Хат алмасу жанры


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ақтау қаласындағы М. Тынышбаев атындағы КазАТК көлік колледжі

Баяндама

Тақырыбы :

Орындаған: Сұраншы. А. Д

Тексерген: Қарашаев Д

2017ж

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2. 1 Хат алмасу мәдениеті

2. 2 Хат алмасу жанры

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Негізгі бөлім 2. 1 Хат алмау мәдениеті

Бөлімнің бұрынғы тауарларында баяндалған құжаттар мемлекеттің жеке адаммен емес, жалпы көпшілікпен қарым-қатынасын көрсететін практикалық бюрократиялық жүйеде қалыптасқан түрлері сипатталған. Жеке адам мемлекет алдында тек қана міндетті де борышты болып саналады. Басқару жүйесінде мемлекет пен оның азаматтарының мүдделерін үйлестіру, келісімдерді орындаудағы олардың өзара жауапкершілігі туралы ешқандай сөз болған да жоқ. Кеңес, өтініш, кешірім, алғыс т. б. түріндегі құжаттарда жеке тұлғаның мүдделері мен қажеттіліктері ескерілмейді, олар іскерлік қарым-қатынастардан тыс тұрады.
Бұған мысал ретінде көрнекті үгіт құралдары мен жарнамаларға жататын хабарландыруларды, ақпараттарды, мапңдайшалардағы ілмелерді алуға болады. біздің әрқайсымыз мынадай үзілді- кесілді тұрғыдан ақпарат, ілмелерді талай көрдік: “Кіруге болмайды”, “Тыйым салынады”, “Шылым шегуге, қоқыс тастауға болмайды” т. б. Мұндай ақпаратты құрастырушының “досына, жолдасына, ағысына” деген қатынасы қарсыласуды көтермейтін қатал да үстем. Азаматтарға неге “кіруге, қол тигізуге болмайтынын, тыйым салынатын” ішінара үсіндірілетін ақпараттар мен ілмелер мен кездеседі. Оларға жоғарыдағы қатаң бұйрықтарға мынадай сөздер тіркеседі: “Жөндеу жұмыстары!”; “Жоғарғы электр қысымы”; “Кеңес жүріп жатыр!”; “Жарытқыш!”т. б. Мекемелердегі “көрнекті үгіт-насихаттар” мен жарнамалар да осындай салқын мәнерде жүргізілді. Мынадай қазыналық үлгідегі ұрандар: “Ақшаларыңды жинақ кассасында сақтаңыздар!”; “Аерофлот самолетімен ұшыңыздар!”; “Абайлаңыз . . . ”ешкімнің де сақтау, ұшу, абайлау ынтасын туғызбайды. Мұны оқығанда көз алдымызға қатал шенеуніктің бейнесі келеді, оларға келушілер “жоғары мемлекеттік ” міндеттерін орындауға тек кедергі келтіретіндей болып көрінеді.
Қатынас жасаудың демократиялық стилі біздің өмірімізге енді ғана ене бастады. Құрғақ жарнамалық ақпараттар ағынының ішінде (“Ұйым ұсынады . . . ”) сұраушының не сатып алушының қажеттіліктері мен мүдделеріне көңіл қою да пайда бола бастады: “Біз Сізге қызмет көрсетуге қуаныштымыз”, “Сіздерге ыңғайлы уақытта . . . ”, “Сіз бұған қуана таңсанасыз . . . ”т. б. Дегенмен, басынан неше түрлі құқайды өткізген сатып алушы мұндай қамқорлық пен жақсылықтарға күдікпен қарайды.
Алай дақызмет көрсетулер мен тауарлар базары сол үшін де өмір сүретін болғандықтан, бәсекелестік сатушының адамдарға қатынасын өзгертуге мәжбүр етеді.

2. 2 Хат алмасу жанры

Егер сіз тауарыңызды жақсы, бірақ әлі де күдікпен қарайтын адамға сатқыңыз келсе, онда он сатып алуға сендіруіңіз керек. Сендірудің оңай технологиясы қатынас жасаудың басқа стилін қажет етеді. Ал жазба мәтіннің сендіру мүмкіндіктері шектеулі: мұнда тікелей қарым - қатынас кезінде сөйлеушіге бірден әсер ететін көру, есту мүмкіндіктері мүлдем болмайды.
Тележарнаманың газет жарнамасына қарағанда артықшылығы да осында: сатып алушының қуанышты жүзі сәтті құрылған мәтінмен орайласа, адамның ақыл - ой мен эмоциясына бір мезетте әсер етюді.
Жазуда дәл, әсерлі сөзбен мәтінді құрай білудің рөлі зор. Қазіргі жағдайда хат жазысу, ақпарат, қызмет көрсету, тауарды жарнамалаудың жаңа мәдениеті қалыптаса бастады. Сондықтан сатып алушылармен, қызметтестерімен қатынас жасаудың өзіндік мәнері қалыптасқан батыс және жапон компанияларының тәжірибелеінен үйрену артықтық етпейді. Алайда олардан сыртқы белгілерін ғана көшіріп алу (фирмалардың, олардың иелерінің ағылшынша атауларын) жақсы нәтиже бермейді. Ол үшін шет елдік фирмалардың өз клиенттерімен қатынас жасаудағы бай тәжірибесін тыңғылықты зерттеп, негізгі принциптері мен жолдарын мәтіндік жарнам, хат алмасудың өзімізге тән нұсқаларын жасауд пайдалана білуіміз керек.
Хат алмасу жанры
Рон Теппер өзінің менеджерлерге арналған “Іскерлік хат жазу өнерін қалай үйрену керек” деген кітабында хаттардың мынадай түрлерін көрсетеді:
Қызметтік хат тар.
Кадр мәселесіне, мекеменің ішкі тәртібіне, жұмыс ережесіне байланысты нұсқаулар.
Алғыс хат тар мен құттықтаулар.
Еске салулар, өтініштер, шаралар өткізу.
Қызметтік хаттарға фирманың өз ішіндегі хат алмасулар да жатады.
Фирманың сыртқы хаттары алты түрге бөлінеді
Сауда- саттық келісімдер, келісім- шарттар, тағы да басақа осыған ұқсас хаттар.
Алғыс айтылған жауап хат тар.
Құттықтаулар.
Кешірім сұрайтын хат тар.
Талап ететін хат тар, сұрау салатын хат тар.
Көңіл айтулар.
Хаттардың бұл алты түрі өз кезегінде екі категорияға бөлінеді:
Формалды, формалды емес.
Жанарларға бөлуен көріні тұрғандай, хаттарды топтастыруға олардың Кіме арналғаны негід болады. Егер ішкі қызметтік және сыртқы хат алмасу жанрларын жоғарфда келтірілген топтастырумен салыстырып қарасақ, соңғысында алғыс, кешірім сұрау, құттықтау т. б. туралы ешнәрсе жоқ екнін көреміз. Яғни, жеке адамға қаратылған хат жоқтың қасы.
Әкімшіліктің жеке қөызметкерге қатынасы мынадай түрде көрінеді: алғыс айтылған бұйрық жарияланады. Қызметкеріне жағымды көзқарасын бұйрық түрінде білдіру ешқандай қисынға келмейді, бірақ дәстүр солай боады, түсінсек те оны бұзу қиын. Біздің іскерлік өмірімізе құттықтау адрестері де болады. Бірақ олар салтанатты мерейтойларға, қоғамда маңызды орны бар, белгілі адамдардың өмірінджегі “дөңгелек жастарға” арналып жасалды. Ондай хаттар қызметтік інездеме стилінде құрылады. Адамға деген жылы сезім, дос көңілдің қуаныш тап - тауырын құрғақ жазбалардың тасасында қалды. Бізде мұндай жанрлардың шеңберлері де болады.
Топтп-астыруға қайта оралайық. Р. Теппердің кітабында алғыс хаттардың мынадай түрлері көрсетілген: “Сіздің жақын арада өткен саяхатты ұйымдастыруға мүмкіндік бергеніңіз үшін ”; “Жобаның жаңа әзірлемесі үшін”; “Қаржылық көмегіңіз үшін ”; “Банкіре қосымша қаржы аударғаныңыз үшін”; “Дәрігерлік көмек көрсеткеніңіз үшін”; “Нақты жоба жасағаныңыз үшін”; “Компанияға басшылық жасағныңыз үшін” т. б.
Салыстырудан көргеніміздец, батыстың іскерлік дәстүрлі хат алмасуында “адам факторын” белсенді пайдаланады.
Әкімшілік тарапынан клиентке кешірім сұрап жазған хаттың түрлерін де атап кетейік: есеп жүргізу кезінде кеткен қателіктер үшін; қызметкеріміздің Сізге көрсеткен оғаш мінезі үшін; Тапсырысты жеткізудегі кемшіліктер үшін; кездесудің өткізілмей қалғаны үшін; қайта төлемді жасауджы талап еткеніміз үшін т. б.
Құттықтау хаттың бір үлгісін келтірейік. Он жергілікті дүкен немесе қызмет көрсету фирмасының иесі жаңадан келген тұрғынға арнаған. Мұндай хаттың мазмұнымен танысу үшін тұрғын үй иесінің жаңадан келген тұрғынға арналған хатын толығымен келтірейік:
Құрметті . . .
Мен сізді жаңа үйіңізде құттықтағаныма қуаныштымын (астын сызған - Б. Ш. ) .
Тұрғын ретінде Сіз барлық игіліктерді, соның ішінде бассейінді, саунаны, спорт залы мен теннис кортын пайдалана аласыз.
Алайда басқа тұрғындарға жайсыздық тудырмас үшін, қонақтарыңыз арнайы автотұрақты пайдалану керектігін мен Сізден қатты өтінемін.
Жасаған таңдауыңызға (пәтер номері) алғысымды білдіремін және Сізге жаңа пәтеріңіз қолайлы болады деген үмітттемін. Сізге қандай да бір қажеттілігім болса, маған білдіруіңізді сұраймын.
Байқап қарасақ, хаттан бірнеше мақсатты айқындауға болады: құттықтау (Бір інші азат жол) , құқығы туралы хабарлау (екінші азат жол), машинаны тұраққа орналастыру (үшінші азат жол), пәтер тңдағаны үшін алғыс айту және бірлесіп жұмыс істеугше шақыру (төртінші азат жол) .
Хаттың үні жағымды, үй иесі ме пәтер жалдаушының арасында достыққа, өзара сенімге негізделген қатынас орнатуға бағытталған. Хатта осы үйді жарнамалауға үгіттеу жоқ, алайда хаттың астарынан үй иесіне жағымды қарым қатынас жасау мәнері, оларды да тарататынын байқауға болады.
Хатта, Сіз, Сізге сөздері жиі қайталанатынына, ал керісінше мен артық айтылмайтынынына көңіл аударуға болады. Хаттың мазмұнында пәтер жалдаушының мүддесі басым, сондықтан хат үй иесінің атынан емес, пәтер жалаушы үшін жазылған.
Ойша тәжірибе жасап көрейік. Үй иесінің орнына - біздің үй басқармсының бастығын немесе тұрғын үй коорперативінің төрағасын қояйық. Пәтер жалдаушыға немесе сатып алшыға ол қалай қарар еді? Өзімізді үй бақарушының орнына қояйық. Жаңадан келген тұрғынға ешқандай да хат жазбаған болар едік. Кеді, тұра берсін. Ал, автоманинаның тұратын орны жөнінде шамамен мынадай хабарландыру жазар едік:
“Тұрғындар машиналарын арнайы бөлінген орынға қоюлары керек. Оны бұзғандароы үшін машина иелері жауапкершікке тартылады немесе 200 теңге мөлшерінде айыппұл төлейді Үй басқармасы”.
Дәстүрлі түрде тұрғындарды сантехниканы жөндеу тәртібі жайында, мүлікке Оның өзінің де жеке хат арқылы емес, билік иесінің салқын мазмұндағы хабарландыруы арқылы емес, билік иесінің салқын мазмұндағы хабарландыруы арқылы жүзеге асар еді .
Көріп отырғанымыздай, әкімшілік мінез -құлықтың әртүрлі стилі, қарым- қатынас жасаудың түрлі көрінісі, оның өзі жанр таңдауға да әсерін тигізіп тұр: құттықтау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке құрам бойынша ереже
Ресми құжат тілінің функциональдық формасы жазба тілі
Көркем деректі жанр түрлері
Жанрлар
Журналистикадағы сұхбат жанры
Тележурналистика жүйесіндегі сұхбат жанры
Медиа және медиа білім беру
Бұрынғы қазақ теледидары қазіргі бірегей телеарна қай деңгейде
Сұхбат негізінде ақпараттық жанр
Басқару құжаттарын құрастыру және ресімдеу талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz