Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278 Заңы

МАЗМҰНЫ

Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.

1 тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) асыл тұқымды аналық бал арасы - асыл тұқымды бал ара ұясын молайтуды қамтамасыз ететін асыл тұқымды ұрықтанған аналық бал ара;
2) асыл тұқымды бал ара ұясы - ұрпақ буынына өзінің тұқымдық белгілерін ұдайы беріп отыратын, таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының жоғары өнімді бал ара ұясы;
3) асыл тұқымдық зауыт - асыл тұқымды iрi қара малды қоспағанда, белгiлi бiр тұқымға жататын, сапалық сынақтан өткізілген құндылығы жоғары малдың зауыттық және бiр тұқым iшiндегi, аймақтық типтерін, зауыттық желiсін өсiру, жетiлдiру және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;
4) асыл тұқымдық куәлiк - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын асыл тұқымдық зауыт, асыл тұқымдық шаруашылық, асыл тұқымдық орталық, асыл тұқымды мал ұрықтарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата беретін асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқымдық тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын құжат;
5) асыл тұқымдық кiтап - белгiлi бiр тұқымдағы неғұрлым құнды асыл тұқымды малдың шығу тегi, өнiмдiлiгі және өзге де сапалары туралы деректер жиынтығы;
6) асыл тұқымдық құндылық - ұрпағының шаруашылыққа пайдалы белгілеріне әсер ететін асыл тұқымды малдың тектік әлеуетінің деңгейі;
7) асыл тұқымды мал - тұқымның өнімділік типіне, бағыты мен деңгейіне сай келетін, асыл тұқымды малдың карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды, жоғары сыныпты, өнімділігі жоғары мал;
8) асыл тұқымды малдың карточкасы - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ресімделетін, асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiк және өзге де сапаларын растайтын асыл тұқымды малды есепке алу нысаны;
9) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмi - асыл тұқымды малдың сандық, сапалық және тұқымдық құрамы туралы деректер жиынтығы;
10) асыл тұқымды малдың ұрығын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi - дистрибьютерлiк орталық) - бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын сатып алу, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;
11) асыл тұқымды мал шаруашылығы - тектік әлеуеті жоғары малды өз төлінен өсіруге, оларды сақтауға және өсіруге бағытталған асылдандыру жұмысының жүйесiмен қамтылған мал шаруашылығы саласы;
11-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің тізілімі - уәкілетті органның интернет-ресурсында қалыптастырылатын және орналастыралатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалардың тізбесі;
12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
13) асыл тұқымдық орталық - асыл тұқымды тұқымдық малды күтіп-ұстау, олардың ұрығын, эмбриондарын алу, жинақтау, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;
14) асыл тұқымдық репродуктор - құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелiк немесе ата-енелiк тобын өсiру, жетiлдiру және өткiзу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлға;
15) асыл тұқымдық өнім (материал) - асыл тұқымды және селекциялық мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, бал араларының асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары мен бал ара пакеттері;
16) асыл тұқымды тұқымдық мал - асыл тұқымды малды өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды малдың дара аталығы;
17) асыл тұқымдық шаруашылық - асыл тұқымды iрi қара малды қоспағанда, асыл тұқымды малдың белгiлi бiр түрін, тұқымын, желілерін және типтерін өсiру мен өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлға;
20) ауыл шаруашылығы малы (бұдан әрі - мал) - адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;
21) бағалау - тиiстi сынып немесе индекс бере отырып, малды белгiлер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау;
22) бағалаушы (сыныптаушы) - малды бағалау жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;
23) бал ара пакеті - құрамында асыл тұқымды ұрықтанған аналығы, тұқымдығы (кәрез пакетінде), тірі бал аралары және тасымалдау үшін қажетті бал араларының қорегі бар, асыл тұқымды бал ара ұясынан бөлінген қалемше;
23-1) бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал - тұқым стандартына сай келетін, таза тұқымды мал тегінің кемінде үш ұрпағының тұқым-тегі туралы анық деректер қамтылған асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды ірі қара мал;
23-2) екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал - тұқым стандартына сай келетін, асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды ірі қара мал;
24) ен салу (таңбалау) - тиiстi малды дәл бірдейлендiруге мүмкiндiк беретiн нөмiр салу (татуировка жасау, таңба басу, сырға салу және чип салу) арқылы асыл тұқымды малды белгiлеу;
25) желi - асыл тұқымдық және өнімділік сапалары тиісті таңдау және іріктеу жүйесімен ұсталынатын және жетілдірілетін, үздік тұқымдық тектерден тарайтын тұқымдағы асыл тұқымды мал тобы;
26) зауыттық тип - тұқымның бір бөлігі болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттерден басқа, өнiмдiлiгi, дене тұрқы мен бiтiмiнiң сипаты жағынан өзiнiң кейбiр айрықша ерекшелiктерi бар, өсірілетін аймақтың жағдайына жақсы бейiмделген, ауруға төзiмдi мал тобы;
27) индекстік бағалау - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен анықталған аса маңызды селекциялық белгілердің кешені бойынша малдың асыл тұқымдық құндылығының салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау әдісі;
28) кросс - малдың бiр желiсiн басқа бiр желiсiмен будандастырудан тарайтын мал тобы;
29) қолдан ұрықтандыру - жеке-жеке iрiктелiп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру;
30) құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелік тобы - құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобын молайту үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
31) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобы - будандастырылған ұрпақ буыны инкубациялық жұмыртқа немесе ет өндірісі үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
32) жануардың тұқым-тегi - асыл тұқымды жануардың шығу тегі туралы мәлiметтер;
33) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс - малды өсіру кезінде өнімділік бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге арналған дәйекті іс-қимылдардың жиынтығы;
34) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры - уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, малдың табындарын жетілдіру және генетикалық әлеуетін арттыру үшін

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР
«Қазақстан Республикасының ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасы»
Селекциялық-асылдандыру жұмыстарын үйымдстыру және жоспарлау. Мал шаруалығында биотехнологияны қолдану
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы
Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы
Тұқым құрылымы және оның зоотехникалық тәжірибеде қолданылуы
Батыс Қазақстан Облысынының ауыл шаруашылығының жағдайы және дамуы
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы тауар өндiрушiлерге қойылатын талаптар
Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz