Жануар тектес азықтар. Азықтық қосындылар және құрамажем
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
Ветеринария және мал шаруашылығы факультеті
Реферат
Тақырыбы: Жануар тектес азықтар
Орындаған: Зекен Серікжан
Тексерген: Коржикенова Н.О
Астана 2016
Мазмұны:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Жануар тектес азық. Азықтық қосындылар және құрамажем
ІІІ Қорытынды
:
Кіріспе
Халық шаруашылығының маңызды саласы -- мал шаруашылығы. Ол халық шаруашылығының басқа салаларының дамуына елеулі әсер етеді. Қоғамның материалдық қажеттілігін қамтамасыз ету мал шаруашылығының даму деңгейіне байланысты. Ал мал шаруашылырын өркендетуде азық қорын дамытудың және азықтандыруды ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Мал азығына өсімдік тектес жемшөппен қатар жануар тектес азықтар да қолданылады. Оларға жаңа туылған төлге берілетін сүт пен сүт өнімдері, ет өнімдерінің қан ұны (кровяная мука), ет ұны (мясная мука), ет-сүйек ұны (мясо-костная мука), сүйек ұны (костная мука) мен балық зауыттарының балық ұны (рыбная мука) түріндегі қалдықтары жатады.
Жануар тектес азықтарға сүт пен сүт өнімдері, ет өндірісінің қан
ұны, eт ұны, ет-сүйек ұны, сүйек ұны мен балық өндірісінің балық ұны,
құс еті ендірісінің қауырсын ұны түріндегі өнімдері жатады.
Сүт. Сауымның алғашқы аптасындағы сүт құрамы ерекшеленіп,
уыз болып бөлінеді. Уыздың 24-20% құрғақ заты (сүтте 13%) жаңа
туылған төлді барлық дерлік қоректік заттар, минералды элементтер
және дәрумендер мен қамтамасыз етеді. Сүттің қорытылуы қиын
казеинінің (3,3%) орнындағы оның 16-11% альбуминдері мен
глобулиндері жеңіл қорытылумен қоса төлдің сыртқы орта жағдайына
бейімделушілігі (резистентігі) мен ауруға қарсы тұрушылық қабілетін
(иммунитетін) қалыптастырады.
Қышқылдығы 40-30°Т (18°Т) уыздың магний тұздары, төлдің
алғашқы тоңғағы меконийдің бөлінуіне себептесіп, ас қорытуын
қалыптастырады. 7-9 күнде уыз ақуызы 16% дан 4,5-3,5%, майы 5-3,4%
дан 4-3,7%, қанты 2-3% дан 4,5-4,8%, күлі 1% дан 0,8% жақындап,
құрамындағы 200-ден астам қоректік және биологиялық әсерлі заттары
95-98% қорытылатын сүтке айналады.
Майлылығы 3% сүт қоректілігі 0,31 а.ө.кг болса, майлылығы 4%
сүттік 0,36 а.ө.кг болады. Сары майы шайқалып майсыздандырылған
сүт мал азығына кеңінен жұмсалады. Сары май өндірудің майлылығы
0,7% пахта, ірімшік өндірудің майлылығы 5-6%, құрғақ затының 75%
қанттан тұратын сүт сары суы да төл азығына жұмсалады.
Майсыз сүтті ацидофилді айран ұйытуға немесе кептіріп сүтті
алмастырушы құрамажем шығаруға пайдаланады: 70% құрғақ ұнтағын
15-20% сумен тұрақты эмульсия түрінде араласатын гомогенизацияланған және май қышқылдарының қос байланысына сутегі енгізіліп қанықтырылған, гидрогенизацияланған саломас түріндегі өсімдік майын, 1-2% соя рецитинин, 3-6% лактоза, 3-5% ашытқы, 2-3% сұлы ұнын араластырып, 1 кг-на А дәруменінің 15 мың х.ө., Д3 дәруменінің 3 мың х.ө., К3 дәруменінің 2,5 мг, 100 мг тетрациклин, 125 мг фуразолидин, 300 мг натр салицилатын, 1 г сахарин, 20 г соя ұнтағы мен иісін жақсартып, тәбетін ашатын анис эфир майын қосады.
Сүтке тұз қышқылын қосса тез ұйып, бұзылмай сақталады, төлдің
ас қорытуын жақсартады. Барлық сүт өнімдері құнды протеинді,
рибофлавин мен пантотен қышқылына бай келеді.
Қан, ет, ет-сүйек ұны. Қан ұнын сойылған малдың қанынан
медициналық препараттарға ж.б. қажеттілке қосындылар алынғаннан
кейін кептіріп ұнтақтап дайындайды: 1-ші сортты қан ұнының 1 кг-да - 0,92-
0,98 азық өлшемі, 650 г қорытылатын протеині 10%-дай қосады.
Ет ұны қоңыр түсті, іртіксіз, бөлшектерінің диаметрі 1 мм-ден,
сүйек қоспасы 5%-дан аспайтын ұнтақ. Ылғалы 9%, майы 3%, күлі 6%-
дан аспай, протеині 81%-дан кем болмауға тиісті. Сүйек мөлшері 10%-
дан аспайтын, ылғалы 10%, майы 12%, күлі 12%-дан аспай, протеині
65%-дан кем болмауға тиіс 1-ші сортты ет ұнының 1 кг-да - 1,2 азық
өлшемі, 480-620 г қорытылытын протеині болады. Протеині ауыспайтын
аминқышқылдырынан лизинге (5,4%), дәрумендерден рибофлавинге,
холинге, никотинамидке бай келеді.
Ет-сүйек ұнын асқа жарамсыз мал ұшасын жоғары
температуралы өңдеуден өткіп барып дайындайды. Ылғалы 9%, майы
9%, күлі 23%-дан аспай, протеині 50%-дан кем болмауға тиіс 1-ші
сортты ет-сүйек ұнының 1 кг-да 0,92 азық өлшемі, 350 г қорытылатын.
протеині болады.
Балық ұны. Балық өңдеу қалдығынан протеинінің биологиялық
құндылығы өте жоғары (4,7-7,3% лизинді, 2,5-3% метионинді) 1 кг-да -
0,9-1,5 азық өлшемі, 480-630 г қорытылатын протеині, 50 г лизині, 15 г
метионині, 5,7 г триптофаны, 20-80 г кальцийі, 15-60 г фосфоры бар
балық ұны дайындалады.
Органикалық заты 85-90% қорытылатын бағалы фосфор көзі
болғандықтан кұнды ақуыз-минералды-дәруменді азық ретінде
қаралады. МЕСТ 2116-71 талабы бойынша азықтық балық ұнының
ылғалдылығы 12%, майы 10%, ас тұзы 5%-дан аспай, протеині 48%
(жоғары сорты 70%), фосфорқышқылды кальцийі 28-30%-дан кем
болмауға тиіс.
Балық ұны протеиінінің аминқышқылдық құрамы стандартқа, яғни
тауық жұмыртқасының ағына жақындайды - 1-да 50 г лизин, 15 г
метионин, 6 г триптофан болады. Өңдеу барысында жоғары
температураға төзімсіз бірқатар витаминдері ыдырағанымен,
рибофлавин (14 мгкг), никотин қышқылы (175 мгкг) , пантотен
қышқылы (100 мгкг), цианкобаламин (0,8 мгкг) секілді В тобы мен
бауырымен бірге өнделген балық ұнында Д витамині мол болады.
Бұзылмауы үшін балық ұнына антиоксидант қосып, көп қабатты
тығыз қағаз қапта сақтайды. Құс пен шошқа құрамажеміне 10-12%
қосады.
Қауырсын ұны.
Құс етін өндіргенде жиналған қауырсынды автоклавта жоғары
қысым мен температурада қышқылмен өңдеп дайындайтын қауырсын
ұнының ақуызы гидролизденіп, қорытылатын болады. 83% протеині,
4,6% майы, 4% кальцийі, 6,4% фосфоры, 2,7% натрийі, 1 кг-да 0,8 азық
өлшемі, 500 г қорытылатын протеин бар1-ші сортты қауырсын ұнының
ылғалдылығы 12%, майы 3%, күлі 12%-дан аспай, протеині 70%-дан
кем болмауға тиіс. Оны құс жеміне лизин, метионин мен триптофан
аминқышқылдарына бай протеиндік қосынды ретінде қосады.
Бұлармен қатар мал азығына азықтық техникалық тоң майды,
арнайы өңделген тері өндірісінің қалдығын, жібек тұтын жатқызуға
болады. Азықтық тоң май бөгде қоспасыз, ылғалы 0,5%, балқу
температурасы 42°С, 1-ші сортының сабындалмайтын қалдығы 1%,
қышқылдық саны 10, тотығу саны 0,03%, 2 - ші сортынікі, тиісінше,
1,5%, қышқылдық саны 12, тотығу саны 0,03% болады.
Мал терісін өңдеу қалдықтарынан 85-90% протеині, 2-3% майы,
1,5-3% күлі бар азықтық тері ұнын дайындайды. Оның қорытылуын
жоғарлату үшін жоғары қысымда, 120-130°С қышқыл не сілтімен
гидролиздесе коллагені еріп 75-80% қорытылады.
Мал азықтандыруға қоректілігі құрамына байланысты өзгеретін,
органикалық заты жоғары 87-90% қорытылатын асханалық (тағамдық)
қалдықтарды бордақылаудағы мал азығына пайдаланады. Орташа 80-
88% су, 1,5-3% протеин, 0,5-2% май, 0,5-1,5% жасұнық, 7-14% азотсыз
тұнба заттар, 1,3-2,3% күлден тұрады. Олардың 50%-на 43% жем
қосындысы мен 7% шөп ұнын қосып қоректілігін арттыруға болады.
Азықтық қосындылар
Протеиндік қосындылар
Малдың құрылымдық қажеттігін қамтамасыз ету үшін азығында
жеткілікті мөлшерде сапалы протеин болуы керек. Оның
жетіспеушілігін бір қарынды мал мен құсқа ақуыз бен
аминқышқылдарын қосып толықтырса, көп қарынды күйісті малға
азотты қосындыларды қосу жеткілікті.
Қосындылар азотын месқарын микрофлорасы игеріп, малға құнды
микробиология- лық ақуыз түзеді. Осы мақсатта азотты синтетикалық
зәрлік карбамидті, аммоний қос карбонаты мен сульфатын, аммиак
суын, амидтер мен амидтік құнарлы қосындыларды, аспарагинді,
синтетикалық аминқышқылдарын пайдаланады.
Жоғары температурада ауа азотын сутегімен қосқанда пайда
болатын аммиакты (NH3) 200 атм. қысыммен 185-200°С-та
көмірқышқыл газымен (СО2) қос амидті көмір қышқылы [(CO)NH2]
карбамидке айналдырады. Құрамында 46% азоты бар карбамид суда
жақсы еритін, бірінші фракциясындағы көлемі 0,2-1 мм, екінші
фракциясындағы көлемі 1-2,5 мм ақ түсті, иіссіз, ащы дәмді, ылғал
сіңіргіш, суда жақсы еритін кристалды ұнтақ. Ол месқарында тез еріп
көмірқышқыл газы мен аммиакқа ыдырайды да соңғысының азотын
месқарын микрофлорасы ақуыз түзуге пайдаланады.
Таза аммиак тыныс жолдарын қабындырып, көздің кілегей
қабығын қоздырып, жалпы организмді уландыратын өте күшті уға
жататындықтан, аммиакты қосындыларды мал азығына қолданғанда
санитарлық ережелерін сақтайды: алғашында аз мөлшерін жеммен
мұқият араластырып немесе су не сірне ерітіндісін бүркіп, біртіндеп 7-
10 тәулікте месқарын микрофлорасын бейімдеп барып жегізілетін азық
массасының 0,3-0,5% жеткізеді.
Жас малға месқарын микрофлорасы қалыптасып, жетілген
мерзімнен - алты айлығынан бере бастауға болады. Сөйтіп карбамид
азотымен күйісті мал протеиндік мұқтаждығының 25-30% өтеуге
болады: месқарын микрофлорасы 1 г карбамидтен шамамен 2,6 г
қорытылатын құнды микробтық ақуыз түзеді.
Құрамында 17% азоты бар аммоний қос карбонатының жазғы
ыстықта жылдам ыдырап аммиак иісін шығаратындықтан протеиндік
қосынды ретінде, әдетте, қыста пайдаланады. Оған біртіндеп үйретіп
берілетін тәуліктік мөлшерін: сауын сиыр басына 200-300 г, тана басына
100-130 г, бордақылаудағы ірі қара басына 130-200 г, саулық басына 30-
40 г, тоқты басына 20-30 г жеткізеді.
Құрамында 21,2% азот, 25,9% күкірті бар аммоний сульфатын
карбамидпен 2-3 : 1 аралығында қосып пайдаланған жөн. 1 атм. қысымда
бөлмеде (18°С) 1 л суда 545 г аммиакты ерітіп дайындалған 25%-дық
аммиак суын күйісті мал азығын азотпен байытуға және қышқыл
сүрлемді қышқылсыздандыруға пайдаланады.
Сұйық аммиак қосындыларының қысқа мерзімде 30-50% азоты
ыдырап кететіндігінен оларды амидтті-құнарлы қосындыны дайындауға
пайдалануға болады: экструдерде 30 атм. қысымда 135-160°С астық
тұқымдастар дәнінің крахмалымен қосады. Дайындау барысында жылу
режимінің қатаң сақталуын бақылау қажет, өйткені 130°С төмен
температурада, бір жағынан, карбамид нашар еріп, крахмалмен тығыз
байланыса алмайтын болса, екінші жағынан, крахмалдың өзі жеткілікті
декстринделмейді.
70-80% дөн, 15-20% карбамид, 5% натрий бентонитінен
дайындалған мұндай амидтті-құнарлы қосындының 1 кг-да 0,7-0,9 а.ө.,
500-700 г протеин болады. Қосындының сапасын ылғалдылығы мен
протеині бойынша бағалайды: ылғалды12%-дан аспай, протеині 40%-
дан кем болмауға тиіс. Оны 3 айдан асырмай жұмсау қажет.
Синтетикалық жолмен лизин аминқышқылының препараты иіссіз,
дәмі ащы, ылғал тартпайтын, суда ерігіш кристалды ұнтақ. Әдетте, оны
бидай кебегімен араластырып құрамында 7-10% лизині бар түйіршік
түрінде шығарады. Олар ылғалдылығы 75%-дан, температурасы 20%-
дан төмен бөлмеде 6 ай бойы жақсы сақталады.
Синтетикалық метионин капролактам қосындысынан химиялық
жолмен түзілетін ақсары не ақбоз түсті, әлсіз иісті, тәтті дәмді, суда
нашар, ал әлсіз қышқылдар мен сілтілерде жақсы еритін кристаллы
ұнтақ. Құрамында 96% метионині болады.
Микробиологиялық қосындылар
Оларға биотехнологиялық жолмен өндірілген азықтық ашытқылар
мен микробтық қосындылар жатады. Ашытқылаушы микроорганизмдер
тәулігіне массасынан 2,5 есе көп құнды ақуыз бен дәрумендер түзеді:
500 кг ашытқы 1250 кг құнды ақуыз бен Д жөне В дәрумендеріне бай (1
кг құрғақ затында 2,5-7 г эргостерин, 15-18 мг тиамин, 54-68 мг
рибофлавин, 130-160 мг пантотен қышқылы, 19-30 мг пиродиксин, 1,6-3
мг биотин, 0,8 мг цианкобаламин жиналған микробтық масса өндіреді.
Мұнай парафиндерінен өндірілетін азықтық ашытқы паприннің
бағалы биомассасын мал мен құс азығына 3-8% мөлшерінде қосады.
Шаруашылықта супер азоттық қосынды ксаид дайындауға болады:
астық тұқымдастар дәнін 21 кг карбамид ерітілген 40 л сумен
ылғалдандырылса, 6-7 сағат араластырып бөктіреді де кептіріп
ұнтақтайды. Ұнтақтың 1 кг-да месқарын микрофлорасы 400-500 г
протеин түзетін азот болады: (400-500 : 2,6 = 150-200 г N).
Ксаидты дәннен басқа да кез келген жемшөпті карбамидті
ерітіндімен байытып дайындауға болады. Оның ұнтағын аз мөлшерден
бастап жем не сүрлеммен араластырып 5-7 тәулікте сауын сиыр басына
400-800 г, тана басына 200-300 г беруге болады.
Микробиологиялық жолмен ағаш өндірісінің қалдықтыры, мұнай
мен табиғи газ көмірсутектілер шикізатында азықтық ашытқыларды,
азықтық аминқышқылдарының L-лизин моно-хлоргидраты, DL-
метионин мен L-триптофанөндіріледі.
Құрғақ затының 50% протеиннен тұратын азықтық ашытқы
эргостеринін ультра күлгін сәулелендіру арқылы Д2 дәруменімен
байытуға болады (10-15 мың х.ө.кг).
Минералды қосындылар
Мал азығына жұмсалатын минералдық қосындылар құрамына
қарай натрий- не калий-хлорлық, кальцийлік, кальций-фосфорлық,
фосфор-азоттық, фосфор-натрийлік, азот-күкірттік, микроэлементтік
болып бөлінеді.
Барлық жануарларға күнделікті қажет натрий-хлорлық қосынды ас
тұзы (NaCl). Зат алмасуында оның диссоциялануынан пайда болатын
Na+ мен Cl¯иондары су алмасуын реттеуі арқылы организм
гомеостазының, ең алдымен жылуын, сақтауға қатысады. 96% натрий
хлоридінен тұратын азықтық ас тұзыңда аздаған магний, күкірт
қосындылары болады.
Калий жетіспеушілігін толықтыруға құрамында 25% калий, 47%
хлоры бар, түсі мен дәмі ас тұзына ұқсас, суда еритін кристалды хлорлы
калий ұнтағын (КCl калий хлоридін) қолданады. Бұлардан кейінгі
маңызды қосындыларға малдың сүйек (қаңқа) құрылымын құрайтын
кальцийлік және фосфорлық қоспалар жатады.
Химиялық құрамы жағынан көмір қышқылды кальций (CaCO3)
болып келетін азықтық кальцийлік қосындыларға жататын азықтық бор,
азықтық әк пен азықтық ұлу қабыршығы ақ түсті, аморфты, суда
ерімейтін ұнтақтар. Олардың құрамы өндірілген жеріне байланысты
біршама өзгереді.
Кальциймен қоса фосфор жетіспеген жағдайда қолданылатын
азықтық фосфаттарға Жамбыл суперфосфат зауытында шығарылатын
фторсыздан- дырылған Қаратау фосфатының құрамында 22-28%
кальций, 12-14% фосфор, 0,2% фтор, 0,01-0,1% күкірт, 0,1% марганец,
20% дейін магний, 3-4% темір бар.
Майсыздандырған сүйектен ұнтақталынған сүйек ұнынан желатин
бөлгенде қалатын қос кальций фосфатын преципитат деп атайды.
Құрамында 0,012%-га дейін күшәлә, 0,2%-ға дейін фторы барақсұр түсті
кристалды ұнтақ. Суда еритін, рН көрсеткіші 3,5, сұр түсті, ұсақ
түйіршікті ұнтақ Әсіресе, темір купоросы түріндегі күкірт қышқылды
темір гидратының 2-2,5%-дық ерітіндісін қан эритропоэзін, яғни қызыл
қан түйіршіктері эритроциттерінің жетілуін жылдамдату үшін
құрамында 25,4% мыс, 12% күкірті бар мыс купоросы деп аталатын
күкірт қышқылды мыс гидратының көк түсті, суда баяу еритін
кристаллы ұсақ ұнтағының 0,5-1%-дық ерітіндісімен араластырып,
енесінің сүтінде темір аз болатын торайларға ішкізеді.
Кальций-фосфорлық қосынды ретінде ақ түсті аморфты ұнтақ
түріндегі фосфор қышқылды кальций шығарылады. Оның құрамындағы
16-23% кальцийі мен 16-26% фосфоры түгелімен дерлік сіңіріледі.
Сүйек күлінің құрамында 35% кальций. 16% фосфор болады.
Фосфорлық қосындыларға кұрамында фосфоры 20-23%
фосфорымен қоса 10-13% натрийі бар бірнатрий фосфат пен 21%
натрийі бар екінатрий фосфат. 12% азоты бар бір аммоний фосфат пен
19% азоты бар екі аммоний фосфаттар жатады. Суда еритін, аммиак
иісті, тұз татитын ақ не ақ-сары түсті аморфты не кристалды
ұнтақтарында күшәлә ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz