млн тонна болған. ҚазТрансОйл АҚ Қазақстанның Атырау және
Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы
арқылы Еділ суын беруді жүзеге асырады.

2.2 ҚазТрансОйл АҚ-ң кәсіпкерлік қызметіне талдау

Кәсіпкерлік қызметті талдау деп оны жүзеге асыру нәтижесінде орын
алған теріс (негативті) себептерді анықтай отырып, кәсіпкерлікті бағалау
үшін жан-жақты зерттеулер жүргізуді айтамыз. Ол кәсіпкерліктің даму
болашағы мен тиімділігін арттыру резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдаудың негізгі мақсаты оның
ұйымдастырушылық, басқарушылық, қаржы-экономикалық, инвестициялық,
технологиялық және өзге де аспектілерін зерттеу арқылы даму болашағын
қамтамасыз ету болып табылады.Талдаудың негізгі міндеттеріне нақты
нәтижелерге жетуді, кемшіліктері мен әлсіз тұстарын анықтауды,оның
тиімділігі мен табысын арттыру резервтерін айқындауды жатқызуға болады.
Мен өз курстық жұмысымда кәсіпорынның 2013 жыл және 2014
жылдардағы көрсеткіштермен техника-экономикалық және қаржы – шаруашылық
қызметін талдаймын.

1-кесте. ҚазТрансОйл АҚ-ң техника-экономикалық көрсеткіші

Көрсеткіштер 2013 ж 2014 ж Ауытқу
+- %
Өнімді өткізуден түскен табыс 94993806 129608153 34614347 136,4
Өнімнің өзіндік құны 57775365 68356442 10581077 118,3
Жалпы табыс 37218441 61251731 24033290 164,5
Кезең шығындары 24052088 40263230 16211142 167,4
Негізгі қызметтен түскен табыс 13166353 20988501 7822148 159,4
Негізгі емес қызметтен түскен 15491548 7968095 -7523453 51,4
табыс
Салық салуға дейінгі жиынтық табыс28657901 28956596 298695 101,4
Таза табыс 22926321 23165277 238956 101,4
Негізгі құралдардың орташа құны 252049190 274753300 22704110 109
Айналым құралдарының орташа құны 46883604 76947278  30063674164,1
Сату рентабельділігі 0,17 0,24  0,07 141,1
Өндіріс рентабельділігі 0,06 0,07 0,01 116,6
Өнім рентабельділігі 0,33 0,39 0,06 108,3
Қор қайтарымдылығы (мың тг.) 0,37 0,47 0,1 127,02
Қор сыйымдылығы 2,11 2,65 0,,55 125,5
Қормен қарулану 20164 21135 971 104,8
Жұмысшылар саны 12500 13000 5000 104

Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін зерттеу үшін 2013 және
2014 жылғы көрсеткіштерді алып, салыстырдық. ТЭК-ң нәтижесі бойынша, жалпы
табыстың және таза пайданың мәні 2014 жылы өткен кезеңмен салыстырғанда
161-164 %-ға өсті. Бұл кәсіпорын қызметінің табысты екендігін көрсетеді.
Өнімнің өзіндік құнының өсуі материалдардың қымбаттауынан ,тікелей өнімге
байланысты шығындар және әлеуметтік шығындардың болуынан пайда болады. Ол
2014 жылы 34614347 млн тг-ге өсті. Жалпы табыс айта кеткендей біршама
көбейді. Негізгі қызметтен түскен табыс 2013 жылы 13166353 млн. тг болса
2014 жылы 20988501 млн тг-ні құрап отыр. Бұл кәсіпорынға әкелетін пайда. Ал
негізгі емес қызметтен түскен табыс 2014 жылы 51,4 % -ға азайды. Маңызды
көрсеткіш-таза табыс. Ол 2014 жылы 101 %-ға өскен. Негізгі құралдардың
орташа жылдық құнының өсуі құрал-жабдықтардың жаңаруымен байланысты.
Сату рентабельділігі тұрақты өсуді білдіреді, 2013 жылы 0,17
болса, 2014 жылы 0,24. Өндіріс рентабельділігі есепті жылы 116% -ға
өскенін талдау барысында байқадық. Өнім рентабельділігі өнімді өндіру мен
сату бойынша жұмсалған шығынның әрбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
ҚР-дағы кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу құқығы
Кәсіпкерлік қызмет
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Кәсіпкерлік тәуекелділік: түрлері мен типтері және оның зардаптарын жеңілдету жолдары
Аудиторлық қызметті басқарудың парадигмалары
Аудит және бизнесті категориалдық талдау
Шағын кәсіпкерлік қызметі
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпорында кадрлық потенциалды басқаруды ұйымдастыру
Пәндер