Жайылым отын тиімді пайдалану


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
Ветеринария және мал шаруашылығы факультеті
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Жайылым отын тиімді пайдалану
Орындаған: Зекен Серікжан
Тексерген: Коржикенова Н. О
Астана 2016
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
- Жайылым жағдайын анықтау
- Жайылымдарды тиімді пайдалану
ІІІ Қорытынды
Кіріспе
ХХ ғасырдың 90-шы жылдары бастау алған ауылшаруашылығының реформалануы мен соңғы он жылдағы кеңшарлар мен колхоздардың таратылуы, олардың түрлі акционерлік қоғамдар мен жеке кәсіпорындарға айналуы және мамандандырылған щаруашылықтардың жеткіліксіз дәрежеде орта және ірі тауарлық өндіріс орынлдары ретінде дамуы, өндірілетін малшаруашылығы өнімдерінің бәсекелестікке жарамсыз болуы, сондай-ақ бірқатар жалпы және жеке себептерге орай малшаруашылығы толығынан дәрменсіз жағдайға тап болды.
Жайылымдық жер аудандарының орасан қор болуына қарамастан олар малшаруашылығы үшін қол жеткіліксіз. Қазақстан Республикасы қазіргі уақытта өнеркәсіп, ауылшаруашылығы бойынша өзгерістерді басынан кешуде, соның ішінде жайылымдарды да атау керек. Республиканың жайылымдық аумақтары шөлдену үрдістеріне шалдығуда, шөптерінің құрамы мен сапасы өзгерістерге ұшырауда, соған орай ондағы жануарлар әлемі де құбылып, биологиялық өнімділіктері төмендеуде. Шөлденудің басты себебі ретінде өсімдік және топырақ жамылғыларының толық жойылуын, құмды топырақтардың жел әсерінен таралуын атау қажет.
Қазіргі уақытта ауылшаруашылық өндірісіне 61289, 4 млн га жайылымдар пайдаланылады, олардың сусызданғандары 46007, 7 немесе 75% . Суару мүмкіндігі бар жерлер ғана пайдаланылады. Осы бағылатын жануарлардың бәрі шоғырланған жайылымдық жерлер қандай да бір деңгейде деградацияланған. Деградацияланудың басты себебі жайылым жүктемесінің және азықтарды пайдалану коэффициентінің ұстанбауы.
Жайылым - оты мол табиғи немесе жасанды өрістік жер алқабы, мал еркін жайылып, бағылатын жер алқабы. Табиғи Ж. және екпе Ж. деп екіге ажыратылады. Табиғи Ж. орналасуына, өсетін өсімдік түрлеріне және пайдалану әдісіне байланысты маусымдық (көктемдік, жаздық, күздік, қыстық) және жыл бойы пайдаланатын Ж. болып бөлінеді. Екпе Ж. бір жылдық, қысқа мерзімді (5 - 6 жыл) және ұзақ (7 - 10 жыл) мерзімді болады. Табиғи Ж., негізінен, көп жылдық жабайы өсетін шөптерден, кейде қыналардан (тундрада), бұташық пен бұталардан (тундра, шөл және шөлейтте) тұрады. Екпе Ж-ға бір жылдық, көп жылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптерді араластырып егеді. Еліміздің климат жағдайына, белгілі бір аймақтағы өсімдіктердің ботан. құрамына қарай Ж. түрлері көп. Далада және қуаң далада орналасқан Ж-дар далалық Ж. деп аталады. Мұнда жусан, еркекшөп, шайқурай, тобылғы, қараған сияқты өсімдіктер өседі. Далалық Ж-ның әр гектарынан 3 - 8 ц шөп түседі. Шөлейт дала Ж-дарының құрамында жусан басым. Сонымен қатар күйреуік, изен, теріскен, т. б. өсімдіктерден тұрады. Әр гектарынан 0, 5 - 7, 0 ц шөп түседі. Шөлдегі Ж-дардың 1/3-і құмды жерде орналасқан. Мұнда изен, теріскен, еркекшөп, қылша, жүзгін, сексеуіл жиі кездеседі. Әр гектарынан 1 - 7 ц шөп түседі. Тау Ж-дарының оты да алуан түрлі. Жазық жерде орналасқан Ж-дармен қатар мұнда альпі және субальпі шалғындарынан тұратын жаздық Ж-дар да көп. Олардың әр гектарынан орта есеппен 10 ц шөп түседі. Ж-дар жеке телімдерге бөлініп, мезгіл-мезгіл ауыстырылып отырады. Тыңайтқыш себу, мал жемейтін өсімдіктерді отау, арам шөптен тазарту, т. б. шаралар - Ж. ауыстыруға қойылатын негізгі талаптар. Ж-ды шөп шығымдылығына, бағылатын мал санына, жайылым мерзімінің ұзақтығына қарай бөліп пайдаланады. Ойпат жер Ж-ын 6 - 12, орманды алқап 6 - 8, аңғарлы адыр 10 - 12, далалы Ж-ды 15 - 20 бөлікке бөледі. Малды әр бөлікке көктемде шөп аз кезде 2 - 3 Бөлінген Ж-ды түгел пайдаланғаннан кейін, малды шөбі өскен бірінші бөлікке қайтадан жаяды. Ж. жазда 2 - 5 рет ауыстырылады. Жайылымды пайдалану кезіндегі мал жаю циклдары арасындағы жайылым тынықтыру уақытын дұрыс сақтаудың үлкен маңызы бар. Шөл, шөлейт аймақтардағы Ж-дар белгілі бір жүйе бойынша пайдаланылады. Дала, орманды дала белдемдерінде мал 180, шөлейт белдемде 240 - 250 күн, шөл белдемінде жыл бойы Ж-да бағылады. күннен, шөп көбейе бастағанда 5 - 6 күннен жаяды.
Түрлері:
- Жасанды жайылым;
- Мәдени жайылым.
Жайылымдарды суландыру (Обводнение пастбищ) - жайылымдарды жергілікті өзен-көл, жер асты су қорларын пайдалану немесе каналмен басқа жақтан су жеткізу жолымен қажетті сумен қамтамасыз ету. Жер жағдайына байланысты жайылымды суландыруды өзен, бастау құдықтарды немесе жер асты суларын сорғышпен жоғары көтеріп, құбыр желілерімен суды суармалы жер танабына бөліп таратады.
Жайылымды толық пайдалану коэффициенті (Коэффициент полноты пользования пастбищ) - нақты бір жайылымдағы жем-шөппен азықтанған мал санының сондағы барлық жем-шөп қорына қатынасы; процентпен өлшенеді.
Мәдени жайылымды арнайы шөп тұқымдарын егіп, оны суармалап, шалғынын шауып, қалғанына мал жайып, малды семірту жолын қарастыратын шұрайлы жер аймағы.
Табиғи жайылым - малдың ежелден келе жаткан өрісі. Қазақстан жерінің жартысына жуығы, дәлірек айтсақ 180 млн. гектары табиғи жайылым үлесіне тиеді. Мәселе сол табиғи жайылым жартысынан басымы шөлді және шөлейт аймақтарына кіріп, ауыз су тапшылығының зардабын шегуінде болып отыр. Дүниежүзілік экологиялық жағдайдың нашарлауының салдарынан бұл зиянды үрдіс жылдан жылға өріс алуда. Оның антропогендік зардабын жергілікті халық шегуде. Осының алдын алу үшін шаруашылық жеріндегі табиғи жайылымды күтіп, жыл маусымымен ғана емес, сол маусымдар ішінде де ғылыми негізделген жайылым айналымын енгізіп, отты жерлерді деградациядан, яғни тықырланып, жоғарға құңды қабатының мал тұяғымен тапталып, бұзылуынан сақтандырып, тиімді пайдалану қажет. Өйткені табиғи жайылым оты малдың ең арзан да ең құнарлы жемшөбі - 1 кг-ның жалпы қоректілігі 0, 16-0, 2 а. ө. болғанымен, құрғақ затында мал тіршілігіне қажет барлык қоректік, минералды және биологиялық пәрменді заттар жоғары қорытылып, игерілетін түрде шоғырланған.
Қазақстан Республикасының аумағы батыстан шығысқа Еділ өзені мен Каспий теңізінен Таулы Алтайға дейін 3000 км таяу және солтүстіктен оңтүстікке батыс Сібір орманды-далалы аймағынан аптапты орта азиялық шөлдерге дейін 1500 км созылып жатыр.
Республиканың жалпы аумағында ауылшарушылық алқаптары 224, 5 млн га астам жерді қамтиды, азықтар үлесіне аумақтың 70% келеді, оның ішінде жайылым аудандары - 184, 2, шабындықтар 5, 7 млн га.
Жайылым жағдайын анықтау бойынша негізгі әдістемелік басшылық құралы ретінде профессорлар Л. Г. Раменский мен А. И. Цаценкиннің «Шкалы пастбищной дигшресси» атты еңбегін атауға болады. Қазақстан жағдайына байланысты дигрессия шкаласы ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Ж. А. Жамбакин еңбегінде аздап түзетілімденген.
Шөлді аймақ мысалында бағу әсерінен орын алатын жайылым жағдайын қарастырайық.
7-9 жыл бойы бағуды тоқтату шөлдік жайылымдардың қалпына келуіне мүмкіндік береді, осы кеде өсімдік жамылғыларының доминантты болып келетіні ақ жусан. Түбегейлі доминанттар: жайылған шыбықша, шығыс тұздағы, қоңыр теріскен жақсы бітіседі. Осы жартылай бұталылар ішіндегі бос кеңістікті эфемерлер (шығыс мортығы, жуан сабақты қияқөлең т. б) мен эфемероидтар (жуалы қоңырбас) алады. Қынатас пен қына топырақ беткейінің 20% аз жерді ғана қамтиды.
І. Жайылымдық дигрессия сатысы. Егер жайылым жүктемесі орташа болса пайдаланылатын телімде жусан жақсы сақталады. Жақсы желінетін жартылай бұталылар (шығыс тұздағы, жайылған шыбықша) жақсы ұшырасып, сақталынады. Эфемероидтар мен эфемерлілер (қияқөлең, қоңырбас, мортық т. б) жақсы дамып, жетіліп жауын-шашыны орташа жылдары бұталылар арасындағы негізгі орындарды иеленеді.
ІІ. Жайылымдық дигрессия сатысы. Шыбықша, кейреуік тәрізді жартылай бұталылар санының азаюымен, жамылғылық арпабас, шөл қурайы, ебелек және басқа нашар желінетін түрлердің қаулауымен сипатталады. Қынатас пен қына осы кезеңде сирек ұшырасады. Топырақтары әлсіз дефлирленген. Беткейі борпылдап құрылымданады да жануар тұяқтарымен жеңіл тапталынады.
ІІІ. Жайылымдық дигрессия сатысы. Өсімдік жамылғысы доминантты ақ жусанның сирек ұшырасуымен сипатталады да оның күйзеліске ұшырауын білдіреді. Кейреуік пен шыбықша мүлдем болмайды. Ебелек көр өседі, кейде адыраспан байқалады. Осы кезеңде топырақ нашар дефирленген. Бағу кезінде топырақ беткейі күшті борпылдақтанады да эрозия ошағы болады. 0-10 см топырақ қабаты ұсақ тастануы 10-20 см қабаттағы топырақтан көрі 1, 3-1, 5 рет көп.
ІV. Жайылымдық дигрессия сатысы. Өсімдіктері мүлдем жоқ немесе тек адыраспан ғана өсетін телімдермен сипатталады. Екі жағдайда да бұл телімдердің еш құндылығы жоқ. Мұндай жайылм беткейлері күшті немесе өте күшті дефирленген, 0-10 см қабат ұсақ тастануы 10-20 см көрі екі есе көп.
Жайылым алқаптарын дұрыс пайдалану шөп жегізуінің ұзақтығы мен айналымын нормалауды, жайылымға демалыс беру кезеңдерін қарастырады. Жегізу мен демалыс беру уақытын оптималдандыру бірқатар факторлардан құралады, ең алдымен ол жайғаннан кейінгі өсімдіктердің қалпына келу уақыты немесе жылдамдығы. Түрлі жайылымдық биогеоценоздарда жегіздірілген шөптердің қайта өсуі біркелкі өтпейді, сондықтан әр жер үшін қоршауда бағу жүйесін енгізу керек, осы кезде жайылымды бірнеше телімдерге бөледі де жануарларға кезегімен жегіздіріледі. Орманды аймақтардағы үлкен жайылым телімдерін 10-12, орманды далалы аймақта 12-20, далалы аймақта 20-30 қоршауға бөлу керек. Әр қоршауды жаз ішінде орманды аймақта 3-5 рет, орманды далалы аймақта 2-4 рет, далалы аймақта 2-3 рет, шөлді аймақта 1-2 рет жегізеді. Қоршау көлемін жануарлар бір-біріне кедергі келтірмейтіндей және азық 5-6 күнге жеткілікті болатындай етіп жасайды. Қоршау шекараларын қоршайды немесе белгі-қадалармен оқшаулайды, табиғи шекараларды, яғни жолдарды, шұңқырларды, өзен, көл, тауларды пайдалануға да болады. Қоршауды жануарлар су ішу орнына, тұраққа шығар жолы болатындай етіп жасау қажет.
Қоршауда бағу жануарлардың инвазиялық аурулармен (қой мен бұзау диктиокаулезі, күіс қайыратындар геманхозы, шошқа аскаридозы, жылқы параскаридозы т. б) табысты күресу жүргізуге мүмкіндік жасайды.
Бұл әдіс жануар нәжісімен бөлінген паразитологиялық құрттың жұмыртқасы немесе балаңқұрты қоршаған ортаға түскен соң 8-10 күннен кейін ғана жұқтыра алатынына негізделген. Осыған орай осы аурулар кең тараған қоршауларда бағу ұзақтығы 5-6 күнмен шектелуі керек, өйткені бұл мерзім ішінде паразит жұмыртқалары немесе балаңқұрттары жұқтыру кезеңіне әлі жетпейді. Балаңқұрттар жұқтыру қасиетін солтүстікте 3-6 ай бойы, оңтүстік аймақтарда жыл бойы сақтай алады, сол себептен жұқтырылған қоршауларды аталған мерзімнен бұрын қайта пайдаланбау керек, алайда шөп шабу жұмыстарын еш қорықпай өткізуге болады.
Жайылымдарды ауыстырып отыру сонымен қатар ірі қара мал мен жылқы пироплазмозының тасымалдаушылары кенелермен тиімді күресу әдісі болып табылады. Жайылымдарды пироплазмоз тасымалдаушыларынан тазалау кенелердің жануар денесінде 21-24 күн болуына, ал жұмыртқалары қорексіз 7 ай ғана сақтала алатынына негізделген. Тиісінше егер жануарларды кенелермен жұқтырылған жайылымдарда 7-8 ай бақпаса, олар қырылып қалады.
Жануарларды бір жайылымнан екіншісіне ауыстыру кезінде акарацид ерітінділерімен өңдеу қажет, сонда олар теріге жабысқан кенелерден арылады.
Жануарларды қоршауда бағу жайылым кезеңінде инфекцияны жылдам анықтап, оны шектеуге мүмкіндік береді. Қоршауларда кезегімен бағу арқасында жануарлар кезеңді түрде балауса жасыл азық қабылдап отырады. Жайылым өсімдіктерін тиімді пайдалану жануарларды алдыңғы қарын гипотониясы, гастроэнтерит, фитобезоар ауру, құмды түйнелу ауруларынан қорғаштайды. Жануарлардың ас қорытуы, зат алмасуы жақсарады, нәтиже ретінде малшаруашылық өнімдер түсімі де жоғарылайды. Жайылымды қоршау түрінде пайдалану жүйесі олардың тұрақты өнімділігіне қол жеткізеді.
Жануарларды жаз басында бағу ұзақтығы 10-12 сағат, ортасында 10-14 сағат, жаз соңында 8-10 сағат, шошқаларды таңертең 1, 5-2 сағат шық кепкен соң және ыстық түскен соң бағады.
Қойлардың қозғалу жылдамдығы 350м/сағ, сиырлардікі 400м/сағ. Жануар өнімділігін сақтау үшін сиыр жайылымда 1, 5-2 км, қой 3 км дейін, шошқа 1 км жүруі керек, ал жануарлардың тым көп жүруі өнімділіктерінің төмендеуі мен жайылым тапталуына әкеліп соғады.
1-кесте. Түрлі жануарлар үшін қоршаулар енін анықтауға арналған зооветеринарлық нормативтер
Қоршау ұзындығы жануарлардың жайылымда болу ұзақтығына, жайылым өнімділігіне байланысты.
Жайылымдар құрастыру және оны пайдалану кезіндегі ветеринарлық-санитарлық талаптар
- Жануарларды жазғы жайылымдарға ауыстыруға дайындауды жайылымға шығарардан біршама ерте бастау керек.
- Жануарларды міндетті түрде аусылға, сібір жарасына қарсы егеді;
- Туберкулез бен бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізіп, оң нәтиже бергендерін бірден союға тапсырады.
- Ветеринария мамандары жануарлардың жайылымға дұрыс ауыстырылуын бақылаулары керек. Оны бірте-бірте 7-8 күн ішінде, ірі азықтармен үстеме азықтандыра отырып өткізеді.
- Жайылым санитариясы мен оны дайындау : оларды қоқыстан, тастардан, сымдардан өзге бөгде заттардан тазалайды, бұтасындарды кеседі, улы өсімдіктерді шауып жояды.
- Жайылымдардағы жануар гельминтоздарының алдын алу үшін түрлі гельминттер үшін әрқилы инвазиялық бастау мерзімдерін ескереді.
- Далалы, жартылай шөлейтті, жоғары тау жайылымдары фасциелез бен парамфистомаздар бойынша қолайлырақ саналады. Жануарлардың парамфистомаздармен интенсивті инвазиялығы тасқын сулар қайтуынан кейінгі ойпаң ылғалды жайылымдарда өтеді. Далалы және ойпаң жайылымдардағы ылғалданған телімдер орибативті кенелер көптігіне орай қауіпті деп танылды.
- Жайылым кезеңі мерзіміне қарамастан жайылым басталары алдындағы немесе жануарларды бір жайылымнан екінішісіне көшірер алдындағы барлық жағдайларда ветеринар мамандары жануарларды таңдау тәртібінде гельминт болуына зерттейді, осы кезде әр табыннан, отардан 25 бастан кем емес жануар зерттелуі тиіс. Гельминттер анықталған жағдайда, бәріне дегельминтизацияға жүгіндіреді.
- Жануарларды бір қоршауда бағу 5 күннен аспауы керек. Ірі қара малдың гельминтозбен ауруы тіркелген жағдайда нұсқамаға сәйкес шаралар өткізіледі.
- Бұрын ауру жануарлар бағылған жайылымдар осы жылы шөп шабуы үшін пайдаланылады.
- Ересек мал топтары бағылған орындарда бұзауларды бағуға болмайды.
- Мәдени жайылым мен суару орнына айдап апару жолдары, жануарлар тынығатын алаңдарды таза ұстап, арам шөптерді қырқып, мүмкін болса құм немесе ұсақ тас төсеп, батпақтанған және тақырланған танаптардан бөлектеген жөн. Кептіру жүйесі каналдары арқылы айдап өтуге тыйым саланады.
- Табын толықтырушы жастарды жалпы қолданыстағы жайылымдарда, батпақталған, тақырланған телімдерде бақпау керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz