Қытай және Тайланд елдеріндегі емдік-сауықтыру туризмнің негізгі бағыттары және қазіргі даму жағдайы
Курстық жұмыс
Пәні: Курорттану және сауықтыру туризмі
Тақырыбы: Қытай және Тайланд елдеріндегі емдік-сауықтыру туризмнің негізгі бағыттары және қазіргі даму жағдайы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қытай және Тайланд елдеріне физикалық-географиялық сипаттама 5
1.1 Қытай және Тайланд елдерінің жер бедері 5
1.2 Елдердің климаттық ерекшеліктері 6
1.3 Табиғат жағдайлары және ресурстары 7
2 Тайланд елінің негізгі туризм орталықтары 8
2.1 Аймақтағы туризмінің дамуына әсер етуші факторлар 8
2.2 Негізгі емдік курорттық аймақтары 12
3 Қытай елінің емдік танымал курортына сипаттама 14
3.1 Хайнань курортына толық сипаттама 14
3.2 Қытай,Тайланд елдеріндегі емдік-сауықтыру туризмінің қазіргі жағдайы мен болашағы 18
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер 24
Кіріспе
Қытай,Тайланд елдері - Азия құрлығында орналасқан мемлекет. Азия туристік ағым бойынша Еуропа, Америкадан кейінгі үшінші орынды алады. Туризмге көп қаржы бөлетін мемлекеттің бірі - Қытай елі.
Қытай - туристік ресурстарға өте бай мемлекет. Мыңдаған ғасырлық тарихы бар мемлекет әлемге ежелгі заманнан қалған мәдени ескерткіштерімен, ұлттық салт-дәстүрлерімен, ерекше үрдістегі театр, музыка, би өнерімен , айрықша асханасымен, дәстүрлі қытай медицинасымен және бір жарым миллиардқа жуық халқымен танымал.
Тайланд - жұмбақ Сиам, мыңдаған ғибадатханалар мен мыңдаған күлімдеулердің шахары және барлық континенттерден келетін миллиондаған туристтердің әйгілі демалыс орны.
Жалпы туризмің дамуы қандай мемлекет болмасын халықаралық жағдайда достық қарым-қатынастар тарихымен және халықтың әлеуметтік жағдайымен сабақтас ұғым. Туризмді дамытуда алдымен мемлекеттің өзі өзіндік саясат ұстанады, саясаттың негізгі мақсаты - осы туризм жолымен мол қаражат табу, елге көп турист тарту.Осы тұрғыдаҚытай,Тайланд елдерінің емдік-сауықтыру туризмі және әйгілі курорттарының даму жағдайын қарастыру, әрі туризм саласындағы мәселелерін зерделеу жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қытай,Тайланд елдерінің туристік нарығының географиясын, курорттық ресурстарын және ерекшеліктерін зерттеу.
Қойылған зерттеу мақсаты келесі тапсырмалардың шешілуін қарастырады:
Қытай,Тайланд елдерінің физикалық-географиялық сипаттамасын оқу;
ел аумағы бойынша туристік аймақтардағы демалуға қолайлы климатын;
туристерге қолайлы табиғат жағдайын;
ел аумағындағы негізгі емдік сауықтыру орталықтарын;
емдік сауықтыру туризмнің дамуына әсер етуші факторларды анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті: берілген тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерді зерттеу; зерттеу барысында табылған ақпараттарды пайдалана отырып берілген тақырыпты ашу;Қытайдың,Тайландтың емдік сауықтыру туризмінің дамуын және ерекшеліктерін атап көрсету; барлық қарастырылған ақпаратты тұжырымдай отырып, шешу жолдары мен ұсыныстарын көрсету.
Зерттеу пәні: курорттану және сауықтыру туризмі.
Зерттеу объектісі:Қытай,Тайланд мемлекеттері.Елдердің емдік-сауықтыру туризмі және Хайнань курортының даму жағдайы.
Жұмыстың құрылымы дәстүрлі формада жазылған: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім 3 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде Қытай,Тайланд мемлекеттеріне физикалық-географиялық сипаттама беріледі. Соның ішінде жер бедері, климаты мен табиғат жағдайлары және ресурстары жайлы айтылады.
Екінші бөлім Қытай,Тайланд елдерінің негізгі емдік сауықтыру орталықтарына арналады. Бұл бөлімде аймақтардағы емдік сауықтыру туризмінің дамуына әсер етуші факторлар және негізгі курорттық аймақтар жайында толық ақпарат беріледі.
Ал үшінші бөлімде таңдалған курорттық аймақ жайлы ақпарат беріліп, соңынан аймақтағы проблемалардың шешу жолдары мен ұсыныстары айтылады.
1 Қытай және Тайланд елдеріне физикалық-географиялық сипаттама
1.2Қытай және Тайланд аймақтарының жер бедері
Қытай Халық республикасы. Аумағы - 9561 мың.кв.км. Халқы - 1,3млрд санынан астам. Астанасы - Пекин.Жан басына шаққандағы ЖІӨ - 2950 долл. Қытайлар өз елдерін Чжунго деп атайды, аудармасы Орталық мемлекет дегенді білдіреді.Қытай Республикасы Синьхай революциясы нәтижесінде 1912 жылы құрылған болатын. Қытай - әлемнің ең ірі елі, құрлықтың шамамен 7% алып жатыр. Ел батыстан шығысқа қарай - 5700 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай - 3650 км созылып жатыр. 21,5 мың км шекарасы құрлық арқылы, 15 мың км жуығы теңіз арқылы өтеді. Қытай құрлық арқылы КХДР, Ресеймен, Монғолиямен, Қазақстанмен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Ауғанстанмен, Үндістанмен, Непалмен, Бутанмен, Мьянма, Лаос және Вьетнаммен шектесіп жатыр. Сары, Шығыс Қытай және Оңтүстік Қытай теңіздерінің шайып жатуы кеме қатынасы мен балық шаруашылығының дамуына да септігін тигізіп отыр.Соңғы 20-25 жылда Қытай экономикасы жоғары қарқынмен дамыды.Сыртқы сауда ел экономикасының 45%-дан астамын құрайды.Негізгі сауда серіктесі-Жапония,онан кейін АҚШ пен Оңтүстік Корея. Шетел инвестициясын тартудан Қытай АҚШ-тан кейінгі 2-ші орында.1997 жылы 1 шілдеде ҚХР-ға бұрын Ұлыбритания отары болып келген Сянган(Гонконг) аралы қайтарылды.Оған арнайы әкімшілік аудан мәртебесә берілді.Сянганның қосылуы Қытай экономикасының дамуын жеделдетті.Бұл аудан дүниежүзіндегі аса ірі сауда және қаржы орталығы болып табылады.Онда әлемдегі аса ірі 100 банктің 85-інің бөлімдері орналасқан. Қытай әкімшілік жағынан 22 провинцияға, 5 автономиялық ауданға және орталыққа бағынатын 3 қалаға бөлінеді.Қытай мемлекетінің үлкен территориясы, көршілес мемлекеттері,керемет теңіз жағажайы, көптеген көлдер мен өзендер,өте бай флора, емдік қасиеті бар жерлер, экономиялық деңгейінің жақсаруы,басқа шет мемлекеттермен жақсы қарым-қатынас, ұлттық бірлік сияқты шарттары бұл мемлекетте халықаралық туризмнің дамуына алып келеді [1].
Тайланд Патшалығы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет.Тайланд оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында Камбоджа және Лаоспен, батысында Мьянмамен шекараласқан. Алып жатқан аумағы-514мың кв. км. соның ішінде, теңіз ауданы-2,23мың кв.км.Халық саны 65 млн. адам тіркелген. Астанасы Бангкок. Бангкок 12 млн.-ға жуық тұрғыны бар қала. Халықтың көп бөлігін тай этникалық тобы құрайды. Халқының саны бойынша екінші орынды басым бөлігі қалаларда тұратын қытайлықтар алады. Елде сондай-ақ, малайлықтар, моныдар, кхемерлар және басқа бірнеше этникалық топ өкілдері тұрады. Мемлекеттік тіл - тай тілі. Қалалардағы білімді халықтың арасында және саудада ағылшын, қытай және жапон тілдері жиі қолданады.Мемлекеттік дін - будда діні. Халықтың 93% будда дініне сенеді. Тайландта сонымен қатар, мұсылмандар, үндістер, христиандар, сикхтар өмір сүреді. Патша конституцияға сәйкес, барлық діннің қамқоршысы болып саналады. Тайландта саяси, экономикалық және қоғамдық жағдай тұрақты болғандықтан, ол инвестициялар үшін Азия елдерінің ішіндегі ең бір перспективалық ел болып саналады. Соңғы он жылдың ішінде Тайландтағы инвестиция көлемі бірнеше миллиард долларға дейін жеткен. Соның нәтижесінде жұмыс орындары тұрғызылды, халықтың әл-ауқаты жоғарылады. Ақша бірлігі - "Бат". 1 бат =100 сатангамға тең. Айырбас курсы мөлшермен: 1฿ = 31$ болады.Валютаның күнделікті курсы көптеген газеттердің қаржылық бөлімдерінде жарияланады. Валютаны енгізу шектелмеген, бірақ 10000$ - дан асатын жағдайда декларация беру қажет болады. Жергілікті валютаны елден 50000 баттан артық алып шығуға болмайды. Ал басқа елдің валютасын алып шығуға шек қойылмаған.1 бат = 5 теңгеге тең[3].
1.2 Елдердің климатының қалыптасу ерекшеліктері
Табиғат ерекшеліктеріне қарай Қытай жері Батыс және Шыгыс Қытай деп бөлінеді. Қытай жерінің 23-ін алып жатқан Батыс Қытай Орталық Азияда орналасқан. Батыс Қытайдың климатына шұғыл континенттік сипат тән, яғни қысы өте суық, жазы ыстық, жауын- шашынның жылдық мөлшері 100 мм-ден кем болады. Сондықтан жерінің көпшілігін шөлдер мен шөлейттер алып жатыр.Шығыс Қытай жері Сары теңізден Оңтүстік Қытай теңізіне дейін созылып орналасқандықтан қысқы температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Ылғалы жеткілікті муссонды климат пен жоғары температура Шығыс Қытайдың көпшілік бөлігінде жылына екі, кейде үш рет өнім алуға мүмкіндік береді[2].
Жылдың үш мезгілде болуы және тропикалық климат Тайландқа тән. Мамырдан бастап қазанға дейін созылатын жаңбыр маусымы кезінде елдің бүкіл аумағында нөсер жаңбыр әкелетін оңтүстік-шығыс муссондары билейді. Қарашадан ақпанға дейін созылатын қыс мезгілінде жұмсақ ауа-райы тұрады, ауаның күндізгі температурасы жылдық орташа температурадан сәл ғана суық болады. Ал түнде Тайландтың солтүстігіндегі қыраттарда ауа температурасы 0°С дейін төмендесе, Бангкокте 16°С болады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы айтарлықтай жоғары болады. Ыстық кезеңі - наурыздан мамырға дейін созылады. Бұл кезде ауа температурасы өте ыстық және өте ылғалды болады да, жауын-шышын түсімі мүлдем болмайды[3].
1.3 Табиғат жағдайлары және ресурстары
Қытай елінің жер бедері күрделі. Аумақтың (34) бөлігін таулар, үстірттер мен қазаншұңқырлар алып жатыр. Аумағы бойынша ең үлкен Ұлы Қытай жызығы солтүстік бөлігінде Хуанхэ өзенінің аллювийлі шөгінділерімен, ал орталық және оңтүстік бөлігінде Янцзы және оның салаларының шөгінділерімен көмкерілген. Ұлы қытай жазығынан батысқа қарай Ордос шөлі мен Лессо үстірті алып жатыр. Оңтүстікке қарай Циньлин жотасы жатыр. Оңтүістікке қарай өнімділігі аз Юньнань-Гуйчжоу үстірті жатыр, мұнда әлемдегі ең ірі карст аудандары бар. Елдің оңтүстік-батыс бөлігін Тибет үстірті алып жатыр, оның көп бөлігі 4000 м биіктікте жатыр.Елдің солтүстігінде Монгол таулы үстірті мен Гоби шөлі алып жатыр. ҚХР- әлемде минералды шикізатпен қамтамасыз етілген бірден бір ел, тас көмір, темір, марганец, боксит және цинк, күміс, сурьма, вольфрам мен молибден, сынап, титан, ас тұзы қоры бойынша әлемде алғашқы орында. Уран, бериллий және алтын қоры да мол. Батыс бөлігі геологиялық тұрғыдан аз зерттелеген.Тас көмір қоры бойынша (1,5 трлн т) Қытай тек АҚШ жол береді, ал барланғаны бойынша (783 млрд т) әлемде бірінші орында. Индустриалды дамыған Солтүстік және Солтүстік- Шығыс Қытай көмірге бай. Басты көмір бассейіндері: Шаньсий, Шэньсий, Кайлуань, Фушунь и Фусинь. Ішкі Монголияның солтүстігі перпективті қорлар орналасқан.Мұнай мен газдың барланған қоры бойынша Қытай әлемдегі басты мұнай елдеріне жол береді.Ірі кен орындары - Аньшан бассейіні (елдің солтүстік шығысы), Баян-Обо (Ішкі Монголия), Дае, Мааньшань (Шығыс Қытай) және т.б. Түсті металдар елдің оңтүстік және орталық провинцияларында шоғырланған. Таулы-химиялық шикізат әртүрлі және қоры өте мол. Ас тұзының мол қоры Цайдам қазаншұңқырында орналасқан, көптеген аудандарда фосфат, күкірт, калий тұзы, йод, бром және бордың мол қоры бар[4].
Тайланд жерінің жартысынан көбі ойпатты аллювиальды жазықтықта жатыр.Олардың ішінде ең ірісі-Менам ойпаты.Ол елдің орталық бөлігінде Чао Прайя өзенінде сағасына қарай орналасқан.Солтүстік ойпатынан оңтүстік бөлігіне дейін тау жоталары мен үстірт Луангпхабан және Пхипаннам алып жатыр,батысынан Кхунтхан,Танентаунджи және Билау жоталары меридианды бағытта Малакка түбегімен жалғасады.Солтүстік-батыс бөлігінде елдегі ең биік нүкте-Дойинтанон тауы(2559м) орналасқан. Елдің шығыс бөлігінде Корат үстірті орналасқан. Тайланд территориясында карстық жүйе жақсы дамыған,соның ішінде үңгірлерде қасиетті будда қорығы орналасқан.Осындай үңгірлердің ішіндегі ірісі-Пхравангдэнг ұзындығы 13,5км-ден астам.Тайландта мезозой граниттарымен ірі қалайы кен орындары байланысты. Палеозой құрылымдарда сурьма, флюорит, қорғасын, мырыш,барит,темір және марганец кен орындары кездеседі.Қоңыр көмір(елдің орталығы мен оңтүстігінде) және калий тұздарының(Корат үстірті) қорлары бар.
2 Тайланд елінің негізгі туризм орталықтары
2.1 Аймақтағы туризмінің дамуына әсер етуші факторлар
Тайланд жағалауларында көптеген курорттар орналасқан Үнді және Тынық мұхиттының суларымен шекараласқан, ал территориясының көлемділігі жағынан қазіргі Францияға тең. Елдің солтүстігінде жасыл таулы алқаптар орналасқан. Тайланд Оңтүстік-Шығыс Азияның дамыған және тартымды мемкеттерінің бірі ретінде әйгілі. Тауар мен қызметтің төмен бағасымен үйлескен жоғары экономикалық деңгей. Мұнда тамаша курорттар, қонақ үйлер, дәмді тағамдарға бай тайлық асхана және жергілікті салт-дәстүр, барлығы да адамды қызықтырады және тартады.
Бұл мемлекеттің тұрғындарының ақ көңілділік білдіруі, ғибадатханаларының әсемделген сәулеті, ұшы-қиырсыз жағалаулары, шуақты күндердің басым көп болуы, ауа температурасының бір жыл көлемінде тұрақты болуы, Тайландты шайып өтетін теңіздердің жылы сулары және экваторға жақын орналасқан бұл мемлекеттің ыстық тропикалық климаты негізгі ерекшелігі болып саналады. Бұл мемлекетте әсемдігі шексіз биік таулар, таза өзендер, арасында жүре алмайтын джунглилер, экзотикалық жануарлар мен өсімдіктер бар. Күні жыл сайын алтын жағалаулармен жиектелген Сиам шығанағын аймалайтын, шіркеулерінің көркем өрнектелген төбелері түпсіз терең аспанмен ұштасатын, орхидеялар мен жарқырап тұрған сапфирлер елі.
Бангкок, Паттайя, Пхукет және Самет аралдары туристтер үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең тартымды курорттар болып табылады. Ең алдымен жылы климаты мен төмен бағалары арқасында.
Бангкок -- халық саны 15 млн. адамды құрайтын (2012) Тайландтыңелордасы және ең ірі қаласы. Қала Чао Прайя өзенінің шығысында, Сиам Шығанағыныңқасында орналасқан.
Бангкок -- Оңтүстік-Шығыс Азияның ең жылдам өсіп келе жатқан қалаларының бірі. Жергілікті халық қаланы жаңа өркендеп келе жатқан аумақтың орталығы ретінде,Сингапур және Гонконг секілді қалалармен бәсекелес бола алатындай қала ретінде таниды. Мұнымен қатар Бангкок әлем туристтерінің ең көп келетін қаласы болып табылады.
Астаналық аймақ және көршілес бес провинциялар (Нонтабури, Самутпракан,Патумтхани, Самутсакон и Наконпатом) Ірі Бангкок агломерациясын құрайды.
Алғашында , қала Банг Кок (Bang Kok) -- зәйтүн өсетін жер (bang -- ауыл, kok -- зәйтүн) деп аталатын кішігірім сауда орталығы және порт болды, қала сол кездегі Тайландтың астанасы - Аюттхая қаласына қызмет ететін. 1767 жылы Аюттхаяны бирмандықтар талқандағаннан кейін, астана уақытша Чао Прайя өзенінің жағасындағы Тонбуриге көшірілді -- Тонбури бүгіндері Бангкоктың ауданы. 1782 жылы Рама І шығыс жағалаудан сарай салып, Бангкокты Тайландтың астанасы ретінде жариялап, оған Крун Тхеп атын берді -- ауд. "Періштелер қаласы". Осылайша Бангкок ауылының аты жоғалды, дегенмен шетелдіктер Тайланд астанасын "Бангкок" деп атайды.
Крун Тхеп қаласының алғашқы ресми атауы กรุงเทพมหานคร อมรรัตนโกสินทร์ มหินทรายุธยามหาดิลก ภพนพรัตน์ ราชธานีบุรีรมย์ อุดมราชนิเวศน์ มหาสถาน อมรพิมาน อวตารสถิต สักกะทัตติยะ วิษณุกรรมประสิทธิ์ немесе Krung Thep Mahanakhon Amon Rattanakosin Mahinthara Ayuthaya Mahadilok Phop Noppharat Ratchathani Burirom Udomratchaniwet Mahasathan Amon Piman Awatan Sathit Sakkathattiya Witsanukam Prasit болды -- бұл "періштелер қаласы, ұлы қала, мәңгілік байлық қаласы, Индраның асусыз қаласы, тоғыз асыл таспен нәрленген әлемнің маңғазды астанасы, бақытты қала, Индра сыйлаған, Вишвакармасалған, адам кейпіндегі құдай билейтін, жәннаттай, молшылыққа толы керемет Хан Сарайы" дегенді білдіреді.
Балалар қаланың ресми атын мектепте жаттайды, дегенмен, қаланың толық атын жатқа білетін адам көп емес, себебі атаудағы сөздердің көбі ескірген және күнделікті тілде пайдаланылмайды.
Бангкок -- тұрғындардың губернаторды таңдау құқығы бар екі провинцияның бірі (екіншісі -- Районг), қалған 75 провинцияда губернаторлар тағайындалады. 2004 ж. Апирак Косайотин соңғы губернаторлық сайлауда сайланған.
Қала аумағының өсуі Бангкок провинциясының көршілес Нонтхабури (Nonthaburi), Самут Пракан (Samut Prakan) и Ратхум Тхани (Pathum Thani) провинцияларының аумағына шығып кетуіне әкелді. Бангкок провинциясының қазіргі шекарасы Тонбури провинциясымен біріккен уақытта, 1972 жылы бекітілді.
Қала таңбасында Айрават атты аңыздағы пілге ұқсас мақұлықты мініп, бұлт бетімен жүрген Индра белгіленген. Индраның қолында найзағай бар- бұл қарумен құдай құрғақшылықты қуады-мыс. Таңбадағы бейне Нарис ханзаданың (Narisaranuvadtivongs) салған суретінен алынған. Бангкоктың рәміз ағашы - Бенджамин фикусы.Бангкок 50 ауданға бөлінген(кхет (เขท)немесе өзге провинциялардың атауы бойынша ампхы (อำเภอ), олар өз қатарында 169 кхвенгке (แขวง) бөлінген.
Жыл бойы Бангкокта өте жылы болады. Қалада екі маусым болады. Жазда көп жамбырмен найзағай болады. Аспанда көп бұлт тұрады. Қыста ыстық болады және ашық күн көп болып тұр. Бангкоктын климаты - Суб-экваторлы.
Бангкок -- Тайландтың экономикалық орталығы және порты. Тайландтың сауда биржасы да Бангкок қаласында. Туризм негізгі табыс көзі болып табылады.
Шетке шығаратын негізгі тауарлар -- бакалея, ағаш және тоқыма өнімдері. Негізгі өндіріс болып күріш зауыттары, цемент зауыттары, ағаш кесетін зауыттары, мұнай өңдеу зауыттары және кеме салу айдындары болып табылады. Мұнымен қатар қала әшекейлі өнімдерімен белгілі, күміс және қола өнімдерін сатуға және сатып алуға болады.
Чао Прайя өзенінде Раттанакосин аралы орналасқан, тай тілінен аударғанда "аса қымбатты" деген мағына береді. Ол барлық жағынан каналдармен, ежелде қаланы қорғайтын қамал ретінде салынған дуалдармен және мұнаралармен қоршалған. Қазірде мұнда король мен вице-корольдің сарайы, король сопыханасы және министрліктер орналасқан. Бұл қаланың ең тыныш ауданы.
Бангкоктың тарихи орталығында көптеген сопыханалар орналасқан, олардың бірі -- Ват Пхо. Оның басқа аты Жатқан Будданың ғибадатханасы, ол негізінен Будданың нирвананы күтіп жатқан кейпімен белгілі, бұл жатқан кейіптегі ең ірі көрініс болып табылады (ескерткіштің ұзындығы 46 м, ені 15 м).Ват-Ратчанадда ғибадатханасында Бангкоктағы будда сәулет өнерінің жалғыз ғана темір ғимараты бар[5].
Паттайя -Бангкоктен мыңжырам шақырым қашықтықта орналасқан қала. Бүгін Паттая тайландтың бай тұрғындарының сүйікті орны бола отырып, Азиялық Ривьера деп саналады. Қала доға пішінді болып иілген жағалауда орналасқан. Демалуға келген туристтерді су бетіндегі әртүрлі демалыс түрлері кетіп тұр. Олар: малтау, су шаңғылары, скутерлерді жүргізу, балық аулау, виндсерфинг, катердің артқы жағында парашютпен ұшу, ал арал жағалауларында су астында жүзуге арналған барлық жағдайлар жасалған. Қалада тамаша қонақ үйлер және толық қанды демалуға қажет ғимараттар салынған.
Күн, мұхит, пальмалар, коралл аралдарындағы алтын құм, түнгі қалада шексіз көңіл көтеру, - барлығы жыл бойына созылады. Паттаядағы өмір бір сәтте тоқталар емес. Мұнда күнделікті кешкісін қала көшелерінде көңіл көтеру басталады. Көптеген барлар, дискотекалар, талғамға сай ресторандар, шоулар, кегельбандар, тирлар, садақпен атуға арналған алаңдар, теннис корттары, сауда қатарлары, дүкендер мен ашық дүкендердің сансыз қатары, әртүрлі экскурсиялар мен көңілді бағдарламалар - барлығын атап бітпеспіз. Тайландтың дәстүрлі және барлық әлемге әйгілі тайлық бокс шыныменде қызықты көрініс. Көптеген барларда әр кеш сайын күрестер ұйымдастырылады. Кеш батысымен-ақ қала бір үлкен ойын - сауық, демалыс орталығына айналады. Мұнда әртүрлі барлардың қайсысына отыруды таңдау қиынға соғады. Паттая сондай-ақ, жеміс-жидек, көкөністермен қатар қолданылатын өзінің су өнімдерімен әйгілі. Су өнімдері Сингха деп аталатын тайлық сырамен ішуге арналған тайлық тағамдарды жасауда қолданылады[6].
Пхукет - Тайландтағы ең үлкен арал болып табылады, сондықтан ол жеке провинция деп есептеледі. Пхукет Бангкоктен 892 километр қашықтықта орналасқан. Бангкоктен Пхукетке дейін ұшақпен ұшқандағы уақыт 50 минутқа созылады. Тура әуе қатынастары Гонгкокпен, Сингапурмен және Малайзиямен байланысқан. Пхукет материкпен автотрасса өтетін дамба арқылы байланысқан.Аралдың батыс жағалауы ақ кораллды құммен жабылған жағалаулардан тұрады және Андаман теңізі өтеді. Өзінің инфрақұрылымымен ерекшеленетін Патонг жағажайы түнгі өмірді ұнататын туристтердің нағыз демалыс орны. Ал тыныш жағдайда демалуды ұнататын адамдар үшін Панва жағажайы ең дұрысы. Мұнда теңіз аралдарының толық көрінісін көруге болады. Жағажай аэропорттан 42 километр, ал қаладан не бары 10 километр қашықтықта орналасқан.Пхукетте қарауға болатын нәрсе көп. Арал өзінің көне архитектурасымен қызықтырады. Жергілікті табиғаттың әдемілігі Кхао Пхра Тхаю халық паркінің джунглиінен көрініс табады. Сонымен қатар, мұнда көптеген таңғажайып бұрыштар бар. Олардың ішінде, аралдың оңтүстік шеті Лаем Пхрам Тхен. Мұнда теңіз бетінен күннің батуын тамашалауға болады. Теңіз Зерттеушілерінің Биологиялық Орталығындағы аквариум ұмытылмас әсер қалдырады. Мұнда маржан плантациясы бар. Маржанды өсіру әдістері көрсетіледі. Тайлық ауылдарда халық мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік беретін фольклорлы көріністер күніне екі мәрте қойылады.Аралдағы ең әйгілі спорт түрі болып - аквалангпен сүңгу болып табылады. Тамаша теңіз және суасты пейзаждары, кораллды өсімдіктері мен үңгірлері бар Андаман теңізі суастымен жүзуді ұнататындар үшін баға жетпес орын. Пхукет - қайық орталығы, мұнда кез келген уақытта яхталарды экипажбен немесе экипажсыз жалға алуға болады. Балық аулауға әзірленген қайықтар сіздің қол астыңызда. Теңіз каноелерінде арал үнгірлері бойынша саяхаттану мүмкіндігі тағы да бар. Спорттық ойындардың сан алуан түрі: гольф ойнау, атпен серуендеу, машинамен жарысу және басқа да қызықты ойындар түрі қалауыңызға байланысты[7].
Краби провинциясы-тамаша ұсақ құмды ақ жаңажайлар,ашық және жылы теңіз,маржан рифтері,қонақ үйлер мен курорттық кешендер үлкен таңдау болып табылады.Краби-Тайландтағы демалыс туризмнің негізгі орталықтарының бірі.Провинция құрамына тек матекриктік бөлік қана емес,сонымен қатар жүзден астам аралдар кіреді.Географиялық жағдайы табиғаты әр түрлі ,тропикалық ормандар және карстық жағалаулар,сонымен қатар белсенді демалысты жақсы көретіндерге таулар да бар.Бұл жерде өрмелеумен,дайвингпен және балық аулаумен айналыса аласыз.Провинциядағы ең керемет үш жағажайлар Ао-Нанг шығанағының солтүстік бөлігінде орналасқан. Олар Ао Пхра Нанг, Хат Рай Ле және Ао Нам Мао.
Крабидің көрнекті жерлерінің бірі ретінде Ват Тхам Сыа монастырын, архипелаг Ланта теңіз ұлттық паркін(құрамына бірнеше аралдармен кіреді және оның жартысы маржан рифтерімен қоршалған),материкте орналасқан ұлттық парктерді айтуға болады. Тай халқының өмірімен танысуға ниет білдірушілерге өзенде және жағалаудан алыс орналасқан Краби қалаларын көруге болады. Архипелаг Пхи-Пхи - негізгі курорттық зоналардың бірі және ол 6 аралдан тұрады. Көркем бухты,грота және дайвингті жақсы көретін адамдарға арналған үңгірлер бар.
Сиам шығанағы
Ча-Ам және Хуа-Хин - екі курорттық аймағы келген қонақтарды өзінің таза ауа,ыстық күн астындағы ақ құмды жағажайымен және әдемі табиғатымен тамсандырады.Хуа-Хин - көне курорттардың бірі және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz