Азық құрамына әсер етуші жағдайлар


ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі
С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
Ветеринария және мал шаруашылығы факультеті
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Азық құрамына әсер етуші жағдайлар
Орындаған: Зекен Серікжан
Тексерген: Коржикенова Н. О
Астана 2016
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Азықтың құрамына және қоректілігіне әсер тигізетін факторлар
ІІІ Қорытынды
Кіріспе
Біздің елде азықтарды әралуан табиғи және әртүрлі шаруашылықтар жағдайында дайындайды, осы себептерден де азық дайындау саласын тиімді ұйымдастыру арқылы олардың қоректілігін жоғарлату ғана емес, онымен қатар мал шаруашылығында азықтарды дұрыс пайдалана алу үшін, әсерін тигізетін эколо-географиялық және технологиялық факторларды білу қажет.
Ауыл шаруашылық малдарды азықтандырғанда негізінде өсімдік тектес азықтарды пайдаланады. Азықтардың химиялық құрамы және қоректілігі, топырақтың және ауа-райының жаңдайынан, өсімдіктің түрінен және сортынан, агротехникалық жүйеден, тыңайтқыштар енгізу мөлшерінен, консервілеу әдістерінен, сақтау және азықтандыруға дайындау технологиясынан байланысты.
Топырақ жағдайы. Әртүрлі өсімдіктердің қоректік заттарға мұқтаждығы және оларды топырақтың ерітіндісінен пайдалану қабілеті бірдей емес. Өсімдіктердің өнімділігі және химиялық құрамы, топырақтың құндылығымен тығыз байланысты, яғни өсімдіктердің өсіп-өну фазасында қоректік заттарға мұқтаждығын қалайша толық қамтамасыз ете алатын қабілеттік қасиетімен.
Топырақтың құндылығы тек оның табиғи қасиеттілігінен басқа, өсімдіктерді қандай әдіспен және технологиямен себіп-өсіруге де байланысты. Құнды топырақ құрамында тек қана жеткілікті еріген қоректік заттар ғана сақтамай, тыңайтқыш және суарылған сумен қабылданатын қоректік заттарды, өсімдікпен тиімді пайдалануын қамтамасыз ете алу керек.
Тәжірибе жүзінде, жақсы агротехника жүргізілген, көңділігі бай, былайша айтқанда микробиологиялық прцесстер және органикалық заттардың минералдануы пәрменді жүретін топырақтардың, құрылымы нашар, қоректік заттарды жетіспейтінге қарағанда, өнімі және азықтар сапасы жоғары.
Еліміздің әрбір аймағында топырақтың химиялық құрамы әртұрлі, кейбір химиялық элементтердің (йод, кобальт, мыс, фтор, мырыш және т. б) жетіспеушілігі және керісінше артықшылық аудандарда осыған сәйкес өсімдіктер құрамында да өзгерісшілік байқалады. Осының нәтижесінде өсімдіктер бойында сәйкесті аурулар пайда болып, малдар ағзасында кері әсерін тигізеді.
Ауа-райының жағдайы. Топырақ ерітінділерімен қоректік заттардың енуіне, фототүзілу процестеріне, ең соңында өнімділікке және өсімдіктер құрамындағы органикалық-минералдық заттар мөлшеріне тиімді температураның қосындысы, жыл кезеңіндегі ылғал мөлшері, өсіп-өну фазасының және күн көзінің түсу ұзақтығы өз әсерін тигізеді.
Азықтық өсімдіктер тәлім жерде (богар), ауа-райының температурасы төмен және жоғары мөлшерде, ылғалды жағдайда өсірілген болса, олардың құрамында құрғақ зат және протеин мөлшері, сол жерде, бірақ жылы және құрғақ жылдары өсірілген өсімдіктермен салыстырғанда төмендейді.
Астық тұқымдастар дәнінің химиялық құрамы, ауа-райының құрғақшылығы мен континендалдық ерекшелігі арасында байланыс бары дәлелденілген.
Өсімдіктердің химиялық құрамы, күн көзінің түсу ұзақтығынан да байланысты. Мысалы, таулы аудандардың оңтүстік беткейлерінде, солтүстік беткейлерінде өсірілген бір түстес өсімдіктердің құрамына қарағанда протеин мен каротинге бай.
Тыңайтқыштар. Көптеген азықтық өсімдіктердің өнімділігі мен химиялық құрамы қышқылды топырақты жерге, органикалық және минералдық тыңайтқыш енгізіп, әктеу арқылы өзгертілуі мүмкін.
Қышқыл топырақты әктеу, топырақ ерітінділерінен, өсімдіктердің қоректену элементтерін жақсы пайдалануға көмегін тигізеді. Бұл азықтық өсімдіктерінің, әсіресе бұршақ тұқымдастардың, өнімі мен минералдық құрамдылығын жоғарылатуда, агротехникалық шаралардың тиімді бір әдісі болып саналады.
Әртүрлі өсімдіктер түрі енгізілген тыңайтқыштарға бірдей сезінгіш келмейді. Бұршақ тұқымдастармен салыстырғанда, астық тұқымдас өсімдіктердің азотқа мұқтаждығы жоғары.
Бұршақ тұқымдастарға азотты орташа мөлшерде беріп, фосфор мен калий тыңайтқыштарын енгізгенде, өнімділігін жоғарлатуымен өзгереді.
Өсімдіктерді азотпен қамтамасыз ету ауыл шаруашылық егістіктің өнімін және азық құрамындағы «шикі» протеиннің мөлшерін жоғарлатудың негізгі бір әдісі.
Бір жылдық пен көп жылдық астық тұқымдас және астық-бұршақ тұқымдас қоспа өсімдіктер егісіне, орташа мөлшерлі органикалық 1 га 20 т қой көңі) және минералдық (1 га 60 кг азот) тыңайтқыштарды пайдалану, тек қана олардың өнімін жоғарлатуға көмегін тигізеді. Топыраққа азотты жоғары мөлшерде енгізгенде, өнімнің әрі қарай жоғарлағаны және өсімдіктің әр өсу бөлшектерінде шикі протеиннің концентрациясы өскен байқалған.
1-кесте. Аммиакты селитрамен тыңайтқанда сиыр жоңышқа - сұлы қоспасының өнімі, ц/га
Фосфорлы-калий тыңайтқыштың фонында азоттық тыңайтқыштың мөлшерін біртіндеп жоғарлатқанда, 1 кг енгізілген азот мөлшеріне шағып есептегенде, құрғақ зат өнімнің дәрежесі төмендейді.
Әртүрлі мөлшерде минералдық тыңайтқыштарды қолданғанда, азықтық өсімдіктердің пртеиндік құрамы өзгереді, атап айтқанда ақзаттық мөлшері төмендеп, ақзатсыз азотты заттардың концентрациясы жоғарлайды. Астық тұқымдас өсімдіктердің протеиінінде бұршақ тұқымдастармен салыстырғанда әдетте, ақзатсыз азотты бөлшегі көп болады. (2-кесте)
2-кесте. Аммиак селитрасын енгізгенде, сұлы және сиыр жоңышқа өсімдіктерінің құрамы, % құрғақ затында
Топырақ ерітіндісінен өсімдіктерге азот-нитрат, нитрит және аммиак қоспалар түрінде енеді; аминқышқылдарын, одан соң аұзат түзуге олар тек қана аммиакты пайдалануы мүмкін.
Топырақта, өсімдік бойында және күйіс малдарының қосалқы қарындарында нитратты аммиакқа дейін қалпына келтіру процесс төменгі үлгімен жүреді.
Нитрат Нитрат Гидроксиламин Аммиак
Нитраттардың аммиакқа дейін қалпына келтірілу қарқындылығы, қоршаған ортаның ылғалдылығына, температурасына, ортаның қышқылдығына (орташа pH 5, 5-6, 5) және ондағы көмірсу барлығына байланысты.
Осы себептерден де өсімдіктерде нитраттың (көбінесе калий нитраты түрінде) қорлануы-құрғақта, төмен температурада, аязда және ауа-райының бұлыңғыр кезінде күшейеді.
Күйіс қайыратын малдың қосалқы қарындарында, микроорганизмдермен нитратты және нитритті аммиакқа дейін қалпына келтіру, тек қана малды қантпен толық қамтамасыз еткенде және таз қарын жынының рН 6, 5-6, 7 артық болмаған жағдайда жүреді. Мал қанында нитраттардың және нитриттердің аммиакқа дейін қалыпқа келтірілуі аздап сілтілі (рН 7, 35) ортада өтеді.
Азотты минералдық тыңайтқыштарды енгізу де нитраттардың азықтық өсімдіктерде қорлануын қамтамасыз ете алады. Өсіп өну фазасы бірдей жағдайда өткенде, азотты тыңайтқыштың аммиакты түрі (мочевина, аммоний сульфаты), нитратты т. ріне қарағанда, азықтық өсімдіктер бойында нитратың аздау қорлануына себебін тигізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz