Грамматика: морфология, синтаксис және грамматикалық категориялар


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 1 бет
Таңдаулыға:   

Грамматика және оның салалары

Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады.

Грамматикалық құрылыс сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады, сөзді таяныш етпейтін бірде-бір грамматикалық құрылыс болмайды.

Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.

Морфология - сөз және олардың формалары туралы ілім. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әрқилы өзгешеліктерге ұшырап, әр алуан қызмет атқарады. Морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгілі топтарға бөліп, сол топтардың әрқайсысына тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айқындалып, сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады.

Сөздің формасы деген ұғымға сөздің негізгі түбірі де, сөздің туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қосылған түрлері де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген ұғым - сөзден сөз тудырып, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдері де, сондай-ақ, сөзге қосымша мағына жамайтын өзге тәсілдерді де қамтиды.

Грамматикалық категория

Тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы (тәсілі) бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударманың грамматикалық мәселелері: синтаксис пен морфология
Грамматика және морфемдік құрылым: грамматикалық тәсілдер, формалар және категориялар
Қазақ тілі грамматикасы: морфология, синтаксис, сөз таптары және негізгі грамматикалық ұғымдар
Тіл грамматикасының негіздері: морфология, синтаксис және сөздің морфологиялық құрылысы
Ғылыми мәтіннің грамматикалық ерекшеліктері: синтаксис, морфология және ағылшын мен орыс тілдерімен салыстырмалы талдау
Грамматикалық ұғымдар: категориялар, мағына және форма мәселелері
Қазақ тілінің грамматикасының тарихи дамуы және морфология мен синтаксис мәселелері
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы: Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары
Грамматикалық категориялар мен сөз таптарының өзара қатынасы
Грамматикалық категориялар: ұғымы, түрлері және морфологиялық-синтаксистік сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz