САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1 САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.1 Қазақстан Республикасы салық жүйесінің мазмұны мен реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму кезеңдері ... ... ...
7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ДАМУЖАҒДАЙЫНТАЛДАУ ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне 2013-2015 ж.ж. салық түсімдерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
2.2 Қарағанды облысының салық департаментінің мәліметтері бойынша жергілікті бюджетке салық түсімдерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
15
2.3 Қазақстан Республикасында салық түсімдері бойынша салық бақылауын ұйымдастыруды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ САЛУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ...
24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
Кіріспе
Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Сондықтан, бұл жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен.Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол - шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету - бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ.-деді елбасы.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі нарықтық экономиканың маңызды, белсенді элементі болып табылады. Шындықты бейнелейтін ғылыми негізделген жүйенің болуы экономикалық процестерге оңды әсер етіп, келеңсіз құбылыстарды жойып, өркениетті құқықтық қатынастарды бекітуге ықпал етеді.Экономиканы мемлекет тарапынан реттеудің негізгі құралдарының бірі-салықтар. Салықтардың экономикалық категория ретіндегі маңыздылығы - ол мемлекеттің өз қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызатын мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік беруі. Сонымен қатар, ол - салық төлеушілердің мемлекет алдындағы міндеттерін айқындап, мемлекеттік бюджет қалыптастыруға,фискалдық және экономикалық процестерді ынталандыруға бағытталған реттеушілік қызметтерін атқарады. Сондықтан да,Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оны реформалау кезеңдері тақырыбында курстық жұмысты таңдауыма себеп болды. Қазақстан Республикасында салық жүйесінің мәселесі қазіргі жүргізіліп жатқан реформалар тәжірибесінде өте маңызы зор мәселелердің бірі.
Курстық жұмыстың бірінші тараудың басты мақсаты-Қазақстан Республиканың салық жүйесіндегі реформалар және оның даму кезеңдерінің теориялық негіздері: мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының басты 5 кезеңдері және экономикалық ерекшеліктері, салық жүйесіндегі салық саясатының экономиканы реттеудегі рөлі,сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформалардың мәнін қарастыру.
Екінші тараудың басты мақсаты- Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қазіргі даму жүйесін талдау,яғни мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдерін, Қарағанды облысының салық департаментінің мәліметтері бойынша жергілікті бюджетке салық түсімдерін талдау және ҚР салық департаментінде салық түсімдері бойынша салық бақылауын ұйымдастыруду бағалау.
Үшінші тараудың басты мақсаты салық жүйесіндегі реформаларды дамыту жетістігіне жету жолдары: салық жүйесі реформаларын жүргізуді нарық талаптарына сай дамыту мәселесі және Қазақстанның салық жүйесіндегі реформаларды жетілдіру жолдары баяндалған. Мемлекет салық жүйесіндегі реформаларды қолдана отырып мынадай негізгі міндеттерді жетуді көздейді:
- Тұрақты экономикалық өсуге жету;
- Жұмысқа қабілетті барлық тұрғындарды толық жұмыспен қамту;
- Тұрғындардың нақты, номиналды табыс деңгейін қамтамасыз ету;
- Азаматтардың әлеуметтік қорғау жүйесін игеру.
Курстық жұмыс кіріспеден, мазмұннан, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасы салық жүйесінің мазмұны мен реформалары
Салық - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға алғашқы қадам жасай бастаған мезгілден бастап ел экономикасының маңызды жүйелерінің бірі болып саналатын салық қызметі органдарында да заңдар бекітілді. Экономиканы қайта құруда, оны реттеуде, ел бюджетінің кірісін құрастыруда жалпы мемлекеттік салықтардың алатын орны ерекше.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі-өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі үлгі.
Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай: қаржы қатынастары және осы қатынастарды анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу жолдары мен әдістері; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы Заңы тәуелсіз Қазақстан Республикасының салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты қағидаларын, алым мен салық түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып есептеледі.
Салықтар негізін пайдаға салынатын салық, табыс салығы, қосымша құнға салынатын салық құрады [1,63б].
Қазақстан Республикасының салық жүйесін құруда ең алғашқы тарихи құжат болған жоғарыда көрсетілген Заңның ел экономикасын реформалаудағы маңызы мен алар орны ерекше. Алайда, жаңадан өмірге келген құбылыстардың кездесетін ерекшелігімен қатар кемшіліктері де болады. Осы алғашқы Заңда шешімін таппаған бірқатар мәселелер бар. Бұл кемшіліктердің болу себебі, ол біз салық жүйесін құрғанда елімізде жиынтықталған ғылыми немесе практикалық тәжірибе болған жоқ.
Бұл салық жүйесі нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі болмады.
Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық мөлшерлемелерінің бір салық бойынша бірнеше түрлі болуы, Халықаралық салық салудың негіздерінің тыс қалуы және басқа да кемшіліктер салық жүйесінің одан әрі қарай реформалаудың қажет екенін айқын көрсетті.
Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бұл құжатта, негізінен, салық салу қағидаларына сәйкес қызмет етуге жеткізу көзделген.
Осы концепцияны іс жүзіне асыруға бірінші кезең Қазақстан Республикасының Президентінің 24.04.1995 жылғы қабылданған Заң күші бар Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы Жарлығы болып табылады. Қазақстан Республикасында 1995 жылдың бірінші шілдесінен бастап жаңа салық жүйісі іске қосылды.
Бұл жүйе бірінші шыққан салық жүйесіне қарағанда нарықтық экономикаға жақынырақ.
Енді бұрын қызмет еткен 42 түрлі салықтар мен алымдардың саны едәуір қысқарып, жалпы салықтар мен алымдардың саны 11-ге жеткізілген [2,16б].
Салық салудың негізгі қағидалары сақталып, біршама өз шешімін тапқан.
Салық салудың міндеттілігі қағидасы. Салық төлеуші - салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
Салық салудың айқындылығы қағидасы. Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.
Салық салудың әділдігі қағидасы. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Салық жүйесінің біртұтастығы қағидасы. Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы қағидасы. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады [3,52б].
Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылдың 21 желтоқсанында қабылданған Заң күші бар Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлығы 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап және жыл сайын салық жүйесінде бірқатар өзгерістер енгізілуде.
Бұл өзгерістерді негізсіз деп айту дұрыс емес. Себебі, мемлекетіміздің экономикасы алға қадам жасаған сайын оның заңдары да өзіне сай болуы тиіс, сондықтан да бұл болып жатқан реформалар біздің Республикамыздың дамып келе жатқанының бірден бір себебі [4,5б.]
Сонымен, салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды. Жалпы реформалау 1-2
жылдың ішінде мүмкін еместігін баршамыз түсінеміз, сондықтан салық жүйесі де біртіндеп қалыптасады, түзеледі, әрі қарай дамиды
1.2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму кезеңдері
Қазақстан Республикасының салық жүйесі даму сатысында тұр. Сонымен бір мезгілде салық механизмін жетілдіруде.
Қазақстан Республикасында салық салуды құқықтық реттеу өзінің дамуында 5 кезеңнен өтті:
Салық реформасының бірінші кезеңі (1992 жылдан 1995 жылдың маусымына дейін). Республикада салықтың 40-тан астам түрі жұмыс істейді: жалпы мемлекеттік салықтар; жалпыға міндетті жергілікті салықтар; жергілікті салықтар.
Салық реформасының екінші кезеңі (1995 жылғы шілдеден 1999 жылдың аяғына дейін). Осы кезең ішінде салықтардың саны 11-ге дейін қысқарды. Олар жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді. 1996 жылдан бастап Бюджетке төленетін салықтар және өзге де міндетті төлемдер туралы заңға 30-дан астам өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Салықтар мен алымдардың 18 түрге дейін көбейді.
Салық реформасының үшінші кезеңі (2000 жылдан 2002 жылдың аяғына дейін) жаңа салық кодексінің салық жобасын әзірлеу. Мұнда салықтың 17 түрі жұмыс істеді. Ол үш тараудан тұрады: жалпы бөлім, ерекше бөлім, салық әкімшілігі. Мұнда салықтың 17 түрі жұмыс істеді.
Салық реформасының төртінші кезеңі 2001 жылдың 12 маусымында қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарында іске асты. Ол 3 бөлімнен тұрды: жалпы, ерекше және салықтық басқару.
Салық реформасының бесінші кезеңі - ол қазіргі уақытта қолданыста жүргізіліп жатқан салық кодексі. Яғни, негізгі қалыптасқан салықтың 13 түрі. Бұл кодекс 2011 жылы қабылданған.
Салық жүйесін құруда Қазақстанның бұрын өз тәжірибесі болмағандықтан, негізінен көрші елдердің, бәрінен бұрын Ресей федерациясының тәжірибесі пайдаланылады. 1991 жылғы Қазақстан, Ресей Республикадағы 24 желтоқсанда қабылданған Заң салық жүйесі туралы заңының көшірмесі іспетті еді. Қазақстан федеративтік мемлекетке тән үш звенолы салық жүйесі құрылды. Оның құрамына салықтардың үш тобы енді: жалпы мемлекеттік; жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар; жергілікті салықтар мен алымдар;
Салықтар санының көптігі (43 түр: 16 жалпы мемлекеттік, 10 жалпыға міндетті салықтар мен алымдар,17 жергілікті салықтар мен алымдар), заңдылықтың тұрақсыздылығы, есеп айырысу базасы өзіндік құн болатын төлемдер санының көптігі, жеңілдіктер санының көп қолдануы салық жүйесінің іс жүзінде басқаруға көнбейтіндер және тиімсіз етіп шығарды. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму тарихында 1994 жыл белгілі орын алды[5,27б].
Қазақстанның жаңа салық заңына сәйкес біртұтас мемлекеттің ерекшелігі есепке алына отырып, салықтар мен алымдардың 11 түрі қолданылатын болды:
1. Корпорациялық табыс салығы
2. Жеке табыс салығы
3. Қосылған құнға салынатын салық
4.Акциздер
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері
6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы
7. Әлеуметтік салық
8. Жер салығы
9. Көлік құралдарына салынатын салық
10. Мүлік салығы
11. ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі
Мемлекеттік тіркеу үшін алымдар:
1. Заңды тұлғаларды;
2. Жеке кәсіпкерлерді;
3. Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәліметтерге құқықтары;
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды;
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді;
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді;
7. Азаматтық әуе кемелерін;
8. Дәрі- дәрмек құралдарын;
9. Автокөлік құралдарының ҚР-ның аумағы бойынша жүргені үшін алым;
10. Аукциондардың алынатын алым;
11. Елтаңбалық алым;
12. Жекелеген қызмет түрлері мен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
13. Телевизия және радиохабарларын тарту ұйымдарына радиожиілік спектірін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым [6,97б].
2002 жылдың 7 қаңтарынан бастап 2001 жылы 12 маусымда қабылданған Бюджетке төленетін салықтар және өзге де міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) қолданысында енгізілді.
Жалпы,Қазақстандағы салық жүйесі туралы сөз еткенде, саладағы үкіметтік саясат салықтық жеңілдіктердің көмегімен экономиканы дамытудың басым бағыттарын қолдауға негізделіп отырғанын айтпай кетуге болмас.
Сонымен қатар, экономиканың кен өндіруші секторындағы қарқынды күшейтуге, салықтық жеңілдіктерді оңтайландырып, жоспарлау жүйесін жетілдіруге де заңдық тұрғыдан жеңілдіктер қарастырылған. Ал саладағы салықтық әкімшілендіру деңгейінің сапасын арттыру өз алдына бөлек әңгіме. 2009 жылдан бастап заңды тұлғалардың табысын арттыру мақсатында ұжымдық табыс салығы 20%-ға (бұған дейін 30% болған) дейін азайтылды.
Қазақстанда шағын және орта бизнес кәсіпорындарына да салықтық жеңілдіктер жасалып отырғанын байқауға болады. Атап айтсақ, қазір бизнестің мұндай түрінде ұжымдық табыс салығы бойынша міндетті аванстық төлемдер жоқ. Салықтық жеңілдіктер беру механизміне бірқатар өзгерістер енгізілді. Инвестициялық салықтық жеңілдіктер енді ұжымдық табыс салығы бойынша ғана берілмек. Бұл арада елді елең еткізген жәйттің бірі - жер және мүлік салығына жеңілдіктердің алынып тасталуы. 2013-2017 жылдарға арналған Қазақстанның Индустриялдық-инновациялық даму стратегиясын тиімді жүзеге асыру мақсатында фискалдық мүдделермен қатар, арнайы экономикалық аймақ аумағында қызмет ететін ұйымдарға ерекше салық салу режимін орнату жолымен экономиканың басымдық берілген салаларын дамытуды ынталандыру механизмдері сақталып отыр [7,81б].
Соңғы жылдары жанама салық салу жүйесінде де айтарлықтай өзгерістер орын алып отыр. Әсіресе, бұл өзгерістердің қосымша құн салығына (ҚҚС) анағұрлым көбірек қатысы бар. Қазақстанның салық жүйесіне ҚҚС енгізілген күннен бастап ғалымдар мен сарапшылар оны төлеу тетіктерін сынға алумен келеді. Сондықтан, елдің салық заңнамасына енгізілетін кез келген өзгертулер
мен толықтырулар міндетті түрде ҚҚС-ға да қатысты болып отыр. 2009 жылдан бастап ҚҚС-ны төлеу тәртібіне бірқатар жаңа түзетулер енгізілді. Ең алдымен, шағын және орта бизнес саласындағы салықтық жүктемені жеңілдету мақсатында ҚҚС бойынша тіркеу есебінен міндетті қойылатын шегі екі есе - сәйкес қаржылық жылда белгіленген 15000-нан 30000 еселенген айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін ұлғайтылды. Мұның нәтижесінде, айналымдағы қаржысы осы шекті деңгейден төмен салық төлеушілер тіркеу есебіне тұруға міндетті болмайды және ҚҚС-ны төлемейді. Сонымен қатар, әлеуметтік салық, мүлік салығы және көлік құралдары салығына да өзгерістер енгізілген.
Соңғы он жылдың ішінде Қазақстанның салық жүйесі тұрақты түрде жетілдіріліп отырды. ҚҚС, ұжымдық табыс салығы, әлеуметтік салық пен жеке табыс салығының ережелері қайта қаралып, түзетілгенін осы бағыттағы жемісті жұмыстардың бірі ретінде атауға болады. Қазақстанның салық жүйесі, бірқатар шетелдік сарапшылардың пікірінше, ТМД елдері арасындағы ең оңтайлысы болып есептелгенмен, салада түйіні шешілмей келе жатқан мәселелер баршылық. Айталық, меншік салығын (жер салығы мен заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы) ұстау механизміне байланысты нақты проблемалар туындап отырғанына қарамастан, мәселе Үкіметтің назарынан тыс қалып отыр. Оның үстіне, Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы бойынша жер салығы жер учаскелерін пайдалану мақсатына қарай ұсталады. Мамандардың пікірінше, қазіргі жер салығын есептеу механизмі тиімсіз. Мұндағы ең басты кемшілік - жаһандану жағдайындағы жер құнының нарықтық бағасы мен оның рөлі есепке алынбай келеді. Сарапшылардың пайымынша, салық жүйелерін үйлестіруді сатылатын тауарлар мен атқарылатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің бағасына қосылатындықтан, қосымша құн салығынан бастау тиімді болмақ. Сондықтан, ҚҚС отандық тауарлардың шетел нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады [8,33б].
Түйіндей келгенде, салық жүйесі де тірі организм секілді. Оны тұрақты түрде жетілдіріп, реформалап отыру қажет. Мемлекеттік бюджеттің 70 пайызын салықтар құрайтынын ескерсек, тіпті, бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін аңғару қиын емес. Ал заңды түрде белгіленген сол салықтарды, алымдар мен өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің мемлекет алдындағы борышы әрі міндеті екенін білу қажет.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне 2012-2014 ж.ж. салық түсімдерін талдау
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi экономикалық қатынастарға және тиiстi құқықтық нормаларға негiзделген әртүрлi денгейдегi бюджеттердi қамтиды. Қазақстан Респубикасының бюджет жиынтығында мемлекеттiк бюджеттi құрайтын респубикалық бюджетпен жергiлiктi бюджеттер дербес жұмыс iстейдi.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1) кірістер: - салықтық түсімдер; - салықтық емес түсімдер; - негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- ресми трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
- бюджеттік кредиттер;
- бюджеттік кредиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
- қаржы активтерін сатып алу;
- мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) .
Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер -- бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады [9,57б].
Бюджеттің шығындары -- қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар
3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар -- мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер -- қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) заңи тұлғаларға субсидиялар -- мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер -- бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері .
2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы 2013 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 20, 152-құжат; 2014 жылғы 14 ақпанда Егемен Қазақстан және Казахстанская правда газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2013 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
1) 2013 - 2015 ж.арналған республикалық бюджеттің кірістері 5 112 412 323 мың теңге. Оның ішінде-салықтық түсімдер бойынша - 3 365 696 627 мың теңге;салықтық емес түсімдер бойынша - 230 560 870 мың теңге негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 19 590 311 мың теңге трансферттер түсімдері бойынша - 1 496 564 515 мың теңге
2) Шығындар - 5 474 618 196 мың теңге. Оның ішінде: - таза бюджеттік кредит беру - 54 000 757 мың теңге; бюджеттік кредиттер - 177 999 247 мың теңге;бюджеттік кредиттерді өтеу - 123 998 490 мың теңге; қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 363 627 077 мың теңге. Оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 364 137 077 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 510 000 мың теңге; - тапшылық - 779 833 707 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,5 пайызы - бюджет тапшылығын қаржыландыру - 779 833 707 мың теңге; - сәулет-құрылыстық бақылау және лицензиялау - 756 683 мың теңге;
2013 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 1 380 000 000 мың теңге сомасында көзделді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыруға; облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендер көшелерін күрделі және орташа жөндеуге; моноқалаларды жайластыру мәселелерін шешуге; [10,13б.].Іс-шаралардың жедел қаржыландырылуын қамтамасыз ететін, ағымдағы жылғы 16 қарашадағы Республикалық бюджеттік комиссияда мақұлданған 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 1 желтоқсандағы №1428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы қарауға енгізіліп отыр.Іске асыру туралы қаулының жобасында 2013-2017 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруіне сәйкес 2013 жылғы бюджетке енгізілген өзгерістер орындауға қабылданып отыр.Заң жобасы Парламентте жеделдетілген тәртіппен, талқылаудан түзетусіз өтті.Қаулының жобасы Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес қалыптастырылған, жергілікті атқарушы органдарға берілген нысаналы трансферттердің сомасы, 2013-2015 жылдарға арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі бойынша қайта бөлу және 2013 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесіне өзгерістер мен толықтыруларды қамтиды. Сондай-ақ бюджет заңнамасына сәйкес бюджет жобасында бюджеттің жалпы параметрлеріне әсер етпейтін түзетулердің ескерілгенін (бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың қайта бөлінуіне, Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылуына және тағы басқаларына байланысты) атап айту қажет.
Бюджеттi нақтылау жүргізу кезiнде мынадай:
- тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
-Балапан бағдарламасы шеңберінде мектепке дейінгі балалар ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс орналастыру;
- астықты экспортқа тасымалдау құнын арзандатуды субсидиялау;
- Астана қаласының автожолдарын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту сияқты бірқатар әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар бойынша сомалары ұлғайтылды [11,61б].
Кесте 1
ҚР 2013-2015 жылдар арасындағы мемлекеттік бюджеттің фактісі.
Төлемнің атауы
01.11.2013 жылғы МБ фактісі
01.11.2014 жылғы МБ фактісі
01.11.2015 жылғы МБ фактісі
1
2
3
4
Салықтық түсімдер
2 205 494 206
3 095 484 690
3 165 277 317
Корпоративтік табыс салығы
593 248 360,0
776 957 778
788 196 071
Жеке табыс салығы
252 861 068,0
296 134 749
300 028 635
Әлеуметтік салық
201 911 409,0
239 573 121
234 466 902
Мүлікке салынатын салық
82 608 040,0
88 900 673
89 557 755
Жер салығы
10 721 703,0
9 926 734
10 334 836
Көлік құралдарына салынатын салық
23 681 990,0
24 614 516
26 965 946
Бірыңғай жер салығы
543 246,0
445 528
547 443
Қосылған құн салығы, барлығы
538 183 315,0
671 881 981
715 568 627
1) Іште өндірілетін тауарларға салынатын ҚҚС
194 594 299
200 350 594
234 099 743
2) Импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС
343 589 016
471 531 387
481 468 884
Акциздер, барлығы
50 732 805,0
61 707 323
62 635 242
1) Ішкі өндіріс тауарларына салынатын акциздер
39 111 289
47 040 813
47 322 331
2) Импортталатын тауарларға салынатын акциздер
11 621 516
14 666 510
15 312 911
Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер
155 602 728,0
217 291 235
224 805 778
Алымдар
7 779 125,0
8 543 519
9 788 888
Құмар ойын бизнеске салық
4 166 861,0
4 536 386
4 839 830
Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтар
263 603 902,0
673 573 798
675 404 263
Басқада салықтар
4 105,0
3 850
3 588
Мемлекеттік баж
19 845 549,0
21 393 499
22 133 512
Салықтық емес түсімдер
83 952 246,0
79 135 856
104 308 160
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
45 741 870,0
28 154 268
36 194 551
БАРЛЫҒЫ кірістер (3 санат)
2 335 188 322
3 202 774 814
3 305 780 027
Трансферттердің түсімі
990 000 000,0
1 200 000 000
1 010 000 000
ЖИЫНЫ
3 325 188 322
4 402 774 814
4 315 780 027
Кедендік төлемдер мен салықтар
618 814 434
1 159 771 695
1 172 186 058
Е с к е р т у: ҚР мемлекеттік бюджеттің негізгі статистикалық көрсеткіштерінен алынған.
Сонымен, бұл кесте бойынша кірістердің барлық түсімі 2015 жылы 2013-2014 жылдармен салыстырғанда көбірек. Жалпы 2015 жылдың кедендік төлемдер мен салықтардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz