Әлеуметтік философия қоғамды танудың теориясы мен методологиясы ретінде



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік философия қоғамды танудың теориясы мен  методологиясы ретінде
Әлеуметтік философияның пәнің негіздеуден бұрын әлеуметтік деген
ұғымның мән-мағынасын анықтап алайық. Қазіргі заманғы философиялық
әдебиеттерде бұл ұғым тар және кең мағынасында қолданыс тауып жүр.Тар
мағынасында әлеуметтік деген ұғым қоғамның әлеуметтік саласын құрайтын
қоғамдық құбылыстардың ерекше бір жүйесін сипаттайды. Бұл салада адамдардың
тиісті мүддесіне сай белгілі бір мәселелер қатары қарастырылып, шешімін
табады. Кең мағынасында әлеуметтік деген ұғым қоғамдық деген ұғымның
синонимі ретінде қолданыс тапты. Әлеуметтік философияның пәні – біртұтас
әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғам, оның дамуы мен қызмет ету заңдары. Бұл
дегеніміз, әлеуметтік философия сан алуан қоғамдық құбылыстар мен
процестерді макродеңгейде, яғни бүкіл қоғам деңгейінде қарастырады. Оны ең
алдымен қызықтыратыны әлгі қоғамдық құбылыстардың арнайы ерекшеліктері
емес, керісінше олардың қоғамның біртұтас құрамындағы алатын орны мен оның
дамуы мен қызмет етуіндегі атқаратын рөлі. Сонымен бірге әлеуметтік
философия қоғамдардың бір-бірімен өзарабайланысын да зерттейді. Бүкіл
адамзаттың дамуын сипаттайтын қоғамдық процестер мен үрдістерде оның
назарында. Бұл сәтте оның зерттеу объектісі ретінде біртұтас тарихи
процесс, ондағы субъективтік және объективтік шарттардың өзарабайланысы,
даму заңдылықтары есептеледі. Адамдардың практикалық іс-әрекеті мен
қоғамдық қатынастарыда әлеуметтік философияның назарында деуге болады.
Өйткені өздерінің сан алуан практикалық іс-әрекеттері (өндірістік-
экономикалық, рухани, әлеуметтік-саяси, ғылыми, өнегелік, эстетикалық)
барысында адамдар өздеріне қажетті рухани және материалдық игіліктерді
өндіреді, табиғатты түрлендіріп, өзгертеді, қажетті рухани жағдай мен
әлеуметтік мәдени ортаны қалыптастырады. Адамдар бірлесіп еңбек ету
барысында өздерінің қоғамдық өміріне қатысты проблемаларын шешу үшін бір-
бірімен әр түрлі қатынаста болады. Бұл қоғамдық қатынастардың (өндірістік,
жан үялық-тұрмыстық, өнегелік, саяси т.б.) өзара бірлігінен қоғам құрылады.
Өйткені қоғам дегеніміз – бір-бірімен қоғамдық қатынаста болатын адамдар.
Тек қана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы
Тарих методологиясы, деректану жəне тарихнама
Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы туралы
Таным
Платонның қоғамдық,саяси және әлеуметтік көзқарастары
«Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні
Жалпы теорияның пәні және әдісі
Философиялық тарих
Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны
Әлеуметтік философия түсінігі
Пәндер