Еңбек ресурсының құрамы
Пән: Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
Еңбек ресурсы – қызмет көрсету мен материалдық игілікті өндіру үшін
физикалық және интеллектуалдық мүмкіншілігі бар мемлекет халқының жұмысқа
қабілетті бөлігінен тұратын қоғамның негізгі өндірістік күші. Еңбек
ресурсына жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыспен қамтылмаған және
экономикаға қатысатын азаматтар жатады.
Адамның еңбекті жүзеге асыру үшін қажетті табиғи және интеллектуалдық
сапасының қажеттілігі оның жасына байланысты анықталады. Дәл осы көрсеткіш
бұқара халықтың ішінен еңбек ресурсын таңдап алудың негізгі критериі болып
саналады.
Қазіргі уақытта еңбек заңдылығына сәйкес Қазақстанда еңбекке қабілетті
жастың төменгі шегі болып 16 жас, ал жоғарғысы зейнетақы алу құқығына
сәйкес - 63 жас ер азаматтары үшін және 58 жас - әйел азаматтары үшін
белгіленген. Кейбір адам организмінің жоғарғы психофизиологиялық
жүктемесіне байланысты кәсіби қызметтің түрі үшін зейнетақылық жас 5-10
жылға дейін төмендетіледі. Бұл көп жағдайда еңбектің жағымсыз, ауыр және
денсаулыққа зиян шарттарымен (мәселен, көмірді қазып алу, металды балқыту)
байланысты. Көптеген дамыған мемлекеттерде жұмысқа қабілетті жастың жоғарғы
шегі 64 жасты құрайды. Ал біздің Қазақстанда жоғарғы шекарасын арттыру ер
азаматтардың орташа өмір сүру деңгейімен - 63 жаспен шектелген. Бірақ та
еліміздегі көптеген жеңілдетілген зейнеткерлер бұрынғы жұмыс орнында
немесе басқа жерде еңбек етуін жалғастыратын болғандықтан, еңбек ресурсының
құрамында қалып отыр. Жұмыс істемейтін зейнеткер оның құрамынан алып
тасталынады.
Еңбек ресурсын жұмысбастылар мен жұмыссыздардан тұратын эко-номикалық
белсенді және экономикалық енжар халық деп бөлеміз. (Сурет 1)
Сурет 1 - Еңбек ресурсының құрамы
Экономикалық белсенді халық – тауар мен қызмет өндірісі үшін жұмысшы
күшінің ұсынысын қамтамасыз ететін халықтың бөлігі.
Жұмысбасты адамдар екі топқа бөлінеді:
I топқа – жалданып жұмыс істейтіндер (жалдамалы жұмысшылар) жатады. Осы
топқа еңбек туралы келісімнің шартына сәйкес еңбек ақы төлеуді қамтамасыз
ететін;
II топқа – жалданып жұмыс жасамайтындардың барлығы жатады. Бұл топқа:
жұмыс берушілер, жеке негізде жұмыс жасайтын тұлғалар жатады. Осы топ
жұмыскерлерінің еңбек ақысы тауар мен қызмет өндірісінен алынатын пайдаға
байланысты болады.
Жұмыссыздарға ҚР-ның Халықты еңбекпен қамту туралы заңына сәйкес
халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігін өлшеу үшін белгіленген
жастағы, қаралып отырған кезең ішінде бір мезгілде үш негізгі критерийге
жауап беретін адамдар жатады:
а) жұмыссыз болды (табысты жұмысы болмады);
ә) оны іздеумен белсенді айналысты;
б) белгілі бір кезең ішінде жұмысқа кірісуге әзір болды.
Осы аталған үш белгі жұмыссыздық ұғымын қалыптастырады және осы
белгілердің біреуі жоқ болған жағдайда азаматты жұмыссыздарға жатқызуға
болмайды.
Экономикалық енжар (әрекетсіз) халық - экономикалық тұрғыдан белсенді
халықты өлшеу үшін белгіленген жастағы жұмыспен қамтылған немесе жұмыссыз
болып табылмайтын адамдар. Қазақстан Республикасының экономикалық тұрғыдан
белсенді және енжар халқының сипаттамасы 1 – кестеде көрсетілген.
Кесте 1 - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы еңбек нарығының негізгі
индикаторлары
Еңбек нарығының көрсеткіштері Пайызбен
Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі 71,2
Халықтың экономикалық тұрғыдан енжарлылық деңгейі 28,8
15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққанда жұмыспен қамту 67,6
деңгейі
экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа шаққанда жұмыспен 95,0
қамту деңгейі
Жалдамалы қызметкерлердің жұмыспен қамтылған халық 70,6
санындағы үлесі
Өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлердің жұмыспен 29,4
қамтылған халық санындағы үлесі
Жұмыссыздық деңгейі 5,0
Е с к е р т у – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі
статистика Комитеті
Еңбек ресурсының құрылымы еңбек ресурсының әртүрлі компоненттері мен
сипаттамасынан тұрады (Сурет 2):
Сурет 2 - Еңбек ресурсының құрылымы
Еңбек ресурсының құрылымдық көрсеткіштерін жеке-жеке қарастырайық.
Жынысы бойынша еңбек ресурсының көрсеткіштері кәсіби-салалық және
аумақтық кескіндерде жұмысты ұсыну аясы бойынша жұмысбастылық құрылымын
тиімді қалыптастыру үшін маңызы зор. Бұл көрсеткіш қоғамдық өндірістегі, үй
және жеке шаруашылықтағы, оқудағы және т.б. салалардағы ерлер мен
әйелдердің қатынасын анықтайды. Жынысы бойынша еңбек ресурсының құрылымы
мемлекеттің аумағы мен жұмысбастылық аясы бойынша анықталады.
Жасы – жалпы халықтың ішінен еңбек ресурсын бөліп алу үшін қолданылатын
көрсеткіш. Адамның физикалық және интеллектуалдық қабілеті осы критерий
арқылы анықталады: адам өмірінің бастапқы кезеңі мен орта жасында олар
қалыптасады және толықтырылады, ал қартаюына қарай азаяды.
Еңбек ресурсының білім көрсеткіші оқыту жылының орташа санымен, оқушылар
мен студенттердің санымен, жоғарғы білімді мамандардың үлес салмағымен және
т.б. анықталады. Білім деңгейі сауаттылық дәрежесін, оқу жылының орташа
санымен, халықтың алған біліміне байланысты топтарға бөлумен сипатталады.
Қоғамдық топтар әртүрлі: кәсіби одақтар, жастар ұйымы, спорттық ұйымдар,
мәдени, техникалық және ғылыми қоғамдар.
Кәсіпорын жұмысшыларының кәсіби құрылымы - өндіріс құралы мен жұмысшы
күшінің тікелей біріккен жердегі кәсібі мен біліктілігінің қатынасы.
Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтылған халықты
экономикалық саладағы қызмет түрлері бойынша бөлу 8.2-кестеде көрсетілген.
Экономика мен басқару тәжірибесі мен ғылымда еңбек ресурсы ұғымынан
басқа қоғамның, ұйымның, жеке жұмыскердің еңбек әлеуеті термині де
қолданылады. Еңбек әлеуеті – анағұрлым көлемді, жан-жақты ұғым, өйткені
оның негізін әлеует термині – белгілі-бір мақсатқа қол жеткізу, қандай-да
бір міндеттерді шешу кезінде қолданатын, қозғалысқа келтіре алатын
мүмкіншіліктер, қорлар, заттар көзі құрайды.
Жеке жұмыскердің еңбек әлеуеті анағұрлым жоғарғы жалпы қоғамның, ұйымның
құрылымдық деңгейлердің еңбек әлеуетінің негізін қалыптастырушы бастапқы
бірлігі болып табылады.
Жұмысшының еңбек әлеуеті ұғымына белгілі бір жағдайда айтарлықтай
нәтижеге қол жеткізуге қабілеті бар, еңбекте оның қатысуының мүмкіншілігі
мен шекараларын анықтайтын; сондай-ақ еңбек процесінде жетілдірілетін
адамның физикалық және интеллектуалдық қабілетінің жиынтығы жатады. Жеке
адамның еңбек әлеуеті – оның көлемі мен тереңдігіне, жан-жақтылығы қабілет,
тәрбие, қоршаған орта және басқа да әртүрлі факторлар әсер ететін жеке,
адами әлеуеттің бір бөлігі.
Жұмысшының еңбек әлеуетінің артуы да, кемуі де мүмкін.
Кәсіпорындағы жұмысшының еңбек әлеуетін басқару мыналарға негізделуі
қажет:
- еңбек әлеуетінің атқарылатын еңбек функциясы мен жұмыс
түрінің сипатына, көлеміне және күрделілігіне сәйкес;
- еңбек әлеуетін тиімді пайдалану;
- персоналды дамытудың кәсіби-біліктілігі үшін, қызметтік
өсуі мен кәсіпорын жұмысшыларына машықтануына жағдай жасау.
Қоғамның еңбек әлеуеті сандық және сапалық сипатта болады: еңбекке
қабілетті халық саны; еңбекке қабілетті халықпен атқарылатын жұмыс
уақытының саны; денсаулық жағдайы, қоғамның еңбекке қабілетті мүшелерінің
дамуы мен физикалық қабілетсіздігі; біліми және біліктілік деңгейі; еңбекке
қабілетті халықтың адамгершілік жағдайы.
Еңбек ресурсы ұғымы экономика саласындағы, өңіріндегі, мемлекет
деңгейінде немесе кәсіпорында еңбекке қабілетті халыққа сипаттама беру ішін
қолданылады. Ал жеке кәсіпорын шеңберінде анағұрлым жақын қолданылатын
термин – персонал, яғни жұмыс жасайтын меншік иелері мен барлық жалдамалы
жұмысшыларды қосқандағы кәсіпорынның жеке құрамы.
Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы болып жұмысшылардың саны мен
құрылымы саналады.
Кәсіпорынның персонал саны оның өндірістік және басқару процесінің
сипатына, күрделілігіне, еңбек сыйымдылығына, сондай-ақ, механизациялау,
автоматизациялау, компьютеризациялау дәрежесіне байланысты болады. Бұл
факторлар оның нормативтік (жоспарлық) мағынасын анықтайды. Персоналдың
объективті сипаты болып тізімдік (іс жүзіндегі) саны, яғни сол кезеңде
кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылар саны жатады.
Кәсіпорынның персонал құрылымы – жұмысшылардың бірқатар белгілері мен
категориялары бойынша біріккен жеке топтарының жиынтығы. Олар, өндіріс
процесіне қатысуына байланысты: өнеркәсіптік-өндірістік персонал –
өндіріспен тікелей байланысты жұмысшылар және өнеркәсіптік емес персонал -
өндіріспен және оған қызмет көрсетумен тікелей байланысы жоқ, әлеуметтік
инфрақұрылымдағы (кәсіпорын балансындағы балалар бақшасындағы және медицина
мекемелеріндегі жұмыскерлер) жатады.
Еңбек функциясының сипатына байланысты өнеркәсіптік-өндірістік персонал
мынадай категорияларға жіктеледі:
- жұмысшылар – бұл өндірістік және транспорттық қызмет көрсетумен
немесе материалдық құндылықтың пайда болуымен тікелей байланысты
жұмысшылар. Жұмысшылар негізгі (өнім өндірісімен тікелей байланысты) және
көмекші (өндіріске қызмет көрсетумен байланысты) деп екіге жіктеледі;
- мамандар - экономикалық, инженерлі-техникалық, заңдылық,
әкімшілік және басқа да функцияларды жүзеге асыратын жұмысшылар. Оларға:
экономистер, инженерлер, технологтар, заңгерлер, кадр жөніндегі
инспекторлар, бухгалтерлер және т.б. жатады.
- қызметкерлер (техникалық атқарушылар) – қаржылық-есептік
функцияларды, құжаттарды дайындау мен толтыратын, шаруашылық қызмет
көрсететін және басқа да функцияларды жүзеге асыратын жұмысшылар. Оларға
хатшылар, табельщиктер, кассирлер, экспедиторлар және т.б. жатады.
- басшылар – кәсіпорынды басқару функцияларын жүзеге асыру.
Басшыларды мынадай деңгейге бөлеміз: жоғарғы деңгей (жалпы кәсіпорын –
басшы, жоғарғы басшы, басқарушы және оның орынбасарлары); орташа (негізгі
құрылымдық бөлімшелердің басшылар – цехтардың, бөлімдердің басшылары,
сондай-ақ, бас мамандар) және төменгі (арқарушы жұмысын орындаушылар –
бюро, сектор, мастерлер басшысы).
Кәсіпорын персоналын осылайша категорияларға жіктеу нормативтік
құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
Қазір біздің қоғамымыздың дамуына байланысты басшылар лауазымына
менеджер лауазымы жатқызылады. Менеджер кәсіпорын қызметін (жоғарғы
деңгей), оның құрылымдық бөлімшелерін (орта деңгей) немесе бизнес аясында
белгілі-бір қызметті (төменгі деңгей) басқаруды жүзеге асырады. Төменгі
деңгейдегі менеджерлер шағын және орта кәсіпкерліктің даму жағдайында осы
қызметті ұйымдастырушылар болып табылады.
Кәсіпорын персоналының жыныстық-жасының құрылымы – персоналдың жынысы
мен жасының топтарының арақатынасы арқылы анықталады. Жасының құрылымы
персоналдардың жалпы санындағы сәйкес жастағы тұлғалардың үлесімен
сипатталады.
Персоналды жасының құрамы бойынша жіктегенде, мынадай топтаулар
қолданылады: 15-24, 25-54, 55-64, 65 жас және одан асқандар.
Білімнің деңгейі бойынша персоналдар мынадай топтарға: жоғарғы білімді,
аяқталмаған жоғары, орта мамандандырылған және жалпы орта білімді
жұмысшыларға біріктіріледі.
Стажы бойынша персонал құрылымы жалпы еңбек стажы және сол кәсіпорында
атқарған өтілі бойынша қарастырылады.
Кәсіпорын персоналының кәсіби құрылымы – сол саладағы жұмыс тәжірибесіне
және оқудың нәтижесінде алған теориялық және практикалық машықтанған
мамандардың (экономистер, бухгалтерлер, жұмысшылар) немесе әртүрлі кәсіби
өкілдердің қатынасы.
Персоналдың біліктілік құрылымы – жеке еңбек функциясы үшін қажетті
әртүрлі біліктілік деңгейіндегі (кәсіби дайындық дәрежесі) жұмысшылардың
қатынасы. Біздің елімізде жұмысшылардың біліктілік деңгейі разрядпен немесе
класспен, ал мамандар үшін категориялармен немесе класспен анықталады.
Жоғарыда аталғандардан басқа, кәсіпорын персоналының құрылымы басқа
белгілері бойынша да жіктеледі.
Ұйымдастыру құрылымы – кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымына сәйкес
лауазымдық тұлғалардың құрамы мен бағыныштылығы. Ол ұйымның штаттық кестесі
мен ұйымдастырушылық құрылымының сызбасында көрсетіледі.
Функционалдық құрылым кәсіпорынды басқару аясындағы еңбекті функционалды
жіктеу мен олардың нақты басқару функциясын (персоналды, қаржыны, жөндеуді
және т.б. басқару) атқаруына байланысты персоналдардың жеке топтарының
қатынасы.
Әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорынның еңбекші ұжымын жынысы, жасы,
жанұялық жағдайы, білім деңгейі, табыс деңгейі және т.б. ерекшеленген
топтар жиынтығы ретінде сипаттайды.
Ұжымның рөлдік құрылымы жеке жұмысшылар арасында шығармашылық,
коммунткативтік және мінездемелік рөлдерін бөлу мен құрамын анықтайды.
Шығармашылық рөлі әсіресе, ұйымдастырушылар мен ойлап табушыларға тән.
Коммуникативтік рөл – жұмысшылардың шешім қабылдауға қатысуы мен оның
мазмұнын анықтайды. Мінездемелік рөл – жұмысшылардың жұмыс орындағы,
тұрмыстағы, дауласу жағдайындағы мінезінің типтік моделін сипаттайды.
Персонал құрылымын талдауды жүйелік түрде жасау қажет.
Еңбек етуші персоналдың сапалық сипаттамалары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz