Ғалам эволюциясының идеясы



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ғалам эволюциясы идеясының қалыптасуы

Қазіргі таңда бүкіл ғалам эволюциясының идеясы жаратылыстанушы
ғалымдардың арасында қарсылық тудырмай, қабылдануда. Бірақ, бұл жағдай
бірден пайда бола салған жоқ. Кезкелген ұлы ғылыми идея секілді, ол да
ғылымда басты орынға ие болуының алдында ұзақ та күрделі сынақтардан өтті.
Тіпті Ватиканның өзі эволюцияның жалпы бірдей сипатын мойындауға мәжбүр
болды. Егер, New Catholіc Encyclopedіa атты шығармада “Жалпы эволюция -
тіпті адам ағзасы эволюциясы да, пайда болудың шынайы ғылыми түсіндірмесі
болуы тиіс” (1967 жыл, V том, 694 б.) деп көрсетілсе, 1982 жылы Ватиканның
католик шіркеуінің Жоғарғы Ғылыми Кеңесі: “Біз толып жатқан дәлелдемелердің
нәтижесінде эволюцияның концепциясын адамдар мен басқа приматтарға да
қатысты қарастыруға болады деген сенімге келдік” деп бірауыздан жариялады.
(D.M.Lovesteіn Twelve Wіse Man at the Vatіcan Nature. 30.09. 1982. 395
б.)
Бұл сілтемелер “Тіршілік – ол қалай пайда болды? Эволюция жолымен бе,
жоқ құдіретті күштің қалауымен бе?” атты 1992 жылы 24 тілде 27 млн. даналық
тиражбен Watchtower Bіble and Tracht Socіety of New York Іnc.
Іnternatіonal Bіble Students Assocіatіon. Brooklіn, New York, USA,
баспасында жарық көрген кітаптан алынды.
Ғалам эволюциясы - физика ғылымының теориялық базисіне және көптеген
астрофизикалық бақылауларға негізделіп дәлелденген ғылыми факт.
Ғалам эволюциясы жайлы қазіргі заман ғылымының негізін 1916 жылы
салыстырмалылық теориясын ойлап тапқан Альберт Эйнштейн салып кеткен. Ол
жұлдыздармен бірқалыпты толтырылған әлем үшін теңдеу құрып, кеңістіктің
қисаюы ақырында өзіне өзі тірелетіндігін есептеп шығарды. Осындай “тұйық”
ғаламның көлемі шектелген болып, оның шекаралары болған жоқ. Бірақ
Эйнштейннің бұл теориясында бір кемшілік болды, яғни осы теория шынайы
болған жағдайда жұлдыздар тартылыс күшінің әсерімен бір нүктеге жиналып
қалуға тиіс болды. Сол себепті Эйнштейн ғаламды бірбіріне сығылуынан
сақтайтын, әлдебір “антигравитациялық” өрісті ойлап табуға мәжбүр болып,
теңдеуін осы өріспен толықтырды.
Эйнштейн өзі ойлап тапқан теңдеуді тартылыс теориясының “шынайылылыққа
сәйкес келетін” жалғыз теңдеу деп қарастырды. Сол себепті Ресей математигі
Александр Фридман 1922 – 1924 жылдары жарық көрген еңбектерінде бұл
проблеманың жалғыз статикалық емес, сонымен қатар динамикалық та шешімдері
бар екендігін дәлелдегенде Эйнштейн бұл көзқарасты жоққа шығаруға тырысып,
теріс қабылдады. Кейінірек Фридманның түсінік берілген жеке хатынан кейін
ол кешірім сұрап, Фридманның жұмысын “түсінік беруші” деп те атады, бірақ
одан арыға барған жоқ. Черновиктерінде Эйнштейін тіпті “бұл теорияның
ешқандай да физикалық маңызы жоқ” деп көрсетті. Осы оқиғадан кейін де
Эйнштейін өзінің статикалық моделін қасарыса ұстанып келді. Ғаламның
стационарлы еместігі жайлы теория тек 1929 жылы, яғни алдымен астроном
В.М.Слайфер, ал одан кейін Э.Хаббл көптеген бақылаулардың нәтижесінде
ғаламның кеңеюі фактісін анықтағанда ғана дәлелденді. Хаббл ғаламның
кеңеюін дәлелдегенде ғана Эйнштейін өзінінің көзқарасының теріс екендігі
мойындап “бұл менің өмірімдегі ең үлкен қателік” деп жариялады.
Фридман өзінің жұмыстарында ғаламның кезкелген кеңеюінің бастамасы
болуы керектігі жайлы айтпаған еді. Бұл жағдайдың маңыздылығын белгиялық
Аббат Жорж Леметр түсініп, “Бастапқы атом жайлы” еңбегін жариялады. Бұл
еңбегінде ол Фридманға қатыссыз, кеңейетін тұйық әлемнің тартылысы үшін
теңдеудің шешімін тапты. Оның көзқарасына сәйкес ғалам бастапқы жағдайында
кішкентай статикалық шар болып, бір кездерде оған сырттан белгісіз құбылыс
ықпал етіп, осының салдарынан күштердің ара салмағы бұзылып ғалам кеңейе
бастаған. Бұл шарды Леметр “бастапқы атом” деп атады.
“Ғаламның пайда болуы” жайлы түсінік осылай қалыптасты, ол кезде
біздің түсінігіміздегі үлкен жарылыс әлі де қарастырылмаған болатын. Қызық
болғанда қазіргі “үлкен жарылыс” деген атын бұл теорияның қарсыласы атақты
ағылшын астрофизигі Фред Хойлдың ойлап тапқандығы белгілі. “Бұл теорияны
поп ойлап тауып, оны Рим папасы мақұлдаса, бұл теория ғылыми болуы мүмкін
бе?” деп мазақтады ол лекциялық трибуналардан. Ватикан сол кезге бұл
теорияны тек мақұлдап қана қоймай, оны ғаламның пайда болуын дәлелдейтін
ғылыми доктрина деп жариялап қойған болатын. Хойл өзінің кей лекцияларында
“бастапқы атомның” аяқ асты кеңею процесіне Биг Бенг, яғни ағылшын тілінен
аударғанда “Үлкен жарылыс” деп мазақ ретінде қойған аты, кейін ғылыми
термин ретінде қалыптасты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемнің ұлғаюы
Ғалам эволюциясы идеясының қалыптасуы
Үлкен жарылыс, Әлем эволюциясының негізгі кезеңдері
Космогониялық және космологиялық болжамдар
Жаратылыстану концепциялары
Ғалам эволюциясының моделі
Жұлдыздардың тәуліктік параллельдері
Галактикалардың құрылымы мен пайда болуы
Аспан жұлдыздарының аспан сферасына проекциялануы
Жұлдыздар, жұлдыз шоғырлары, галактикалар
Пәндер