Ерітінділердің құрамын сипаттау әдістері (массовая доля, объемная доля, молярная доля, молярная концентрация, молярная концентрация эквивалента, моляльная концентрация, титр)



Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Ерітінділердің құрамын сипаттау әдістері (массовая доля, объемная доля, молярная доля, молярная концентрация, молярная концентрация эквивалента, моляльная концентрация, титр).
Екі немесе одан да көп заттардың біркелкі араласу нәтижесінде түзілген өн бойында қасиеті бірдей жүйелер ерітінділер деп аталады.
Заттардың агрегаттық күйлеріне байланысты ерітінділер былай бөлінеді:
Газ күйіндегі ерітінділер қатарына газдар қоспасы - ауа, тұман, мұнай бетіндегі газ күйіндегі көмірсутектер қоспасын жатқызуға болады.
Сұйық ерітінділер - сұйық бойында еріген қатты, сұйық, газ заттары, теңіз, мұхит сулары, бензин, керосин, бояулар және т.б. дүниеліктер.
Қатты ерітінділер түрі - құймалар (болат, шойын) түрлі минералдар.
Табиғатта таза зат өте сирек кездеседі, көбісі қоспа, ерітінді түрінде ұшырасады.
Жан - жануарлар, өсімдік дүниеліктерінде орын алатын биохимиялық, физикалық және химиялық құбылыстар сұйық ерітінді түрінде өтеді.
Сұйық ерітінділер - еріткіш бір немесе бірнеше затты еріту арқылы алынатын болғандықтан, бұлардың түзілу табиғатын талдау барысында екі түрлі көзқарас бар - физикалық және химиялық.
Д.И.Менделеев ерітінділерді зерттеуге 40жылдай ғылыми жұмысын арнаған оның ерітінділердің химиялық теориясы 1887ж жасалды және экспериментпен бекітілді.
Бұл теорияның негізгі шарты:
1. Еру - ол, физика - химиялық күрделі процесс, оған энергияны жұмсауды талап ететін (∆H0), бөлінуімен (∆H20) байланысқан, еріген заттың молекуласы мен еріткіш молекуласының әрекеттесуі енеді.
2. Еру процесі экзотермиялық (мысалы, суда NaOH H2SO4 ерігенде), эндотермиялық (мысалы, суда NH4NO3 ерігенде) болуы мүмкін. Зат ерігенде бөлінетін жылуды еру жылуы деп атайды.
3. Еріткіш пен еріген заттың химиялық әрекеттесуі нәтижесінде сольваттар немесе гидраттар (егер су еріткіш болса) түзіледі. Құрамында су молекуласы болатын кристалды заттарды криссталлогидраттар деп атайды.
Ал, кристаллогидрат құрамына енетін суды кристалдық су дейді. Табиғи минералдардың көпшілігі кристаллогидратқа жатады:
Na2SO4 ∙10H2O - глаубер тұзы
KAl (SO4)2 ∙10H2O - алюминий ашутасы.
Сольваттар (гидраттар) донорлы - акцепторлық, ион - дипольдік әрекеттесу.
Ерітінделерді сандық сипаттау үшін концентрация ұғымын пайдаланады- ол көлем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
Газды қайта өңдеу
Топырақтың механикалық құрамы
Натрий гидроксиді
Пластмассаның сапа деңгейін бағалау
Химиялық мазмұны бар математикалық есептерді шешу әдістері
Қорғасын зауыты
Қымыз дайындау технологиясы, гигиенасы және вет.сан. сараптау
СЭС орталығында өткен іс-тәжірибеліден есеп беру
Пәндер