Қайта жаңғыру дәуірі мәдениеті
Қайта жаңғыру дәуірі Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дөуірі екі ұлы мәдени қозғалысты -- Қайта жаңғыру дөуірі мен Реформацияны қамтиды.
Ренессанс деген атпен белгілі болған Қайта жаңғыру дөуірі ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы -- діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта жаңғыру идеялары бұқара халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияның өзара қарым-қатынастары әрі күрделі, әрі бір қалыпты емес, бірақ соған қарамастан бұл мөдени төңкерістер жаңа заманның жаршысы, адамзат баласының мәдениет саласындагы жарқын кезеңдерінің бірі болды.
Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс)
Қайта жаңғыру мөдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мөдениет -- XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мөдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мөдениетіне ерекше мән беріп, көне мөдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.
Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең -- қоғамдық-саяси және мөдени өмірде елеулі орын алды: Экономика саласында -- бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында -- тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан жас буржуазия мүдделері басымдылық танытып бюргерлік мәдениеттің барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы. Толассыз соғыстар, отаршылдардың айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен таптық қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпидемиясы, талай дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни соғыстар -- осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты болды.
Дүниежүзілік мөдениет тарихындағы үлкен тарихи белес -- Қайта жаңғыру дәуірі аяқталды. Қайта жаңғыруды барлық өркениетті халықтар өз бастарынан өткізген. Ренессанс тек қана Батыс Еуропа халықтарына ғана тән мәдени құбылыс деген көзқарастың мүлдем қате екендігін мәдени-тарихи деректер жоққа шығарып отыр, өйткені Үнділер Ренессансы XVI -- XVII ғасырларда болса, Кіндік Азиядағы бұл мәдени өрлеу X -- XV ғасырлар қамтиды. Демек, мәдени дамудың шегі жоқ, оның арнасы да кең, әрбір ұлттың дүниежүзілік мәдениетке қосар үлесі, одан алар өзіндік орны бар. Олай болса, Қайта жаңғыру мөдениеті тек ежелгі мәдениетке мирасқорлық, ұмытылған өркениет мұраларының игі дәстүрлерін қайта жандандыру, өткен үлгілерді қайталану ғана емес, қайта сол көне және кейінгі рухани қорлар тоғысынан қуат алып, тыңнан бой түзеу, гүлдену.
Италияндық қайта жаңғыру дәуірі
Қайта жаңғыру термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан білгірі Джордане Базари (1512 -- 1574) өзінің Жизнеописание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих (XVI ғасыр) деген еңбегінде алғаш рет қолданған. Демек, бұл терминнің мағынасы -- көне заман мәдениетін жаңғырту болып табылады. Ал одан кейін, дәлірек айтқанда, XVIII ғасыр бастап Италиялық жаңғыру дәуірі адамның қайта жаңғыруы және гуманизм дәуірі деп сипатталады. XIV -- XV ғасырлар Италия мәдениетін былай сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқандығын атап өткен дұрыс сияқты, өйткені тұңғыш рет адам табиғаты, адамгершілік деген ұғымдарды енгізген осы дәуірдің алыптары Леонардо Бруни мен Колюччо Салютати болатын. Тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, гуманизм латынның адамгершілік деген сөзінен шыққан (гомо -- адам деген ұғымды білдіреді). Бұл терминді жаңа адамдар -- (гуманистер) енгізген. Олардың ойынша, гуманизм бүкіл адамзат баласы тудырған мол мәдени мұраларды құныға оқып, зерттеп-білуге ұмтылу болып табылады. Олай болса, Қайта жаңғыру заманының басты жаңалығы -- ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп, өткен замандардағы көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту болып табылады. Белгілі ғалым -- гуманист, Леонардо Бруни (1370 -- 1444 жылдары) гуманизмді адамның өмірі мен әдет- ғұрып, салт-дәстүрлеріне қатысты дүниелерді танып-білумен және адамды рухани жағынан жетілдіріп, оны әсемдікке, ізгілікке баулитын жағдайларды ғылыми тұрғыдан зерттеп білу деп түсінді. Оған: поэзия, грамматика, риторика, тарих, философия, музыка және т.б. жатқызды. Сөйтіп, көне мәдениет құндылықтарын игеруде басты рөлді гуманитарлық ғылымдар атқарады деп есептелді. Бұл кезеңде қоғамды мәдени тұрғыдан қайта құруды мақсат еткен білімді, рухани байлығы мол Еуропа интеллигенциясының қалыптасу процесі басталды. Қоғамда алатын орнына, қызмет дәрежесіне, байлығына, тіпті тұрмыс- тіршілігінің әр түрлілігіне қарамастан оларды ортақ мақсат біріктірген болатын. Мысалы, Лоренцо Медичи -- ел басшысы болса, Полициано -- университет профессоры, Пико делла Мирандола -- граф, ал Лоренцо Вониконтри -- офицер болды. Демек, гуманизм -- мәдениеттің басты принциптерінің бірі, оның сапалық өлшемі, оның ақиқаттығының айнасы болды.
Осы орайда, қайта жаңғыру мәдениетінің өзіндік сипатына тоқтала кеткенді жөн көрдік. Олар: гуманизм, антроцентризм, орта ғасырлық христиандық дәстүрлерді нәрлендіру, көне мөдени мұраларды қайта жаңғырту (философия мен өнердің көне туындыларын тірілту) және дүниеге жаңа көзқарас болып табылады.
Ренессанс мәдениетінің жоғарыда көрсетілген өзіндік ерекшеліктері оның дәуірлеріне тікелей байланысты болып келеді, өйткені бүл өзгерістер заман ағымына, дәуір тынысына тікелей тәуелді болғаны ақиқат. Қайта жаңғыру мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген белгілер енді ғана біліне бастаған кезең проторенессанс (қайта жаңғыру қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (XIII ғасыр дученто, XIV ғасыр -- треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына шығарды. Солардың бірі -- Қайта жаңғыру мәдениетінің бастауында болған ұлы Данте Алигьери (1265 -- 1321жылдары).
Әдебиет
Ұлы дарынның қыл қаламынан шыққан атақты комедияларының кереметтігі соншалық, оның талантына бас иген ұрпақтары бұл туындыны Құдіретті комедия деп атады. Данте, Франческо Петрарка (1304 -- 1374жылдары) және Джованни Боккаччо (1313 -- 1375 жылдары) Қайта өрлеу (жаңғыру) дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян тілінің негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды. Мысалы, Петрарканың Мадонна Лаураның өмірі мен өліміне арналған сонеттері өзінің тірі кезінде-ақ әлемге әйгілі болды. Оның жолын қуушылардың бірі Декамеронның авторы атақты Боккаччоның гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары -- дүниежүзілік әдебиет саласындағы соны құбылыс болып саналады.
Қайта жаңғыру кезеңінің мәдени дәстүрлері, оның өзіне ғана тән ерекшеліктері айқындала бастаған кезең -- XV ғасыр, яғни Бастапқы Қайта жаңғыру дәуірі (кватроченто). Ал Италия мәдениеті идеялары мен принциптерінің гүлденген кезеңі және оның құлдырау қарсаңын -- Кемелденген жаңғыру кезеңі (Чинквеченто) деп атаймыз. Бұл дәуір XVIғасырды қамтиды. Қайта жаңғыру мәдениетінің басты назары адам тұлғасына аударылды. Адам бойындағы ізгі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге көтеру және оның ар-намысын, абыройын қорғау -- басты орынға қойылды. Міне, сондықтан да болар, шынайы гуманизм адамның бостандық алуға, бақытты болуға, өз қабілетін дамытуға құқығы бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынаста теңдік, әділдік, адамды сүю және адамгершілік принциптерін жақтады. Ерекше атап өтетін бір жайт, Қайта жаңғыру заманының гуманизмі адамды дін бұғауынан босатуға бағытталды, яғни дін мен шіркеу ықпалын өлсіретуге барынша күш салды. Ендеше, бұл дәуірдің гуманистік идеялары -- рухани төңкерістің негізі болды, ал өз кезегінде бұл төңкерістер буржуазиялық революциялар толқынымен және жаңа Еуропаның мөдениеттің қалыптасу процесімен тығыз байланысты болды.
Қайта жаңғыру дәуірінде неміс әдебиеті де айтарлықтай табыстарға жетіп, тамаша көркемсөз шеберлері, халық ақындары мен жазушылары әдебиет пен өнер сахнасына шықты. Солардың бірі -- немістің атақты ақыны Ганс Сакс (1494 -- 1576 жылдары) пен өткір сатиралық шығармалардың шебері, неміс Ренессансының соңғы өкілі Иоганн Фишарт(1546 -- 1590 жылдары) болды.
Францияда гуманистік қозғалыс тек XVI ғ. басында ғана етек алды. Француз гуманизмінің тамаша өкілі -- ұлы сыншы Франсуа Рабле (1494 -- 1553 жылдары) болды. Ол өзінің Гергантюа мен Пантагрюэль атты белгілі романында өзі өмір сүрген қоғамды сынға алды. Рабле жаңа қоғам бейнесін жасады. Оның тұрғындары ғылымға бас июші -- бауырластар, мұнда екіжүзділерге, опасыздарға және т.б. орын жоқ. Француз мәдениетінің ірі өкілі, аса көрнекті гуманист, әрі ойшыл Мишель де Монтень (1533 -- 1592 жылдары) болды. Оның басты шығармасы -- Тәжірибелерде философиялық, тарихи, этикалық мәселелер көтерілді. Бұл еңбек схоластика мен догматизмге қарсы бағытталып, рационализм идеялары насихатталды, сондықтан да болар бұл еңбек бүкіл Батыс Еуропалық ақыл-ойдың дамуына орасан зор ықпал жасады.
Қайта жаңғыру дәуірдегі адам
Қайта жаңғыру мөдениетінде басты назардың адамға, оның табиғатына аударылу сырын қалай түсіндіруге болады? Қоғамдағы мүндай түбегейлі өзгерістің -- әлеуметтік-экономикалық факторларға, оның ішінде тауар-ақша қарым-қатынастарының дамуына тікелей байланысты болды. Адамның тәуелсіздігін сезіне бастауына, енді ғана туындап келе жатқан еркіндікке қол жеткізуіне, ең бірінші кезекте қала мәдениеті себепкер болды. Италия қалаларында тамаша ірі өнеркәсіп орындарының болғаны тарихтан белгілі. Солардың ішінде Қайта жаңғыру мөдениетінің ошағы болған -- Флоренцияның мерейі үстем болды. Табиғи байлықтардың тапшылығы және тағы да басқа жағдайларға байланысты Италия басқа мемлекеттермен сауда- саттық жасауға ерекше мөн берді. Италия қалалары Батыс елдерімен де, мұсылман елдерімен де сауда-саттық жасады. Мұның өзі ел экономикасының одан әрі дамып, қала мәдениетінің гүлденуіне әкеліп соқты, ал қала мөдениетінің ықпалымен жаңа адамдар қалыптасты. Бірақ жаңа адамдардың қалыптасуы әлі де болса орта ғасырлық заман ықпалына байланысты болды, қаншама уақыт өтсе де христиандық дәстүрлердің қаймағы шайқалмаған болатын, сондықтан да болар адамдар орта ғасырлық шырмаудан шыға алмай аласұрды. Міне, осындай тарихи кезеңде көне мәдени мұраларды тірілтуге деген жаппай құлшыныс жаңа адамдардың қайта- ланбайтын, ерекше мәдениеттің қайнар бұлағын ашуына мүмкіндік берді.
Бұл мөдени төңкерістің барысыңда Қайта жаңғыру даналарының басты назарында Платон сияқты көне заман ойшылдарының ілімдерінің болуын қалай түсіндіруге болады. А.Ф. Лосев осы орайда тамаша ғылыми тұжырым жасап, бұл жағдайды неоплатонизммен байланыетырды. Оның пікірінше, Қайта жаңғыру дәуірінің өкілдері мәдениетті орта ғасырлық догматтан тазартты, оны қайта қарау арқылы қайта жаңғыртып, жаңа мазмұн берді. Ол мәдениет тарихындағы неоплатонизмнің үш түрін атап көрсетті. Олардың біріншісі -- көне замандық -- космологиялық, екіншісі -- орта ғасырлық -- теологиялық, үшіншісі -- жаңғырған -- антроцентристікнеоплатонизм. [3] Көне заманның неоплатонизмі Платон ілімін қайта қарай отырып, рухтың табиғатын, заттар қозғалысын, космостық айналыстың ақиқаттығын космологиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет жасаса, орта ғасырлық неоплатонизм табиғат пен дүниеден жоғары өмір сүретін, жоқтан болмыс тудыратын абсолюттік жан теориясына негізделді. Жоғарыда атап көрсетілген антропологиялық жаңғырған неоплатонизм бір жағынан, көне заман неоплатонизмінің көмегімен материалдық дүниені жоғары көтеріп, орнықтыруға тырысса, екінші жағынан оның орта ғасырлық неоплатонизммен ортақ қасиеттері, белгілері бар. Демек, сұлулық пен әсемдікке толы дүниені аңдап-түсіну -- жаңғыртушылық дүниетанымдық мақсатгардың бірі болып саналады. Құдай жандандырған дүние әр уақытта да адам назарында болған, оны қатты қызықтырған. Жарық дүниенің құпия сырларын танып-білуде адамның сезімдерінен артық не бар, ендеше бұл қағиданы ескере отырып, жаңғыртушылар адам көзіне пара-пар келетін бұл дүниеде еш нәрсе жоқ деп есептеді.
Бейнелеу өнері
Сондықтан да Қайта жаңғыру дәуірінде өнер салаларының ішінде сурет салу және т.б. ұдайы даму үстінде болды. Шындығында да, дүниені танып-білумен қатар оны шынайы жеткізе білуде суретшілердің мүмкіндіктері мол, олай болса олардың дүниетанымдық мақсаттарды шешудегі белсенділігінің сыры да осында болса керек. Ал бұл жағдай итальяндық Қайта жаңғыру дөуірінің көркемдік сипатта болуына тікелей әсер етті. Ерекше атап өтетін бір жайт, итальян тарихшыларының гуманистерге деген көзқарастары әртүрлі болып келеді. Италия- ның өткен тарихына көз жүгіртетін болсақ, Ренессанс дәуірі бүл елдің өзара қақтығыстар мен соғыстарға толы кезеңімен сайма-сай келеді. Тарихи деректерге жүгінсек, дүние жүзіне атағы шыққан кейбір гуманистер Италияның бостандығын тұншықтырушы мейірімсіз билеушілерге қызмет еткен, тіпті шетел басқыншылығы кезінде патриоттық сезімін көрсете алмай дәрменсіздік танытқан. Бірақ бұл келеңсіз көріністерге қарап біржақты көзқарас тумауы керек, өйткені дүниежүзілік көлемде гуманистер жаңа қоғамдық күш болды. Олардың табиғи дарыны, ұшқыр ойлары текке кеткен жоқ, өйткені осы бір ұлы ойшыл даналардың арқасында ғана Қайта жаңғыру дәуірінің мәдениеті Жаңа заман мәдениетінің жаршысы, бастамасы болды.
Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің өкілдерінің ішінде сол дәуірдің тынысын терең сезінген, сол бір аласапыран кезең мен жарық дүниенің өсемдігін, адамның жан-дүниесін өнер туындылары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz