МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ РӨЛІ


« Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесіндегі шығармашылық ойындарының рөлі. »
Курстық жұмыстың мазмұны
Теориялық бөлім
Кіріспе 3бет
Негізгі бөлім:
I-ТАРАУ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ РӨЛІ.
1. 1. Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесіндегі шығармашылық ойындарының орны. 8бет
1. 2. Тәрбие берудің ең тиімді тәсілі - ойын (Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы ой-өрісін дамыту ) . 11бет
1. 3. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы баланың тілін дамыту. 15бет
1. 4. Мектеп жасына дейінгі балаларды баланың психикалық дамуындағы ойынның ролі 19бет
II-ТАРАУ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ.
2. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ойын технологиясының түрі. 23бет
2. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы тіл байлықтарын арттыру жолдары. 32бет
2. 3. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ойын технологиясының түрі, маңызы 38бет
2. 4. Мектепке дейінгі жастағы балаларға ұлттық ойындар қолданудың түрлері. 41бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», - деген екен.
Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т. б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз - оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес. Даму - бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.
12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді.
Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастармен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған өмірмен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.
Үшінші міндеті: әсемдік даму «эстетикалық» барысында өмірге деген құштарлық мен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған ортамен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т. б. қауіп қатерден сақтану қарастырылады.
Қазақастан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруде дамытудың мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл бөлініп отыр.
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5 - 6 жастағы балалардың дене дамуымен психикалық саулығын қорғау және нығайту ақыл ойын жетілдіру, олардың бойында қарапайым білім негіздерін іскерлікпен, дағдылардың алғышарттарын қарай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. 5 - 6 жасар балалардың мектепалды даярлығы отбасыдан, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында, мектепке дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге асады.
I-ТАРАУ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ РӨЛІ.
1. 1. Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесіндегі шығармашылық ойындарының орны.
Кеңес дәуірінен бастап ойын ғылыми зерттеу пәні ретінде танымал. Ол балаларды тәрбиелеудің маңызды құралы ретінде кең көлемде қолданылған. Тәрбиелеу үдерісі қоғамдық қызмет атқара бастаған кездерден бастап, ғасырлар қойнауында ойын тәрбие құралы ретінде қолданылып келеді. Тәрбиелеудің әр алуан түрлерінде ойын ерекше орын алады. Себебі баланың болмыс табиғатымен үйлесіп жатқандығынан болса керек.
Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын мәселесі психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т. б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр.
Балалық шақ - ойынсыз қалыпты да мәнді емес. Баланы ойыннан алшақтату - бұл негізгі дамудың қайнар көзін жоғалту болып табылады. Сондай-ақ шығармашылық импульстер, әлеуметтік практиканың белгілері мен дәстүрлерінен, ұжымдық қарым-қатынастың микроклиматы (ахуалымен) байлығынан әлемді тану белсенділігінен т. б. алыстатады.
Балалар өте қызықты сәттерге толы ойындарды күнделікті тұрмыстық заттардың көмегімен өз әлемдерінде асқан құштарлықпен ойлап шығарады. Ойын балалардың өзін-өзі бақылауын сақтай отырып, адам іс-әрекетінің өмір тақырыптары туралы шексіз сюжеттер мазмұнымен қызмет көрсетіп ғана қоймай, ол тәрбиелейді, дамытады, әлеуметтендіреді.
«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі[1] . Ойын - баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге де болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда, болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше маңызды орын алатындығын білеміз.
Көптеген педагогтар мен психологтар ойынның өзіне тән маңызды ерекшеліктерін бөліп сипаттаған. Оқу тәрбие үдерісінің тиімділігі үшін ақпаратты енжар пайдаланушының орнына тұлғаның іс-әрекет субьектісі ретінде көрсетуге мүмкіндік беретін полифункциялық ерекшелік деп көрсетеді.
Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Психологияда және педагогикада ойын теориясын оның тарихи қалыптасуын оның әлеуметтік табиғатын, оның ішкі құрылымын, оның индивидтің дамуындағы мәнін Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин т. б. да ғалымдар қарастырды. А. Н. Леонтьев өзінің «Мектепке дейінгі ойынның психологиялық негіздері» деген еңбегінде балалардың сюжеттік-рольдік ойынның қалыптасуын келесідей түсіндірді. «Балалардың әрекеті барысында оның қарқынды дамуымен заттармен қарым-қатынас жасауына деген қажеттілігі арасында қайшылық пайда болады, келесі жағынан ол әрекетті жүзеге асыру операциялары дамиды. Бала машинаны өзі жүргізгісі келеді, өзі қайықпен жүзгісі келеді, бірақ оны жүзеге асыра алмайды, себебі бұл әрекеттерді жүзеге асыратын қажетті операцияларды әлі меңгермеген болғандықтан. Бұл қайшылық балаларда тек іс-әрекеттің бір типі арқылы шешіледі бұл - ойында, ойын әрекетінде.
И. Хейзинга ойынның пайда болуын мәдениетпен байланыстырады: «Мәдениет ойыннан пайда болған жоқ, бұл қателік. Алайда мәдениет ертеде ойындық форма ретінде көрінді. Мәдениет ең басыда ойналды, яғни өмірлік қажеттіліктерді өтеуге бағытталған іс-әрекет түрінде болды» деген.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі - ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады.
Психологтардың анықтауы бойынша, ойын балалардың өмірге бейімделулері кеңейіп, айнала қоршаған өмірді таниды. Өмір сүрудің белсенді іс-әрекетін, қарым-қатынастарын, адамгершілік мінез-құлық нормаларын игереді. Зейін, ес, қиял, ерік, ойлау сияқты психикалық үрдісті біртіндеп қалыптастыруға мүмкіндік алып, сөйлеу тілі дамиды. Сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі танып білуі жетіле бастайды. Мектепке дейінгі жаста ойын арқылы бала адамгершіліктің ең парасатты мінез-құлықтарымен қарым-қатынас жасай бастағанын байқаймыз.
Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандартының «Шығармашылық» білім беру саласының мақсаты: «мектепке дейінгі жастағылардың эмоционалдық сезім жүйесі мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту. Мұнда жеке шығармашылық құзіреттілікке анықтама берген. Жеке шығармашылық құзіреттілік дегеніміз - «жеке шығармашылық қабілеттерін танытуы, мәселелерді шешуде ерекше тәсілдерді ойлап тауып, түрлі жолдарын ұсына білу».
Шығармашылық - белсенді, мақсатқа бағытталған адамның әрекетінің нәтижесінде жаңа, ерекше бір заттың, нәрсенің пайда болуы. Шығармашылықтың дамуына жағымды әсер ететін жағдай туғызып, қажетті құралдармен қамтамасыз ету өте маңызды. Қазіргі таңдағы бірқатар психологтардың пікірінше, бала шығармашылығы дамуының керемет кезеңі - мектепке дейінгі шақ болып табылады. Сондықтан мектепке дейінгі жастағы баланың барлық әрекет түрінде шығармашылығының дамуына көп көңіл бөлінеді.
1. 2. Тәрбие берудің ең тиімді тәсілі - ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы ой-өрісін дамыту.
Бала тәрбиесі - күн сайын жүргізілетін тынымсыз процесс. Республикамызда қазіргі таңда бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөлініп келеді. Еліме, жеріме деген сүйіспеншілік балабақшадан бастап қаланады. Қоғам талабына сай балабақшадағы тәрбиеші ой-өрісі жаңашыл, шығармашыл деңгейде қызмет атқара алатын, мәдениеті жоғары, ізденімпаз, нәзік психолог, тынымсыз еңбекқор, терең білімпаз, шеберліктің шыңына шыққан тәрбиеші болуы керек. Әрбір тәрбиеші бүгінгі күн талабына сай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, ғылымилығын, міндеттері мен қағидаларын қайта қарас-тырып, әр түрлі пайда беретін тәсілдерді пайдаланудың мәні жеке тұлға ретінде дамуына, жалпы азаматтық, ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға міндеттіміз. Ал мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің басты құралы - ойын. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын- балаларға ақыл-ой, дене шынықтыру және сұлулық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын айналадағыны танудың тәсілі. Балалардың өмірінде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады, логикалық ойлауын дамытады.
Ойынды ұйымдастыру тәрбиешіден көп ізденісті талап етеді, себебі бала білімді игереді, ақыл-ой қызметі дамиды, өзара қарым-қатынас жасайды, белгілі бір нәтижеге жетеді. Дұрыс ұйымдастырылған ойын үлкен жетіс-тіктер есігін ашады, бала еркін, қызығушылықпен ойнап қана қоймай ізденімпаздық, тап-қырлық т. б. сезім қабілеттерін қалыптастырады.
Әр түрлі және мазмұнды ойын әрекеті баланың қоршаған өмірдің жаңалығын ашуға, зерттеуге түсінуге деген құлшынысын оятады. Ойын әрекеті баланың :
-Әлемді тануда, ой өрісінің, тілінің дамуына;
-Адами тәртіптердің тәжірибесін игеруге;
-Ұжымдық тебіреністердің тәжірибесінің жинақталуында ;
-Әлеуметтік қарым-қатынас қалыптастыруда ;
-Дене дамуында ерекше рөл атқарады;
Мағжан Жұмабаев «Адам денесі қоз-ғалуды тілейді. Адам неғұрлым жас болса, соғұрлым қозғалуды көп тілейді. Екі жастағы дені сау бала бір минут тыныш отыра алмайды. Күні бойы шаршау білмейді, ойнайды да жүгіреді» - деп бекер айтпаса керек. Бала-ларға алғашқы жеті жыл - денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең. Ойын балаларға тән алуан әрекеттер сынды бір текті емес және оның әрбір түрі бала дамуында өзінің қызметін орындайды. Ойынды қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, педагог ойынның көмегімен баланың қоршаған әлеммен, үлкендермен, құр-дастарымен қарым-қатынас жасауына көмектеседі.
Қозғалыс және ойын - бала ағзасы үшін биологиялық қажеттілік. Баланың денесін, денсаулығын ойын арқылы шынықтыруға да әбден болатыны белгілі. Дене тәрбиесінің бас-ты міндеттері: балалардың денсаулығын сақтау және нығайту дене бітімін дұрыс дамыту, организмдерін шынықтыру, қимыл және мәдени гигиеналық дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру. Баланың денесін шынықтыру үшін қимылды ойындарды пайдалану керек.
Дене шынықтыру құрал-жабдықтардың дұрыс іріктеп және қозғалыс әрекет түрлерінде орынды қолдануы балалардың:
-шығармашылық қабілеттері және дене сапаларын дамытуға;
-түрлі қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруға;
-дене және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеуге;
-дене шынықтыру жаттығулары мен спорттық ойындарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді;
Сонымен қатар баланың толыққанды психофизиологиялық дамуы мен олардың денсаулығын нығайту міндеттерін шешеді; Жаттығу кешенін орындау үшін баланың дербестігі, өзіне сенімділігі және қиындықты еңсеру үдерістеріне жеткен нәтижесіне қанағаттанарлық сезімі жақсы стимул болып табылады. Түрлі сипатта туындаған қиындықты (кездескен түрлі кедергілер, жасқаншақ, тол-қу, қимыл-қозғалысты орындау тәсілін білмейтіні және т. с. с. ) жеңу нәтижесінде ал-ған қанағаттанарлық ерік күшінің дамуына ықпалын тигізіп, қимыл-қозғалыс тәжірибесін байытады. Ойындық жаттығулар апталық тақырыпқа сай жинақталып, шығарма мазмұнымен тығыз өзара байланымда болады. Педагог оларды түрлендіріп, мазмұнын басқа да ойын тәсілдермен толықтырып қолданады. Қимылды ойындар баланың нервтік- психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды сапаларының қалыптасуына үлкен әсер етеді. Бұл ойындардан баланың еркі, тапқырлығы, батылдығы, шапшаңдығы, мәдени-гигиеналық дағдылары қалыптасып дамиды. Бұндай ойындарға: «Ханталапай», «Жасырынбақ», «Соқыр теке»,
«Сиқырлы таяқ», «Атқаума» т. б. көптеген ойындарды жатқызуға болады.
Қоршаған өмірдің қарапайым құбылыстары жайлы дұрыс ұғымдарды қалыптастыру, танымдық - психикалық процестерді, түйсікті, қабылдауды, қиялдауды, ойлауды, сөйлеуді дамыту, интеллектуалдық іскерлікпен дағдыны дамыту, ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін ойын арқылы дамытуға болады. Ақыл-ойды дамыту ойындарына: «Не өзгерді?», «Артық затты тап?»,
«Жеміс дүкені». «Асық ату». және т. б. жатқызамыз. Бұл ойындар баланың танымдылық белсенділігін оятып, зейінін және ес процессін дамытады.
Балалар ертеден бастап ән, ертегі тыңдайды, суреттер қарайды. Тәрбиеші баланың сұлулық сезімін тәрбиелеп, эстетикалық ұғым, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруы керек. Бұл қасиеттерді де тәрбиеші ойын арқылы іске асырады. Мысалы: «Мен жақсы көремін», «Гүлдер», «Күзгі жапырақ» т. б.
Әр балада кішкене кезінен бастап-ақ темпераментіне байланысты мінез-құлық нормалары қалыптасады, қоғамға деген мінез-құлық мәдениеті көріне бастайды. Достарына, туыстарына, ата-анасына жалпы қоғамға деген дұрыс көзқарас қалыптастырып, баланы шеберлікке, ептілікке, қиын кезде жол таба білуге, ақылдылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеуді де ойын арқылы іске асыруға болады. Мысалы: «Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып мадақтау», « Мен жақсы көремін», «Көмек», «Менің ең жақыным» және т. б. ойындарды ойнату арқылы нәтижеге жетуге болады. Әр бір топта міндетті түрде мінезі, темпераментіне байланысты болсын, үйіндегі жағдайға байланысты бір мазасыз, тым пысық немесе қорқақ балалар болады. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те - дегендей бұндай балаға іші пыспайтын, мінез құлқын дұрыс қалыптастыруа көмек беретін, қорқынышы болса жеңе алатындай ойындар ойнатуымыз керек. Мысалы: «Анам мені не үшін жақсы көреді?», «Мақтаулар» ойыны, «Шыңқ етер», «Мүсін» т. б. Ойын ойнатқан кезде сыртта бір де бір бала назардан тыс қалмау керек, ойынға міндетті түрде бәрі қатысуы керек, ойынның шартын түсіндіріп, балалар түгел бәрі түсінгенде ғана басталуы керек. Тәрбиешілердің жылдық жоспарындағы ойындары бір ғана бағытта болмауы керек яғни, денсаулығын дамыту, ақыл-ойын дамыту, мінез-құлықты қалыптастыру, сұлулық тәрбиесін дамыту ойындары да болу керек. Біз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қана қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы ретінде қарауымыз керек. Міне осы кезде біз көздеген мақсатымызға жетеміз.
1. 3. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы баланың тілін дамыту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz