Бонитировка, шараның маңызы, бонитировкалаудың нәтижесі негізінде өңдеу



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Ауылшаруашылық МинистрлігіС. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті
Кафедра: Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
Реферат
Тақырыбы: 5. Бонитировка, шараның маңызы, бонитировкалаудың нәтижесі негізінде өңдеу.

Орындаған: Зекен Серікжан
Тексерген: Нұргүлсім Қастер

Астана 2016
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Шошқаларды бонитировкалау
ІІІ Қорытынды

Кіріспе
Шошқаларды бонитировкалау - селекциялық асылтұқымдық жұмыстағы маңызды шаралардың бірі. Оның мақсаты - шошқалардың өнімділік және асылтұқымдық сапаларына жан-жақты баға беру және соның негізінде хайуанаттардың класын, олардың өндірістік орнын анықтау.
Шошқалардың өнімділігі және өнім сапасы көбінесе олардың генетикалық ерекшеліктерімен анықталады, сондықтан бонитировканың басты мақсаты - шошқалардың тұқымдық сапаларын шама келгенше дәл анықтау. Бұл үшін малдарды жоғарғы деңгейде және тұрақты түрде азықтандырып жақсы жағдайда күтіп бағу керек.,

Шошқаларды бонитировкалау жылма-жыл жүргізіледі. Сымбатын, дамуды және өнімділікті бағалау деректері жыл бойы анықталып, бонитировкалау негізінде қорытындыланады. Шошқаларды бонитировкалауға кіріспестен бұрын асылтұқымдық шошқа шаруашылығында қолданылатын терминдермен және ұғымдармен танысу қажет.
Асылтұқымды шошқалар - асылтұқымды жас төл алуда пайдаланылатын ата-тектері кем дегенде төрт арғы тегі белгілі немесе осы мақсатқа арналған шошқалар.
Асылтұқымды жас төлдер - табынды ұдайы өсіруге арналған және ата тегі белгілі ата-аналардан алынған туғаннан алғашқы шағылыстыруға дейін таза асылтұқымды, сондай-ақ шата 8-12 айлық аналық немесе аталық торайлар.
Мал басын толықтыратын қабаншалар дегеніміз - алғашқы шағылысуға дейін іріктелген (таңдап алынған), негізгі табандағы жарамсыз қабандардың орнына алуға арналған қабаншалар.
Мал басын толықтыратын мегенжіншелер дегеніміз - алғашқы белгіленген буаздыққа дейін өсіруге іріктелген (таңдап алынған), негізгі табындағы жарамсыз мегежіндерді алмастыруға арналған мегежіншелер.
Тексерілетін қабан дегеніміз - 2 немесе 4 айлық ұрпақты алғашқы шағылысудан бастап соңына дейін бағалау. Тексерілетін қабанша осылай бағалану соңынан негізгі топқа қосылады немесе жарамсыз деп табылады.
Тексерілетін мегежіндер дегеніміз - алғашқы буаздықты (шағылысқаннан соң бір айдан кейінгі) белгілеуден торайларды бөлуге дейінгі кезең, бұдан соң аналықты негізгі топқа қосады немесе жарамсыз деп табады.
Негізгі қабандар мен мегежіндер - жас төл алуға арналған ересек хайуанаттар табыны (негізгі өндіріс құралдары).
Жетекші топ - негізгі қабандар мен мегежіндерден іріктеп алынып, мал басын толықтыратын жас төл алуға арналған, сапасы бойынша ең өнімді деп бағаланған хайуанат ұрпақтары.
Хайуанаттардың дамуын, олардың өнімділігі мен жиынтық кластарын шағаруды бағалауға лайықты шкалалар пайдаланылады. Барлық қолтұқымдар шкалалар жасаған кезде өнімділік бағыты мен деңгейі бойынша үш топқа бөлінеді:
1-топ - ірі ақ шошқа, украиндық далалық ақ шошқа, салпаң құлақ ақ шошқа, латвиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене бітімі және сырт пішінін сынау
Терісі бағалы аңдарды боннтировкалау
Биязы жүнді қойларды бонитировкалау
Әр түрлі түлікті асыл тұқымды малдарды бонитировкалау ерекшеліктерімен танысу
Таза қанды малға
Жылқы өсіру әдістері
Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысын ұйымдастыру жайында
Ауыл шаруашылық малдарын бағалау және сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыру
Қой шаруашылығының практикумы
Қазақстан Республикасының аумағын жер-бағалаулық аудандастыру
Пәндер