Отандық ірі қара мал саласы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Мал шаруашылығы - халықты биологиялық тұрғыдан құнды азық-түлікпен, ал жеңіл өнеркәсіпті бағалы шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының маңызды саласы. Аграрлық өнеркәсіптің кешені жан-жақты дамып келе жатқан тәуелсіз елімізде ежелден атакәсіп болған ауыл шаруашылығының бұл саласы өзінің стратегиялық маңызын сақтауда. Бұған, бір жағынан, бүгінгі күнге дейін республика халқының жартысына жуығы ұлтымыздың түп-тамыры болып табылатын ауылдық жерде тұрып келе жатқандығы, екінші жағынан, бар елдердің дүниежүзілік нарық қатынасына қолтықтаса араласып жатуы мәжбүр етеді. Демек, мал шаруашылығын қарқынды дамытудың мемлекетіміз үшін орасан зор экономикалық та, саяси да маңызы айқындалады.

Қазақстанда мал шаруашылығы ертеден дамыған. Көшпенділер тіршілігі төрт түлік мал өсіріп, солардың өнімімен күн көруге негізделгендіктен, ғасырлар бойы бай тәжірибе жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатыр. Бүгінгі күнгі мал шаруашылығымен айналысатын мамандар осы ғасырлар бойы жиналған құнды атамұрамызды аяқ асты қылмай, жоғалтпай, қастерлеп, заман талабы мен дүниежүзілік нарық заңдылығы мен бәсекелестігіне сай қарқынды түрде дамытулары қажет. Бұған еліміздің табиғи жағдайына жете бейімделген қазақи мал тұқымдарды сұрыптап, жылдар бойы жүргізіліп келген будандастырудан айырып, өзіндік қасиеттерін тазартып, жергілікті тұқымдар бойына қан жүгіртіп, қайта жандандырулары керек.

Мал шаруашылығын қарқынды дамытудың ғылыми негізін мал басын көбейтіп, тұқымын асылдандыру, өсірілетін бастарының қоректік мұқтаждығын толық өтеп, азықтандыру және өсуі мен өнімділігіне қажетті жағдаймен қамтамасыз ету мәселелерін зоотехния ғылымы құрайды.

Мал шаруашылығының тарихы осыдан 10 мың жылдай бұрын жабайы жануарларды қолға үйрету кезеңінен бастау алады. Алғашқыда мал шаруашылығы табиғи сипатта дамығандықтан малдардың өнімділік бағыттары мен тұқымдары санын ұлғайтуға жеткілікті жағдайлар болмады. Мал тұқымдарын шығарудың қарқын алуы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тауарлары сипат алған капиталистік қатынастардың өркендеуімен тығыз байланыста жүрді. Мыңдаған жылдық тарихы бар мал шаруашылығының Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуындағы орны ерекше болды. 20 ғасырдың басына дейін адамдардың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілік деңгейі түгелге жуық мал шаруашылығының өркендеу деңгейімен анықталды. Қазақстан жерінде мал шаруашылығы ежелден жайылым ауыстырып отыруды талап ететін көшпелі жүйе бойынша дамығандықтан негізінен қой, ешкі, жылқы және түйе өсірілді. Салыстырмалы түрде күтімді және құнарлы азықтарды көп қажет ететін сиырдың кеңінен таралуы, сондай-ақ, қазақ халқы төрт түлік мал санатына қоспайтын шошқа өсірудің қолға алынуы 19 - 20 ғасырларда Ресейден орыс шаруаларының қоныс аударып келе бастауымен тығыз байланысты. Сол кездерде Орталық Қазақстан аймағындағы мал шаруашылығы ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижесі мал түрлері үлес салмағының төмендегідей болғандығын көрсетті.

Қазақстанда 19 ғасырдың соңына дейін негізінен қой, ешкі, түйе және жылқы түліктері өсірілуінің бірнеше басты себептері бар: Жер аумағының 70%-ға жуығын (182 млн. га) осы малдарды өсіру арқылы тиімді пайдалануға болатын жайылым алқаптары алып жатты; айтылған малдар жергілікті табиғат жағдайларына барынша бейімделді, жыл бойына дерлік жайылым азығын пайдаланып өсіп-өнді, сонымен бірге, жергілікті халық олардың өзіндік құны төмен және зор сұранысқа ие өнім түрлерін өндіру мен оларды өңдеудің тиімді технологияларын (ет, май, сүттен, тағам, жүн, теріден киім-кешек, көшпелі баспана -киіз үй жасау) жақсы меңгерді. Әр түрлі аймақтардағы мал шаруашылығының дамуы мен түлік түрлерінің үлес салмағына нақты аудандардың жер, су, ауа райы ерекшеліктері үлкен әсерін тигізеді. Сиыр өсіру әуелден-ақ топырағы құнарлы, шалғынды аймақтарда нәтижелі жүргізілсе, шөл және шөлейт жерлерде малдың негізгі бөлігін (80%-дан аса) уақ малдар (қой, ешкі) құрады.

Әдеби шолу

Қырдың қызыл сиыры - сиырдың сүтті асыл тұқымы. Қазақстанда сн жағынан бірінші орындағы мүйізді ірі қара мал тұқымы. Негізінен Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында өсіріледі. Бұл тұқым ХІХ ғасырдың басында Оңтүстік Украинада жергілікті сұр сиырды Батыс Еуропадан әкелінген қызыл тұқым (остфрислянд, ангельн, вельстермарш) бұқаларымен будандастыру жолымен шығарылған.

Ден бітімі келісті, тұрпаты (конституция) мықты, жеңіл де берік сүйекті келеді. XVIII ғасырда Запорожье сұр сиырын остфрисландия бұқаларымен шағылыстыру арқылы алынған. XIX ғасырда Украина жерінде Қырдың қызыл сиырын өзара, кейін ангельн бұқаларымен асылдандырды. Қазақстанда жергілікті тұқымның сиырын қырдың қызыл асыл тұқымды бұқаларымен шағылыстыру арқылы жерсіндірілді. Асылдандыру тәсілі сиырдың сүттілігін, сүтінің майлылығын, экстерьерін (жануардың сыртқы дене бітімі) іріктеп таңдау жолымен жүргізілді.

Жаңа аудандарда: Кубань, Батыс Сібір, Қазақстан жерлерінде жерсіндіру тәсілі жергілікті жабайы тұқымның ірі қара малын қырдың қызыл ірі қара малының бұқаларымен будандастыру арқылы өтті, сөйтіп қырдың қызыл ірі қара малы жаңа аймақтарға өніп-өсіп тарай бастады. Асылдандыру тәсілі барлық жерде сүттілігін, сүтінің майлылығын, экстерьерін іріктеп таңдау арқылы өтті.

Қырдың қызыл сиыры құрғақ континентті ауа-райына бейім келеді. Бұл тұқым малы оңтүстіктің қапырық ыстығына да, ерте қурап, қатқылданатын шөбі сирек жайылымына да төзімді. Жерсінуге бейім және төзімділігінің нәтижесінде қырдың қызыл сиыры тек Украинада ғана емес Ресей жерінде де, Молдавада да, Қазақстанда да кең тараған. Саны жөнінен ТМД-да екінші орын алады. Ал Украинада бірінші орында.

Қазіргі кезде қырдың қызыл сиыры сүтті бағыттағы тұқымдар ішінде ең бастыларының бірі.

Қазақстанда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жезқазған, және тағы басқа облыстарда аудандастырылған.

Түсі қызыл, қызғыл сарыдан күрең қызылға дейін ауысуы мүмкін. Малдың түсі қызыл, дене тұрқы созылыңқы және сүт бездері мен кеудесінің орта бөлігі, бөксесі едәуір жақсы дамыған, құйымшақы ұзын. Бұлшық еттері, кеудесі, тері асты клетчаткалары орташа дамыған. Артқы жағы жалпақтау әрі түзу және ұзын, ішті келеді. Сирақтары жіңішке, тұяқ бітісі мықты. Қырдың қызыл сиыры арасында ұзынша, денесі нәзік және жалпақ, дене бітімі мықты типтері бар. Осы екі типтің ешбіріне қосылмай, екі арасынан орын алған мал да кездеседі.

Қызыл түсті ірі қаралардың денелерінің сыртқы жүндері біркелкі қызыл, кей ірі қараларда реңді қызыл немесе ақшыл қызылда кездесуі ықтимал. Қызыл түске мемлекетімізде өсірілетін барлық қызыл ірі қара тұқымдары жатады. Мысалы, қырдың қызыл, латвияның қызылы, белорустың қызылы, ангельн, бестужев, дания, санта-гертруда т. б ірі қаралардың тұқымдары жатады.

Ірі қараның сырт пішінін бағалағанда, оның еті мен сүйегіне де қарайды. Себебі дене құрылысына олардың әсері өте жоғары, әрі конституциясының қалыптасуына көп әсері бар.

Етті тұқымға жататын ірі қараның еті жақсы жетілген және босаңқы келсе, ал сүтті тұқымға жататын ірі қараның еті, ірі қараның тұқымдық бағытына байланысты сүйегі де әр түрлі сапада болады. Сүтті тұқымды ірі қараның сүйегі жақсы жетілген болса, етті ірі қаранікі орташа жетілген.

Бұлшық еттері, кеудесі, тері асты клетчаткалары, терісі орташа дамыған. Дене пішіні сүйірлеу, сүйек буындары, қабырғалары қаңқасының бірқатар бөліктері білініп тұрады. Бүкіл тұрқы сопақшалау, ал артқы жағы аз-кем тақтадай жалпақ, түзу және ұзын, ішті. Бөксе жағы барлық өлшемдері жөнінен кең, құйымшағы ұзын. Сирақтары жіңішке, түзу буындары айқын көрініп тұрады, ал тұяқ бітісі мықты.

Асыл тұқымды шаруашылықтарда орташа сүт өнімділігі 3000 - 4500 кг, сүтінің майлылығы 3, 6 - 3, 8%. Кейбір асыл тұқымдарының сүттілігі 9000-нан 12500 кг-ға дейін жетеді. Ірі қара малының тірідей орташа салмағы 445-550 кг, ал бұқаларының тірідей салмағы 800-1000 кг. Бордақыланған сиырдың үлес салмағы 50 - 56%. Әрбір 100 ірі қара малдан жылына 102-103 төл алуға болады.

Алдыңғы қатарлы шаруашылықтар сақа сиырының тірілей салмағы 450-480 кг. Рекордшыларының салмағы 830 кг. Бұқасының салмағы 800-900 кг (1280 кг дейін жетеді) .

Еркек бұзауының туғандағы салмағы 29-40 кг. Ұрғашы бұзауы 24-35 кг. алты айлығында тиісінше 160-195 кг және 140-185 кг тартады. Он екі айлығындағы салмақтары тиісінше 245-295 кг және 230-265 кг, ал он сегіз айлығында - 380-420 кг және 300-350 кг.

Қырдың қызыл ірі қара малын одан әрі асылдандырудың негізі - іріктеу, конституциясының мықтылығын дамыту, сүт өнімділігін және сүтінің майлылығын өсіру. Қырдың қызыл ірі қара малының 50 бұқасынан 50 линия тараған. Ең негізгілері: Премьера 357-Н, Злодей 459-Н, Бенц Удалой 463-Н, Ахмет, Сұлтан 29-Н, Аргус 31-Н т. б. ең жақсы ірі қара малының линиясы: Май 3108-Н, Виктория ДН-2, Пталина - ДН-709, Красуля ЗАН-202 т. б.

Қырдың қызыл ірі қара малы Қазақстанның жеті облысының колхоздары мен совхоздары Солтүстік Қазақстан облысының "Мамлют" және "Токушин", Қарағанды облысының "Қарағанды" және "Красная поляна" шаруашылықтарында болған.

Қазақстан Республикасында 6 сүтті мал тұқымы және 2 сүт-ет бағытындағы аралас өнімді тұқымы тараған.

Сүтті мал тұқымының 5-і бейімделген болып табылады.

Қара-ала сиырлар барынша көп және Ресейден, Литвадан, Латвиядан, Эстониядан әкелінген болып табылады. Қазіргі уақытта малдың осы тұқымы елдің барлық табиғи-климаттық аймақтарында өсіріледі. Сиырлардың өнімділігі 2, 2-6, 0 мың кг сүт көлемінде және одан жоғары аралықты қамтиды.

Қырдың қызыл тұқымды сиыры негізінен республиканың солтүстігінде және ішінара батыс өңірінде (Ақтөбе облысы) тараған. Республикада осындай тұқымды сиырдан орташа 2, 0-4, 0 мың кг сүт алынады. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап қырдың қызыл тұқымды сиырларының сүт өнімділігін арттыру мақсатында оларды эстондық қызыл, латвиялық күрең, даттық англер және қызыл тұқымдылармен будандастыру жүргізілді. Соңғы 20 жылда будандастыруда қызыл-ала голштиндар пайдаланылады. Селекциялау жұмысы сауымында 4, 5-5, 0 кг сүт беретін қырдың қызыл малынан мол сүт алуға бағытталған.

Латвиялық күрең тұқым бір асыл тұқымды табынның шеңберінде ғана ұсталады және тауарлы сүт өндірісінде ерекше орын алмайды.

Симментал, қара ала, әулиеата тұқымдарының сүттілігін ұлғайту үшін селекцияға қатысқан Айрышир тұқымы қазіргі уақытта жойылған.

Сүтті ірі қара мал шаруашылығының селекция жұмысында кейінгі уақыттарда жаңа тәсіл бойынша синтетикалық асыл тұқым шығарылуда. Ол үшін, ғалымдар төрт ірі қара мал тұқымдарын бірімен-бірін будандастырып, жаңадан синтетикалық тұқым (кросс-тұқым) шығаруда.

Синтетикалық ірі қара мал тұқымының ұтымдысы, сол жоғары бағалы бұқаларды шет мемлекеттерден әкеліп, жергілікті ірі қара мал аналықтарымен будандастырып, олардың генетикалық (тұқым қуалаушылық) қасиетін одан әрі жақсарту болып саналады. Мұндай жағдайда, алынған ұрпақтардың өнімдерінің өзгергіштігі (СV) анықталып, бұл жақсы қасиеті одан әрі дамытуға жол болады.

Синтетикалық ірі қара мал тұқымының шығаруға үш будандастыру тәсілі бар. Оған: 1) симментал х айршир х монбельярд х голштиннің қызыл-ала тұқымдарын өзара шағылыстыру. 2) қырдың қызыл (және басқа да қызыл түсті ірі қара малдарының тұқымдары х данияның қызыл х англер х айршир. 3) ТМД қара-ала х голландияның қара ала х голштин тұқымдары.

Ірі қара малының жаңа тұқымын шығаруда жаңа ірі қара мал тұқымын шығарудың ең бір ұтымды жолы - еліміздің жергілікті ірі қара мал тұқымын күрделі өндірістік будандастыру арқылы туыстас асыл тұқымды бұқалармен шағылыстыру. Ол үшін әлемге әйгілі аса сүтті Америка мен Канаданың голштин сүтті ірі қара мал тұқымын жиі пайдаланады.

2. Кырдың қызыл сиыры табынының зоотехникалық сипаттамасы

Бұл бөлімді талдау үшін 100 бас сиырға іріктеу жүргізілді. Ол үшін мемлекеттік тұқым малының кітабынан 50 бас таза тұқымды және 50 бас әр түрлі қан үлесі бар будан сиырларды пайдаланды.

2. 1. Сиырлардың тұқымдық және кластық құрамы.

Тұқымды таза өсіру деп бір тұқымға жататын жануарларды жұптастыру арқылы бірнеше буын бойы ұрпақ алу арқылы мал өсіру әдісін айтады. Алынған ұрпақты таза тұқымды ұрпақ деп атайды. Будан дегеніміз екі түрлі тұқымды малды шағылыстырғанда пайда болған тұқым түрі.

1 кесте-Тұқымдық сиырлардың құрамы

Көрсеткіштер
Таза тұқымдылар
Будандар, ұрпақтар
Барлығы
4
3
2
1
Көрсеткіштер: Мал саны, бас
Таза тұқымдылар: 50
Будандар, ұрпақтар: 30
Барлығы: 20
-
-
100
Көрсеткіштер: %
Таза тұқымдылар: 50
Будандар, ұрпақтар: 30
Барлығы: 20
-
-
100

Қорытынды:Тұқымдық сиырлардың құрамын есептеу барысында жалпы табындағы мал саны 100-ге, ал таза тұқымды мал саны 50 басқа тең болды. Будан тұқым құрамы: 4-ші ұрпақтан 30 мал басы, 3-ші ұрпақтан 20 бас, 2-ші және 1-ші ұрпақтан мал басы анықталмады. Будан тұқымның ұрпақтарын салыстыратын болсақ, 4-ші ұрпақта мал басының саны көп болды. Осы көрсеткіштердің сәйкесінше пайыздық үлесі де сондай көрсеткішке тең болды.

Табынның кластық құрамы: Элита-рекорд, элита, 1 класс, 2 класс, Кластан тыс болып бөлінеді.

2 кесте- Табынның кластық құрамы

Көрсеткіштер
Элита-рекорд
Элита
1 класс
2 класс
Кластан тыс
Барлығы
Көрсеткіштер: Мал басы
Элита-рекорд: 14
Элита: 19
1 класс: 67
2 класс: -
Кластан тыс: -
Барлығы: 100
Көрсеткіштер: %
Элита-рекорд: 14
Элита: 19
1 класс: 67
2 класс: -
Кластан тыс: -
Барлығы: 100

Қортыныды:Табынның кластық құрамын анықтау барысында элита-рекорд құрамы 14 бас мал, элита класс құрамы 19бас мал, ал 1-классқұрамы 67бас мал санына тең болды, яғни табында1 класс тұқымды мал саны көп. 2 класс, кластан тыс құрамы бойынша мал басының саны анықталмады. Осы көрсеткіштердің сәйкесінше пайыздық үлесі де сондай көрсеткішке тең болды.

Сауын маусымы (лактация) -малдың төлдегеннен бастап, суалғанға дейінгі уақыты. Суалған кезеңі-бұзаулағаннан бастап, бұқаға тоқтағанға дейінгі уақытын айтады. Сиырлардың сауын маусымы орташа 300-305 күнге созылады. Сол себептен сиырдың сүттілігін осы сауым маусымында алынған сүт мөлшерімен анықтайды.

3кесте- Сиырлардың жас құрамы ( сауын маусымы бойынша)

Көрсеткіштер
Сауын маусымы
1
2
3
4
5
6
7
Барлығы
Көрсеткіштер: Басы
Сауын маусымы: 4
12
19
12
20
12
21
100
Көрсеткіштер: %
Сауын маусымы: 4
12
19
12
20
12
21
100

Қорытынды:Сауын маусымы бойынша сиырлардың жас құрамын анықтау барысында кестеде көрсетілгендей табын бойынша1-7 аралығындағы сауын маусымын салыстырғанда 1-лактацияда мал саны көп болды, яғни жас құрамы бойынша табында жас мал саны көп деген тұжырымға келеміз.

2. 2. Малдың түр - тұлғасын (экстерьерін) сипаттау

Бойының (шоқтығының биіктігі) - шоқтықтың ең жоғары нүктесінен жерге дейін ; арқасының биіктігі-соңғы көкірек омыртқасының арқа өсіндісінің үстінен жерге дейін ; құйымшақ биіктігі-құйымшақтың ең биіктігінен жерге дейін ; кеудесінің тереңдігін - шоқтығының ең биігінен жауырын сыртын жанай төс сүйегінің ең төменгі нектесіне дейін; кеудесінің енділігін- жаурын сырты тұсынан; тұрқының қиғаш ұзындығы - жаурын мен тоқпан (қол) жіліктің қосылысы буынның алдыңғы бұдырынан жамбастың шонданай сүйегінің артқы бұдырына дейін өлшеуіш таяқ көмегімен өлшейді. Сербегі аралық енділігі - мықын сүйекткрінің ең алшақ нүктелерінің ара қашықтығын өлшеуіш циркульмен өлшеу болып табылады. Кеуде орамы-жауырын сыртынан орап ; сирақ орамын (жіліншігінің орамы) -сирақтың ең жіңішке жерінен өлшеуіш таспамен өлшейді.

4 кесте- Сиырлардың дене өлшемдері

Өлшем атаулары
Таза тұқым
Будандар
Өлшем атаулары: Шоқтығының биіктігі
Таза тұқым: 131, 7
Будандар: 129, 1
Өлшем атаулары: Кеуде тереңдігі
Таза тұқым: 71, 4
Будандар: 69, 5
Өлшем атаулары: Тұрқының қиғаш ұзындығы
Таза тұқым: 156, 6
Будандар: 155, 5
Өлшем атаулары: Кеуде орамы
Таза тұқым: 191, 7
Будандар: 185, 3

Қорытынды: Табындағы сиырлардың дене өлшемдерін анықтау барысында таза тұқымды сиырлардың дене тұрқы будан тұқымды сиырлармен салыстырғанда ірілеу болып келеді.

Малдың сыртқы пішінің дене өлшемдері арқылы жеке сипаттау үшін тұлғасының индексін анықтаудағы маңызы үлкен. Мал тұлғасының индексі деп анатомиялық тұрғыдан бір-бірімен байланысы бар екі дене мүшелері өлшемдерінің проценттік ара қатынасын айтады. Сонымен, тұлға индексі екі дене мүшесінің бір-бірімен салыстырмалы жетілу дәрежесін, бір-біріне сәйкестігін сипаттайды. Тұлға индекстері бойынша малдың тұқымына сәйкес белгілі бір өнім бағытына бейімділігін, өсіп- жетілу дәрежесін, дене пішінінің жас пен жыныс ерекшеліктеріне лайықтығын және осыларға байланысты оның өзгеру заңдылықтарын біршама толық әрі дәл сипаттауға болады.

5 кесте- Тұлға индекстері, %

Индекс атаулары
Таза тұқым
Будан
Индекс атаулары: Сирақтылығы
Таза тұқым: 77, 48
Будан: 75, 26
Индекс атаулары: Тұрқы сипаты
Таза тұқым: 118, 9
Будан: 120, 44
Индекс атаулары: Дене жұмырлығы
Таза тұқым: 122, 4
Будан: 119, 16
Индекс атаулары: Дене толықтығы
Таза тұқым: 145, 5
Будан: 143, 5

Қорытыныды: Тұлға индекстерін есептеу нәтижесінде будан тұқымның тұрқы сипаты, дене жұмырлығы, дене толықтығы жағынан таза тұқымды сиырлардан ерекшеленді, ал қалған параметрлер бойынша таза тұқымды сиырлар ерекшеленді(сирақтылығы ) .

2. 3. Сиырларды өнімділік қасиеті бойынша сипаттау

Өнімділік- бір малдан немесе орта есеппен бір топ малдан белгілі бір уақыт мерзімде (малдың жасына байланысты) алынған немесе алынатын өнімді айтамыз. Әр сиырдан сауылған сүттің мөлшері мен сапасын өлшеп, анықтап отыру- оларды сүттілігі бойынша дұрыс бағалап сұрыптау, бір-бірімен салыстыру және өнімділігіне қарай азықтандырып отыру үшін өте қажет. Сүт - малдан алынатын өнім. Сүттің майлылығы - сүттің сапасын сипаттайтын, өнімділігінің басты көрсеткіштерінің бірі. Мал тұқымын асылдаңдыруда оған үлкен мән беріледі. Сүттің майлылығын айына бір рет арнайы құрал-жабдықтармен анықтайды. Сүттің майлылығы сауын малдың түріне (сиыр, бие, қой, түйе т. Б. ), тұқымына, сауын маусымына, жеген жемшөп құрамына байланысты. Мал тұқымын асылдаңдыру жұмыстары арқылы сүттің майлылығын арттыруға болады. Тірілей салмағы - малдың еттілігін, дамып-жетілгеңдігін сипаттайтын басты қасиеттерінің бірі. Сонымен қатар малдың тірілей салмағы мен көптеген өнімдік қасиеттерінің (сүттілігінің, жүн өнімділігінің, өміршеңдігінің т. б. ) арасыңда тығыз байланыс бар. Мал тұқымын асылдандыруда малдың тірілей салмағына үлкен мән беріледі. Малдың тірілей салмағын белгілі бір уақыт аралығында өлшеп отыру арқылы оның тәулігіне қосатын қосымша салмағын, өсу қарқынын, жетілу дәрежесін анықтайды. Жекелеген малға берілуге тиісті жемшөп мөлшерін анықтауда да оның тірілей салмағын басшылыққа алады. Малдың тірілей салмағын зерттеу үшін аш қарында таразымен өлшейді.

6 кесте - Сиырлардың өнімділігі (ең соңғы сауым маусымы бойынша)

Көрсеткіштер
Өнімділігі
Тірілей салмағы
Сауылған сүт, кг
Сүт майлылығы, %
х±m
σ
cv
х±m
σ
Cv
х±m
σ
Cv
Көрсеткіштер: 1
Өнімділігі: 2
Тірілей салмағы: 3
4
5
6
7
8
9
10
Көрсеткіштер: 1
Өнімділігі: 2
Тірілей салмағы: 3
4
5
6
7
8
9
10
Көрсеткіштер:

Таза

тұқымды

Өнімділігі: 4053±255, 2
Тірілей салмағы: 1097, 6
27, 08
3, 7±0, 0496
0, 2137
5, 77
531, 9±13, 7
59, 1
11, 1
Көрсеткіштер: Будандар
Өнімділігі: 3284, 5±146, 41
Тірілей салмағы: 692, 6
21, 08
3, 6±0, 2
0, 87
24, 1
498, 8±10, 1
43, 6
8, 74
Көрсеткіштер: Табын бойынша
Өнімділігі: 3668, 75±143, 3
Тірілей салмағы: 894, 38
24, 37
3, 65±0, 09
0, 62
16, 9
515, 35±8, 1
50, 6
9, 81

Қорытынды:Табындағы сиырлардың өнімділігін анықтау барысында таза тұқымның көрсеткіштері будан тұқым көрсеткіштерімен салыстырғанда жоғары болды.

Сүт өніміне бірден-бір ықпал ететін әсерлердің бірі-малдың жасы. Бүкіл организмнің жалпы дамуы мен өсуіне байланысты, әсіресе, сүт безі өсе түседі. Сүт өнімділігі жас ерекшеліктің жалпы заңдылығына байланысты. Сауылым сүт белгілі бір максималды деңгейге дейін біркелкі өседі, сонан кейін ақырындап азая береді.

7 кесте - Жасына байланысты сүт өнімділігінің өзгергіштік өнімділігінің көрсеткіштері

Көрсеткіштер
Сауым маусымы
I
II
III
х±m
Σ
Cv
х±m
σ
Cv
х±m
σ
Cv
Көрсеткіштер: Сиырлардың саны, бас
Сауым маусымы: 4
4
4
12
12
12
84
84
84
Көрсеткіштер: Маусым бойынша сауымы, кг
Сауым маусымы: 2595, 25±127, 40
220, 41
8, 49
3224, 5±177, 6
588, 1
18, 2
3762, 1±121, 4
1104, 9
29, 3
Көрсеткіштер: Сүт майлылығы, %
Сауым маусымы: 3, 86±0, 098
0, 17
4, 40
3, 75±0, 04
0, 14
3, 73
3, 71±0, 02
0, 22
5, 9
Көрсеткіштер: Тірілей салмағы, кга
Сауым маусымы: 432, 5±20, 38
35, 27
8, 15
473, 1±20, 6
68, 2
14, 41
516, 4±6, 3
57, 4
11, 1
Көрсеткіштер: 3 және жоғары лактацияларға пайыздық қатынасы
Сауым маусымы: 68, 9
19, 9
28, 9
85, 7
53, 2
62, 1
100%
100%
100%

Қорытынды: Есептеу жүргізу үшін төртінші кесте мәліметіне сүйеніп, үш сауым маусымы бойынша сауылымды, сүт майлылығын және тірілей салмағын анықтадық. Сауылым бойынша ең жоғарғы көрсеткі 3 сауылым -3762. 1±121. 4 кг. Сүт майлылығы бойынша 1 сауылым - 3. 86± 0. 098%. Тірілей салмағы бойынша 3 сауылым- 516. 4± 6, 3кг.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту
Ірі қара обасы кезіндегі ветеринарлық шаралардың ұйымдастырылы, жоспарлануы және оның экономикасы
Аймақтардың ауыл шаруашылық саласының даму деңгейі
Қазақстандағы ет өндірісі
Ауыл шаруашылық географиясы пәнінен дәрістер
Ауыл шаруашылығы проблемаларының шешу жолдарын
Қаратөбе ауданының ауылшаруашылығының даму ерекшелігі
Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz