Күміс және оның қосылыстары: физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы (Қазақстандағы кен орындары)


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Күміс және оның ең маңызды қосылыстары, олардың физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы.

Қазақстанда күміс Бозшакөл, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Бақыршық, т. б. кен орындарында кездеседі.

Қазақша «күміс», орысша «серебро», немісше «зильбер», ағылшынша «сильвер» осы сөздердің барлығы ежелгі «сарпа» сөзінен шыққан, ол Ай дегенді білдірген, және анология бойынша жартылай ай - ежелгі адамдардың қаруының пішіні жарты ай тәрізді болған. Күмістің латынша аталуы «аргентум».
Күмістің қасиеттері.
Элементтің сипаттамасы. Күмістің атомын 5s деңгейінде бір ғана электронға ие, ал төмен 4 d10 деңгейі жатыр - онда 10 электрондар бар. Бұл деңгей, мыстың атомдары сияқты, электрондардың максимальды санына ие, ондағы электрондар бір-бірімен тығыз байланысады және сондықтан да күміс өзінің байланыстарында әрқашан да бір зарядты оң йон болып есептеледі. әрқашан да бір валентті дейге болады. Тек қана кейбір жағдайларда ғана ол өзін екі немесе үш валентті деп көрсетіп отырады. Бұл қосылыстарда күміс атомына электрондарды тек қана сыртқы жабынынан ғана емес, сонымен қатар келесі қабықтарынан да беріп отырады, сондықтан да онда он, тоғыз немесе жеті атомы қалады. AgCl, AgF, Ag2O, [Ag(CN) 2] қосылытарында күміс бір валентті - оның ионы бір оң зарядты алып жүреді, ал кұмістің фтор йонымен кешенді қосылысы [AgF4] - күмістің йоны үштік оң зарядқа ие. Бірақ та күмістің тұрақты катионы болып сулы ерітіндіде - өзгеріссіз бір зарядты катион болып табылады Ag+.

Таза күміс - жылтыр металл, оның беті кейде ақ болып көрінеді. Ол өте әдемі және өңдеуге тез көнеді, ол салыстырмалы жұсмақ және оны үлкен күшсіз де майыстыруға, кесуге және созуға болады. Күмістің балқу температурасы 961 С және жоғары жылу өткізгіштікке және электр өткізгіштікке ие. Көрінетін белсенділігіне қарамастан күміс ауада тез қараяды. Күмістің оттегіге қатынасы әртүрлі. Қарапайым жағдайларда (жоғары емес температура, қалыпты қысымда) осы элементтердің арасындағы байланыс айтарлықтай көрінбейді.

Химиялық қасиеттері:

Күміс өзінің көптеген қосылыстарында (+1) тотығу дәрежесін көрсетеді. Күміс оксидтерінің жоғарғы тотығу дәрежелерінің (+2 и +3) практикалық маңызы жоқ.

Күмістің активтілігі төмен. Электрохимиялық кернеу қатарының ең соңғы орындарында орналасқан. Қалыпты температурада күмі оттекпен, азотпен, сутекпен, кремний, көміртектермен әрекеттеспейді.

Қалыпты жағдайда күміс күкіртпен әректтесіп, күміс сульфидін түзеді:

2Ag + S = Ag 2 S

Ag2S -күмістің нашар еритін тұздарының бірі болып келеді. Бұл тұнбаның түсі әдетте қара болып келеді.

Күмістің негізгі қарайып кетуінің де негізгі себебі осы реакцияның негізінде жатыр. Күміс ауа құрамында болатын күкіртпен әрекеттесіп, қара түсті тұнба түзіп кетеді.

4Ag + 2H 2 S + O 2 = 2Ag 2 S + 2Н 2 O

Циан иондары болатын ерітінділерде Ag2S комплекс түзілу нәтижесінде ериді: Ag 2 S + 4CN- = 2Ag (CN) 2- + S 2-

Бұл реакция қайтымды реакция болып табылады. CN - иондарының концентрациясын ұлғайтып, S2- иондарын оттекпен тотықтыру арқылы жою нәтижесінде қайтымды реакцияны жүргізуге болады.

Сұйытылған минералдық қышқылдармен Ag2S әрекеттеспейді. Концентрлі күкірт және азот қышқылдары күміс сульфидін күміске дейін тотықтырады : Ag 2 S + O2 = 2Ag + SO 2

Күмістің маңызды комплекстік қосылыстарының ішінде калий, натрий цианидтерінен алынған қосылыстары болып табылады. Ол циан ертінділерін күміс металлын ауа қатысында еріту нәтижесінде пайда болады: 4Ag + 8CN - + O2 + 2Н 2 O = 4Ag(CN) 2 + 4OН -

Алтын сияқты күміс те тиомочевинаның сулы ерітінділерінде Fe(III) иондары қатысында Ag[CS (NH 2 ) 2 ] 2 + комплекстерін түзе отырып ериді

Галогендермен әрекеттесуі Күміс галогендермен қыздыру нәтижесінде әрекеттеседі: 2Ag + Br 2 = 2AgBr

Күміс галогенидтері - аз еритін қосылыстар. Бұл тек жеңіл еритін AgF қатысты емес. AgCl, AgBr Agl күміс ионы бар ерітіндіге (мысалы, раствор AgNO3), Cl, Вr және I иондарын енгізу нәтижесінде алынады. Олардың ерігіштік көбейтінділері 1, 8-10 -10 (AgCl), 5, 3-10 -13 (AgBr) и 8, 310 -17 (Agl) тең. Асыл металдардың гидрометаллургиясында күміс иондарын ерітінділерге NaCl немесе НСl енгізу арқылы күмісті хлорид түрінде тұндырады. Күміс хлориді 455 0 С-та балқиды

Күміс иондары (CN-, S2O3 - , SO 3 2- , Сl - , NH3, CS(NH2) 2 ) көптеген иондармен комплекстер түзеді. Осының әсерінен суда ерімейтін AgCl калий цианиді, натрий тиосульфаты мен натрий сульфаты ертінділерінде, аммикта жақсы ериді:

AgCl + 2CN - = Ag (CN) 2 + Сl -

AgCl + 2 S 2 O 3 2- = Ag(S 2 O 2 ) 2 3- + Сl -

AgCl + 2 NH 4 OH = Ag(NH 3 ) 2 + + Сl - + 2H 2 O

Күмістің қышқылдармен әрекеттесуі: Азот қышқылымен реакция қышқылдың концентрациясына байланысты әртүрлі өтеді. Концентрлі азот қышқылымен күміс AgNO3 және азот диоксидін NO2 береді. Ag +2HNO 3 = AgNO 3 + NO 2 + H 2 O. Ал сұйытылған азот қышқылымен AgNO3 және NO түзеді: 3Ag +4HNO 3 = 3AgNO 3 + NO + 2H 2 O

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Б топша металдары (мыс, күміс, алтын): физико-химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы және кен орындары
Бериллий (Be): физикалық және химиялық қасиеттері, қосылыстары, алынуы және қолданылуы
Титан және оның негізгі қосылыстары: таралуы, физика-химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Азот және оның қосылыстары: құрылымы, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Литийдің физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Литий және натрий: физикалық-химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Күміс: химиялық және физикалық қасиеттері, өндіру жолдары, табиғаттағы таралуы мен қолданылуы
Көміртегі және оның қосылыстары: химиялық қасиеттері, аллотропиясы және қолданылуы
Күкірт және оның қосылыстары: физика-химиялық қасиеттері, таралуы және қолданылуы
Альдегидтер: құрылымы, физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz