Кикілжің психологиясы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Семей
Тақырыбы: Н.В.Гришина Кикілжің психологиясы

Кітап негізінен алғанда бірнеше бөлім мен тараулардан тұрады.
1.1. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері.
1.2.
Кикілжің проблемасы зерттелінуінің теориялық қағидалары
1.3. Кикілжің жағдайына байланысты мінез құлық стильдерінің психологиялық ерекшеліктері
1.4 Бөлімге қысқаша тұжырымдама

ІІ БӨЛІМ. Кикілжің проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі.
2.1. Кикілжің проблемасына қатысты эксперименталдық әдістемелер
2.2. Кикілжің жағдайларын болдырмау, алдын.ала ескерту, жоюдың ғылыми.әдістемелік негізі
2.3. Кикілжің жағдайларын шешуге арналған дамытушы.түзету эксперимент кешені
2.4. Кикілжің проблемасына қатысты практикалық.әдістемелік
нұсқаулар
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Кикілжіңдер - қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды құбылыстарының бірі болып саналады. Адамның қоғамдағы өмірі күрделі және жеке индивидтердің, сонымен қатар үлкен және кіші әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қақтығысынан жиі алып келетін қарама-қайшылықтарға толы екендігі баршамызға анық.
Кикілжің (лат.conflictus) күштердің, пікірлердің, жақтардың қақтығысын білдіреді.
Адамзаттық өркениеттің тарихы түрлі кикілжіңдерге толы. Кикілжіңдердің біреулері оншақты мемлекеттермен халықтарды қамтыса, ал екіншілері үлкен және кіші әлеуметтік топтардың ортасында, үшіншілері жеке адамдар арасында өршіді. Ежелден-ақ адамдар туындаған қарама-қайшылықтарды шешуге тырысып, кикілжіңсіз бейбіт қоғам туралы армандады. Сол заманда туындаған заңдылықтарды кикілжіңдердің алдын-алу және шешудің әмбебап механизмін құруға ұмтылысы ретінде қарастыруға болады. Қатыгез Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750ж.ж.) патшаның көне заңдарында кикілжіңдік жағдайларды шешудің оншақты тәсілдері жазылған. Аңыз бойынша патша Соломон (б.э.д. 965-928ж.ж.) кикілжіңдерді шешу және кетіп қалу дағдысымен ақылдылығының арқасында әйгілі болған.[2]
Ғасырлар бойы адамзаттың ұлы ойшылдары кикілжіңсіз қоғамның теориялық үлгілерін құрып, кейде оны жүзеге асыруға тырысқан. Өкінішке орай, барлығы сәтсіздікпен аяқталып, бұл одан да қатыгез кикілжіңдер тудыра бастады.
Қазіргі заманда кикілжіңдер - күнделікті өмірлік жағдайларға айналды. Мүмкін, ХХІ ғасыр адамзат алдына балама ұсынады: бұл ғасыр кикілжіңдік ғасыр болады, немесе өркениет тарихында ең соңғы ғасыр болады. ХХ ғасырдағы кикілжіңдер адамдардың көптеп қырылуына негізгі себеп болды. А.Я.Анцупов, А.И.Шипилевтердің пікірінше: екі дүниежүзілік соғыс, екі жүзден аса ірі көлемдегі соғыс, терроризм, билік үшін қаруланған соғыс, өлтіру, өзін-өзі өлтіру, жеке адамдардың арасында қарсыластық пен келіспеушілік - бұл аталған кикілжіңдер ең кем дегенде 300 миллионға жуық адам өмірін жойды. Ішкі саясаттық күрес - көптеген мемлекеттердің дамуындағы шешуші фактор болып табылады. Ұйымдастырудағы кикілжіңдер олардың іс-әрекетінің сапасына зиян әсерін тигізеді. Отбасындағы және өзінмен келісімге келу әрбір адамның бақытты өмірінің ең маңызды жағдайы болып табылады. Мұның бәрі әрбір адамның, ұйымның, мемлекеттің, қоғамның және бүкілдей адамзаттың өміріндегі кикілжіңдердің шешуші рөлін білдіреді. ХХ ғасырдың нәтижелері бойынша көптеген мемлекеттен құралған Кеңес Одағы кикілжіңдерде адамдардан айырылудан басқа, материалды және моральды нәтижелер бойынша әлемдік көшбасшы (лидер) болып табылады.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік дағдарыстық процестер, адамдардың психологиясына кері әсер етіп, олардың бойында кернеулік, ашушаңдық, қатыгездік және т.б. жағымсыз қасиеттер тудырады.
Мұндай қасиеттер қоғамымызды көптеген қиыншылықтарға және көптеген кикілжіңдерге әкеп соқтырады. Статистика бойынша мұндай процесс әр түрлі әлеуметтік және демографиялық топтар арасында байқалады. Көбінесе жастар немесе жасөспірімдердің кикілжіңге түскіштігінің көрсеткіші өте жоғары. Әсіресе мектеп қабырғасындағы оқушылар арасындағы кикілжің мәселесі өзекті болып саналады. Оқушылардың, әсіресе жасөспірімдердің жеке адам болып қалыптасуы барысында, бұл өтпелі кезеңді басынан өткізуінде көптеген қиыншылықтарға кездеседі: әлпештеген балалық шақтан өз беттік өмір сүру, ағзаның үйлесімді күрт өзгеруі, т.б. факторлар баланың индивидтік қалыптасуында көптеген қарама-қайшылықтар, түсінбеушіліктер туындап, қоршаған ортадағы тітіркендіргіштерге әр түрлі жауап қайтаруда өзгереді. Соған байланысты жасөспірімдердің қылығы кикілжіңге жақын болады. Жасөспірімдер мен жеткіншектердің кикілжіңдік қылықтарының жаңа түрлері пайда болуда: олар саяси ұйымдасқан экстремистер құрамында, рэкеттер, мафияның құрамында болып, көптеген қылмыстық әрекет жасауда (соның ішінде, ішімдікке салыну, нашақорлық, бұзақылық сонымен қатар жезөкшелік, қоғамдық ережелерді бұзу, т.с.с.), міне осындай факторлар көптеген кикілжіңдерге әкеп соқтырады.
Яғни, бүгіндері демократиясы дамыған өркениетті елдер қатарына бағыт ұстап отырған еліміздің болашағы жастар, бүгінгі мектеп оқушылары болып табылады. Жастар динамизммен, мобильділігімен, жаңашылдыққа икемділігімен, өзгермелілігімен, тез шешім қабылдағыштығымен, барынша макимализмімен ерекшелінетіні белгілі.
Сондықтан да жастар ортасындағы кикілжіңдердің алдын алу мен шешудің қажеттілігінен туындап отырғанымен, сонымен қатар әртүрлі жас, әлеуметтік және демографиялық топтар арасындағы кикілжіңдерді болдырмау, шешу, жоюдың және алдын ала ескертудің қажеттілігінен кикілжіңдік жағдайларды ескертудің ғылыми-психологиялық негізін зерттеу қажеттілігінен туындап отыр. Яғни, туындаған мәселелерді әрбір адам нәтижелі шешу үшін кикілжіңдердің пайда болу себептерімен оны шешу тәсілдерін, сонымен қатар кикілжіңдік жағдайдағы мінез-құлықтың стильдерін теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының қажетті деңгейін меңгеріп алуы, болашақта жақсы қарым-қатынас арқылы , иеленген кикілжіңдерді басқара білу құнды дағдысы әрбір адамның бүкіл өмірінің жолында қажет болады. Кикілжің жағдайларды ескертудің ғылыми психологиялық негізін айқындау мәселелері.
Мұндағы қойылған міндеттер:
1. Кикілжің проблемасына байланысты ғылыми теориялық әдебиеттерді талдау.
2. Жалпы кикілжің ұғымының мәнін және табиғатын ашу.
3. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми-теориялық аспектілері мәнін кеңінен ашу.
4. Мектеп оқушылары арасындағы туындайтын кикілжіңнің түрлерін, туындау себептерін көрсету, соның негізінде мектеп оқушыларының кикілжің жағдайында, оны шешу барысында делдалдық әрекеттесудің маңыздылығын көрсету.
5. Кикілжің жағдайларына байланысты мінез-құлық стильдерінің психологиялық ерекшеліктерін көрсету.
6. Кикілжің жағдайларын болдырмау, алдын-ала ескерту, жоюдың ғылыми-әдістемелік негізін жүйелеу.
7. Кикілжің проблемасына қатысты практикалық-әдістемелік нұсқаулар ұсыну.
Әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретіндегі кикілжің мәселесі болып табылады.
Кикілжің, кикілжіңге байланысты мінез-құлық стильдері, кикілжің жағдайларындағы жеке адамның психологиялық ерекшеліктері.Кикілжің жағдайлары барысында мінез-құлық стильдерін дұрыс басшылыққа алған жағдайда, адам қарым-қатынасын жақсартуға болады. .
- психологиялық құбылыс ретіндегі кикілжің проблемасының ғылыми теориялық аспектілері анықталды;
- кикілжің жағдайына байланысты адамның мінез-құлық стильдерінің түрлері анықталып жіктелді;
- мектеп оқушылары арасындағы кикілжің түрлері, туындау себептері, алдын-алу, оны ескерту, болдырмау шараларының теориялық қағидалары дәйектелініп тұжырымдалды;
- кикілжіңдерді анықтауға арналған әдістемелердің, дамытушы-түзетуші психологиялық іс-шаралардың мазмұны айқындалып іріктелінді;
- кикілжің жағдайын шешуге арналған әдістемелік практикалық нұсқаудың мазмұны айқындалды;
Бұл аталған еңбек адамдардың қарым-қатынасын жақсартуда, ересектерге бала тәрбиесінде басшылыққа алуға, педагог-психолог еңбегінде, практикалық психологияның саласы ретіндегі кикілжің мәселесіне бағдарлануға үлкен көмекші құрал бола алады.
Қақтығыстық жағдайда мінез-құлықты сипаттаудың осы екі тәсілі бір-біріне қарама-қайшы емес, өзара толықтырушы болып табылатыны айқын, өйткені қақтығыстардың дамуы және ортақ механизмдерінің қалыптасуы психологиялық қорғаныс және мотивациялы - қажеттілік жүйелерінің иерархиясының ұйымдасқан түрі болып табылады. Бір жағынан, олар онтогенетикалық әлеуметтік даму нәтижесінде қалыптасады, екінші жағынан, адамның әлеуметтік қақтығыстық жағдайда субъективті қарым-қатынасын анықтайды. Қақтығыс және одан қорғану осы заманның ең өзекті мәселесі болып табылады және оны шешу тек белгілі бір білімдерді ғана емес, сонымен қатар адамдардың да мәселені қақтығыссыз шешу ниеттерінің болуын талап етеді.
Кикілжің психологиясы - бұл кикілжіңдердің пайда болу және даму туралы заңдылықтар мен механизмдер туралы, және оларды басқару принциптері және технологиялары туралы ілімдер жүйесі.
Кикілжің - (латынша Conflicts) қақтығыс, дау - жанжал, ол мақсатқа бағытталған қызығушылыққа, ұстанымға, оппоненттің көзқарасына,субъектілердің өзара іс -әрекетіне бағытталған қақтығысы, қарым - қатынас кезіндегі дау - жанжал, келіспеушілік.
Кикілжің бұл әлеуметтік өзара әрекет ететін субъектілер арасындағы қарым-қатынас, және мұнда олар қарама - қайшы бағытталған себептердің негізінде олардың қарсы күрес жасауымен қажеттілік, қызығушылық, мақсат, идеал, сенім немесе ойларымен пікір, көзқарас, баға, талғам т.б. сипатталынады.
Кикілжің маңызын түсіну үшін оның қажетті белгілерін ажыратып, оның пайда болуының қажетті және жеткілікті шарттарын қалыптастыру қажет. Осындай белгілердің екеуін ажыратсақ жеткілікті болады:
Кикілжің үнемі қарама - қайшы бағытталған себеп немесе пікірлердің негізінде туындайды. Мұндай пікір және себептер кикілжіңдердің пайда болуының негізгі шарты болып табылады.
Кикілжің - бұл өзар зиян тигізумен сипатталынатын әлеуметтік өзара әрекет ететін субъектілердің қарама - қайшы күресі моральдық, материалдық, физикалық, психологиялық т.б.
Айтылғандарды қорытындылай келе, мынандай шешімге келдік, кикілжің - адамдар арасындағы процесспен тәсідердің әрекеттестігі және әлеуметтік өзіндік жүйе, қоғамда жақсы қабылданатын құбылыс болуы тиіс. Қоғам да адам сияқты өзіндік табиғатынан, абсалютті түрде тәуелсіз, асқан тамаша болуы, яғни кикілжіңсіз болуы мүмкін емес. Келіспеушілік, үйлесімсіздік, кикілжіңдер әрқашан қоғам дамуының құрамды бөлігі болып табылады.
Келесі, кикілжің - бұл жете түсінікті ойланылған әрекетті құбылыс. Ол бұрынғы шындықты қатайтып, адам басқа тірі организімнен негізгі ерекшелігі, оның әрекеттері мен ниеті ырықсыз сезімге бағытталған және өзінің өмірлік іс- әрекетін өңдеп шығарады.
Адамның өзгеше тек қана өзіне тән сапалары; ақыл есі мен шынайыдүниені және тарихи қоғамдық формада идея мен көзқарастарды,сезімдерді, әрекеттерді және мінездер жиынтығын ұсынады. Ол адамдар жаратқан Екінші табиғатты, мәдениеттің рухани бар байлығын қамтиды. Шыныменде табиғат сана мен және санадан тыс тіршілік етеді екен. Қоғам саналы адамдардан құралады.
Ақылға ие болу және өзіндік қабілеттері, адам көбінесе мамандық таңдауда бос болады, мүмкін өзінің қатынасын реттейді. Қарым - қатынаста мәдениеттілікке жету, әлеуметтік процесін ұғыну жазылған және жазылмаған жүріс- тұрыс немесе мінез - құлық ережелерін бөліп санау потенциялды түрде ұтымды болған.
Осылайша кикілжіңді - жеке адам санасының деңгейіне қарсы тұру, әуеуметтік топ немесе одан да үлкен қоғамда іс- әрекет және қатынастық процесте бір - біріне қарсы шығу, ерекшеліктеріндегі қызығушылықтарының бір - біріне сәйкес келмеуі, бағалы құндылық және мақсаты саналы түрде қарсы тұру болып табылады.
Келесі сыйпат; кикілжің - жаппай барлығына да қатысты, кең тараған құбылыс. Кикілжіңдік жағдайлар - эканомика, саясат, мәдениет және идеоогия сияқты қоғамдық өмірдің барлық сферасында пайда болады. Олар адамның және қоғам дамуын ажырағысыз сияқты шарасыз компанентті. Шыныменде өзіңді жеке тұлға болып қалыптастыру немесе қызметті ұйымдастыруда ішкі шиеленісушіліктер, қайшылықтар, артта қалушылық пен тоқырауды жеңіп шығу, күресулер мен қақтығысуларсыз көрсету мүмкін бе?
Оның себептері бөлек шаруашылық пен айналысу шарты мекемені қалыптастыруға арналған қолайсыз жағдайлардың тоғысуы; еңбекке ақы төлеумен байланысты еңбек мативациясының мәселелері; құрылымдық қиылыспау; коммуникативтік байланыстардың үзілуі; жұмысшыардың әкімшілік шешімдеріне көңілі толмау; бірлесіп жұмыс істейтін адамдардың темпераменті, мінез - құлқы мен мінез- құлық мәнеріндегі олардың жас шамасы мен өмірлік тәжірибесіндегі өнегелі түсініктер, білім деңгейіндегі, квалификация және жалпы мәдениеттегі айырмашылықтарды тудыратын эмоцияналдық соқтығысулар тағы басқа болуы мүмкін.
Кикілжіңсіз - бұл тым игіліксіз иллюзия және құрғақ қиял. Кикілжіңдер басқа кез - келген әлеуметтік қайшылықтар сияқты шынайы қоғамдық байланыстар формасы, мотивтер мен ролдер олардың қажеттіліктерінің сиысымсыздығы, әлеуметтіктоптар қатынасы мен қоғамдағы сай келмеушіліктер болуы әбден мүмкін. Олар бұл мәнде тек қана лазым және мүмкін ғана емес, қоғамдық белсенді фактор мен өте қажетті дерек болуы мүмкін. Адамдар сөзбен әсер ететін іс- тәжірибеден әрқашанда кикілжің орын алады.
Кикілжің - бұл қақтығысу жеке тұлғалардың қарсыласуы немесе қоғамдық күш, қызығушылықтар, көзқарастар, төмен шамадағы екі жақты ұстанымдар, қарсы келу формасындағы ағылулардың өзара әрекеттесуі.
Қарсы әрекет тұлға аралық және топ аралық кикілжіңде ғана болмайды, сонымен қатар адамның втокаммуникациялық процесінде өзіндік ұйымдастырушылық және өзіндік бағдарламалауында,оның өз - өзімен қарым- қатынасында болады. Мынадай психологиялық өзін -өзі реттеу ішкі диологпен көріп түсінуді қамсыздандырады, адам ойындағы күйзелістері мен өзін әрекеттер, оның түрлі көзқарастарының салдарынан болады.
Белсенді тайталас пен қарсы тұру кикілжіңде конфликтологияны ( мақсат - мүдделердің қарама - қайшылығы) басқа формалармен, мысалы, қоғам мен жеке тұлғалар арасындағы қызығушылықтардың қайшы келуі, моралды және заңды ережеер арасындағы қақтығыс, жарысқа қатысушылар бақталастығы немесе қатаң бәсекелестікті салыстырады.
Кикілжіңдік өзара әрекеттесу, егер ол талқандайтын формада емес, жасанды болса, ол өзіне өнімді конструктивті бастама алып келеді. Мұндай кикілжің алға қарай өзгеруге себепші болады, осы немесе басқа әлеуметтік жүйелердің дамуына динамизм береді, соңғы нәтижесінде парасатты мәмілеге келеді.
Мысал ретінде жай ғанабазарды алып қарайық. Ол бәсекелестік пен келіспеушілік арқасында жүзеге асып отырады. Бірақ та базарда алу мен сату тәртібі жиі бұзылады, себебі базар кикілжіңдер үшін мүмкін болатын әмбебап сахнасы болған және солай болып қала береді.
Келесі бір маңызды бөлігі кикіжің - болжамдаушы, шалдығуды реттеуші құбылыс. Бұл табиғатта кикілжіңдік жағдайлардың соқтығысуынан пайда болған, екі жақпен өзара әрекеттесуге қатысушылардың қызығушылықтарының шектелуі мен тайталастың салдарынан түсінікті.
Бұл себептер кейде аралас, кейде бір өзі кикілжің туындатады. Сенімдік құндылықтардан туындаған кикілжіңді шешу өте қиын болады, себебі бұл құндылық жеке тұлғаны және оның өмір сүру маңыздылығын құрайды.
Басқаша жүйелеу
Негізгі (базальді) қажеттіліктер - тіршілік ету үшін - су, тамақ, ауа және т.б.
Бөлектендіретін құндылықтар - мысалы, әртүрлі дінге сенетін адамдардың құндылықтары мен қызуғушылықтары сәйкес келмейді.
Әртүрлі қабылдау - адамдар болып жатқан ситуацияны әр түрлі қабылдайды. Мысалы, екі адам досының көйлегінің түсіне дауласуы мүмкін. Себебі, әр адам бір түсті әртүрлі қабылдайды.
Әртүрлі қызығушылықтар - мысалы, екі оқушы кешке киноға немесе туған күнге баратыны туралы дауласуы мүмкін.
Шектелген ресурстар - өмірде әрқашанда бір нәрсе жетпей тұрады. Мысалы, өмірде барлығы бай емес, себебі ақша - шектелген ресурс.
Психологиялық қажеттіліктер - бұл қажеттілік, бізге өзімізде сенімділік болу үшін өзіміздің қажет екендігімізді және маңыздылығымызды түсіну үшін қажет. Мысалы, бізді жақсы көру бізге өте қажет.
Адамзат өркениетінің даму тарихы әртүрлі кикілжіңдерге толы. Ежелгі заманнан адамдар кикілжің түсінігін, пайда болу себебін анықтауға, туындаған қарама-қарсылықтарды шешуге ұмтылған. Кикілжіңдік пікірлердің жинақталу дәстүрінің көпғасырлық тарихы бар.
Кикілжіңнің ең алғашқы концепциялары 19-20ғ.ғ. аумағында пайда болған, бірақ оған дейінгі ғасырдың ұлы ғұламалары бұл феноменнің өзіндік көрініс табиғатын, алдын-алу жолдарын және шешу жолдарын ұсынған.
Ежелгі философтар кикілжіңді адамзаттың пікіріне тәуелсіз, өзімен не жақсы, не жаман емес құбылыс ретінде қарастырды. Бүкіл ғаламшар табиғаттың, адамзаттың және құдайлардың тіршілігімен қарама-қайшылыққа толы. Бірақ, олар кикілжің терминін қолданбаса да, кикілжің адамзат тіршілігінің құрамды бөлігі деп есептеген.
Адамзаттың ең алғашқы топтарының пайда болуымен кикілжіңдер күнделікті құбылыс ретінде қаралып, ұзақ уақыт бойы ғылыми зерттеудің объектісі болмады. Бірақ сонда да, кикілжің туралы бізге жеткен жеке гениальді ойлар ең ежелгі қайнар көздерде көрсетілген. Біртіндеп өмір шарты өзгерген сайын кикілжіңдер де өзгерді. Олардың физикалық, экономикалық және әлеуметтік нәтижелері басқа бола бастады. Кикілжіңге деген қоғамдық пікір де өзгерді. Антикалық заман бізге соғыстардың бейнесін және мұндай кикілжіңдерге алғашқы бағалау берген көрсеткіштерін қалдырған. Орта ғасырларда және Жаңа заманда бұл құбылысты түсінуге тырысқан. Көптеген гуманист-ойшылдар кикілжің туралы көзқарастары, оның адамзат дамуындағы рөлі, қоғамның өмірінен соғысты шектеуі мен шексіз бейбітшілік орнауы туралы көзқарастарын қалдырған.
Біріншіден, қызығушылықтардың сәйкессіздігін білдіруші мен оларға бір уақытта қызмет көрсету және байланыстырушы түйін, қарсы тұру, өзара әрекеттесуші кикілжіңнің айырмашылығы осы.
Белгілі бір әлеуметтік ортада екі жақ бірін - бірімен қақтығысады, объективті шарт пен субъективті мақсатты кикілжің байланыстырады.
Қарапайым дәлелдеме: Жұмысқа алушы мен жұмысшы арасында, жұмыс ақысы жайлы соңғы сөз болады. Екі маңызды жағдай - оның біріншісі, жалпы хал - ахуалдары, жұыс беруші мен жұмысшының арақатынасы, ауызша келісім немесе жазбаша контрактты реттеу; өмір сүру мен ең төменгі еңбек ақы мемлекет әрекетімен белгіленген болу керек. Кикілжіңді реттеу шарттары немесе мүмкіндігінше белгіленген сәтте ақталуы тиіс.
Екіншіден, кикілжіңге қатысушы кез - келген адам өз пікірін қорғау немесе қарсы тұру керек, оның талаптарын іске асыру үшін күшті мобилизациялау немесе дәлелдеме талап етуі тиіс. Сонымен қатар болған ситуацияны талдап, жорамал жасап, салдарын таразылап, жобалап жоспарлау, шешім шығару, оның шығу мәселесін іздеп табу, жүріс - тұрысы мен әрекетіне корректировка жасау тағы басқа сол сияқты, кикілжіңнің шешімін тауып орнығуына көбіне басқарушы арсенал шарттары қызмет көрсетті.
Сонымен кикілжің жайлы бірнеше негізгі бөліктерден алынған ұсыныстар мен бұл құбылысқа нақты анықтама беруге болады. Ғалымдардың пікірлері кикілжің ситуациясындағы ауытқушылық әрекеттерін түсіндіруде сәикес келеді, сол уақытта кикілжің түсінігін ашуда, белгілі айырмашылықтарын демонстрациялаған.
Психология кикілжіңді адамдардың өзара әрекетіндегі табиғи жағдай ретінде қарастырады,оның негізінде қаишылықтар, әлеуметтік байланыстағы мәнді субеъектілерге лайықты эмоцияналды фондық айырмашылықтар және қызығушыықтар арасындағы айырмашылықтар болады. Олар кикілжіңді бір жағдайдағы қарым - қатынастың көрінісі ретінде сана - сезімді, қабілетті, келісімнің жоқтығын, пікірлердің айырмашылығын армандар мен көзқарастардың қарсы келуін, мотивтер мен стильдердің жүріс - тұрысы, қызығушылықтар мен мұқтаждықтарды бекітті. Басқару мамандары кикілжіңді күрделі жүйелі өзара әрекеттестікті универсалды әдіс ретінде,қайшылықтарды жеңу мен кез - келген сфераны тежеу олардың қоғамдық ортасы және жеке адамдармен контактылардың орындалуы.
Кикілжің жайлы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, мына төмендегі анықтама мүмкін жақын, мүмкін қолайлы болады:
Кикілжің - бұл көзқарастардың сәйкессіздігінің соқтығысуларынан өзара әрекеттесу тәсілі, пікірлер және қызығушылықтар, өзара байланысты тайталастың, екі немесе бірнеше жақтардың өз мақсаттарына жету үшін қудалауы, адамдар арасындағы қатынас пен әлеуметтік байланыстардың қалыпты көрінісі.
Бірақ кез - келген маңызды нұсқада сақтау мен қатар талап ету маңызды, әлеуметтік байланысты өзара әрекетік субъектті процесс және кикілжіңнің заңқой мінезі мен қоғамдық табиғатқа нұсқау, қарсылықтарға назар салып айрықша бекіту, тайталасқа қатыстыру кикілжіңнің жақтары, кикілжіңдік жүріс - тұрыс мүмкіндігінше ерекшелеп бөліп шығару, кикілжіңді реттеу, демек оларды басқару.
Көптеген ойлардың шығуына сырт көрініс себеп болады, бірмәнді өзіндік салдар адамдардың өзара байланысы мен кикілжіңдер шынайы өмірде ұзақ, үлкен сана - сезімді қабылдап шығады, кез - келген әлеуметтік жүйе әсершіл аспаптармен дамиды.
Мұндай келісті мысал жанында көрсетуге болады, шекарадан рұқсат беріп өткізу мен түрлі формадағы мінездердің арасындағы әлеуметтік байланыс және жекелеп қарағанда кикілжіңді өмірдегі қайшылытан айқын ажыратуға болады - пікірлердің сәйкессіздігі, қарапайым келісімнің болмауы, ұстанымдардың қарама - қарсылығы, немесе басқа да өмірдегі маңызды мәселелер.
Жеке ішілік (дау-жанжал) қақтығыс.
Мүнағы қатысушылар адамдар емес, жеке түлғаның көбінесе үйлеспейтін боп көрінетін ішкі дүниесінің психологиялық факторлары: қажеттіліктер, мотивтер, қүндылықтар, сезімдер т.б. Бүл қақтығыс функционалды несесе кереғар функционалды болуы мүмкін де, адам оған қатысты қандай шешім қабылдайды, түбінде оны қабылдай ма екеніне байланысты болады.
Тұлғааралық қақтығыс
Бұл қақтығыстардың ішіндегі ең көп тараған типі, эр түрлі мінезді, темперамент қақтығыстарынан көрінеді. Кейде адамдар бір-бірімен мүлде (араласа) жөнге келе алмайды. Мысалы, өз әрекет-амалдарын күштеп келтіреді.
Жеке түлға мен арасындағы (бейресми) қақтығыс.
Неформал (формальді емес) топтар өздерінің жеке ерекшелікті қарым-қатынас жасау сипатымен бүйыру нормаларын қүрады (белгілейді). Осындай топтың эрбір мүшесі саны үстануы (қадағалауы) керек (қабылданған нормалды шегінуді топ негативі құрылыс деп аталып, жеке түлға мен топ арасында дау-жанжал тұлғасында).
Топ аралық қақтығыс.
Араларында қақтығыс туындауы мүмкін. Көптеген формалды (ресми) жэне формалды (бейресми) емес топтар бар. Мысалы, басшылық пен орындаушылар, оқытушылар мен студенттер, студенттердің екі тобыарасында. Мұндай қақтығыстың себебі психологиялық ерекшеліктерде болуы мүмкін. Әрбір дені дұрыс адамның белгілі бір темпераменті, мінезі, қажеттіліктері, тұғырнамалары, әдеттері т.б. болады. Әрбір адам өзінше ерекше, әрі бірегей.
Дау-жанжалшыл мінез-құлықтың бірнеше басымдылықтары бар. (К. Томас бой.) Соның ішіндегі бес негізгісін бөліп алайық, олар: бақталастық, ынтымақтастық, ымырагершілік, қашқақтау, бейімділік. Басымдылықты таңдау түлғасының және әлеуметтік факторларымен анықталады. Сол не басқа басымдыққа барлау сыртқы қоршаған ортаға артығырақ қатынасынаагрессияшылдық дейгейіне байланысты (тэуелді). Дау-жанжалдағы мінез-құлық стратегиясын тоқтауға адамның жас ерекшелігі, қызметінің типі, нормативі жэне ассоциалды мінез-құлықты бейімделгіштігі (иілгіштігі) әсеретеді.
Кикілжіңнің объектісі болып әлеуметтік ортадағы және қоршаған ортадағы құбылыс немесе процесс кез келген зат болып табылады. Мысалы, жер ресурстары, жекеменшілік, құндылықтар немесе авторитет, престиж, басқару. Ал кикілжіңнің субъектісі болып әрқашан адамдар, сонымен қатар олардың ортақ жиылысы, жанұя, ұжым, қызығушылықтар ортақ топтар,ұлт және тағы басқа болып табылады.
Кикілжіңнің туындауындағы себептері өте оларды үш категорияға бөлңп көрсетуге болады:
Ресурстар. Ресурстар айналасында туындаған кикілжіңдер өте қарапайым болып саналады.
Психологиялық қажеттіліктер: Достық, басқару, топтың құрамына кіру.
Психологияда конфликт кері эмоционалды қобалжуларға байланысты, кері қақтығыстарға бағытталған, адамдардың топтық немесе индивидтің тұлғааралық қатынасы, бір-біріне сәйкес келмейтін тенденциялар ретінде анықталады.
Конфликт - жауын жеңгеннен рахат алу немесе жасырын ұрып-соғулар, қатал, қатты дау-дамайлар құралы мен орны жақсы маскіленген дау-дамайлар.
Конфликтіге қарағанда қақтығысу - бұл адамдар арасында қатынас кезінде жиі кездесетін форма. Қақтығысу кей жағдайларда күрес туған жағдайда жауын қарулансыздыру жағдайынан болады. Бұған біреуге жала жабу кезінде дау-дамайларды шығару жағдайында болатын мысалды келтіруге болады.
Қақтығысу конфликтіні басқара жүріп, дау-дамай көзін жасырып, коллективте позитивті ролді ойнауы мүмкін. Дәл осы қақтығыстардың ерекшеліктерін ғалымдар конфликтінің құрылымдылығы деп айтуға болады. Конструктивті конфликтілер ең алдымен, еңбек сферасының іс-әрекетіне қатысты принципиалды проблемаларды ұйымдарда тудыртады. Барлық іскерлік конфликт эмоционалды тенденцияға ұласып, содан кейін деструктивті сипатқа ие болады. Деструктивті конфликтілер ұйымның немесе топтың жұмыс тиімділігінің аяқ асты төмендеуіне алып келетін жиі бұзылатын негативті әрекеттерге алып келеді.Басқа сөзбен айтқанда конфликт функционалды болып, ұйымда тиімділікті жоғарлатуға қатысуы мүмкін, немесе ол дисфункционалды болып ұйымның тиімділігін және топтық серіктестітің қанағаттандыруларын төмендетуге алып келеді.Конфликттінің нәтижесі осыларға байланысты болады.
Функционалдылық салдары (последствия). Бұл жағдайда конфликтілік проблемалар екі жақтың шешімімен шешілуі мүмкін, нәтижсінде адамдар осы проблемаға өздерінің де қатысы бар екендігін сезінеді.
Дисфункционалды салдары. Егер конфликтіні басқармаса немесе тиімсіз басқарса, онда мыналар шығуы мүмкін:
* Еңбекке деген қанағаттанбаулық;
* Кадрлардың тұрақсыздық бойы (рост текучести кадров);
* Еңбек өнімділігінің төмендеуі;
* Болашақта қызметтестік потенциалдары кемиді;
* Ұйымда басқа топтармен продуктивті емес конкуренция жоғарылап, өз тобында адалдылық бекінеді ;
* Конфликтілік жақ арасында қатынас пен өзара әрекеттер болады;
* Конфликтілік жақ арасында өзара әрекеттер жоғарылап , қатынастар кеңейіп кек пайда болады.
Психологияда конфликтінің типтеріне байланысты және оған негіз болатын критерийліне байланысты көп вариаттары кездеседі. Мысалға, конфликтілер келесідей болады:
* Ішкі тұлғалық (мысалға, басшының қызметтік міндеті сезімі мен туысқандық симпатия арасында);
* Тұлғааралық (қызметтестер арасындағы қабылдаулар, қызмет жайында басшы мен оның көмекшісінің арасында);
* Осыған кіретін ұйымдар мен тұлғалар арасында;
* Бір немесе әртүрлі статустағы топ немесе ұйымдар арасында ;
* Сонымен қатар, конфликтінің кеңістіктегі классификациялары да бар:
* Горизонталдылығы бойынша ( бір-бірімен бағынушылықта болмайтын реттік қызметтестер арасында);
* Тікінен (бір-біріне бағынатын адамдар арасында);
* Аралас
* Пайда болатын сипаттарына байланысты конфликтілер:
* Еңбек процесіне қатысты;
* Жағымсыз психологиялық қатынаста басшының әрекеттері, әртүрлі этникалық, мәдениеттегі адамдардың симпатиясы мен антипатиясы, адамдардың өзара қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері;
* Топ мүшелерінің тұлғалық өзіндік әртүрлігі, яғни, өздерінің эмоционалдық жағдайларын, агрессиясын, коммуникативтілігін бақылай алмаулары.
Конфликтілер өзінің спецификасына және жалпы өту стадияларына қатысты әртүрлі болып келеді:
1- Стадия. Қайшылық қалыптарының, құндылықтарының, қызығушылықтарының потенциалды қалыптасуы;
2- Стадия. Потенциалды конфликтілердің шынайылылыққа өтуі, немесе конфликтіге қатысушылардың өздерінің дұрыс не бұрыс қызығушылық түсініктері.
3- Стадия. Конфликтілі әрекеттер;
4- Конфликтіні шеші немесе шешу.
Әр конфликт құрылымы нақты көрінетін болып келеді. Барлық конфликтіде конфликтілік жақтың тура қатынасы мен іскерлік спецификасы, технологиялық немесе ұйымдардың проблемасымен байланысты, конфликтілік жағдайдың обьектісі қатысады. Екінші жағына ретінде олардың қатысушыларының мотивтері, олардың көзқарастары мен көндірулері, материалдықт және жандық қызығушылықтары мақсатында конфликт элементтері қатысады.
2. Конфликтінің шығу себептері
Барлық конфликтілер келесідей бағыттардың бірігуінен пайда болады:
1. Еңбек процесінің шақыруымен;
2. Өзара қарым-қатынас кезінде адамардың псхологиялық ерекшеліктерінің шақыруымен;
3. Топ мүшелерінің тұлғаларының әртүрлінің шақырылуымен.
Ұйымның миссиясы мен перспективасы жайында көзқарастардың әртүрлігі.
Егерде ұйымның перспективасы мен миссиясы жайлы көзқарастарды нақты қалыптастырып алмаса, онда адамдар өздері білетіндерге бағдарланады. Сондықтан, олар жағдайлардың аспектілерін обьективті бағалау үшін, өз ойларымен топтың жағымды немесе тура қажеттіліктеріне байланысты бағалайды. Осы жерден-конфликтінің себептерінің қалыпты түрлері жайылады. Мысалға, бағынушы әрқашан өз ойын ашық айта білуге құқығым бар деп санаса, сол уақытта басшы бағынушыдан өзі сұрағанда ғана жауап беріп, айтқанын мүлт етпей орындау керек деп болжам жасайды.
Н.В. Гришина, кәсіпорын қатарындағылардың тұлғааралық конфликтілерінің көріністерін зерттей келе, оладың себептерін жүйелеп берді:
Біріншіден, берілген өнімді алудағы- еңбек іс-әрекетінің негізгі мақсатына жеткен адамдарда кедергі болатындай конфликт факторлары шақырылады. Бұндай факторларға:
а) жұмысшылардың тура технологиялық өзара байланысы, яғни, біреудің әрекеті (бұл жағдайда негативті әрекет) басқаның тиімді әрекетіне(мысалға, конвейерде жұмыс жасағанда) әсер еткенде болады;
б) тігінен горизонтальды деңгейге жүретін шешімдер проблемасын тасымалдау(мысалға, құрал жабдықтардың кей кезде жетіспеуі жұмысшы қатары арасында конфликтіге алып келеді, дегенмен бұл проблемаларды жұмысшылар емес, басшылар шешуі тиіс );
в) басшылық- бағынушы жүйесіндегі қызметтік міндеттердің орындалмауы, мысалға, басшы бағынушының табысты іс-әрекет жасауына тиісті жағдайларды қамтамасыз етпейді, немесе керісінше, бағынушылар басшының сәйкес талаптарын орындамайды.
Екіншіден, жетерліктей жоғары ақы, жағымды еңбек шарттары мен демалыс уақытын - еңбек іс-әрекетінің екіншілік мақсаты ретінде адамдарға соларға қол жеткізудегі кедергілерден туатын өндірістегі конфликт факторлары. Бұндай факторларға:
А) біреудің мақсатқа жету жетістігі басқа коллектив мүшесіне байланысты болатын, адамдардың өзара байланысы;
Б) басшылық қатарынан ұйымшылдық сұрақтарына қанағаттанбаушылық шешімдері (немесе шешімдердің болмау), нәтижесінде бағынушылар қатынасы арасында асқынулар пайда болуы мүмкін;
В) басшылық- бағынушы жүйесіндегі тура(личное) және ұйымшылдық қатынастардың бұзылуы.
Үшіншіден, еңбек іс-әрекетін іске асыру процесінде туындайтын конфликтілерде, коллективте қабылданған нормалары мен құндылықтарына қатысты адамдар сәйкес келмейтіндей әрекеттер(поступки) жасайды
Осы факторлардың қатарына, менеджерлердің ұйымда ойланбаған кадрлық политикасының нәтижесі ретінде басқарушылық құзыреттсіздік пен тәрбиесіздікті жатқызуға болады. Құзыретсіздік мынадай қателердің ескерілмеуінен көрінеді:
Қызметтік этиканың бұзылуынан (дөрекілік, асқақтық (высокомерие), міндеттіліктің болмауы, критикаға шыдамаушылық, бағынушылардың өтірік айтуы );
Бағынушылардың еңбек әрекетіне басшылардың әділетсіз баға беруі(қатысушылардың арасында жұмыс бөлінісінің жетіспеушілігі, еңбек ақысын берудегі әділдіктің болмауы);
Басшылық жақтан дөрекілік пен әдепсізідк;
Бағынушыларды жоғарлату мен жазалауды дұрыс стимулдамау (жұмыскердің міндеттерді өзінің қиындық деңгейіне қатысты орындалуын қадағалап, соған лайықты әрекеттер нәтижесіне жоғарлату немесе жазалау беру керек);
Жұмыскерлердің формальды емес бірігулеріне сүйене алмаушылықтары;
Критикаға дұрыс емес қатынастар(конфликтідегі әдепсіздіктің алдын алу үшін, критика өте қажет, бірақта ол этикалық талатарға сай болу керек).
Көріп отырғанымыздай, конфликтінің шығу себептерін, көбінесе, еңбек ұйымындағы жаман факторлар мен адамдарды басқарудағы қате стилдер себеп болады. Жұмысқа қатты берілген, шаршау, бос уақыттың болмауы коллективте невроздық жағдайларды турып, нәтижесінде ол кез келген уақытта конфликтіге алып келуі мүмкін.
Конфликтінің әлеуметтік- психологиялық сілтемелері.
Конфликт обьективті сиптақа ие болғаныменде, өзіне негіз болатындай әлеуметтік-психологиялық сілтемелереге ие, яғни ол адамдар арасындағы қатынасқа негізделген. Конфликтінің әлеуметтік- психологиялық сілтемелері ең алдымен мыналар қатысады:
1. Жұмысшы топтың ұйымшылдылығы төмен және құндылық-бағдарлану бірліктері жоқ, жағымсыз әлеуметтік-психологиялық климат.
2. Ұйымда, қоғамда қабылданған әлеуметтік нормалар.
3. Әлеуметтік ролдердің шыңдалуы мен қызметтік міндеттердің орындалуындағы әлеуметтік күтулердің сәйкес келмеуі.
4. Басшы мен бағынушының қатынасы арасындағы когнитивті диссонанс. Когнитивті диссонанс дегеніміз, пайда болған жағдайда субьект бір уақытта бір обьект жайлы екі психологиялық кері ойда болғанда , негативті қоздырушы жағдай.
5. Конфликтінің ұрпағы мінез-құлық манерімен өмірлік тәжірибе ерекшеліктерімен байлынысты.
6. Қарым-қатынастағы кедергілер. Қарым-қатынаста процесіндегі келесідей қиындықтар, яғни ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кикілжің мәселесінің теориялық аспектілері
Қарым - қатынас барысын баскару
Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжіңді шешу тәсілдерінің оқу үдерісінде қолданудың психологиялық ерекшеліктері
Мотивацияның психологиялық теорияларына шолу
Еңбек ұжымы және талас-тартысты мәселелерді шешудің психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым - қатынастың рөлін зерттеу
Психикалық және психологиялық денсаулықтың арақатынасы. Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Қарым қатынастағы агрессия және конфликт
Оқушы мен мұғалім арасындағы қатынасты анықтау
Пәндер