Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

Есеп және аудит кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау


Студент Нәбиалхан С.С ___________________
(аты, тегі) (қолы)
Топ 5В050900_ Қаржы ___________________
(шифр) (күні)
Жетекшінің
рұқсат беруі Жетемсова М.Т._________ ___________________
(қолы)









______________
(оценка)

Астана, 2017

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .3
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...18
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..19

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы Кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдау. Осы курстық жұмыста негізгі үш бөлімді қарастырдым. Бірінші бөлім
кәсіпорын қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен мақсаты, ақпараттық негізі
туралы. Екінші бөлімінде қаржылық жағдайды талдау әдістері, соның ішінде
экспресс талдау әдісі қарастырылған.
      Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыру оның өз
контрагенттері мен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым қатынасы үлкен әсер
етеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді:
-         Пайда болу орнына дайланысты – ішкі және сыртқы;
-         Нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
-         Құбылыс бойынша – қарапайым және күрделі;
-         әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Қаржылық жағдайды талдай кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қортындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жыйынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қорды құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет
нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс
әкелетін қызметі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп
беру болып табылады.
Ал екінші бөлім  қаржылық талдаудың  алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға
болады:
-         көлденең талдау;
-         тікелей талдау;
-         трендтік талдау;
-         салыстырмалы талдау;
-         факторлық талдау;
-         қаржылық коэффициенттер әдісі.
Аудитордың аналитикалық қызметінің логикасы оны, яғни талдауды екі
модульдік құрылым түрінде ұйымдастыруды көздейді:
-         қаржылық есепті экспресс-талдау;
-         қаржылық жағдайды тереңдетіп талдау.
         Экспресс-талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайы мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып
табылады.
         Экспресс-талдаудың үш кезеңде жүргізілуі орынды:
-         дайындық;
-         қаржылық есепке алдын ала шолу жасау;
-         экономикалық оқу және есеп беруді талдау;
Курстық жұмысымның өзектілігі: кәсіпорынның жағдайын әр түрлі әдістерін
қарастырып, оның тиімді шарттарын қарастыру
Курстық жұмысымның мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдап,
қорытынды жасау.

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер
және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын
қаржылық жағдай дегеніміз немесе қаржылық жай-күй дегеніміз не, соны
анықтап алған жөн. Сонғы жылы шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым
әртүрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д. Шереметов Кәсіпорын қаржысы
(активтер) жағдайы қаржыны талдау, пайдалану және оны қалыптастыру
көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер яғыни пассивтер)
сипатталады деп жазған.
Профессор П. А. Русак (3) бүл ғұмыры бойынша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және де басқада қызмет түрлелі үшін қажетті қаржы ресурстары
мен қамтамассыз етуімен және олардың мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен,сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді.
В. М. Радионова мен М. А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы
қаржы ресурстарының қалыптасуымен, тарту және пайдаланумен көрсетіледі
деп жазады.
М. Н. Креинина, А. И. Ковалев және В. П. Привалов (6) қаржы жағдай
ұғұмын былай түсіндіреді: Қаржылық жағдай – қаржылық ресурстарының қолда
барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер
жинағы.
Профессор И. Т. Балабанов шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы
–бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттігінің сипаттамасы (яғыни төлем
қабілеттігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
пайдалану,мнмлекет алдында және басқа да шаруасылық субъектілерінің алдында
өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын
талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабелділік; қаржылық
тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капитал пайдалану; валюталық өзін-өзі
өтеу деп жазады. (7)
С. А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын баяндайды:
кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның
саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау.
Жоғары берілген анықтамалар қарастырылып отырылған ұлым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұғым тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен
есептелетін бірінғай көрсеткіштерге қарғанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор
қайтарылымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай
түрлі көрсеткіштерді ескеру нәтижесінде және оларды жалпы бағалауға
тигізетін әсенрін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе,
кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға
аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның
сенімдіболуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәләндіруі тиіс.
Менің көзқарасым бойынша, сенімділік кәсіпорынның жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктемеге сүйене отыра, мен бұл ұғымды былай
анықтауды ұсынамын:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу мен
өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржылық ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді. Ал кәсіпорын қаржылық тұрақтылығы нені
білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір
авторлар қаржылық тұрақтылықты өз қаражаттарын шебер пайдалану
қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамассыз ететін қаржының
жкткілікті болуы деп түсіндіреді... қаржылық тұрақтылық – меншікті және
қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады (6)
Енді біреулер өз қаражаттар есебінен активтерге (негізгі қорлар,
материалды емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарлы
жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол
бермейтін және де өз міндеттемелерін уақытында қайтаратын шаруашылық
субъектілелі қаржылық тұрақты болып табылады деп жазады (8).
Бұл ұғымды А. Д. Шекемет пен Р. С. Сайфулин өте ықшам түрде анықтайды.
Олардың ойынша қаржыоық тұрақтылық – бұл әрдайым төлем қабілеттілігін
кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл – бұл тәуекелділіктің мүмкін
болатын денгейде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны таратупайдалану арқылы
кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.
Айта кету керек біз, қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы
айтылған авторлардың көзқарасын бөле қарастырдық, әйткенмен мен олардың
кейінгі шешімдерімен келісе алмаймын. Қаржылық тұрақтылықтың мәні – қаржы
ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдалану мен анықталады.
Менің ойымша бұл ұғым А. Д. Шеремет пен В. С. Сайфуллин дәлірек және
анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні – бұл қорлар мен
шығындардың қалыптасу өздерінен қамтамассыз етілуі деп түсіндіреді.
Э. А. Маркарьян мен Г. П. Герасименко да осындай көзқараста (10).
Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептеу мүмкіндігі (4) немесе
Сауда, несие және басқада төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде
пайда болатынкәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақытылы және толық орындау
мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы
көрінісі болып табылады (9). Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен
бірге оның оның іздеу жөніндегі сұрақтар да шиеленісе түседі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді:
• Пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
• Нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
• Құбылыс бойынша – қарапайым және күрделі;
• Әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның еркне бағынышты емес.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша
қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де
соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділікте
өседі – яғыни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ
па? – деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігін қаржылық кепілінің
бір түрі ретінде резерфтерге үлке рөл берілелі.
Жоғарыда айтылғандарды қорта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына
әсер ететін мынадай факторларды атап өтуге болады:
• кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
• шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
• төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
• шығындардың көлемі және олардың ақшалай табыспен салыстырғанлдағы
динамикасы;
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы
мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
• кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен техналогия, төлеу қабілеті бар
сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкімінің салық және несие
саясаты, кәсіпорын қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы
экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыру оның өз
контрагенттері мен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым қатынасы үлкен әсер
етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу –
жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине,
акционерлер өзжинақ қорын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты
төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы
болуы үшін, тек бүгінгі күн ғана емес, болашақтада кәсіпорынның қажылық
жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты
дұрыс басқарды деген сұараққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі
уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұлыс басқарды. Қаржы ресурстары
жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына
байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады,
себебі қаржылық тұрақтылықлың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің
жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы –
дамуына кедергі жасап, басы артық қорлармен және резерфтермен кәсіпорын
шығындарын көбейтуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндетті) келесілер болып табылады:
• қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі;
• активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды
таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті реттеу;
• айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
• қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
• кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
• салымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
• баланстың өтімділігі, кәсіпорынның сұрақтылығының және төлеу
қабілеттілігінің абсалюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
• кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қортындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жыйынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қорды құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет
нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс
әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсу
мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және
несие қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ
кәсіпорынның тиімді қызмет ету мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол
жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және
коммерйиялық жақтары арасында тығыз байланысы пен өзара тәуелділік бар.
Оыслайша қаржылық қызметтің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату
көрсеткіштері мен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша
қаражаттарын оның өнімді сатуына, алын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап
тұруына, өнім сапасының қажеткі денгейге сәйкестігіне және оның бір қалыпты
өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. өндіріс процессінде өнім
сапасының төмендеуі және оны сатудың қыйындықтары кәсіпорын шотына ақша
қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның
төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының
болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс
процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмасайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың
мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы
қаражаттарының қажеттілігіне себепші болды. Еңбек және материалдық
ресурстары шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста
талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі өзгерте отырып, оның
жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің
үздіксіздігінің және кәсіпорынынң қаржылық жағдайының тұрақтылығын
қамтамасыз етеді.
Менің ойымша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан
бастаған жөн және оған мыналар жатады:
• кәсіпорынының активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын
талдау;
• кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және
құрылымдық динамикасын талдау;
• кәсіпорынынң қаржылық тұрақтылығының абсалюттік және
салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
• баланс өтімділігін талдау;
• кәсіпорынынң төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін
талдау;

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық
есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26-желтоқсандағы №2732 Бухгалтерлік есеп
туралы заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп
беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп
беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен
толықтыруы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме
хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстанып
отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да
ақпараттар жазылу тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен
белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы
түсініктемелерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық
ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпарат, баға өзгерісінің әсері туралы
мәліметтер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында
анықталған жеңілдетілген түрде толықтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл
егерде төмендегі көрсетілген үш шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана
(соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу,
сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу
үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік
көрсеткіштен аспайды;
2) қаржылық жыл бойы қызметкелерді орташа саны 50-ден аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
Қазіргі кезде бізде қолданып жүрген отандық қаржылық есеп негізгі
шамалары бойынша халықаралық есеп стандарттарының талаптарына сай келеді,
себебі, ҚР - тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процессі белсенді
жүргізіледі, ол біріншіден, негізін қараушы нарықытық қатынастар болып
табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің
еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді
құру мақсаттарында жаңа көзқарастар пайда болады және оның бағыты өзгереді.
Қаржылық есептің мақсаты – бухгалтерлік есепті №2 бухгалтерлік
баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар деген стандартында
көрсетілгендей, - бұл қолданушының заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және
оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайда болған
өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету
болып табылады (12).
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің
қызметі жөнінде қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде
қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-
құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына
және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің
ақпараттық базасына айналды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін
бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық
жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен
өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның
шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын
тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің
орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы
соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайда талдауды баланстық талдау деп
атайды. Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол
есепті кезеңдегі кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы
активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншіктік капитал мен
міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың
динамикасымен жағдайын және кәіспорынның несие қабілеттілігі мен төлеу
қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорының капиталын орналастыру тиімділігін,
оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз
көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін
бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау ақпаратының ең қажетті түрі
болып табылады.
Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік – бұл яғни баланс
бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір
дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне аз активтерден
өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан
төмен бөлімдері мен бабтары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу
деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша
активтің қортынды бабтары ең өтімді айналым қаражаты (ағымдағы активтер)
болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп
айырсу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа ақша
қаражаттары.
Баланс пассивтің бөлімдері мен бабтары төлем мерзімінің жеделдік
дәрежесіне байланысты мына принциптерге сай құрылады: төлем мерзімінің
жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі кө бағыттарға дейін.
Ағылшын ғылымдары шығарған бухгалтерлік іске кіріспе деген оқу
құралында былай жазылған: Баланс – бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті
барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл
берілген уақыт мерзімдегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының
бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие
болады және активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс.
Әрі қарай олар баланстың элементтерін келесідей сипаттайды:
Активтер – бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе.
Пассивтер – бұл басқа біреуге тиісті нәрсе. Пассив термині таза
бухгалтерлік ұғым болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қалыстастыру есебі және талдау
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Қаржылық жағдайды басқару
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ЖШС СП «FIAL» мысалында қаржылық коэфиценттерін бағалау
Ұзақ мерзімді міндеттемелер ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
Кәсіпорынның қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты.Қаржы аясындағы реттеу органдарының жүйесі
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Пәндер