Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және банкроттығын талдау



Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және банкроттығын талдау

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1.КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖӘНЕ БАНКРОТТЫҚ БОЛУ ЫКТИМАЛДЫҒЫН ТАЛДАУ

1.1
Кәсіпорынның төлем қабілеттігінің теориялық аспектілері ... ... ... ... ... .
5
1.2
Кәсіпорынның банкротық болу ықтималдығының маңызды ерекшелітері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
2. "ИНДУСТРИАЛЬНОЕ СНАБЖЕНИЕ" ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖӘНЕ БАНКРОТТЫҚ БОЛУ ЫКТИМАЛДЫҒЫН ҚОЛДАНУ, ТАЛДАУ

2.1
"Индустриальное Снабжение" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем қабілетігін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
14
2.2
"Индустриальное Снабжение" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің банкроттық болу ыктималдығын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
18
3 КӘСІПОРЫННЫҢ АКТИВТЕРІНІҢ ӨТІМДІЛІГІ МЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
28

КІРІСПЕ

Экономиканың жалпы өнімділігі оның айтарлықтай деңгеде бәсекге қабілеттілігін айқындайтын фактор болып табылады. Ғылымды көп қажетсікетік өнімді шығаратын өндеуші салалар кәсіпорындар үлесінің ұлғаюы экономикадағы еңбек өнімділігінің деңгейін едәур артырады.
Сондықтан да мемлекетке оның өнімділігің артыруды ынталндыру, иновациядық әзірлемелерді өндіру, қазіргі заманғы басқару технологияларын өндіру және жалпы кәсіпорындардың негізгі қорлаын жаңғырту өмірлік маңызды.
Бүгінгі күні әсекеге қабілетті жаңа өндірісті құру, еңбек өтімділігің арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірітерді жаңғырту және сөзсіз, қазіргі
замнғы басқару технологияларыненгізу бірінші дәрежелі міндет болып табылады. Бұл ретте еңбек тиімділігіне бизнестің иновациядық белсенділігі, күшті бренд персоналдың біліктілігі өткізу нарығының тартымдылығына қол жеткізу, бәсекелі ортаның саласы, өнімдердің немесе қызметтерді шебер жылжыту және сату қабілеттілігі де әсер етеді. Бұдан басқа, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу мәселелерінде менеджментін рөлі басты болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұлоның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болыптабылады. Ол қаржы ресурстарының арасындағы арақатынастың рационалдығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімдіқызмет ету мақсатында қаржылық өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыспен өзара тәуелділік бар. Осылайша, қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік - сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдері және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына,өнім саласының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген сондықтан оның прогресситік әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына , ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Бұл куртық жұмыстың негізгі мақсаты - кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және банкротық болу ықтималдығын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді анықтадым:
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
- қаржылық жағдайдың сандық және сапалық өзгерістерін бағалау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тенденцияларының өзгерісін бағалау;
- жүргізілгенталдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау;
Зертеу обьектісі ретінде - "Индустриальное Снабжение" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі алынды.
Зертеу пәні - Кәсіпорынның төлем қабілеттігі мен банкроттық болу ықтималдығын тұрақтандырудың заманауй шаралары.
Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашуға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды кірістіреді.

1.КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖӘНЕ БАНКРОТТЫҚ БОЛУ ЫКТИМАЛДЫҒЫН ТАЛДАУ

1.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп , оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және бсқа да шоттарында ақшалары болуы керек.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарызды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздары өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарынның сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффиценті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффиценті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффицент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.
Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлде қайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни , өтеуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.
Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді.Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенәң мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.
Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.
Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем қабілеттілігінің коэффиценті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай есептер күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем қабілеттігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептесу сирек, ал егер тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады.
Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді - бір жылдан аса) төлем қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде - осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді.
Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффиценттері талданады.
Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалвқ көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.
Үш көрсеткіш жиі падаланылады:
1) абсолютті өтімділік коэффиценті ;
2) аралық өтеу (жабу) коэффиценті;
3) жалпы өтеу (жабу) коэффиценті.
Абсолютті өтімділік коэффиценті (жеделдік коэффиценті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімдіміндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.
Ол баланс жасаған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағықарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:
Ка.ө. 0.2-0.25
Бұл - ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатан белгісі.
Аралық өтеу коэффицентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы:қауіпті өтім коэффиценті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.
Айналым қаражатының өтімді бөлігінің (яғни тауарлы-материалдық босалқыларды есептемегенде) ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін бір көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр.
Аралық өтеу коэффицентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:
Кар.ө = 1.
В.Ф.Палий "бұл коэффиценттің теориялық ақталған бағалауы 0,7-0,8 аралығында жатыр" деп есептейді
Қауіпті өтімділік коэффиценті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңге сипаттайды.
Ағымдағы өтімділік коэффиценті (жалпы өтеу коэффиценті) барлық ағымдағы активтердің жкдкл және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффиценті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрлымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткішке кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін бағалау кезінде ерекше мән беріледі. Оның кеңінен қолданылуының негізгі себептері:
1)біріншіден, ағымдағы активтермен ағымдағы пассивтердің өтелу дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі жоғары болады;
2)екіншіден, ағымдағы активтердің ағымдағы пассивтерден асып кетуі ағымдағы активтерді (ақша қаражатынан басқасы) сату немесе жою (тарату) кезінде зияндардың пайда болуына бөгет болады. Бұл қарсы әрекеттің қаншалықты күштірек болуы, кредитор үшін соншалықты тиімді. Бұл арттыруды шетел компанияларында жұмыс істеуші капитал немесе қаржы-эксплуатациялық қажеттілік деп деп атайды.
Жалпы өтеу коэффиценті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының құрылымы және басқалары әсер етеді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады.
Кағ.ө. = 2.
Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға (немесе қаражаттарға) тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффиценті барлық айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезендегі кәсіпорынның күтілетін төлеу қабілеттілігін сипаттайды.
Кәсіпорын өтімді қаржының болуын оларға ұтымдылық қажеттілік шегінде реттеуі қажет. Ол -- әрбір нақты кәсіпорын үшін келесі факторларға байланысты:
-- кәсіпорын және оның қызметініңкөлемі, мөлшері (өндіру және өткізу көлемі қаншалықты көбірек болса, соншалықты тауарлы-материалдық құндылықтар қоры мол болады);
-- өнеркәсіп және өндіріс салалары (өнімге деген сұраныс және оларды өткізуден түсімнің түсу жылдамдығы);
-- өндірістік цикл ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);
-- материал қорын қалпына келтіруге қажет уақыт (олардың айналу ұзақтығы);
-- жалпы экономикалық коньюктура.
Егер ағымды активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің ара қатынасы 1:1 - төмен болса, онда кәсіпорын өз шоттарын төлей алмайды деуге болады. 1:1 арақатынасы ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің теңдігін білдіреді. Активтер өтімділігінің әр түрлі дәрежесін ескере отырып, активтердің барлығы тез арада өтімді деуге болмайды, яғни бұл жағдайда да кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төнеді. Егер де Кағ.ө мәні 1:1арақатынасынан көп болса, онда кәсіпорынның өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстарының едәуір көлемі бар екені туралы қорытынды жасауға болады.
Кәсіпорын кредиторлары тұрғысынан, айналым құралдарын құрудың осы варианты аса жоғары бағаланады. Сонымен бірге, менеджердің көзқарасы бойынша кәсіпорында қорлардың өте көп жиналуы, қаржыларды дебиторлық борышқа аудару кәсіпорынның активтерін шебер пайдалануымен байланысты.
Өтімділіктің әр түрлі көрсеткіштері тек өтімді қаржыларды есепке алудың әр түрлі дәрежесінде кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығын жан-жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарламаларының әр түрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті өтімділік коэффиценті (Ка.ө) қажет. Осы кәсіпорынды несиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффиценттеріне (Кар.ө) көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның сатып алушылары немесе акциялар мен облигацияларды ұстаушылары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффиценті (Кағ.ө) бойынша бағалайды.
Көптеген кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффицентінің жалпы өтімділіктіің жоғары коэффицентіне сай келуі тәе екенін атап өту керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материалдар, жинақ бөлшектер, дайын өнімнің шектен тыс қорлары барлығына байланысты болады. Бұл шығындардың негізделмеуі ақырында ақша қаражатының жетіспеуіне әкеледі. Осыдан, жалпы өтеу коэффицентінің жоғары болуына қарамастан, оны құраушының, әсіресе баланстың үшінші тобына кіретін баптары бойынша, жағдайын және динамикасын айқындау керек.
1.2. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын талдау.
Банкроттық нарык шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімімен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының Банкроттык туралы 23.02.06. Заңына сәйкес, карызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын және еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялык кызметгі каржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз кұрылымына байланысты ұғымдар кіреді.
Баланстың канағаттанғысыз кұрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктін жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылык механизімінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатынын тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
-- экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
-- инфляцияның аса жоғары деңгейі;
-- фирманың құнды кағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
-- бәсекелестің жоғары деңгейі және сонын нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.
2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
* банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
* жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс төлемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
* өндіріс көлемінің төмендеуі;
* ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
* аяқталмаған жоғары шығындар;
* өнімнің төменгі рентабельділігі;
* өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
* үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
* ескі басқарма басшыларының нарықты кұруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық,бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.
Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін,сондықтан нарықтық экономикасы дамыған дамыған елдерде,оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан.
Осы механизмнің негізгі элемснттері мыналар:
* банкроттықты құқықтық реттеу;
* кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік -- әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамассыз етілуі;
* перспективалы тауар өндірушілерді қолдау максатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;
* қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;
* банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
* кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.
Қазақстан Республикасының Банкроттык жайында Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде кабылданады. Банкроттық, борышкердің сотқа жазган өтініші бойынша ерікті тұрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал еріксіз түрде, кредиторлардың немесе Банкроттық жайында Заңымен өкілет берген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.
Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу кабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жок деп саналады.
Кредитордың борышкерге қойған талаптарынын сомасы 150 айлық есепті керсеткіштерден жоғары болса ғана,банкроттық жайында іс сотпен қаралады.
Банкротгықтың ықтималдылығын бағалауды қаржылық талдау арқылы жүргізуге болады, себебі ол кәсіпорынның экономикалык ауруын және одан арылу жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның банкроттылығын болжау бойынша құралдарды кең пайдалана отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу шараларын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Болжау, қалыптасып жатқан тенден-цияларды зерттеп карауға сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылык саясатты жургізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеггігінің төмендеуі немесе жоғарылауы қандай деген ең манызды сұраққа жауап беру керек.
Шетелдік және отандық экономикалық әдебиеттерде коммерциялық ұйымдардың банкрот болу ықтималдылығының диагностикасының модельдері мен өзара ерекшеленетін, бірнеше әдістемелері ұсынылады. Компаниялардың қаржылық қызметінде мүмкін болатын дағдарыстарды болжау үшін талдау коэффициенттерінің ең алғаш зерттеулері АҚШ-та 1930 жылдардың басында жүргізілді. Шетелдік фирмалардың қаржылық-экономикалық қызметінде банкроттық ықтималдылығын бағалау үшін қазір тәжірибеде Э.Альтман мен У.Бивер жасап шығарған модельдер кең қолданылады. Ресей кәсіпорындары үшін жасап шығарылған мүмкін болатын банкроттық диагностикасының жаңа әдістемелері О.П.Зайцевпен, Р.С.Сайфуллинмен, Г.Г.Кадыковпен жасап шығарылған. Сонымен қатар, кәсіпорынның дәрменсіздігі (банкроттығы) туралы шешімдер қабылдау үшін негіз болып, 1995 жылдың 15-шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Экономика Министірлігімен бекітілген Кәсіпорынның баланс құрылымын бағалау тәртібі туралы ережесімен, сонымен қатар 1994 жылдың 7-қыркүйегінде № 1002 Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы дәрменсіз мемлекеттік кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру, қайта құру және тарату механизімі туралы Ережесімен кәсіпорынның баланс құрылымын бағалау үшін критерийлер жүйесі табылады. [15]
Шетелдік және отандық авторлармен жасап шығарылған банкроттықты болжаудың барлық жүйелеріне коммерциялық ұйымның қаржылық жағдайын сипаттайтын бірнеше (2-ден 7-ге дейін) түйінді көрсеткіштер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау мәні және мазмұны
Банкроттықтың негізгі рәсімдері
Кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау және бейдағдарыстық бағдарламаны әзірлеу
Коммерциялық ұйымның банкроттық рәсімдеріне түсінік
Ағымдағы міндеттемелер
Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері
Кәсіпорын қызметінің тоқтауы
Экономикадағы банкроттықтың дамуы және рөлі
Банкроттық рәсімдерді қолдану негіздері
Борышқор кәсіпорынның қаржылық жағдайы
Пәндер