Институт тарихы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің 1967 жылғы 13-мамырдағы №340 Қаулысына сәйкес ҚазССР Жоғары және арнайы орта білім беру министрлігінің №401 бұйрығымен Октябрьдің 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институты атауымен құрылды. Еліміздің алдыңғы қатарлы педагогикалық ЖОО - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында 29 бакалавр мамандығы бойынша болашақ мұғалімдер дайындау, білім беру, тәрбие жұмыстарын 26 кафедрада 365 оқытушы іске асырады, олардың 149-ы ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, 95-і магистрлер.

Институт тарихы

1996 жылы ЖОО оңтайландыруға байланысты Жамбыл педагогикалық институтына Жамбыл университеті статусы берілді. ЖОО-на қойылатын барлық талаптарға сай келетін Жамбыл университетін негізге ала отырып, 1998 жылы үш жоғары оқу орнының бірігуі нәтижесінде М. Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті құрылды. 2004 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің №128, 2004 жылғы 3-ақпандағы шешімдерін жүзеге асыру туралы» №174, 2004 жылғы 4-наурыздағы бұйрығына сәйкес Тараз мемлекеттік педагогикалық институты болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішінің өзгеруіне байланысты 2010 жылғы 3-ақпанда ТарМПИ-ге 29 бакалавриат және 10 магистратура мамандығы бойынша №0137347 АБ сериялы мемлекеттік лицензиясы берілді. Институт 2010 жылғы қыркүйекте Болоньяда Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. 2011 жылғы 5-қыркүйекте ТарМПИ ISO 9001 -2008 АFNOR (Франция) халықаралық сертификатын және 2011 жылғы 14- қазанда Интерсерт Консалтинг центр Азия (Қазақстан) сәйкестік сертификатын алды. 2012 жылы институт ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттелді.

Институт «Университетке» айналды

Әр адам мектеп қабырғасында білім алып, ұстаздан тәлім үйренеді. Мұғалім білімді болған сайын шәкірттің де танымы терең болады. Ол үшін ұстаздардың білім жинайтын, қалыптасатын ордасы болуы қажеттігі заңдылық. Сондай мұғалімдер ордасының бірегейі - Тараз мемлекеттік педагогикалық институты. Аталған білім ордасына жарты ғасыр толып отыр.

Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мен ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің 1967 жылғы 13 мамырдағы №340 Қаулысына сәйкес ҚазССР Жоғарғы және арнайы орта білім беру министрлігінің №401 бұйрығымен Октябрьдің 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институты ашылған. Сол Октябрьдің 50 жылдығы атындағы білім ордасы ашылғалы да 50 жыл өте шыққан екен. Осынау жылдар ішінде институт қабырғасынан қоғам қайраткерлері, даңқты академик-профессорлар, министрлер, әкімдер, жазушылар, ақындар, әлемде олжа салған спортшылар, өнер қайраткерлері мен өнер әлемінің жұлдыздары түлеп ұшты.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдық мерейтойы білім ордасы музейінің ашылуы рәсімімен басталды. Музейдің лентасын қию құрметі Қазақстанның Еңбек Ері, ТарМПИ түлегі Аягүл Миразова мен көрнекті ғалым Мұхтарбай Өтелбаевқа бұйырды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы мәжіліс залында Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Дария Қожамжарова, Түркияның Карабюк университетінің профессоры Енвар Капаган, Өзбекстан Республикасы Джизак мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Әбдухапар Маматов «Түркі әлемі» халықаралық ғылыми журналын шығару туралы меморандумға қол қойды.

ТарМПИ ректорлары Аллеясы ашылды. Осы кезге дейін аталған институтты 11 ректор басқарыпты. Бұл жерде академик Мұрат Жұрынов, ТарМПИ-дің экс-ректоры Мұхтарбай Өтелбаев, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев сөз сөйлеп, Аллеяның ашылуы институттың дамуына атсалысқан кісілерге құрмет, студенттерге тағылым болатынына тоқталды.

Институт ректоры Дария Қожамжарова мен студенттік ректоры Диас Бәйдібек «Болашаққа хат» капсуласын мемориалды тақтайшаның астына бекітті. Бұл - тарихи сәт. Бұйыртса енді осы институттың 50 жылдан кейінгі студенттері әлгі аманат хатты оқып, құрметтейтін болады.

Оқу ордасының мерейтойы «Баласағұн» орталық концерт залында «Заманауи білім беру тенденциялары: болашаққа көзқарас» тақырыбындағы І Халықаралық ғылыми Конгресінің пленарлық мәжілісімен жалғасын тапты.

Конгрестің модераторы, институт ректоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Дария Қожамжарова білім ордасының тарихына терең тоқталып, баяндама жасады. Ол алдымен жиналған қонақтарды, оқытушылар мен студенттерді институттың 50 жылдық мерейтойымен құттықтап, айтулы шараға Болгария, Чехия, Германия, Түркия, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан елдерінен, еліміздің барлық аймағынан өкілдер келгеніне ризашылығын білдірді.

Ректордың баяндамасы «Қазақ қоғамындағы мұғалім кім?» деп аталды. Дария Пернешқызы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Білім бәрінен биік тұруы қажет» деп атап өткенін көпшіліктің есіне салды. Одан әрі институт басшысы әлемдегі 4 мыңнан астам мамандықтың ең абыройлысы - ұстаздық екеніне, қазақ даласында алғашқы мектеп 1850 жылы Орынборда ашылғанына, өткен ғасырдың басына дейін қазақ мұғалімдері қысқа курстан алған білімдерімен шектелгеніне тоқталды.

«Елу жылда ел жаңа» демекші, бұл институт келесі қадамдарын Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті болып жалғастыратын болады. Ұстаздар ұясына біз де сәттілік дейміз.

Реферат

Тақырып:

Орындаған:

Тексерген:

Группа:

Курс:

Тараз 2017

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан АКСР-дегі білім, ғылым мәселелері: (1918-1924 жж.)
Әлуеметтік институттар туралы қоғамдық пікірлер
Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау және аралық аттестаттау өткізудің тәртібі
Қызылорда облысының мәдени даму белестері (1946-1991 жж.)
Тарихи археологиялық музей қорларын жинақтау тәртібі
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану. Әлеуметтану теорияларына кipicпe
1946 жылғы Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Авторлардың еңбектерінде жоғарғы оқу орындарымен даярланған ауыл шаруашылық мамандары
Мемлекеттік биліктің институттары
Әлеуметтік-құқықтық инстутуционализм және Дж.Коммонстың экономикалық ілімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz