Есімше тұлғаларының грамматикалық қызметі
1 Есімше тұлғаларының грамматикалық қызметі
Етістіктің ерекше бір түріне жататын функционалдық тілдік бірлік ол
–есімше. Қазақ тіл біліміне бұл терминді енгізген А.Байтұрсынұлы болатын
[1, 251 б.]. Есімше және көсемше тұлғалары грамматикаға қатысты барлық
еңбектерде сөз болады. Қазақ грамматикасын жаңаша қарастыруға тырысып,
кейбір терминдерді басқаша атаған Қ.Жұбанов та есімше, көсемше
терминдерін А.Байтұрсынұлы терминдеріндегі қалдырған [2, 363 б.]. Содан
бері жарияланған барлық грамматикаларда есімше етістіктің функционалды
жұрнағы ретінде танылып келеді. Мәселен, 2002 жылы шыққан Қазақ
грамматикасында есімшеге етістіктің функциялық жұрнақтарының бірі деген
анықтама берілген. Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды және
болымсыз, салт-сабақты болы -п бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады.
Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Осы
ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие
болады [3, 591 б.].
Лингвистикалық сөздіктерде есімшеге берілген анықтамаларға көңіл
аударайық: Есімше (Perticipium) – зат пен субъектінің қимылымен байланысты
белгісін білдіретін және анықтауыш (атрибут) ретінде қолданылатын
етістіктің бейфинитті тұлғасы [4, 297 б.]. Бұл – қос тілдік сөздіктегі
анықтама.
Есімшеге қатысты бір анықтама: Есімше – синтаксистің ерекше түрі.
Сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп
келіп, қимылды, іс-әрекетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де,
сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Екіншіден, бүтіндей басқа мәнді,
басқаша қызметте, атап айтқанда, заттың сындық қасиетін, қатыстық белгісін
білдіріп немесе заттанып, заттық мәнде жұмсалады [5, 19 б.], – делінген.
Есімше туралы Дионистийдің грамматикасында сөз болады [4, 296 б.].
Соған қарағанда, олар көсемшелермен салыстырғанда көне болып табылады. Оның
үстіне көптеген көсемшелер есімше негізді болып келеді. Яғни грамматикалық
ілімнің қалыптасып даму барысында есімшелердің жеке сөз табы ретінде
қаралуы заңды ғой деп ойлаймыз.
А.Салқынбайдың лингвистикалық сөздігінде есімше былайша сипатталған:
Есімше – есім белгісін білдіретін іс әрекетпен байланысты болатын
етістіктің финит емес тұлғасы [6, 82 б.].
Ғ.Қалиев шығарған іргелі лингвистикалық сөздікте есімшеге берілген
анықтама жоғарыдағылардан өзгеше: Есімше – қимыл, іс-әрекетті заттың
белгісі, сипаты түрінде білдіретін етістік тұлғасы. Есімшеде есімнің де,
етістіктің де қасиеті бар. Оның есімге тән қасиеті есімдерше (мыс., сын
есімше) түрленіп, сөйлемнің барлық мүшесі бола алатындығынан көрінсе,
етістікке тән қасиеті шақтық мәнді білдіретінінен байқалады [7, 115 б.].
Байқап отырғанымыздай, қазақ тіл біліміне қатысты негізгі деген 4-5
ғылыми еңбекте есімшеге деген анықтама түрлі-түрлі. Бір анықтамада
есімшенің анықтауыштық мағынасына назар аударылса, бір анықтамада бірліктің
баяндауыштық (шақтық) мағынасына басымдылық берілген. Тіл жүйесіндегі
есімшенің жұмсалу ауқымын бір анықтамаға сыйдыру, әрине, мүмкін емес.
Анықтама тілдік тұлғаның негізгі мағыналарын ғана қамтиды. Есімшелердің
жоғарыда көрсетілген мағыналарынан өзге тіл жүйесінде бірнеше қызметтері
бар екендігі анық. Біз жұмысымызда осы мәселелерді толық қарастыруға
ұмтылдық. Анықтама қысқа нақты болса, оған қойылған терминнің берер
ақпараты одан да қысқа болып келеді. Мәселен, көсемшені арнайы қарастырған
Б.Қапалбеков бұл термин жөнінде былай дейді: Көсемше дегенде
А.Байтұрсынұлы жеке тұрып атауыштық қызмет атқара алатын ұқсас формамен
бүркеп, үстеу сөзді термин еткендігі байқалады. Есімше де осы ізбен туған
А.Байтұрсынұлы оған есімше дейтін есім сияқты айтылатын етістіктің түрі
деген анықтама береді. Ғалым етістіктің функционалдық екі түрін көсемше
және есімше деп атаған. Көсемшелер формалық жағынан да, мағыналық жағынан
да тиянақсыз болғандықтан, тиянақтаушы етістіксіз айтылмай өзі үнемі
көсемдер сияқты, көсемше соның алдында тұрады. Етістіктің функционалды екі
түрінің есімше, көсемше аталуы құрылымдық жағынан бірдей болғанмен, ұғымдық
белгіге сүйенуі басқа-басқа. Есімше ішкі лингвистикалық ұғымға сүйеніп
жасалған болса, көсемше сыртқы құбылыстық ұқсастыққа сүйеніп жасалған.
Осыған байланысты қазіргі қазақ тіл білімінде есімше есімдік қасиетінің
(әсіресе, сын есімдік) молдығынан есімше аталғандықтан, көсемшені де
үстеуше деп айтайық дейтін ұсыныстар бар [8, 29 б.].
Есімшелер – есімдер мен етістіктің қасиетін бірдей иеленген тілдік
құрал. Олар есімдерше септеледі, тәуелденеді және көптеледі. Сондай-ақ сын
есімдердің орнына да қызмет атқарып, сөйлемде анықтауыш болады. Осы
ерекшелігін ескеріп, А.Байтұрсынұлы бұл тілдік бірлікті есімше (есім
сияқты) деп атаған. Бұл да, жоғарыда айтқандай, үстеу сөз табының атау сөз
ретінде қолданылуының бір көрінісі. Есімшеде етістіктің қасиеті молдау.
Өйткені бұл тілдік тұлғаның табиғаты етістік А.Байтұрсынұлы есімге ұқсас
қызмет атқарғандықтан есімше деп атаған. Бұндағы үстеудің мағынасын
тереңірек түсіну қажет. -ше жұрнағы зат есімнің кішірейткіш жұрнағы емес,
зат есімнен үстеу тудыратын жұрнақ. Сондықтан -ше тұлғалы сөз зат есім
болса, сол заттың өзі (кішірейген түрі) болады да, үстеу сөз болса, соған
ұқсас қызмет атқарады, соларша жұмсалады деген мағынаны береді. Сонымен
есімшелердің көсемшелерден өзгешелігі – бұл тілдік тұлғалар екі жақты. Олар
тіл жүйесінде есімдерше де және өзінің шыққан негізі етістіктерше де
жұмсала алады. Есімшелер шақ, етіс тұлғаларының болымды-болымсыз түрлерінде
жұмсалына алады, сонымен қатар етістіктердің жанама септікті сөздерді
меңгергіш қасиеті мен предикаттық қызметте жұмсалғыш қалпын да сақтаған.
Яғни есімшелер де предикаттық қызметте жұмсалып, шақ мағынасын жасауға
қатысады және олар да көсемшелер сияқты пысықтауыштық қызмет атқара алады.
Есімшелер деңгейлік грамматикада біршама қарастырылған. Мәселен,
Т.Ерғалиевтің Қазақ тіліндегі есімше категориясы атты еңбегінде
есімшелердің жалпы түркі тілінде зерттелуі (І тарау); сөз категориялары
ішінде алатын орны (ІІ тарау); морфологиялық функциясы (ІІІ тарау); жай
сөйлемдегі қызметі (ІV тарау) сөз болады. Еңбек 1958 жылы жарық көрген.
Біздің ойымызша қазіргі қазақ тіліндегі есімшелер қазіргі ғылымның дамуы
тұрғысынан қайта қаралуы тиіс. Біріншіден тіл дамиды, аталған тұлғалардың
арнайы зерттеу нысаны болғанына жарты ғасыр болды. Екіншіден ғылым дамиды,
зерттеудің, талдаудың жаңа әдіс-тәсілдері пайда болады. Біздің бұған қайта
оралып отырғанымыз сондықтан.
Есімше тұлғалары арнайы қарастырылмаса да, оның күрделі құрылымдар
жасау қызметі жөнінде Қ.Есеновтің және Р.Өмірбекованың еңбектерінде сөз
етілген. Біздің мақсатымыз бүгінгі ғылымның даму деңгейі тұрғысынан есімше
тұлғаларын олардың тіл жүйесіндегі барлық жұмсалымын, яғни жұмсалымнан
шығатын мағыналардың, оларды өзара байланыстыратын тіл жүйесіндегі негізгі
заңдылықтардың бірі парадигмалық және синтагмалық қатынастар тұрғысынан
қарастыру болып табылады.
Етістік мәселесі сөз болған барлық еңбектерде есімшелер туралы
айтылмай тұрмайды. Өйткені көсемше мен есімше тұлғалары етістіктің
функционалды жұрнақтары болып табылады. Олардың басты айырмашылықтары:
1. Көсемше – етістіктің бір түрі ретінде жанама қимылды білдіріп,
негізгі етістікті сипаттайды. Бұл – көсемшенің табиғатына тән түп негізгі
(первичные) қызметі мен мағынасы, бірақ көсемше тілдің дамуының нәтижесінде
өзіне басқа да түрлі мағына мен қызметтерді қосып алған. Осыдан оның
мағынасы да, қызметі де кеңіген. Олар – көсемшенің кейінгі (вторичные)
мағыналары мен қызметтері. Көсемшенің қосымша қызметі деп күрделі етістік
жасау, аналитикалық формант құрау, шақ, оралым, бағынынқы сөйлемнің
баяндауышы болу қызметтерін айтамыз. Нағыз көсемше жанама қимылды білдіріп,
негізгі қимылды сипаттайды. Негізгі қимылды сипаттау оның ең негізгі
мағынасы болып саналады. Көсемше негізгі етістікті сипаттап қолданылғанда,
қалай? қайтіп? деген сұрақтарға жауап беріп қимылдың қандай тәсілдер арқылы
жасалуын білдіретін амал пысықтауыш қызметін атқарады, көсемшелер сөйлемде
етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын, тәсілін, мекенін, мезгілін
білдіріп, пысықтауыштық қызмет атқарумен қоса, барлығы бір дәрежеде бір
мүшеге қатысты болатын және салаласа байланысып, бір-біріне бағынбай
тұратын бірыңғай баяндауыштарды жасауға қатысады. Сондай-ақ көсемше
жұрнақтары құрмалас сөйлем жасауға белсене қатысады. Көсемшелер шақ
мағынасын жасауға қатысады және т.б. Сондай-ақ көсемше тұлғалары формалық
жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болғандықтан қысқа қайырылып,
өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі
сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін
жасауға негіз болады [8, 12 б.].
2. Ал есімшелердің тіл жүйесіндегі жұмсалымы көсемшелердікінен
өзгеше. Етістіктің функциялық формаларының бірі ретінде есімшелер кейде зат
есімді анықтап, шақты білдіретін мағынасын жоғалтып, тұрақты сапаны
білдіріп кетеді. Олар түрленгенде есімдерше көптеледі, тәуелденеді. Осы
ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағыналарға ие
болады да, әрі етістік, әрі сын есім орнына жүре береді. Бірақ есімшелердің
етістік негізді екендігін табиғаты етістіктікі екендігін дәлелдейтін дерек
көп. Мысалы, ақ шаш пен ағарған шаш деген тіркестердің екеуі де
анықтауыштық қатынасты білдіріп тұр. Бірақ қимылға қатысы жағынан келгенде
екі тіркестің мағыналары ерекшеленеді. Таза сапалық сын есім арқылы болған
анықтауыштық қатынас тұрақты сапаны білдіреді: ақ шаш, көк шөп және т.б. Ал
есімше негізгі сын есімдер белгілі бір процестің аяқталғандығын соның
нәтижесін көрсетіп тұрады: ағарған шаш, көгерген шөп және т.б. Қимылдың өту
сипаты тұрғысынан келгенде аяқталған әрекеттің көрінісін береді: Шөп
көгереді → шөп көгеріп келе жатыр → шөп көгерді → шөп көгерген → көгерген
шөп. Бұдан біз есімше тұлғаларының есімдерше қолданысында да әрекет мәні
сақталатындығын байқаймыз.
Салттылық, сабақтылық – таза етістікке тән категория. Қазақ тіліндегі
салт-сабақты етістіктер түбірмен біте қайнасып бірігіп жатыр. Етістіктің
синтаксистік қызмет атқарумен байланысты, сөйлемнің объектісі болу-
болмауына орай сабақты етістік пен салт етістік категориялары бұрыннан бері
бөлініп келеді. Етістіктің салттылық сабақтылық семантикалық түрлік
ерекшеліктері зат есімнің жалпы есім-жалқы есім, адамға байланысты зат,
адамнан басқа атауларға байланысты зат (адам және ғалам), сын есімнің
сапалық-қатыстық түрлеріне ұқсас. Етістік жалпы грамматикалық мағынасы
жағынан нені білдірсе де қандай тұлғада тұрса да я сабақты, я салт мәнді
білдіріп тұрады. Яғни есімше формалары етістіктің салт-сабақтылық мағынасын
сақтайды.
Есімше -ған (-ген, -қан,-кен), -ар (-ер, -р, -с), -атын (-етін,
-итын, -йтын), -ушы (-уші), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек)
жұрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және
болымсыз формалары да, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы
жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше
жұрнақтары жалғанбайды. Өйткені ол жұрнақтар есімшелермен функционалдық
парадигма құрайды.
Есімше жұрнақтарының қызметі өзі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz