Бұлт.Бұлттылықтың жылдық,тәуліктік жүрісі


Жоспары:
Кіріспе
1. Бұлт. Бұлттылықтың жылдық, тәуліктік жүрісі
2. Бұлттылықтың географиялық таралуы
3. Глобальді алқабы
Қорытынды
Пайдаланғанылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бұлт -конденсация және сублимация өнімдерінің жиынтығы. Ол жер бетінен 2 - 18 км-ге дейінгі биіктікте атмосфераның төмен бөлігінде (тропосфера) құралады. Бұлттар ауа құрамындағы су буының қоюлануы нәтижесінде пайда болады. Бұлттарды құрайтын су түйіршіктерінің және мұз кристалдарының көлемі ұлғайып, олар бұлттардан бөлініп, атмосферадан жауын-шашын түрінде (жаңбыр, қар, ұлпа, бұршақ т. б. ) жер бетіне түседі. Бұлтты құрайтын тамшылар өте ұсақ, диаметрі бірнеше мкм-ден 200 мкм-ге дейін болады. Бұлттағы сұйық судың құрамы тым аз, Бұлт ауасының 1 м3-не шаққанда 1 г-ның бірнеше жүздік бөлігінен бірнеше г-ға дейін ғана жетеді. Бұлт ауа массасының ағыны әсерінен қозғалады. Олар биіктігіне қарай негізгі 4 түрге ажыратылады: жоғары ярустағы (қоңыржай ендіктерде 6 км-ден жоғарыда), ортаңғы ярустағы (6 км-ден 2 км-ге дейін), төменгі ярустағы (2 км-ден төмен) және вертикаль бағытта пайда болатын (асты төмен яруста, үсті жоғары немесе ортаңғы ярустарда) . Бұлттардың шығу тегін сыртқы пішіні мен ішкі құрылым ерекшеліктері бойынша, сондай-ақ, мөлдірлік көрсеткіші бойынша анықтауға болады. Жоғарғы ярустың шекаралары полярлық ендіктерде 3 - 8 км, қоңыржай ендікте 5 - 13 км, тропикалық ендікте 6 - 18 км аралығында. Тропосферада байқалатын әр түрлі текті Бұлттардан басқа 20 - 30 км және 70 - 80 км биіктікте маржан тәріздес және күміс тәріздес Бұлттар кездеседі. Маржан тәріздес Бұлттар сирек кездеседі және тек Солтүстік Еуропа мен Аляскада, күн көкжиектен бірнеше градус жоғары тұрған кезде ғана байқалады. Күміс тәріздес Бұлттар өте жұқа, жұлдыздардың жарығын да әлсіретпейді, олар мезосфераның төменгі бөлігінде 75 - 90 км биіктікте 50 - 250 м/с жылдамдықпен ығысады. Мұндай Бұлттар жанартаулық немесе ғарыштық тозаңнан пайда болған деп болжанады. Бұлттар биіктігіне байланысты 4 түрге бөлінеді:
- Жоғарғы қабат бұлттары(6-13км) ;
- Ортаңғы қабат бұлттары(2-6 км) ;
- Төменгі қабат бұлттары(2 км-ден төмен) .
Сонымен қатар вертикальді дамыған бұлттар түрі ажыратылады. Бұлттардың Халықаралық морфологиялық классификациясына сәйкес 10 негізгі түрі ажыратылады.
1. Бұлттылық және оның тәуліктік, жылдық жүрісі
Аспан алқабының бұлттармен жабылып жату дәрежесін бұлттардың мөлшері немесе бұлттылық деп атайды. Бұлттылық мөлшерін анықтағанда бақыланатын қабаттың жалпы мөлшері және тек қана төменгі қабат мөлшері анықталады. Олардың мөлшері бүкіл аспан әлемі бойынша 10 баллдық шкаламен анықталады. Аспанды түгелдей бұлт басып жатса 10 балл болып есептелсе, ашық аспанда 0 баллдық көрсеткіш алынады. Орташа мәнді көрсеткіштер бақыланса оннан бір бөлігіндегі мәнді алуға болады. Мысалы 5, 7 көрсеткіші бұлттардың аспанның 57 % алып жатқандығын білдіреді.
Әдетте бұлттылықты көз мөлшерімен де анықтайды. Бірақ шығыңқы жарты сфералы айна тәрізді құралдар да қолданылады. Ол аспанды айнадан қарағандай көрсетіп тұрады немесе кең объективті құралдарды да қолдануға болады.
Ең алдымен бұлттылықтың жалпы және төменгі қабаттағы мөлшері анықталады. Себебі жоғары және ортаңғы қабаттағы бұлттар күн жарығын аз көлеңкелейді. Ол аса маңызды болып есептелмейді.
Бұлттылық климаттың қалыптасуына зор әсер ететін параметр болып табылады. Ол жер бетіндегі жылу алмасуға әсерін тигізеді, яғни күннен келетін тіке радиацияны шағылдырып, оның жер бетіне келетін ағынын азайтады. Ол радиацияның шашырауына, сәуленің таралуына да әсерін тигізеді, тіпті жарықтандыру жағдайын да өзгерте алады. Бірақ қазіргі заманда ұшақтар ортаңғы қабат бұлттарынан биігірек тіпті жоғарғы қабаттан да биік ұшады. Ал бұлттылық олардың ұшып-қону процессін нашарлатуы мүмкін. Құралдарлың бағыттарына әсер етіп, ұшақтың салқындауына алып келуі де мүмкін.
Будақ бұлттар стратификацияның тұрақсыздығымен жақсы дамыған конвекцияның арқасында күндізгі уақытта ғана байқалып түнге қарай жоғалады. Теңіз бетінде яғни төменгі қабаттарында тәуліктік жүрісі байқалмайтын аймақтарда конвекция бұлттары да тәуліктік жүрісі де болмайды. Бірақ әлсіз максимумы таңғы уақытта байқалады. Фронттармен байланысқан реттелген қозғалыспен жылжитын бұлттарда тәуліктік жүрісі болмайды.
Бұлттылықтың құрлық беті мен қалыпты ендіктерде тәуліктік жүрісінің бақылануы нәтижесінде жазғы мезгілде екі максимумы тіркеледі: таңертең және тал түстен асқан уақытта. Салқын мезгілде конвекция әлсіз дамығанда немесе мүлде болмаса таңғы уақытта максимумы ғана тіркеледі. Құрлықтағы тропиктерде жыл бойы тал түстен кейінгі максимум сақталып тұрады. Себебі ол жерлерде бұлт түзуші негізгі процесс конвекция қарқынды жүреді.
Мысалы қарайтын болсақ, Венада орташа есеппен бұлттылықтың максимумы 8 және 14 сағаттарға сәйкес келеді, ал минимумы 12 және 22 сағаттарда тіркелген. Венадағы бұлттылықтың тәуліктік жүрісінің толық амплитудасы 0. 8- ді құрайды, яғни бұл аспанның оннан бір бөлігінен де аз көрсеткіш. Теңіздік климаттық жағдайда ол одан да аз болуы мүмкін.
Биік таулы аймақтардағы станцияларда, әсіресе жазда, бұлттар төменірек орналасқандықтан минимуы түнде тіркеледі, ал максимум талтүстен кейін конвекция дамығанда тіркеледі.
Бұлттылықтың жылдық жүрісі болса климаттық аудандарға тәуелді өзгереді. Мұхит үстінде жоғарғы, ортаңғы ендіктерде жылдық жүрісі аса байқалмайды. Максимумы жазда және күзде ал минимумы көктемде тіркелген. Маточкин Шарында (Жаңа Жер) бұлттылық мөлшері қыркүйек пен қазан айында - 8. 5 ал сәуірде - 7. 0, ал Фарер аралдарында тамыз айында - 7. 9, сәуірде - 7. 0 балл болып тіркелген.
Еуропада максимум көрсеткіші қысқы мезгілге сәйкес келеді, себебі циклондық даму фронттарымен әсер етеді. Ал минимумы конвекция бұлттары дамығанда көктемде және жазда байқалады. Мәскеуде желтоқсан айының бұлттылық мөлшері - 8. 5, мамырда -6. 4, Венада желтоқсанда - 7. 8, ал тамызда - 5. 0 баллдық шкала тіркелген.
Субтропиктік аумақтарда, жазда антициклон, ал қыста циклон дамығанда, Еуропадағыдай максимум қыста ал минимум жазда сәйкес келеді бірақ, амплитуда көбірек болады.
2. Жер беті мәліметтері бойынша бұлттылықтың географиялық таралуы
Мұхит бетінде құрлыққа қарағанда бұлттылық жоғары болып келеді. Солтүстік жарты шар үшін ол құрлық беті бойынша - 5. 4 балл, теңіз бетінде - 6. 2 балл; Оңтүстік жарты шарға келетін болсақ, құрлық үстінде - 5. 2 ал теңіз бетінде - 6. 4 балл. Нәтижесінде Солтүстік жарты шар үшін бұлттылық көрсеткіші - 5. 9 балл болса, Оңтүстік жарты шарда - 6. 2 баллға ие. Бүкіл жер шары үшін бұлттылық дәрежесі - 6, 0 балл. Осы көрсеткіштердің нәтижесінде Жер шарының бетінің жартысынан көбі бұлттармен көмкерілген болып табылады.
Бұлттылық ең биік ендіктерден бастап субполярлық аумаққа дейін өседі де, максимумы 70-60◦ ендіктерде байқалады. Ол субполярлы аумақтардағы теңіз үстенде жүретін циклондық жағдайдың дамуымен тығыз байланысты. Субтропикке қарай бұлттылық бәсеңдеп, минимумы 30-20◦ ендіктерде байқалады. Бұл көрсеткіш субтропиктік антициклонға байланысты болып келеді. Ары қарай экваторға дейін бұлттылық қайта өседі. Ол тропикішілік конвекция зонасындағы маусымдық алмасуы кезінде, жарты шарлардың пассатары араласып конвекция тудыруының нәтижесінде қалыптасады.
Көпжылдық орташа көрсеткішті карталарында жылдың барлық маусымдарында екі жарты шардың субтроптикті шөлді аумақтарында бұлттылықтың аз мөлшері бақыланған. Мысалы, Асуандағы жылдық орташа бұлттылық мөлшері небәрі - 0, 5 балл. Орта Азияда да бұлттылық аз мөлшерде байқалады. Шығыс Сібір аумағындағы бұлттылық мөлшері де аса көп емес, себебі ол жақта антициклон режимі немесе қысқы муссондық циркуляция дами бастайды.
Айтарлықтай жоғары көрсеткіштегі бұлттылық мөлшері жыл бойы Тынық және Атлант мұхиттарының солтүстік бөлігін, және солтүстік-батыс Еуропа мен бірге Жапон аралдарын қамтиды. Қысқа мезгілде Батыс Сібір мен Ұлы көлдер маңында бұлттылық зор мөлшерде байқалады. Ал жазда Гвинеия шығанағы мен Үндістанның муссондық аумақтарында бұлттылық айтарлықтай байқалады.
Ресейде бұлттылық солтүстік-батыс еуропалық бөлігінде байқалады. Ақ теңіз бен Зимняя Золотица жерінде орташа жылдық - 7. 7 балл, ал Сосновец маягында - 9. 0 балл.
Бұлттылықтың дамуын ашық және бұлтты күндердің саны бойынша да сипаттауға болады.
3. Бұлттылықтың глобальді алқабы
Қазіргі таңда жер беті бақылауларына қарағанда спутниктік бақылаулар бұлттылыққа қатысты өте көп нақты мәліметтер беруде.
Жер бетінен бақылағанда бұлттарға дейінгі қашықтық көп емес болғандақтан, бақылаушы төменгі сферадағы бұлттардың төменгі ғана емес қырлы қабаттарын да байқай алады. Сол себепті n көрсеткіші жер беті бақылауларының әсерінен қалыптыдан көбірек болып келеді. Сондай-ақ n көрсеткішінің орташа мөлшері де артық болып кетеді, оның себебі жер шарында бақылаулар кейде түнгі уақытта жүргізілмейді. Бірақ спутниктік бақылауларда да кристаллдық бұлттар мен қар қабаты бұлттары аса байқалмағандықтан n параметрі жоғарғы ендіктерде аз көреткішке ие болуы мүмкін.
Бұл тараудағы мәліметтердің алынуына КСРО кезіндегі Гидромед орталығы мекемелерінің спутникті бақылау ақпараттарымен қоса бұлттылықтың суретті монтаждау карталары мәліметтері зор ықпалын тигізді.
Бұлттылық мөлшері суретті монтаждау карталары арқылы сфералық тікбұрышты өлшемдер, яғни ендігі 5◦ және бойлығы 10◦ қолдана отырып анықталған. Ол үшін 1966 мен 1980 жылғы период бойынша күнделікті алынаған n өлшемдері, орташа квадраттық ауытқулар (σ), ассиметрия (А) және эксцесса (Е), корреляциялық және спектрлік функциялар, n анықтаушы тығыздық функциялары сияқты және т. б бұлттылықтың глобальді алқабы сипаттамалары қарастырылады.
Екі жарты шарда да жылдың барлық мезгілінде мұхиттағыдай материктерде де меридиан сызығын бойлай n шамасының екі максимум және екі минимум мәндері бақыланған: максимум - қоңыржай, экваторлық ендіктерде болса, минимум - полюстерге қарай және субтроптиктік ендіктерге сәйкес келеді.
n зонасының экстримумдары Күннің экватордан алыстау бағытымен бірдей бағытта ауысады. Яғни, көктем мен жазда полюстерге қарай бағытталса, күз бен қыста экваторға қарай бағытталады. Ал суретте көрсетілгендей n максиумы солтүстік жарты шардың қоңыржай ендігінде 45◦ жақын байқалады, ал қыстың екінші жартысында 62. 5◦ жаздың соңына қарай немесе күздің басында байқалады, n max жазда қысқа қарағанда 5-7 % көбірек байқалады.
Бұлттардың зоналық мөлшері бірдей ендіктерде барлық мезгілдерде мұхиттарда құрлыққа қарағанда жоғары болып келеді. Олардың айырмашылығы 10-15 %. Әсіресе субтропиктік ендіктердегі n мағынасы өте көп айырмашылық жасап 20 % кейде 30%-ды көрсетеді.
Бұлттылықтың үлкен аудандардағы мөлшері қолданбалы және танымды қызығушылықты арттырады. Бұлтпен жабылған аудан бөлігін есептегенде, сфералық тікбұрыштың ауданының φ ендігіне бағынышты өзгеруін ескеру қажет.
n параметрінің айлық мәліметтері бойынша жылдық ауытқу мұхит бетінде аса қатта байқалмайды, ал материктерде керісінше көрсеткішке ие болып табылады. Айлық көрсеткішке келетін болса, ол су бетінде құрлыққа қарағанда біршама білінеді. Солтүстік жарты шардағы n мағынасының айырмашылығы жазда 10 % болса, қыста 18-20 % дейін өседі. Ал оңтүстік шарты шарда бұл айырмашылық жоғары болып келеді, яғни 20-25 % желтоқсан-ақпан айлары бойынша (жазда), маусым-тамыз бойынша 30-32 % (қыста) көрсеткіштеріне ие. Бұлттардың орташа жылдық мөлшері Әлемдік мұхит бойынша 64 %, құрлықта 44%. Оңтүстік жарты шар мұхиттарында солтүстікке қарағанда жылдың әр айында айтарлықтай көп бұлттылық мөлшері бақыланады.
Сурет-1. Бұлт мөлшерінің орташаланған айлық көрсеткіші (%) .
1971-1980 жж
Бұлттарды спутник арқылы бақылау жарықтанған және жарықтанбаған Жердің бөліктерінде фототелевизионды және инфроқызыл аппаратура арқылы жүргізіледі.
Жылдағы екі маусым бойынша бірнеше ендіктердегі әр түрлі градация негізінде бұлттылықтың қайталануы пайыздық көрсеткішпен 3 - суретте келтірілген.
Сурет -2. Жер мен жердің жарты шарының маусымдық және жылдық орташаланған булттану
Сурет-3. Жылдағы екі маусым бойынша бірнеше ендіктердегі әр түрлі градация негізінде бұлттылықтың қайталануы пайыздық көрсеткішпен
Сурет - 4. Бұлттардың мөлшерінің эмпирикалық тығыздығының әр түрлі жылдағы пайыздық бөлінуі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz