Баға туралы ұғым, маңызы, жасау қағидалары



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Баға туралы ұғым, маңызы, жасау қағидалары

Жоспар:
1. Бағаның құндық негіздері және баға жасаудың нарықтық әдісіне көшу
2. Баға жасаудың нарықтық әдісінің ерекше белгілері
3. Бағаның экономикалық функциялары
4. Баға жасаудың әдістемелік мәселелері

1. Баға және баға жасау нарықтық экономиканың өте маңызды элементтерінің
бірі болып табылады. Баға – күрделі экономикалық категория. Баға негізінде
тауарлар өндірісі. өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы
өнімді шығару, тарату және қолдану және т.с.с. сұрақтар шешіледі.
Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы
оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы). Негізін
қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар
құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі
қарай дамытқан К.Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың
құны және бағасы болады. Құн – қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа).
Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек
мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының
ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға
байланысты өзгеруі мүмкін.
Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді
пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады. Яғни, бұл
жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы
тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады. Мұнда
баға тауар құнынан босатылады және оның қажеті жоқ.
Қазіргі заманғы экономикалық теория осы екі теорияны біріктіруге
тырысуда.
Қанша айтқанмен, тауарды өңдіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтау
объективті қажеттілік ретінде қалды, өйткені кез келген фирма өзінің
шығындарын қайтарып, қалыпты пайда алуға мәжбүр.
Тарифтер және сауда бойынша генеральды агентство (ГАТТ) қалыпты құнның
анықтамасын келесі түрде береді: қалыпты құн деп сауда арқылы орны
толтырылатын тауар пайда болған елдегі тауарға кеткен материалдар және
жасау құны мен жалпы шығындар және қалыпты пайда мөлшерінің қосындысын
атайды.
Баға жасау деп тауарға бағаны қалыптастыру процесін атайды. Жалпы алғанда
баға жасаудың екі жүйесі бар: орталықтандырылған және нарықтық.
Бағаның нарықтағы орны қандай. Нарықтың өзі тауарлы-ақшалай қарым-
қатынастарын және құндық категорияларды (қаржы, несие, еңбек ақы, өзіндік
құн, пайда, баға) іске асырудың негізгі формасы болып табылады. Егер де
сұраныс және ұсыныс бар болса мұнда міндетті түрде нарықтық қарым-қатынас
пайда болады. Олардың мүдделері қарама-қайшы болады. Сондықтан да оларды
үйлестіретін тек баға ғана болады. Солымен, нарық деп сатушылардың және
сатып алушылардың мүдделерін қақтығысу арқылы бағаның пайда болуына
мүмкіндік жасайтын экономикалық процесті атайды. Яғни баға нарықтық қарым-
қатынастарда орталық орын алады.
Нарықтық экономикада ең маңызды рөлді құн заңы орындаса, жоспарлы
орталықтандырылған экономикада жоспарлы даму және орталықтандырылған бөлу
заңдары негізінен қолданылады. Құн заңы баға жасау механизмі және сұраныс
пен ұсынысты тепе-тең жасау процесіне негізделеді.
2. Орталықтандырылған экономикада өнім бағасы кейде өндірістің басталуына
дейін анықталуы мүмкін, яғни баға негізінде шығындарды есептеу болатын.
1. Нарықтық баға жасаудың ең түбегейлі ерекше белгісі ретінде тауар
бағасының өндірісте, тіпті кәсіпорында емес, өткізу өрісінде анықталатынын,
яғни сұраныс пен ұсыныстың ықпалына тәуелді болатынын атау қажет. Тауар
бағасы және оның пайдалылығы тек нарықта ғана тексеріледі және қалыптасады.
Біздің елде, өкінішке орай әлі де болса, тауар бағасы негізінен кәсіпорын
шығындарына қарай қалыптасады. Оның себебі ретінде біздің еліміздегі
сұраныстың ұсыныстан әлдеқайда көп болуын және монополиялардың бар болуын
атауға болады.
2. Нарықтық баға жасаудың келесі белгісі ретінде тауар бағасын оны
өңдірген тұлға белгілейтінін атауға болады (яғни мемлекет бұл процеске
араласпайды). Мемлекет тек шектелген тауар түрлеріне ғана бағаның жасалу
процесіне реттеу жүргізе алады. Сонымен қатар, мемлекет баға жасаудың
жалпыға бірдей ережелер мен қағидаларды іске қоса алады (мысалы,
тиімділіктің шекті деңгейін орнату). Бірақ нақты тауар бағасын бәрібір
кәсіпорынның өзі қояды. Сонымен, нарықтық баға жасау мемлекеттік баға
реттеу жүйесімен өте икемді үйлесуі керек.
3. Нарықтық экономикада бағалардың динамикасына екі маңызды фактор әсер
етеді: стратегиялық және тактикалық. Стратегиялық фактор – бағалар тауарлар
құнының негізінде құрылады. Бағалар осы құнның төңірегінде тербеліс жасау
мүмкін. Бұл өте күрделі және ұзақ уақытты процесс. Тактикалық фактор –
бағалар нарық конънктурасына тәуелді өзгеру мүмкін. Осы екі факторды кез
келген кәсіпорын жақсы меңгеріп білу қажет, әйтпесе қосымша шығындарға
ұшырау мүмкін. Бірінші фактор өте жақсы ұйымдастырылған фирма, яғни
шығындары ең аз кәсіпорын үшін тиімді. Екінші фактор нарық конъюнктурасын
әрі тез және икемді қолдана алатын фирмалар үшін тиімді. Мұнда тыңғылықты
дайындық және жоғары білікті кадрлардың маңызы зор. Ал ең көп пайданы осы
екі факторды пайдалана алатын фирмалар алады.
Осы бағалардың динамикасына және нарық конъюнктурасына мемлекет те
экономикалық тұрғыдан әсер ету қажет. Бізде бұл әсер әлі де дұрыс
қалыптаспаған.
4. Бәсеке. Ол үшін меншік түрлерінің алуан түрлілігін және заңның бәріне
бірдей болуын қамтамасыз ету қажет. (жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу
мәселесі). Бәсеке нәтижесінде нарықта тек шын мәнінде өндірісті дұрыс
ұйымдастырып, шынайы кәсіби біліктілікті көрсете алатын шаруашылық
субъектілердің қалуына негіз болады. Тіпті банкроттықтың өзі ел үшін тиімді
бола алады.
Бәсекеде ұтысқа жетудің негізі ретінде икемді өндірісті жасау болып
табылады, яғни жаңа қажеттіліктерге тез арада ауыса алатын, көп шығынсыз
жаңа өнімді шығаруға бейімделген өндірістер.
Директивті баға жасау мен нарықтық баға жасаудың бәсекені өсіруге ықпалын
қарастыру. Негізгі міндет келісімдік (еркін) баға жүйесіне ауысу. Ол үшін
келесі шарттарды орындау қажет:
А) кәсіпорындардың іс жүзіндегі шаруашылық дербестігі
Б) тауарлардың дефицитін болдырмау
В) монополияларды жою
Г) экономиканы қайта құру, қару-жарақ өнеркәсібінің конверсиясы
Д) біріңғай экономикалық кеңістікті орнату
Е) тұтынушыларды және жабдықтаушыларды өз еркімен таңдау мүмкіндігі
Үлкен мәселе ретінде бағалардың және тауар құндарының территориальдық
бөлінуін зерттеу болады, яғни аймақтық және бүкіл мемлекеттік нарықтарды
үйлестіру мәселесі. Сонымен қатар, әлемдік бағалардың қозғалысын және
үрдістерін зерттеу қажет.
3. Баға функциясы деп оның ішкі құрамының (қасиеттерінің) сыртынан
көрінісін айтады. Бағаның 5 функциясын атауға болады:
а) есебке алу функциясы – қоғамдық еңбек шығындарын есебке алу және
өлшеу. Басқаша айтқанда баға арқылы біз осы тауарға қанша шығын кеткенін
анықтай аламыз немесе берілген қажеттілікті қанағаттандыруға арналған
тауарға қоғам қанша шығындалғанын көре аламыз. Баға тек шығында ғана емес,
сондай-ақ пайда деңгейін де көрсете алады. Әрине шын мәнінде нарықтық баға
қалыпты бағадан қатты ауытқуы да мүмкін екенін ұмытпауымыз керек. Берілген
функция бойынша баға барлық құндық көрсеткіштерді анықтауға негіз бола
алады. Бұл көрсеткіштер сандық және сапалық болып бөлінеді.
Сандық көрсеткіштер – жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, күрделі салымдар
көлемі, тауар айналымы, өнім көлемі, және т.б.
Сапалық көрсеткіштер – пайдалылық (тиімділік, еңбек өнімділігі, қор
қайтарылымдылығы және т.б.).
Б) Ынталандырушы функция. Баға арқылы ҒТП, қорлардың үнемделуін, өнім
сапасын көтеруді, өндіріс құрылымын өзгертуді ынталандыруға болады. Баға
арқылы сонымен қатар, тұтынушыларды да ынталандыруға болады.
В) Бөлу функциясы. Бағаның көмегімен ұлттық (таза) табысты бөлуге және
қайта бөлуге болады: экономика салалары арасында, меншік формалары
арасында, ел аймақтары арасында, жинақтау және тұтыну қоры арасында,
халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында.
Мемлекет бұл функцияны акциз, ҚҚС және т.б. әдістер арқылы орындайды.
Г) Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы.
Д) Өндірісті тиімді орналастыру белгісі ретінде болуға бағытталған
бағаның функциясы. Капитал пайда мөлшері әсіресе көп экономика секторына
ауысуға тырысады, ал капитал иесі кәсіпорындар және ұйымдар болады.
Осы аталған барлық баға функциялары бір-бірімен байланысады, кейде қарама-
қайшы болады.
4. Баға жасау методологиясы – баға жасау тұжырымдамасын құрастырудың,
бағаларды анықтау және дәлелдеудің, бағалар жүйесін қалыптастырудың, баға
жасауды басқарудың жалпы ережелерінің, қағидаларының, әдістерінің жиынтығы
болып табылады. Методология баға белгілеудің барлық деңгейлеріне бірдей
болады. Методология мен әдістемені шатыстырмау керек, өйткені методология
бұл баға жасаудың стратегиясы болса, әдістеме нақты баға құрастырудың нақты
әдістерін, ұсыныстарын, құралдарын қарастырады. Яғни әдістемелер
методологияның құрамдас элементтері болып табылады.
Методологияның екінші құрамдас элементі ретінде баға жасаудың қағидалары
болады. Қағидалар мен әдістемелер бір-бірімен тығыз байланыста болады және
бірігіп методологияны құрайды. Баға жасау қағидалары деп үздіксіз қызмет
ететін негізгі ережелер, бүкіл бағалар жүйесіне тән болып, оның негізінде
жатады. Қағидалар: бағаларды ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, бағалардың мақсатты
бағытталуы, баға жасау процесінің үздіксіздігі, баға жасау процесінің және
олардың орындалуына бақылау жүргізудің біріктірілуі. Бақылау мақсаты – баға
жасау қағидаларын және ережелерін қолдану деңгейін тексеру. Екі түрі бар:
мемлекеттік және қоғамдық.. Баға жасау қағидалары сондай-ақ үш заңдылыққа
бағынып бөлінеді: сұраныс, ұсыныс заңдары, елдегі бағаның әлемдік бағамен
байланысу заңы, барлық салалардағы бағаның өзгеру бірегейлігін сақтау заңы.

Баға түрлері және оның жүйесі

Жоспар:
1. Баға түрлері, жіктелуі.
2. Баға жүйесі, негізгі белгілері

1. Бірқатар экономикалық белгілерге қарай бағалардың бірнеше жіктеулері
бар:
А) Бағаны қою объектісіне қарай материалдық өнімге және қызметтерге
қойылатын бағалар болады. Материалдық өнімдерге қойылатын бағалар
түрлері:
А.1. Өнеркәсіп өніміне көтерме бағалар – бұл меншік формаға тәуелсіз
өнеркәсіп кәсіпорындарының, фирмаларының, ұйымдарының тауарлары ірі
көлемде сатылатын, және сатып алынатын бағалар. Көбінесе, бұл бағамен
тауарды әртүрлі делдалдар сатып алады. Көтерме бағалардың екі түрі бар:
кәсіпорынның көтерме бағасы (сату бағасы) және өнеркәсіптің сату бағасы.
Кәсіпорынның көтерме бағасы – бұл кәсіпорын шығындарының осы кәсіпорынға
қажет қалыпты пайданың, жанама салықтардың қосындысы. Қалыпты пайда – бұл
кәсіпорынның ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін ақша мөлшері. Пайда
нормасы көптеген факторларға тәуелді болады. Кәсіпорынның көтерме
бағасына қарай кәсіпорын қызметінің негізгі құндық көрсеткіштері талдауға
салынады, жоспарланады және есептелінеді. Кәсіпорынның көтерме бағасының
ерекше түрі – трансфертты бағалар – кәсіпорын, фирма ішіндегі бөлімшелер
арасында қолданылатын баға деңгейі.
Өнеркәсіптің көтерме бағасы деп тұтынушы кәсіпорындар, ұйымдар жабдықтау
–сату (көтерме сауда) ұйымдарынан тауарды сатып алатын бағаларды айтамыз.
Бұл кәсіпорынның көтерме бағасының құрамына, сондай-ақ, жабдықтау-сату
ұйымының шығындары, пайдасы және ол төлейтін салықтар қосылады. Бұл
бағалар өткізу өрісімен тығыз байланыста болады. Өнеркәсіптің көтерме
бағасының ерекше түрі ретінде биржалық келісімдер немесе тауар бағасын
көрсетуге болады. Ол биржадағы котировкаларға, жеткізу ара-қашықтығына,
шегерім мен қосылымдарға, тауар сапасына, санына қарай қалыптасады.
А.2. Құрылыс тауарларының бағалары – үш түрі бар: 1. сметалық (құрылыс
салу) құн (әр объектіні салуға кететін шекті шығындар; 2. прейскурантты
баға – типтік құрылыс объектісінің соңғы өнімінің бірлігіне кететін
орташа шығындар деңгейі; 3. келісімдік баға – тапсырыс беруші мен
орындаушы арасындағы келіссөздер арқылы қалыптасады.
А.3. Сатып алу бағалары – ауылшаруашылық өнімді сату бағалары. Бұл
бағалар бойынша баға паритеті (ауыл және қала арасындағы бағалық
үйлесімділік) мәселесі үлкен орын алады. Бұл жерде ауылшаруашылық өнімнің
жылына бір рет өткізілуін есебке алу керек. Мемлекет тарапынан осы
мәселеге аса зор көңіл бөліну керек (субвенциялар, жеңілдетілген
несиелер, материалдық-техникалық көмек және т.с.с.).
А.4. Бөлшек сауда бағалары – соңғы тұтынушыларға арналған бағалар.
Тауарлар айналыс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Бұл бағаны анықтау үшін
өнеркәсіптің көтерме бағасына сауда шығындары, пайдасы және салықтары
қосылады.
Б. Қызметтерге қойылатын бағаларды тарифтер деп атайды. Олар транспортты,
коммуналды, тұрмысты болып бөлінеді.
Б.1. Транспорттық тарифтер – жүктерді, пассажирлерді тасымалдауға
алынатын төлем мөлшері. Құрамына транспорттық ұйымның шығындары, пайдасы
және ҚҚС кіреді. Шығындар екі бөліктен тұрады: бастапқы-соңғы операциялар
үшін және қозғалыс үшін.
Б.2. Коммуналды тарифтер – отын, жылу, су, канализация, газ,
электрэнергиясы, көмір.
Б.3. Тұрмысты тарифтер – шаштараз, кір жуу, жөндеу және с.с.
В. Қызмет ету өрісіне қарай - әлемдік, біріңғай мемлекеттік (немесе
белбеулі) және аймақтық (зональды, жергілікті) бағалар болады.
Г. Тұтынушы жүктерді жеткізу бойынша транспорттық шығындарды төлеу
тәртібіне қарай - өнімді шығару орнындағы баға (тауар шығару жерінде
тұтынушыға сатылады); тасымалдау шығындарымен қоса біріңғай баға
(тұтынушының бәріне де мекен-жайына тәуелсіз біріңғай бағалар, мұнда
транспорттық шығындар орташа етіп алынады); зональды бағалар (берілген
зонада тұратын тұтынышыларға біріңғай бағалар қолданылады); базистік
нүкте негізінде анықталатын бағалар (фирма әртүрлі географиялық
нүктелерде бір тауарға базистік баға тағайындайды, сонда іс жүзіндегі
бағаны анықтау үшін ең жақын нүктедегі базистік бағаға тұтынушыға жеткізу
шығындарын қосады).
Д. Бағаны орнату тәртібіне қарай еркін және реттелетін және тіркелген
бағалар болады.
Д.1. Еркін бағалар сұраныс және ұсыныс ықпалының негізінде қалыптасады.
Д.2. Реттелетін бағалар – олар да сұраныс пен ұсынысқа негізделеді, бірақ
мемлекеттік органдардың ықпалына да тәуелді болады (экономикалық (несие,
кеден, салық, қаржы, бюджет саясаты арқылы) және әкімшілік
(рентабельділікті шектеу, бағаны өзгертудің шекті коэффициенттері, шекті
бағалар мен тарифтер енгізу) реттеу.
Д.3. Тіркелген бағалар – мемлекет тікелей орнататын бағалар
(прейскурантты, мұздатылған, монопольды бағаларды тіркеу).
Е. Тауардың жаңа болу дәрежесіне қарай жаңа тауарлар бағалары және
нарықта ұзақ сатылатын тауар бағалары болады.
Е.1. Жаңа тауарға қаймақты алу бағасы, нарыққа ену бағасы,
психологиялық баға, лидердің артынан еру бағасы, өндіріс шығындарын
өтеу бағасы, беделді баға қолданылады
Е.2. Ұзақ мерзім сатылатын тауар бағасы – ауыспалы (скользящая) немесе
түсіп бара жатқан бағалар (сұраныс пен ұсыныс ара-қатысына тәуелділік),
ұзақмерзімді баға (жаппай алынатын тауар үшін), нарықтың тұтынушылық
сегментіне арналған бағалар (әртүрлі сегменттерге әртүрлі баға қолдану),
икемді бағалар (сатушы өзі тез арада өзгерте алатын бағалар), артықшылығы
бар бағалар (үлесі 70-80 % болатын компаниялар бағаларын түсіре алады),
енді шығарылмайтын өнімдерге бағалар (берілген тауарларда мұқтаж
тұтынушыларға арналған), кәсіпорындардың көбінен төмен болатын бағалар
(басқа тауарды толықтыратын тауарлар үшін қолданады), келісімдік бағалар
(сатып алушыға қосымша жеңілдіктер немесе шегерімдер жасалынады)
қолданылады.
Ж) Сыртқы тауар айналымын қамтамасыз етуге қарай экспортты және импортты
бағалар болады. Бұл бағалар әлемдік бағалар деңгейіне тәуелді болады.
Бұл жерде тауарды тасымалдау шығындарын өтеуге байланысты (франкировкаға)
әртүрлі бағалар қолданылады:
Франко- жеткізу станциясы – тауар бағасына оны вагоннан шығаруға дейін
болған транспорттық шығындар кіреді
Франко-жіберу станциясы – тауар бағасына жіберу станциясына дейін болған
транспорттық шығындар кіреді, кейінгі шығындар бағадан тыс төленеді.
Франко – қай жерге дейін транспорттық шығындар төленетінін көрсетеді.
З) Есебке алу және статистикада қолданылатын бағалар (тіркеу, талдау,
индекстерді есептеу үшін қажет): бағалар индексы, ағымдағы, орташа
бағалар, салыстырылатын және өзгеріссіз бағалар жатады.
И) Ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ, жобалық, лимитті және шамалы
(болжамды) бағалар қолданылады.
2. Барлық баға түрлері бір-бірімен тығыз байланыста болып, біріңғай
жүйені құрайды. Бұл жүйе үнемі қозғалыста болып, әртүрлі факторларға
тәуелді болады. Бағалар жүйесінің әсіресе маңызды бөліктері ретінде
көтерме бағалар, сатып алу бағалары, бөлшек сауда бағалары және транспорт
тарифтерін атауға болады. Бұл негізгі бөліктер өз кезегінде бірнеше ішкі
бөліктерге бөлінеді.
Бағалар жүйесіндегі байланыстар сұйықтықтар бар кеңдіктердің қосылуы
қағидасына сүйенеді, яғни бір баға түрлерінің өзгерісі өз кезегінде басқа
бағалар түрлеріне, бөліктеріне тізбек бойынша әсер етеді.
Баға жүйесінде әсіресе маңызды орынды өнеркәсіптің негізгі салаларының
бағалары алады (отын-энергетикалық сала, металлургия, ауылшаруашылықтағы
сатып алу бағалары).
Бағалар тек тура әсер етпей, сондай-ақ кері әсер де алады, мысалы, отын
саласының өнімі бағасының өсуі, берілген салаға қажет техниканың,
материалдардың қымбаттануына әкелуі мүмкін.
Жоспарлы экономикада берілген салалардың бағаларына мемлекеттік реттеу
толығымен қолданылатын (дотациялар, субвенциялар, шектеулер), қазір
жағдай басқаша.
Біріңғай жүйеге кіретін бағалардың өзара байланыстылығы, тәуелділігі
келесі жағдайлармен айқындалады:
1. Барлық бағалар біріңғай әдістемелік негізде құрылады, яғни құн,
сұраныс, ұсыныс заңдарына негізделіп.
2. Барлық кәсіпорындар, фирмалар, ұйымдар өзара байланысқан, өйткені
олардың бәрі де жалпы шаруашылық кешенді құрайды. Байланыс түрлері:
өндірістік, экономикалық, технологиялық және т.б.
Дегенмен, бағалардың өзара байланыстылығы жеке баға түрлерінің және
топтарының дербес, өздігінен өзгеруін, қозғалысын жоқ қылмайды, тіпті оған
негіз бола алады.
Бағалар жүйесі олар қызмет ететін экономикалық ортамен өте тығыз
байланыста болады.
Бағалар жүйесі бағалар деңгейі, бағалар құрылымы, бағалар динамикасы
сияқты көрсеткіштермен сипатталады.
Баға жасау үшін алдын-ала зерттеу және талдау қызметін жасау үшін ақпарат
жинау қажет. Бұл ақпаратқа тауар және нарық туралы, бәсеке және үкімет
саясаты жөнінде, өндіріс және шығындар туралы, тауар сату көлемдері мен
пайда деңгейі жөнінде ақпарат жатады.

Баға жасау факторлары

Жоспар:
1. Бағаның сұраныс пен ұсынысқа тәуелділігі.
2. Бағаның өзгеруіне әсер ететін факторлар
3. Нарық құрылымы және бағаны жасау

1. Нарықтық экономикада бағаға әсер ететін бірден бір фактор ретінде нарық
конъюнктурасы, яғни сұраныс пен ұсыныстың ара-қатысы болады.
Сұраныс және ұсыныстың анықтамаларын еске түсіру (маркетинг пәнінен)
және олардың баға деңгейіне байланысты мөлшерін өзгерту тәуелділігін
сипаттау.
Сұраныс пен бағаның тәуелділігін сипаттайтын формула:

мұндағы: Рх – Х тауарының бағасы
Ру, ...Рz – ауыстырғыш (субститут) және толықтырғыш (комплиментарлы)
тауарларының бағалары
І – сатып алушының табысы
W – тұтынушының сатып алушылық қабілеті немесе тұрмыстық жағдайы
Tx – сатып алушылардың жеке тағлымдары, көзқарастары
Ғ – тұтынушылық күтімдер
S – берілген тауар қанағаттандыратын мұқтаждықтың маусымдылығы
q – сатып алушылардың саны
Рх-тен басқасы бағадан басқа факторларға жатады. Олар сұраныстың өзін
(қисығын) өзгерте алады.
Ұсыныс пен бағаның тәуелділігін сипаттайтын формула:

мұндағы: Рх – Х тауарының бағасы
Ру, ...Рz – бәсекелес және осы тауармен қоса шығарылатын тауарлардың
бағалары
К – өндіріс технологиясының деңгейі
L – салықтар мен дотациялар
N – өндірістік қорлар үшін төлемдер
q – сатушылардың саны
Икемділік – бір өзгермелі шаманың басқа шаманың өзгерісіне ықпал ету
өлшемі.
Икемділік коэффициенті

Егер Ed1 – икемсіз сұраныс (бірінші қажеттіліктерді
қанағаттандыратын тауарлар: тұрғын үй, электрэнергиясы, т.б., ауыстыратын
тауар жоқ өнімдер: сүт, нан, дәрі-дәрмек, медицина қызметтері, шамамен аз
тұратын тауарлар: тұз, сіріңке, дефицитті (таңдау мүмкіндігі жоқ)
тауарлар), Ed1 – икемді сұраныс.

2. Бағаның өзгеруіне әсер ететін факторлар:
Бағалардың төмендеуіне көмектесетін факторлар:
Өндірістің өсуі, техникалық прогресс, өндірістің және айналыстың
шығындарын төмендету, еңбек өнімділігін өсіру, бәсеке, салықтарды
төмендету, тура байланыстарды кеңейту.
Бағалардың өсуін тудыратын факторлар:
Өндірістің төмендеуі, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, кәсіпорынның
монополиясы, ажиотажды сұраныс, айналыстағы ақшаның өсімі, салықтардың
өсуі, еңбек ақының өсуі, кәсіпорын пайдасының өсуі, тауар сапасының өсуі,
модаға сәйкес болу, жұмыс күші құнының өсуі, кәсіпорында барлық қорларды
дұрыс (тиімді) қолданбау.
Бағаның жасалу процесіне әсер ететін факторлар:
1. Қаржы-несие өрісі
2. Тұтынушылар (біріншіден сұраныс пен ұсынысқа байланысты, екіншіден
тұтынушылардың бағаларға, сатып алуларға қарым-қатынасына байланысты):
соңғы жағдай бойынша 4 түрлі тұтынушы болады: а) тауар таңдағанда оның
бағасына, сапасына, ассортиментіне көп көңіл бөледі; б) тауардың
бейнесіне көп көңіл бөлетін тұтынушылар, сатушылардың қарым-
қатынасына, қызмет көрсету дәрежесіне; в) ұсақ фирмаларға демеу
жасайтын тұтынушылар (артық бағамен де сатып алуға дайын болады); г)
тауардың бағасы емес, ол беретін қолайлылықты (комфорт), пайдалылықты
көп талап ететін тұтынушылар.
3. Мемлекеттік реттеу (заң негізінде баға жасауда әртүрлі заңға, нарық
заңдарына қайшы әрекеттер жасатқызбау)
4. Тауар қозғаласының қатысушылары
5. Бәсеке (нарық, фирма және мемлекет басқаратын бәсеке орталары болады)

3. Баға жасаудың әртүрлі нарық түрлерінде ерекшеліктері
Нарық құрылымы – бұл нарықтың негізгі және ерекше белгілері:
фирмалардың саны, өлшемі, әртүрлі фирмалар шығаратын тауарлардың ұқсастығы,
айырмашылықтары, нарыққа жаңа сатушыларға кіру немесе жеңілдігі, нарықтық
ақпаратты жинау мүмкіндігі.
Нарықтың әртүрлі модельдері болуы мүмкін: жалпы алғанда 4 түрі бар:
Таза бәсеке, монополиялық бәсеке, олигополия, таза монополия. Біріншісі мен
төртіншісі абстрактты болады, өйткені іс жүзінде ондай нарықтар болмайды.
Ерекше Таза бәсеке Монополиялық Олигополия Таза монополия
белгілері
Фирма саны өте көп Көп бірнеше Біреу
Өнім түрі біріңғай әртүрлі әртүрлі немесе Бірегей
біріңғай
Бағаларды жоқ Бар, бірақ тар өзара өте жоғары
басқару шеңберде тәуелділікпен
шектелген,
сыбайлыстықта
өте жоғары
Нарыққа ену Кедергі жоқ оңай өте қиын Кіру мүмкін
мүмкіндігі емес
Бағадан басқа жоқ Негізінен өте тән болады Жарнамаға және
бәсеке жарнамаға, фирманың
сауда қоғамдық
белгілеріне, ұйымдармен
маркаларға, байланысына өте
т.б. көп көңіл көп көңіл
бөлінеді бөлінеді
Мысал Ауыл Бөлшек сауда, Автомобиль, Қоғамдық
шаруашылығы киім, аяқ киім тұрмыстық пайдаланудағы
өндірісі техника, шойын жергілікті
өңдіру кәсіпорындар

Таза монополист дискриминациялық бағаларды қолдана алады, оның
негізгі түрлері: сатып алушылар топтары бойынша, тауарлар, қызметтер
варианты бойынша, территория бойынша, уақыт бойынша. Демпинг – бір жерде өз
бағамен сатып, екінші бір жерде тауарды өте төмен бағамен сату.

Баға жасау саясаты

Жоспар:
1. Баға жасау процесінің кезеңдері
2. Баға саясаты және тауардың өмірлік циклы арасындағы байланыс
3. Баға саясатының стратегиялық және тактикалық ерекшеліктері
4. Баға жасау әдістері

1. Баға жасау процесінің негізгі кезеңдері
а) Мақсат қою. Тауар шығару мақсатын, оның нарықтағы орнын анықтау
қажет. Жалпы алғанда үш басты мақсат болады: фирманың қызметін сақтау
(нарыққа ену бағалары); пайданы өсіру (сұраныс пен ұсынысқа қарай);
нарықтағы орнын сақтау (бағаны бір қалыпты ұстау).
б) Сұранысты анықтау (бағаның максимальды деңгейін көрсетеді).
в) Шығындарды талдау (бағаның минимальды деңгейін көрсетеді)
г) Бәсекелестердің бағаларын талдау.
д) баға жасау әдісін таңдау
е) соңғы бағаны анықтау
Баға белгілеудің әсіресе кең таралған әдістеріне келесілер жатады:
1) Тауар бағасын өндіріс шығындарына негізделіп анықтау
2) Капиталға саналған табыс әдісі
3) Сұранысқа бағытталған бағаларды анықтау
4) Ағымдағы бағалар деңгейіндегі бағаларды белгілеу
Бірінші әдіс толығырақ жеке тақырыпта қарастырылады.
Екінші әдіс бойынша өнім бірлігіне кеткен шығындарға салынған капиталға
саналған процент қосылады. Өнім рентабельділігі келесі формула бойынша
анықталады:

Рентабельділік = (салынған капиталдың пайда нормасы*баланс активының
жиыны+тұрақты шығындар сомасы)(өткізілетін өнім көлемі*өнім бірлігіне
саналған өзгермелі шығындар)
Инфляция кезінде бұл әдісті қолдану қиынү Көбінесе оны ассортименті кең
және жаңа тауарлары бар кәсіпорындар қолданады.
Үшінші әдіс тұтынушылардың тауарға берген бағасы (реакциясы) зерттеледі.
Бұл әдіс тауарлардың дифференциясы жоғары болатын нарықта көп
қолданылады.
Төртінші әдіс бүкіл саланың тәжірибесін жинақтауға негізделген. Бұл
әдісті таза немесе олигополиялық нарықта қолдануға болады. Әр кәсіпорын
бәсекелестің өз бағасын өзгерту себебін тыңғылықты талдау қажет және
сәйкес жауап беру керек. Мысалы, бәсекелес бағаны азайтқанда, оның
себебін, жасау мерзімін және нарыққа ықпалын қарастыру қажет.
2. Тауардың әртүрлі өмірлік циклының кезеңдерінде әртүрлі баға саясаты
қолданылу мүмкін.
1) Эксперимент фазасындағы баға саясаты. Жаңа өнімге баға деңгейін
анықтағанда шекті шығындардың тұрақтылығын атап өту қажет, яғни өндірістің
кеңеюіне ешқандай кедергі болмаса, шекті шығындар да өспейді (берілген фаза
шектерінде). Кәсіпкер үшін негізгі мәселе – жаңа тауарға жаңа сұранысты
туындату, яғни тұтынушылардың жаңа тауарға сенімін жасау үшін қосымша шығын
болуы мүмкін. Тауарға сұраныс өскен сайын олар да кеми бастайды. Бастапқы
баға неғұрлым жоғары болған сайын сұранысты туындатуға кеткен шығындар да
(шекті шығындар) өседі, яғни бұл жерде сұраныс жасауға кеткен шекті
шығындар өнім бағасының функциясына айналады. Кәсіпкердің басты міндеті
тауардың бағасын анықтағанда ол түсіретін табыс мөлшері мен сұранысты
жасауға кеткен шығындар арасындағы айырманы максимальды етіп жасау. Егер
сұраныс жасауға кеткен шығындар табыстан жоғары болса, онда керісінше ең аз
айырма беретін (яғни минимальды шығын әкелетін) баға деңгейін қою қажет.
2) Экспансия фазасындағы баға саясаты. Бұл кезеңде сұраныс дамуы жаңа
тұтынушыларды келтірумен байланысты болады. Экспансия фазасы басқа сөзбен
айтқанда потенциальды сұранысты іске қосу процесін аңғартады
(тұтынушылардың берілген тауарды сатып алу қабілетіне қарай). Баға
деңгейін осы фазада өсірген сайын бұл фазаның уақыты төмендейді, және
керісінше бағаны төмендету арқылы бұл фазаны ұзартып, көбірек тұтынушыларды
келтіруге болады. Жалпы алғанда сұраныстың өсуі баға деңгейінен дербес
автономды процесс ретінде қарастырылады, яғни кейде сұраныс аномалиясы
деген құбылыс болуы мүмкін (баға өскенде сұраныс өсе беруі мүмкін (бірақ
жаңа нарықтарда)). Бұл фазада кәсіпкер жаңа нарықтарды іздеп, өз тауарының
сапасын көтеруге, жаңа түрлерін шығаруға көп көңіл бөлу қажет. Берілген
фазада өндірісті тиімді жасау және шығындарды азайту мерзімі ретінде де
қарастыруға болады (өндірістік қуат өседі, жаппай өндіріс артықшылықтары
іске асады). Нәтижесінде баға деңгейі бұл фазада азаюы мүмкін. Егер
эксперимент жасау фазасында негізгі міндет жаңа сұраныс жасау болса,
экспансия фазасында даму бағытын анықтау мәселесін шешу қажет, яғни
сұранысты өсіру, өнімнің сапасын көтеру, шығындарды азайту. Өндірісті
кеңейту қосымша күрделі шығындарды талап етеді, яғни бұл кезеңде үздіксіз
инвестициялық саясатты жүргізу қажеттігі туындайды. Ол үшін кәсіпкер өз
мүмкіндіктерін және сұраныстың өсу потенциалын дұрыс бағалау қажет. Бұл
кезеңдегі негізгі қиындық, кәсіпкерде берілген тауар және оған арналған
сұраныс дамуы жайында өткендегі мәлімет жоқ, яғни тәжірибе жоқ болуында
айқындалады. Кәсіпкер негізінен өзінің субъективті көзқарасына,
интуициясына негізделеді. Кәсіпкер тек баға икемділігін ғана емес, сондай-
ақ, дербес дамитын сұранысты дұрыс бағалау қажет, оларды ол бір-бірімен
кейде шатыстыруы мүмкін. Шығындар саясаты бойынша нарықта ең тиімді орынды,
шекті шығындары ең төмен өндіруші алатынын атап өту қажет, яғни ол
басқаларға баға деңгейін белгілей алады. Экспансия фазасында шығындар
деңгейі өте өзгермелі болғандықтан бұл фазадаға баға бәсекелесі өте қатал
және шиеленіскен болады (сапа бойынша да тура осылай).
3) Қанығу фазасы. Бұл фазаға ауысу процесі көбінесе көрінбей өтеді. Өндіріс
кеңеюі аяқталмайды, бірақ қарқыны әлдеқайда төмен. Бұл фазада барлық өткізу
нарықтары тауармен толтырылады. Жаңа тұтынушыларды келтіру өте қиын, яғни
сұраныс жасауға кеткен шекті шығындар өсе бастайды. Бұл кезеңде баға
икемділігі алдыңғы фазаларға қарағанда төмендеу болады. Шығындар деңгейін
төмендету мәселесі де бұрынғыдай жеңіл шешілмейді, яғни шығындар өзінің
тиімді көлеміне жақын болады. Сапаны өсіру мүмкіндіктері де төмендейді.
Сонымен, қанығу фазасы динамикасы ең аз және баға теориясында
қарастырылатын ең жетілген нарық құрылымына сай келеді. Бұл жағдайда
нарықтық процестер стандартты экономикалық теориямен толық қарастырылған.
Баға бәсекесі бұл фазада төмендейді. Бұл кезеңде өнімнің өзін
дифференцияциялау мерзімі пайда болады, яғни берілген, қалыптасқан
қажеттілікті қанағаттандыру деңгейін жақсарту. Нәтижесінде кәсіпкер жаңа
нарықты ашып, ескі тауарға бәсекелес тауар жасайды. Кәсіпкердің басты
міндеті келесі, жаңа тауарды шығарудан түсетін табыс мөлшері, ескі тауарға
сұраныс азаюынан болатын пайда жоғалтуларынан артық болуын қамтамасыз ету.
Бұл фазада бағалардың бір –біріне сәйкестігі өте маңызды орын алады.
4) Стагнация, түсу фазасы. Бұл фазада берілген тауар нарығының дамуы жалпы
экономикалық дамудан төмен бола бастайды. Баға икемділігі күрт төмендейді
және бұл процесс дербес, сатушылардың бағаны өзгертуіне тәуелсіз өтеді.
Көбінесе, тұтынушылар табыстарының деңгейі өскен сайын тауар бағасы да өсе
бастайды. Оған себеп ретінде кәсіпорынның шекті шығындарының өсуін де
атауға болады. Стагнация фазасы біртіндеп өндірістің төмендеуі фазасына
ауыса бастайды, жаңа тауарлар нарықтарына жол беріледі. Жаңа бәсекелес
тауардың пайда болуы ескі тауардың нарығына сәйкес әсер береді (жаңа
тауардың баға деңгейіне байланысты). Көбінесе, берілген фазада бағалардың
сәйкестігінен бағалар дербестігі жоғарырақ болады, яғни тәжірибе бойынша
анықталған тұрақты ара-қатыстар сақталынады. Оның нәтижесінде бұл фазада
дәстүрлі салалар өзінің қызметін жалғастыруға мүмкіндік алады. Егер ондай
қолайлы ара-қатыстар жасалынбаса, тауар нарықтан толығымен ығыстырылады.
3. Баға саясатының стратегиялық және тактикалық аспектілері
Баға саясаты деп өз тауарларына, қызметтеріне бағаларды орнатуда фирма
жетекшілері ұстанатын жалпы қағидалар жиынтығын атайды. Баға стратегиясы
деп осы қағидаларды іске асыруға мүмкіндік беретін әдістер жиынтығын
атайды. Баға саясаты жалпы фирма стратегиясының бір бөлімі ретінде
қарастырылады.
Баға саясатының стратегиялық аспектілеріне бағаларды белгілеу және өзгерту
бойынша келісімдік шаралары жатады. Олар фирманың жалпы өндірістік және
тауар шығару жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған.
Баға саясатының тактикалық аспектілеріне қысқамерзімді және бір реттік
шаралар жатады. Олар нарықтағы бағалардың күтпеген өзгерісінен, жетекшілер
қателігінен немесе бәсекелестер қызметінен болған ауытқуларды қалпына
келтіруге бағытталған.
Фирма баға саясатын жүргізгенде үшдеңгейлі талдау жүргізеді: жалпы
экономика деңгейінде, жалпы сала бойынша, кәсіпорын бойынша.
Баға саясатының стратегиялық формаларын таңдағанда фирма өзінің нарықтық
стратегиясына сүйенеді.
Бағаны белгілегенде фирма үш түрлі сұраққа жауап беруге тиіс. Не шығару?
Қалай шығару? Кімге шығару?
Баға жасаудың екі негізгі әдісі әсіресе кең қолданылады:
• Толық шығындар әдісі. Кост-плас. Калькуляцияға және тіркелген пайда
нормасына негізделген
• Тура шығындар әдісі. Өзгермелі шығындар калькуляциясына және
маржинальды табысқа негізделген.
Бағаны белгілегенде фирма сұранысқа және ұсынысқа әсер ететін басқа да
факторларды есебке алу қажет. Барлық факторлар баға реттегіш факторларға
жатады. Факторлардың саны көп болғаннан кейін фирма баға жасаудың икемді
әдістерін қолдануға тиіс.
Нарықта жетілген және жетілмеген бәсеке болуы мүмкін. Жетілген нарықта
фирма нарықтағы қалыптасқан бағаға көп әсер ете алмайды, жетілмеген де
керісінше.
Әтүрлі нарықтарда әртүрлі баға бәсекелесі болуы мүмкін (монополияларда,
жетілген нарықта). Фирма жалпы алғанда өзінің шығындарына басқару жүргізу
қажет.
Іс жүзінде баға анықтаудың келесі әдістемелері болуы мүмкін:
• Шығындарға қарай (алдымен толық өзіндік құн, оған пайыздық
қосылымдар). Бұл әдістеме бойынша мақсатты баға немесе мақсатты
пайда деңгейі, шығынсыздықты қамтамасыз ету анықталады. Әдістеме
технологиясы: алдымен өндірістік қуат бағаланады, одан кейін
калькуляция жасалынады, шығындарға үстеме шығындар және пайда
нормасы қосылады, соңында анықталған мақсатты табысты өнім көлеміне
бөледі. Шығынсыздықты қамтамасыз ету формуласы: Баға*Көлем=Тұрақты
шығындар + өзгермелі шығындар*Көлем.
• Сұранысқа қарай (сұранысты анықтау әлдеқайда қиын және сандық
мөлшерде көрсетуде кедергілер бар, өйткені сұранысқа әсер ететін
факторлар өте көп). Бұл әдістеме бойынша көбінесе бағаны анықтаудың
келесі әдістері қолданылады: дискриминация, тауарлардың
ассортиментті тобы бойынша баға жасау.
• Бәсекелеске қарай (жабық сатулар, тендер жүргізу). Бұл жерде
фирмалар өздерінің шығындарын бағалайды және бәсекелестердің мүмкін
ұсыныстарына баға береді.
Жалпы алғанда фирма жетекшілері келесі сұрақтарды қоймай олардың
орнына басқа сұрақтарды шешу қажет:
1) Шығындарды қайтарып, жақсы пайда алу үшін қандай бағаны қою қажет?
Деген сұрақтың орнына Біз қол жеткізе алатын нарықтық бағалар негізінде
пайда алу үшін қанша шығын жұмсауымыз қажет деген сұрақты шешу қажет
2) Берілген тауарға сатып алушы қандай бағаны төлеуге дайын деген
сұрақтың орнына Берілген тауардың біздің тұтынушыларымызға құндылығы
қандай және фирма тауар бағасының осы құндылыққа сәйкестігін қалай дәлелдеу
қажет деген сұрақты шешу қажет
3) Қажет сату көлемдеріне, нарық үлесіне жету үшін қандай бағалар
қолдану керек деген сұрақтың орнына Қандай сату көлемдері және нарық
үлесі біз үшін ең пайдалы деген сұраққа ауыстыру керек.
Бұл сұрақтар қаржы бөліміндегі мамандар мен маркетологтар арасындағы
қарама-қайшылықты шешуді талап етеді.
4. Баға жасау әдістері.
Фирма жай баға орнатпай, барлық шығаратын тауар ассортиментіне бағалар
жүйесін белгілейді. Бастапқы бағаны белгілеп, фирма оны әртүрлі
факторлардың әсеріне байланысты түзетіп отырады. Фирма келесі бағалар
түрлерін және оларды жасау әдістерін қолданады:
1) жаңа тауарға бағаны белгілеу: ол өз кезегінде патентпен қорғалған нарық
үшін шын мәнінде жаңа болатын тауар үшін бағаны анықтау (қаймақты алу
және нарыққа ену әдістері қолданылады), нарықта бар тауарларға ұқсас
болатын тауар-имитаторға бағаны анықтау. Тауар-имитатор бойынша фирма оның
нарықтағы орнын дұрыс анықтау қажет. Ол үшін баға және сапа
көрсеткіштерінің ара-қатыстары қарастырылады.
Сапа\Баға Жоғары Орташа Төмен
Жоғары Сыйлықты қосылымдарНарыққа терең ену Құндылық мәнін
стратегиясы стратегиясы жоғарлату
стратегиясы
Орташа Артық қойылған бағаОрташа деңгейлі Жақсы сапа
стратегиясы баға стратегиясы стратегиясы
Төмен Ұрлау стратегиясы Көркемділігі өтірікҚұндылық мәнін
стратегиясы төмендету
стратегиясы

2) Тауар номенклатурасы шеңберінде баға жасау. Мұнда фирма өзі шығаратын
тауар номенклатурасы бойынша бағалар жүйесін құрып максимальды пайда алуға
тырысады. 4 типтік жағдай болуы мүмкін:
а) тауар ассортименті шеңберінде бағаны жасау. Әртүрлі тауарларға әртүрлі
деңгейлі бағалар орнатылады (барлық факторлар, әсіресе шығындар деңгейі,
бәсекелестер бағалары, тұтынушылардың көзқарасы, есебке алыну керек)
б) толықтырғыш тауарларға баға орнату. Негізгі тауарға фирмалар кейде
қосымша толықтырғыш тауарлар ұсынады. Негізгі мәселе: стандартты тізімге
және қосымша, толықтырғыш тізімге нені қосу қажет деген сұрақты шешу.
в) Міндетті қосылымдарға бағаларды орнату. Бұл қосылымдар негізгі тауармен
қоса қолданылу қажет. Кейде оларға фирмалар асыра бағаларды қояды.
г) Өндірістің қосалқы өнімдеріне бағаны орнату. Оларды өткізу нәтижесінде
негізгі тауардың бағасы кемиді.
3) Бағаларды географиялық қағидаға байланысты орнату. 5 түрлі вариант
болады:
а) тауар шығару орнында бағаны анықтау
б) транспорттау шығындарын қосып біріңғай бағаны анықтау
в) зональды бағалар анықтау
г) базистік нүктеге қарай баға орнату
д) фирма транспорттау шығындарын өзі төлеп баға орнатады.
4) Шегерімдері немесе келісулері (зачеты) бар бағаларды орнату. Шегерімдер
түрлері: таза ақшамен төлеу үшін; тауар көлемі үшін; функциональды
шегерімдер (тауар қозғалысына қатысушыларға жасалынады); маусымды
шегерімдер; келісулер (ескі тауарды тапсырғанда жасалынатын шегеімдер,
немесе делдалға (жарнамаға, өткізуге көмектессе) және т.с.с.
5) Өткізуді ынталандыруға арналған бағаларды орнату. Тұтынушыларды келтіру
мақсатында жасалынады: кейбір тауарларға, кейбір уақыт мерзімінде, белгілі
уақыт аралығында және т.с.с.
6) Дискриминациялық бағаларды орнату.
Бағаларды бастамалы өзгерту (инициативное изменение): Кейде фирма әртүрлі
факторларға байланысты бағаларды өздігінен өзгертеді:
1) Бағаларды төмендету. Оған себеп ретінде өндірістік қорларды толық
қолданбау, нарық үлесінің азаюы болуы мүмкін. Бұл шара шығындарды азайту
шараларымен бірге өткізілу керек.
2) Бағаларды өсіру. Оған себеп: инфляция, артық сұраныстың болуы.

Тұтынушылардың баға өзгерісіне жауап беруі. Тұтынушылар кейде бағаның
өзгерісін сәйкес түсінбеу мүмкін,яғни бағаның кемігенде сұранысты керісінше
азайтып, баға өскенде, өсіріп.
Бәсекелестердің баға өзгерісіне жауап беруі. Бәсекелестердің мүмкін
жауаптарын алдын-ала дұрыс болжау қажет.
Фирманың бәсекелестердің баға өзгертуіне жауап беруі. Ол үшін фирма
келесіні білуі тиіс:
А) Бәсекелестің мақсаты қандай?
Б) Қандай мерзімге жасап отыр?
В) Фирманың нарықтағы үлесі және табысы қалай өзгереді?
Г) Фирма жауабына бәсекелес қалай жауап беруі мүмкін?
Осыдан басқа фирма басқа да сұрақтарды жете қарастырып зерттеу қажет.

Баға жасаудың шығынды әдісі
Жоспары:
1. Баға жасау мақсатында қолданылатын шығындар түрлері
2. Шығындардың, өндіріс көлемдерінің, пайданың ара-қатысын зерттеу
3. Өзіндік құнның калькуляциясын жасау әдістері

1. Өнімді өңдіруге және өткізуге кеткен шығындар өндірістің барлық
факторларын шығындаудың ақшалай сипаттамасы ретінде қарастырылады.
Шығындарды төмендету кез келген кәсіпкер үшін пайданы өсірудегі аса маңызды
фактор болып табылады.
Шығындар экономикалық мазмұнына (смета), мақсатына (баптар), берілген
өнімнің өзіндік құнына (тура және жанама) қосылуына және өндіріс көлемінің
өзгеруіне қарай жіктеледі.
Баға жасау тәжірибесінде кәсіпорында шығындарды бухгалтерлік және
кәсіпкерлік (экономикалық) деп бөледі.
Бухгалтерлік шығындар өнімді өңдіруге және өткізуге кеткен шығындар
тізімі туралы Ережеге сәйкес анықталады (ҚР-ның заңдылығына қарай). Оған
келесі элементтер кіреді: материалдық шығындар, еңбекті төлеу және
әлеуметтік төлемдер, амортизация және басқа шығындар. Іс жүзінде кәсіпкер
нарық жағдайларында қарапайым және ұдайы өндірісті қамтамасыз ету үшін
көлемі көбірек болатын шығындар жұмсайды. Оның аты кәсіпкерлік шығындар.
Олардың құрамына бухгалтерлік шығындар, қалыпты пайда нормасы, ҚҚС (және
акциз), баж салығы (сыртқы экономикалық қызмет жүргізгенде), баламалы
(қосылған) шығындар (фирма қорларын тиімді қолданбаудың нәтижесінде болған
ақшалай жоғалтулар).
Бұл жерде қорлардың шекті болуын ескеру қажет, яғни кәсіпкер қорларды
берілген өнімді өңдіруде қолдану жөнінде шешім қабылдағанда, осы қорларды
басқа өнім түрін өңдіруге байланысты алынбай қалған табыс мөлшерімен
салыстырма талдау жасайды. Сонымен, экономикалық шешімдерді қабылдағанда
есебке алынатын шығындар әрқашанда баламалы шығындар болып табылады.
Баламалы шығындарды кәсіпорын тарапынан қарастырғанда олардың нақты
(сыртқы) және нақты емес (ішкі) сипаты болуын атап өту қажет.
Нақты – бұл кәсіпорынның алған қорлары үшін төлейтін тура ақшалай
төлемдер.
Нақты емес – бұл заңды тұлға ретінде болатын фирма иелерінің меншігінде
бар қорларды қолдануға байланысты шығындар. Олар міндетті төлемдер ретінде
болмайды.
Сонымен қатар, қайтарылмайтын шығындар болады, оларды да шешім
қабылдағанда есебке алу керек – бұл өткен мерзімде жасалынған шығындар және
оларды ағымдағы және болашақ іс-әрекетпен қайтаруға болмайды (ғылыми
мақсатта, маркетингтік зерттеуге, арнайы жабдыққа және с.с.).
Алдын алуға болатын шығындар – бұл әлі жұмсалмаған шығындар, оларды
болдырмау оңай және оған қаржы қажеті жоқ (мысалы, жаңа тауарды жарнамалау
шығындары).
Бухгатерлік шығындардың құрамына тек нақты шығындар ғана кіреді. Нақты
емес тек кәсіпкерлік шығын құрамында есебке алынады, яғни кәсіпкерлік
шығындар әрқашанда бухгалтерлік шығындарға көбірек болады.
Өндіріс және сату көлемдерінің өзгерісіне байланысты шығындар тұрақты
және өзгермелі болып бөлінеді.
Тұрақты шығындар (ҒС – fixed costs) – қысқа мерзімде өндіріс көлеміне
тәуелсіз шығындар. Бұл шығындарды басқа сөзбен айтқанда, қызметке қажет
жағдай жасау шығындары деп атайды. Орташа тұрақты шығындар (АҒС – average
fixed costs)= ҒСөндіріс көлемі (Q). Сонымен, өндіріс көлемі өскен сайын
орташа тұрақты шығындар көлемі төмендейді.
Өзгермелі шығындар (VC – variable costs) - өндіріс көлемімен бірге
өзгеріп отырады. Кәсіпорын мақсатына байланысты қызметті іс жүзінде асыруға
кеткен шығындар. Орташа өзгермелі шығындар (АVС – average variable costs)
=VCQ.
Берілген жіктеу келесі міндеттерді шешу үшін қолданылады:
- кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін бағалау үшін
- пайда массасын реттеу және өсімін қамтамасыз ету
- шығындардың ақталуын есептеу, қаржылық тұрақтылық мөлшерін анықтау
- маржинальды шығындар әдісі бойынша бұйым бағасын анықтау
Жалпы өндіріс көлемімен байланысты шығындарды жалпы шығындар деп атайды
(ТС – total costs). Ол тұрақты және өзгермелі шығындар қосындысына тең.
Орташа жалпы шығындар (АС) жалпы шығындардың өндіріс көлеміне қатынасы
арқылы табылады. Берілген шығындардың қисығы U-тәріздес болады және орташа
өзгермелі және орташа тұрақты шығындар қисықтарына тікелей тәуелді болады.
Осы қисыққа қарап кәсіпкер қандай өндіріс көлемі бойынша шығындар ең аз
деңгейде болатындығын анықтай алады. Егер нарықта бірнеше кәсіпорын болса,
олардың орташа шығындары әртүрлі болуы мүмкін және оларды салыстыру арқылы
әр кәсіпорынның нарықтағы орнын анықтауға болады.
Орташа жалпы шығындар қисығы кәсіпкерге тек бір бұйымнан түсетін пайда
максимальды болатын өндіріс көлемін көрсетеді. Бірақ, кәсіпкер үшін
көбінесе, жалпы түсетін пайда мөлшерін максимальды болатын өндіріс көлемі
қажет.
Қосымша шығарылатын өнім бірлігін өңдіру кәсіпкер үшін пайдалы ма,
пайдасыз ба деген сұраққа шекті, немесе маржинальды шығындар көрсетеді (МС
– marginal costs). Тұрақты шығындар өзгермейтіндіктен, берілген шығындар
қосымша өнім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баға құрылымын жетілдіру түрлері
Оқулық - Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қылмыстық құқық міндеттері
Қаржы саясаты жайлы
Тұтас педагогиканың процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен құрлымдардың жүйесі
Баға және баға жасау жайлы ақпарат
Оқушылар ұжымын қалыптастыру
Оқушыларға жаңа материалдарды оқыту арқылы оқу белсенділіктерін дамыту
Мемлекеттің экономикалық саясаты және оның белгілері
Халықаралық құқықтың қағидалары
Пәндер