Азықтарды зоотехникалық талдау кезіндегі зертханалық қауіпсіздік ережелері


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Азықтарға зоотехниялық талдау жасайтын зертханалық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасының негізгі ережелері

Химиялық зертханалардағы жұмыс сақтықты, ұқыптылықты және қауіпсіздік техникасының ережелерін мүлтіксіз білуді қажет етеді.

Азықтарға зоотехниялық талдау жұмыстарына кірісер алдында студент зертханалық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін білуі және орындауы тиіс:

1. Зертханада таза халатпен жұмыс істеу керек.

2. Талдауға арналған қышқылдар аузы тығыз жабылатын шыны ыдыста сақталады.

3. Барлық ыдыстарда (1-2%), ауасы сыртқа шығарылатын биік шкафтарда сақталады. Күшті қышқылдар мен сілтілер адам денесіне тамып кетпес үшін цилиндрлермен құйып алынады.

4. Күшті және әлсіз араласқан күкірт қышқылымен жұмыс істегенде киімге, үстелге, т. б. тамып кетпеуін қадағалау керек.

Қышқыл денеге тиген жағдайда күйдірген жерді құбырдан аққан сумен жуып, содан кейін соданың бейтараптандыратын 2% ерітіндісімен немесе аммиактың әлсіз ерітіндісімен шаяды. Еденге немесе үстелеге төгілген күкірт қышқылына құм салып, содан кейін қалақшамен жинап алады да, сода сеуіп, сумен шаяды.

Күшті қышқылдарды сумен араластырғанда қышқылды суға құю керек. Керісінше етуге болмайды. Сонымен бірге көзілдірік және резеңке қолғап кию қажет.

5. Буланатын тұз және азот қышқылдарын араластырғанда ауыз-мұрынға соданың әлсіз ерітіндісіне малынған дәке байланады. Жұмысты ауаны сыртқа шығаратын шкафта жасаған тиімді.

6. Сілтілермен жұмыс істегенде (ерітінді әзірлегенде) басқа орамал тартып, көзілдірік және қолғап киеді. Сілтіден күйген жерді құбырдан аққан сумен содан кейін лимон немесе сірке қышқылының 1% ерітіндісімен шаяды. Сілті көзге тиген жағдайда сумен және бор қышқылының қаныққан ерітіндісімен жақсылап мол сумен жуады.

7. Денені ыстыққа күйгізіп алғанда дереу калий перманганатының әзірленген 1-2% ерітіндісімен немесе ас содасы ерітіндісімен, қатты күйген жерді 96% этил спиртімен дымқылдайды. Күйген жерді тазалауға (күлдіреген жерді жууға, не жұлып тастауға және бетмай жағуға) болмайды.

8. Өте улы, ұшпа және тез от алатын заттармен ашық жалынды не спиралі бар қыздырғыш аспаптардан қашық, ауаны сыртқа шығаратын қондырғы астында жұмыс істеу керек.

9. Зертханада жұмыс кезінде аспаптардың және тоңазытқыштың қалыпты жұмысын үнемі қадағалап отыру керек, аз уақытқа аспапты бақылаусыз қалдыруға болмайды. Кетерде қыздырғыш құралды сөндіріп тастау керек.

10. Қыздыруға байланысты атқарылатын жұмыс кезінде өткізгіш сымдардың бүтіндігін тексеріп, қыздырғыш аспаптың астына асбест төсеу керек. Отқа қауіпті заттарды (диэтилді эфир, ацетон, бензол, бензин, күкіртті эфир, т. б) алдын-ала қыздырылған сулы ыдыста жаңарғыны өшіріп, өте дәл температурада қыздыру керек.

11. Өрт шыға қалса, оны өшіру қажет. Ол үшін құрғақ өрт сөндіргішті пайдалану керек. Суда ерімейтін заттарға (бензин, скипидар, т. б) су пайдалануға болмайды. Себебі жалынды күшейтіп жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайда отты құммен, асбестпен, киізбен сөндіру қажет. Өрт сөндіруге тиімді зат қатарына хлорлы көміртек жатады. Тұзды ерітінділерді, көмірқышқыл натрийдің қаныққан ерітіндісін немесе 40-50% су, 40-55% хлорлы мырыш және 5-20% хлорлы магний қоспасын пайдалануға болады.

12. Жұмыс аяқталған соң зертханалардағы жұмыс орнын жинап, бөлмені желдетіп, электр және газ аспаптарынан ажырату керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ветеринарлық медицина мамандарына арналған мал азығын зоотехникалық (химиялық) талдаудың зертханалық-практикалық әдістемелік нұсқаулығы
Сүт және сүт өнімдері: қабылдау ережелері, қауіпсіздік және зертханалық сынау
Биологиядан зертханалық және сарамандық сабақтарды ұйымдастыру: құрылымы, қауіпсіздік ережелері және техникалық құралдарды қолдану әдістемесі
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері
Ауру малмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен індетке қарсы шаралар
Мұнай, газ және полимерлер технологиясы кафедрасының зертханалық практикумы: құрылымы, мұнай мен мұнай өнімдерін талдау әдістері және зертханалық қауіпсіздік
Жеңіл атлетика техникасы мен қауіпсіздік ережелері
Химия зертханасының қауіпсіздік ережелері мен құрал-жабдықтарды қолдану нұсқаулығы
Қазақстандағы өсімдік карантині: карантиндік тексеру мен зертханалық сараптаманың ережелері
Мұнай, газ және полимерлер технологиясы кафедрасының зертханалық нұсқаулығы: құрылым, мұнай өнімдерін талдау әдістері және химиялық қауіпсіздік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz