БУМЫН ҚАҒАН



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
БУМЫН ҚАҒАН

Бумын қаған (? – 552 ж.) - түркілердің өздері Мәңгі ел деп атаған
әйгілі Бірінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы
тұлғалардың бірі. Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей
империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі
Жыужән қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын
бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы ұлы йабғу (даиеху).
Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін,
мұрагерлік жолмен ие болған.
Кезінде хатталып, қағаз бетіне түспегендіктен, Батыс Вей империясынан
елші келгенге дейінгі түркі елінің де, оның басшысы Бумынның да тарихы
белгісіз. Сондықтан да болар тарихшылар ортағасырлық түркілердің тарихын,
шартты түрде, осы елшілер еклген да тун жылнамасының он бірінші жылынан,
яғни 545 жылдан бастайды.
Елшінің келген мақсаты түркілердің Батыс Вей империясының бақталасы
Шығыс Вей империясының одақтасы болып отырған Жыужән мемлекетіне қарсы
қойып, қарсыластар күшін әлсірету әрі оларды күресте өздерінің жақтасы ету
болатын. Бумынның аса ірі саясаткер, көреген басшы екенін танытатын тұс та,
міне, осы кез. Ол алып империяның айдапсалына елігіп, билікке
таласушылардың қол шоқпарына айналмай, өз саясатын жүргізе біледі.
Асылы, Бумын өзін империя қолдайды екен деп, аңдаусыз аяқ басудың
апатқа ұрындырарын мейлінше ұққан сақ жан. Жылнамалар жеткізген тапшы
деректер осыны дәлелдейді. Ол Батыс Вей секілді империяның қолдауын
пайдаланып қалайын деп, телылар сияқты жанталасып, бірден атқа қонбайды.
Батыс Вейдің елшісі кеткеннен кейін оларға өзінің елшісін жіберіп, бар
жағдайды өз адамдары арқылы толық біліп алады. Күресте көмектеседі деген
империясының өз көмегіне зәру мүшкіл хәлін көреді. Азаттық күресінде тек өз
күшіне ғана сүйену керектігін, қазіргі жағдайында қыздырманың тіліне еріп,
қарсы шыққанменен, дәуірлеп тұрған жыужәндарды жеңуге шамасы жетпейтінін
түсінеді. Сол себепті де ол ешкім күтпеген әрекетке барып, жыужәндарға
қарсы жорыққа аттанған телы тайпаларын қолдау орнына, оларға тосыннан
тиісіп, бүкіл елін өз қарауына қосып алады.
Бұл ретте Жыу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркілерден шыққан тарихи тұлғалар
Түрік қағанатының құрылуы
Түрік қағанатының этносаяси тарихы мен басқару жүйелері
Түркілердің Жужандармен және тағы да басқа монғол, тұнғұс, манчжур тілдес тайпалармен қарым- қатынасы
Жазба және археологиялық деректер негізінде түрік қағанатының құрылу тарихы мен оның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау
Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнатылуы
Түрік қағанаты туралы мағлұматтар
Түрік қағанатының этносаяси тарихы мен басқару жүйесі
Тарихи тұлғалар туралы
Ескі заман ескерткіштері. орхон-енисей жазу ескерткіштері
Пәндер