Ірімшік және сүзбе өндіретін цех


Бизнес-жоспар
Ірімшік және сүзбе өндіретін цех ашу
2017 жыл
МазмұныКестелер тізімі3
Суреттер тізімі4
Резюме5
Кіріспе7
1. Жобаның тұжырымдамасы8
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы9
3. Өндірістер бағдарламасы11
4. Маркетингтік жоспар12
4. 1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы12
4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер14
4. 3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер15
4. 4 Маркетинг стратегиясы16
5. Техникалық жоспарлау17
5. 1 Технологиялық процесс17
5. 2 Ғимараттар мен құрылыстар18
5. 3 Жабдық және инвентарь (техника) 19
5. 4 Коммуникациялық инфрақұрылым21
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам22
7. Жобаны іске асыру23
7. 1 Іске асыру жоспары23
7. 2 Жобаны іске асыру шығындары23
8. Пайдалану шығыстары24
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар25
10. Қаржыландыру қажеттілігі27
11. Жобаның тиімділігі28
11. 1 Cash-flow проекциясы28
11. 2 Пайда мен залалдардың есептері28
11. 3 Баланс проекциясы28
11. 4 Қаржы индикаторлары28
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер30
12. 1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні30
12. 2 Қоршаған ортаға әсер30
Қосымшалар31
Кестелер тізіміЖобаның тұжырымдамасы ірімшік және сүзбе өндірісі кәсіпорынын құруды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаттары ірімшік және сүзбе өндіру және оны сату болып табылады. Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы өнімдерді тұтынушы орташа табысы бар тұрғындар болып табылады.
Цех (өндірістік орын-жай), сондай-ақ ірімшік және сүзбе, пастеризацияланған сүт және қаймақ дайындау үшін сүтті қайта өңдеуге қажетті жабдықтар сатып алу жоспарлануда.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлдануда.
Кредиттеудің мынадай шарттары қабылданды:
Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.
15% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 7 жылда 3 656 мың теңгені құрады.
- Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты пайда табуына мүмкіндік береді;
- ірімшік және сүзбе өндіретін және сататын жаңа кәсіпорын құру;
- Жамбыл облысының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.
- Әлеуметтік әсерлердің арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:
- халықтың сүт өнімдеріне, атап айтқанда: ірімшікке және сүзбеге деген сұранысын қанағаттандыру.
Қазақстандық сүт өнімін өндірушілер үшін нарық жағдайындағы қызмет маңызды проблемалармен және көптеген тәуекелдермен қатарлас келді. Аграрлық секторға дәстүрлі түрде ұлттық экономиканы дамытуда, яғни сүт өнімдері индустриясын дамытуда маңызды рөл берілгеніне қарамастан, бірінші кезекте кем дегенде сенімді шикізат базасы болуы тиіс, өндірушілердің өздері және талдаушылар саланың өсу қарқынының төмендегенін мойындап отыр және импорттың басымдық алуына алаңдаушылық білдіруде.
Бұл ретте сүт өнімдерінің бағасын демократиялы деп айтуға болмас, ауқаттылар санатына жатпайтын кейбір тұтынушылар бүгіннің өзінде сүзбені немесе, мысалы, қаймақты күнде сатып ала алмайды. Сонымен қатар, сүт өнімдерін тұтыну ұлт денсаулығының жай-күйіне тікелей әсер етеді және қоғамның салауаттылығы деңгейін көрсетеді.
Қазіргі әлемдік дағдарыс, әрине, сүт өнімдері нарығының жағдайына әсерін тигізді, алайда алдағы жылдары оларды тұтыну төмендемейді, қайта ұлғаятын болады деп болжайды талдамашылар.
Қазақстан Сүт одағының деректері көрсетіп отырғанындай, отандық өндірушілер нарыққа, ең алдымен айран, қаймақ, пастеризацияланған сүт, май, өңделген және тазартылған UHT сүті өнімдерін шығарады. Сауда желілеріне Ресейден, аздап Украинадан, Беларусиядан және Қырғызстаннан әкелінетін йогурттар мен десерттердің түр-түрлері көптеп шығарылады.
Қазіргі уақытта ірімшік және сүзбе өндіретін цехтар ашудың болашағы зор, оның мынандай себептері бар:
• біріншіден, Қазақстанда сүт өнімдерін тұтыну көлемі азаймайды;
• екіншіден, сүт өнімдерін барлығы тұтынады, алайда барлық ұйым бірдей сапалы тауар ұсына алмайды;
• үшіншіден, кәсіпорын халықты экологиялық таза өніммен жабдықтайтын болады.
Облыста бизнестің осы түрін ашу үшін барлық мүмкіндік бар. Жамбыл облысы Республикада мал басы бойынша жетекші орынды иеленуде. Өндіріс үшін шикізатты (сүтті) Жамбыл облысының халқы мен шағын және орта кәсіпорындарынан сатып алу жоспарлануда. Шикізаттың бағасы маусымдық сипатта, қыста барынша жоғары, жазда барынша төмен болады.
1. Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы ірімшік және сүзбе өндіретін цех ашуды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаттары сүт өнімдерін, соның ішінде ірімшік және сүзбе, сондай-ақ пастеризацияланған сүт және қаймақ өндіру және сату болып табылады.
Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы өнімдерді тұтынушы орташа табысы бар тұрғындар болып табылады.
Компанияның басымдығы өндірісте тек қана таза сүтті және табиғи шикізатты пайдалану, жартылай фабрикаттар мен басқа да қоспаларды пайдаланбау болып табылады, ол өнімнің дәмдік сапасына оң әсер ететін болады.
Цех шығаратын негізгі өнімдер мыналар болып табылады:
- Қалыпқа келтірілген пастеризацияланған сүт (3, 2%) ;
- Қаймақ (30%) ;
- Жартылай майлы сүзбе (9%) ;
- Қатты ірімшік.
Өндірістік цех жалпы алаңы 150 шаршы метр орын-жайда орналасатын болады.
Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорынның айналымын ескере отырып қызметті жауапкершілігі шектеулі серіктестік шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.
Бұл бизнес-жоспар басшылыққа алынатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана болып табылады. Сондықтан да осы жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты инвестициялық шығындар тізбесіне тиісті жабдықтарды қосу жолымен шығарылатын өнімнің түр-түрін де өзгертуге болады. Шығарылады деп жоспарланған өнімнің бәсекелестік басымдықтарын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтардың айырықша ерекшеліктерін барынша ашып көрсету қажет.
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
Кәсіпорында мынадай өнім түрлері болады:
- Қалыпқа келтірілген пастеризацияланған сүт (3, 2%) ;
- Қаймақ (30%) ;
- Жартылай майлы сүзбе (9%) ;
- Қатты ірімшік.
Бұл ретте, кәсіпорын түсімінің көп бөлігі қатты ірімшікті сатудан түсетін болады. Ірімшік - жоғары құнды, кеңінен танылған сүт өнімі. Әр түрлі ірімшіктер көптеген ұлттың ұлттық тағамының құрамына кіреді.
Ірімшік төрт негізгі түрге бөлінеді:
- қатты, (российский, голландский, швейцарский және басқа) ;
- жартылай қатты (российский, голландский, швейцарский рокфор және басқа. ) ;
- жұмсақ (любительский, славянский и др. ) ;
- тұзды (сулугуни, фермерский, имеретинский, брынза, және басқа. ) .
Осы түрлер өз кезегінде жекелеген кіші түрлерге және топтарға бөлінеді. Тұтыну өлшемдері негізге алынатын жіктемесі бар, осылайша, ірімшіктеді дәстүрлі және экзотикалы деп бөлуге болады.
Біз үшін танымалы қатты және балқытылған түрі ғана емес, сонымен бірге дайындау технологиясы, сондай-ақ, әдетте, бағасы да жоғарысы болады.
Қатты ірімшіктер
Қатты ірімшік дегеніміз қайнатылған және қайнатылмаған тығыздалған ірімшікті білдіреді. Міне, солар ғана қандай дүкеннің болмасын базалық түр-түрін құрайды және тұтынылуы жағынан бірінші орында тұрады.
Қайнатылмаған тығыздалған ірімшіктер
Бұл ірімшіктін қатты қабыршақтары және тығыз нәзік сары түсті негізгі массасы болады. Қайнатылмаған тығыздалған ірімшікті дайындау процесінде алынған ірімшік массасын сүзіп алып, ұсақтап, қалыптарға құяды, содан соң сарысудан тазарту үшін тығыздайды. Содан кейін осы шикі ірімшікті біраз кептіреді, қалыптан алады және тұздыққа салып өңдейді. Кейіннен пісіп жетілуі үшін префорацияланған үлкен қалыптарға салады. Осы уақыт аралығында оны ара-арасында тұздайды, асты-үстіне ауыстырады және шөткемен тазалайды. Осылайша тазалау оның сыртқы қалпына бір түрлі рең береді. Мұндай ірімшіктердің дайын болуы баяу жүреді, 1 айдан 12 айға дейін созылады.
Қайнатылған тығыздалған ірімшіктер
Мұндай ірімшіктердің көлемі үлкен, сырты ақшыл түсті, ірімшіктің массасы ақшыл-сары түсті, көпшілік жағдайда ортасында тесіктері болады. Тығыздалған қайнатылған ірімшіктер сауылғаннан кейін түні бойы тұрған және таңертеңгі жаңа сауылған сүтпен араластырылған кешкі сүттен жасалады. Бұдан соң сүт мәйек ферменті қосылып шамамен 30 С градусқа дейін қыздырылады. Ірімшік массасын ферменттеу нәтижесінде тесіктер пайда болады. Ашытылғаннан кейін алынған масса шамамен 50-60 С градусқа дейін қыздырылады - бұл процесті кәсіби түрде күйдіру деп атайды. Тек қыздырылғаннан кейін ғана ірімшік массасы тығыздалады. Оның қайнатылмаған тығыздалған ірімшіктен негізгі айырмашылығы осында. Осыдан басқа бұл ірімшікті дайындауда жыл мезгілінің маңызы зор. Жазғы сүттен жасалған ірімшіктің иісі бұрқырап тұрады. Қысқы сүттен жасалған ірімшік дәмді болады. Көпшілік жағдайда мұндай ірімшіктер дөңгелек немесе шеңбер түрінде жасалады. Олар шамамен бір жылдың ішінде дайын болады.
Ерітілген ірімшіктер
Ірімшіктің осы тобы жұмсақ бірқалыпты консистенциялы болады, олар жұпар иісті, ерекше дәмді болады. Ерітілген ірімшіктер бір немесе бірнеше түрлі тығыздалған ірімшікті еріту арқылы алынады, оған сүт, май және қаймақ қосылады. Мұндай ірімшіктер майлы, қосындыларсыз немесе әртүрлі қосындылар - қоспалар, дәмдеуіштер, жаңғақ және т. б. қосу арқылы жасалады. Ерітілген ірімшік қатты ірімшік сияқты дүкеннің базалық түрлерінің бір бөлігі болып табылады. Қайталама қайта өңдеу өнімі болып табылады және жылтыр қағазбен оралған немесе шыны ыдыстарға жабылған ерітілген ірімшік ұзақ сақталады, температураның өзгеруі оларға әсер етпейді, сондықтан да сатылу мерзімі мен таратылу аумағы кең болады.
Экзотикалық ірімшіктер
Бұл бөлімге элиталы және қосымша топтарға жататын барлық ірімшіктер кіреді. Бұл, әдетте, ірімшіктің қымбат түрлері болып табылады.
Ірімшіктің элиталы және экзотикалық сорттарын өндіруде бірінші орынды Франция иеленеді. Француздар ірімшіктің 400-ден астам түрін шығарып қана қоймай, сонымен бірге ірімшікті тұтынуды ерекше мәдениетке, тіпті діни сенімге айналдыра білулерімен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта нарықты ірімшіктің негізгі топтарымен толықтыру белгіленуде. Халық жаңа дәмді, жоғары сапаны іздестіре бастады. Осы кезде ірімшіктің негізгі түрін элиталы және қосымша топтар ауыстыра бастады. Бұған экономикалық дамыған өңірлерде ірімшіктің көгерген түрлеріне деген сұраныстың туындауы дәлел болуда.
Ірімшік жоғары тағамдық және емдеу-диеталық қасиеті бар дәстүрлі белокты қышқыл өнім түрі болып табылады. Ол пастеризацияланған таза немесе майы алынған сүтті ашыту және алынған қою өнімнен сарысуының бір бөлігін ағызып тастау жолымен жасалады. Қайнатылмаған сүттен жасалған ірімшікті міндетті түрде термикалық өңделуі тиіс өнімдер (варениктер, ірімшік және басқа) әзірлеу, сондай-ақ ерітілген ірімшіктер өндірісі үшін пайдалануға болады.
3. Өндірістер бағдарламасы1-кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.
Сату бағдарламасы жасалған келісімшарттар жолымен, маркетингтік зерттеулер, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.
Өнімінің бәсекелестік, құны мыналардан құралады:
- барынша төмен өзіндік құннан, бұл бәсекелестік бағаны белгілеуге мүмкіндік береді;
- табиғи шикізаттан ( (ауыстыратындардың болмауы) аз қосындылар санынан.
Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.
Шикізаттың бағасы маусымға байланысты болады, қыста - барынша жоғары, жазда - барынша төмен. Қатты ірімшікке маусымдық ауытқулар қарастырылған. Қалған өнімдердің бағасы бір деңгейде жоспарланған.
4. Маркетингтік жоспар 4. 1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасыАғымдағы жылы жалғасып отырған қаржы-экономикалық дағдарысқа қарамастан Қазақстанда қайта өңделген мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсіп отырғаны байқалады.
Ақпарат көзі: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
Кестедегі деректер бойынша елде 86, 8 % ірімшік және сүзбе, 73, 3 % қышқыл сүт өнімдері, 51, 9 % шетелде өндірілген май тұтынылады.

1-сурет - Қазақстан Республикасында 2015-2016 жж. қаңтар-қараша айларындағы сүт өнімдерінің өндірісі, ақша түрінде, млн. теңге
Ақпарат көзі, ҚР Статистика агенттігі
Суретте көрсетілгеніндей, 2016 жылы сүт өнімдерін өндіру 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15 842 млн. теңгеге (немесе 15, 1 %) ұлғайды және 104 700 млн. теңгені құрады.

2-сурет - Жамбыл облысында 2015-2016 жж. қаңтар-желтоқсан айларындағы ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу өнімдері өндірісі, заттай түрінде, тонна
Ақпарат көзі: Жамбыл облысының статистика департаменті
Суретте көрсетілгеніндей, Жамбыл облысында ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу өндірісі 2013 жылы 3 988 тоннаны құрады. Бұл 2012 жылға қарағанда 711 тоннаға көп.

3-сурет - ҚР-да 2015-2016 жж. 10 айындағы ірімшік және сүзбе экспорты, тонна
Ақпарат көзі, ҚР Статистика агенттігі
Сүт өнімдерін тұтынуға әсер ететін факторлардың бірі оның бағасы болып табылады. Тұтыну бағасы сатып алушыны оның табысының деңгейіне және бәсекелестік ортаны қалай қабылдауына байланысты қанағаттандыра алады. Әдетте, бәсекеге қабілеттілік бәсекелестер тауарларының бағасынан айырмашылықта болатын тауарды барынша төмен бағамен сату есебінен ұлғайды. Қазақстанның қалаларындағы ірімшік пен сүт өнімдері бағасының орташа көрсеткіші 3-кестеде келтірілген.
Ақпарат көзі: «МСБ консалтинг» зерттеу ЖШС
Негізінен, Қазақстан дүкендерінің сөрелерінде қазақстандық өндірушілердің өнімдері болады, олардың бағасы өнімді тасымалдаудың қосымша шығыстары салдарынан осындай шетелдік өнімнің бағасынан төмен болады.
2010 жылы Қазақстанда өңделген сұйық түрінде тұтыну үшін 241 693 тонна сүт өндірілді.
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
4-кестеде келтірілген деректер көрсеткеніндей, отбасының табысы ұлғайған сайын таза сүт пен қышқыл сүт өнімдерін тұтыну азаяды, сүзбені тұтыну өзгеріссіз қалады, қалған барлық сүт өнімдерін тұтыну өседі
Қазақстандықтардың ірімшікті жылдық тұтыну үлесі жалпы сүт өнімдерін тұтыну көлемінің 52 % құрайды. Бұл ретте осы көлемнің басым бөлігі шетелдік өндірушілердің үлесіне тиеді. Сарапшылар жағдайды қуатты жергілікті сүт-тауар фермаларының жеткіліксіздігімен түсіндіреді.
4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестерКәсіпорынның негізгі бәсекелесі Жамбыл облысының ірімшік және сүзбе өндіретін кәсіпорындары болып табылады.
Ақпарат көзі: Жамбыл облысының сайты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz