ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАР



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
Ақпараттық жүйелер кафедрасы

БЕКІТЕМІН БЕКІТЕМІН
Өндіріс орнындағы Университеттегі
практика жетекшісі пратика жетекшісі

___________________________ _________________________ _________________________ _________________________
міндеті, тегі, аты, әкесінің аты міндеті, тегі, аты, әкесінің аты

________________ _________________
қолы қолы
__________2017г. __________2017г.

ПРАКТИКА ЕСЕБІ
АЖ-25 тобының студенті
5В070300-Ақпараттық жүйелер мамандығы

_______________________ ________________
тегі, аты, әкесінің аты қолы

Практика өту орны

Адрес

Практика өту уақыты

Практиканы қорғау бағасы________
Комиссия мүшелері
_________________________ _____________________________
тегі, аты, әкесінің аты қолы
_________________________ _____________________________
тегі, аты, әкесінің аты қолы
_________________________ _____________________________
тегі, аты, әкесінің аты қолы

Астана 2017
МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ 3
1.1. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ серверлік бөлімі және мақсаты 3
1.2. Практика барысында орындалған жұмыстар 4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 5
2.1. Желілер мен серверлер жұмысы 5
2.2. Интернет протоколдары 7
2.3. Unifi құрылғысы 13
2.4. IP-телефония 15
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ 17
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 18

КІРІСПЕ
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ серверлік бөлімі және даму бағыттары
Техникалық қызмет көрсету бөлімінің қызметі университетті компьютерлендіруге және жаңа ақпараттық технологияларды дамытуға бағытталған.
Бөлім қызметкерлерінің міндеттері университеттің компьютерлеріне және құжатты көшіру мен көбейту техникасына жүйелі және техникалық қызмет көрсету, жалпыуниверситеттік желісінің серверлік бөлімін басқару, активті желілік құралдарын басқару, университеттің барлық факультеттері мен бөлімшелерінде кабельдік желіні қадағалау, университеттің ақпараттық қауіпсіздігін қалыптастыру, конференциялар, мәжілістер және жиналыстарды аудио және бейне сүйемелдеуді техникамен қамтамасыз ету жұмыстары болып табылады.
Қазіргі кезде техникалық, жүйелік бақылауда 3550 компьютерлік техника, оның 3200 жалпыуниверситеттік желіге қосылған, 30 сервер, жүйелік басқаруда үлкен мүмкіндіктері бар Alcatel және Cisco (СКУ) фирмаларының 56 жүйелік-коммуникациялық түйіндері бар. Ректорат пен химия факультетінде Cisco-ның 2 агрегациясы орнатылған.
Университеттің желісі - факультеттер, бөлімдер, жатақханалар байланысын қамтамасыз етеді, 1 Gb жіберу қабілеттілігі бар, шамамен 20 км.-дей кабельмен созылған.
Студенттердің жатақханаларында, оқу залдарында және университеттің төңірегінде Wi-Fi сымсыз желілік жүйесінің 48 нүктесі орнатылған. Бұл дегеніміз, студенттер тәулік бойы интернетке кіріп, керекті мағлұматтарды кез келген уакытта ала алады.
Локалды жалпыуниверситеттік желі unlimited көлемінде, жылдамдығы 30 Mbc интернетке қосылуға мүмкіндігі бар. Байланыс каналдары: радио толқынының антеннасы.
2011-2015(2020) жылдарға арналған Техникалық қызмет көрсету бөлімінің стратегиялық даму бағыттары:
университеттің желілік инфрақұрылымын дамыту;
сымсыз желілік жүйені кеңейту;
ерекше маңызды жерлерде бейне бақылау жүйесін орнату;
АТ-қызметін басқару жүйесін құру;
университеттің АТ-инфрақұрылымын жаңалау.

1.2. ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Практиканың алғашқы күні серверлік бөлімдегі қауіпсіздік ережесімен танысумен басталды. Студенттің практика барысында келесі жұмыстармен (міндеттермен) кездесті:
Серверлік бөлімдегі құрылғылармен танысу;
Switch құрылғыларының жұмыс істеу принципі;
Hub құрылғысымен жұмыс ;
Интернет протоколдарын зерттеу;
Web-server - мен жұмыс істеу ;
Локальді интернет желісін қосу;
IP адрес түрлерін зерттеу;
Unifi құрылғысының жұмысына шолу.
Желілер мен серверлердің жұмысына шолу.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Желілер мен серверлер жұмысы
ЖЕЛІЛІК ТЕХНИКАЛЫҚ КҰРАЛДАР
Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөлітерден тұрады:
Аппараттық құралдар:
- кабельдер;
- серверлер;
- желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Interface Card);
- концапраторлар;
- коммутаторлар;
- аймақтық тармақталаған желілер үшін бағдарлауыштар (маршуртизаторлар);
- аймақтық тармақталаған желілер үшін қашытқтан қатынас құру серверлері;
- аймақтық тармақталаған желілер үшін модемдер;
СЕРВЕРЛЕР.
Клиентсервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating system) орнатылып, ол шеткері құрылғыларды (принтерлер тәрізді) да басқара алады.
Желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Operating System) үстелге қойылатын және портативті алып жұруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас құру үшін қажет. Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес компьютерлерге арналған желі тақшаларының көптеген түрлері бар. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының езгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. "Модем" деген соз осы кұрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол "модулятор демодулятор" сөздерінің кысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыккан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.
Коммутатор - электрлік тізбекті жалғастыруға, ажыратуға және ауыстырып қосуға арналған электрмеханикалық, электронды немесе электронды-сәулелік қондырғы. К-дың қарапайым және аса күрделі түрлері бар. Коммутаторлар байланыс техникасында (оның ішінде әскери) абонент желілерін бір типті шеттік аппараттардан (телефон, телеграф, мәлімет беру және т.б.) және ақпаратты беру мен қабылдау үшін кедергісіз жолдар жасау мақсатында байланыс арналарын бір-бірімен электрлік жалғастыруға арналған. Жалғастыру тәсілдеріне байланысты коммутаторлар қолмен жұмыс істейтін және автоматты қызмет кәрсету болып бөлінеді. Қолмен қызмет көрсетуде коммутацияны оператор жүзеге асырады. Автоматты қызмет көрсетуде коммутация оператордың қатысынсыз шеттік аппараттардан келетін сигналдар бойынша орындалады.
Коммутатор арнайы жүйе кезегінде жасалған, коммутациялық матрицаның архитектурасын жүзеге асыратын порттар саны (2-12) бекітілген модульдерден тұрады. Егер аралығында берілгендер, кадрға тасымалданатын порттар бір модульге арналған болса, онда кадр тасымалдануы модульге коммутациялық матрицаның негізіндемодуль процессорларымен жүзеге асады. Егер порттар әр түрлі модульдерге кіретін болса, онда процессорлар жалпы шина бойынша қатынасады. Осындай архитектурамен модуль ішінде кадрды тасымалдау коммутациялық матрицасы едәуір тез, бірақ порттардың өзара әсерлесуінің көлемдік тәсілі едәуір азырақ болғандықтан модульаралық тасымалдауға қарағанда тезірек жүреді. Коммутатордың ішкі шиналарының жылдамдығы бірнеше Гбитс жетуі мүмкін, ал едәуір қуатты модульдерде - 20-30 Гбитс.
Коммутатор құрылымдық қатынас бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
порт саны бекітілген автономды коммутатор;
шасси негізіидегі модульдік коммутатор;
сүрлеуге жиналатын порттар саны бекітілген коммутатор;
Коммутатордың өнімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштері мыналар болып саналады:
кадрлардың фильтрация жылдамдығы;
кадр жылжуының жылдамдығы;
өткізгіштік қасиеті;
кадрды тасымалдаудың кідірісі.
Сонымен қатар, кадрдың өнімділігін көрсететін сипаттамасына үлкен дәрежеде әсер ететін бірнеше сипаттамалар бар. Оларға жататындар:
коммуникация түрі - "жұмыс кезінде" немесе толық буферизациямен;
кадр буферінің мөлшері;
ішкі шинаның өнімділігі;
ішкі адрестік кестенің мөлшері.
КЛИЕНТ-СЕРВЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫ.
Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау сипатын олардың функциональдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында да компьютерлерді тікелей байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер үғымдары қолданылады.
Клиент-сервер технологиясы - жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, Мұнда бір компьютер (сервер) өз құрылғыларын басқаларға - клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді.
Бір деңгейдегі желілерде айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі - әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бөліп береді.
Кебінесе бір деңгейдегі желілер мүмкіндіктері бірдей компьютерлерді біріктірген кезде құралады. Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы, олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады.
Егер компьютерлер саны аз болып, олардың негізгі функциясы бір-бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда, ең тиімді шешім - оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады. Мұндай желі кең тараған Windows 98 операциялық жүйесінің басқаруымда жұмыс істей береді.

2.2. ИНТЕРНЕТ ПРОТОКОЛДАРЫ

Интернет - кез-келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет − байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.
Протокол түсінігі − желімен жұмыс жасаған кездегі компьютерлер арасындағы мәліметтер алмасу тілін білдіреді. Әртүрлі компьютерлер бір-бірімен байланысу үшін, олар бір протоколмен байланысуы керек. Интернет протоколдар жүйесін TCPIP протоколдар жиыны деп атайды.
TCPIP стектері әртекті желілерде жұмыс істеу үшін шығарылды. Бұл стек UNIX операциялық жүйесін қолданғаннан кейін кең көлемде тарала бастады. Қазіргі уақытта операциялық жүйе Internet желісіндегі компьютерлер мен корпоративті желілерді байланыстыру үшін қолданылады. Физикалық және арналық деңгейлерде стек жергілікті желілердің барлық базалық технологияларьн қолданалы. TCPIP стегі төрт деңгейден тұрады:
қолданбалы деңгей;
негізгі деңгей;
желіаралық байланыстар деңгейі;
желілік интерфейстер деңгейі.
Қолданбалы деңгейде қолданушыларға желілік сервис көрсететін қызметтер жинақталған. Мұнда қызметтер негізі жиі өзгеріп тұрады. Негізгі қызметтер арасынан төмендегідей протоколдарға қарауға болады:
− DNS;
− FTP;
− HTTP;
− HTTPS;
− IMAP;
− LDAP;
− POP3;
− SMTP;
− SSH;
− Telnet;
− XMPP (Jabber);
− SNMP.
Қолданбалы деңгей OSI моделінің қолданбалық деңгейі мен таңдау деңгейлерінің функцияларын біріктіреді. Негізгі деңгей мәліметтер пакетін жеткізу сенімділігін, олардын тұтастығын және жеткізілу тәртібін қамтамасыз етеді. Бұл деңгейде берілетін мәліметтер сегменттерге (пакеттерге) бөлігіп төменгі деңгейге жіберіледі. Жіберілгеннен кейін пакеттер жиналып, содан соң мәліметтер қолданбалы деңгейге беріледі.
Негізгі деңгей OSI моделінің транспорттық және сеанстық деңгейлергінің функцияларын орындайды. Бұл деңгей транспорттық деп те аталады. Бұл деңгейдің негізгі протоколдары TCP (Transission Control Protocol), UDP болып табылады.
Желіаралық байланыс деңгейінің негізгі протоколы пакеттерді жеткізу IP протоколы (Internet Protocol) болып табылады. Бұл протокол жергілікті желілерде ғана емес, сондай-ақ бүкіләлемдік байланыстарда болатын, құрылымдық желілердегі мәліметтер пакетін жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы деңгейде маршрутгық ақпаратты жннау үшін RIP (Routing Internet Protocol), OSPF (Open Shortest Path First) сияқты бағыттаушылар протоколдары қолданылады. Бұл деңгей OSI моделінің желілік деңгейіне сәйкес келеді.
Желілік интерфейс деңгейі құрылымдық желіге интеграцияланатын желілік иннтерфейстерді анықтайды. Қосылатын желі кез-келген технологияны қолдана алады. Әрбір желілІк технологияға, қолланылатын технологияның қатарларына желілік деңгейдің IP пакеттері орналасатын протоколдар шығарылады. Бұл деңгей OSI моделінің физикалық және арналық деңгейлеріне сәйкес келеді. TCPIP стектерінің денгейлері OSI моделінің деңгейлеріне сәйкес келуі шартты. Бұл TCPIP стектерінің осыдан 20 жыл бұрын шығарылуымен байланысты.
Негізгі деңгей протоколдары
TCP (Transmission Control Protocol) - бұл транспорттық деңгейдің ең кеңінен таратылған түрі. ТСР ең маңызды функциясына бұрыннан қолданылып келе жатқан IP (Internet Protocol) хаттамасымен салыстырғанда, мәліметтерді жоғалтпай жеткізуі болып саналады. Хабарламаны жеткізу үшін процесс - жіберуші мен процесс - алушының арасын алдын-ала жалғайды. Бұл құрылған жалғау дейтаграмманың нақты түрде жетуін қамтамасыз етеді. ТСР хаттамасының бүлінген немесе жоғалған пакеттерді қайталап жіберу мүмкіндігі бар. Хабарламаның нақты түрде жеткізілуіне белгіленген функциялар өңдеушілерді қосалқы бағдарламалардан және дейтаграмманы басқару амалдарынан босатады. Хаттама жіберуші мен алушы арасында мәліметтер жіберілуін қамтамасыз етеді. ТСР жалғауды қондыруға бағытталған болғандықтан, дейтаграмманы алған адресат жіберушіге алғаедығы туралы хабар беруі керек. Жалпы жіберуші мен алушы арасында виртуальды канал қондырылады, ол жерде олар хабарламамен алмасады және алғандығы туралы хабар жіберіледі.
Мәліметтерді алмасу процесі машина-жіберуші және машина- алушы арасында жалғауды қондыру сұранысынан басталады. Бұл сұраныста арнайы бүтін саны болады, оны біз сокет номері деп атаймыз. Ал жауабына алушы өз сокетінің номерін жібереді. Жіберуші мен алушының сокеттерінің номері жалғауды анықтайды (былай айтқанда, жалғау жіберуші мен алушының IP-адресісіз орындалмайды, бірақ та бұл тек төменгі деңгейлі хаттамаларға қатысты).
UDP (User Datagram Protocol) хаттамасы TCP хаттамасына қарағанда өте қарапайым транспорттық хаттама болып келеді. UDP хаттамасы дейтаграмманы жеткізіп беруді қамтамасыз етеді, бірақ оларды дәлелдер алуды талап етпейді. UDP хаттамасы мәліметтерді қосылуларды орнатусыз-ақ жеткізіп беру талап етілген жағдайларда пайдаланады. Мұндай байланыс негізінде сенімсіз, өйткені оның хабарлары дұрыс қабылданды ма және ол ол тіпті алындыма, сол туралы жіберушіге хабарланбайды. Қателердің туындауын тексеру үшін пакеттің бақылау сомасы пайдаланылады, бірақ қателіктер ешқандай өңделінбейді - олар немесе жойылады немесе олардың өңделінуі өте жоғары қолданбалы деңгейде орындалады. UDP арқылы қолданбалы процеспен жіберілетін мәліметтер бөлшектерге бөлінбей, белгіленген орынға бір бүтін секілді жетеді. Мысалы, егер жіберуші-процесс порт арқылы бес хабарлама берсе, онда алушы-процесс порттан бес хабарды есептеуі қажет. Әрбір жазылған хабарлар көлемі әрбір оқылғандардың көлемімен сәйкес келуі қажет.
Желіаралық байланыс деңгейі протоколдары
RIP - орындалуы қарапайым болғандықтан, қазіргі кезге дейін кең тараған алғашқы хаттама. RIP қолдайтын бағыттауыш кестелерінде келесі ақпарат сақталады:
IP қабылдаушы түйін адресі;
қайталап орындалатын трансляциялар саны (хоптар), 1-ден 15-ке дейін;
жолдағы келесі бағыттауыштың IP-адресі;
әрбір жол үшін жеткізу уақыты;
бағыттауыштағы ақпараттың өзгеру уақыты (өмір сүру уақыты).
RIP хаттамасы ішкі бағыттауыштың қашықтық-векторлық хаттама болып табылады. RIP анықталған жолдардың әрқайсысы үшін ретрансляциялар санын тауып, ол ақпаратты ең тиімді жолды таңдау үшін қолданады. Егер RIP ретрансляциялар санын қадағаламаған болса, шексіздікті есептеу проблемасы туар еді. Кейбір желілерде арнаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәулет - құрылыс факультеті
Кәсіби практика жетекшісінің қолы
Дене тәрбиесі сабағынан ашық сабақ өткізу
Front page тілінің тиімді пайдаланылуы
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдiстемесi мамандығы бойынша іс-тәжірибе есебі
Зар заман әдебиеті мен Алаш ұранды әдебиеттің сабақтастығы
Университеттегі практика жетекшісінің бағалауы
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
Тәжірибе жетекшілерінің міндеттері
Бастауыш мектепте математикадан сабақ беруге дайындау
Пәндер