Скважиналарды күнделікті және күрделі жөндеу


Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі
Өндірістік технология тәжірибе есебі
Тақырыбы: Скважиналарды күнделікті және күрделі жөндеу
Орындаған: Телеуов Нуржан
Қабылдаған:
Тобы: ЭНГ-19
Қызылорда 2012ж.
- Жоспары
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
1. 1 2005 жылғы күрделі және жер асты жөндеу скважиналарына талдау
1. 2 Скважинаны жер асты жөндеу
1. 3 Скважинаны күрделі жөндеу
1. 4 Жөндеудің негізгі түрлерін жүргізу технологиясы
1. 5 Аулау жұмыстары
1. 6 Скважиналарды жою
1. 7 Күрделі жағдайларда штангілі сорапты қондырғыны пайдалану
IV. Қортынды
V. Әдебиеттер
Кіріспе
Мұнай газ өндіру өнеркәсіптің ең маңызды және перспективалық салалардың бірі болып саналады. Оның өркендеуіне біздің елімізде көп көңіл бөлінуде. Елдің социалды экономикалық даму жоспарында жаңа мұнай және газ кен орындарын пайдалануды тездету қарастырылған, олардың біріне Құмкөл кен орны жатады.
Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасы геология министрлігінің «ЮжКазГеология» өндірістік геология басқармасының оңтүстік Қазақстан экспедициясымен ашылған. Фонтанда мұнай алу Қазақстан Республикасы Оңтүстік Торғай ойпатының өндірістік мұнай газдылығын дәлелдейді.
Мұнай және газ қоры 1987 жылы мемлекеттік Қор комитетінің бекітуімен баланстық 153208 мың тонна көлемінде өндірілетін мұнай 89442 мың тонна көлемінде бекітілген. Қарастырылып отырған Курстық жұмыс Құмкөл кен орнында скважиналарды күнделікті және күрделі жөндеу цехының жұмысын талдау тақырыбына арналған.
1. 1 2005 жылғы күрделі және жер асты жөндеу скважиналарына талдау
Скважинаны күрделі және жер асты жөндеу бойынша есеп беру жиында 278 скважина жөнделген, соның ішінде күрделі жөндеу бойынша 32 скважинағ жер асты жөндеу бойынша 146 скважина. Скважинаны күрделі жөндеу бойынша жөндеудің келесі түрлері орындалған: өндірістің қабаттарды ашу су-газды қабаттардан лоқшалау, қиыншылықты болдырмау, түкті тазалау, жоғары және төмен жататын қабаттарға өту пайдалану құбырларындағы саңылаулар бітеу, қайта ату және т. б. Скважинаны жер асты жөндеу бойынша жөндеудің келесі түрлері орындалған: механикаларындағы сорапты алмастыру, ШТС - ға өту, түкті жуу, штангінің айналуын болдырмау, өндірістік станокты алмастыру, сальникті сағалық жабдықтарды алмастыру, айдау скважиналарын алмастыру. Скважиананы күрделі жөндеуден өткізуге келесі скважиналарды қайта айту және ату жүргізілген. Мүмкін техникалық себептерге байланысты мүмкін болмады. №№ 334, 3017 скважиналарда ремонт жүргізудің іске аспау себебі үлкен газ факторы себебінен свкажиананы өшіре алмады. Скважиналардың жақсы жөндеуден өтуіне қарамастан есеп беру кезеңінде скважиналардың сапасыз жөндеуінен қайтадан жөндеу жүргізілгендер бар. Насостарға жөндеу есебі жүргізіледі. Цехтың басшылығымен бірге күрделі және жер асты жөндеуде төменде көрсетілген кемшіліктер бойынша акт құрады. №138 скважина орнатылған винттік сорап сұйық бойынша орташа шығын 70 куб. Метр орташа сулануы 10 пайыз, аралық жөндеу периоды 1 ай, аралық өңдеу периоды 6 күннен 15 күнге дейін. Винтті сорапты орнатқаннан кейін № 138 скважиналық орташа шығымы 115 куб. Метр орташа сулануы 12 пайыз күрделі және жер асты жөндеу жұмыс істеп тұр. №145 скважинаға винттік сорапты орнатқанға дейін орташа шығымы 15м 3 , сулануы 98 пайыз, аралық жөндеу периоды 2 ай, профилакториялық жұмыстың аралық өңдеу периоды 12 күн болды. Скважина тамыз айына дейін жоғарғы сулануымен жұмыс істейді, тек жоғарыдан 3 цементті көпірді құюмен 1095м аралығында механикалық көпірді орнату жолымен орнату, оқшалау жұмыстарын нәтижелі аяқтау әсерінен су шығатын аралығына жатады. Сулану 12 пайыз дейін азайды. Берілген шығыг бойынша қыркүйек айының соңында дейін өндірістік қазан айының басынан бастап сұйықтық азаюы байқалды. Скважина 4/12/2000 жылы және 12/12/2000 жылы ыстық мұнаймен профилакториялық жұмыстар жүргізілгенде қанағаттанарлықтай нәтиже көрсетеді. Винттік сорапты орнатқаннан кейін сұйық шығымын орташа есеппен 90м 3 дейін өсті, сонда сулану 0, 2 пайыз құрады, осы деңгеймен 17/01/2005 жылға дейін өндіріліп, 18/01/2005 жылдан 23/01/2005 жыл аралығында сұйық шығымы 72-ден 13м 3 дейін кейінгі байқалды. Тек 24/01/2005 жылы скважинаны ыстық мұнаймен өңдегеннен кейін ғана сұйық шығымының деңгейі ғана бұрынғы қалыпқа келеді және есеп беру периодының соңына дейін бұл көрсеткіш сақталды. Сұйық шығымының пайда төмендеуі. 20/02-9/02/2005 жыл аралығында 80м 3 - 71м 3 дейін байқалды және 10/02/2005 жылы скважинаны ыстық мұнаймен өңдеу жүргізіледі. Содан кейін скважина шығымының деңгейі жай телепте бұрыңғы қалпына келеді. Содан басқа №145 скважинасында құбыр сыртындағы кеңістіктегі қысымның көбеюімен сұйықтың азаюы байқалды. Винттік сорапты орнатуға дейін скважинаны алдыңғы жөндеулерде жер асты жабдықтарды әрбір көтерулерде парафиннің күшті шөгіп қалуы байқалды бұдан басқа 3 газды якорь толық істен шықты. Жер бетіне көтеріп шығарғанда парафинді құм шөгуі газды барлық ұзындығы бойынша байқалды. Сонда мұнай және газды өндіру цехтарының өкілдері шақырылды және скважинаны күрделі және жер асты жөндеу бөліктері белгіленді. Барлық жоғарыда айтылғандарды қайтадан жөндеудің негізгі бір себебі төмендегілер болады деп есептеймін: профилактикалық жұмыстарды жүргізуде графикті және технологияны сақтамау, көтеру кезінде жер асты жабдықтарына ревизия және тексеру жүргізілмеу, жер асты жабдықтарын тазаламай түсіру. Скважинаның күшті парафинді пайдалануға және профилакториялық жұмыстардан қазіргі заманға сай сапалы жасалуына бақылау жүргізу қажет басқа жағдайда яғни сұйық сұйық шығымының ұңғыдағы парафин тұру деңгейіне дейін азаюын жіберу бұл қымбат тұратын жабдықтардың істен шығуына өндіруді азайтуға алып келеді. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген шығындарды қалпына келтіруге арналған қаржы шығын жіберуге алап келеді. Өндіретін скважиналарды жоғарыда айтылған жөндеулерден басқа мақсаты түпті тексеру және тазалау болып табылатын айдау скважиналары жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар техникалық суды өндіретін су скважиналары жөндеуден өткізілді. Төменде көрсетілген жөндеу түрлері жүргізілді. Электрлі ортадан тепкіш сораптарды алмастыру скважина түбін жуу. Нәтижесінде электрлі ортадан тепкіш сораптарда құмның жиі шөгуін қайта жөндеу жүргызылды. Есеп беру периодында электрлі ортадан тепкіш сораптардың маркасы скважиналарда жүргізіледі. Сонда аралық жөндеу периоды 2 айдан 1 жылға дейін өсті, кейбір скважиналарда көрсеткіш нәтижелері бір жылдан бері пайдалануда және есеп беру периодында жер асты жөндеусіз жұмыс істеуде. 2000 жылдағы скважина күрделі және жер асты жөндеудің өндірістік қажеттілігі туралы қысқаша бағалауда аяқтай сапасы бойынша жіберілген кейбір кемшіліктерді ескермей толық қанағаттандырады деп есептеймін. 2000 жылдағы скважинаны күрделі және жер жөндеудің өндірістік қажеттілік есеп беруін талдай отырып еңбекті ұйымдастыруды аралық жөндеу периодының азаюына бағытталған жөндеу сапасын жақсарту қабаттың мұнай берісін көбейту мақсатында төменде көрсетілгендерді ұсынамын.
- Қазақстан Республикасының ортақ қауіпсіздік ережесін сәйкесті скважинаны күрделі және жер асты жөндеуден өткізу.
- АХАЖ және ҰКЖ жүргізу барысында скважинаны күрделі және жер асты жөндеу технологиясын сақтауды қамтамасыз ету
- Скважинаны күрделі және жер асты жөндеу салаларын жақсарту
- Көтеру барысында жер асты жабдықтарды жиі тексеру жүргізу
- Жер асты жабдықтарды түсірудың тек парафинді құмнан және тұз тұнбасынан толық тазаланғаннан кейін жүргізу.
- Пайдалану барысында жер асты тиімділікті анықтау мақсатында жер асты жабдықтарды әрбір көтеруде химиялық реагенттерді өңдейтін скважиналарға әрдайым бақылау жүргізу.
- қабаттың мұнай беруін жоғарылататын мақсатында шетелдік компаниялардың жүргізілген ұсыныстары бойынша скважинаның түптік аймағын жоғарғы тиімділікті химиялық реагентпен өңдеу.
- Мұнай өндіру көлемін жоғарылатуға және скважинаның аралық жөндеу және аралық өңдеу периодын ұзартуға бағытталған шетелдік технология «Мойна Алимфилд Продактс» компаниясының винттік сорабын «Центрлифт» компаниясының электрлі ортадан тепкіш батырлған сораптарын орнатуды қамтамасыз ету.
- Скважинаны ыстық сумен және технологиялық сумен өңдеу бойынша профилакториялық жұмыс графигін және технологиясын қатаң сақтау.
- БПО механикалық шеберханасынан терең және электрлі ортадан тепкіш сораптардың шығу себептері анықтау бойынша жиі есеп беру және талдау жүргізу және сораптардың аралық-жөндеуін жақсарту бойынша ұсыныс беру.
- пайдалануда ТШС жабдықталған құмды және газ шығуы бар. Скважиналарды құмды және газды тіреуіштерді орнату және олардың жетістіктеріне тиімділігін талдау жасау.
- Геологиялық қызмет ұсыныстар бойынша өнімділік қабат аралығын дәлдеу үшін су-газ шығу мен скважинада геофизикалық зерттеу жүргізу.
- Қабатта механикалық шөгінділердің тұлуын алдын-ала болдырмау үшін айдайтын скважиналар сұйықпен механикалық шөгінділерден тазартуды түзету.
- Айналысатын мамандығы бойынша етушілердің квалификациялық әрдайым жоғарылатып орнату.
1. 2 Скважинаны жер асты жөндеу
Кез келген скважиналарды пайдаланған жағдайда оларды мезгіл-мезгіл жөндеп тұру қажет. Скважина ішінде өнім көтергіш құбырларды штангілерді терең сораптар мен басқа сораптарды және басқа да құралдарда түсіріп және басқа да құралдарды түсіріп көтеріп жұмыстарына байланысты әрекеттерді жер асты жөндеу деп атаймыз. Ол өзінің түрі мен күрделілігіне қарай кезекті және күрделі болып бөлінеді. Күнделікті жер асты жөндеуде терең сорапты ауыстыру көтергіш құбыр мен штангілерді өзгертіп тұру немесе ұстап тұрған түріне қарап өзгерту скважина түбінде жиналған құм шығындарынан тазартубасқа да скважинаға түскен жеңіл заттарды көтеру. Осы жұмыстардың барлығын мұнай және газ басқармаларында құрылған скважинаны жер асты жөндеу бригадалар атқарады. Скважинаны жер асты жөндеу бригадалары вахта әдісімен жұмыс істейді. Вахтаның құрамында үш адам, скважинаның сағасында жұмыс жасайды, үшіншісі көтеру механизмнің шығырында отырып жұмыс істейді. Жер асты жабдықтарында болған апаттарды жою үшін жасалынатын зақымдалған пайдалану құбыр тезектерін орнына келтіріп қабат суларын жабу басқа пайдалану қабатына ауысу сияқты қиын жұмыстар скважинаны күрделі жөндеу категориясына жатады. Мұнай жұмыстарды арнайы құрылған скважинаны күрделі жөндеу бригадасы жасайды. Осы бригада скважинатүбінің төңірегін өңдеу жұмыстармен де айналысады.
1. 3 Скважинаны күрделі жөндеу
Скважинаны күрделі жөндеуге көбінесе арнайы жабдықтарды қажет жұмыстары жатады. Скважинаны күрделі жөндеу кезінде көп кездесетін жұмыстар қабаттарды айыру жұмыстары тізбектерді түзету жұмыстары және скважинаны ішіне түскен заттарды ұстау жұмыстары. Қабаттарды айыру жұмысына скважинаға құйылып келетін бұралқы суларды ажырату. Скважинаға келіп құйылатын бұралқы суларды скважинаның сол аралығын цементтеу арқылы жояды. Жоғарыдан келіп құйылатын сулардан қорғану үшін скважинаның ақпаны мен құбыр аралығын сулары құйылатын болса, оны жою үшін скважинаның түбінен жоғарғы қарай цементті айдап жоғары қабаттың мұнай келетін жеріне дейін жеткізеді. Қабатты сұйықпен жарып оған су өткізбейтін аумақ құлады. Цементтеудің барлық түрінде бұрғылау кезіндегі қолданылады. Құрғақ цементке 40-50 пайыз су қосады. Цементтеу алдында қажетті цемент ерітндісі мен судың мөлшерін есептеп шығарады. Түзету жөндеу жұмыстарына тізбектегі жарықтарды сынақтарды және майысқан жерлерін сонымен қоса тізбектің істен шыққан бөлігін өзгерту. Пайдалану тізбектерінің зақымдалуына әр түрлі себептер бар тізбектің бір жерінде оның қалыңдығы жіңішкеленіп немесе тізбектің ойылып қосылған жерінде ақау болса, тап осы жерден қысыммен немесе судың ағынымен тізбек бұзылуы мүмкін. Скважина меңгерген кезде ондағы сұйықтық деңгейін күрт өзгертсе, асып кетсе, тізбектің зақымдануына әкеліп соғады. Онымен қоса скважинаны пайдалану үрдісі кезіндекөп құм жиналса, скважина төңірегіндегі жыныстар опырылып кетуі мүмкін. Соның әсерімен тиімді орналасқан тізбекті майыстырып немесе сындырып кетуі мүмкін. Тізбектің майысқан жерін түзету қашаулармен немесе арнайы түсуііткіштермен орнына келтіріледі. Олар бұрғылау құбырлары арқылы жіберіледі. Егерде тізбектегі ақауды қашаумен келтіруге мүмкін болмаса, онда оны жазық немесе конус тәріздесі келтіріледі. Қалпына келтірілген бөлік цементті сақинамен бекітіледі. Ол үшін тізбектің сыртынан қысыммен цемент ерітіндісін айдайды. Скважинаны күрделі жөндеу кезінде скважинаға құлап түскен аспаптар мен үзіліп кеткен көтергіш құбырларды ұстау жұмыстары ерекше орап алады. Оның ішінде ең қиыны түскен көтергіш құбырды ұстау мен шығару. Өйткені сорапты компрессорлы құбырлар тізбегі скважина ішіне құлып түскенде түпке тіреліп майысып және пайдалану тізбегінің ішінде бірнеше жерден сынып қалуы мүмкін. Онымен қоса скважина түбінде құм тығыны болса, соған еніп кету мүмкін. Скважинаға құлап түскен құбырларды ұстап оны шығару үшін неше түрлі ұстау аспаптары бар құбыр ұстағыш, метчик және тағы сол сияқты. Скважинадағы қалған құбырларды аспаппен ұстап алғаннан кейін оны жоғары көтеру үшін көп күш салу керек. Сондықтан ұстау жұмыстарында үзілуге шыдамды қалың бұрғылау құбырларын қолданады. Ұстау жұмыстары кезінде көтеру механизмдері ретінде тұрақты бұрғылау шығынын немесе тракторлы көтергіш қолданады. Осындай скважиналарға жіберілген шеген құбырларды цементтеп саз балшық ерітіндісімен толтырып жаңадан игеруге көшеді. Бәрақ осы жүргізетін шаралардың барлығы әр скважинаның геологиялық ерекшелігіне байланысты.
1. 4 Жөндеудің негізгі түрлерін жүргізу технологиясы
Скважинаны жөндеуден бұрын дайындық жұмыстары жүргізіледі. Дайындық жұмыстарына жататындар:
- Скважиналарға құбыр қанаттың сорпаты шөгіндісінен таль блок жер асты ілмекті жеткізу
- құбырларды түзету
- құбырларды бекіту
- құбырларды скважина жанындағы сөреге штабельмен салу
- мұнараның тартылымын жағдайын тексеру
- шкивтерді алмастыру кромблок және блокты майлау
- еден және көпіршелерді жөндеу
- скважина сағасына мұнараны орнату
- скважинаға жылжымалы мачта жеткізу және оны саға астына орнату
- тартылыс шығыршығын орнату
- алаңды көтергішке дайындау
- электросораппен жабдықталған скважиналарды жұмыс істеу кезінде мұнара белдігіне ілмелі шығыршығын ілу.
- кабель барабанын орнатуға алаң дайындау
- таль жүйесін жабдықтау фонтанды скважиналарды жөндеуге дайындау
Жөндеуге жататын фонтанды скважиналар алдын-ала сөндірілу тиіс. Ол үшін құбыр аралық кеңістікке жуғыш аппаратты су немесе тиісті тығыздықта сазды ерітінді айдайды. Жер асты жөндеу процесінде агрегат өне бойы скважинаның құбыр айналасындағы кеңістікке қосылып тұруы тиіс. Өйткені манифольд сұйықтың қозғалыстың бағытын өзгертуге мүмкіндік береді, онда скважина кез-келген әдіспен сөніруге болады, яғни сұйықты құбырға айдау не құбыр айналасындағы кеңістікке айдау. Жөндеу жұмысын бастау үшін скважиналар тірек, вертлюг және шлангы мен жабдықталуы тиіс, ал сөрелерді өлшемді құбырлардың қажетті саны жатуы тиіс. Одан өзге аз көміртекті болаттан, тиісті өлшемді патронды кілттер газ ортасында жұмыс істеуге қауіпсіз мыспен қапталған аспаптар болуы керек. Сұйықтың қажет мөлшерін аяқталғаннан кейін сақина құбыр кеңістігіндегі қысым 0-ге дейін төмендеген кезде фонтанды арматураны бөлшектеуге кірісуге болады. Арматураны бөлшектеу алдында компрессорлы скважинаға қысылған газды беруді тоқтату қажет, сосын газды біртіндеп сақиналы кеңістіктен шығарады. Осыдан соң арматураны бөлшектеуге кіріседі, арматураның тежегіш келте құбырынан және төменгі фияның болттарын бұрап алады, арнайы бейімдегіш көмегімен скважина арматураны алады да мұнараның бұрымына қанатқа іліп қояды. Алдында көтергіш келте құбырмен қалған орталық ысырмаға жоғарғы шетіне ұстау үшін муфта ішеді. Соңынан катушканы үштіктен бекітік тұрған болаттарды бұрап алады, муфта сыртында элеватор орнатады, трубаны бұрап алып тұғырға қояды. Фонтанды скважиналарды ысырманы оған қосылған катушка не екі трубаға вертлюг және шлангыны қосады. Фонтандаудың алғашқы белгісінде ауыспалы флянецті үштік флянецке орнатады да болттармен бекітеді. Болттар түбіне дейін бекітіліп болғанша ысырма ашық тұруы тиіс.
1. 5 Аулау жұмыстары
Скважиналарды жер асты жөндеуге ең күрделісі скважина құлаған кезде апатты жоюға байланысты атқарылатын жұмыстар. Пайдалану скважиналарындағы авариялардың ең көп кездесетін түрлері:
- СКҚ екі қатарын металл, тұз немесе құм тығынның ұстап қалуы
- терең сорапты насостың құм тығындарын ұстап қалуы
- ССК бір және екі қатарының ұшуы
- штангылы сораптың үзілуі
- электрометрлік жұмыстарда кабельдің үзілуі
- скважинада жеке заттардың қалуы және құлау
- терең сораппен және штангімен қорғаныс қондырғысымен ұшуы
Аулау жұмыстарын бастамас бұрын бұрғылау шебері түсірілген көтергіш құбырдиаметрі және оның түсіру тереңдігі өлшемі саны маркасы жайлы мағлұматтар білуі тиіс. Құбырларды тығыннан босатудың бірнеше әдістері бар, оның бірі шайқау. Оны құбырдың тартылыс бағандарымен жүргізеді. Тарту кезінде жүктеме осы құбыр маркасының үзілуі шартынан 60-70 пайыз қалыпты жүргізіледі, бір айналымда 0, 3-0, 5 ке созады, құбырларды жүйелі түрде тартылыста қалдырып отырады. Тәжірибеде ұзақ шайқау арқылы құбырларды тек 5-10 метрге көтерген жағдайларды кездеседі. Бұл құбырды шайқау және көтеру кезінде құбыр маңындағы кеңістіктің тығындалып қалатыны соншалық құбырды одан әрі шайқап көтеру мүмкін емес екені түсіндіріледі.
1. 6 Скважиналарды жою
Одан әрі пайдалану мүмкін емес скважиналар жойылды. Скважиналарды жою себептері мынадай:
- Күрделі авария немесе аварияны жою мүмкін еместігін техникалық дәлелдеу сондай-ақ скважина басқа мақсатқа пайдалануға мүмкін еместігі, мысалы, жоғарғы не төменгі горизонтқа қайтарылуы немесе қадағалау не айдау скважинасы ретінде пайдалану
- осы скважинамен ашылған горизонттардың мұнаймен қанықтырылмауы және оларды басқа мақсатқа пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы ағын су айдау үшін сіңіргіш ретінде пайдалану
- қайтарылуға тілігі болмауы керек және нұсқаның сыртында су толық сулануы керек
- скважинаның тұрғын үй массивтік су қоймасын салу болжанған немесе стихиялық апат аудандарында орналасуы
Жойылмаған скважиналар ауыз су көздерін ластауға себеп болады.
Скважиналар жою жөніндегі материалдар қолданылып жүрген ережелерге сәйкес рәсімделеді және мемлекеттік техникалық бақылау органдарымен келіседі. Скважиналарды жою жөніндегі жұмыстар көлемі және сипаты оның мақсатына конструкциясына бекітілуіне және ақпан жағдайына байланысты. Тек техникалық бағандар түсірілген скважиналарды жою жұмыстары мыналардан тұрады; әлсіз мұнай және газ қабаттарымен немесе осы скважинада өнімсіз болып табылатын қабаттар интервалынан цемент көпір 50м дейін биіктікке көтереді. Скважина деңгейлік толық саз ерітіндісімен толтырады, ол қабаттан асатын түп қысымын жасауға мүмкіндік береді. Егер скважинада минералданған не күкірт сутекті сулар табылмаса онда техникалық бағандарды алып шығаруға рұқсат етіледі мұнда ең соңында қалған скважина табанына биіктігі 50м цемент көпір орнатады. Кейде скважина діңгегін құрғақ топырақпен толтырады. Скважинаны жою жұмыстары күрделі жөндеу бригадасымен жүргізіледі.
1. 7 Күрделі жағдайларда штангілі сорапты қондырғыны пайдалану
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz