ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МӘРТЕБЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

I БӨЛІМ. ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МӘРТЕБЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ5

1. 1 ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі5

1. 2 ҚР Президенттін сайлау тәртібі7

1. 3 ҚР Президенттік институттың қалыптасуы12

ІІ БӨЛІМ. ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ18

2. 1 ҚР Президентінің өкілеттіктері18

2. 2 ҚР Президентінің құқық шығармашылығы21

2. 3 ҚР Президентінің құзыреті26

2. 4 ҚР Президентінің әкімшіліг және басқа органдары28

ҚОРЫТЫНДЫ30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ32

КІРІСПЕ

Қазақстан халқы елдің дамуының стратегиялық міндеттерін, ағымдағы басымдықтарын, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі қағидалары мен бағыттары туралы маңызды хабарлар мен ақпараттарды ең алдымен Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың аузынан естуге әдеттеніп қалды. Оның дәлелі Президенттің әр жылда жасайтын Қазақстан халқына Жолдауы. Биылғы Қазақстан халқына жасаған 11-ші Жолдауда ел үмітін ақтады. Онда нақты мақсаттар мен міндеттер күн тәртібіне қойылған. Оның мәнін Жоддаудың "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" деген атауы ашып тұр.

Транзиттік даму кезеңінен өтіп, қалыпты эволюциялану жолына түскен ел алдында қазір өзінше күрделі міндеттер тұр. Нарықтық экономика жасалынды, жаңа саяси жүйе өмірге келді. Қоғамдық қатынастардың барлық салалары нарықтық экономикалық жүйеге сәйкестендірілуде. Елде үлкен материалдық, қаржылық байлықтарға ие болған капиталистік бизнесмендер табы қалыптасты. Нарық қиындығынан елдің әлеуметтік әлсіз топтарының люмпенденуі мен кедейленуі де күшейе түсті. Әлеуметтік қайшылықтар тікелей көрініс бере бастады. Елдің аграрлық секторын капиталдандырудың да қиыншылықты үрдісі басталды. Міне, осындай қиындықты әлеуметтік шындық жағдайында елдің тұрақты дамуын жалғастыру, нарықтық модернизацияны тереңдете түсудің бірден-бір жолы-Қазақстан халқының материалдық әл-ауқатын жақсарту екендігін Президент биылғы Жолдауында ерекше көрсетіп берді. Мемлекет алдағы уақытта қарапайым халықтың әл-ауқатын түбегейлі елдің дамуына қол жетпейді. Сондықтан мемлекет бүгінен бастап, әр қазақстандық мұң-мұқтажынатажына бетбұрыс жасау саясатынын басшылыққа алуға тиісті. Мемлекет өз азаматтарына қызмет жасаса, оның өмір сүруін жақсартудың кешенді шараларын жүзеге асырса ғана өзінің күш-қуатын еселейтінін сезінетін уақыт жетті. Өркениеттілік белгісі аз ғана төбе топтың ғана байып күшеюі емес, ел халқының басым көпшілігінің жағдайының түзеліп, болашаққа сенімінің артуы. Биылғы Жолдаудан Елбасының нарықгықэкономика жетістіктерін халықтың әлеуметтік меселелерін шешуге бетбұрыс жасату саясатына ден қойғанын байқаймыз. Қазақстан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидасына негізделетін адам келбетіндегі капитализм орнатуға тікелей кірісті деп есептеуге болады. Нарықтық қатынастардан ел халқының басым көпшілігі зардап шегуі жағдайы толастамаса, елдің экономикалық дамуы толастамайтыны ақиқат. Әсіресе, Қазақстан сияқты шикізат ресурстарын сатудан пайда тауып отырған мемлекет үшін жер қойнауы табысына халықты ортақ ету мәселесі маңызды бола түсуде. Президент ел болашағын, қазақстандықтардың әл-ауқатын шикізатпен емес, тауар өндірісі сала-ларын дамытумен байланыстырады. Дайын тауарлар мен азық-түлік өнімдерін шығару арқылы өз, рыногымызды қамтамасыз етсе, артығын экспортқа шығарса өркениетті елдің әлеуметтік тірегі болып есептелетін орта таптың қалыптасуы жылдамдайды. Қазір шағын және орта бизнеспен Қазақстан халқының 7-10 пайызы ғана қамтылған. Бұл көрсеткіш 20-25 пайызға жеткенде елдің толыққанды әл-ауқатына иелік еттік деп есептеуге болады.

Президент адам факторына ерекше назар аударады. Себебі, әр қазақстандықтың еңбекке құлшынысы болуы шарт. Әл-ауқатты өмір тек еңбекқор, ізденімпаз, жаңашыл адамға келетіні ақиқат. Билік табиғат байлықтарын халыққа бөліп беріп отыра берсе үлкен зиян, кесапат. Ондай саясат жалқаулықты тудырады. Мұнай қоры, алтын қоры, қаржылық басқа да қорлар ғылымның, білімнің, денсаулықтың, мәдениет пен спорттын дамуына жұмсалуы елдің кемел келешегінің кепілі екендігін саяси элита терең ұғынуы шарт. Сондықтан биылғы Жолдауда аталған салалар ерекше назарға алынған. Қазақстанның абыройы мен әлеуметтік қуатын Елбасы қарттарға, мүгедектерге және сәбилерге ерекше қамқорлықтың болуымен байланыстырады. Зейнеткерлердің дұрыс өмір сүре алуы, сәбилердің өмірге көптеп келуі мемлекеттің беделін арттырып қана қоймайды, оның азаматтарының бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырады, жалпыхалықтық әлеуметтік оптимизмді күшейтеді. Билік пен халықтың тұтастығын бекемдеу арқылы қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға алғышарт жасалады. Биылғы Жолдаудың өзекті міндеті - мемлекеттің бүкіл ресурстарын әрбір қазақстандықтың жағдайын жақсартуға пайдалану. Әл-ауқаты жақсы, халық қана демократиялық, құқықтық мемлекетті құруда белсенді.

Мемлекеттің және атқарушы биліктін басшысы ретінде Президент лауазымы бірінші рет АҚШ-та пайда болды. Қазіргі кезде көптеген елдерде ел Президенті қызметі орнықтырылды. Президенттік қазіргі танда Еуропаның, Азияның, Африканың, Американың көптеген елдірінің саяси жүйесінің элементі болып табылады.

Президенттік институты президенттік, сондай-ақ парламенттік басқару республикаларында құрылып, қызмет етуде. Парламенттік басқару жүйесі кезінде ел басшысы қызметін Президент атқарады, ал нақты атқарушылық билік Парламент алдында есеп беретін Үкіметтің қолында болады. Президенттік Республикада Президент кең өкілеттікті және ерекше жағдайды иеленеді. Президенттік Республика мынадай қырлармен сипатталады: Үкімет Президент алдында жауап береді, Үкімет мүшелерін Президент өз қалауымен қызметке тағындайды қызметінен босатады; Президент заңдар бойынша ұсыныс енгізуге, Парламент қабылдаған заңдарға қол қоюға немесе оларға тыйым салуға құқылы; Президент өз қалауымен заң күші бар Жарлықтар шығара алуға құқығы бар; Президент лауазымы бойынша Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы болып табылады және тб өкілеттігі өте көп. Президенттік Республика дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінде, оның ішінде АҚШ-та, Францияда, Италияда, Түркияда, Аргентинада, Мексикада, Сирияда, Филиппинде, Тайваньда, Корей республикасында және басқаларында қызмет етеді.

I БӨЛІМ. ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МӘРТЕБЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ 1. 1 ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі

Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен, 1995 жылдың 25 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңмен, 1996 жылдың 06 мамырында енгізілген өзгертулерімен толықтыруларымен, «Қазақстан Республикасының Президентінің қызметін қамтамасыз ету туралы» жарлығымен реттеледі.

Республика Конституциясының ІІІ бөлімі Президенттің құқықтық мәртебесін бекітеді. Президент ең алдымен мемлекет басшысы және оныі ең жоғары лауазымды тұлғасы. Мемлекет басшысы ретінде Президент ішкі және сыртқы саясаттың негізігі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымыд тұлға болып табылады. Конституцияға сәйкес Президеттің абыройы мен ар-намысына қол сұғылмайды.

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің нышаны, халық пен мемлекеттің бірлігінің Конституциялық мызғымастығының, адам және азамат құқықтарымен бостандықтарының кепілі.

Қазақстан Республикасы Президентінің міндетіне Конституция мемлекеттік биліктің барлық үш тармағының келісіп жұмыс істеуін және қкімет органдарының халық алдындағы жуапкершілігін қамтамасыз етуді енгізеді (40-б, 3-т) .

Конституциялық заңдылықтармен Президент билігін шектеуші кепілдіктер жүйесі елгіленеді. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмілетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды (41-б, 1-т) . Екіншіден, бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Прзиденті болып сайлана алмайды (42-б, 5-т) . Үшіншіден, мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда Президентті қызметінен кетірудің конституциялық механизмі қарастырылған (47-б, 2-т) . Төртіншіден, Президенттің нормативтік құқықтық актілерін Конституцияға сәйкес келмейді деп танудың конституциялық механизмі қарастырылған.

Президенттікке кандидатқа Конституция белгілі бір талаптар қояды. Ең алдымен тумысынан Республика азаматы болып табылатын әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл тұратын Республика азаматы ғана Президент болып сайлана алады. Президен үшін жас шамасы цензасы белгіленген - ол қырық жасқа толған болуы керек. Сонымен қатар ол мемлекеттік тілді еркін меңгерген болуға тиіс (41-б, 2-т) .

Президенттің кезекті сайлауы заңға сәйкес желтоқсанның бірінші жксенбісінде өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің тұрғылықты орны, оның резиденциясы Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы болып табылады. Сонымен бірге Президенттің Алматы қаласында да резиденциясы бар. Президент ресми тұратын ғимараттың үстін Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтеріледі. Президенттік биліктің рәміздеріне, айырым белгілеріне - Қазақстан Республикасы Президентінің омырауға тағатын белгісі мен байрағы болып табылады. Сонымен бірге Республика Президенті лауазымы бойынша «Алтын қыран» орденінің иесі болады.

Конституцияда Президенттің қызмет өкілдігі мерзіміне байланысты бірқатар шектеулер көзделген. 43-бапқа сәйкес Президенттің өкілді органның депутаты блуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады.

Президенттің өкілеттігі мынадай жағдайларда тоқтатылады:

а) Жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен сәттен бастап;

ә) Президентті қызметінен мерзімінен бұрын босатқан жағдайда;

б) Қызметінен кетірген жағдайда;

в) Президн қайтыс болған жағдайда.

Президент өз міндеттерін атқара алмайтын барлық жағдайларда оны уақытша Парламент Сенатының Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы не Республиканың Премьер Министрі ауыстырады. Президент міндеттерін атқару кезінде жоғарыда аталған лауазымды тұлғалар:

  • Республика Парламентінтаратып жіберуге;
  • Республика Үкіметінің өкілеттігін тоқтатуға;

Пезиденттің Конституциялық құқықтық мәртебесі 2000 жылдың 20 маусымындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық заңы одан әрі дамытыды. Аталмыш заң Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің өз қызметін тоқтатқаннан кейінгі алатын құзыреттері мен кепілдіктерін анықтайды. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық заңның қабылдануы Тұңғыш Президенттің Қазақстан ме млекеттілігін қалыптастыру мен дамытудағы айрықша тарихи рөлімен негізделеді. Аталмыш заңда еліміздің дамуындағы республикаының ішкі және сыртқы саясатын анықтаудағы сабақтастық мәселелері қамтамасыз етілген.

Конституциялық заңның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті өмір бойы Қазақстан халқына мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша бастамалар жасауға хақылы. Тұңғыш Президенттің Қазақстан Республикасының Парламенті мен палаталарының алдында, Республика Үкіметінің отырыстарында ел үшін аса маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу құқығы бар. Сонымен қатар оған Қазақстан халықтары Ассамблеясын басқару, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі.

Қазақстан Республикасының Президенті туралы Конституциялық заңның 3-бабы бойынша елімізідің Тұіғыш Президентіне ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік берілген.

1. 2 ҚР Президенттін сайлау тәртібі

Қазақстан Республикасының Президентін сайлау Конституцияға (41-бап) және Президенттің "Сайлау туралы" Жарлығына сәйкес белгіленген.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент болып жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Прези-дент сайлауының баламалығын Конституция көрсетпейді. Бұл принцип Президенттің "Сайлау туралы" заң күші бар Жарлығында бекітіледі.

Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын негізгі талаптарды белгілеп берді. Мемлекеттің басшысы және жоғары лауазымды тұлғаның қызметін тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа келген, өмірлік мол тәжірибе жинақтаған болуы керек. Осыны ескере келе, Президенттікке Қазақстан Республикасының кемінде 40 жасқа толған азаматының сайлана алатындығы белгіленді. Көптеген елдерде Президенттікке кандидатқа жас шектеуі қойылмаған. Барынша кең тараған норма бойынша, Президенттікке 35 жасқа толғандар сайлана алады. Президенттікке тілек білдірген-дерге АҚШ-та, Мексикада, Австрияда, Венгрияда, Португалия-да, Ирландияда 1 осындай жас шектеуі қойылған.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бойынша рұқсат етілетін ең жоғары жас шегі белгіленген болатын. 1998 жылы бұл шектеу алынып тасталды. Жастың жоғары шегін белгілеудің бір ғана себебі бар еді: қабілетсіздігіне қара-мастан, адамдардың әбден қартайғанша билік басынан кетпейтін кеңестік кезең тәжірибесін қайталаудан сақтану.

Президенттік лауазымға кірісу үшін ең аз жас деңгейі белгіленген елдерде жастың рұқсат етілетін ең жоғары деңгейі белгіленбейді. Мысалы, Индияда мемлекет басшысы орнына кәртан, беделді адам-дарды сайлау тәртібі қабылданған. Ресей Федерациясының Кон-ституциясы да Президент үшін мүмкіндігінше рұқсат етілетін жас деңгейін белгілемейді. Денсаулығы мықты сақталған адам-ның жасы үлғайған сайын саяси тәжірибесі молыға, ұйымдас-тырушылық кабілет ұштала тусетіндіктен және баска касиеттеріне орай, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай бағыт өзін ақтайды да.

Қазақстан Республикасы Конституциясы Президенттікке үміткер адам, міндетті түрде тумысынан Қазақстан Республи-касының азаматы болуы керектігін белгілейді. Мұндай тәртіп бірқатар елдерде қабылданған. АҚШ-та және Францияда ту-мысынан осы елдің азаматы болып табылатындар ғана Прези-дент бола алады.

Конституцияда Қазақстанда кемінде 15 жыл тұру қажеттігі Қазақстан Республикасының Президентіне қойылатын талап-тардың бірі болып табылады. Мұндай талаптын, қойылуы дұрыс, өйткені мемлекет басшысы лауазымына үміткер адам елді, ха-лықты, оның тарихын, экономикасын, ұлттық ерекшеліктерін және басқаларын жақсы білуі тиіс. Бұл талапкд орай бір даулы сұрақ тууы мүмкін: адам Қазақстанда қатарынан 15 жыл тұруы керек пе немесе кезең-кезеңімен, бірақ жиналып келгенде 15 жылға толатын болуы керек пе? Болашақта Президенттік лауа-зымға бірнеше кандидат ұсынылған кезде осы мәселені анық-тау көкейкесті мәнге ие болуы мүмкін.

Конституция Қазақстан Республикасы Президенттігіне мемлекеттік (қазақ) тілді еркін меңгерген азаматтың сайлана алатындығын белгілейді. Мұндай талап, Қазақстан мемлекеті байырғы қазақ жерінде құрылғандықтан, қазақ ұлты сақталу-ын қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі-оны сақтау болып табылатындықтан, тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететін барлық қызметті атқарудан туындайды. Ел Президенттігіне үміткер азамат қазақтармен еркін сөйлесуі үшін, сөз жоқ, мемлекеттік қазақ тілін еркін меңгеруі тиіс. Бұл арада атап көрсеткен жөн, Қазақстан Республикасының Конституциясы Президент лауазымына үміткерге ұлттық шек қойып отырған жоқ. Кез келген ұлттың мемлекеттік тілді еркін меңгерген аза-маты Қазакстан Республикасы Президенті бола алады.

"Сайлау туралы" заң күші бар Жарлық Президент лауазы-мына үміткерге қойылатын тағы бір талапты ұсынады 1 . Үміткер жеке бір табынушылыққа қызмет етпеуі тиіс. Мұндай талап Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипатынан туындайды. Пре-зидент, кез келген азамат сияқты, кайсыбір дінді ұстауы немесе ұстамауы мүмкін. Алайда, дін кайраткері болмауы, кайсыбір конфессияға қызмет етпеуі тиіс. Ол мейлінше, әр түрлі дінді ұстайтын азаматтардың дауыс беруімен сайланады. Сондықтан Президент зайырлы мемлекеттің басшысы ретінде бүкіл халық-ты ойлауы керек. Одан әрі, үміткердің заң тәртібімен белгілен-ген соттылығын өтемеген адам болмауы керек: ол белсенді сай-лау құқығының иесі болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Президент сайлауының негізгі құқықтық бастауын белгілейді. Кезекті және кезектен тыс Президент сайлауы өткізілуі мүмкін. Пре-зиденттің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және Республика Парламентінің жаңа құрамын сай-лау мерзімімен тұспа-тұс келмеуі керек. Республика Пре-зидентінің кезектен тыс сайлауы Президент лауазымынан мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген жағдайда өткізіледі. Республика Президентіне кезектен тыс сайлау Президент екілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейінгі екі ай мерзім ішінде өткізілуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Конституциясы Президентті сайлау үшін барынша көпшілік дауыстың мажоритарлық жүйесін белгіледі. Егер дауыс беруге сайлаушылардың 50 проценттен астамы қатысса сайлау өткізілген болып есептеледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50 процентінен аста-мын алған кандидат сайланған болып есептеледі, Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайдан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауыс алған кандидат сайланды деп есептеледі.

"Қазақстан Республикасының сайлау туралы" Заңы Президент сайлауы тәртібін егжей-тегжейлі регламенттейді 1 . Президенттікке кандидатты өз мүшелерінің және мүше еместерінің арасынан олардың жоғары органдары атынан республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Азаматтарға өзін-өзі ұсыну кұқығы да берілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясы бір адамның Рес-публика Президенттігіне қатарынан екі мерзімнен артық сай-лана алмайтындығын көздейді. Мұндай қағида Ресей Федера-циясы Конституциясында да көзделген. Бұл конституциялық, норма басқарушы тұлғалардың ауыстырылмайтын номенкулатурасын қалыптастыру мүмкіндігіне жол бермеуден туындайды 1 . Сонымен бірге Президенттік лауазымға қатарынан екі рет сайланған азамат болашак, Президент лауазымына сайлану үмітін жоғалтпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясында Президентті сайлаудың негізгі құқықтық бастамасы белгіленген. Президент тек кезекті сайлауда сайланады. Президенттің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде жүргізіледі және ол сайлау Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен мезгілі тура келмеуі керек. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы жүргізілмейді.

Конституция бүкіл халық сайлаған Президенттің лауазымы-на кірісу рәсімін де қарастырады. Қазақстан Республикасының Президенті Парламент депутаттарының, Конституциялық Ке-ңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот мүшелерінің қатысуымен сал-танатты жағдайда халыққа ант бергеннен кейін қызметіне кіріседі. Анттың мәтіні 42-бапта келтірілген: "Қазақстан хал-қына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін".

Президенттің басшы және жоғары лауазым иесі ретіндегі жоғары құқықтық мәртебесі жан-жакты қорғауды қажет етеді. Президент халыктың еркін білдіргенмен, оның қызметі қарама-қарсы күресуші саяси күштерден барлық уақытта бірдей қолдау тауып және мақұлданып жүрген жоқ. Сондықтан Президенттің қызметіне қатысты негізсіз пікірлер, сөздер ғана айтылып қоймайды, сондай-ақ Президенттің ар-намысына, қадір-қасиетіне тиетін сөздер де айтылады. Президентті, оның мәртебесін құқық бұзушылық сипаттағы сөздерден қорғау қажет 2 . Әрине, Президентке қатысты да сын ескертпелер айты-лады. Сезім құлдығындағы сыни пікірлер кейде құқыққа қарсы сипаттағы балағаттауға ұштасып кетеді. Бұдан кейбір адамдар-дың құқықтық, санасы деңгейінің төмендігі және демократиялық, құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алмайтындығы көрінеді. Құқықтық сананы жаппай қалыптастыру және демо-кратиялық институттарды пайдалану дағдысын тиянақтау едәуір уақытты қажет етеді. Екінші жағынан, мемлекеттік органдар, барлық деңгейдегі лауазымды адамдар бір ғана жазалау шара-ларымен жаппай оң құқықтық, сананы қалыптастыруға және демократиялық тәртіпті бойға сіндіруге, мемлекеттің лауазымды адамдарына қатысты құрмет сезіміне тәрбиелеуге болмайтындығын саналы түрде сезінулері тиіс. Осыны ескере келе Президент Н. Ә. Назарбаев 1995 жылғы 21 маусымда елімізде баршаға құкықтық, білім беру жөніндегі шаралар туралы арнайы қаулы қабылдады. Қазір халықтың барлық қабаттарын, қызметкерлердің министрге дейінгі барлық санаттарын қамты-ған құқықтық білім беру жұмыстары өріс алды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабына сәйкес мемлекет басшысы ретінде Президент тиіспеушілік құқығына ие. Президентке, оның абыройы мен, қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды. Республика Президентінің абы-ройына, қадір-қасиетіне нұқсан келтірушілік заң бойынша жа-уапқа тартылады. Әңгіме Президентті барлық азаматтарға қатыс-ты заңның қорғайтындығы туралы болып отырғандығын ескерген жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері, жүйесі
Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бірегей кешенді институты ретінде негіздеу
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеу
Азаматтар және қоғамдық бірлестіктер
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесі
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz