Тұлғаны жан - жақты дамытуда дене тәрбиесінің мәні



Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тұлғаны жан - жақты дамытуда дене тәрбиесінің мәні
Кіріспе

Дене тәрбиесі - тұлғаны жан - жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуінің, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады. Дене тәрбиесі - адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы, қимыл - әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік - жігері жетілдіретін негізгі тәрбие бағыттарының бірі.
Дене тәрбиесі төзімділік, шыдамдылық, батылдық, табандылық қасиеттерді шыңдайды.
Қандайда бір қоғам болмасын оның сәтті болуы болашақ жастарының денсаулығына тікелей байланысты. Себебі, қазіргі қоғам, жоғары қарқынмен дамыған өндіріс дене бітімі жақсы жетілген, өндірісте жоғары қарқынмен жұмыс істей алатын жасөспірімді қажет етеді. Адамның ширақтығы неғұрлым басым болса, соғұрлым атқаратын жұмысы тиімді болады. Сондықтан әрбір ұстаз өзінің шәкірттерін денсаулығы мықты, көңілді, дене бітімі жақсы дамыған тұлға ретінде көргісі келеді.

Мазмұны
Дене тәрбиесі ерік-жігері мықты, тәртіпті, батыл және белсенді, өз Отанын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды әлеуметтік міндеттерді атқарады. Дене тәрбиесі жастарға ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға да ықпал етеді.

Сондықтан да тәрбие теориясы дене тәрбиесі мәселесіне тұлғаның дене күштері және ағзасын дамытудың негізгі бір факторы ретінде айрықша мән береді. Әрине, қоғамдағы жас өспірімдердің дене және рухани қабілеттері қаншалықты дамуына байланысты, соншалықты олар халық игілігі үшін пайдалы әрі нәтижелі еңбек етеді.

Дененің дамуы адам дене күштерін нығайту және жетілдірудің сапалық өзгеруін қамтиды. Мұндай көзқараста ол тек дене тәрбиесінің бір ғана нәтижесі ретінде көрініс береді.

Дене тәрбиесінің көздейтін тағы бір мақсаты балалардың дене мәдениеті және спорт пен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психо-физиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағдай жасау, ұлттық ойындарды меңгеру, оның даму тарихы мен танысу, қазақ халқынан шыққан спорт шеберлері жөнінде мағлұматтар алу.

Осы бағытта дене тәрбиесі оқушылардың белсенді танымдық және дене, сонымен бірге денсаулықты шынықтыру әрекетін ұйымдастыруда көп жақты процесс. Сондықтан да дененің саулығы адамның кез келген әрекетпен нәтижелі айналысуына зор ықпал етеді, соның ішінде, әсіресе ақыл-ойдың дамуына әсері мол. Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, адам баласының өмірі мен атқаратын қызметінің сипаты олардың дене күштерінің даму жағдайларына маңызды ықпал етері сөзсіз. Бұл, әсіресе баланың жоғары деңгейде жалпы білім және кәсіби даярлығында көптеген мағлұматтар алуымен байланысты оның миында және интеллектуалдық күшінде жүктеменің артуымен көрініс береді. Сонымен қатар қала жағдайында пәтерлердің бүкіл керек - жарағымен толық қамтылуы, жақын қашықтыққа үнемі автокөлікті пайдалануы, көгілдір экранмен компьютер алдында үнемі қозғалыссыз ұзақ отыруы балалардың қимыл-қозғалысы белсенділігінің, денеге түсетін жүктеменің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан дене тәрбиесі мәселесе дәуірлеген машиналы және автоматтандырылған жүйе жағдайында жоғары маңызға ие болуы тиіс.

Бұған қосымша оқушылардың шамамен алғанда 85 пайызында жүрек, өкпе және т.б ішкі ағза мүшелерінің ауруы, сонымен бірге есту, көру, қабілеттерінің төмендігі, жүйке жүйелерінің ауыру салдарынан оқуда нашар үлгерім жағдайларында болуына да себепші болады. Баланың есте сақтау қабілеті, өзектілігі, ынталылығы да оның жалпы денсаулығы мен дене күштерінің жағдайына байланысты болып келеді.

Ақыл-ойдың дамуы, рухани күштер мен қабілеттердің даму көп жағдайда адамның денсаулық жағдайымен, оның төзімділігімен, жүйке жүйесінің мықтылығымен айқындалатын болғандықтан, ол дене тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырылады. Нарықтық экономика жағдайында адамның жеке басының саулығы, оның дене күшінің мығымдылығы, оның жеке басының ерекше құндылығы болып саналады. Сондықтан спорт әрбір адам үшін өмірдегі қажетті құндылық болып есептеледі.

Олай болса адамның денесінің дамуы ақыл-ойы әрекетінің, еңбекке қабілетінің, үлгерім сапасының дамуына жағдай тудырады.

"Дене тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы жайлы
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру
Эстетикалық және дене тәрбиесі істері
Оқушыларды өмірлік маңызды қозғалыс біліктері мен дағдыларын үйрету
Дене шынықтырудың міндеттері
Эстетикалық тәрбие мәнін зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесінен
Пәндер