Минералды тыңайтқыштар, олардың ең маңызды қасиеттері, өндірісі және қолданысы



Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Минералды тыңайтқыштар, олардың ең маңызды қасиеттері, өндірісі және қолданысы. Минералды тыңайтқыштар -құрамында өсімдікке қажет элементтері бар бейорганикалық заттар. Минералды тыңайтқыштар топырақтың құнарлылығы мен ауыл шауашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін қолданылады. Минералды тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану дақылдардың өнімін арттырумен қатар, оның түсімінің сапасын жақсартады, топырақтықоректік элементтермен байытып, микробиологиялық процестерге әсер етеді. Минералды тыңайтқыштар тікелей және жанама әсер ететін тыңайтқыштар болып бөлінеді. Тікелей әсер ететін Минералды тыңайтқыштардың құрамында өсімдіктерге тікелей қорек болатын N, P, K, Mg, B, Mn, т.б. элементтер бар. Осы элементтердің мөлшеріне қарай жай және кешенді тыңайтқыштар деп бөлінеді. Жай Минералды тыңайтқыштардың құрамында өсімдікке қорек болатын негізгі элементтердің (азот, фосфор, калий) біреуі ғана болады, әрі олардың концентрациясы көп емес. Оларға азотты тыңайтқыштар, фосфор тыңайтқыштары, калий тыңайтқыштары және микротыңайтқыштар жатады. Жанама әсер ететін Минералды тыңайтқыштар (әк, бор, гипс, доломит) топырақтың агрохимиялық және физикалық - химиялық қасиетін жақсарту үшін пайдаланылады. Мысалы, топырақтың қышқылдығын жою үшін ұнтақталған әк, доломит, бор шашылады. Ал құрамында натрий иондарының (Na+) мөлшері көп топыраққа ұнтақталған табиғи гипс (CaSO4,2H2O) себіледі. Минералды тыңайтқыштар қатты (ұнтақталған, түйіршіктелген) және сұйық (аммиак суы, сұйық аммиак, т.б.) түрінде өндіріледі. Ерігіштігіне және өсімдіктердің сіңіруіне байланысты Минералды тыңайтқыштар суда еритін (қос суперфосфат, аммофос, диаммофос, нитроаммофос, т.б.), ерімейтін (бірақ аммоний цитраты менлимон қышқылының ерітіндісінде ериді) болып бөлінеді. Қазақстанда Қаратау мен Ақтөбе өңірінде Минералды тыңайтқыштар өндіруге қажет шикізат - фосфор кендерінің мол қоры бар. Ақтөбеде Кола түбегінен әкелінетін апатиттен жай суперфосфат, Таразқаласында Қаратау фосфоритінен суперфосфат, қос суперфосфат аммофос, диаммофос сияқты жай және кешенді тыңайтқыштар өндіріледі.
Азот тыңайтқышы: Құрамында қоректік элемент -- азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот -- тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда өсімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып (мысалы, орамжапырак пен жүгерінің), бойы еспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе, есімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі жоғарылайды. Топырақ арқылы азотты әсімдік аммоний ионы NH4+ және нитрат ионы N0^ түрінде сіңіреді. Азот тыңайтқыштары минералды және органикалық болып белінеді (4-сызбанұсқа). Азотты тыңайтқыштарға: калий, натрий және аммоний (NaN03, KN03,NH4N03) нитраттары (селитра) жатады. Олар -- ақ түсті, суда жақсы еритін кристалл заттар, онда коректік элементазот 15 -- 16% болады. Аммоний сульфатында (NH4)2S04 21%-ке дейін коректік элемент -- азот болады. Көп қолданылатын тыңайтқыштың бірі -- карбамид (мочевина) CO(NH2)2 құрамында 46%-ке дейін азот бар. Сұйық тыңайтқыш аммиак суы NHg, онда қоректік элемент азот 80% шамасында болады.
Фосфор тыңайтқышы: Фосфор -- барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, дәрумендердің кұрамында болады.
Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Фосфор тыңайтқышын топыраққа енгізу арқылы алынатын жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Фосфор тыңайтқыштары суда еритін, ерімейтін болып бөлінеді (5-сызбанұсқа).
Қазақстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу фосфорлы қосылыстар химиясын дамытуға негіз болды. Академик Ә.Б. Бектұров Қаратау фосфоритінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады. Фосфор қосылыстары мен фосфор тыңайтқыштарын зерттеуде Ә.Б. Бектұров және оның шәкірттері көп еңбек сіңірді. Қаратау бассейнінің фосфорит кенінен Тараздың және Шымкенттің өндірістік бірлестіктері және басқа химия кәсіпорындары фосфор тыңайтқыштарын өндіреді.
Калий тыңайтқышы: Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар -- қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін және ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит және карналит жатады. Силъвинит дегеніміз -- калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl,. Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 және калий нитраты KN03 жатады. Олар ақ түсті кристалл заттар.
Тыңайтқыш түрінде өсімдікке берілетін үш элементтің(фосфор, азот, калий) ішінде фосфордың орны ерекше, фосфор өсімдіктің дәніне жиналады басқалар - сабағы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық мелиорант, фосфогипс
Тыңайтқыштарды жіктеу
Химия өнеркәсібінің даму кезеңдері
Тыңайтқыштар және оның түрлері
Фосфаттардың химиялық технологиясы
Химия өнеркәсібі
Топырақ ерекшелігі
Фосфор туралы
Минералды тыңайтқыштарды пайдалану мөлшері
Тараз қаласындағы Қазфосфат ЖШС Минералды тыңайтқыштар зауыты филиалындағы практика
Пәндер