Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері
КІРІСПЕ
Бизнес-жоспардың негізгі талдауы - бұл жобалар - фирманың жаңа перспективалық даму стратегиясының бағдарламасын қамтамасыз етуші ретінде қарастырылады. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына нарықтық бағаның, қаржы мен несиенің ынталандырушы рөлдерін жоғарлату, ең алдымен, қаржылық тепе-теңдік пен тұрақтылықты, экономикалық қауіпсіздік пен өтімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін біздің экономикамыз, ғылымымыз, өнеріміз, әдебиетіміз тең дәрежеде болуы керек. Бұған Елбасы да ерекше мән беріп отыр. Соңғы жылдар ішінде елімізде үлкен өзгерістер болды. Қазақстан онша дамымаған кешегі кеңестік республикадан өркендеген, әлеуетті экономикасы бар, демократиялық мемлекетке айналды. Мемлекетіміз бен Елбасымызды дүниежүзі біледі, сыйлайды, құрметтейді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты халыққа Жолдауынан Үкіметке 2016 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Оны Бизнестің жол картасы - 2020 деп атауды ұсынған. Елбасының биылғы жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Осы ретте кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру мәселесін айтсақ болады. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келген адам алғашқыда несие алуға әрекет жасайтыны белгілі. Болашақ кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі жоқ болса, тіпті қиын. Жолдауда айтылғандай енді кәсіпті бастау үшін несие алған адамдарға мемлекет кепіл болатын болды. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Мемлекеттің кепіл болуы халықаралық іс-тәжірибеде бар. Айталық, мұндай тәжірибені Германиядан кездестіруге болады. Банк кәсіпкерлердің бизнес-жоспарымен танысып, оған қаржы салудың тәуекелі зор екенін білгеннен кейін, кәсіпкерлер мемлекеттің көмегіне жүгіне алады. Жолдауда айтылған тағы бір көңілге қонымды мәселе, еліміздің барлық аймақтарында кәсіпкерлерге кеңес беретін орталықтар ашу ісін атап айтуға болады. Мемлекет кәсіпкерлік қауымдастықтарға арнайы гранттар тағайындап, кәсіпкерлерге тегін ақыл-кеңес беру ісін ұйымдастыруына болады. Өйткені қауымдастықтардың бай тәжірибесі бар. Яғни кәсіпкерлер осындай кеңес беру орталықтарына жүгіне отырып барлық керекті сұрақтарына жауап таба алатын болады. Соның ішінде бізнес жоспарды таңдау, әзірлеу тәртібі мәселесі ерекше маңызға ие.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Көптеген ірі батыс фирмаларында кәсіпорынды құру мен оны жетілдіру сияқты дамыту бөлімдері жұмыс істейді. Оның басты қызметі фирманың қабылданған жаңа даму стратегиясымен сәйкес басқарудың өндірістік және ұйымдық құрылымдағы өзгерістері бойынша жасалынатын бизнес-жоспардың қаншалықты мөлшерде фирмаға әкелетін тиімділігі мен әсер ету жағдайын талдап, барынша тақырыптың мазмұны мен мақсатын анықтап талдау. Яғни нарықтық экономикаcы дамыған шетелдердің кәсіпорындарында бизнес-жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды құрастыруды тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.
Бизнес-жоспар қазақстандық кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару органдармен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады. Нарықтық шаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі. Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады. Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспар - коммерциялық iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау құралы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері
ретінде оның негізгі мәні мен мазмұны, қызметтері мақсаттары, оның нарық жағдайындағы рөлі. Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
oo Бизнес-жоспар үғымын ашып, зерттеу;
oo Бизнес-жоспардың нарықтық экономикада қолданылуын талдау;
oo Бизенес-жоспарды қазіргі нарықтағы кәсіпкерлікте қолданысын қарастыру;
Курстық жұмыстың зерттеу субъектісі: Бизнес-жоспарды құрушы тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау нарық нысандары, кәсіпорындары мен кәсіпкерлері.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау қызметтерінің бизнес - жоспары.
Курстық жұмыстың құрылымы: бірінші бөлімде бизнес-жоспардың теориялық аспектілері қарастырылып, бизнес-жоспардың мәні мен мақсаты анықталған. Ал, екінші бөлімде тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау субъектісі мысалға алынып, бизнес-жоспарына жалпы шолу жасалған, кәсіпорынның маркетингтік, менеджменттік және стратегиялық даму жолдары талданған. Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау салада бизнес-жоспардың басқа саладан ерекшелігі курстық жұмыстың үшінші бөлімінде қарастырылған.
1 Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері
1.1 Бизнес-жоспардың мәні мен мақсаты
Жоспарлау жүйесінде бизнес-жоспар әр түрлі құқықтық ұйымдастыру үлгісіндегі кәсіпкерліктің жалпы қабылданған құралы болып табылады. Нарықтың экономика жағдайында субъектілердің пайда табуға бағытталған экономикалық қызметін бизнес дейтін болсақ, субъектілердің өндіріс немесе қызмет көрсетулер бойынша мақсаттары мен табысқа жету жолдарын айқындау бизнес-жоспар деп аталады.
Нарықтық экономикалы дамыған шетел елдерде кәсіпорында бизнес-жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды қарастыруда тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекеме мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.
Бизнес жоспар қазақстандық кәсіпкерлікке стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, несие берушілермен және мемлекеттік басқару органдарымен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады.
Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасында бірқатар айырмашылықтар бар.
Стратегиялық жоспарды жалпы кәсіпорын бойынша құрастырады және барлық мақсаттар мен міндеттерді қамтиды. Бизнес-жоспар негізінде жаңа бизнесті құру мен дамыту үшін нақты мақсаттар мен міндеттер бейімделеді.
Бизнес-жоспар қатаң горизонтальдық жоспар болса, стратегиялық жоспар кең ауқымды болып келеді. Осыдан бизнес-жоспар бұл стратегиялық жоспардың нақты бір мәселесінің қарастырылуын көрсетеді.
Бизнес-жоспарға ұқсас құжат технико-экономикалық негіз болып табылады, өйткені мұның бағыты бизнес жоспардағыдай, бірақ технико-экономикалық негіз шағын болып келеді. Бизнес жоспар - бұл кәсіпкерлік жобаның негізгі формасы болып табылады.
Нарықтық щаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі.
Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады.
Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспар әдетте 3-5 жылға арналып құрылады. Бизнес-жоспар жасау кәсіпкерлерге келесі мәселелерді білу үшін қажет:
Біріншіден, бизнес-жоспар жасау кәсіпорындарға қызмет барысында барлық ұсақ-түйекті есепке алуға, күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, сөйтіп тиімді бағыт таңдауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, бизнес-жоспар кәсіпорынның қызметін басқару құралы бо-лып табылады. Сонымен бірге жоспарланған нәтижеге жетуге, туындаған мәселелерді айқындап, оларды шешудің кешенді шараларын анықтауға көмектеседі. Сөйтіп, ол Нені, кім үшін өндіру қажет деген сұраққа жауап табады.
Үшіншіден, бизнес-идеяны жүзеге асыруға қажетті қаражат кәсіпкерде барлық уақытта бола бермейді. Әріптестерін қызықтыру үшін, керекті несиені алу үшін немесе инвесторларды тарту үшін - оларға толық бизнес-жоспарды ұсыну қажет. Ал, іскер әріптес қашанда шынайы негізделген нақты есепті талап етеді.
Бизнес-жоспар кәсіпорынға бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
oo Рыноктағы жағдайды зерттеуге;
oo Өнімді өндіру мен өткізу шығындарын өтеуге;
oo Сату бағаларын шығындармен салыстырып, мүмкін пайданы анықтауға;
oo Кәсіпорындағы жұмыс жағдайын тұрақты түрде бағалауға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштерді анықтауға;
Осы міндеттерді шешу үшін бизнес-жоспарда бірнеше қағидалар болу керек:
oo Ашылып жатқан кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерін, пайда алу мүмкіндігін, сонымен қатар айналадағылар үшін әлеуметтік пайдалылығын сипаттау;
oo Кәсіпкердің тұтынушыға сататын тауарына немесе көрсетілетін қызметіне, сонымен бірге бәсекелестің мүмкіндігіне сипаттама беру;
oo Өндіріске қажет ресурстарды, сонымен бірге күтіліп отырған нәтежиелерді есептеу;
oo Елдегі нақты жағдайды ескере отырып, жоспарды іске асыру жөніндегі әрекеттер бағдарламасы.
Бизнес - жоспар кәсіпкерлік саласындағы өте құнды құжат . Бизнес - жоспар өндіріс және қызмет көрсету көлемін көбейту үшін капитал тарту мақсатында инвесторларды іздеу кезінде міндетті . Бизнес - жоспар негізінде инвесторлар жаңа кәсіпорынның жоспарланған мақсаттарды, оның ішінде кәсіби деңгейі жоғары мененджерлер командасы мұқият ойластырылған, жалғасын табатын негізгі бағдарламалық іс - әрекеттерді орындауға сол мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізуі тиіс. Егер бизнес - жоспар мақұлданса, ол кәсіпкер мен оның командасының өз әрекеттерін жүзеге асыратын басты критери болуы керек. Инвесторларды, бірінші кезекте , кәсіпорынның қарызды өтеуі, яғни оның тек пайызды төмен қана қоймай , сонымен қатар негізгі қарызды қайтара алуы толғандырады . Бизнес - жоспар тек инвестиция тарту құралы ретінде пайдаланылады деген пікір бар. Шындығына келгенде , бизнес жоспардың мақсат өрісі айтарлықтай кеңірек , себебі бизнес - жоспарды дайындаудың басқа маңызды себептері бар .
0.2 Бизнес-жоспарға әсер етуші факторлар және оларды талдау
Бизнес жоспарлауды логикалық түрде бірінен бірі туындайтын алты өзара байланысқан басқарушылық процестердің динамикалық жиыны ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, тұрақты кері байланыс та бар.
Бизнес жоспарлау процесі төмендегілерді қамтиды:
oo Кәсіпорын, ұйымның миссиясын анықтау;
oo Кәсіпорын, ұйымның қызмет ету мәселелері мен мақсаттарын анықтау;
oo Сыртқы ортаны бағалап, талдау;
oo Ішкі құрылымды бағалау және талдау;
oo Стратегиялық баламаларды өңдеу және талдау;
oo Стратегияны таңдау.
Бизнес жоспарды басқару процесі, сондай-ақ мыналарды қамтиды (жоспарлаудан басқа):
oo орындалуын бағалау және бизнес жоспарды жүзеге асыру;
oo бақылау.Ұйым миссиясы
Ұйым мақсаты
Сыртқы ортаны талдау және бағалау
Ішкі құрылымды талдау және бағалау
Бизнес-жоспарды бағалау
Бизнес-жоспарды жүзеге асыру
Бизнес-жоспарды таңдау
Стратегиялық баламаларды өңдеу және талдау
Ұйым миссиясы

Сурет 1- Бизнес жоспардың құрылымы
1-суреттен көрініп тұрғандай, бизнес жоспарлау стратегиялық басқарудың құрамды бөліктерінің бірі болып табылады. Бизнес-жоспарды басқару кейде бизнес жоспарлау терминінің синонимі ретінде қарастырылады. Алайда, бұл олай емес. Бизнес-жоспарды басқару бизнес жоспарлаудан басқа шешімдерді жүзеге асыру механизмін қамтиды.
Жоспарлаудың негізгі құраушылары:
1. Ұйым миссиясын анықтау. Аталмыш процесс кәсіпорының әрекет ету мәнін орнатудан, оның тағайындалуынан, нарықтық экономикадағы ролі мен орнын анықтаудан тұрады. Шетелдік әдебиетте аталмыш термин корпоративті миссия деп немесе бизнес тұжырымдамасы деп аталады. Ол нарықтық қажеттіліктерге, тұтынушылар сипатына, өнімнің және ерекшеліктері мен бәсекелік артықшылықтардың болуына байланысты кәсіпорындар бағдарланатын бизнестегі бағытты сипаттайды.
2. Мақсаттар мен мәселелерді құру. Қандай да бір бизнес түріне тән іскерлік бейімделушіліктер сипаты мен деңгейін сипаттау үшін мәселелер және мақсаттар деген терминдер қолданылады. Мақсаттар мен мәселелер тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін бейнелеуі керек. Олар кәсіпорында қызмет ететін адамдар мотивациясын құруы керек. Мақсатты бейне кем дегенде төрт мақсаттар типін қамтуы керек:
- Сандық мақсаттар;
- Сапалық мақсаттар;
- Стратегиялық мақсаттар;
- Тактикалық мақсаттар.
Төменгі деңгейлі кәсіпорындар үшін мақсаттар мәселелер ретінде қарастырылады.
3. Ішкі және сыртқы ортаны талдау және бағалау. Ортаны талдау әдетте стратегиялық басқарудың бастапқы процесі ретінде есептеледі, себебі ол кәсіпорын миссиясы мен мақсаттарын анықтау үшін базаны қамтамасыз етеді, сондай-ақ ол кәсіпорынға өз мақсатына жетуге мүмкіндік беретін стратегиялық әрекетті өңдеу үшін қолданылады.
Кез келген басқарудың кілтті рольдерінің бірі - ұйымның ортамен әрекеттесу балансын сақтау. Әрбір ұйым үш процеске қатысады:
- сыртқы ортадан ресурстарды алу (ену);
- ресурстарды өнімге айналдыру (қайта құру);
- өнімді сыртқы ортаға беру (шығу).
Басқару ену және шығу теңдігін қамтамасыз етуге маманданған. Ұйымда аталмыш теңдік бұзылған жағдайда, ол тоқырау жағдайына ұшырайды. Қазіргі таңдағы нарық аталмыш теңдікті сақтауда шығу процесінің мәнін шұғыл арттыра түсті. Бұл стратегиялық басқару құрылымында көрініс табады. Бірінші блок - ортаны талдау блогы.
Ортаны талдау оның үш құраушысын қарастыруды болжайды:
- макроорта;
- тікелей орта;
- ұйымның ішкі ортасы.
Сыртқы ортаны талдау (макро- және тікелей орта) кәсіпорын жұмысты табысты жүзеге асырса және ол жағымсыз әсерлерді уақытылы анықтамаса оны қандай жағдайлар күтетінін анықтауға мүмкіндік береді.
Макроортаны талдау мыналарды қамтиды: экономиканың, құқықтық реттеу мен басқарудың, саяси процестердің, табиғи орта мен ресурстардың, қоғамның әлеуметтік және мәдени құраушыларының, қоғамның ғылыми - техникалық және технологиялық дамуының, инфрақұрылымының әсерін талдау.
Тікелей қоршау келесідей негізгі құраушылар бойынша талданады: сатып алушылар, жабдықтаушылар, бәсекелестер, жұмысшы күші нарығы.
Ішкі ортаны талдау өз мақсаттарына жетуде кәсіпорын қол жеткізуге үміттенетін мүмкіндіктер мен потенциалды ашады. Ішкі ортаны талдау ұйым мақсаттарын нақты айқындауға, миссияны неғұрлым нақты анықтауға, яғни кәсіпорын іс-әрекетінің мәні мен бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Мынаны есте сақтаған жөн: ұйым өнімді сыртқы ортаға таратып қана қоймай, сондай-ақ жұмыс бере отырып, пайдаға қатысу мүмкіндігін бере отырып, әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ете отырып, өз мүшелерінің жақсы өмір сүруі үшін жағдай жасайды.
Ішкі орта келесідей бағыттар бойынша талданады:
- кадрлық потенциал;
- басқаруды ұйымдастыру;
- қаржылар;
- маркетинг;
- ұйымдастырушылық құрылым.
4. Стратегиялық баламаларды өңдеу және талдау, стратегияны таңдау. Стратегияны таңдау басқарудың жоғарғы деңгейінде жүзеге асырылады және жоғарыда аталған мәселелерді шешуге негізделген. Шешім қабылдаудың аталмыш кезеңінде менеджер кәсіпорын іс-әрекетінің баламалы жолдарын бағалап, алға қойылған мақсаттарға жету үшін тиімді бағыттарды таңдауы қажет. Жүргізілген талдау негізінде стратегияны жүзеге асыру процесінде басқарушылық сызықтық аппаратпен кәсіпорының даму тұжырымдамасын келісе отырып, стратегиялық ойлаудың қалыпасуы жүзеге асады, дамудың жаңа стратегиялары ұсынылады, мақсаттар жобасы қалыптасады, ұзақ мерзімді даму үшін директивалар дайындалады, стратегиялық жоспарларды өңдеу және оларды бақылау жүзеге асырылады. Стратегиялық менеджмент кәсіпорын басымды мақсаттарға байланысты болашаққа өзінің кілтті бағдарларын анықтайтынын көрсетеді. Фирма алдында төрт негізгі стратегиялық баламалар тұрады: шектелген өсім, осы стратегияларды қысқарту және үйлестіру. Шектелген өсімді дамған елдердегі көптеген ұйымдар ұстанады. Осыған кәсіпорындардың ешбір байланыспаған салалармен табысты бірігуі негізінде мақсаттарды орнату тән. Жетекшілер қысқарту стратегиясын аса жиі қолданбайды. Онда көзделетін мақсаттар деңгейі бұрын көзделген мақсаттар деңгейінен төменірек орнатылады. Көптеген кәсіпорындар үшін қысқарту операцияларды рационалдау және қайта бағдарлау жолын білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда бірнеше нұсқаны қарастыруға болады:
- тарату (ұйымның материалдық қоры мен активтерін толық сату);
- артықты аудару (кәсіпорындардың өз бөлімшелері немесе әрекет түрлерін алшақтату);
- қысқарту және қайта бағдарлау (пайдану ұлғайту мақсатында өз іс - әрекетінің бөлігін қысқарту).
Қысқарту стратегиясына көбінесе компания әрекеттері нашарлай бастағанда, экономикалық дағдарыста немесе ұйымды сақтап қалу үшін жүгінеді. Барлық баламалардың үйлесу стратегиясын бірнеше салаларда белсенді қызмет ететін ірі кәсіпорындар ұстанатын болады.
Белгілі бір стратегиялық баламаны таңдай отырып, басқарма нақты стратегияға назар аударуы қажет. Басты мақсаты - ұйымның ұзақ мерзімді тиімділігін максималды арттыратын стратегиялық баламаны таңдау. Ол үшін жетекшілер кәсіпорынның барлық жағынан тұжырымдалған стратегиясына ие болуы керек. Қандай да бір нақты стратегияны таңдау көбінесе болашақ стратегияны шектейді, сондықтан қабылданатын шешім толық зерттеліп, бағалануы керек. Стратегиялық таңдауға түрлі факторлар ықпал етеді:
oo тәуекел (кәсіпорының өмір сүру факторы);
oo бұрыңғы стратегияларды білу;
oo стратегияны таңдау барысында басқару иілмелілігін шектейтін акция иелерінің ықпалы;
oo қажетті сәтті таңдаудан тәуелді болатын уақыт факторы.
Мәселелер бойынша шешім қабылдау түрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге, жоғарыда аталған екі бағытпен өзара байланыста (стратегия жоғарғы басқарма, жоспарлы қызмет пен жедел басқару бөлімшелері арасында өзара әрекет ету процесінде өңделеді). Бұл шешілетін мәселелердің басымдылығына, фирма құрылымын анықтауға, капитал салымдарының негізделуіне, стратегияны координациялау мен интеграциялауға қатысты.
Бизнес дамуының неғұрлым кең таралған, тәжірибемен тексерілген және әдебиеттерде неғұрлым кеңінен ашылған стратегияларды қарастырайық. Әдетте бұл стратегиялар базисті немесе эталондық деп аталады. Олар кәсіпорын өсіміне қатысты төрт тәсілдемені көрсетеді және бір немесе бірнеше элементтер жағдайының өзгерістерімен байланысты:
1) өнім;
2) нарық;
3) сала;
4) сала ішіндегі кәсіпорын жағдайы;
5) технология.
Элементтердің әрбір бес түрі екі жағдайдың бірінде болуы керек: әреке етуші жағдай немесе жаңа. Мысалы, өнімге қатысты: сол өнімді шығару шешімі немесе жаңа өнімді өндіруге ауысу.
Базалық, іскерлік стратегия корпоративті миссия негізінде құрылады, кейіннен компанияның түрлі бөлімшелері мен қызметтеріне сәйкес фукнционалдық стратегияларға жіктеледі. Аталмыш бағыттар бойынша фукнционалдық стратегиялырадың тәуелсіз құрылуы -- бұл іскерлік менеджменттің құрылмаған негізі, онда, мүмкін, тиімділіктің жоғары резервтері жасырылған шығар. Функционалдық стратегияға ерекше назар аудара отырып, қандай да бір функционалдық бөлімшенің белгілі бір іске салған салымына, сондай - ақ осы бөлімшені қаржыландыру көлеміне де нтижелі түрде ықпал етуге болады. Қазіргі таңда, функционалдық стратегия түсінігі ерекше мағынаға ие болды, себебі ол стратегиялық сананың тікелей бақылауда болған және корпоративті миссиямен байланысты болған билік ережелері мен нұсқауларына негізделген басқару деңгейіне енуді сипаттайды
1.3 Бизнес-жоспардың кезеңдеріне жалпы шолу
Бизнес-жоспарлау кезеңдері. Жоспарлаудың бірінші кезеңі - сыртқы ортаны талдау:
- елдегі экономикалық және саясаттық жағдайлардың (мемлекеттің экономикалық саясаты, саясатты тұрақтылық, мәдениетті ерекшеліктер);
- салалар (өсу екпіні, айналымдық, халықаралық іс-қимылдар, қаржылық сипаттамалар);
- нарықтың (коньюктура дамуының өзгерулері және тенденциялары, альтернативті технологиялар, бәсекелестер, сатылымдар әдістері, жарнама, бағалар);
- сұраныстардың (өзгерушілік, қалыптастырушылық созылушылық);
- ресурстар (орынбасушылық, бағалардың өзгеруі, қоршаған ортаға әсері).
Жоспарды жүзеге асырушылар мекемеге қатысты сыртқы факторларды кәсіпорының мүмкіндіктерін және қауіп-қатерлерін анықтау үшін бақылайды. Ол төнуі мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу үшін жоспар құруға және төніп тұрған қауіпқатерді кез келген пайдалы мүмкіндіктерге айналдыруға арналған стратегияны жүзеге асыру, ұйымның мүмкіндіктерін болжау үшін уақыт береді. Бағаға қарағанда, стратегиялық жоспарлау процесі бұл қауіп-қатерлердің және мүмкіндіктердің ролі сыртқы ортаны талдау барысында нақты үш сұраққа жауап береді:
- дәл қазір кәсіпорын қайда орналасқан?
- басшылықтың ойынша, кәсіпорын келешекте қайда орналасу керек?
- басшы кәсіпорынды бір жағдайдан екінші жағдайға қалай ауыстырады?
Жоспарлаудың екінші кезеңі - мүмкіндіктердің бағасы (ең бастысы, күнкөріс тәсілдері, кірістер, тәуекелдер). Кәсіпорынның потенциалдық мүмкіндіктерінің бағасы нарықтық сұраныс балансын кәсіпорынның өзінің шынайы мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді, өндірістік бағдарламасының дәйектемелерін және нарықтағы тәртібін шығарады, сонымен қатар үздік басқару шешімдерін қабылдайды.
Сұраныс мақсатымен мүмкіндік бағаларын бес қызметті қосу маңызды: маркетинг, қаржылар (бухгалтерлік есеп), операциялар, адами ресурстар, кәсіпорынның мәдениеті және көрінісі.
Маркетингтің қызметін зерттеу барысында талдауға және зерттеулерге арналған жеті облысқа көңіл аударған жөн:
- бәсеке-қабілеттілік және рыноктың бөлігі;
- біркелкі еместік және өнім ассортиментінің сапасы;
- нарықтық демографиялық статистика;
- нарықтық зерттеулер және жұмыстар;
- сатылымдарға дейін және сатылымдардан кейін тұтынушыларға игі қызметтер көрсету;
- нәтижелі өтім, жарнама және тауардың дамуы;
- кірісте
Қаржылар (Бухгалтерлік есеп). Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорын пайда түсіре алады және жоспарлау процессі нәтижесінің көтерілуіне әсер етеді. Қаржылық жағдайды заттық талдау кәсіпорында ішкі потенциалдық кемшіліктерді айқындайды, сонымен қатар оның бәсекелестерімен салыстыруда кәсіпорынның қатынасты жағдайын анықтайды. Қаржылық қызметті түсіну басшылыққа ұзақ мерзімді келешекте ішкі әлсіз және күшті жақтардың аумағын ашып береді.
Операциялар. Операциялармен басқаратын талдауларды үзіліссіз жүргізу кәсіпорынның ұзақ уақыт тіршілікте болуына ең маңыздысы.
Адамдық ресурстар. Кәсіпорындарда мәселелердің көпшілігі адамдарда болуы мүмкін. Егер кәсіпорында жақсы қызметшілер және басшылар, мақсатты орындар болса, онда оның әр түрлі альтернативті стратегияларға бағытталуына мүмкіндігі бар. Керісінше жағдайда, жұмыстың жақсаруына жету керек, өйткені бұл әлсіздік кәсіпорының болашақ қызметіне қауіпқатер төндіреді.
Меншік түрлері бойынша кәсіпорындар келесілерге бөлінеді:
- жеке, толығымен өзі жалғыз, тәуелсіз кәсіпорындар немесе оның құрамдық бөлімдерінде біріктірілгендер. Мемлекетте жеке меншік капиталдың бір бөлігі бар кәсіпорындарды да жатқызуға болады;
- мемлекеттік, яғни капитал және басқару толығымен мемлекетке жатады;
- сонымен қатар аралас та болады, яғни капиталдың басым бөлігін иеленеді және басқаруда атқарушы рөл атқарады.
Кәсіпорын өлшемі бойынша кіші, орташа және ірі болып бөлінеді. Әр елде кіші кәсіпорынға әрқалай анықтама береді. Қазақстанда шағын бизнеске аз адамды тиесілі етеді. ҚР Үкіметінің 1997 жылдың 8 сәуірінен № 499 қаулысына сай шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарына келесі сандағы жұмысшыларды енгіземіз: өнеркәсіпте, құрылыста және ауыл шаруашылығында - 50 адам, сауда-саттықта және тұрмыстық қызмет көрсетуде - 30 адам, көлік және байланыста - 25 адам, ғылым және инновациялық қызметте - 20 адам. 200 адамнан артық жұмыс істейтін кәсіпорын - орта бизнеске жатады.
Кәсіпорын қызметінің сипаттамасы бойынша топтастыру (өндірістік және өндірістік емес) олардың бөлінулерін өндірілетін ізгі және игі қызмет көрсетулерде ұйғарылады. Берілген топтастыру кәсіпорынның бөлімше құралдары бойынша оларды өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, көліктік, банктік, сақтандыру және тағы басқаша да топтастыруға жақын.
2 ТАЗА ҚАРАҒАНДЫ ЖШС БИЗНЕС - ЖОСПАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Жобаның тұжырымдамасы, Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы және Маркетингтік жоспар
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Қарағанды облысында тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау қызметтерін ұсынатын кәсіпорын құруды қарастырады.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және шығару болып табылады.
Нысаналы топтар мыналар:
- қызметі нәтижелерінде әр түрлі ҚТҚ пайда болатын өнеркәсіп кәсіпорындары, ұйымдар және т.б.;
- халық.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Шығыстар, мың тг.
2 016
Негізгі капиталға инвестициялар
16 769
Негізгі капитал
0
Барлығы
16 769
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Қаржыландыру көзі, мың тг .
Сомасы
Кезеңі
Үлесі
Өз қаражаты
3 354
02-03.16
20%
Қарыз қаражаты
13 415
02-03.16
80%
Барлығы
16 769
100%
Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:
Кредит валютасы
теңге
Пайыздық ставка, жылдық
12%
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу
ай сайын
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
3
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
3
Негізгі борышты өтеу түрі
тең үлестермен
Жобаның 5 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіштері:
Жылдық пайда (5 жыл), мың тг.
3 657
Активтердің рентабельділігі
24%
14% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 7 жылда 5 837 мың теңгені құрады.
Ішкі кірістілік нормасы (IRR)
29%
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге
5 837
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл
3,5
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл
4,4
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- Қарағанды облысы бюджетіне қосымша кірістердің түсуіне;
- кәсіпорындардың ТТҚ шығарудың заманауи қызметтеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.\
Кіріспе
ҚТҚ негізінен тұрғындардың өмірінде, сондай-ақ кәсіпорындардың қызмет процестерінде пайда болған тұтыну саласының қалдықтары болып табылады. Олар тұрмыста одан әрі пайдалануға келмейтін металл қалдықтары болып табылады. Бұл қылдықтар тұрғын үйлерде, мекемелерде, жалпы пайдаланудағы кәсіпорындарда пайда болады және жинақталады.
Қазақстанның заманауи экономикасы жағдайларында техногендік қалдықтарды басқару командалық-әкімшілік жүйе экономикасы кезеңіндегі кезеңмен салыстырғанда жаңа мәнге ие болуда.
Біріншіден, жұмыс істеп тұрған таукен металлургия кәсіпорындарының материалдық-шикізаттық базасы не жеке меншікке не болмаса шетел компанияларына берілген, бұл мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми бөлімшелердің немесе жаңа әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстанның табиғи байлақтарын игеру үлесін барынша қысқартты.
Екіншіден, көп жылдар бойы жинақталған тау үйінділері, күл үйінділері, қоймалар басқа да өнеркәсіп қалдықтарын сақтау және көму орындары маңызды экологиялық проблема - топырақтың, су мен ауаның ластану көздеріне айналды.
Қалалардың өсуіне, қала халқының тез ұлғаюына және тауарлардың көп тұтынылуына байланысты қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі орасан зор өсуде. Қазақстанның экономиканың ресурстық ауқымдылық көрсеткіштері бойынша әлемнің жетекші елдерін басып озуының себебі өндірістік базаның даму деңгейінің барынша төмендігі мен технологияның артта қалуы, өнеркәсіптік құрылымның жетілдірілмеуі болып табылады. Қазақстанда прогрессивті энергия ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz