Ортағасырлық Батыс және Шығыс философиясы


Ортағасырлық Батыс және Шығыс философиясы
- Ортағасырлық еуропалық христиан философиясының ерекшеліктері мен дамуының кезеңдері.
- Аврелий Августина және Фомы Аквинский шығармаларындағы философиялық идеялары.
- Универсалия мәселесі. Номинализм және реализм.
- Араб-мұсылман философиясының қалыптасуы мен ерекшелігі средневековья.
- Арат тілді философиядағы универсализм, энциклопедизм, пантеизм, перипатетизм: әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, ибн-Рушд.
1. Ортағасырларды (І-ХV ғ. ғ. ) философияның қалыптасуының екі негізгі алғышарты болды:
а) ертедегі грек философиясы, әсіресі платондық және аристотельдік дәстүр;
б) философияны христиандыққа қарай бұрған әулие жазбалар.
Ортағасырлар философиясы алдыңғы антика философиясынан, одан кейін болатын қайта өрлеу дәуірінен өзінің діни мазмұны мен бағытылығымен ерекшеленді.
Бұл дәуірде философия дінге тәуелді болды, өйткені философиялық сұрақтар теоцентризм, креационизм, провиденциализм позициялармен шешілді.
Теоцентризм - әлемнің түптамыры, жаратылыстың себебі құдай деп түсіндіретін ілім.
Креационизм - Құдай тірі және өлі табиғатты жоқтан жаратты деген принцип (ортағасырлық онтологиялық принцип)
Провиденциализм - әлемдік оқиғаларды, тарихты, адам әрекетін құдай басқарады деген көзқарастар жүйесі (ортағасырлық гносеологиялық принцип)
Христиан философиясы түрлі фазалар мен формалардан тұрды. Ортағасырлық батысеуропа философиясының 2 кезеңін атап айтуға болады:
Патристика - қасиетті жазбаларда белгіленгендей, жүйелі догмаларды жасау кезеңі болды. (антика философиясына, әсіресе Платон философиясына сүйенді)
Схоластика - бұл кезеңнің негізгі міндеті діни догмаларды негіздеп, дәйектеп, қорғау болды. Схолостикалық философияның әдісі - ақыл көмегімен, яғни философия арқылы ақиқатты анықтау болды. Схоластикалық ойлау мәні жағынан 2 мәселеге шоғырланды: 1) әмбебаптылық мәселесі бойынша номинализм мен реализмнің таласы; 2) Құдайдың бар екендігін дәлелдеу.
Батыс еуропалық ортағасырлық философиясының ертехристиандық философиясының өкілі Аврелий Августиннің (354-430 ж. ж. ) ықпалы зор болды. Оның негізгі еңбектері: «Ақиқат дін туралы», «Тәубә», «Жаратушы туралы», «Құдай қаласы туралы».
Оның философиясының негізгі жақтары:
Қоғам өмірі - екі қарама-қарсы патшалықтардың күресінен тұрады, Жергілікті және Құдайлық қалалар. Жер қаласы Құдай қаласының қаһарына ұшыраған. Оның тұрғындары өзімшіл, эгоистер, олардың талап-тілектері дұрыс өмір сүргісі келетін азшылыққа қарама-қарсы. Бұл екі қала сүйіспеншіліктің екі өзгеше түрлерінен жаратылған: жердегі - өзіне сүйіспеншілікпен қарайтын, Құдайды жек көруге дейін баратыдар; аспандағы - құдайға сүйіспеншілік, өзін-өзі жек көруге дейін баратындар.
Жердегі қала - жауыздар мен перілердің әлемі, онда басқарушылар мен оларға бағынышты халықты басқару жүзеге асады.
Құдай қаласы - бұл адамгершілік пен құдай әлемі, сүйіспеншілік бойынша басқарылады, құлдық етеді.
Августин бойынша, адам өмірінің мақсаты құдайға құлшылық ету мен сүйіспеншілік, адам құдай идеяларын қабылдаушы.
Аврелий Августин философиясының теоцентристік көзқарастағы философия, құдай жалғыз түпнегіз ретінде бәрі соған тәуелді, барлық нәрселер соның көлеңкесі (креационизм) .
Ортодоксалды схоластикалық жүйеге келтіруші доминикан монахы Фома Аквинский (1225-1274) . Оның негізгі шығармасы «Теологияның мәні»- онда котоликтік догматиканы жасады, бұл сохоластикалық теологияның негізіне айналды.
Фома Аквинский - католицизмнің діни-философиялық жүйесін негізеуші, оның ілімі томизм деп аталды. Оның әулие аталуы да осы еңбегі үшін еді.
Ф. Аквинскийде ғылым мен сенімнің аймақтары қатал анықталған. Ғылымның міндеті әлемдік заңдарды түсіндіру болады. Августин объективті түрде өмір сүретіндерді танып білуге болатындығына сенді, бірақ адам ақылының әрекеті ғана шынайлық дегенге қосылмайды.
Объективті және ақиқатты тануда барлығын білу мүмкін емес. Христиан дініндегі құпияларды (құдайдың үшбірлігі, қайта тірілу және т. б. ) философиялық ақыл мен танымнан тыс, ал философияның қарастыратын мәселелері : құдай болмысын дәлелдеу. Ғылым мен сенім арасында қайшылық жоқ, христиандық ақиқат ақылдан жоғары тұрады, өйткені ол құдайдан пайда болады, бірақ ол ақылға қайшы емес. Сонымен Фоманың негізгі принципі - сенім мен ақылдың үйлесімділігін жасау болды.
Философия дінге қызмет етуі керек, ол діни ақиқатты ақыл катигорияларына салып бейнелеуі және талдауы керек, және сенімге қарсы шығатын жалған аргуметтерді теріске шығарып отыруы керек.
Ф. Аквинский «құдай болмысы», өзінен-өзі белгілі емес, сондықтан оны таным арқылы дәлелдеп көрсету керек деп тұжырымдады. Ол өзінің төмендегідей құдай болмысының дәлелдерін келтірген:
Қозғалыс - қозғалғанның барлығын қозғалысқа келтіретін біреу, яғни алғашқы қозғалысты жасаушы - Құдай;
Себептілік - тіршілік ететіннің бәрінде сепеп бар, яғни олардың тіршілік етуінің себебі - Құдай;
Кездейсоқтық пен қажеттілік - кездейсоқтық қажетіліктен туындайды, қажеттіліктің алғашқы бастамасы - Құдай;
Сапалық белгілер - болады, ең жоғарғы өзіне-өзі сәйкес - Құдай;
Мақсат - жаратылғанның бәрінің бір мақсаты бар, ал барлығының мақсатын анықтайтын - Құдай.
Аквинскийдің әлеуметтік философиясы католиктік ілім рухымен шешілді. Мемлекеттік билік - құдайдан, басқару формасы жағдайға байланысты жасалуы керек. Ол монархиялық билікті көздеді. Азаматтық қоғамда шіркеу бірінші орында болуы керек. Жердегі өмір болашақ о дүниелік өмірге дайындық. Мемлекетті жоғарыда Христос, ал жерде Рим папасы басқаруы керек деп тұжырымдады.
XI ғасырда схолостикалық философияда әмбебаптар мәселесіне байланысты номинализм мен реализм арасында талас-тартыс жүрді.
Реалистер: Аврели Августин, Ансельм Кентерберийский, Альберт Великий, Фома
Аквинский.
Реалист Ансельм Кентерберийский (1033-1109) нақты өмір сүретін тек мәңгі, жалғыз құдай, ол бәрінің мәні. Қалған тіршілік ететінің бәрінің бастауы Құдай. Жалпы ұғымдар қайырымдылық, ақиқат, әділдік адамның іс-әрекетінен тыс шынайы өмір сүрген дейді.
Әмбебаптардың өмір сүретіндігіне қарсы шыққан номиналистер болды. Олар: Пьер Абиляр, Росцелин, Ульям Оккам. Олар бойынша, нақты өмір сүретін жекелеген заттар, ал жалпы ұғымдар тек атау, затардың ортақ қасиеттеріне берілетін, тек тілде ғана қолданатын атаулар.
Пьер Абелярдың пікірінше әмбебаптар үш түрлі өмір сүреді:
заттан бұрын құдай санасында, сол арқылы әлем жаратылады.
заттарда көптің бірі ретінде;
заттардан соң адам санасында, бұрынғының белгісі ретінде.
4. батыс Еуропа философиясы діни схоластиканың арқасында даму тоқырауға ұшыраса, Шығыста керісінше, ортағасырларда гүлдену дәуірін бастан кешірді. Ортағасырлық Шығыс философиясын екіге бөліп қарастыруға болады:
1. Араб тілді мұсылман-шығыс философия;
2. Түркі тілді мұсылман-шығыс философиясы.
Шығыс философиясы грек философиясымен байланысты үзбей, оларды қабылдап, сақтады. Сондай-ақ негізгі мәселесі - Ислам және оның догмалары болды.
5. Араб философиясының қалыптасуының негізгі бағыттары:
Мутакаллимдер мектебі - Исламның діни қағидаларын негіздеу;
Мутазилиттер мектебі - әлемнің, адамның жаратылуы туралы, тағдыр туралы Ислам қағидаларынан бас тарты, Құдай туралы антроморфты бейнелерден бас тартып, адам ақылы мен күшіне сенді;
суфизм - қоршаған дүниеге қайырымды қарым-қатынас адамның жоғарғы міндеті, аскетизм, өзімен-өзі болу.
әл-Кинди (800-879) - Араб тілді ортағасырлық философияның алғашқы өкілі. Құдай, ақыл мәселелеріне тоқталып, философия мәнін, ғылымды классификациялауға тырысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz