Қазақстанның сыртқы саясаты және тәуелсіздікпен жаңа болашақта жаңа серпін



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Ғылыми жұмыс тақырыбы: Қазақстанның сыртқы саясаты және тәуелсіздікпен
жаңа болашақта жаңа серпін.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.

1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
1.1 Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының бағыттары.
1.2 Біріккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстанның ядролық қаруға қарсы
бағдарламасының саяси маңыздылығы.

2. ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМ (ЕҚЫҰ) ЖӘНЕ
ЕҚЫҰ-ҒА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫ .
2.1 Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) және
ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалығы.
2.2 Қазақстанды ТМД бойынша әріптестерінің қолдауы және батыс әріптестері

Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Тәуелсіздік алған тарихи кезеңге- Қазақстан
сарабдал, әрі көреген саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қадам
басты. Қазақстанның сыртқы саяси бағдары ашық нарықтық экономика мен
демократиялық саяси жүйеге, ішкі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімге
негізделген. Біздің сыртқы саясатымыз әлемдік қауымдастықта жалпыға бірдей
көп векторлы саясатпен қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтып, өзара тиімді
ықпалдастықты дамытуды көздейді. Қазақстандық дипломатияның негізгі
қағидалары өзгеріссіз қала береді. Олар – белсенділік, теңгерімділік,
прагматизм, сындарлы диалог және көпжақты ынтымақтастық.
Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде халықаралық
тұрғыдан мойындалып, дербес сыртқы саясатын өздігімен жүзеге асыруды
бастады. Қазақстанның көпвекторлы саясаты түпкілікті жүйеге түсті және
елдің өсіп өркендеуі мен байқуаттылығына жұмыс істеп жатыр деп айтуға толық
негіз бар. Өзінің геосаяси орны мен экономикалық әлеуетіне байланысты
Қазақстанға дәл осындай саясат жүргізу қажет болды. Қазақстандық
дипломатиялық қызмет еліміздің халықаралық ұстанымын нығайтуға нақты үлесін
қосты.
Қазақстан Республикасының сәтті сыртқы саясаты оның мақсаттарына жету
үшін нысанасы мен мүмкіндіктерінің арасындағы қисынды теңгерімді сақтауға
негізделуі тиіс. Саяси-дипломатиялық құралдарды сыртқы саяси міндеттерді
шешуге шоғырландыру біздің еліміздің ұлттық мүдделерінің нақты маңызына
бара-бар болуы қажет. Халықаралық проблемалардың көпқырлылығы мен
күрделілігі, дағдарыстық жағдайлардың болуы олардың әрқайсысын да
Қазақстанның сыртқы саяси қызметінде басымдылық жағынан уақытылы бағалауды
талап етеді. Жаһандану жағдайында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен
оның ұлттық экономикасын қорғаудың саяси, құқықтық, сыртқы экономикалық
және басқа да құралдарының тиімділігін арттыруда.
Тұрақты экономикалық өсімнің арқасында еліміздің халықаралық орнын
нығайтуға қажетті мүмкіндіктер мен ресурстар қазір бар.
Біздің сыртқы саясатымызды дамытудың, Қазақстанның алдында тұрған
мақсаттарға жетудің негізі де болып табылады. Бұл ең алдымен, елдің
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экономикалық дамуына, азаматтарымыздың
бақуаттылығын арттыруға, шетелдердегі отандастарымыздың мүдделері мен
құқықтарын қорғауға қолайлы сыртқы жағдай жасау. Тәуелсіздігімізді сақтап
тұрудың ең басты стратегиясы – елдің сыртқы саясатын дұрыс ұстану. Сыртқы
саясатымыздың басты басым бағыттарын зерттеп білу осы ғылыми жұмысымыздың
өзектілігін көрсетеді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тәуелсіздіктің тұғыры – сыртқы
саясатты болжау. Ол үшін төмендегідей міндеттер шешу көзделді:
• Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігі және халықаралық аренада танылуы;
• Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы және
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы;
• Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының бағыттары;
• Тәуелсіз Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы;
• Тәуелсіз Қазақстан ядролық қаруға қарсы;
• Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) және
ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалығы;
• Қазақстанның кандидатурасын ТМД бойынша әріптестерінің қолдауы және
батыс әріптестері.
Жұмыстық нысаны. Ғылыми жұмыстың негізгі нысаны ретінде Ресей және
еліміздің тарих, саясат саласындағы ғалымдардың еңбектері пайдаланды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың
Қазақстан халқына арналған жолдаулары және өзге де нормативтік-құқықтық
актілер пайдаланылды. Атап айтсақ, 1993 жылғы 9 қазанда “Қазақстанның
болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” еңбегі жарияланды, маңыздылығы
Қазақстанның қазіргі кездегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел
тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілді. Сонымен қатар,
Сыртқы істер министрлігінің құжатамаларын айтуға болады.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Ғылыми жұмысын жазу барысында тарихшы
ғалымдар еңбектерін: атап айтқанда: Мусин Чапай, Манаш Қозыбаев, Мәмбет
Қойгелдиев және саясат мәселелеріне қатысты саясаттанушылар, сондай-ақ
тәуелсіз еліміздің алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаев, сыртқы істер
министрі Марат Тәжин және қоғам қайраткерлерінің де баспасөз бетінде
жарияланып жүрген мақалалары мен ғылыми еңбектерінің негізгі теориялық
тұжырымдары мен пікірлеріне сүйендік. ҚР Сыртқы істер министрі
М. Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Ауғанстан
мен Еуропа елдеріндегі елшілері қатысқан Сыртқы істер министрлігінің алқасы
отырысы күнтәртібіндегі 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰдағы төрағалығы,
Еуропаға жол мемлекеттік бағдарламасы бойынша негізделген.
Мемлекеттік сыртқы саясат, қарым-қатынастың дамытудың мәселелері кең
деңгейде қазақ ғалымдары Е.М.Арынов, А.К.Амринова, У.Б.Баймуратов,
А.Е.Есентугелов, А.Б.Көшербаева, А.С.Обаева, А.Д.Челекбай және тағы басқа
авторлардың ғылыми еңбектерінен көрінеді [15]. 1999 жылға арналған
мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін бекіту
туралы құжаты қолданылды.
Ресми статистика, Қазақстан Республикасының үкіметтік және кепілдік
берілген мемлекеттік сыртқы саясат жөніндегі министрліктер мен
ведомстволардың, халықаралық қаржы ұйымдарының деректері, сондай-ақ
авторлық зерттеулер және берілген саладағы жұмыс тәжірибесі пайдаланылды.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәселелері атты Вопросы Министерства
иностранных дел РК, ҚР-сы Үкіметінің 16.04.99 ж.N418 қаулысы қолданылды.
Елдегі жағдай,ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: жаңа
ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және саяси реформа; ҚР-сы
Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан маңызды ақпараттар берілді.
Жұмыстың құрылымы .Ғылыми жұмыс кіріспеден тиісті параграфтарға
бөлінген екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
1.1 Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының бағыттары

Сыртқы саясат — Қазақстан мемлекеттілігінің ажырамас бөлігі. Біздің
еліміздің болашағы көп жағдайда дипломаттардың қаншалықты табысты жұмыс
істейтіндіктеріне байланысты десек, артық айтқандық болмайды.
Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері:
-Мемлекеттік мүдделерді қорғау;
- Экономикалық реформалар мен демократиялық институттарды дамыту үшін
қажет өте жақсы жағдайларды қамтамасыз ету;
- Әлемдегі мемлекеттердің бәрімен тең құқықты үзеңгілестік пен
қызметтестікті дамыту;
- Жаһандық және аймақтық кірігу үдерісіне белсенділікпен қатысу;
- Жаһандық және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және
өркендету мақсатында, жетекші мемлекеттермен стратегиялық қызметтестікті
дамыту;
- Халықаралық ұйымдармен қызметтестікті дамыту
Екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда
мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға, байланыстыруға
болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми
зерттеулер жүргізу т.б. іс-әрекеттер жасау. Бұдан мемлекеттер ұтылмайды,
керісінше, ұтыстары молаяды [13,18].
Тәуелсіздік пен егемендік алғаннан кейін Қазақстанның алдында өз
мемлекеттілігін нығайту мен жетілдіруді қалыптастыру міндеттері тұрды. КСРО-
ның ыдырауы планетаның басқа аймақтарына қарағанда негізі жоқ жаңа
мемлекеттердің пайда болуына емес, тарихи тамыры терең, бір кездері
жоғалтылып алынған мемлекеттіліктің жандануына алып келді. Егемен
Республикаға көптеген маңызды мәселелерді шешу керек болды:
1. бір экономикалық жүйеден екіншісіне көшу;
2. демократия процесін дамыту;
3. әлеуметтік және ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту;
4. сыртқы саяси бағытты айқындау;
5. аумақтық тұтастықты сақтау;
6. заң шығарудың өз дамуының қабылданған үлгесіне сәйкес келу мәселесі;
7. жаңа мемлекетаралық ынтымақтастық арқылы интеграциялық процестерді
дамыту.
Тәуелсіздік алғаннан кейін екі айдан аса уақыттан соң (1992ж. 2 наурыз)
Қазақстан Біріккен Ұлттық Ұйымының мүшелігін алды, ал бүгінгі күні БҰҰ-ң 50-
ден астам әр түрлі ұйымдары мен бағдарламаларының, сондай-ақ басқа да
халықаралық ұйымдардың мүшесі немесе қатысушысы болып табылды [5, 442].
Олардың арасында: Азия Даму Банкі, ОБСЕ, Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау
Ұйымы, Бүкіләлемдік Интеллектуалды Мүлік Ұйымы, Бүкіләлемдік Кеден Ұйымы,
Тарифтер мен Сауда жөніндегі Бас Келісім Европалық Қайта құрастыру мен Даму
Банкі, БҰҰ-ң Европалық Экономикалық Комиссиясы Халықаралық Азаматтық
Авиация Ұйымы, Интерпол, МАГАТЭ, Халықаралық Валюта қоры, Біріккен Ислам
Конференциясы, БҰҰ-ң Даму Бағдарламасы, Бейбітшілік үшін әріптестік
бағдарламасы, Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ орталығы, т.б.
Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың
қауіпсіздік жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып
қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным
тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада еліміздің
мәртебесін көтерді. Еуразия одағын құру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен
сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі
бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Аталған
кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы
осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады.
Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған көпвекторлы саясаттың
дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мәнінде растап берді.
Тәуелсіздіктің басында қазақ дипломатиясының алдында ұлттық экономиканың
көтерілуіне жан-жақты ықпал ету, инвестициялар тарту, елдің экспортын
ұлғайтудың жолдарын қарастыру, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту
сияқты бірқатар маңызды мәселелер тұрған болса қазір де аталған бағыттарда
айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Енді бүгінгі күннің талаптарына сай
халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға әлемдегі экономикалық қатынастарды
жетілдіруге, тұтастай алғанда, ғаламдық деңгейдегі проблемаларды оң шешуге
үлес қосу басты мақсат болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстан сыртқы саясатында ең алдымен көрші мемлекеттер мен
ірі державалар арасында ынтымақты қарым-қатынас орнату арқылы егемендік
тұғырын нығайта түсуде.
Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын
береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы
негізінде жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Шымкент (Қазақстан)
және Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери
жаттығу өткізілді.
Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге
республикаға жол ашылды. 1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан астам
халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО – ірі халықаралық
ұйым. Ол – Білім, Ғылым және Мәдениет, “Адам және биосфера”, “Адам табиғи
ортада” т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды.
ЮНЕСКО – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында
елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи
және мәдени мұрасы және “Адам мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі
аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс
атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйым ЮНИСЕФ – Біріккен
Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің
жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл
жәрдем көрсетуді насихаттайды.
ЮНИСЕФ-тің Арал аймағының халқын сауықтыру жөніндегі бағдарламасы -
әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын
жақсарту, сумен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі
нақты шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан 800-ге
жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.
Соңғы жылдары Казақстан Еуропа Одағына (ЕО) мүше елдер арасындағы
қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен ЕО
үштігі — Орталық Азия елдері диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту
қажет. ЕО үштігі — Орталық Азия елдері аясындағы соңғы кездесу 2007
жылдың көктемінде Казақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті,
оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған
стратегаясы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында
Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті.
Демократиялық реформалар нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси,
экономикалық жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы және
әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің
республиканың ықпалының өcyi мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД
Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен G-8 саммитіне қатысуға
мүмкіндік берді. Саммит аясында Н.Ә. Назарбаев әлемдік және аймактық
державалардың басшыларымен кездесіп, олармен болған сұхбат барысында екі
жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді
талқылады.
Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде
болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет
бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда.
2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-
да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа
серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін
арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД
мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде
өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың
маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер
басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы
республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір
айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық
көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші
болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы
қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрагасы ретінде Қазақстан көлік және
коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрыңғы кеңес кеңістігінде
экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық
Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға
Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан,
Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық
мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай
септік етуде.
Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы
және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі
республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда
ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері
арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады.
Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі
турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды.
Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық
және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны
болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында
айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер
басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл
басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17
маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы
ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге
шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы
келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7
мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның
жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл
ұйым бейбіт сұхбат және Азия кұрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді
шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат
қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің
Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы
Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай
дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет.
Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймактық
ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың
басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап
Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына
ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі
бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР,
Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы
бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ
шеңберіндегі диалогарқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және
гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған
сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм,
экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері
талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі
маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік
етті.
Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде
сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке
айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты
дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету
керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны анғартады. Тәуелсіздік
жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция
құйылған. Мемлекеттің алтынвалюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005
жылға дейін алтынвалюта қорының көлемі 9 есеге көбейіп, ҚР Статистика
жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың
наурызында АҚШ Қазақстанға нарықты экономикалы мемлекет деген дәрежені
берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі.
Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік
бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56
орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында
көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа
сыртқысаяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көз-қарасы бойынша
Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы тұрақтылық экспортері
ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мумкін. Бұл
ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмккіндігі мен мемлекеттің табиғи
байлыкқары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика
болашақта қалыптасып келе жатқан ғаламдық энергетикалық қауіпсіздік
жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін
жетекші мемлекетке айналуы әбден мүмкін.

1.2 Біріккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстанның ядролық қаруға қарсы
бағдарламасының саяси маңыздылығы.

Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына енгендігі – біздің
еліміздің әлемдік қауымдастыққа шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде
кіргендігің көрсететің маңызды тарихи акция болып табылады.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына әлемдік қауымдастықтың қарапайым ғана
жаңа мүшесі ретінде емес, ядролық қарусыздандыру қозғалысының алдыңғы
қатарында тұратын, қазіргі кездегі маңызды халықаралық мәселелерді шешудегі
белсенді жақты ұстанатын мемлекет ретінде кірген. 1991 жылы Семей ядролық
полигонының Жабылуы мен 1992 жылғы Лиссабон Хаттамасына қосылуы –
Қазақстанға үлкен бедел әкеліп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының
жоғары трибунасынан халықаралық қауіпсіздік саласындағы өз бастамаларын
жариялауға моральды құқықты қамтамасыз еткен.
Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан делегациясының алғашқы қатынасқан
халықаралық форумы – 1992 жылы өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясының 47 сессиясы болды. Аталған сессияда Қазақстанның халықаралық
саясаты жөнін-де елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сөз сөйлеген. Сөзінде ол Азиядағы
Ынтымақтастық пен Сенім Шаралары жөніндегі Кенестің шақырылуың ұсынып,
Қазақстанның экологиялық зардап шеккен аймақтары туралы баяндама жасаған.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан өкіметінің қарусыздандыру облысындағы
белсенді рөлі мен бұл саладағы барлық халықаралық келісімдерге жолын
ұстаушылықты өте жоғары бағалыды.
Біздің еліміз Орталық Азиядағы бейбіт сақтау мен қауіпсіздік саласына
өте үлкен маңыз беріп, бұл аймақта ядролық қарудан бос зонаны құруға
атсалысады. Біріккен Ұлттар Ұйымы осы бастаманы асыруға Қазақстанға барынша
көмек көрсетуде.
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын нығайтуға үлкен
көніл бөлгендіктен, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік орнату
қызметіне белсенді қатысады. 1995 жыл ы ТМД елдерінің бастамасы бойынша
Орталық Азиядағы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік орнату
батальонына Қазақстан жағынан да бір топ сарбаздар жіберілді. 1996 жылы
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік қолдау операцияларына
қажетті Резервттік Келісімдер Жүйесіне 51-ші мемлекет етіп қосылған.
Қазіргі таңда бұл жүйеге қатысушы елдердің саны 70-ке жуық.
Орталық Азия аймағына және жалпы әлемдік қауымдастыққа қауіп төңдіретін
Ауғананстандағы тұрақсыздықты Қазақстан әрқашанда бейбіт жолмен шешуге
тырысып, Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті резолюция-ларын қабылдағанға
тиянақты ұсыныстарды жасайды.
Біздің еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы позициясы - Біріккен Ұлттар
Ұйымымен қарастырылатын барлық сұрақтар төнірегіне қатысты Қазақстанның
мүдделерінен қалыптасады. Осында Біріккен Ұлттар Ұйымымен экономика,
экология, әлеуметтік саланың, халықаралық құқықтың ілгерішілді дамытуы,
адам құқықтарының сақталынуы, сыбайлас жиемқорлық пен есірткі бизнесімен
күресу саласындағы ынтымақтастыққа айрықша көніл бөлініп, оны нығайтуға
шаралар қолданылып, жаңа ұсыныстар жасалынады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 53 сессиясында Қазақстан Орталық Азиядағы
транзит төңірегінде резолюцияны қабылдауға бастама жасаған. Бұл
резолюцияның қабылдануы Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемелері мен
басқа халықаралық ұйымдардың тарапынан біздің аймақтағы транспорттық
жүйелері мен Европа мен Азия арасындағы транспорттық байланыстың дамыту
бағдарламаларың ойластырылып, оларды асыруға халықаралық құқықтық негізін
бекітеді. Резолюцияның шарттары Қазақстан өкіметі, оның министрліктері мен
халықаралық ұйымдар бен басқа тараптардың арасындағы келісімдерді құрғанда
пайдаланылады, акттердің бәрі оларға сәйкес жасалынады.
Халықаралықаралық және қазақстанстандық сарапшыларының бірлескен
жұмысының нәтижесі – Бас Хатшының Семей полигонындағы жағдайы туралы
Баяндамаға материалдарды дайындау; төрт негізгі облыстарда: денсаулық
сақтауда, экономикада, экологияда, ақпараттықта жобалық ұсыныстарды
дайындау болды. Бұл бандама 53 сессида жан – жақты қарастырылды.
1997 жылдың 16 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясының Семей полигоны жөңінде қабылданған резолюцияға сәйкес
Қазақстан өкіметі мекемеаралық комиссияны құрған.
Осындағы ең маңызды мақсат – Семей полигонындағы өткізілген ядролық
сынақтардың нәтижелерін жою. Осыған орай, Біріккен Ұлттар Ұйымының
сарапшылары ұлттық және халықаралық күштердің қолданылудың бес басымдық
секторларын анықтаған:
1. денсаулық сақтау
2. экология мен қоршаған орта
3. экономиканы қалпына келтіру
4. гуманитарлық көмек
5. ақпараттың таратылуы
Бұл басымдық секторлардағы жұмыстардың асырылуы 50 млн. доллар
төңірегінде қаржы – қаражатты талап етеді. Қазіргі таңда Қазақстан
құрылымдары осындай жұмыстарды қаржыландыра алмағандықтан, олардың
атқарылуы тікелей халықаралық ұйымдардың көмегімен байланысты. Осыған орай,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бірнеше резолюциялар қабылдаған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының қалыпты дамытудың кең спектрін қарастырудыдағы
терең еліктіруі – жоғарғы деңгейдегі әлемдік конференциялардың өткізілуінде
айқын көрінді.
1. 1993 ж. Венадағы адам құқықтары жөнінде
2. 1994 ж. Каирдегі халықтың қоныстануы мен дамытуы жөнінде
3. 1995 ж. Копенгагендегі әлеуметтік дамыту жөнінде
4. 1996 ж. Стамбулдағы тұрақты мекендер жөнінде, және т. б.
Қазақстан аталған форумдарда алғашқы күйдегі құжат жобаларына
ұсыныстарды ғана жасамай, сонымен қатар оларды ұлттық деңгейде асыруға
белсенді ат салысты.
Біздің еліміздің Конституциясы барлық Қазақстан халықтарының теңдігін;
адамның нәсіліне, жынысына, тіліне, діни сеніміне, саяси көзқарастарына
және басқа уағыздауларына қарамай негізгі құқықтар мен еркіндіктердің
жариялануы толығымен Венадағы Декларацияға және Адам құқықтары облысындағы
әрекеттер Платформасына сәйкес. Қазақстан Республикасының Президенті
жанында Адам құқықтары жөніндегі Комиссияның құрылғаны - Біріккен Ұлттар
Ұйымында адам құқықтарын қорғау облысында халықаралық құжаттардың іске
асырылуына бағытталған нақты қадам ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымында өте
жоғары бағаланады.
Жанұяның, әйелдердің, балалардың әлеуметтік қорғанылуы – мемлекеттік
саясатының ең приоритетті бағыттарының бірі. Біздің еліміз қатысқан
халықаралық әмбебап келісімдерінің бірі – Бала құқықтары туралы Конвенция.
1994 жылы аталған Конвенцияның Қазақстан Республикасының Парламентімен
жариялануы Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорымен (ЮНИСЕФ)
ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік берген.
Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметінің приоритеттерінің бірі халықаралық
құқық нормалары мен принциптерін бекіту, олардың ілгерішілді дамытуы мен
кодификациясы болып табылады.
Егер де Біріккен Ұлттар Ұйымында алғашқы жылдары жұмыс істеген
Қазақстан делегациясы тек халықаралық құқықтың ілгерішілді дамытуы мен
кодификациясы үрдісінің жалпы байқауымен шектелсе, ұлттық құқықтық базаның
дамуы мен құқықтық тәжірибенің нығаюымен – еліміздің бұл шеңбердегі
мүмкіндіктеріміз ұлғайған. Енді Қазақстан делегациясы сарапшылық түрде
келешек конвенциялар мен резолюциялар баптарының жобалары төңірегіндегі
дискиссияларға қатысып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық Құқық,
Халықаралық Сауда Құқығы комиссияларның отырыстарына жиі қатысады.
Осы жылдары ішінде еліміз қарусыздандыру, сауда мен транспорт,
экология, терроризммен күресу, гуманитарлы дипломатиялық құқық жөніндегі
келісімдердің қатысушысы болып қалды. Осы жылдары еліміз қатысқан
құжаттарының көбісіне депозитарий ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Хатшысы шыққан.
Соңғы жылдары Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арасындағы
ғарыштық кеністікті игеру саласындағы ынтымақтастықты ерекше атап кетуге
тура келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 49 сессиясында
Қазақстан Ғарыш Кеңістігін Бейбіт Мақсатта Пайдалану жөніндегі Комитетіне
(КОПУОС) сайланған. Бұл Қазақстанның ғарыштық саласын игеру үлесінің
әлемдік қауымдасты- ғымен мойындалуың көрсетеді. Осымен қатар, біздің
еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да арнайы комитеттеріне, ұйымдарына,
қорлары мен комиссияларына, агенттіктер мен басқармаларға тұрақты мүше
ретінде кіріп, барлық мәселелерді шешуде белсенді рөлді атқаруда.
Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі.
Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны
ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймелім
болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га. жері 40жыл бойы ядролық
сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тойсойған, т.б.
полигондары алып жатқан табиғи әсем, щұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлер де
1949 – 1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27- сі
атмосферада, 183 – і жер бнтінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы
саналған елдермен салыстырсақ 225, АҚШ – та 1032, Қазақстанда 500 – ден
астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап
шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбританияда, Қытай, Франция,
Үндістан, және Пәкістанда сыналған. Оның үстіне дүние жүзіне танымал
ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр Ресей ме Лонбор Қытай, Қазақстанға
шекаралас жақын жатқан аумақтар. Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен
техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс
мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен
Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихындағы бұл қасіреттің ізі бүгінгі
дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан
жерінде сыналған 500 – ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да
түсінікті. Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990
жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі облыстар бойынша
16686,1 мың га жерді қамтыған.
Полигондардың ішіндегі Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда
атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы.
Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының
аумақтары атом сынақтарының ордасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АСЫЛ МҰРА түркі антологиясы
Геосаяси сана мен саяси мәдениет
Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі туралы
Қазақстан ұлттық телеарнасы мен тәуелсіз КТК, НТК, 31 телеарналарындағы бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері
Балабақшаның даму бағдарламасын қалай жасайды?
М.Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі көне заманнан XX ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының кейбір мәселелері
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫҚПАЛЫ
Шығыс Қазақстан облыстық газетінің қалыптасу, даму кезеңдері (1931 – 2004 жж.)
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
Уақыт және тарих
Пәндер