Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын қалыптастыру


«Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын қалыптастыру»
Курстық жұмыстың мазмұны
Теориялық бөлім
Кіріспе 3бет
Негізгі бөлім:
I-ТАРАУ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық фигуралар туралы түсінігі5бет
1. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың нәрсенің өлшемі, формасы және массасы туралы түсініктерін дамыту7бет
1. 3. Балаларға бөліктерге бөлінген үлгі бойынша фигура силуэттарды құрастыру 11бет
II-ТАРАУ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың шама ұғымына жалпы сипаттама 21бет
2. 2. Мектепке дейінгі ұйымдарда қарастырылатын шамалар және оны қалыптастырудың әдіс - тәсілдері. 28бет
2. 3. Мектепке дейінгі балаларда геометриялық білімді дамытудың деңгейлері 32бет
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, басты қажеттілік ретінде қабылданған.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың» мақсаты төмендегідей анықталған: «Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеудің және оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету» .
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастырып, педагогикалық кадрларға қойылатын талаптармен, олардың біліктілігін арттырып және қайта даярлап, бала дамуының деңгейін жүйелі бағалауды қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің негізгі нәтижесі ретінде баланың құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған .
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында-ақ балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісу тапсырылды. Бұл - еліміздегі әлеуметтік мәселені, балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін шешуді нақты жүзеге асыру болып табылады.
Математика - өркениет тудырған және оны барлық кезеңінде дамытуға ықпал етіп келе жатқан маңызды ғылым саласы. Қазіргі кез келген ғылым саласы математикалық әдістерді қолданып қана қоймай, математикалық заңдылықтар арқылы құрылады. Қазірігі ғылым мен техникаға жол тек қана математика арқылы өтеді. Математикалық білім беру математика ғылымның бір бөлігі ғана емес, жалпы адамзаттық мәдениет құбылысы. Ол адамзат ойының даму тарихының бейнесін береді. Сондықтан адамның мәдени дамуында математикалық білім беру үнемі маңызды роль атқарып келе жатыр.
I-ТАРАУ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық фигуралар туралы түсінігі
Геометриялық фигуралар жайындағы мәліметті балалар алғаш рет ойынан алады. Оқу жылының басында топқа шар, құрылыс материалдарын, мозайкалар т. б. енгізеді. Балалармен ойнай бастаған педагог геометриялық фигуралардың дұрыс атын атайды.
Бұл уақытта баланың қабылдауын дамыта түсу керек, әр түрлі формалар туралы түсінік жинақтау керек. Алғашқы жастағы топта баланың шар және төртбұрышты ажырата білуді үйретеді. Бірақ кейбір балалар екінші кіші топқа алғаш рет келуі болады, сондықтан сабақты фигуралармен таныстырудан бастау керек. Кішкентайлар тобымен жұмыс істеген тәрбиеші шарды атап, оны атап көрсетеді, әр түрлі қимылдар жасап қолдан-қолға домалатады. Екі алақанымен дөңгелетеді, үстел үстінде дөңгелетеді, қимыл барысында тәрбиеші сөйлеп айтады: шар домалап жатыр. Мен шарты қолдан-қолға домалаттым. Балалар қолдарына шар алып дәл осы әрекетті қайталайды, кейін кімнің шары қандай түсте екенін анықтайды. Қорта келе, қолда қызыл шар ол домалап жатыр. Балаусада көк шар домалап жатыр. Мұхаметжанда жасыл шар ол да домалап жатыр барлық шарлар домалап жатыр.
Кейін балаларды кубпен таныстырады. Оларда заттың көлемін зерттеу тәжірибесі болғандықтан әр түрлі өлшемдегі кубтар ұсынылады. Алдымен тәрбиеші кубты көрсетіп атайды. Кейін екі түсі өзгеше куб көрсетеді және бұл не? Оның түсі қандай? Қай куб көп немесе аз деген сұраулар қояды. Балалар кубты әбден ұстап, зерттеп болғаннан кейін оның тұрақты екенін анықтайды. Олар үлкен кубтың үстіне кішісін қойып, бірдеңелерді құра бастайды.
Кейін бұл фигураларды салыстыру, топтастыру жаттығуын жүргізді. Балаларға үлгі бойынша бірнеше шар немесе куб алуды ұсынады.
Шар немесе кубты көрсет (3-4 фигураның арасынан) . Дәл сол түстегі немесе көлемі де сондай шарты тауып көрсет.
Куб және шарты айыра білу жаттығуы берілген белгілер бойынша заттарды теңестіруге кіреді.
Балалардың білім жиынтығын тексеру үшін тағы ойын ұйымдастырылады. Оларға тақтамен жұмыс құрады әр тесікке қажетті өз фигурасын (үшбұрыш, төртбұрыш, шар) орын орнына қою керектігін бір фигура екінші фигураның орнына шақ келмейтінін түсіндіреді. (Шар дөңгелек және оның тесігі де дәл солай, қолымен шеттерін ұстап шыққан педагог баланы заттың формасын сезімталдық қабылдауға үйретеді. Егер бала өзі істеуге қиналса оған қолмен батыл жүргізуді көмектесу керек.
Геометриялық фигураларды оқытуда балаларға қолмен айналдырып көрсету, көзбен қадағалау маңызды болып саналады. Тәрбиеші фигураны көрсетіп оны атайды, кейін балалардан соны қайталауын сұрайды, кейін балалармен бірігіп дәл сондай қимыл жасауға шақырады. Балалар тәрбиешінің қолына қарап дәл соны қайталайды. Форманың қасиетін шығару үшін баладан қандай да бір қимыл жасауын сұрайды, фигураларды дөңгелеткен бала дөңгелекті домалап, ал тік төртбұрыштың домаламайтындығына көз жеткізеді. Не үшін тік төртбұрыш домаламайды? өйткені бұрыштары кедергі жасайды. Тік төрт бұрыштың дөңгелек бұрышы жоқ, сондықтан домаламайды.
Фигура туралы түсінік құру үшін оның моделін қолданады (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш т. б. ) картоннан, қағаздан істелгенін пайдаланады.



Қорыта келе сабақ соңына таман балалар әр түрлі фигуралардың ішінде төртұрышты, үшбұрышты дөңгелекті таба алады.
Мектепке келген балалар келесі геометриялық фигураларды ажыратып, дұрыс атай білуі керек: үшбұрыш, төртбұрыш, шар, цилиндр.




Ол заттан өздері білген көлемді табуды үйренеді. Бұл жұмысқа ереже бойынша 30минут бөлінеді. Оқу жылының басында тәрбиеші баланың көлем туралы білімінің деңгейін анықтайды. Еге балалар үшбұрыш пен дөңгелекті, төртбұрыш пен цилиндрды ажырата алмаса онда ұзын фигуралардың моделі салыстыру қажет болады.
Балалардың алты-жеті жасында ойлау қабілеті арта түседі. Сондықтан балаларға берілген тапсырма да күрделене түседі. Мысалы геометриялық фигураларды айыра білу керек. Екі-үш фигураны құрастыру арқылы қандай жақсы форма құрастыруға болады. Тапсырманы орындаған бала қандай фигураларды құрастыру арқылы, қандай фигура жасап шыққанын айтып бере алады. Балалармен бұлай жұмыс жасау арқылы баланың математикаға деген қызығушылығы артады, білімі жетіледі. Мектеп жасына дейінгі балалар мұндай қызықты тапсырмаларды ынталана отырып, шын ықыласымен орындайды. Мысалы, түрлі үйшік формалы фигурадан жалауша шығарады, жеті таяқшадан екі квадрат шығарады., конструкторлармен ойнай отырып одан қоян немесе тырнаның мүсінін шығарады. Өз беттерінше тапсырманы орындаған балаларды мақтап өзгелерге үлгі етеді. Тапсырманы өзің орындағанда ғана қызықты болатынын түсіндіре отырып, тәрбиеші баланың өзінен талап етеді.
1. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың нәрсенің өлшемі, формасы және массасы туралы түсініктерін дамыту
Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған «Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға; дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп атап көрсетілген
Бастауыш білім беру сатысы - үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен сабақтаса отырып, жеке тұлғаны қалыптастыратыны, келешекке жолдама беретін негізгі буын болып табылады. Бастауыш саты - мектепте білім берудің алғашқы сатысы, яғни бастауыш білім беру арқылы жалпы орта білімнің келесі сатысына дайындау мақсаты жүзеге асырылады. Ал сол бастауыштың алдындағы, яғни үздіксіздік пен сабақтастықтың алғашқы баспалдағы боп балабақшаның тұрары сөзсіз. Сондықтан болашақ бастауыш мектеп оқушыларын дайындау осы балабақшадан бастау алатыны айқын.
Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алғаннан бері қоғам дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндет пен мақсаттарға орай өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан-жақты жетілдіруді қажет етеді. Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде мектепке дейінгі буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім негізі - мектепке дейінгі ұйымдарда қаланбақ. Осы міндетті шешу барысында мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыру пәнінің де алатын орны ерекше екеніне сөз жоқ. Бұл бағытта істеліп жатқан іс-шаралар да аз емес, атап айтсақ: мектепке дейінгі мекемелерде оқытудың мемлекеттік стандарты, бағдарламалары жасалып, соларға сәйкес төлтума оқу-әдістемелік кешендер жазылуда. Осындай мәселелердің дұрыс шешілуі тәрбиешілердің теориялық білімі мен кәсіби мамандығының деңгейіне байланысты екені даусыз. Осы орайда, балалардың мектепке дейінгі математика курсында кездесетін өлшем, форма және масса туралы түсініктерін дамытудың кейбір ерекшеліктеріне тоқтала кетейік.
Нәрсенің өлшемі, формасы және салмағы, бұлар оның қасиеттері бола тұрып, алуан түрлі анализаторлар: көру, сипап сезу, бұлшық ет арқылы қабылданады. И. М. Сеченов обьектілердің (кеңістік, уақыт, орын ауыстыру) қасиеттері рецепторлық аппараттардың қозғалыс процессінде өзгермей қайталанады деген болатын. Егер де нәрсе тура біздің жанымызда тұрса, біз оның өлшемін, формасын сипап сезіп немесе көріп барып қабылдаймыз. Алайда алыста тұрған нәрселердің өлшемі мен формасын көріп қабылдау бір қатар шартқа байланысты, олар: нәрсенің қабылдаушы адамнан қандай қашықтықта тұрғандығы, нәрсенің тұрған қалпы (көру бұрышы бірдей болғанда оның горизонталь немесе вертикаль қалыпта тұруы) ; екі нәрсені қабылдау және салыстыру олардың қабылдаушы адамнан бірдей немесе әр түрлі қашықтықта тұрғанына байланысты.
Қашықтықта тұрған нәрсені көріп қабылдауға тек көру ғана емес, сонымен қатар көздің бұлшық еттерінің қимылы да қатысады.
И. М. Сеченов өзінің «Сезім мүшелерінің физиологиясы» және «Мидың рефлекстері» деген еңбектерінде нәрсе өлшемін қабылдаудың перифериялық механизмі деген көздің тор қабығында пайда болған кескін өлшемі мен көздің бұлшық еттерінің жиырылуы екеуінің заңды өзара әрекеті болмақ. Нәрсенің өлшемі белгілі бір көру бұрышымен көру осьтері сәйкес түрде түйіскенде барып қабылданады, ал осьтердің осылайша түйісуі бұлшық еттер сезімімен шамаланады. Көру бұрышы шамасының өзгеруі нәрсенің қандай бір өлшемінің торқабыққа түскендік белгісі болмақ. Алайда тор қабыққа түскен кескінге қарап нәрсенің өлшемі жөнінде ештеңе айта алмаймыз, өйткені қабыққа түскен кескін нәрсенің тұрған қашықтығына байланысты. Нәрсенің өлшемін көріп айыру көру анализаторлары бөліктері-көздің тор қабығы мен оны қимылдататын бөлігі- көздің бұлшық еттері арасындағы қабықтық байланысты тағайындау арқылы орындалады, ал бұлшық еттер болса, тұрған қашықтығына қарай нәрсені қабылдауға көзді икемдеп отырады.
Сонымен, нәрсенің шамасы (басқа, кеңістік белгілерін қабылдағандай) қабылдау көздің қимылымен орындалады. Сондықтан бұлшық ет сезіміне И. М. Сеченов ерекше роль беріп отыр.
Бұлшық ет сезімі арқасында көз де, қол сияқты, нәрсені «сипап қарап шығады». Ол өлшеуіш құралы қызметін атқарады. «Өлшеуіштер» қызметін қимыл нәтижесінде пайда болатын түйсіктер атқарады. Аталмыш өлшеуіштер, қимылдамайтын көз атқара алмайтындай, нәрсені ыдыратып та әрі жинақтап қабылдауға септік жасайды. Бұл тұрғыда И. М. Сеченов былай жазған: «Кеңістік көрінісі деген өзінің ең алғаш дамуынан бастап өлшемдік көрініс болмақ».
Көз қимылының бағыты ненің қабылданатынына байланысты өзгеріп отырады, мысалы: ұзын не биік, кең не жуан, үлкен не кіші нәрсе болуы мүмкін. Өлшем қабылдауды дамыту процесінде нәрсені қолымен сипағанда пайда болатын түсініктер де маңызды роль атқарады. Алайда жаттығу процесінде тор қабықта пайда болған кескін мен көздің бұлшық еттері проприорецептор арасында, бір жағынан, уақытша байланыс тағайындалады, мұның нәтижесінде кейініректе, сипап тексеріп көрмей - ақ, нәрселерді көріп қана өлшемі жағынан салыстыру мүмкін болады. Өлшемді қабылдау механизмі ересек адам мен балаларда бірдей болып келеді. Алайда балада бұл механизм әлі дұрыс қалыптаспаған. Балада ішкі анализаторлық және анализатораралық байланыстардың күрделі жүйесі қалайша қалыптасады? Ал жаңа туған нәрестенің тор қабығы құрылысы жағынан бірдей екендігі жақсы белгілі, сондықтан нәрсенің оған түсіретін кескіні ересек адамдардағыдай болады. Бірақ, жоғарыда атап айтқанымыздай, тек сол тор қабықта пайда болған кескінге ғана негізделіп қабылданатын нәрселердің шамасы жөнінде пікір айтуға болмайды. Ал бала болса, бастапқы кезде қарай білмейді, яғни екі көзінің көру осьтерін бір нүктеге қадап және де екі көзін бір нүктеден екінші нүктеге аудара алмайды. Басқаша айтқанда, бала әзір көру анализаторының қозғалғыш бөлігін әлі де болса меңгере алмайды. Ондай ептілік тәжірибе жинақтау барысында қалыптасып әрі дамитын болады. Тәжірибесі жеткілікті болмағандықтан, кішкене балалар нәрсенің өлшемдері жөнінен жалған қорытынды жасайтын жағдайлар жиі кездеседі, өйткені олар жөнінде тор қабыққа түскен кескіннің өлшемдеріне қарап пайымдайды.
И. М. Сеченов балалардың нәрселерді өлшемдеріне қарап айыра білуін және тиісті анықтама бере білуін қалыптастыратын тұста қабылдау процесіне енетін сөздің ролін атап айтқан. Өлшемдерді әр түрлі нәрселерді және оның әр түрлі қашықтықта тұрған бөліктерін бірнеше рет қабылдағанда осы қабылдаулардың, нәрселердің атауымен және олардың өлшемдерін байланыстыра отырып, бала оларды салыстырып, атап үйренеді, ненің үлкен, ненің кіші екенін анықтайтын болып үйренеді. Нәрселердің әр түрлі өлшемдері жөнінде, бүтін және оның бөлшектері жөнінде осы аталған ұғымдары сипап сезіп түйсіну жолымен де айқындалады, ал ол түйсіктер сол ұғымдарды қабылдау процесінде көру түйсігімен ұштасып жатады. И. М. Сеченов былай деп жазды: «Бала көру сфераларының, тұтас нәрсенің және оның бөлігінің кескінімен тор қабығы жабылатындай, саны арасындағы айырмашылықты таба білуді үйренді. Енді бала оның тор қабыққа суреті түскен әр бөлек екі нәрсені шамасы жағынан, әрине, айыра алады, кескіні үлкен орын алып жатқан нәрсе үлкен болады және керісінше».
Сонымен, И. М. Сеченов өлшемдерді қабылдаудың көру негізіне алынатын күрделі шартты рефлекс біртіндеп, ұзақ уақыт тәжірибе жинақтау жолымен қалыптасады деп түсіндіреді. Бұл тәжірибе баланың жас кезінде өлшемдерді қабылдағанда бала өзі ойнайтын ойыншықтар мен нәрселерден алған көру, сипап сезу және бұлшық ет - такт түйсіктерінің арасындағы байланыстармен тағайындалады. Оның қабылдау жөнінде сезімнен туған тәжірибесі және де өлшемдерді шамалап білуі біртіндеп қалыптаса бастайды.
Мектеп жасына дейінгі үш - жеті жасар балалар өздеріне таныс көптеген нәрселердің өлшемдерін айыра алады. Үш - төрт жасар балалар үлкен допты не болмаса ұзын таяқты әкел дегенді дұрыс түсінеді. Олар бұл сөздерді ашық айтпағанымен, іштей біледі, сондай-ақ ұзындық параметрлерінің айырмашылығы жөнінде де түсінігі болады. Балалар ересек адам мен баланың фигурасын алыстан - ақ ажырата алады. Міне, осының барлығы өздері көптеп тәжірибе жасап жүрген нәрселердің өлшемдерін қабылдау тұрақтылығы жөнінде әңгімелейді. Кішкене балаларда өлшемдер туралы ұғымның шағын сипатты болатындығын ескере отырып, олардың тәжірибесінде өлшемдері алуан түрлі болып келетін бірдей нәрселер ғана ұшырауын қамтамасыз ету қажет.
И. М. Сеченов көрсеткендей-ақ, нәрсенің өлшемдерін қабылдауда нәрсе ұзындығының қандай бір белгісін білдіретін сөздің атқарар ролі үлкен. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін үлкен - кіші деген сөздер қабылданатын өлшемнің толық анықтамасы болмақ. Нәрсенің ұзыны не ені, биіктігі не қалыңдығы өзгере ме немесе бірден бірнеше өлшемі өзгере ме - бұлардың барлығын да балалар үлкен - кіші, артық - кем деп қана түсінеді. Төрт жасар балалардың іштей айтатын сөзінде өлшем деген сөз мәнісінің түсінігі болмайды. Көріп тұрған лентаның, мұнараның, кітаптың өлшемі қандай деген сұраққа төрт жасар балалардың көпшілігі жауап қайыра алмаған. Олар: «Өлшем дегені қалай?» - деп таңырқап сұрапты. «Мен оны түсінбеймін», - депті. Сұраққа жауап бере отырып, олар өздеріне көрсеткен нәрселердің түсін, олардың санын атаған, бірақ өлшемін атамаған.
Балаларды ұзындықтың алуан түрлерімен таныстырағанда тәрбиешілер өзінің айтып тұрған сөзінің дәл мәнісін ескере бермейді және ұзындық параметрлерінің дәл атауының орнына үлкен - кіші деп жиі айтып жүреді. Нәрселердің өлшемдерін салыстырғанда тіпті тапсырманың өзін дұрыс тұжырымдап айтпайтын жағдайлар да кездеседі. «Ұзындығы (ені т. б. ) сондай нәрсені тауып көрсет» деудің орнына тәрбиеші былай дейді: «Осымен бірдейді көрсет». Ал нәрсе дегеннің көптеген білгісі болғандықтан, бала ол тапсырманы өзінің білетін белгісіне лайықтап қана орындайтын болады. Бірдей деген көп мәнді сөз, сондықтан ол - тәрбешінің ойын ашып көрсете алмайды. Солай бола тұра, перцепциялық іс - әрекетке дәл сөз енетін болуы тиіс, әрі ол - ұзындықтың қай түріне болса да сәйкес ұғым қалыптастыруға септігін тигізетін болуы тиіс. Осындай дәл мәнді сөз айтылмағанда балалар әдетте және әрі қарай да тапсырма алғаш рет айтылған деңгейде қала береді.
1. 3. Балаларға бөліктерге бөлінген үлгі бойынша фигура силуэттарды құрастыру.
Балабақшада балаларға бөліктерге бөлінген үлгі бойынша фигура силуэттарды құрастыру ең алдымен танымдық процестердің қалыпты дамуын, логикалық дұрыс ойлауын қамтамасыз етеді. Фигура силуэттерді құрастыру барысында балалар фигуралардың пішініне сөздік сипаттамалар беріп, ажырата біледі. Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын. Бірінші кезеңде ең алдымен бөліктерге бөлінген үлгі бойынша фигура силуэтті құрастыруды талап етеді. Фигура силуэттарды құрастыру жаттығуы үлгіні тиянақты қарап алуымен басталады. Көріп алу арқылы бала фигуралардың негізгі бөліктерден құрауын басталатынын содан кейін қалаған бөліктері құрастыралатынын айта кету. Енді құрастырылған фигура силуэтті үлгі бойынша салыстыру. Екінші кезеңде бөліктерге бөлінбеген яғни тұтас үлгі бойынша құрастыру. Тәрбиеші балаларға фигуралардың қалай орналасуын дұрыс көріп алуды ұсынады. Есте сақтауының жүйесі негізінде бала өзі құрастырып болған соң, үлгіні қарайды. Бала бұл кезеңде ойланады, қателерін түзейді. Осыған байланысты «Танграм», «Вьетнамдық ойын», «Монголдық ойын» «Сиқырлы дөңгелек» ойындары бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz