Қабанбай батыр өмірі



Қабанбай батыр. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2стр.
Кабанбай батыр кесенесі. . . . . . . . . . . . . . . 4 стр.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
тақырыпқа:

Қабанбай батыр

9А сыныптың оқушысын
орындады:
Боев Александрдың

2011ж.
Қабанбай батыр

Мәмбет – Қожақұл, одан Қабанбай батыр туылған. 1691 жылы етегі Алакөлге
малынып жатқан Тоқта-Барлық тауының маңында, Барқытбелдің күнгей жағына
орналасқан Мәмбет ауылында Ерасыл (Қабанбай) дүниеге келген. XVIII ғасырдың
бас кезінде, яғни 1702 жылы Барлықтағы алғашқы айқаста әкесі Қожақұл батыр
аз адаммен қоршауда қалып, ақыры ауыр жарақаттан мерт болады. Ерасылдың он
бірге жаңа толған кезі еді. Қожақұл батырдың көзі жұмылған соң бас иесінен
айрылған Мәмбет ауылдарына жыл сайын ойраттар шабуыл жасап, тал түсте
жылқыларын айдап әкете беретін әдет тапты. Сондай бір кезекті шапқыншылық
кезінде қалмақтар жылқы күзетіп жүрген Қабанбайдың ағасы Есенбайды қолға
түсіріп, қорлап өлтіреді. Аямас жауыздар қанжармен жас жігіттің қарнын
жарып, шалажансар күйінде далаға тастап кетіпті. Есенбай жалғыз інісі
Ерасылды маңдайынан шертпей, қатты еркелететін. Соның арқасында әкесінің де
жоқтығы білінбей, жетімдік көрмей, бұла боп өскен еді. Аға өлімінен кейін,
он алтыға жаңа толып, әлі оң-солын танып үлгермеген Ерасыл көзге қамшы
тигендей мәңгіріп қалды. Әсіресе, қорлағаны, азаптап өлтіргені жанына қатты
батты. Есенбайдай азаматтың қаны текке кетпес, қалмаққа қолма-қол
аттанармыз, қарымта қайтарармыз деп ойланған. Жоқ, олай болмады. Бәрінен де
елдің етекбастылығы, асықпайтын ағайынның керенаулығы көңілін қалдырды. Не
керек, әйтеуір, іргедегі қалмаққа аттанып кек қайтаратын, тым құрыса жауға
қыр көрсетіп, азаматтың құнын сұрайтын бір пенде табылмады. Ерасылдың күте-
күте төзімі таусылып бітті. Ақыры тәуекелге бел байлаған Ерасыл не де болса
қалмаққа жалғыз аттанбақ болды. Қанға – қан, жанға – жан! Ағасынан жаны
артық па? Осы жолы не Есенбайды өлтірген қалмақты тауып, қанын ішеді. Не
ағасының артынан бұл да мерт болады – екінің бірі! Ақыры кек алмай жаны жай
таппасына көзі жетті де, жылқыдан төл аты – Ардакүреңді ұстап мініп,
ешкімге жөнін айтпастан, шығысты бетке алып тартып отырды. Мөлшерлегеніндей-
ақ, Сарыбелдің шығыс қапталына қалмақ ауылдары сұғына кіріп отыр екен.
Ерасыл мал көздеп жүрген адам болып, алға қарай ішкеріледі. Қолында қаруы -
әкесінен қалған төрт қырлы қаратамақ найза, қайқы қара қылыш пен екі жүзді
алмас қанжары бар. Жалғыздық жары – құдай деуші еді. Уа, пәруардігер, өзің
жолымды оңғара көр! деп тіледі ішінен. Қалмақтарда жалшы болып жүрген
қырғыз жігіті Ердененің көмегі арқасында Өлжежырғалмен жекпе-жектің сәті
түсті. Я, аруақ, өзің қолдай көр! деді қанжарының сабын сығымдай түскен
Ерасыл.
- Сен Өлжесің ғой,ә?
- Иә,- деді анау жұп-жуас жауап беріп.
- Осыдан бір ай шамасы бұрын қазақ ауылын шауып, Есенбайдай ердің ішін
жарып кеткен де сен емессің бе? Ендеше мен – сол Есенбайдың інісі
Ерасылмын. Қанға – қан! Кек қайтты деген осы болады!- деді де, сол қолын
жағадан босатпаған күйі, оң қолындағы алмас қанжарды қақ жүректің басына
ұрып жіберді. Өлже айқайлап дыбыс бергісі келді ме, әлде тынысы тарылып ауа
қармағаны ма, сәл теңселіп тұрды да, қанжарды қайта суырып алған кезде,
етбетінен күрс етіп құлап түсті. Ерасыл өзінің Ардакүреңіне мініп ауылдан
ұзап кеткен соң, айырылысатын кезде Ердене жолдасының амандығын айту үшін
Мәмбет ауылдарына қарай, ал Ерасыл із жасыру үшін Ертіс бойына ұзатылған
әпкесіне қарай тартып, Керей еліне бет түзеді. Мұндағы апа-жездесінің
қолында бірнеше жыл тұрып қалады. Бір күні Зайсан көлі жағасында жылқы
қайырып жүріп, ойда жоқта бір тобыр жабайы шошқаға тап болғаны бар. Қамыс
арасынан шыға келген құнан өгіздей қара қабан Ерасылға қарай оқтай атылды.
Ерасыл да найзаны бар күшімен сермегенді, сірә, найзаның ұшы жүректі жарып
өткен болар, қара қабан серең етіп құлап түсті. Ерасылдың аман екенін
көріп, қуанған Бердәулет жездесі: батыр деп мына сені айт! Өзің нағыз қабан
екенсің ғой! Уа, жарандар, бүгіннен бастап атын Қабан батыр деп атайық! -
демесі бар ма. Жездесінің аузы мұндай дуалы болар ма, қуаныш үстінде
айтылған бір ауыз сөз кешікпей бүкіл елге тарап, аяқ астынан Қабанбай
батыр атанды. Сол жылы күзде Сауырдағы шайқаста Ерасыл ойрат батыры Долан
Дошыға қарсы жекпе-жекке ел қойып алған осы жаңа атымен шықты. Содан Керей
арасында бес жылдай тұрып, Ханбибіге үйленіп, кейін Байжігіт ішіне қайта
оралған соң да бұл ат қалған жоқ. 1718 жылдың күзі, арада жеті жыл өткенде,
Аягөз өзенінің бойында Арсалаңмен кездесті.
- Қапы қалма, Арсалаң! Мен – қазақтың Қабанбай деген батырымын. Осыдан жеті
жыл бұрын, он алты жасымда, ағаң Өлжежырғалды о дүниеге аттандырып едім.
Міне, құдайдың құдіретін көрдің бе, сенің де ажалың менен болайын деп
тұр... Ал енді шамаң болса, қорғанып бақ! Найзаны қолына мығым ұстаған
Қабанбай кіндік тұстан, не қазан толмастан қадайтын кісіше, еңкейе шауып
келді де, дәл қасына таяған кезде көз ілеспес жылдамдықпен өндіршекке ұрып
кеп жіберді. Найзамен бауыздалған Арсалаң кескен теректей болып, ат үстінен
сұлап түсті де, қорқырап қала берді. Кейін, ойрат қолын ойсырата жеңіп,
Шаған шатқалынан айдап шыққанда, ақбоз атқа мініп дара шауып, қол бастаған
батырдың Қабанбай екенін біліп, Абылай хан қатты разы болған екен.
- Қайраусыз өтер қара қылышым-ай! Даңққа жеткізген дара бозым сен екенсің
ғой! Егер биікке бекініп алған жау қамалына қалың қолды көтеріп сен
шаппағанда, бүгінгі шайқастың немен бітері неғайбыл еді. Бүгіннен бастап
Қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы есімің Дарабоз болсын! - деп
құшағына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қ. Жұмаділовтың Дарабоз роман-дилогиясындағы тарихи тұлғалардың көрінуі
Қазақ батырлары таихы
Қаракерей Қабанбай батырдың дәуірі
Қазақ батырларының әскери өнері
Бұқар жырау толғаулары
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлар
Отанын барлық жаудан қорғаған даңқты батырлар біздің жүрегімізде
Қожағұлұлы Қабанбай батыр. Бөгенбай батыр
Қазақ батырлары
Қаракерей Қабанбай
Пәндер