Жапонияның конституциялық құқық негіздері



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылы Министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Экономика және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

Курсовой
Пәні : Шетелдердің конституциялық құқығы
Тақырыбы : Жапонияның конституциялық құқық негіздері

Орындаған : Жаңабердиев Асқар
Рецензент : аға оқытушы Усенбаева А.У

Ақтау
2016
КІРІСПЕ
Жапонияның жалпы жағдайын ескерсек . Жер аумағы, шекаралары, жағдайы: күн-шығыс елі. Аумағы жағынан Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін - келбеті жағынан олардан мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған аралдар елі. Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады.
Жапонияның экономикалық - географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен, былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі және Азия - Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндік береді.
Азияның ең шығысында Жапонияның орны оның Күншығыс елі дейтін атауынан да бейнелі көрініс тапқан.
Халқы: табиғи өсу ерекшелігі, ұлттық құрамы, орналасуы. Жапония халқының саны жағынан дүние жүзі елдерінің алғашқы ондығын аяқтайды. Алайда соңғы онжылдықтарда халқының табиғи өсу сипаты күрт өзгерді. Жапония өсудің екінші түрінен бірінші түріне өткен Азиядағы мемлекетке айналды .
Бұл демографиялық революция өте қысқа мерзімге өтті. Ол жапон қоғамының аса ірі әлеуметтік - экономикалық қайта құрылуының, білім беру мен денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуінің нәтижесінде іске асты. Жапония - дүние жүзінде балалар өлімінің көрсеткішінен ең төмендігімен және өмір сүру орта жасы бойынша көрсеткішінің ең жоғарылығымен танылған салауатты адамдар елі. Сондай-ақ оған мемлекеттік демографиялық саясат үлкен әсер етті. Онда отбасының мәселелерін жоспарлау жөніндегі сабақтар мектептің жоғары сыныптарында-ақ өткізіледі. Неғұрлым кеш некелесу қатты насихатталады.
Жапония халқының ұ л т т ы қ қ ұ р а м ы мүлде бірыңғай. Бұл - типтік бір ұлтты ел, мұнда жапондықтар халықтың 99% -ынан астамын құрайды. Жапон тілі қте ерекше және басқа тілдік топтардың бірде-біреуіне қосылмайды. Әрі иероглиф, әрі буындық әліппе ретінде пайдаланылатын қазіргі жапон жазуының жүйесі де өте күрделі.
Елде ерте феодалдық кезеңнің өзінде енген екі негізгі дін бар: синтоизм және буддизм. Дінге сенушілер бір мезетте қатар өмір сүріп жатқан осы екі дінді де тұтынады; қайсысының әсері басым болса, соған көбірек ден қояды.
Жапония - балаларды ең ерте жастан бастап оқытып, тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлетін бірден-бір жоғары мәдениетті, жаппай сауатты ел. Жапонияда университеттердің саны бүкіл Батыс Еуропадағыдан көп. Бұл ел - байырғы мәдениетті, әсемдікті және тұрмыс дәстүрін берік сақтаған, жапондық өмір салты дейтін түсініктің құрамына енетін ежелден келе жатқан мәдениеттті ел.
Жапондардың ұлттық дәстүрлерінің бірі - қоршаған ортаны , ағаштар мен гүлдерді, жануарларды аялап, қорғау дәстүрі адамдардың бойына бала жастан сіңіп, қалыптасады. Сондықтан Жапонияда әрбір маусым бойынша табиғатта серуендеу кең өріс алған, мысалы: көктемде жабайы шиенің (сакура) гүлдеуін, күзде үйеңкі орманын тамашалау ұлттық мекерелердің біріне айналған. Қазір осылардың бәрі батыстан елес бере бастады.
Х а л ы қ т ы ғ ы з д ы ғ ы н ы ң орта есебі бойынша (1 км[2] - ге 340 адамнан) Жапония дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Шын мәнінде мұнда халықтың тығыздығы едәуір жоғары, өйткені елдегі халық түгел дерлік жағалық ойпаттар мен өзен аңғарларында шоғырланған.
Жапония соңғы онжылдықтарда у р б а н и з а ц и я қарқынының өте жоғарлығымен ерекшеленеді. Осы көрсеткіштің нәтижесінде ол дүние жүзінде алғашқы орындардың біріне шықты. Елде екі жүзден астам үлкен қала бар.
Қаланың жапондық үлгісінің көптеген өзіне тән сипаттары бар. Қалалардың көбі орта ғасырларда феодалдық сарайлардың, монастырьлардың, пошта жолдарының төңірегінде пайда болған. Олар өзінің құрылымдық формасы мен бір және екі қабатты құрылысын әлі күнге дейін сақтап келеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген үлкен қалалар американдыруға ұшырады: олардың орнына банкілер, монополиялардың штаб - пәтерлері орналасатын көп қабатты үйлер пайда болды. Алайда, бір ерекшелігі - жапон қалаларында бірыңғай іскерлік орталығы жоқ.
Атап айтқанда, қазір халықтың негізгі бөлігі үлкен қалалар мен қалалық агломерацияларға шоғырлануда. Олардың ірілері Хонсюдың оңтүстік жағалауын бойлап үзіліссіз тізбек түрінде созылып жатыр. Олардың ішінде Токио, Осаки және Нагой қалаларының айналасына шоғырланған үлкен үштік агломерациясы ерекше көзге түседі. Қалай болғанда да, Жапония Токиодан басталады деп тегін айтпайды.
Т о к и о - Жапон аралдарының ішіндегі ең үлкен Канто жазығында орналасқан дүние жүзіндегі аса ірі қала. Ол 1869 жылы елдің астанасы болды және Шығыс астана дегенді білдіретін осы атауына сол кезде ие болған. Өзінің тым ретсіз салынуымен ерекшеленетін Токио - дүние жүзіндегі ең халқы көп қалалардың бірі. Ол жоғарыға да (жер сілкінісіне төтеп берерлік 50-60 қабатты үйлер), төменге де (жер асты сауда орталықтары), жан - жағына қарай да өсіп барады.
Осаки мен Нагой агломерациялары қасындағы Токионың басқа да агломерацияларымен тұтасып, бұрынғылардан да ірі галактиканы - жағалауды бойлау 600-700 км-ге созылып жатқан Токайдо мегаполисін дүниеге әкелді. Мұндағы халықтың орташа тығыздығы 1 км[2] - ге 800-1000 адамнан келеді, ал ондағы адамның жалпы саны 55 млн-ға жетеді, бұл, мысалы, Италияның бүкіл халқының санымен салыстыруға болады.
50 - жылдардан бастап ширек ғасыр бойы жапон экономикасы өте жоғары қарқынмен өсуде болды. Ел қысқа мерзім ішінде ғылымда, техникада, білім беруде, өнеркәсіп пен саудада үлкен жетістіктерге жетіп, қарыштап алға басты.Жапония дүние жүзіндегі ең басты несие беруші елге айналды. Елде экономикалық өмірдің барлық саласында түбегейлі қайта құрулар елеулі дәрежеде жүзеге асырылды, постиндустриялы қоғамның негіздері жасалды.
Жапонияның ө н е р к ә с і б і алғашында негізінен эволюциялық жолмен дамыды. Энергетика, металлургия, автомобиль және кеме жасау, химия, мұнай-химия, құрылыс өнеркәсібі сияқты базалық салалар импорттық шикізат арқылы қайта құрылған болатын. Бұлардың бәрі техника мен технологияның ең жаңа жетістіктерімен жабдықталды, бұл кезде көптеген патенттер мен лицензиялар шетелден, әсіресе АҚШ пен ГФР-ден сатып алынып, жергілікті жағдайға бейімделіп құрылды.
Қуат және шикізат көздерінің дағдарысынан кейін, яғни 70-жылдардың ортасында өнеркәсіп дамудың революциялық жолына түсті. Ел импортқа тәуелді отын мен шикізатты қажет ететін өндірістерді (қуат көзі мен металға қатысты болып келетін) барынша азайып, ал ең жаңа ғылымға тікелей қатысатын салаларды барынша көбейте бастады. Ғылым электроника, жұмыс техникасы, биотехнология салаларында жетекші орынға ие болып, дәстүрлі қуат көздерін пайдалануға кірісті. Жапония ғылымды қаржыландыру үлесі жағынан дамыған елдердің ішінде бірінші орын алады, ал ғылыми қызметкерлірдің саны жағынан ГФР, Ұлыбритания және Францияны қосып есептегендегіден асып түседі.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ауыл шаруашылығын да түбірімен қайта құруға тура келді. 1929 жылы Н.И. Вавилов осы елге жасаған сапарынан кейін өзінің Пять контингентов дейтін кітабында былай деп жазды: Жапониядағы егіншілік өзінің өнімділігімен таң қалдырады. Орталық және Оңтүстік Жапонияда жердің әрбір кішкентай пұштағы жете пайдаланылған. Әрине, қазір дәстүрлі шаруашылықтағы өнімді еңбек әлі сақталып отыр. 40-жылдардың аяғындағы аграрлық реформадан кейін помещиктік жер иеленушілік жойылып, жер шаруалардың меншігіне берілді де, негізгі өнім өндірушілер фермерлер болып шықты.
Ауыл шаруашылығының құрылымы да өзгерді. Жапония әрқашан да таза егінші ел болатын. Егістік жердің тең жартысын алып жататын күріш бұрынғысынша дәнді дақылдардың ішіндегі жапондардың негізгі наны болып қала берді. Бау - бақшамен айналысу, мүйізді ірі қара мал (сиыр), шошқа, құс өсіру жақсы дамыды. Жапондардың тамақтану рационы еуропалық және американдық рационға жақындай түсті.
Жапондық шаруашылықтың тағы бір дәстүрлі саласы - балықшылық. Балық аулау жөнінде Жапония алғашқы орындардың бірінде тұр. Елде 3 мыңнан астам балық аулау аймағы бар. Теңіз жағалауының жануарлар дүниесі мол және әр алуан болуы тек балықшылық қан емес, теңіз өнімдерін дайындауды дамытуға да мүмкіндік берді. Балық пен теңіз өнімдері жапондардың азықтық рационында үлкен орын алады. Сондай-ақ онда інжу-маржан кәсібі дамыған.
Жапонияда өзен қатынасы мен құбыр тартудан басқа көлік түрлерінің бәре де жақсы дамыған. Өзінің көлік-жол торабы бойынша бұл ел Батыс Еуропа елдерін еске түсіреді, бірақ жүк, әсіресе жолаушылар тасымалдауда олардың кез келгенінен асып түседі. Ал, жолаушылар тасымалдайтын темір жолдарының молдығы жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Жапония сондай-ақ аса ірі және ең жаңа теңіз сауда кемелеріне ие болып отыр. Олар кеңінен қолданылады және өзінің (34) салмағындай жүк көтеріп жүзетін арзан көлік.
Жапония шаруашылығының аса маңызды ерекшелігі - оның халықаралық экономикалық байланысқа айрықша кеңінен тартылуында. Елдің нашар қамтамасыз етілуі - өз отыны мен шикізатының жетіспеуінде, сондықтан оның 910 бөлігін сырттан алады. Екінші жағынан, елдің экономикасы дайын өнімдерді экспорттауға төтенше тәуелді. Жапония белсенді сауда балансына ие. Дүние жүзінің көптеген елдері жапон фотоаппараты, бейне үнтаспалары, калькуляторы, сағатың автомобилі мен мотоциклін сатып алады. Жапония - барлық Азия - Тынық мұхит аймағы елдерінің басты сауда серігі. Жапон бизнесмендерінің айтатын сөзі - сауда жасау немесе өлу. Соңғы кезде бұл ел тауар экспорттаудан капатал экспорттауға көбірек ойысып барады. Жапондық тікелей инвестиция негізінен Солтүстік Америкаға, Еуропаға, Азияның басқа да елдеріне бағытталған.
Шаруашылығының жер аумақтық құрылымы: екі жақты ел. Жапония алдыңғы және артқы (немесе күнгей және теріскей) дейтін мүлде әр басқа екі бөліктің өзара сәйкестенуімен ерекшеленеді. Жапонияның алдыңғы бетін ең алдымен Хонсю аралының жағалау - ойпаты бойынша өтетін аса кең емес (15-65 км) Тынық мұхит белдеуі құрайды. Бұл белдеу - елдің әлеуметтік - экономикалық кіндігі. Басты өндірістік аудандар Токио, Осаки, Нагой, Китакюсю, шикізат пен отынды импорттауға сүйенетін ЖЭС пен АЭС - тің, металлургиялық, мұнай өндейтін және химиялық комбинаттардың, машина жасау завоттарының басым бөлігі осы арала орналасқан. Құрылыс аландарының жетіспеуі салдарынан көптеген, оның ішінде аса ірі кәсіпорындар бүкіл жағалауды бойлай созылып жатқан теңізден жаулап алынған учаскелерге салынған.
Тынық мұхит белдеуі Жапонияның өнеркәсіп белдеуі деген атқа ие болды, бірақ бұл мүлде осылай деп кесіп айтуға келмейді. Оның маңында өнімді ауыл шаруашылығының көптеген басты аудандары, басты-басты көлік магистральдары және елдің аса маңызды аймақтары орналасқан. Жапонияның негізгі көлік қатынасының күретамырын бүкіл Тынық мұхит белдеуін ұзынынан басып өтетін Синкансен жүрдек темір жол магистралі құрайды.
Жапонияның а р т қ ы б ө л і н г і н, ең алдымен шеткі аймақ деп аталатын таулы - орманды Хонсю құрайды. Бұл жерде ағаш дайындалады, мал өсіріледі. Мұнда, әсіресе курорттық демалыс пен туризм жақсы дамыған. Жапонияда адамдардың орын ауыстыруға құмарлығы сонша - үлкендер де, мектеп оқушылары да көпшілік болып туристік сапармен бір жерден екінші жерге үздіксіз ағылып жатады. Соңғы кезде Жапонияның мемлекеттік аймақтық саясаты бұл экологиялық жағынан таза шеткі аймақты игеруге қатты мән беріп отыр. Тынық мұхит белдеуінің жүгін жеңілдету мақсатымен барлық технополистердің жартысы - ғылым мен ғылым тікелей қатысатын өндірістердің жаңа орталықтары шеткі зона - Хонсю аралында құрылуда. Таяу уақытқа дейін шеткері қалып келген Хоккайдо аралын игеру дүние жүзіндегі ең ұзын Сейкан темір жол туннелін салуға мүмкіндік береді. Алайда, тұтастай алғандағы жер аумағының сәйкессіздіктері баяу шешілуде.

Жапония Ниппон, Нихон (Таң шапағы елі) -- Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы -- Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бӛлінеді. Жапония -- бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і -- жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі -- жапон тілі. Негізгі діндері -- синто және будда діндері. Жапония -- конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император -- --мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі‖. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың тӛрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент -- екі палатадан (ӛкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. ӛлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні). Ақша белгісі -- иен. Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі -- Жапония болады. 19 ғ. Жапония ӛнеркәсібі қауырт ӛркендей бастады.
Жапония қалалары Токио Жапония халқының бестен тӛрт бӛлігі қалаларда тұрады. Кеме тоқтайтын айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бӛккен кӛк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын саябақтарды, сұлтан қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ тӛбе ескі үйлерін көруге болады. Әлемдегі көптеген елдердің Конституцияларының көбінесе алғашқы баптарының өзінде-ақ қысқаша түрде сол мемлекеттің мәні, ондағы биліктің қайнар көзі болып табылатын табиғатының кең ауқымды, жалпылама және негізгі сипаты айтылады.
Конституция: ол - мемлекетке кигізілген киім, егер де бұл киім халықтың менталитетіне сәйкес келсе (яғни дәл шақ болса) - онда бұл халық тұрақты даму мен гүлденуге қол жеткізеді. Егер басты заң саяси мәдениет деңгейі мен менталитетке сәйкес келмесе - онда халық тұтастай күрделі мәселелерге тап болып, ақырында өз дамуынан ажырап, тіпті кейде қайғылы күйге душар болады. Әрбір мемлекет өзінің дамуында Конституцияны қабылдау және оны елдің ең басты құжаты ретінде қалыптастыру кезеңін бастан кешеді.
Латын тілінен аударғанда constitutio сөзі бекітемін, құрамын деген мағынаны білдіреді. Қазіргі ұғымдағы алғаш жазылған Конституция АҚШ - та 1787 жылы және Францияда 1791 жылы қабылданды.
Америка азаматтарының индивидуалдығының тарихи тамыры терең. Сол секілді АҚШ Конституциясы индивидтер ұлты, индивидуалистер ұлты секілді америкалық ұлттың менталитетін есепке ала отырып қабылданған. Қазіргі таңда америкалық құндылықтар салт-дәстүрі, тарихы, төл мәдениеті алға басқан.
Жапония секілді азиялық елдің тарихына көз салып көрейікші. VIII ғасырдың өзінде-ақ жапондықтардың санасында императорлық биліктің ел басқаруда күмән туғызбас заңдылық қағидаты орнығып үлгерді. Яғни әрбір жапондықтың жүрегінде императордан басқа ешкім мемлекет басшысы бола алмайды деген сенім ұялады. Алайда ұзақ уақыт бойы Жапонияда әскери диктатураның өзінше бір үлгісі саналатын, бар билік сёгунның - ұлы қолбасшының қол астына шоғырланған. Араға үзіліс сала отырып, сёгунат жүйесі 1192 және 1868 жылдар аралығында биліктің басқару тетігіне айналды. Сёгунатқа тән сипатқа императорды бірқатар өкілдік және салтанаттылық функцияларына ие мемлекеттің номиналды басшысы ретінде сақтаушылық жатады.. Жапонияның ел Конституциясын қалай әзірлеп, қабылдағаны жөнінде айтар болсақ.
1 ЖАПОНИЯНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ
1.1 Конституцияны дайындау және қабылдау
Екінші дүниежүщілік соғыс кезінде елде американыдық әскери администрация билік етті, сондықтан демократияландыру және тәуелсіздендіру шаралары көптеп жүргізілді. Осы процестер шарасында 1946 жылы қазанда Жапонияда жаңа конституция қабылданды.
Ел тарихында осы конституция алғашқы рет ұлттық суверенитет және негізгі демократиялық бостандықтарды,жалпыға сайлау құқығын қарастырды. Осы конституцияға сәйкес мемлекеттік басқарудың негізгі концепсиясы ретінде құқықтық мемлекет және классикалық демократия принциптері, яғни, биліктің бөлу принципі: заңшығарушы, атқарушы және сот негізге алынды.
Конституцияда ерекше қабылданған 9-бап болды. Онда елдің сыртқы сұрақтарын шешуден соғыстан және соғыс құралдарынан толықтай бас тарту туралы жазылған.
Жапонияның негізіг заңының жасалуына американдық мамандар да қатысқандықтан оған американдық басқару нормалары, АҚШ конституциясының ұқсастықтары табылады. Сонымен қатар, жапондық басқарудың дәстүрлік ерекшеліктері де қарастырылады. Конституция құқық пен мемлекеттік басқару қарым-қатынастарын түбірімен өзгертті.
Елде бірінші рет формальді парламент заңдарына негізделген мемлекеттік басқару жүйесіпайда болды.
Парламент жоғары мемлекеттік билік органы деп жарияланды. Конституция өз тарапынан жоғарғы өкілдік органды заңшығару саласында нақты қызметтерін жүктеді. Көптеген дамыған елдердегі сияқты Жапонияда да заңдық негізде парламент пен үкіметтің теңдігі сақталуда.
Елдегі ең жоғарғы билік органы болып, конституцияға сәйкес, парламен болып табылады. Ол екі палатадан: өкілдер палатасынан және кеңесшілер палатасынан тұрады. Өкілдер палатасы 4 жылға сайланатын 480 депутаттан тұрады, ал кеңесшілер палатасы - 6 жылға сайланатын 252 депутаттан тұрады. Кеңесшілер палатасының жартысы 3 жылда бір рет жаңарып отырады. Конституцияға сәйкес, парламен толығымен заңшығарушы орган деп танылады және қаржылық құралдарды жұмсауды қарастырады. Жапонияда жалпыға сайлау құқығы іске асырылады. Жасы 20-ға толған елдің азаматтары дауыс білдіруге құқылы. Екі палатаға да сайлау жасырын дауыс беру арқылы жүреді.
Жапонияда екі негізгі партия қызмет етеді. 2009 жылы 54 жыл билік басында болып келген консервативті либерал-демократиялық партияны басып озып, Жапонияның социал- либералды демократиялық партиясы парламетте көп орынға ие болды.
Жоғары атқарушы орган болып - Үкімет танылады. Оны премьер-министр басқарады. Бұл уекілеттілікті парламенттің ұсынуымен император тағайындайды. 2010 жылдың 4-ші шілдесінен бастап премьер-министр - Наото Кан.
Жапоияның сот жүйесі романдық-германдық құқықтық модельге, негізінен Францияның, Германияның құқықтық жүйелеріне негізделген. Мысалы, 1896 жылы жапон үкіметі Германдық жүйеге сүйене отырып азаматтық кодекс жасады. Жаңа заң күшіне тек императордың бекітуімен ғана енеді.
Сот жүйесі негізіг төрт деңгейден құрылған: жоғарғы сот, апелляциялық, негізгі және тәртіптік соттардан. Жоғарғы сот,басқа елдердегі конституциялық соттар сияқты,заңдардың конституцияға сәйкестігін тексере алады. Жоғарғы соттарды парламенттің ұсынуымен император тағайындайды, ал басқа соттарды Жоғарғы соттың ұсынуымен минстрлер кабинеті тағайындайды.
Жапония АҚШ-пен жақын экономикалық-әсекери қарым-қатынаста. Ол АҚШ және Жапонияның қорғаныс және бірлескен әрекет туралы келісіміне негізделген. 1956 жылдан бері БҰҰ-ға мүше, соынмен қатар БҰҰ-ның қауіпсіздің кеңесінің мүшесі. Үлкен сегіздік мүшесі ретінде өзінің әлемдік қарым-қатынастарын реттеуде үлкен мүмкіндікке ие. Жаңадан қабылданған конституция мемлекеттік құрылымда монархтың рөлін толығымен өзгертті. Қасиетті және қолтигізбес тұлғадан ол мемлекеттілік және ұлт бірлігі символына айналды. Бірақ та, конституцияда императорлық биліктің құрылуы туралы көрсетілмеген, сондықтан дәстүр бойынша императортлық билік әкеден балаға беріліп отырады. Осыған байланысты жапондық және шетелдік мамандар арасында пікір-талас туындауда. Біреулері, жапонияны парламенттік монархия деп таниды, себебі император титулымен асыл текті монарх бар. Екіншілері, жапонияда монархия жоқ, елді монархиялық атрибуттары бар республика деп таниды.
Конституцияда нақты ел басы туралы көрсетілмеген . Соның салдарынан император мемлекет басшысы ма, жоқ па деген сұрақтар туындай бастады.
Кең тараған теорияға сәйкес, жапонияда парламенттік монархия және император мемлкет басшысы емес, ол монархия символы болып табылады.
Жапонияның құрылыуын алып қарасақ, онда монархиялық та, респуликалық көреаламыз. Конституцияға сәйкес, император халықтың атынан парламентті шақыра алады, кіші палатаны таратуы мүмкін (парламенттің ұсынуымен ғана); жарлықтарды, заңдарды, конституциялық заңдарды бекітеді; парламенттің ұсынуымен премьер-министрді тағайындайды; ордендармен марапаттайды, халықаралық дипломатияөкілдерін қабылдайды және салтанаттарды өткізеді, салтанатты рәміздерді орындайды. Императорды берілген құзіреттермен қамтамасыз ету формальды жүзеге асады, оның иницативасы қарастырылмайды.
Соныменқатар,император мемлекеттік билікке қатысты құзіреттіліктерді пайдалана алмайды, мемлекет қызметіне байланысты істерге тек министрлер кабинетінің кеңесімен және келісімімен ғана жүзеге асыра алады. Себебі, министрлер кабинеті мемлекеттік істерге өздері жауап береді. Қазіргі Жапония Императоры - Акихито, Императрицасы - Митико. Биліктің ең жоғары атқарушы органы болып үкімет танылады. Жапонияда бұл орган министрлер кабиеті деп аталады. Оның қызметі Конституциямен және Министрлер кабинеті туралы (1947 ж.) заңмен, Мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру туралы (1948 ж.) заңмен реттеледі.
Премьер-министр басқаратын миинистрлер кабинеті құрамына премьердің орынбасары, министрлер (әртүрлі министрліктердің басшылары), кабинеттің бас секретарі және заңдық бюроның басшысы, мемлекеттік министрлер (портфельсіз министрлер) кіреді. Азаматтық кабинет принципі конституциямен анықталады және кабинет мүшелері азамматтығы бар тұлғалар болу керек. Кабинетте әскери және әскери-теңіздік министрлік, сонымен қатар ішкі істер министрлігі қызметтері жоқ.Кабинет келесідей құрылады.
Басында парламент палаталарыәртүрлі отырыстакөпшіліктің дауысымен кандидаттар премьер-министрге кандидаттар таңдап алынады. Таңдап алынған кандидат императордың қарауына ұсынылады және оның қолдауымен өз қызметіне тағайындалады. Көптеген министрлер парламент депутаттары да болуы керек. Министр өз қызметінде жүргенде премьер-министрдің келісімінсіз соттық жауапкершілікке тартылмайды.
Егер премьер-министр өз қызметін атқармай, орнынан босап қалса, онда конституцияға сәйкесінше онымен бірге барлық министрлер де босатылады. Премьер-министр уақытша өз қызметін атқара алмайтын жағдайларда, оның орнына уақытша алдын ала кабинет басшысы өзі белгілеп кеткен министрлердің біреуі бұл құзіретті жүзеге асыра алады. Премьер-министр кез-келген министрдің қызметін өз жауапкершілігіне ала алады, сәйкесінше оны кез-келген басқа министрге жүктеуі мүмкін.
Конституцияғасәйкес,министрлеркабин етіөзіне тән атқарушылық функцияларымен қатар, келесі қызметтерді де атқарады: мемлкеттік істерге заңдармен қызмет ету; ішкі саясатқа басшылық, келісім-шарттарға отыру (бұл кезде туындаған жағдайға қарамастан парламенттің келісімімен ғана); азаматтық қызметтерді жасау және басқару; бюджеттік жобаларды жасау және оны парламенттің қарауына ұсыну; конституцияның және заңдардың орындалуы үшін атқарушылық жарлықтар шығару; жеке және жалпы амнистияларды, жеңілдіктерді және жазалауды тоқтата тұру туралы, құқықтың қалпына келтірілуі туралы шешімдерді шығару.
Министрлер кабинеті,сонымен қатар,келесідей маңызды құзіреттіліктерге ие:мемлекеттік істерге байланысты шешім қабылдауда
императорға кеңес беру,сол шешімдергежауапкершілікте болу; Жоғарғы соттың Басты сотынан басқа соттарын, төмен инстанция соттарын тағайындайды;парламент сессиясының төтенше шақырылуына шешім шығарады, резервтік фондтың шығындалуына жауапкершілікте және бюджеттік жетіспеушілікті осы фондтан парламенттің келісімімен жабуды қарастырады.Министрлеркабинетіжыл сайын парламентке мемлекеттік шығындар және кірістер туралы қорытынды есеп беруі керек және парламент пен халыққа мемлекеттік қаржының ағымдағы жағдайын таныстыру керек. Сонымен қатар, министрлер кабинеті заңшығарушылық иницативалық құқыққа ие, яғни көптеген заң жобаларын парламенттің қарауынаұсына алады. КонституцияжәнеЗаң министлер кабинетіне парламенттің алдында ұйымдық жауапкершілік принципін айқындайды. Егер өкілдер палатасы тарапынан министрлер кабинетіне сенімсіздік танытылған жағдайда кабинет отставкаға кетуі керек немесе император премьер-министрдің ұсынуымен өкілдер палатасын таратуы керек. Тәжерибеде көп жағдайда екіншісі қолданылады. Премьер министрге кең құқықтар берілген, сондықтан оның қызметі мемлекеттік аппаратта ең жоғарғы болып саналады. Парламентте министрлер кабинетінің атынан шыға отырып ол парламенттің қарауына заң жобаларын, бюджет жобаларын және заңшығарушы органның бекітуін қажет ететін басқа да құжаттарды ұсынады. Оған парламенттің алдында мемлекеттік істер және ішкі проблемалар жайында есеп беру құқығы берілген. Кабинеттің шешіміне негізделіп ол атқарушы билік органының барлық звеноларына қадағалау жасайды. Премьер-министр кабинеттің отырысында төрағалық етеді, және заң бойынша министрліктердің компетенциясына байланысты барлық сұрақтарды шешу кезінде соңғы сөз оған тиесілі. Заң оған барлық мемлекеттік атқарушы органдардың қызметін (кабинеттің қарауы болғанша) уақытша тоқтатуға құзіреттілік береді.
Басқа министрлердің қызметі, мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру туралы заңға сәйкес, министрліктерді басөару мен реттеуге негізделеді, олардың персоналдарының жұмысын бақылау, заң жобаларын жасау және атқарушылық жарлықтарды шығарумен ұштастырылады. Кабинеттің барлық министрліктерінің басында отырған министрлерінде (кейде екіден) бір-бірден парламенттік вице-министрден болады. Парламенттік вице-министрлер министрдің ұсынысымен кабинетке қосылады және тағайындалады. Олар сол миничтрліктің немесе толық министрлер кабинетінің отставкаға кетуінен автоматты түрде құзіреттілігінен айырылады. Парламенттік вице-министрлер министрлерге олардың қызметтеріне көмектеседі, атап айтқанда, административті мәселелерді шешуде және оларды керек кезінде орнын алмастыра алады.
Әр министрде өзінің басқарушы вице-министрі болады. Оның қызметіне министрліктің барлық аппарат звеноларының жұмысын қамтамасыз ету кіреді.
Миистрлер кабинетінде отырыстармен байланысты сұрақтарды шешетін және онда қарастырылатын мәсеелерге өзгерістер мен толықырулар енгізе алатын секретариат қызмет етеді. Кабинеттің күн тәртібі секретариатты басқаратын бас секретармен әзірленеді. Заңдық бюро алдын ала жасалынған заң жобаларының заңдық сауаттылығын тексереді және түзетеді. Персоналдар істері бойынша кеңес мемлекеттік басқару аппаратының қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру сұрақтарын қарасытырады және осы сұрақтар бойынша және парламент пен үкіметке кеңестер береді. Осы кеңес мемлекеттік қызсметкерлер туралы статистикалық мәліметтерді жинаумен айналысады. Кеңестің үш мүшесі (оның біреуі төраға қызметін атқарады) төрт жыл мерзімге парламенттің екі палатасының келісімімен министрлер кабинеті тағайындайды.
Премьер-министрге қарасты кеңестік орган ұлттық қорғаныс кеңес органы болып табылады. Уақыт өте келе министрлер кабинетіне қарасты арнайы мәселелерді шешуге арналған комитеттер құрылуда.
Министрлер кабинетінің қарамағында келсідей орталық административтік органдары бар: премьер-министр канцеляриясы, министрліктер, комитеттер және басқармалар.
Премьерминистр канцеляриясының құзіретінеадминистративті сұрақтарды қарастыру және арнайы министрліктер қарастырмайтын мәселелерді шешешу жатады. Комитеттер мен басқармалар арнайы мемлекеттік құзіреттілікке ие және арнайы қызмет етуге құрылған.Мысалы,қорғаныскомитетіоға нқарасты полиция басқармалары қоғамдыөқ тәртіпті қамтамасыз етеді. Ал, Экономикалық жоспарлау басқармасы министрліктің функцияларын іске асырады. Осы комитеттердің басшылығындатәжерибиеліктүрде Жапонияда министрдлер болып келеді.
Жапониядағы барлық министрліктер бір принципке негізделеген. Олардың әрқайсысы департаменттерге, олар сәйкесінше - бөлімдерге және секцияларға бөлінеді. Кейбір министрліктерде өздеріне тиесілі арнайы басқармалары бар. Әр министірлікте консультациялық комитеттер, комиссиялар және кеңестер және мүмкін мекемелер, зерттеу институттары, оқу орындары, және т.б. бар.
Жапонияның администрациясында ешбір министрлікке бағынбайтын қаржылық қадағалау кеңесі ерекше орын алады. Бұл кеңес елдегі барлық басқару аппараттарының қаржылық операцияларына қадағалау жүргізеді. Бұл орган қадағалаушылар кеңесімен басқарылады.
Жоғарыда аталып өткен барлық органдар мен аппараттар Жапонияның орталық басқару аппаратын құрайды. Жапондық құжаттарда бұл органдар қосымша деп белгіленеді. Себебі, олардың барлығы министрлер кабинетіне қарайды немес сонымен бір мемлекеттің фуекцияларын жүзеге асыруға қатысады.

0.2 Конституцияның негізгі ережелері

Жапонияның Конституциясы - келемі бойынша шағын: ол 103 қысқа баптан тұрады. 1889 жылғы Конституциямен салыстырғанда ол халық егемендігі кағидасын жариялады. Император биліктен айырылып, тек ұлттық рәміз ретінде сақталып қалды.
Конституцияға сәйкес Парламент мемлекетің жоғары органы және жалғыз заң шығарушы органы болып жарияланған. Конституцияда адамзаттың кейбір жалпы құндылықтары туралы, саяси моральдын жалпыға ортақ қағидаларын ұстанудың кажеттігі туралы, 6ipдe-6ip мемлекеттің тек өз мудделерін устанып, баскалардың мудделерін елемеуіне жол бермедің кажетттігі туралы айтылған.
Жапонияньщ Конституциясын кабылдау кезде АКШ- тьң ядролық қаруды қолдануы арқылы антигитлерлік коалиция державаларының мемлекетті әскери талкандауының каиғылы тәжірибесі ескерілді. Конституцияда Соғыстан бас тарту деп аталатын II-тарау бар. Ол тек 6ip баптан (9-бап)турады. Жапондық кертартпа топтар оны бірнеше рет алып тастауга тырысты, бірак бұл әрекеттердің барлығы сәтсіз аяқталды. Аталган бапқа сәйкес, жапон халқы ұлттың егеменді қуқығының негізінде соғыстан, сонымен қатар халықаралық дауларды шешу туралы ретінде қарулы куштерді қолдану мен күш көрсетуден мәңгілікке бас тартады.
Конституцияда белгіленгендей, құрлық, теңіз, әскери-әуе куштері және соғыстың өзге де құралдары ешқашан соғысу және күш көрсету мақсатында құрылмайтын болады. Сонымен қатар үкіметтің мушелері тек азаматтық тұлғалардан тұруы тиіс деген ереже де милитаризмнің жаңғыруына қарсы бағытталған. Жапонияда Қорғаныс корпусы - курлық, теніз және әскери- әуе күштерінің 135 мың адамы бар. Әскери кажеттіліктерге мемлекеттік бюджеттің 1 %-нан аспайтын жұмсау қажет деп белгіенген, бұл шамамен 50млрд АҚШ долларын құрайды. Ал іс жүзінде қорғаныс корпусын қаражаттандыруға шамамен 100 млрд АКШ доллары жумсалады .

1.3 Конституциялық бақылау.
Конституциялық бақылау актінің (заңның, жарлықтың, әкімшілік актінің) конституцияға сәйкес емес екендігі туралы түпкілікті шешімді АҚШ жүйесіндегідей Жоғарғы сот шешеді (оның 15 мүшесі болады, шешімді кемінде 8 судья қолдауы тиіс). Бірақ АҚШ-пен салыстырғанда констиіуцияға сәйкестік тураіы мәселе қылмыстық немесе азаматтық істі қараудан тыс талқыланады және шешіледі. Жапонияда актінің конституциясына сәйкес емес екені туралы арнайы талап-арыз бірінші инстанция сотына беріледі және іс бағыныстылық бойынша Жоғарғы сотқа дейін жетуі мүмкін. Жапонияда бүл сот нормативтік актілерді конституцияға сәйкес емес деп өте сирек таниды: оның қызметінің бүкіл кезеңінде тек бір заңның ережесі конституцияға сәйкес емес деп танылды.

2 ЗАҢ ШЫҒАРУ БИЛІГІ
2.1 Парламент құрылымы
Конституцияға сай елдің жалғыз заңшығаруышы органы болып парламент танылады. Ол екі палатадан тұрады: өкілдер палатасы ( 4 жылға сайланатын 480 депутат) және кеңесшілер палатасы ( 6 жылға сайланатын 252 депутат). Екі палатаға да сайлау тікелей сайлау арқылы жүргізіледі, сайлауға жасы 20-ға толған елдің азаматтары дауыс бере алады. Өкілдер палатасына жасы 25-ке толған азаматтар сайлана алады, ал кеңесшілер палатасына - 30 жас. Заңжобаларының тәртібіне байланысты Жапония парламентінде окілдер палатасы - кіші палата, кеңесшілер палатасы - жоғарғы палата болып танылады. Парламенттің құрылыу тәртібі конституцияға негізделеді және 1950 жылғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Шет ел конституциялық құқығы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін - өзі басқарудың әлемдік тәжрибесі
Муниципалдық құқық
Мэйдзи дәуіріндегі Жапониядағы жаңа саяси жүйенің қалыптасуы
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
Монархия және оның түрлері
Жергілікті өзін-өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі
Мемлекеттік жергілікті басқарудың теориялық негіздері
Жапония және халықаралық ұйымдар
Мемлекет туралы түсініктер
Пәндер