Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау, талдау теориясы…
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау, талдау теориясы ... 4
1.1 Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Қаржылық жағдайды талдау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2. Хималайя Драг компаниясының қаржылық жағдайын талдау ... 12
2.1 Кәсіпорынның бизнес – жоспарын құру этаптары ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер ... ... ... 14
2.3 Хималайя Драг компаниясының қаржылық жағдайын талдау ... ... ... .18
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің даму
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...23
3.1 Кәсіпорынның төлем қабілеті мен баланс өтімділігін талдау ... ... ... ..23
3.2 Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштерінің жүйесі және оларға
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Кіріспе
Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі
әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне
асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы
керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі
ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп,
айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса
қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу
жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін
себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің
екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу
мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік
-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі
одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік (иесіз) меншік
жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік,
басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен
алмастыру – нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті,
ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және
ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік
белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін,
басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Курстық жұмысымның мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
- қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық
материалдарды жинақтау және өңдеу;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
- жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және
оларды жою жолдарын ұсыну.
Талдау объектісі ретінде Хималайя Драг компаниясы алынды.Оның
негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скважиналарын
жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтаумен
айналысу болып табылады.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау,талдау теориясы
1. Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың маңыздылығы
Қаржыны жоспарлау – бұл белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған
қаржы жоспарының жасалу және олардың белгілі мерзімдерде орындалуын
ұйымдастыру үдерісі.
Қаржыны жоспарлаудың нақты міндеті қаржы саясатымен анықталады. Бұл
қаржылық тапсырмаларды орындау үшін қажетті ақша құралдары мен көздерінің
көлемін анықтау; кіріс резервтерінің өсуі, шығындардығы үнемділік,
орталықтандырылған және орталықтындырылмаған қорлар арасында қаражаттарды
тиімді бөлу және т.б.
Жоспарлау мына арқылы сипатталады:
1. Экстенсивтілігімен (әлеуметтік – саяси және экономикалық құбылыстар
–дың шеңберін кеңінен қамтиды)
2. Интенсивтілігімен (озық техника мен әдістерді қолдануды білдіреді)
3. Тиімділігімен (нәтижесінде қаржылық басқару қоятын мақсаттарға жету
қажеттігін білдіреді)
Қызмет салаларына қарай:
- өндірісті жоспарлау;
- кадрларды жоспарлау;
- қаржыны жоспарлау;
- ғылыми жаңалықтарды жоспарлау;
- дайындау мен өткізуді жоспарлау, т.б.
Қаржылық жоспарлауда мынадай жолдар қолданылады:
a. Автоматтық (өткен жылдардың мәліметтері келесі жылға ауысады.
Инфляция кезінде мәліметтер инфляция коэфициентіне көбейеді). Бұл әдіс ең
қарапайым әдіс болып табылады және уақыт жеткіліксіз кезде қолданылады;
b. Статистикалық (өткен жылдардың шығындардың шығындары қосылып, өткен
жылдардың санына бөлінеді);
c. Нөлдік база (барлық позициялар қайта есептелу керек. Бұл әдіс нақты
қажеттіліктер мүмкіндіктерімен байланыстырылады.)
Практикада жоспарлаудың келесі әдістері қолданылады:
• Экстрополяция: қаржылық көрсеткіштерде оладың динамикасын шығару
негізінде анықтаудан тұрады; есепті кезеңдегі көрсеткіштер салыстырмалы
тұрақты өсу қарқынына түзете отырып есептеледі; көрсеткіштер динамикасы
болашаққа экстрополяцияланады.
• Нормативтік (белгілі нормалары бойынша);
• Математикалық модельдеу: үдеріс моделін құру және оны қаржылық салаға
ауыстыру;
• Баланстық: қаржылық ресурстарды олардың құрылу көздері мен пайдалану
бағыттарын реттеу үшін қолданылады;
• Сараптамалық бағалардың негізінде.
Қаржы жоспары – субъектінің қаржылық ортада қызмет ету шараларының
жүйелік жиынтығы. Ол 1 жылдан 5 жылға дейін құрылады. Нысаны бойынша қаржы
жоспары жоспарланатын кезеңге ұйымдастырылатын ұсыныстар мен сандар,
мақсаттардың мазмұнын білдіреді. Кәсіпорында жоспарлау құн заңына
негізделеді және бұл жағдайда жоспарлау экономикалық категория ретінде
қатысады.
Қаржы жоспарының жүйесі қамтитын қатынастарының ауқымына, демек
ресурстардың түсуге және пайдалануға жоспарланып отырған көлеміне
байланысты әртүрлі жоспарлардан тұрады. Бұл нышаны бойынша олар бастапқы
және жиынтық қаржылық жоспарлар деп бөлінеді.
Бастапқы қаржы жоспарына материалдық өндіріс саласындағы ЖШС-дің қаржы
жоспарлары, өндірістік емес саладағы коммерциялық және коммерциялық емес
ұйымдардың жоспарлары, шығындары толығымен немесе негізгі бөлігі бюджет
есебінен қаржылынатын мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің сметалары
жатады.
Жиынтық қаржы жоспарына жалпы мемлекеттік, салалық және аумақтық
жоспарлар жатады. Жалпы мемлекеттікке мемлекеттің жиынтық қаржы жоспары,
мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлар жатады.
Қаржы көрсеткіштері – ЖШС-де және жалпы ұлттық шаруашылықта ақша
қаражаттарын құру, пайдалану және жинақтаумен байланысты қызметті
сипаттайтын жоспарлық, есеитік немесе есеп – қисаптық мәліметтер. Қаржы
көрсеткіштері абсолютті және салыстырмалы мөлшерде беріледі.
Абсолютті қаржы көрсеткіштерге:
• өнім өткізуден түскен табыс
• өткізілген өнімнің өзіндік құны
• жалпы табыс
• кезең шығындары
• незізгі қызметтен табыс
• қосымша қызметтен табыс
• табыс салығының сомасы
• таза табыс
Салыстырмалы қаржы көрсеткіштеріне:
• табыс деңгейі
• акциялар бойынша табыстылық
• негізгі және айналым капиталын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері
• өтімділік коэффициенттері
Корпарациялық қаржысын тиімді басқару тек шаруашылық субьектісін
барлық қаржы ресурстарын олардың қалыптастыру көздерін жоспарлау рақылы
мүмкін қаржыландыру жүйесі корпорацияның дамуын қажетті, қаржы ресурстармен
қамтамасыз ету және болашақтағы оның қаржылық қызметінің тиімділігін
арттыру бойынша жоспарлау жүйелерін және жоспарлы көрсеткіштер жасау
процесі болып табылады.
Қаржылық жоспарлау келесідей кезеңдерден тұрады:
1. Құрастыру
2. Қарау
3. Бекіту
4. Жүзеге асыру
5. Талдау
Қаржылық жоспарлау міндеттері:
1. Өндірістік, инвестициялық және қаржылық қызметі қажетті ресурстармен
қамтамасыз ету,
2. Капитал салымының тиімді жолдар анықтау және оның ұтымды пайдалану
деңгейін анықтау,
3. Ақшалай қаражаттарды үнемді пайдалану есебінен табысты жоғарлатудың
ішкі шаруашылық резервтерін айқындау,
4. Бюджетпен,банктермен ұтымды қаржы қатынастарын белгілеу,
5. Корпорацияның қаржы жағдайын, төлем қабілеттілігін, несие
қабілеттілігін бағалау, бақылау.
Қаржылық жоспарлау бірнеше сатылардан тұратын күрделі процесті қамтиды:
1. Өткен кезеңдегі қаржылық көрсеткіш бағаланады, бұл ретте корпорацияның
негізгі қаржылық құжаттары бухгалтерлік баланс,табыс мен шығыс туралы
есеп беру;
2. Бухгалтерлік баланс табыстар мен шығыс туралы есеп беру, ақша қаражат
қозғалыс туралы есеп беру,негізгі құжаттар дайындалады, олар өз
кезегінде перспективалық қаржылық жоспарға жатады және корпорациялық
ғылыми негізделген жоспарларды қамтылады;
3. Ағымдық қаржы жоспарын жасау арқылы қаржылық құжаттардың болжамды
көрсеткіштері нақтыланады;
4. Оперативті қаржылық жоспарлау жүзеге асады.
Қаржылық жоспарлау процесі жоспарлардың тәжірибесі негізделуі және
олардың орындалуына бақылау жасау арқылы аяқталады.
Бизнес – жоспар ол коммерциялық істің техникалық, экономикалық негзгі
болып табылады. Оның негізгі құралы сметалық жоспарлау.
Смета – ол жоспарлы есеп формасы,олалдағы уақытта кәсіпорынның
жүргізілетін нақты бағдарламаларын анықтайды.
Бизнес – жоспар бірінші (титулды) беттен басталады,онда мыналар
көрсетіледі: кәсіпорынның,жоба инициаторының аты, жобаның және оның
авторының аты, берілген құжаттың дайындалу мерзімі мен орны.
Бизнес – жоспардың негізгі тараулары:
1. Кіріспе бөлім (фирманың мүмкіндігі,резюме – атқарушылық
түйіні). Жобаның мәнін сипаттайды және ол қысқа түрде беріледі.Онда
басымдылық негізде қызметтің барлық бағыттары,олар бойынша мақсатты
рыноктар,осы рыноктардағы фирманың орны,стратегияялық мақсаттар және
оларға жету жолдары анықтайды.
2. Саладығы және тауарды өткізу рыногындағы жағдайға талдау тарауында екі
үлкен міндет шешіледі:
- инвестиция нысаны ретіндегі саланың жағдайы және даму тенденциясын
қарастыру;
- өндіріс көлемін болжау үшін бастапқы ақпарат алу, бәсекелестікті есепке
ала отырып кәсіпорын өнімін өндіру және өткізу көлемін анықтау, қызметін
іске асыру.
3. Маңызды тарауы маркетинг жоспары болып табылады,ол сауда және қызмет
көрсету,баға,жарнама салаларының бизнестің барлық кезеңдеріндегі өнімнің
пайда болуынан сатуға дейінгі және сатқаннан кейінгі стратегиясын
анықтайды.
4. Өндірістік жоспартарауында келесі мәселелер тиянақты баяндалады:
1. өндіріс бағдарламасы және кәсіпорынның өндірістік қуаты.
2. өндіріс үдерісінің сипттамасы.
3. шикізат пен материал жеткізушілер және олармен байланыс.
4. өндірістік шығыны.
5. Ұйымдастыру жоспары және менеждмент тарауы бизнес – жоспардың негізгі
бөлімі болып есептеледі,ол мыналардан тұрады:
- фирманың ұйымдық құрылымы;
- басқару жүйесі;
- еңбек ресурстарын басқару.
6. Қаржылық жоспар және қаржы стратегиясы таруаы фирманы қаржымен
қамтамасыз ету және жоспарланған мерзімде ақша ресурстарын тиімді пайдалану
туралы мәселеллерді қарастырады.
7. Қауіп – қатер және сақтандырудың мөлшерін бағалау тарауында бизнес –
жоспар жүзеге асырылған кезде болуы мүмкін қауіп – қатер және олардан
қорғану әдістері көрсетіледі. Қауіп – қатердің түрлері өте көп: табиғи
апаттар (жер сілкіну,өрт,т.б.), экономикалық (дағдарыстар, валютаның
өзгеруі) және саяси өзгерістер және т.б.
8. Заңдылық аспектілері бөлімінде кәсіпорынның құрылуы мен құқықтық
қамтамасыз етілуі туралы барлық ақпарат беріледі.
9. Жоспардың орындалуын бақылау және бағалау бөлімінде бизнес – жоспардың
орындалуын бақылау жүйесі беріледі:
- қорды бақылау. Қор деңгейін бақылау арқылы фирма өзін ғана емес,
тұтынушының да қамын ойлайды,өйткені шикізаттан дайындалған материалдар
жұмаслған ақша неғұрлым тезірек өтелсе, соғұрлым фирма тауар мен қызметті
өз тұтынушыларына көбірек ұсына алады;
- өндірістік бақылау. Бұл – бақылаудың жоспарда көрсетілген есеп беру
сандары бойынша шағын деңгейін салыстыруды болжайтын түрі, мұнда мынадай
көрсеткіштерге назар аудару қажет: станоктар мен құралдардың толық
пайдаланылуы, жұмыспен өтелген адам – сағаттың саны;
- сапаны бақылау. Сапа бақылауы көп жағдайда өнеркәсіптің тұрпатына
байланысты болады,бірақ оның мақсаты біреу ғана үздіксіз тауар шығаруды
қамтамасыз ету;
- сатуды бақылау – сату көлемі туралы ақпарат, ол сатып алынған заттың
орташа құны,несиеге сатылған тауар саны және басқа да көрсеткіштер арқылы
фирма жұмысының деңгейін айқындайды.
- шығынды бақылау. Бұл әрбір жаңа кәсіпорын үшін өте маңызды жай,қанша ақша
және қандай мақсатпен жұмсалғанын анықтауға мүмкіндік береді.
1.2 Қаржылық жағдайды талдау әдістері
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді
кажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі
ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар:
Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары
мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы
және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін
қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын
қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне,есепте субъектінің шаруашылық
қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы
кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың
мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл
кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері
туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс
шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң
құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның
өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісінің,
шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және
негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік
үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым
қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті.
Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндерін,
баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен
салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу,бұл ауытқулардың кәсіпорынның
қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші рөл
атқарды.
Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі – онда жоспарлық
көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде
көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік
сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде сарқынды өзгеріп
отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал – жағдайын нығайтуға
ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен
тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану
кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар,
коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған номативтерден ауытқуды талдау,
кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық
жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды
әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті
сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін – өзі бағалау
үшін де қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі
ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп
қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен
кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік
есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға
мүмкіндік береді.
Тікелей (кұрылымдық) талдау – әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды
көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы,
яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін – бірі толықтырып отырады.
Сондықтан да есептік бухгалтер үлгі құрылымы секілді оның жеке
көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп
позициясын бір қатар өткен кезендермен салыстыруды және трендті, яғни жеке
кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған
көрсеткіш негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен
болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, одан кейін
перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған
әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың біреу бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынас
ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке
баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар
кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база
болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын
құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара
математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы
оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең
қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы
факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық
жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар.
Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау кажет, өйткені тек бір ғана
фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі
өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады.
Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
Қатынасты талдаудың рөлін асыра бағалаудың да кажеті жоқ, себебі
олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып
табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған
шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер
етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшіліктері орташа салалық мәліметер.
Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз
болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ
қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің
шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз,
себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар
аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы
берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды
талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі
ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте
ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады:
өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес
фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша
есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ
берілген фирманың керсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы
экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен
салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.
Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды
көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе
реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау
қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал
оның жеке элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол – кері
(синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда керсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда
экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ
экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және
салыстырмалы шама, графиктік және иңдекстік әдістер, корреляция, регрессия
және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық
ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану
кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық
субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға
байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Жалпы редакциясын В.И.Стражева басқарған, Беларусь Республикасының
Мемлекттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін талдаудан
бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қаржылық
тұрақтылығын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның
қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін
А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен
қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау;
кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және төлеу қабілетін талдау.
В.А.Андреев және В.В. Ковалев кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға
байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады:
экспресс – талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс – талдаудың негізгі
мақсаты – бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық
жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті
және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған
санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс – талдаудың бөлек тәртібін
кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты – шаруашылық
субъектісінің қаржылық жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңде қызметінің
нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорының болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы
толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі
аудитордың өзінің ықыласына байланысты. Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы
жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі
бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне
байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан
– жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық
баға береді, қаржылық – тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның
табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
2. Хималайя Драг компаниясының қаржылық жағдайдағы экономикалық талдау
2.1 Кәсіпорынның бизнес – жоспарын құру этаптары
Бизнес жоспарды дайындауда бірінші кезеңде кәсіпорынның атауы қызметі,
оның бастапқы мақсаты, қандай бағытта жұмыс атқаратыны, әлеуметтік
жағдайларды шешуде тигізетін рөлін, қысқаша жазылып көрсетіледі.
Кәсіпорын бұл орайда мына мағыналарды береді:
• Нақты қамтамасыз ету үшін тауарды шығару;
• Әлеуметтік мекеме, мұндағы жұмыскерлер өз қабілеттіліктерін
көрсетіп, мұхтаждықтарын қанағаттай алады;
• Басқа сол бір тауар шығарушыларға бәсекелестік;
• Қоғамның мұхтаждықтарын өтей алатын әлеуметтік бірлік;
• Көпбағыттағы нарық экономиканығ бір бөлігі;
Бизнес жоспардың екінші кезеңі жоспарлаудың мақсатын табу.
Мақсат – бұл кәсіпорынның алдығы кезеңде қол жеткізетін жетістіктерді
көздейтін, жұмыскерлердің атқаратын қызметінің тиімділігін жоспарлайды. АҚШ
– та 98 пайыз құрылған кәсіпорындардың құлдырауы бизнес жоспардың
мақсаттары дұрыс құрылмағаннан болады.
Бинес жүйесінде мақсатты 5 функцияны орындайды:
- шешімді абылдау критерийлері – алтернативтерді таңдау және
анықтаманы бағалау;
- жүргізу құралдары – бизнесе бағыттайтын анықтамалар;
Координация – арнайы бөлімшелердің жұмыс істеуінің біркелігі, шешімді
қабылдайтын тұлғалардың бір – бірімен қарым қатынасы;
- бақылау – шаруашылық тұрақтылықтың оперативті жағдайы.
Орындалу бағытынан тыс мақсатты кәсіпорынның бұдан басқа бір кәсібі
белгілейді (1 кесте).
Көрсеткіштер Орындалу бұйрығы Мақсаты
1. Уақытша критерий Келешекке бағытталған, Оларға ету уақытын әр
бірақ оның уақыт қашан белгілейді
шектеулігі жоқ және
ағымдағы қалпына
тәуелсіз
2.Ақпараттың бағыттауы Сыртқы ортаға, Көбінесе кәсіпорындардың
тұтынушыларға, қоғамға, ішіндегі жұмысқа
олардың қызығушылығы менбағытталған резервтер,
күтімдері мен құндылығымен шикізаты тиімді
пайдалану үшін
3. Біріктірулідің басты Жалпы терминдерде Көбінесе алғаш
мақсаты қоданылатын, кәсіпорын ақпараттардың нақты
келісімін жақсартады, болуы
оның маркасы және т.б.
4.Өнімділігі Сапалы негіздемеге ие Көбінесе санаулы, кейде
бір мағыналы немесе
көпмағыналы болып
келеді.
Кесте 1-Кәсіпорынның орындалу бұйырығы мен мақсатының
айырмашылығы
Үшінші кезеңде, мақсатты мен орындалуы бұйрығы жасалынғаннан соң,
бизнес жоспардың кеөлемі мен сызбанұсқасы кәсіпорынның көлемі мен қойылған
мақсаттар әсер етеді. Кіші кәсіпорындарға екі бөліктен тұратын жай жоспарды
құрастырады: жобаның кіші жазылуы мен басты бөлік және бұдан көбірек
қамтитын санаулар. Осындай сызбанұсқа сыртқы тұтынушыларға түйіндеме жіберу
үшін жасалған, мұнда кәсіпкер бірге жұмыс істеуіне немесе несие беруде
ұсыныс жасайды. Бизнес жоспардың көлемі компьютермен жазылған баспамен 50
беттен аспайды немесе бұдан кем болуы мүмкін. Үлкен жобалар одан үлкен
ізденісті талап етеді. Шет ел және еліміздегі кәсіпорынның ұсынған
жобалардың сызбанұсқасы төмендегідей:
1. Тиитулдық бет
2. Құпиялылық туралы меморнадум
3. Түйіндеме
4. Жұмыс бағытының қысқаша мазмұны
5. Кәсіпорынның мінездемесі
6. Жұмыс істеу бағыты (тауар ата, атқаратын қызметі, жұмысы)
7. Шаруашылық жоспар
8. Кәсіпорынның жұмысының сызбасы
9. Қаржылық жоспар және кәсіпорынның бюджеті
10. Тәуекелділікті талдау
11. Ұйымдастырушылық жоспар
12. Қосымша
Әрине бизнес жоспарды жасағанда оның бөліктерін түрлендіріп не
керісінше блімдерге тоқталмауы мүмкін.
Қандай жағдай болмасын бүкіл жоспарды әр түрлі бөлімдерге
топтастырып, кішігірім бөлімшелерге бөлу оңайырақ болар.
Бизнес жоспардың төртініші кезеңі әр бір бөлікке жекелей мәлімет
табуда болып табылады. Бұл жоспардың ең маңызды және қиын жұмысы болып
табылады. Мәлімет беруші болып әр түрлі анықтамалар, кәсіпорынның
нормативтері және арнайы фирмалар, статистика жұмыс орындарының
мәліметтері, сонымен қатар ішкі орта жақсы меңгерген кәсіпорын жұмысшылары.
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау.
Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін
талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және
оны құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да
есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал
мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық
тұрақтылығын көрсетеді.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және
қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру
кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл
кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз
қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге
капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл
көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік
коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл
коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты
тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге
болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған
капиталға бөлумен анықтайды:
Ктс = Мк:Ак
Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың
жалпы сомасы).
Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары
екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын
көрсетеді.
Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау : оның негізгі көрсеткіштері.
1. Кәсіпорынның активтерінің құны. Мақсаты – кәсіпорынның қызмет ауқымы
мен сенімділік деңгейін сипаттайды, кәсіпорынның қаржылық жағдайының
индикаторларын есептеуде негіз болады.
Есептеу формуласы : Баланс активінің екі бөлімінің қорытындысының
қосындысы,яғни баланс валютасы.
2. Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті. Мақсаты – кәсіпорынның
өндірістік потенциялын сипаттайды.
Есептеу формуласы : Негізгі құралдар + өндірістік қорлар+аяқталмаған
өндіріс Актив құны, баланс валютасы.
3. Кәсіпорын активтерінің қозғалыс коэффициенттері. Мақсаты – қарызды
өтеудегі қаражат үлесін немесе кәсіпорын активтерінің жалпы құныңдағы
ағымдық активтерінің үлесін сипаттайды.
Есептеу формуласы : Ағымдық активтер баланс валютасы.
Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары
деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты
құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл
осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің
міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты
көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға
шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен
және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік
капиталды көбейтуге тырысады.
Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер
сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер капиталдың
авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін,
келісімшарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді.
Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын
капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz