Н.Ә.Назарбаевтың елімізде Конституциялық реформасы



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Саяси жүйе, қоғамның негізгі салаларындағы маңызды саяси құбылыстарды әрекетке келтіріп реттеп тұратын біртұтас әлеуметтік механизм. Ол, қоғамның саяси әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ететін саяси организм. Саяси жүйе негізін саяси билікке, мемлекеттік билікке қатынасы бар таптар, ұлттар ірі қоғамдық жіктер мен әлеуметтік топтар құрайды. Оның қызметі, қоғамдағы саяси қатынастардың даму деңгейіне тікелей тәуелді болады. Саяси қатынастардың дамуы саяси институттармен ұымдардың өмірге келуіне ерекше әсер етеді. Себебі осы аталған саяси мекемелер арқылы, таптар мен әлеуметтік жіктер, топтар өздерінің мүдделерін жүзеге асырады. Ал мемлекет, партия және қоғамдық саяси қозғалыстар, еңбек ұжымдары, саяси жүйенің негізгі элементтері. Саяси жүйе қоғамның күрделі, сан қырлы құрылымы болып табылады.

Ол қоғамның тұрақтылығын және әлеуметтік тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. Қоғамның саяси жүйесінің басты бағыты - терең демократиялық өзгерістер жасау, бюрократтық-әкімшілдік басқарудан арылу, жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету, құқықтық мемлекетті қалыптастыру, көппартиялық пен саяси плюрализмді дамыту, заң шығарушы, істі атқарушы және сот органдарының дербестігін қамтамасыз ету, президенттік билікті жүзеге асыру, елдің толық тәуелсіздігіне қол жеткізу. Саяси жүйе қоғамдық өмірдің барлық салаларының дамуына бағыт беріп, ықпал етеді, оларды реттеп отырады. Қоғамның саяси жүйесі барлық елде бірдей болмайды. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне сай құрылады және өзгеріске түсіп дамиды. 2017 жылдың 25 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі және 2017 жылдың 31 қаңтардағы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты халыққа жолдауы елдің болашақ дамуына жауап береді жəне өз тəжірибемізге сүиене отырыып конституциялық реформа Қазақстанның саяси жүйесін заман талаптарына қарай жетілдіреді.

А.И.Соловьёвтың айтуынша, саяси жүйе ол - саяси тәртіптердің сапалық сипаты, билікті жасаушы базалық элементтердің іштей реттілік, ұйымдастырылу және біркелкілік деңгейінің көрсеткіші. Сондықтан қоғамның саяси жүйесі дегеніміз - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің жиынтығы, қоғамда саяси билікті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың құқықтық, саяси нормалары мен принциптері (1).

Саяси жүйелер өзінің ұстанған бағытына, тұрақтылығы мен өзгергіштігіне қарай консервативті және трасформацияланушы болып бөлінеді. Трансформацияланушы саяси жүйелердің өзі кері тартпа және прогрессивті мағынада болуы мүмкін. Саяси жүйелер ортамен әрекеттесу сипаты жағынан ашық және жабық түрде болады. Саяси жүйенің өзіндік реформалануы мен қошаған ортасын өзгертіп отыруы, сақталудың, тұрақтылықтың маңызды шарты. (2)

Айта кетсек, 2017 жылдың 25 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың елімізде Конституциялық реформа жасау, билік тармақтарының лауазымдарын теңгеру туралы арнайы мәлімдемесі осындай үрдістердің нақты дәлелі болады. Президенттің айтуынша, біздер бүгін глобалды және аймақтық сын-қатерлерге көңіл қоюымыз қажет. Сондықтан, Президентің Конституциялық реформасының мәні билік тармақтарының лауазымдарын теңгеру, жалпы саяси жүйені толығымен демократизациялау.

Президент бағдарламасы үш мәселені шешуге мүмкіндік береді:

Біріншіден, көп жылдарға саяси жүйе тұрақтылығын нығайтады.

Екіншіден, Үкіметпен, Парламен ролін күшейту қазіргі замандық сын-қатерлерге тиімді жауап қайтару механизімін береді.

Үшіншіден, реформалар бағдарламасы - ол Қазақстан қай бағытта жүреді деген сауалға біздің жауабымыз. Жауап айқын жəне дəйекті - демократиялық даму жағына қарай деді Президент.
Қазіргі таңда Қазақстандағы саяси жүйедегі жаңару процестерінің маңыздылығы мен тиімділігінен қоғамдағы саяси коммуникация ықпалының ерекше екендігі анықталады. Сол себепті, саяси коммуникация азаматтық қоғамды қалыптастырудағы демократияның негізгі принциптерін басшылыққа ала отырып, саяси субъектілердің өзара және қоғаммен ақпарат алмасуындағы екіжақты келісімі мен сеніміне негізделген еліміздегі саяси жүйенің тұрақтылығын нақтылайтын маңызды фактор екендігімен ерекшеленеді. Сонымен Қазақстан Республикасының саяси жүйесі өркениетті елдердің үлгілеріне сай келетін түбірлі жаңаруды басынан өткеріп жатқан кезеңде, саяси коммуникация проблемасы терең ғылыми зерттеулерге негіз болар тың мәселелердің бірі болып табылады.
Саяси жүйенің дамуын талқылауда және ондағы ақпараттық-коммуникациялық процестердің рөлі мен орнын анықтауға, саяси коммуникацияны іске асырудың тәсілдеріне қатысты тұжырымдар Г.Алмонд, Н.Винер, К.Дойч, Д.Истон, Т.Парсонс сынды шетелдік ғалымдармен қатар, ресейлік М.Г.Анохин, П.К.Гончаров, М.Н.Грачев және т.б. зерттеушілердің еңбектерінде кеңінен қарастырылады.
А.И.Соловьев өз еңбегінде саяси коммуникацияның қалыптасу жолдары мен түрлерін кеңінен зерттеп, оның саяси жүйедегі алатын орнын анықтайды. Саяси коммуникация мен бұқаралық коммуникацияның ара-жігін нақтылап көрсетіп, олардың ақпарат алмасудағы қызметтеріне талдау жасай отырып, нақтылы тәжірибеде қолданудың түрлеріне нұсқаулар берген.
Қазіргі кездегі коммуникативтік технологияларды саяси жүйеде кеңінен қолдану мәселесі қарастырылатын А.Н.Балашова, С.Блэк, Ф.Н.Ильясов еңбектерінің теориялық және тәжірибелік маңызы ерекше.
Г.Г.Почепцов зерттеуінде саяси коммуникацияда қолданылатын саяси технологиялардың манипулятивтік тәсілдеріне ерекше назар аударады. Ол саяси коммуникацияға ықпал ететін саяси жарнама, үгіт-насихат, паблик рилейшнз қызметтеріне талдау жасап, оларды әлемдік және ресейлік тәжірибеде іске асырудың мүмкіндіктерін көрсетеді.
Диссертациялық зерттеу тақырыбының Қазақстанда қарастырылу деңгейіне келсек, негізінен отандық саяси ғылымда саяси коммуникация мәселесі кешенді түрде қарастырылмаған. Бұл ретте А.С.Абулқасова, Р.Б.Әбсаттаров, С.С.Әділбеков, А.Болатбаева, Е.Қ.Ертісбаев, Б.Ө.Исабаев, Ж.О.Кенжалин, Ш.А.Құрманбаева, Д.Т.Медеуова, Г.Ө.Насимова сияқты қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерінде аталған мәселенің жекелеген салалары бойынша, яғни, оның теориялық-методологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстан
Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі
Егемен мемлекеттің құрылуы
Құқықтық мемлекетті нығайтудағы президент жолдауларының маңызы және тиімділігі
Қазақстан – президенттік Республика: ерекшелігі
Қазақстанның ұлттық қайта жандануы, демократиялық құқықтық мемлекеттің құрылуы туралы
Қазақстан Республикасында Президенттік институтын қалыптастыру және оның тарихи-құқықтық маңызы
Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы
Қазақстанда мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері және дамыған елдердің басқаруды реформалау тәжірибелері
Сот түсінігінің теориялық негіздері жайлы
Пәндер