Витаминдер. Аскорбин қышқылының адам организміне тигізетін әсері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Аскорбин қышқылының адам организміне тигізетін әсері

Тамақ құрамында қоректік заттардан басқа витамин деп аталатын заттар болады. Витаминдер құрылыстық материал да, энергетикалық зат та емес. Соған қарамастан бұлар организм үшін өте қажет. Витаминдердің физиологиялық маңыздылығы сол - олар ферменттер құрамына енеді. Демек, витамин болмаса фермент түзілмейді. Фермент түзілмесе организмдегі реакциялар жүрмейді. Олай болса зат алмасу тоқтайды. Витамин деген атаудың өзі тіршілікке амин қышқылы деген ұғыммен байлаысты қалыптасқан. Бірақ, витаминдердің барлығына амин қышқылының болуы шарт емес. Кейбір витаминдер құрамында амин қышқылы мүлдем жоқ.

Организмге қажетті витаминдердің барлығы дерлік тағам құрамында дайын күйінде немесе провитамин күйінде болады. Кейбір витаминдер бауырда түзіледі, енді біреулері іштегі микрофлораларда синтезделеді. Микрофлоралар қорытылған кезде олардағы витаминдер адам организміне сінеді. Витаминнің бірі ұзақ уақыт жоқ болса не сол витаминнің сіңуі бұзылса адам ауырады. Мұндай ауруды авитаминоз дейді. Ал витамин жетіспегенде болатын ауруды гиповитаминоз дейді. Витаминдерді латын әріптерімен белгілейді және белгілі ауруды болдырмаушы ретінде, химиялық құрамына, т. б. қасиеттеріне байланысты атайды. Витаминдердің мынадай сипаты бар: 1) биологиялық активті; 2) аз мөлшерде болады; 3) жоғары арнайлығы - тек белгілі бір реакцияның не оның тізбегінің ғана орындалуына қатысады т. б.

Витамин - адам мен жануарлардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша «vita» - тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин қалаған. 1911 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.

Арнайы зерттеулер нәтижесінде гиповитаминозды болдырмау дәрежесі анықталды. Ол шаманы вититаминдік бірлік деп атайды. Витаминдік бірлік деп бір апта бойы тамақтанған кезде, тышқанның 10 г салмақ қосуына жеткілікті тамақ құрамындағы витаминнің мөлшерін атайды. Витаминдердің 2 тобы бар: майда еритіндер(А, Д, Е, К) және суда еритіндер(С, В, РР, т. б. ) .

Жұмбақ затты зерттеуші К. Функ 1911 жылы «витаминдер» деген термин енгізді, ал витаминдердің жеткіліксіздігінен дамитын ауруды авитаминоздар деп атады. Жеткіліксіз болған кезде құрқұлаққа ұшырататын зат осы аурудан емдейтін өнімдерде, яғни қарағай бұтақтары мен лимондарда болады. Оны бөліп алып, зерттеп, аскорбин қышқылы немесе С витамині деп атады.

Соңғы 30 жылдың ішінде тіршілік әрекетінің қалыпты жүруі үшін адам организміне үнемі қосуды қажет ететін С витамині тәрізді заттарды кқп мөлшерде тауып алуға қол жетті.

С витаминінің (аскорбин қышқылының) тәуліктік қажеттілігі 50-100 мг. Бұл бауырда, бұрыш, укроп, көк пияз, помидор, картоп, лимон, бүлдірген, қарақат, итмұрын, т. б. жемістер мен көкөністерде болады. С витамині организмде көптеген ферменттердің құрамына енеді. С витамині жетпеген жағдайда құрқұлақ (пинга немесе скорбут) ауруы дамиды. Өйткені қан тамырларының, сүйектің, жүрек етінің түзілуіне қатысты белоктар түзілмейді. Қан тамыры оңай жарақаттанады және ол ұзақ уақыт бойы жазылмайды, сүйек түзілу бұзылады, т. б.

С витамині организмде бірнеше қызмет атқарады: ол РНҚ-ның түзілуіне себепші болып, амин қышқылдарының тотығу процесін жеңілдетеді, стероидты гормондардың алмасуына қатысады, фолий қышқылының активтік көрстуіне себепші болады, коллагеннің түзілуін тездетуге және т. б. септігін тигізеді. Оның көптеген процестерге қатысуының айқындығына қарамастан әрекет ету механизмі егжей-тегжейлі толық зерттелмеген. Аскорбин қышқылының қайтымды тотығуға бейімдігі қандай жағдайда болса да сутегін беріп, дегидроаскорбин қышқылына өзгере отырып, осы витаминдерді реттейтін көптеген процестерде маңызыды роль атқарады. Аскорбин қышқылы әлсіз сілтілік ортада тұрақсыз, сондықтан тез тотығады, мыс иондарының тіпті өте болымсыз мөлшері қатысса да тотығу күшті тездейді; бұл процесте мысқа қарағанда онша активті болмаса да темір иондары катализатор болып табылады.

С витамині қышқыл орталарда да тұрақты, ол тіпті 100 С-ге дейін қыздыруға да төзеді.

Адам күнделікті 100-150 мг С витаминін қажет етеді. Оның негізгі көзі әдетте өсімдіктер, әсіресе қарақат, итмұрын, көк пияз, лимон, капуста болып табылады. Адам, маймыл және теңіз шошқасының оргаизмі химиялық жағынан жетілмеген - С витаминін синтездеуге бейімсіз. Оны қалған жануарлардың барлығы синтездей алады.

Әдетте ет өнімдері, нан және сүт С витаминінің қажеттігін өтей алмайтын болғандықтан, адам көкөніс пен жемістерді тамақтың рационына жеткілікті мөлшерде қосу керек. Тағамда углеводтардың көбеюі, сондай-ақ көп қара жұмыс істеген кезде С витаминіне қажеттілік арта түседі. Іс жүзінде С витаминіне жалпы қажеттіліктің едәуір бөлігі картоп есебінен өтеледі, онда бұл витамин мол болмағанымен де тағамға үнемі пайдаланылады.

Тағамда С витаминімен теңесе алатын В тобындағы витаминдер жеткілікті мөлшерде болса, организмнің инфекцияға төзімділігі артып, қартаю процесі тежеледі.

Көбінесе С витамині екі еседен көп мөлшерде қабылдаудан тұмау ауруы дамуын тежеп, аурудың халі жақсарады. Алайда бұл витаминді өте көп мөлшерде жиі пайдаланудан зиян келіп, ұйқысыздық, бас ауруы, ашуланғыштық және басқа да аскорбин қышқылымен төтенше активтелетін ферменттік системаның бұзылуын білдіретін бірқатар басқа белгілер пайда болады.

Мұндай жағдайда организм бұл витаминді тканьдерден тезірек шығарып жіберуге ұмтылады да соның нәтижесінде витаминді қабылдау тоқтатыла салысымен, оны бөліп шығарудың қарқынды жүретіні де соншалық, одан авитаминоз пайда болуы мүмкін.

С витамині (аскорбин қышқылы) су мен метиль спиртінде жақсы, этиль спиртінде нашар еритін, ацетон мен эфирде ерімейтін ақ кристалды ұнтақ.

Химиялық жағынан С витамині - аскорбин қышқылы. Организмде бос аскорбин қышқылы қалпына келтірілген / аскорбин қышқылы/ және тотыққан /дигидроаскорбин қышқылы/ түрінде кездеседі.

С витаминнің жануарлар организміндегі физиологиялық мәні өте үлкен. Клеткалардың тыныс алуына, белоктар мен қанттар алмасуына қатысу, организмнен улы заттарды шығару - аскорбин қышқылының негізгі биологиялық ролі. Аскорбин қышқылы дәнекер тканінің, коллаген мен хондрамукоид белоктарының бауырдағы гликогеннің пайда болуына, қарын шырынының бөлінуіне, тирозин қышқылының тотығуына, нуклеин қышқылдарының өзгеруіне қатысады.

С авитаминозының белгілері:

С витаминінің ұзақ уақыт жетіспегендігінен құрқұлақ ауруы пайда болады. Бұл авитаминоздың төрт белгісі бар : ішектің зақымдануы, ет пен теріге қан құйылу, буын мен сүйектердің өзгеруі және қанның азаюы

С дәрумені жайлы деректер:

  • С дәруменінің ең көп мөлшері барбадосс шиесінің құрамында кездеседі. жидектің 100 граммында 1677, 6 мг С дәрумені бар.
  • Цитрусты жемістер арасында құрамындағы С дәріменінің мөлшері бойынша көш бастайтын - апельсин. Піскен жемістің 100 граммында С дәруменінің 60 мг мөлшері бар. Ал лимонда 40 мг, грейпфрутта 45 мг, мандаринде 38 мг мөлшерде кездеседі.
  • С дәрумені термиялық өңдеуге шыдамайды. Қайнату барысында С дәруменінің 50-60%-ы жоғалса, көкөніс пісірмесін дайындау барысында 75-90%-ы жоғалады. Сондықтан жеміс-жидек, көкөністерді пісіріп не бұқтырып емес, жаңа піскен (шикі) күйінде жеген дұрыс.
  • Суық тию, тұмаудың алдын алу үшін көп мөлшерде С дәруменін қабылдаудың еш әсері жоқ. Эпидемиология және халық денсаулығы ұлттық орталығындағы аустарлиялық ғалымдардың зерттеуі бойынша, көп мөлшердегі С дәрумені сауығуға әсер етпейді. Оған қоса, АҚШ ұлттық денсаулық сақтау институтының дәйектері бойынша, біздің ағамыз бір күн ішінде С дәруменін 400 мг-нан артық мөлшерде сіңіре алмайды.
  • С дәрумені - арықтағысы келетін адамдар үшін пайдалы. Ол тотығу-тотықсыздану процессіне, ақуыздың түзілуіне қатысады. Сонымен қатар, ол ісінуді басып, организмде бос радикалдардың жиналуының алдын алады.
  • С дәрумені таблетка түрінде емес, жеміс-жидек, көкөністер арқылы организмге тез сіңеді. Оның табиғи заттардан тез сіңетіні дәлелденген.
  • Көбіне С дәруменінің жетіспеуі ішек ауыруы кезінде орын алады. Себебі ол тағамнан ағзаға сіңбейді. Оған қоса шылым шегу мен мен кофені көп ішу организмнен С дәруменін шығарады.
  • С дәрумені ұзақ сақтала алмайды. Көкөністе бір тәуліктен кейін С дәруменінің 40-60%-ы ғана қалады. Ал алмада үй айдан кейін шамамен 85%, жарты жылдан кейін 75% мөлшері қалады.
  • С дәруменінің бірнеше түрі бар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрамында витаминдер бар дәрілік шикі заттар
Витаминдер (Дәрумендер )— денсаулық тірегі
Витаминдер жөнінде жалпы түсінік
Дәрумендердің топтары мен түрлері
Сүт құрамындағы заттардың жиналуы
В тобына жататын витаминдер
Белоктар мен витаминдер
Өсімдік және жануарлар майлары. Майда және суда еритін витаминдер.
Сүт безі секреторлы клеткасының құрылысы
Құрамында витаминдер бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz